Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Научные работы / Тарих курсында жобалау әдісінің ролі мен орны
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

Тарих курсында жобалау әдісінің ролі мен орны

библиотека
материалов

23

Тарих курсында жобалау әдісінің ролі мен орны

  1. Кіріспе

  2. Жобаны негіздеу мазмұны

2.1 Өзектілігі

2.2 Мақсаты

2.3 Міндеттері

2.4 Болжам

2.5 Күтілетін нәтиже

3. Глоссарий

4. Пайдаланылған әдебиет

5. Қосымша


1. Кіріспе.

Тарихты ашса, жаңа жол,
Тұтанды ұшқын сөзінен.
Әр нәрсеге қарады ол,
Ұлттың мүдде көзімен.
Шындықтың Манаш – жалшысы,
Ұлттың мүдде – жаршысы.
( К.Салықов ).

Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев 2011 жылғы 1ші ақпандағы жолдауында «Біз білім беруді, жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз.

«Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс. Біз кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз.

Біз университеттік білім беру мен ғылымды дамытудың жаңа деңгейін қамтамасыз етуге міндеттіміз.

Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландыруының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс» деп атап көрсеткені баршаға аян.

Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбае14.12.2012ж жолдауында «Бүкіл әлемдегі сияқты, Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек.

Біз – жас ұлтпыз және бұл біздің қолымыздан келеді.

Оған қоса, біз ауқымды халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына әбден-ақ белсене қатыса аламыз. Бұл бізге ғалымдарымыздың күш-жігерін шетелдік ғылыми-зерттеушілік қоғамдастықпен стратегиялық инновациялық бағыттар бойынша ықпалдастыруға мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз – жаһандық технологиялық төңкерістің бөлшегіне айналу» деп атап көрсеткені баршаға аян.

Қазіргі заманғы білім берудегі мақсатқа жетудің негізі мектептегі оқу-тәрбие үрдісін, оқыту формаларын және әдістерін жаңартуды талап етеді. Дамудың жаңа сатысына бағыт алған мектептің ең негізгі өзегі – оқушылардың зерттеушілік ізденісі мен өзіндік дамуын жетілдіру болып табылады. Осы бағытта білім алып отырған әрбір жас жеткіншектің тұлғалық бағдарлы білім алудағы зерттеушілік мәдениетін дамытуда жоба әдісін енгізу әрбір педагогтен кәсіби шеберлікті қажет етеді.

Жобалау әдісі оқушының жеке-дара өздігінен іс-әрекет жасауына бағдарланған жеке, топтық, жұптық жұмысты белгілі бір уақытта орындайды. Жобалау әдісі белгілі бір мәселені шешуге бағытталған. Ал мәселенің шешуі біріктірілген білім және біліктілікті ғылымның, техниканың, технологияның шығармашылық мүмкіндігін әр аймақтан әртүрлі әдіс оқыту құралдар жиынтығын қолдана білгенде айқындалады. Жобалауды іске асыру нәтижесі теориялық мәселелерде – нақтылай шешім, ал практикада нәтижеге жетіп қолдана білуге даяр болу. Жобалау әдісін қодана білу – бұл мұғалімнің жоғары біліктілігін, оның оқыту әдісінің прогресін, оқушының дамуын көрсетеді. Бұл технологияны ХХІ ғасыр технлогиясы деп санайтын себептері: бұл – бәрінен бұрын алдын ала адамның индустриалды оғам өмірінің өзгерген жағдайына, өмір сүруге үйрене білу.


2.Жобаны негіздеу мазмұны

Жобалау әдісін қолданғанда мұғалім алдына мынадай негізгі талаптарды қоюы қажет:

  1. Зерттеушілік шығармашылық жоспарда құнды мәселенің , міндеттердің болуы, шешуге кіріктірілген білімді талап еткен жағдайда (мысалы, әлемнің әр түпкіріндегі демографиялық мәселені зерттеу, белгілі бір мәселе жайында әлемнің әр жерінен репортаждар (хабарлар) жинағын жасау).

  2. Нәтиже күтілетін практикалық, теориялық, танымдық құндылық (белгілі бір аймақтың тарихи жағдайы туралы нақтылы қызметтерге баяндама, жағдай болған жерлерден репортаж, әр жерлердегі тарихи ескерткіштерді қорғау).

  3. Оқушылапрдың өздік іс-әрекеті (жеке, топтық, жұптық). Мәселен, тарих сабақтарында флмпчарт немесе суретті жобалар. Суретті жобаларға , мысалы, мынадай тақырыпты ұсынуға болады: Менің жерімнің тарихи ескерткіштері.

  4. Жобалаудың мазмұнды бөлігінің құрылымы (нәтиже кезеңдері көрсетілген).

  5. Зерттеу әдісін қолдану, зерттеу әдісінде белгілі бір әрекеттің бірізділігін сақтау.


Жоба дегеніміз- шешім қабылдау, белгілі бір мәселені зерттеп білу және оны практикалық немесе теориялық жағынан тарату деген сөз. Ол тақырып бойынша жаңа материал игеруден , рольдерге бөлініпойнау, дискуссия т.б. сияқтылардан өзгеше болып келеді, өйткені жобамен жұмыс істеуде рольдерді бөлісу топтарда, топ ішіндегі оқушылар арасында жүреді, сөйтіп, әдістемелік бастапқы пікір жаңа материалды сапалы игеруге, оқушылар ынтасын арттыруға, дүниетанымдарына нақтылауға қызмет етеді. Сондықтан жобамен жұмыс жүргізу барысында әдістемелік мақсаттардың бәрі де қатысуы мүмкін. Сонымен қатар оқушылардың зерттеушілік, шығармашылық, ізденушілік еңбектері белгілі бір бағытта кәдеге асатын жұмысқа қызмет етуі шарт.

Жобаи - оқытушының жетекшілігімен жүзеге асатын оқушының толық өздік жұмысы. Жоба- зерттеушілік немесе әлеуметтік маңызы бар, прагматикалық мәселелерді шешуге және нақты нәтиже алуға бағытталған, мақсаты айқын зерттеу жұмысы. Жобаны орындау барысында оқушылардың танымдық қызығушылығы мен дағдысы дамиды, оқушы өз білімін өздігінен құрылымдауға, ақпараттық кеңістікте бағдарлауға үйренеді, сынитұрғыдан ойлау мәдениеті қалыптасады.

Жоба әдісі-бір жағынан мұғалімге оқытудың барлық әдістерін сатылы қолдануға, түрлі оқыту құралдарын,ақпараттық технологиялардыпайдалануға мүмкіндік берсе, екінші жағынан, оқушының пән бойынша меңгерген білімдерін интеграциялауға, ғылымның, технологияның жетістіктерін шығармашылықпен қолдана алуға, қандай да мәселелерді шешу жолдарын іздеуге баулиды.

Жоба әдісі- оқушыларға маңызды тәжірибелік қорытындыларға бағытталған зерттеушілік, жобалық, ізденушілік, мәселені шешудің кең спектрін пайдаланумен байланысты болса, екінші жағынан, әртүрлі факторларды және олардың шешілу жағдайларын есепке ала отырып, мәселені тұтас зерттеуге байланысты.

Жоба әдісі-оқушыларды оқу әрекетінің әмбебап тәсілдерімен қаруландырады, өзін дамытуға шабыт шақыруды, өз ісіне ой жүгіртуді, өзіне мақсат қоюды, өз ісін ұйымдастыруды, өзін бақылауды және өзіне баға беруді үйретеді. Мұндай жұмыс оқушының еңбектегі және әлеуметтік қарым-қатынастағы тәжірибесін қалыптастырады.

    1. Өзектілігі.

Қазіргі заман талабына сай тарих сабағында оқушыларды ғылыми ізденіс жұмыстарға баулу, зерттеушілік мәдениетін жобалау әдісі арқылы көтеру.

Жобалау әдісімен оқушыларды сабақта ұйымдастыру барысында , оқушылардың оқу-танымдық зерттеу жұмыстарына деген дайындығын қадыптастыруға, өзіндік мүмкіндігін ашуға байланысты мұғалімдердің де кәсіби дайындығы дәрежесінің, мүмкіндігінің ролі артады. Мұғалімдердің өздерінің шығармашылық әлеуеті және шығармашылық жұмыстарды орындау амалдары мен тәсілдерін игеруі педагогтың кәсіби міндетіне айналады. Бұл жерде мәселе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне тіреледі. Мұғалім жобалау жұмыстарын ұйымдастыру барысында оның шығармашыл тұлға ретіндегі қабілеті дамиды. Бұл кәсіби, тұлғалық өсу бағыттарының бірі. Оқушылар өздерінің жеке тұлғалық ерекшеліктеріне қарай әртүрлі. Олардың жалпы даму деңгейі, ойлау қабілеті мен қажырлылығы сан алуан. Зерттеу ғалымның қызметі мен ғылыми еңбектеріне қатысты басты деректермен жұмыс атқарылды. Ғылыми еңбектерін бүгінгі күн талабына сай терең де объективті түрде талдадық.

2.2 Мақсаты: Оқушылардың ғылыми зерттеуге қызығушылығын қалыптастыра отыра, шығармашылық қабілетін жан-жақты дамыту

2.3 Міндеттері: жоба жұмысына тақырып таңдай білу;

Жоба жұмысының өзектілігін және жаңалығы мен нәтежесін көтеру;

Жобалау жұмысында тәжірбе жұмыстарын істей алу;

Тарих ғылымының саласындағы бұрын болмаған құбылыстарды және жаңалықтарды аша білуі;

Жобалау жұмысымен айналыса алуы тиіс.

2.4 Болжам: Егер осы жобалау әдісі күнделікті сабаққа пайдаланылса, онда оқушылардың ғылыми-зерттеу жобалау жұмыстарымен айналысуына толық жағдай жасалады, жас дарындардың шығармашылық қабілеті шыңдалады.

2.5 Күтілетін нәтеже: Оқушыны заман талабына бейімдепшығармашылық бағытта жан – жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Әр оқушының жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамыту мен дарындылығын дамытуда ұстаздар, ата-аналар тарапынан қолдау көрсетіліп, жетекшілік жасалуы қажет.

Бірлесе атқарылған жұмыстардың арқасында болашақта дұрыс таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай – ақ өзінің өміріндегі өзгерістерге икемделе білетін жан – жақты дамыған дарынды тұлғаны қалыптастыру жобалау әдісі арқылы оң шешімін табары сөзсіз. Тарих курсында жобалау әдісін қолдану оқушылардың зерттеушілік мәдениетін дамытып, ғылыми жобалау және зерттеулер машығын қалыптастырады және еліміздің болашақ әулетінің қалыптасуына жол ашады.

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің тарихын жаңаша көзқараспен жазу қалыптасқан қазіргі кезеңдегі обьективтілік және сараптау принципі алынды. Сонымен қатар көрнекті тарихи тұлғалардың шығармашылығы мен қызметін зерттеуге мүмкіндік беретін жалпы ғылыми және арнайы-тарихи әдістер кешені қолданылды: тарихилық, жүйелілік, салыстырмалы талдау мен жинақтау.

Глоссарий :

Жоба дегеніміз - оқушылар орындаған ізденістік жұмыс. Жобаны орындау сапасы ертеректе алынған білімдермен біліктерге байланысты. Кез-келген жоба суреттер, сызбалар, матерялдарды көркем өңдеу технологиясының жоспары, экономикалы есептеулер зерттеулер нәтежелері жетілдіру.

Жоба дегеніміз- шешім қабылдау, белгілі бір мәселені зерттеп білу және оны практикалық немесе теориялық жағынан тарату деген сөз. Ол тақырып бойынша жаңа материал игеруден, рольдерге бөлініпойнау, дискуссия т.б. сияқтылардан өзгеше болып келеді, өйткені жобамен жұмыс істеуде рольдерді бөлісу топтарда, топ ішіндегі оқушылар арасында жүреді, сөйтіп, әдістемелік бастапқы пікір жаңа материалды сапалы игеруге, оқушылар ынтасын арттыруға, дүниетанымдарына нақтылауға қызмет етеді. Сондықтан жобамен жұмыс жүргізу барысында әдістемелік мақсаттардың бәрі де қатысуы мүмкін. Сонымен қатар оқушылардың зерттеушілік, шығармашылық, ізденушілік еңбектері белгілі бір бағытта кәдеге асатын жұмысқа қызмет етуі шарт.

Жоба- оқытушының жетекшілігімен жүзеге асатын оқушының толық өздік жұмысы. Жоба- зерттеушілік немесе әлеуметтік маңызы бар , прагматикалық мәселелерді шешуге және нақты нәтиже алуға бағытталған, мақсаты айқын зерттеу жұмысы. Жобаны орындау барысында оқушылардың танымдық қызығушылығы мен дағдысы дамиды, оқушы өз білімін өздігінен құрылымдауға, ақпараттық кеңістікте бағдарлауға үйренеді, сынитұрғыдан ойлау мәдениеті қалыптасады.

Жоба әдісі-бір жағынан мұғалімге оқытудың барлық әдістерін сатылы қолдануға, түрлі оқыту құралдарын,ақпараттық технологиялардыпайдалануға мүмкіндік берсе, екінші жағынан, оқушының пән бойынша меңгерген білімдерін интеграциялауға, ғылымның, технологияның жетістіктерін шығармашылықпен қолдана алуға, қандай да мәселелерді шешу жолдарын іздеуге баулиды.

Жоба әдісі- оқушыларға маңызды тәжірибелік қорытындыларға бағытталған зерттеушілік, жобалық, ізденушілік, мәселені шешудің кең спектрін пайдаланумен байланысты болса, екінші жағынан, әртүрлі факторларды және олардың шешілу жағдайларын есепке ала отырып, мәселені тұтас зерттеуге байланысты.

Жоба әдісі-оқушыларды оқу әрекетінің әмбебап тәсілдерімен қаруландырады, өзін дамытуға шабыт шақыруды, өз ісіне ой жүгіртуді, өзіне мақсат қоюды, өз ісін ұйымдастыруды, өзін бақылауды және өзіне баға беруді үйретеді. Мұндай жұмыс оқушының еңбектегі және әлеуметтік қарым-қатынастағы тәжірибесін қалыптастырады









Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы: әдістемелік журналы 5.2011ж.16-20б.

2. Жұлдызы жанған ғұлама. Академик Манаш Қозыбаев туралы естелік. – Алматы: Атамұра, 2003. – 288 б.
3. Қозыбаев М. Киелі Тәуелсіздік. Алматы: Баспалар үйі, 2009. – 448 б.
4. Жұлдызы жанған ғұлама. Академик Манаш Қозыбаев туралы естелік кітап. –Алматы: Атамұра, 2003. –288 б.
5. Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. –Алматы, 2006. –768 б.
6. Жұлдызы жанған ғұлама. Академик Манаш Қозыбаев туралы естелік кітап. –Алматы: Атамұра, 2003. –288 б.
7. Ақпаратты – әдістемелік журнал№1,2012 (37) 49-52 б.

8. Н.Ә.Назарбаев. Болашақтың іргетасын бірге қалаймыз.Қазақстан Республикасының Президентінің 2011 жылғы 1- ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы.
9.Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан Республикасының Президентінің 2012 жылғы 12- қаңтарда Қазақстан халқына Жолдауы.

10.Р.А.Дәрменова, Л.Қ.Бектенбаев, т.б. Оқу-әдістемелік құрал.







«Ізденіс» шығармашылық студиясы


Оқушылардың ізденіс шығармашылық студиясының жұмыс мазмұны мен мақсат – міндеттері төмендегі шешуші біліктіліктерді қалыптастыруға бағытталған:

  • саяси және әлеуметтік – оқушылардың азаматтық жауапкершілігі, шешім қабылдай білу,қоғам дамуының проблемаларына сыни көзқарасының болуы, еңбек нарығына белсенді түрде бейімделу қабілеті;

  • толеранттық – тұлғааралық қатынастағы тіл табысушылық;

  • когнитивтік – өз білімін үнемі жетілдіруге дағдылану, шешімін іздеу,нақты өмірдегі оқиғалардың себеп – салдарын өздігінен талдау.

Өзектілігі: Қазіргі заман талабына сай оқушылардың ғылыми ізденіс жұмыстарға баулу, зерттеушілік мәдениетін жобалау әдісі арқылы көтеру.

Мақсты: Оқушылардың ғылми зерттеуге қызығушылығын тқалыптастыра отыра, шығармашылық қабілетін жан-жақты дамыту.

Міндеттері: Ғылыми-зерттеу жұмысына тақырып таңдай алу;

Ғылыми-зерттеу жұмысының өзектілігін және жаңалығы мен нәтежесін көтеру;

Зертеу жұмысында тәжірбе жұмыстарын істей алу;

Ғылымның кез-келген саласындағы бұрын болмаған құбылыстарды және жаңалықтарды аша білуі;

Зерттеу жұмысымен айналыса алуы тиіс.

Болжам: Егер осы жұмысты оқу жоспарына енгізсе, онда оқушылардың ғылыми-зерттеу жобалау жұмыстарымен айналысуына толық жағдай жасалады, жас дарындардың шығармашылық қабілеті шыңдалады.

Күтілетін нәтеже: «Ізденіс» шығармашылық студиясы оқушылардың зерттеушілік мәдениетін дамытып, ғылыми зерттеулер машығын қалыптастырады және еліміздің еліміздің болашақ әулетінің қалыптасуына жол ашады.

Оқу үрдісін ұйымдастыру:

Ынтымақтастық оқыту;

Зерттелген ғылыми жұмыстармен танысу,талдау бағалау;

Ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысу;

Оқушылардың ғылыми-зерттеу конференциясын ұйымдастыру,қатысу

Жұмысты ұйымдастыру түрі: Жеке,жұптық,топтық, фронтальдық

Әдісі: Жобалау

Мұғалімге қойылатын талаптар:

Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыра білу;

Тақырып бойынша Қажетті ғылыми-методикалық әдебиетті таңдай білу;

Ғылыми-зерттеудің методикасымен ережесін білу;

Ғылыми-зерттеуді ұйымдастырудың мазмұнын,деңгейін және формаларын білу;

Зерттеу жұмысының ұйымдастырудың құндылығын білу;

Оқушылардың шығармашылық қабілетін тани және дамыта білу.

Оқушыларға қойылатын талаптар:

Зерттеу тақырыбын таңдау, жоба құра білу;

Қажетті әдебиеттерді таңдай алуы;

Ғылыми-зерттеу жұмысын жаза білуі;

Жазған жобасын талдай білуі, қорғай алу;



«Ізденіс» шығармашылық студиясы

Тақырыбы: «Ұлт тарихының сарқылмас қазынасы – М.Қ.Қозыбаевтың өмір жолы мен ғылыми мұрасы»
Секциясы: Тарих
Ғылыми жетекшісі: Исиргепов Дамир Буранбайұлы, тарих пәнінің мұғалімі.
Ғылыми кеңесшісі: тар.ғыл.док., профессор Аманжол Күзембайұлы.

Абстракт.

Жұмыстың мақсаты: М.Қ.Қозыбаевтың қоғамдық-саяси қызметі мен ғылыми мұрасына сүйене отырып, оның тарихшы-ғалым ретіндегі шығармашылығын талдап қарастыру.
Гипотеза: М.Қ.Қозыбаев саналы ғұмырында тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне, тарих ғылымының алға қарай қадам басуына, тарихты терең, жан-жақты және шындық тұрғысынан зерттелінуіне қомақты үлес қосты.
Кезеңдері, зерттеудің процедуралары: Жұмысты атқару алдында ең алдымен ЖОО мен кітапханалардағы М.Қ.Қозыбаев туралы мәліметтерді жинақтап таныстық. Сосын зерттеу ғалымның қызметі мен ғылыми еңбектеріне қатысты басты деректермен жұмыс атқарылды. Ғылыми еңбектерін бүгінгі күн талабына сай терең де объективті түрде талдадық.

Тәжірибенің әдісі: Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің тарихын жаңаша көзқараспен жазу қалыптасқан қазіргі кезеңдегі обьективтілік және сараптау принципі алынды. Сонымен қатар көрнекті тарихи тұлғалардың шығармашылығы мен қызметін зерттеуге мүмкіндік беретін жалпы ғылыми және арнайы-тарихи әдістер кешені қолданылды: тарихилық, жүйелілік, салыстырмалы талдау мен жинақтау.
Жұмыстың жаңалығы: Ұсынылып отырған зерттеу жұмысының жаңалығы М.Қ.Қозыбаевтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін, ғылыми мұрасын тарихшы ретінде біртұтас көлемде қарастыру болып табылады.
Нәтиже, қорытынды: М.Қ.Қозыбаев 70 жылдық ғұмырында Қазақстанның қоғамдық-саяси өрлеуіне өзіндік үлес қосты, тарих ғылымы саласының өрлеуіне ат салысты және Қазақстан тарихында өзіндік мектебін қалыптастырды, тарих ғылымында шешімін таппаған көкейтесті мәселелерді зерттеуде көшбасшы бола білді.
Практикада қолдану салалары: Ғылыми зерттеу жұмыс М.Қозыбаевтың өмірі мен тарихи шығармашылық мұрасы мысалында Қазақстан тарихының проблемалық мәселелерін, Қазақстанның қоғамдық-саяси құрлысына еңбек еткен саяси тұлғалардың мемлекет пен қоғамдағы орны мен рөлін бағалауға септігін тигізеді. Зерттеу жұмысын ЖОО «Отан тарихынан» лекция курстары мен арнаулы семинар сабақтарын жүргізу барсында қосымша материал ретінде қолдануға болады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Отандық тарих ғылымының дамуына айтарлықтай атсалысқан тарихшы-ғалымдарымыз аз емес. Ұлтының тарихын зерттеп, жаңғыртып бүгінге жеткізу арқылы мемлекет келешегіне жол бастаған тұлғалар ғұмыры жас ұрпаққа үлгі-өнеге боларлығы ақиқат. Қазақстанның тарих ғылымы саласына игілікті қызмет еткен тарихшы Манаш Қабашұлы Қозыбаев (1 – сурет).
«Қазақ халқы босағасы берік, шаңырағы биік мемлекет болған екен, ендеше, оған өзіне лайық тарихы да жазылуы қажет және Қазақстан тарихшыларына 70 жыл бойы кеңестік жүйе идеологиясында болып бұрмаланған ата тарихымызды қайтадан ой елегінен өткізіп, жаңаша көзқараспен, әдістемемен зерделеу міндеті тұр» – деген жүктемені академик М.Қ.Қозыбаев өмірінің соңына дейін ұстанған [1, 114 б.]. Қоғамдық татулық пен демократиялық мемлекет құруды мақсат тұтқан және халқымыздың тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған шараларды жүзеге асырып жатқан кездерде, ұлтымыздың тарихында өзіндік терең із қалдырған қайраткерлердің ғұмырнамасын жасауды қолға алғанымыз абзал.
М.Қ.Қозыбаевтың қоғам саласына сіңірген еңбектері, ғылыми зерттеулерінің маңызы зор. ҚР ҰҒА-ның академигі С.Қирабаев пен ҚР ҰҒА-ның корр.-мүшесі Ә.Бейсенованың: «Манаш Қозыбаев қазақ тарихы ғылымындағы жарқын, биік тұлғалардың бірі еді. Өз кезіндегі қазақтың ұлттық ой-пікірінің дамуына, оның ұлттық мүддеге қызмет етуіне Манаштың қосқан үлесі қомақты. Ол осы еңбегімен еліне кең танылды, халық құрметіне бөленді. Бұған ғалымның 70 жылдығы кезінде көптің көзі жеткенді» [2, 22 б.], – деп жазуы, ғалымның қоғам мен ғылым саласындағы қызметінің ерен екендігіне еш күмән тудырмайды.
М.Қозыбаевтың қоғам саласына сіңірген еңбектері, ғылыми зерттеулерінің маңызы зор. Ғалым Қазақстан тарихының киелі ордасы ҰҒА-ның Ш.Уәлиханов атындағы тарих институтын басқарған жылдары тарихшы мамандарды «ақтаңдақ» аталып келген мәселелерді зерделеуге жұмылдырды, тарихи сананы қалыптастырудың жолдары айқындалды, институттың кадрлық потенциалы нығайтылды, ғылыми-зерттеу дәрежесі көтерілді. Академик М.Қ.Қозыбаевтың тікелей ұйытқысымен тарихи зерттеулер методологиясының мәселесі, жинақталған тарихи білімдерді қайта пайымдау, Қазақстанның саяси-әлеуметтік және экономикалық даму тарихын, жақын, алыс шетелдермен қарым-қатынасына байланысты мәселелер отандық тарих ғылымының өзекті бағыттарына айналды. ХХ ғасыр басындағы ұлт инттелегенциясының қалыптасу үрдісі, 20-30-шы жылдардағы саяси жағдай, ауылшаруашылығын ұжымдастыру, байларды тәркілеу, қуғын-сүргін, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ халқының патриоттық істерін зерделеуде концептуалдық тұжырымдамаларын жасады.
Тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығы тарих ғылымы мен тарихнамасының даму үрдісі халықтың ардақты ұлы, академик М.Қ.Қозыбаевтың есімімен тығыз байланысты, ол ұлтқа, өркениетке т.б. көзқарасы мен ой-пікірін білдіре отырып, этникалық «халық», «ұлт» ұғымдарының ішкі өзара байланысы және тарихи шарттылығы мәселелерін зерделеу арқылы бүгінгі ұрпаққа өзінің бай рухани мұрасын қалдырып кетті [3]. Ендеше, М.Қ.Қозыбаевтың өмір жолын және ғылыми мұрасын жеке тұлға ретінде зерттеп тану дегеніміз – Қазақстанның көне заманнан бүгінге дейінгі тарихын ғылыми тұрғыдан терең қарастырып баяндау, тұжырымдап баға беру деген сөз. Міне, тарихшы-ғалымның отандық тарих ғылымын дамытуға сіңірген еңбегін, мемлекеттік және қоғамдық қызметін және оның ғылыми мұраларына талдау жасау, бағалау тақырыптың маңыздылығы мен өзектілігіне негіз болады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Бұрыннан белгілі және ғылыми айналысқа енгізіліп отырған еңбектерді сараптай келе, М.Қ.Қозыбаевтың ғұмырының барлық кезеңдерін қамти отырып, оның қоғамдық-саяси, ғылыми және кәсіби қызметін, ғылыми мұрасын талдап, сұрыптап, жүйелі түрде көрсету. Алға қойған мақсатқа жету барысында төмендегі міндеттерді алға тарттық:
М.Қ.Қозыбаевтың өмір жолын баяндай отырып, кеңестік және тәуелсіздік кезеңдеріндегі ғылыми, қоғамдық-саяси қызметіне назар аударып, оның қоғамдағы алар орнын, ғылым саласын дамытудағы рөлін айқындау;
М.Қ.Қозыбаевтың ұлт мәселесіне қатысты жазылған еңбектерін саралау арқылы саяси үрдістерге баға беру;
М.Қ.Қозыбаевтың еңбектіріндегі Тәуелсіз Қазақстан тарихы проблемаларын тарихнамалық тұрғыдан талдап, олардың ғылыми құндылығы, маңыздылығын ашу.
Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі: Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің тарихын жаңаша көзқараспен жазу қалыптасқан қазіргі кезеңдегі обьективтілік және сараптау принципі алынды. Сонымен қатар көрнекті тарихи тұлғалардың шығармашылығы мен қызметін зерттеуге мүмкіндік беретін жалпы ғылыми және арнайы-тарихи әдістер кешені қолданылды: тарихилық, жүйелілік, салыстырмалы талдау мен жинақтау.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. М.Қ.Қозыбаевтың өмір жолы мен кеңестік және тәуелсіздік кезеңдердегі қоғамдық-саяси қызметі

Манаш Қабашұлы Қозыбаев 1931 жылдың 16 қарашасында Қостанай облысының Меңдіқара ауданындағы Тазкөл ауылында дүниеге келді [4, 9 б.]. Оның балалық кезеңі соғыс жылдарымен тұспа-тұс келді. Манаш Қабашұлы елдегі қиын жағдайға қарамастан алғыр да, зерек бала болып өсіп, еңбекте де ересек адамдармен қатар бірге жүрді. «Жаңатұрмыс» жеті жылдық мектебін 1944 жылы үздік бітіргеннен кейін, Меңдіқарадағы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық училищеге түсіп, 1947 жылы осы училищенің толық курсын бітіріп, бір жылдай Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Үлгілі жетіжылдық мектебінде мұғалім болып істейді. 1948 жылы ол Алматыдағы Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультетіне оқуға түсіп, Бекмаханов, Т.Тәжібаев, А.Нүсіпбеков және т.б. белгілі тарихшы-ғалымдардан дәріс алды. Кейіннен М.Қ.Қозыбаевтың тарих ғылымы жолына түсуіне осы ұстаздардың ықпалы болды.
Университетте оқыған кезінде М.Қ.Қозыбаев коммунист партиясының кандидаттығына мүшелікке өтеді. 1953 жылы университетті үздік бітірген кейін жанұясының жағдайына байланысты Қостанайға кетіп, 1953-1958 жылдар аралығында  Қостанай педагогикалық институтында оқытушы болып қызмет етеді. 1958 жылы Алматыға ауысып, Қазақстан Комммунистік партиясы Орталық комитеті жанындағы Партия тарихы институтына қызметке қабылданады. Бұл институтта ол 1973 жылға дейін қызмет етіп, аға қызметкерліктен ғылыми хатшы, институттың сектор меңгерушісі болады.
1962 жылы Манаш Қабашұлы С.Бәйішевтің жетекшілігімен «Қазақстан Компартиясының Ұлы Отан соғысы кезінде өнеркәсіп пен транспортқа басшылық жасаудағы тәжірибесі» деген тақырыпта кандидаттық диссертация, ал 1969 жылы «Қазақстан Коммунистік партиясы Ұлы Отан соғысы жылдарында» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 1969-1973 жылдар аралығында Партия институтының сектор меңгерушісі болып тағайындалып, бұл қызметті 1974 жылға дейін атқарады. 1971 жылы оған профессор атағы беріледі. «Қазақстан-майдан арсеналы» атты монографиясы үшін Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықты иеленді және Бүкілодақтық конкурстың екінші дәрежелі сыйлығын алады. Ал 1973 жылы тарих ғылымдарының дамытудағы жетістіктері үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет қағазымен марапатталды. Бір жылдан кейін, яғни 1974 жылы Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтқа қызметке тұрып, КОКП тарихы кафедрасының меңгерушісі болады [5, 515–516 б.].
1978 жылы Қазақ Мемлекеттік университеті жанынан Қоғамдық білімдер пәндерін оқытушылар мамандығын жетілдіру институты ашылып, М.Қ.Қозыбаев ондағы КОКП тарихы кафедрасының меңгерушілігіне шақырылады. Келесі жылы Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі болып сайланады және Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетіне шақырылды.
1980-1986 жылдар аралығына дейін М.Қ.Қозыбаев Қазақ Совет Энциклопедиясының Бас редакторы болады және осы жылдар аралығында Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының тарихнама және деректану бөлімінде аға ғылыми қызметкер ретінде қызмет етеді. Қазақ энциклопедиясына басшылық қызметте жүрген кезінде энциклопедиялық басылымдар шығаруға Манаш Қабашұлы кезінде зиялы қауымның қалың тобын тартты. Ол қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына тигізген экономикалық көмегіне қатысты 1985 жылы 40 сериялы құжатты «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» фильмнің ғылыми кеңесшісі болады [6, –17 б.].
1986 жылы ғылыми-практикалық қызметі және қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері» құрмет атағын иеленеді. Осы жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының Президиумының проблемалық кеңесінің мүшелігіне сайланады және Қазақ КСР Ғылым академиясы Президиумының ғылым мен техника жөніндегі комиссиясының төрағалығына тағайындалады. 1986 ж. наурызынан М.Қ.Қозыбаев Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында қызметке келіп, тарихнама және деректану бөлімінің меңгерушісіне сайланады [7, –18 б.].
1987-1990 жылдары М.Қ.Қозыбаев бөлім қызметкерлерімен «Социалистік Отанды қорғау мәселесінің тарихнамасы» және «Ұлы Отан соғысының алғашқы кезеңіндегі Қазақстан (22 маусым 1941 ж. – 18 қараша 1942 ж.)» атты жаңа ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартылады. Зерттеу нәтижелері баспасөз беттерінде жарық көрді.
Ғалым газет-журнал редакциялары ұйымдастырған пікір-таластарға белсене қатысып, 1937-38 жылдардағы қуғын-сүргін мәселесі, «буржуазияшыл-ұлтшыл» атанған «Алаш» партиясы, осы «Алаш» партиясына қатысты «Қазақ», «Сарыарқа» газеттерінің, «Абай» журналының, «Үш жүз» партиясының тарихы сияқты өзекті тақырыптарды зерттеу төңірегінде пікір алмастырды. Қазақ этногенезі, Қазақстан территориясындағы қуатты мемлекеттер, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, Қазақстанда Голощекиннің басшылығымен жүргізілген «Кіші Қазан» идеясының зерттелінбей отырғандығын, келешекте осы мәселелерді қолға алу қажеттігін көтерді.
М.Қ.Қозыбаев Қазақ КСР Ғылым Академиясының 1988 жылғы 2 маусымынан бастап Тарих, археология және этнография институтының институт директоры міндетін уақытша атқарса, ал 19 маусымында институт директорының қызметіне сайланып, 2002 жылдың қаңтарының аяғына дейін осы қызметті атқарды. Ол бұл қызметте жүріп өзін білікті басшы, ұйымдастырушы ретінде көрсете білді [ 8, 47 б.].
М.Қ.Қозыбаев «Қазақстан Ұлы Отан соғысы кезеңінде» атты үш томдық кітаптың құрылымын жасауға қатысты және басқа ғалымдармен бірлесіп «Ұлы Отан соғысының бірінші кезеңіндегі Кеңес тылы» атты 26,4 баспа табақтық көлемді еңбекті даярлап, баспадан шығарады. Осы жылы М.Қ.Қозыбаев ұлт зиялыларының мұраларын зерттеуге арналған мемлекеттік комиссия мүшесі болып, 30-жылдары Сталиндік саясат құрбандары болған қазақтың азаматтарын ақтау ісіне қатысады және нәубет құрбандарына арнап бірнеше мақалаларын баспасөз бетіне жариялайды.
1989 жылдың 18 маусымында М.Қ.Қозыбаев Қазақ КСР Ғылым Академиясының Жалпы жиналысының қаулысы бойынша Қазақ КСР Ғылым академиясының толық мүшесі (академигі) болып сайланды. Институттың ұжымымен 20-30-шы жылдардағы ашаршылық, ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялы қауымының қоғамдық-саяси қызметіне, Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің қызметіне, ұжымдастыру мәселелеріне арналған пікір-таластар (дискуссия) өткізді. 1989-1990 жылдары Тарих, археология және этнография институты аймақтық Ғылыми Зерттеу Жұмыстарын (ҒЗЖ) сараптауға қатысты.
М.Қ.Қозыбаев 1989 жылы құрылған «Әділет» тарихи-ағарту қоғамына белсене араласып, 1994 жылдан осы қоғамының президенті болып сайланады. Қоғам тоталитарлық жүйеге, қуғын-сүргінге қатысты бірнеше ғылыми конференциялар мен семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіп, тоталитарлық жүйенің қылмысын әшкерлейтін «Азалы кітап» шығаруды қолға алды.
1990 жылы М.Қ.Қозыбаев Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация дайындайтын комиссия мүшелігіне сайланады. Ал 1990-1993 жылдары Жоғарғы Кеңестің ұлттық саясат, мәдениет және тіл дамыту комитетінің мүшесі болып, Қазақстан мемлекетінің Конституциясын, заңдары мен актілерін қабылдауда қайраткерлік таныта білді. 1990-1993 жж. Қазақ КСР халық депутаты болып сайланып (2 – сурет), Қазақ КСР халық депутаттығы кезінде үкімет алдына бірнеше мәселелерді көтеруге тырысады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заңды дайындайтын комиссия құрамына кіреді. Мемлекеттік рәміздердің жобасын талдауға қатысып, өзінің ойын да білдіреді [9]. М.Қ.Қозыбаев депутат жүгін арқалай жүріп, көптеген мәселелердің шешімін табуға ат салысты.
Манаш Қабашұлы Отан тарихының «жабық» саналып келген көптеген проблемалық мәселелерді арнайы үкімет рұқсатымен қарастыру жолында елеулі жұмыстар жүргізді. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс тарихы, 20-30 жылдардағы ұжымдастыру, тәркілеу, 1931-33 жылдардағы ашаршылық мәселелерінің ақ-қарасын ашу турасында комиссия құруды ұсынады.
1991 жылы қарашада «1928 жылы 27 тамыздағы Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің «байлар шаруашылығын кәмпескелеуі» және 1930 жылы 19 ақпандағы «Ұжымдастыру мәселесін нығайту мен бай, құлақтарға қарсы күрес жүргізуге» қатысты шыққан жарлықтарын тереңдете зерттеу мәселесіне құрылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес Президиумы комиссиясының төрағасы болады.
М.Қ.Қозыбаев 1991-2001 жылдар аралығында «Ақиқат» журналының, ал 1993-2001 жылдары «Қазақстан тарихы» журналының редакциялық алқасының мүшесі болды. Ғалым аталған журналдардың редакциясына ғылыми кеңестер ұсынып, оның бетіне қандай мәселелер жариялану қажеттігі жөнінде бағыт-бағдар беріп отырды. Институтты басқарған жылдары шетелдік тарихшылармен байланыс орнатып, тәжірибе алмастырды. 1992 жылы Институт бірнеше жоғары және орта мектептерге арналған оқу құралдарын, оқулықтар, жинақтар басып шығарды. Жоғары оқу орындарына арналған 16 баспа табақ көлемінде «Ақтаңдақтар ақиқаты» оқу құралы жарық көрді. 1992-1993 жылдар аралығында М.Қ.Қозыбаев ҚР жоғарғы Кеңесінің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мүшесі, 1993 ж. ҚР Президентінің қасындағы мемлекеттік саясат туралы ұлттық кеңесінің мүшесі, адам құқығы жөніндегі республикалық комиссияның мүшесі, ҚР Тарих және мәдениет қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-методикалық Кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. М.Қ.Қозыбаев тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғауда да елеулі еңбек сіңірді.
1993-1999 жылдар аралығында ғалым ҚР Жоғарғы аттестациялық Комитетінің Президиумы мүшесі болады. Сонымен қатар көп жылдар бойы Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты жанындағы докторлық диссертация қорғайтын Ғылыми Кеңестің төрағасы, тарих ғылымы саласындағы проблемалық ғылыми-үйлестіру Кеңесінің төрағасы Мемлекеттік ономистикалық комиссия мүшесі қызметтерін атқарып келді. М.Қ.Қозыбаев 1993 жылы Қостанай қаласы мен Меңдіқара ауданының «Құрметті Азаматы» атағына ие болды. Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақстандықтардың тылдағы ерлігі жайындағы Н.Едігеновпен бірлесе жазған «Труд во имя победы» [10] кітабы жарық көрді және академиктің жетекшілігімен Қазақстанның көне дәуірден бүгінгі күнге бес томдық академиялық тарихының жаңа басылымы дайындалды және ол «Абай», «Ақмола» энциклопедиялық басылымдардың және «Казахи», Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Көкшетау, Павлодар, Солтүстік, Талдықорған, Оңтүстік Қазақстан облыстарына қуғын-сүргінге ұшырағандары арналған «Азалы кітап-Книга памяти» және тағы басқа ғылыми зерттеулердің редакциялық коллегиясының басқарды. М.Қ.Қозыбаев 1995 жылы Абай Құнанбаевтың 150 жылдық мерейтойын өткізуге қатысты құрылған мемлекеттік комиссия мүшесі болып, осы мерейтойды өткізуге атсалысады. 1997 жылы ҚР Президентінің бейбітшілік және рухани келісімі сыйлығының лауреаты атанады (3 – сурет). 1997 жылдың қыркүйегінде академик М.Қ.Қозыбаев ҚР Мемлекеттік хатшысы Ә.Кекілбаевтың басшылығымен «Аңырақай» деп аталған қазақ-жоңғар шайқасы болған жерді анықтауға қатысты құрылған комиссия құрамына қатысады. Бұл мәселеге қоса комиссия Қазақ хандығының шекарасын анықтау ісімен де айналысады. М.Қ.Қозыбаев Индияда өткен Қазақстанның мәдени күндерінің делегациясын басқарды және Монғолиядағы Күлтегін мен Тоныкөк ескерткіштерін кешенді түрде зерттеу экспедициясына қатысады. Түркияға барған іссапарында Стамбул университетімен байланыс орнатып, түрік тарихшыларымен «Қазақстан тарихы» очеркін түрік тіліне аудару мәселесін шешеді.
1997 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылды «Халық бірлігі және ұлттық тарих жылы» деп атау жөніндегі жарлығына орай құрылған Мемлекеттік комиссияны ғылыми-әдістемелік жағынан жабдықтайтын секция құрамында М.Қ.Қозыбаев та болып, институт ұжымымен «Халық бірлігі және ұлттық тарих жылын» өткізуге қатысты тұжырымдамаларын даярлап, бірқатар ауқымды жұмыстар атқарды. 1998 жылы М.Қ.Қозыбаевтың осы жылы «Ғылым» баспасынан 2 кітаптан тұратын «Тарих зердесі» [11] атты монографиясы жарық көрді.
М.Қ.Қозыбаевтың басшылығымен Қазақстанға ғана емес, шетелдік ғылыми қауымға танылған «Отан тарихы» журналы шығарылып, оның бас редакторлығын ғалымның өзі атқарды және «Қазақстан-Заман» газетінің құрылтайшысы әрі авторы болады. 1999 жылды «Халық бірлігі және ұрпақтар сабақтастығы жылы» ретінде өткізу турасына орай құрылған мемлекеттік комиссия құрамына сайланды. 2000 жылы ғалым Түркия, Румыния, Қытай республикаларының ғалымдарымен етене байланыс орнатып, бұл елдерде өткен конференцияларға, семинарларға қатысып, осы елдердің өкілдерін елімізде өткен іс-шараларға шақырды, тарихи мәселелер төңірегінде дөңгелек стол өткізуге ат салысады. Ғалым ондаған кітаптар мен жинақтар, 840-тан ғылыми мақалалар жазып, 13 ғылым докторлары мен 72 ғылым кандидаттарын даярлады.

 ІІ. М.Қ.Қозыбаевтың ұлт тарихы мәселелеріне арналған іргелі зерттеу еңбектері

М.Қ.Қозыбаевтың аса бай тарихи мұралары: ғылыми еңбектері (4 – сурет), мақалалары, баяндамалары ұлт тарихы үшін маңызы зор дерек көздері болып табылады. Бұл еңбектерінің қатарына «История и современность», «Ақтаңдақтар ақиқаты», «Жауды шаптым ту байлап», «Тарих зердесі», «Казахстан на рубеже веков: размышления и поиски», «Өркениет және ұлт» [12] және т.б. ғылыми мақалаларын жатқызамыз. Осы зерттеулерінде көне заманнан бастап Қазақстанның тәуелсіздігі жолындағы тарихы толықтай қамтылады. Аталған тарихи еңбектерінде ғалым қазақ тарихының көмескі тартқан тұстарын ашып, оның маңыздылығын айқындайды. Осы еңбектер ғалымның ұлттық тарихқа түбегейлі бет бұрғандығын көрсетеді. Ғалым ұлт тарихының мәселелерін көтергенде тарихи сананы қалыптастыру қажеттігін және қазақ халқының тарихын жазу барысында бұрындары зерттелінбей немесе зерттелуге тыйым салынған, яғни «ақтаңдақтар» аталынған мәселелерді көтеруді ұсынды.
Қазақ халқының шығу тегі мен қазақ мемлекеттігінің қалыптасу мәселесіне қатысты зерттеулерінде ғалым адам баласы қазақ сахарасында пайда болып, өмір сүрген тайпалар белесі, сақ-ғұндар заманасы, түркі тектес тайпалар дәурені, қыпшақ белесі, моңғол үстемдігі, қазақ хандықтары, халық, ұлттың қалыптасуы, отаршылдық бұғауында, қазақ халқы кеңес империясының уысында, қазақ халқы егеменді ел болған шағын зерттеу нысанына алады.
М.Қ.Қозыбаев зерттеулерінде «түрік» деген этнонимнің қытай жылнамаларында 542 жылы кездескендігі, қытайлықтар VI ғ. түріктерді сюннудің – ғұндардың бұтағы деп санағандығын келтіре отырып, Түркі қағанатының мекендеген территорияларын нақты көрсетеді. «Қазақ» атауының төркіні туралы тың деректер келтірген. Ғалымның болжауынша «қыпшақ», «қазақ» атаулары қатар шыққан. «Қазақ» атауының нақтылай қай ғасырда пайда болғандығын талдай келе, «қыпшақ атауымен халық болып танылған қазақ барша түркі әлемінің қара шаңырағы болды» деген тұжырым жасайды.
М.Қ.Қозыбаев қазақ халқының шығу тегі мен мемлекет болып қалыптасу тарихы турасында маңызды да аса қажетті мәліметтер келтіреді. Қазақстан территориясында мекендеген ертедегі Батыс Түрік, Түркеш, Қарлұқ, Оғыз мемлекеттердің түркі халықтарының түп төркінін қалыптастырғандығын айта келе, қазақтардың халық ретінде қалыптасуы осы мемлекеттер тұсынан бастау қажеттігін ұсынады. Л.Мейер, Н.Паллас, А.Левшин сияқты орыс тарихшыларының қазақ халқын «құранды» деген пікірлеріне қарсы шығады [13].
Шыңғысхан ұрпағының орнатқан Алтын Орда мемлекеті турасындағы жазған зерттеуінде М.Қ.Қозыбаев бұл мемлекетті «полиэтникалық» мемлекет деп көрсетеді. Моңғол шапқыншыларының қыпшақ мәдениетіне бас иіп, қыпшақ тілін халықаралық тілге айналдырып, орыс княздықтарының сарайларында қыпшақша сөйлеу мәдениеттілігін танытқандығын жаза отырып, бұл Алтын Орданың негізінде Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қажы-Тархан, Қырым, Қазақ хандықтары, көшпелі өзбек ұлысы, әмір Темір империясы, Моғолстан, Өзбек ұлысы сияқты мемлекеттердің өрбігендігін, XIV ғасырда Ақ Орда қазақ хандығына айнала бастағандығын баса келтіреді.
Ғалым Қазақ хандығының құрылуын Жошы әулеті, Орыс хан мен оның немерелері бір ғасырдай негіздегенін, ал Керей хан мен Жәнібек сұлтан 1465-1466 жж. Қазақ хандығының егемендігін жариялап, тәуелсіз ел болғандығын талдаған. Қазақ халқының біртұтас болып бірігуі мен қазақ халқының өрлеуін Жәнібек пен Қасым ханның тұсына жатқызып, Қасым хан билігі тұсындағы саяси жағдайға тоқталып, Қасымханның Қазақ мемлекетіне сіңірген еңбегін орыстың Ұлы Петр І еңбегімен салыстырады.
М.Қ.Қозыбаев ұлт-азаттық қозғалыстың сатыларын, белестерін, асуларын саралап ашып көрсетуге тырысты. Ол ұлт-азаттық қозғалыс барысын 7 кезеңге бөліп, 1-ші кезеңге қазақ халқының құрамына кірген тайпалардың Сібір жұртын жаулап алуға қарсы азаттық қозғалысын жатқызды. 2-ші кезеңде қазақ елінің Жетісу, Сыр бойы жоңғарларға, Қоқан-Хиуа хандықтарына тәуелді болып, жоңғарларға қарсы Отан соғысы болғандығын, бұл кезеңде үш жүздің басы одан әрі бірігіп, ұлттық дәрежеге көтерілгендігін айтса, ал 3-ші кезеңде қазақ халқының Ресейге бодан болуға қарсылық білдіру барысын айқындап, 4-ші кезеңге патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы көтерілген Сырым Датов, Исатай Тайманов көтерілісін, ал 5-ші кезең барысына Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілісті жатқызды. 6-шы кезең ХХ ғасыр басында қалыптасқан зиялы қауым өкілдерінің патша саясатына мерзімді баспасөз арқылы қарсы шығуы мен патша жарлығына қарсы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске ұласуы барысын, ал 7-ші кезеңге 1917 жылғы Ақпан мен Қазан революциясын жатқызады [14, 22-28 бб.]. 
Қазақстанның Ресейге қосылу мәселесіне орай ғалым ең алдымен «қосылу» деген сөздің өзіне тоқталып, оның мәнін түсіну қажеттігін атайды. Ресейдің кейбір зерттеушілерінің «империя «отар» дегенді білмеді» деген пікірлеріне қарсы шықты. Орыс империясының отаршылдық саясатын ағылшын, француздардың отаршыл саясатымен салыстырып, Қазақстанның Ресей қол астына бүтін кіруін мәңгілік айқындап берген екінші стратегиялық кезеңді І Петр билігімен байланыстырады. Азияны «Құлып пен қақпаға» теңеген патша саясатының «елді табанына басып, халқын «бұратана» атап, қамырша иелегенін айта келе, қазақтардың Ресейге қосылуының маңыздығылығына баса тоқталады. Орыстар қазақ жерінен бұрын Қазан, Астрахан, Сібір хандықтарын жаулап алғандығын, Сібірді жаулау Ермак есімімен байланысты екендігін нақтылап көрсетеді. Сібірді жаулап алып отырған Ермак емес, отаршыл орыс империясы деген пікір айтып, Ермак оның орындаушысы ғана дейді. Ол Ермак атын өшіріп, қалаға еліміздің тұңғыш академигі Қ.И. Сәтбаев есімін беру турасында ұсыныс айтады.
«Ұлт-азаттық қозғалыс» пен «ұлт-азаттық көтеріліс» ұғымдары ғалымның еңбегінде жан-жақты талданған. Ұлт-азаттық көтеріліс – ұлт-азаттық қозғалыстың бір түрі есебінде беріліп, ол бүкілхалықтық дәрежеге көтерілсе, ұлт-азаттық революция санатына көтерілетіні айтылады [15, 15-21 бб.].
XVIII ғасырдағы жоңғарлардың шапқыншылығы кезіндегі Абылайдың бейнесін асқақтай сомдап, оның дипломаттық қасиетін бағалады. Жоңғарларға қарсы қол бастаған Бөгенбай батырдың бейнесін сомдағанда ғалым оның ғажайып адамгершілік қасиеттерін, «дарабоз» атанған Қабанбайдың батырлық өресінің биіктігін бөліп көрсетеді.
Ғалымның пайымдауынша, XVI ғасырдың аяғынан 1916 жылға дейін 300-ге жуық көтерілістің болғандығын, бір ғана Кенесарының көтерілісі емес, Сырым, Исатай, Махамбет көтерілістерінің әрқайсысы ғасырларға созылған осы ұлт-азаттық көтерілістің бөлігі екендігін айтады. Кенесары хан көтерілісін 1785-1797 жылдары болған Сырым Датұлының көтерілісімен үндестіре, ерекшеліктері мен ұқсастықтарын салыстырады. Кенесары Қасымов көтерілісі жайында жазылған тұжырымдарға келіспейді. Кенесарыны казактардың жерін тартып алушы есебінде ғана көрсетілуі дұрыс болғанымен, жеткіліксіз екендігін баса айтады.
“Алаш” қозғалысы, “Алаш партиясы”, “Алашорда” автономиясы ұғымы турасында өз ойын да түйіндеген. Алаш зиялыларын ғасыр басында Ресейде қалыптаса бастаған интеллектуалдардың жаңа ұрпағына жатқызды. Ақпан төңкерісінен кейінгі (1917 ж. -К.Е.) Қазақстан қоғамындағы өзгерістер легін Алаш қозғалысымен тығыз қарастыруды ұсынды. Алаш зиялылары ағартушылық идеясын жаңа сатыға көтеріп, оны дін аясына таратқандығын, таптық мүдде емес тұтас ұлт мүддесін қорғап, отаршылдыққа қарсы ұлттық майдан ашуды көздегендігін талдап көрсетеді.
М.Қ.Қозыбаев ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық күресті қарағанда мұсылмандардың саяси қызметі мен олардың азаттық жолындағы қозғалысына мән бере зерттеу қажеттігін де баса көрсетті. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс тарихын Қазақстан тарихының келелі мәселелерінің біріне жатқызып, қозғалыстың көздеген мақсаты ұлт бостандығы, отаршылдық саясатқа қарсылық екендігін көрсетеді. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатовтардың 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс төңірегіндегі айтқандарын таразыға салып, талдауға тырысады. 1917 жылғы ақпан және қазан төңкерістерін де тарихтың ірі оқиғасына жатқыза отырып, революция кезеңдерінде жіберілген қателіктердің басты себептерін де ашып көрсетеді.
Ғалым 20-шы ғасырдың аяғы мен 30-шы жылдардағы халық басына түскен қасіретке сол кездегі республика басшысы болған Ф.И.Голощекин сөзсіз кінәлі деген қорытындыға келеді [16]. 1921-1922 жж. ашаршылық, ірі бай жартылай феодалдардың мал-мүлкін тәркілеу, ұжымдастыру, 1931-1933 жж. ашаршылық мәселелерін жете қарастырды. 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтың шығуының себебі елді ұжымдастыру мен тәркілеудегі орын алған асыра сілтеумен олқылықтар деп есептесе, ал 20-30 жж. қуғын-сүргіннің шығуының себебін тоталитарлық жүйенің қатаюынан, халықты бір уыста ұстауға тырысуынан деп түсіндіріп, сталинизм зұламатының мән-мағынасын айқындап, оның қазақ халқына тигізген зардаптарына баға беріп, толымды тұжырымдар жасады. Қ.Алдажұмановпен бірлесе жазған еңбегінде 40-шы жылдардың екінші жартысы мен 50-ші жылдардың басындағы идеологиялық қуғындау арнайы түрде ойластырылып, дайындаған саяси компаниялардың ісі екендігін көрсетеді.
М.Қ.Қозыбаев Ұлы Отан соғысын, Қазақстанның соғыс жылдарындағы тарихын жүйелі түрде зерттеп, тарихнамалық, ғылыми-сараптамалық тұрғыдан талдау жасаған. Ұлттық құрамалар жөнінде зерттеушілер арасында түрлі пікірлер орын алғандығын айта келе, Орта Азия мен Қазақстанда 1941 жылдың қарашасы мен 1942 жылдың наурызы аралығында соғысқа аттанған құрамалардың өзіндік ерекшеліктерін де атаған. Сондай-ақ Қазақстанға зорлықпен жер аударылған халықтар жайында да құнды мәліметтер келтіреді.
М.Қ.Қозыбаев соғыс уақытында жүргізілген саяси жұмыстарға да тоқталады. Ұлы Отан соғысына қатысты пайда болған түрлі пікірлерді талдай отырып, бұл соғысқа қатысты өз көзқарасын нақтылай көрсетеді. Неміс басқыншыларының Кеңес Одағына тигізген зардабын, қасіретін айқындай отырып, соғыстың Ұлы Жеңісіне тылдағы және майдан даласындағы қазақстандықтардың қосқан үлесін ашып көрсетеді.

 ІІІ. М.Қ.Қозыбаев және Тәуелсіз Қазақстанның тарихи проблемалары

Қазақстанның тәуелсіз ел болуы, ұлт мәселесі ғалымның еңбектерінің басты тақырыбына айналды. 1991–2002 жылдарда мерзімді басылым беттеріне М.Қозыбаевтың тәуелсіздік, ұлт тақырыбына арналған көптеген мақалалары жарияланды. Атап айтқанда «Тәуелсіздік толғаныстары», «Тіл тағдыры – ұлт тағдыры», «Киелі тәуелсіздік», «Тәуелсіздік даңғылы», «Ана тілім – айбарым», «Тәуелсіздіктің рухани көрінісі», «Отан туралы сөз», «Қандай елміз – қандай болуға тиіспіз», «Тәуелсіздік самалы», «Ұлт болмысы», «Ұлт намысы», «Ұлт тілі», «Ұлттық мәдениет», «Ұлтжандылық», «Ұлт зиялылары» және тағы басқа мақалалары жарық көріп, Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолдары мен оның тарихи маңызы, халқымыздың ұлтжандылық қасиеттері айқындалды. «Тәуелсіздік» ұғымының саяси, экономикалық және рухани болып бөлінетіндігін, саяси тәуелсіздіктің мәні зор екендігін, сондықтан халыққа ең бірінші саяси тәуелсіздік қажеттігін атап өтеді. Тәуелсіз ел болуы үшін ұлттық қасиеттерді қадірлеу, дәріптеу, ұлттық тілді құрметтеу ең басты жолда тұру керектігін баса айтады. Ұлттық тілдің мемлекеттік статусын жоғары көтеруде қазақ тілінің мемлекеттік статусын іске асырушылар мен билік жүйесінің ара қатынасын бірізділікке салу қажеттігін көрсетеді.
Тіл саласындағы басты кемшіліктерді де атап өтеді. Ол ана тілімізде сөйлеуді намыс көрген, ана тілін білгісі келмегені үшін, балаларын ана тілі мектебіне бермей, қазақ ұлтының атын жамылған, «жаңа қазақ» атанғандардың қылықтарына қынжылады. Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік болуы үшін ұлт перзенті болу қажеттігіне меңзейді. Тәуелсіздік алған заманда ұлтжандылық халықта бірнеше түрде байқалатынын атайды. М.Қ.Қозыбаев «ұлтжандылық» пен «ұлтшылдық» ұғымдарын шатастырмау қажеттігін ескертеді. Ғалымның ойынша, әр халық ұлтын өзінше сүйеді.
Ұлт тұлғаларын танытуда М.Қ.Қозыбаев ерен еңбек сіңірді. Біз М.Қ.Қозыбаевтың жазған еңбектерін саралай отырып, оның ұлы тұлғаларды танытуда орта ғасырдан бастап өмір сүрген қайраткерлерден бастап, Тәуелсіз Қазақстанның іргесін көтеруге ат салысқан қоғам қайраткерлері мен ғалым, мәдениет қайраткерлерінің бейнелерін жасап, тарихтағы орнын анықтап, тұғырына ат салысқандығын аңғарамыз. Тұлғаны танып білуде ғұмырнамаға сүйенуі қажеттігін көрсетті. Тарихи тұлғаларды танып білуде М.Қозыбаев орта ғасырдағы ел билеушісі Ақсақ Темірден (Әмір Темірден) бастап, соңғы ғұмырнама жазушылардың жазғандарын салыстыра талдау арқылы көрсетуге тырысады.
Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидың тұлғалық ерекшелігін, Жалаңтөс батырдың тарихи бейнесін, Қожаберген дипломат, замана саясаткерлігін, Абылайдың саясат жолындағы ұстанған көзқарасын, Бұқардың даналығын, ақындық, жыраулығын, қазақ халқының бірлігін, тұтастығын көксеген Хан Кененің тұлғасын, Абай бейнесі мен ұлылығын, ХХ ғасыр басында қазақ зиялылар қалыптасқан ұлт зиялылары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Х.Досмұхамедов сынды азаматтар мен кеңестік жүйеде өздерінің қоғамдық-саяси қызметімен ерекшеленген Қ.И.Сәтпаев, Ә.Х.Марғұлан мен Е.Б.Бекмаханов, І.Омарұлы, Ж.Шаяхметов тұлғасын барша қазаққа танылу қажеттігін М.Қозыбаев басты парыз санады. М.Ғабдулиннің бойындағы батылдық, Нұртас Оңдасыновтың іскерлік қасиеттері мен ғылым саласында ғылыми еңбектерімен танымал болған Ақай Нүсіпбеков, Салық Зиманов, Өмірзақ Сұлтанғазин, Кеңес Нүрпейіс, Таутан Амандосов, Сұлтан Сартаев, Оразай Батырбеков сияқты ғалымдардың ғалымдық, қайраткерлік қасиеттерін бағалайды.

 ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақ халқында «жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген қанатты сөзі бар екені айдан анық. Сондықтан болар, біздің халық мағынасы терең осы сөзді қастерлеп өткен, тарам-тарам тарих ғылымының біз білмейтін қатпарларын тайға таңба басқандай етіп, қашап кеткен, туған елінің тарланы, төл тарихтың саңлағы атанған академик Манаш Қабашұлы Қозыбаевқа арналып айтылса керек. Өйткені Манаш Қабашұлы 70 жылдық саналы ғұмырында халқымызға ғалымдығымен, педагогтығымен, қайраткерлігімен танылып, Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне, тарих ғылымының алға қарай қадам басуына, тарихты терең, жан-жақты және шындық тұрғысынан зерттелінуіне қомақты үлес қосты. Ол мемлекеттік жауапты қызметтерде отырып, елде болып жатқан проблемалық мәселелерді шешуге ат салысты.
Академик М.Қозыбаевтың қоғамдағы рөлін және Қазақстан тарихына қосқан ғылыми үлесін былай зерделеп беруімізге болады:
М.Қозыбаев кеңестік және тәуелсіздік кезеңдерінде Қазақстанның қоғамдық-саяси өрлеуіне өзіндік үлес қосты;
Тарих ғылымы саласының өрлеуіне ат салысты және Қазақстан тарихында өзіндік мектебін қалыптастырды;
Тарих ғылымында шешім таппаған көкейкесті мәселелерді зерттеуде көшбасшы бола білді. Атап айтқанда:
Көне заманнан бастап қазіргі кезге дейінгі қазақ тарихын қазақ халқының мүддесі тұрғысынан қарастырды;
Бұрындары «жабық» болып келген тақырыптардың шынайы бағасын алуға, атап айтқанда ұлт-азаттық қозғалыстардың маңыздылығын айқындады, Кеңес кезеңінде орын алған 20-50 жылдардағы қуғын-сүргінді зерттеуге үлес қосып, сталиндік үкіметтің бет-пердесін ашып берді;
Қазақстан тарихын әдістемелік, тарихнамалық, деректанулық тұрғыдан зерттеудің негізін салды;
Қазақ халқының этногенезінен бастап еліміздің егемендік алғанға дейінгі тарихын жаңа қырынан саралап берді;
Тоталитарлық билік сабақтары, аз ұлттардың Қазақстанға күштеп қоныс аударуы, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы, Қазақстанның тарихнамалық мәселелерін айқындап, тың деректік маңызы бар еңбектер жариялады.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келген Манаш Қозыбаевтың саяси-қоғамдық істерде қосқан үлесі тарих беттерінде, тайға таңба басқандай қалары анық. Себебі оның бәрі мемлекеттік сыйлықтар алуы, қаншама жазбалар қалдыруы, көптеген атақты ғалымдардың жазып қалдырған пікірлері, бізге академик Манаш Қабашұлы Қозыбаевты ұмыт қалдыруға мүмкіндік бермейді. Біздің өзіміз осы тақырыпты зерттей келе, бұл кісінің тарихқа, қоғам үшін сіңген еңбегін үлгі етеміз.



































ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі (Замана асуы). – Алматы: Ғылым, 1998. 1-кітап. – 344 б.
2. Жұлдызы жанған ғұлама. Академик Манаш Қозыбаев туралы естелік. – Алматы: Атамұра, 2003. – 288 б.
3. Қозыбаев М. Киелі Тәуелсіздік. Алматы: Баспалар үйі, 2009. – 448 б.
4. Жұлдызы жанған ғұлама. Академик Манаш Қозыбаев туралы естелік кітап. –Алматы: Атамұра, 2003. –288 б.
5. Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. –Алматы, 2006. –768 б.
6. «Тәуелсіз Қазақстан және академик Манаш Қозыбаевтың ғылыми мұрасы»: Халықаралық ғылыми-практикалық конф. материалдары. Т.1. – Петропавл: М.Қозыбаев атындағы СҚМУ, 2011. –297 б. /–17 б.
7. Бұл да сонда, –18 б.
8. Жұлдызы жанған ғұлама. Академик Манаш Қозыбаев туралы естелік кітап. –Алматы: Атамұра, 2003. –288 б.
9. Отан тарихы. –2002. 24 шілде. –7 б.
10. Козыбаев М.К., Едыгенов М.Е. Труд во имя Победы. –Алматы: Казахстан, 1995. –176 с.
11. Қозыбаев М. Тарих зердесі. 1-кітап. –Алматы: Ғылым, 1998. –344 б Қозыбаев М. Тарих зердесі. 2-кітап. –Алматы: Ғылым, 1998. –180 б.
12. Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты. –Алматы: «Қазақ Университеті», 1992. –272 б.; Козыбаев М. Казахстан на рубеже веков: размышления и поиски. 1 кн. –Алматы: Ғылым. 2000. 420 с.; Қозыбаев М. Өркениет және ұлт. –Алматы, 2001. –369 б.; Козыбаев М. История и современность. –Алма-Ата: Ғылым, 1991. –341 с.
13. Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты. –Алматы: «Қазақ Университеті», 1992. –272 б.
14. Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап. –Алматы: Қазақстан, –1994. –192 б.
15. Бұл да сонда, –192 б.
16. Қозыбаев М. Зобалаң түп тамыры осындай // Өркен. –1993. 16 қаңтар.

 

 



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 06.10.2016
Раздел История
Подраздел Научные работы
Просмотров221
Номер материала ДБ-241815
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх