Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Рабочие программы / «Тарих ғасырлар куәсі» тарихи танымдық сайыс

«Тарих ғасырлар куәсі» тарихи танымдық сайыс



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Тарих ғасырлар куәсі» тарихи танымдық сайыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ҰБТ-ға дайындығын бақылау, тарих пәніне қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: а) тарихи деректер бойынша тапсырма жасай білу
дағдысына үйрену
ә) Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан
ойлауды дамыту
б)өз пікірін қорғай білу дағдыларына төселдіру

Тәрбиелік: а) бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы
азаматтық тәрбие беру
ә)тарихты оқып,үйренуге және ұлттық намыс
қалыптастыру
б)ерлікке батырлыққа,Отанын сүюге,оған қызмет
етуге, Отанды қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру
Сабақтың түрі: ашық тәрбие сағаты
Көрнекілігі : Интерактивті тақта, слайдтар, нақыл сөздер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:
Оқушылармен сәлемдесіп , оқушыларды ортаға дөңгелендіріп отырғызу.
«Тарих рецептімен жасалмайды. Оқиғаларды бағалағанда біз нақты тарихи жағдайларға, қолдағы бар мәліметтерге сүйенуіміз керек. Не нәрсенің де мәнін түсінуге бастайтынкілт – сол» - деп Ермұқан Бакмаханов ағамыз айтқандай, сіздер « Тарих ғасырлар куәсі» атты тарихи танымдық сайысымызға қош келдіңіздер!
Бұл білім сайысына 10 оқушы қатысқалы отыр. Олар өздерінің осы уақытқа дейінгі ҰБТ-ға дайындықтарын ортаға салмақшы.
Олай болса сайысымыздың әділ бағасын шығару үшін әділ- қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
Сайысымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейін:
Өткел кезеңі:
А) Тарихқа саяхат ( Әр оқушыға 10 сұрақтан қойылады. Әр жауапқа 1 балдан қойылады.)
Ә) Әріптер сөйлейді (Қойылған сұрақтың жауабы алфавиттегі әріптен басталады немесе аяқталады. Әр жауапқа 1 балдан қойылады)
Б) Тарихи оқиғалар ( Слайдта көрсетілген уақыт аралығында қандай оқиғалар болды табу керек. Әр жауапқа 5 балдан қойылады.)
Самғау кезеңі:
А) « Тапқыр болсаң тауып көр» Хронологиямен жұмыс (10 мин уақыт беріледі.Әр жауапқа 1 балдан қойылады)
Ә) «Иә» ма, «Жоқ» па ойыны (Әр оқушыға 5 сұрақтан қойылады. Әр жауапқа 5 балдан қойылады)
Б) «Тарихи көмбе» (Тарихта кездесетін сөздердің мағынасын ашу.Әр жауапқа 5 балдан қойылады)
Осы екі кезеңнен 50 бал жинаған оқушы келесі кезеңге өтеді.
Шарықтау кезеңі:
А) Тарихи басқатырғыш ( Берілген басқатырғыштан дұрыс жауабын табу. Әр жауапқа 5 балдан)
Ә) «Ойды аяқтау» (20 сұрақ қойылады .Әр жауапқа 1 балдан)
Б) «Кім, не жазған...» (Слайдта берілген сөздердің егесін табу. Әр жауапқа 5 балдан)
Осы кезеңнен ең көп бал жинаған 3 оқушы келесі кезеңге өтеді.
Шырқау кезеңі:
А) Қазақстан мәдениеті
Ә) «Суреттер сыр шертеді» ( Берілген суретте кім немесе қандай оқиға баяндап беру керек. Әр жауапқа 1 балдан)
Б) «Эрудит» (Слайдта басқа пәндерден мұғалімдер сұрақ қояды. Әр жауапқа 1 балдан)
Жерұйық кезеңі.( Жеңіп шыққан оқушымен супер ойын ойнау)


Білімдіден шығады алғыр шешен,
Шешендікпен болған ғой барлық көсем.
Сайра шәкірт, суырып шарықташы,
Қалмасын бұл сайыста сенің есең,- дей келе сайысымызды бастайық.
Өткел кезеңі:
Тарихқа саяхат Әр оқушыға 10 сұрақтан қойылады.
Әріптер сөйлейді:
А – Еліміздің оңтүстік станасы: Алматы
Ә – Абылай ханның шын есімі : Әбілмансұр
Б – Астана қаласының символы : Бәйтерек
В – 1993 жылы 15 қарашада болған тарихи оқиға : Валюта енгізілді
Г – Тарихтың атасы: Геродот
Ғ – Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген атақ : Ғасыр адамы
Д – алла тарапынан берілетін әмір, міндет пен тыйымдардың жиынтығы: Дін
Е – «Алтын адам» қайдан табылды : Есік қорғанынан
Ё – Конституцияның құрылымы : 9 тарау 98 бап
Ж – «Мен қазақпын» поэмасын жазған адам : Ж.Молдағалиев
З – Сиырдың пірі : Зеңгі баба
И – Елбасымыздың мамандығы: Инженер- металлург
Й – «Алаш» сыйлығын алған жазушы, қажы: Халифа Алтай
К – Қазақтың соңғы ханы: Кенесары
Қ – Ж.баласағұнның ХІ ғ. жазған еңбегі: «Құтты Білік»
Л – кеңес үкіметінің басшысы Ленин
М – ҚР Мәдениет және ақпарат министрі : Мұхтар Құл-Мұхамед
Н – Күйші, сазгер, дирежер, домбырашы:Н.Тілендиев
Ң- Қазақстанның ең биік шыңы : Хантәңірі
О- Қазақстанның бірінші астанасы: Орынбор
Ө – Қазақстандағы түсті металлургияның орталығы:Өскемен
П – Жоғарғы заң шығарушы орган : Парламент
Р – 1995ж «әлемнің әйгілі әйелдері» деген энциклопедияға енген адам: Р.Бағыланова
С – Сүтке араластырылып желінетін тарыдан жасалған қазақтың ертеден келе жатқан тағамы : Сөк
Т – Қазақстанды алғаш тәуелсіз ел деп таныған ел: Туркия
У – Малдың төлдегеннен кейінгі алғашқы сүті: Уыз
Ұ – Кеңес Одағы мен Германия арасындағы соғыс: ҰОС
Ү – Жыл мезгілін қазақтар қандай жұлдызға байланысты білген: Үркер
Ф – «Екінші ұстаз» атанған ғұлама: фараби
Х – 2009ж. 25 ақпан мен 6 наурыз аралығында Қазақстанда болған оқиға : Халық санағы
Һ – Қазақстан Республикасына сіңген еңбегі үшін, оның тәуелсіздік жолында күресі үшін берілетін орден: Халық Қаһарманы
Ц – Астана қаласының бұрынғы атауы: Целиноград
Ч – қазақтың ұлы ақыны :Абай
Ш – аса көрнекті сазгер, ән жанырының майталманы:Ш.Қалдаяқов
Щ – Биыл Тәуелсіздікке неше жыл : 22 жыл
Ъ –Халықаралық тіл: Орыс тілі
Ы – Қазақтан шыққан суретші қыз: Г.Ысмаилова
І – « Көшпенділер» триллогиясының авторы: І.Есенберлин
Ь- Қазақтың ең биік тауы: Тянь-Шань
Э – Халықтардың әдет – ғұрып , салт – дәстүрін зерттейтін ғылым:Этнография
Ю – халқымыздың қолданбалы өнерінен жеткен табыстарының бірі : Ою
Я – Кеңес Одағы батыры атағын алған мерген: Әлия

Тарихи оқиғалар:
1773-1775жж – Е.Пугачев көтерілісі
1783-1797жж – С.Датұлы көтерілісі
1723-1727жж – «Ақтабан шұбырынды , алқакөл сұлама» жылдары
1837-1847жж – Кенесары Қасымұлының көтерілісі
1836-1838жж – Исатай мен Маханбеттің көтерілісі
1914-1918жж – І дүние жүзілік соғыс
1939-1945жж – ІІ дүние жүзілік соғыс
1918-1920жж – Азамат соғысы

«Тапқыр болсаң , тауып көр» хронологиямен жұмыс

«Иә» ма, «Жоқ» па ойыны
1.1710ж жоңғарларға қарсы біріккен әскер жасақтарын құру туралы үш жүз өкілдерінің алғашқы құрылтайы өткізілді ИӘ
2. Жоңғар қазақ жеріне 7 бағытта 700 мың әскермен кірген Жоқ
3. 1723-1727 жылдары «Елімай» әні дүниеге келді ИӘ
4. «Қара сиыр» деген жердегі шайқаста жоңғарлар елеулі жеңіске жетіп, қазақ даласын қанға бояды Жоқ
5.Шәкәрім Құдайбердіұлы «Абай Жолы» роман эпопеясын жазды Жоқ
6. Қызылорда Қазақстанның астанасы болды ма ИӘ
7. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Талғат Мұсабаев Жоқ
8. Қазақстаның қазіргі астанасы Алматы Жоқ
9. Тудың авторы Шәкен Ниязбеков ИӘ
10. «Диуани Хикмет» еңбегінің авторы Яссауи ИӘ
11. Қазақстанда 16 облыс бар ЖОҚ
12. Синантроп «Қытай адамы» ИӘ
13. Ең жас дін Будда діні ЖОҚ
14. Торғайда ең алғаш мектеп ашқан Ыбырай Алтынсарин ИӘ
15. Абылай хан Түркістанда жерленген ИӘ
16. Қазақстанның халқының саны 20 млнға жетті ЖОҚ
17. Ұлт – азаттық көтерілістің басшысы Амангелді Иманов ИӘ
18. Қазақтың алғашқы ханы Абылай ЖОҚ
19. Жылқының сұті шұбат деп аталады ЖОҚ
20. Қазақстанның Тәуелсіздік күні 16 желтоқсан ИӘ
21. Парадарайа сақтары Жетісуды мекендеген ЖОҚ
22. Қызылорданың ескі атауы Ақмешіт ИӘ
23. ҚР бірінші президенті Н.Ә Назарбаев ИӘ
24. Түйе жыл санауға кіреді ЖОҚ
25. Австролопитек ең алғаш табылған адам ИӘ
26. Қазақстанның ең биік шыңы Хантәңірі ИӘ
27. Алтын Орданың астанасы Сығанақ ЖОҚ
28. Ғұндар 24 тайпаға бөлінді ИӘ
29. ғұндардың алғашқы билеушісі Мөде шаньюй ИӘ
30. Қаңлылардың астанасы Чигучен ЖОҚ
31. Сақ тар 3ке бөлінеді ИӘ
32. Абайдың шын есімі Ибрахим ИӘ
33.Абылайдың шын есімі Мұхамед Қанафия ЖОҚ
34. Төле би Абылайға Сабалақ деп ат қойған ИӘ
35. ҰОС 6 жылға созылды ЖОҚ
36. Томирис сақтардың патшайымы ИӘ
37. А.Македонский сақтармен 3 жыл бойы соғысты ИӘ
38. Жыл басы Наурыз ИӘ
39. Екі мәрте кеңес одағы батыры атағын алған Т.Әубәкіров ЖОҚ
40. Микролит ұсақ тастан жасалған еңбек құралы ИӘ
41. Шыңғысханның шын есімі Темучин ИӘ
42. Шыңғыс хан енгізген заңдар жинағы «Жеті жарғы» ЖОҚ
43. «Жеті жарғыны» жасаған Тәуке хан ИӘ
44. Қазақтың алғашқы ханы КЕРей мен Жәнібек ИӘ
45. Найман одағының тайпа саны 8 ИӘ
46. Керулен өзенінің бойында керейіт тайпасы мекендеген ИӘ.
47. Ресей жеріндегі қыпшақтар Кундар, командар ЖОҚ
48. Ұлы Жібек жолының шығысқа шығатын қақпасы Жетісу ИӘ
49. Әмір Темір Барлас тайпасының өкілі ИӘ
50. Қазақстанның казіргі астанасы Астана қаласы ИӘ

Тарихи көмбе
Сардоба – Құдық үстіне салынған құрылыс
Дың – Киіз үй тәріздес құрылыс
Гурхан – Қарақытайлардағы билеушінің титулы (хандардың ханы)
Харадж – жер салығы
Жабғу – оғыздардың билеушісінің титулы
Диаспора – өз елінен тыс жерде өмір сүретін этностық топ
Репрессия – түп тамырымен жою,басып,жаншу жазалау шарасы
Гуньмо – үйсіндердің билеушісінің титулы
Иқта – сыйлыққа берілетін жер
Беклербек – әскери істерді басқарушы
Қара будун - қарапайым халық
Ташнау – лас суларды ағызытын құбыр (канализация)

Тарихи басқатырғыш
БЫАЙЛА – Абылай
ХНА ОДРАЫС – Хан ордасы
НБЛАҒАСҰ – Баласағұн
РАҢАҚЫАЙ – Аңырақай
АНХ ҒСЫҢЫШ – Шыңғыс хан
АРЛАШДОА – Алаш Орда
ҚӘРІАБЫЙЛ – Әбілқайыр
ІТЕЖ РЫЖАҒ – Жеті Жарғы
ДРОА ЛЫНАТ – Алтын Орда
ВРАЗЕНАБА – Назарбаев

Ойды аяқтау
Атақты күрішсі – Ыбырай Жақаев
Атақты тары өсіруші – Шығанақ Берсиев
Атақты Шопан – Жазылбек Қуанышбаев
Шоқынған қазақ – Яков Беляков
Тұңғыш ғарышкер – Тоқтар Әубәкіров
Тұңғыш шахтер – Түсіп Күзембаев
Қазақтың соңғы ханы – Кенесары
Қазақтың биші қызы – Шара Жиенқұлова
Қазақтың бұлбұл қызы – Майра Шамсутдинова
Қазақ халқының ұраны – Алаш
Отырардың билеушісі – қайырхан
Отбасының қамқоршысы – Ұмай ана
Кіші жүздің биі – Әйтеке би
Ұлы жүздің биі – Төле би
Орта жүздің биі – Қазабек би
Үш жүздің басын қосқан хан – Тәуке хан
Ең жас дін – Ислам діні
Киіз үйдің төбесі – шаңырақ
Пулеметші қыз – Мәншүк
Мерген қыз – Әлия

Кім, не жазған.....
«Сақ, Сармат, Үйсіндердің келбеттері андрондықтарға ұқсас», - деп жазған антрополог О.Смағұлов
“Қазақ жүздерінің құрылу себебі , қазақтар көшіп- қонып жүрген жерлерінде өз құқықтарын қорғау үшін одақтар құрған”,- деп жазған Ш.Уәлиханов
“Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды”, -деп жазған А.Байтұрсынов
“Сақтар – әлемдегі ең әділ, шыншыл халық”,- деп айтқан Геректер
“ Сақтар дұшпанға – қатал, досқа – адал”- деген грек тарихшылары
“Өзбек ұлысында үш халықтың болғандығы, оның ішінде ең көбі, ержүректері қазақтар” екені жайлы жазған Рузбихан
“Тарихты білмей, өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау – қиын”, деп Әл- Фараби айтқан



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 07.04.2016
Раздел История
Подраздел Рабочие программы
Просмотров74
Номер материала ДБ-015783
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх