Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Тарих пәні бойынша тәрбие сабағы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

Тарих пәні бойынша тәрбие сабағы

библиотека
материалов

«Тәу еткенім – Тәуәлсіздігім!» атты театрландырылған қойылымның

сценариі

Қатысатындар:Мұғалима,Оқушылар – ұл мен қыз (8-9 жасар), Тарих-Абыз, Жас Абылай, Екі нөкер (батырлар), Ақ көйлекті адам, Ахмет Байтұрсынов, оқушылар.

Сахна мұражайға ұқсас безендірілген.Төрде әулие терекке ілінген қобыз немесе домбыра арнайы тұғырға (Кейін Абыздың отыруына ыңғайлы тас тәрізді болғаны абзал) орналастырылған онан кейін қабырғаларға Абылайдың, Ә.Бөкейхановтың, А Байтұрсыновтың,Шәкәрімның, Т.Рысқұловтың,Ә.Молдағұлованың,М.Мәметованың,Б.Момышұлының,Қ.Ырысқұлбек-овтың,тағы басқа суреттер ілініп,экспонаттар қойылған. Алдыңғы қатарда Елтаңба мен ҚР туы және Елбасының Ата заңға қолын қойып ант беріп тұрған сәті бейнеленген суреті ілінген.

Музыка №1.Залдан жарық өшіп,шымылдық жайлап ашылады.Орта жастағы мұғалима 8-9 жастар шамасындағы мектеп формасындағы оқушыларды (ұл мен қызды) аралатып түсіндіріп жүреді.Олардың сөзі музыка фонында естілмейді,тек қимылдары арқылы түсінеміз.Олар Көк тудың қасына келгенде музыка ақырындап аяқтайды.

Мұғалима.Міне ,балалар, Қазақстанның тарихы қазыналы,шежіресі тереңнен сыр толғайды.Ғасырлар бойы аттан түспей, ер жастанып, кең байтақ даламызды көзінің қарашығындай сақтап, жер мен елдің тәуелсіздігі үшін күрескен жауынгер бабаларымыз арайлы ақ таңы шуақ нұрын төккен осы күнді аңсаған, осы күнді армандаған.

Алыстан қобыз үні естіліп(Музыка№2),күшейе береді.Сахна қараңғыланып,негізгі жарық үшеуіне түседі.

Қыз.Бұл не?

Мұғалима.Бұл тарих үні

Ұл.Ендеше соған зер салайық.Олар көрермендерге бөгет болмас үшін, сахна шетіне қойылған орындыққа жайғасады.Олардағы жарық көмескіленіп, негізгі жарық Сахна төрінде қобыз ойнап толғанып отырған ақ киімді, ақсақалды Тарих-Абызға түседі.

Абыз.(Күңірене толғаныспен )Уа, көкейкесті,көкейкесті күй не дейсің?Тынбаған көңіл,талмаған көкей!...пәк пәруәрдігәр!..Бе-еу!

Тұнығым ылай болды,

Қуғыншым құмай болды.

Құтылар қайран жоқ,

Сор қамар сыңай болды.

Кеселді іске керме жоқ,

Қаусырмалар қалың тор,

Халқым қайтып күн көрер!

Ызғар сезген бойым бар.Панасыз ел баладай...Аспанда қара бұлт ақ бұлтпен шарпысып,телегей ойнап, дауылдатып ол келеді. Бек буынған бағлан батырым қайда? Елім қайтып күн көрер!(Жаумен айқасқан соғыстың үнідері естіліп (Соғыс№3),сахна бір сәт жарқылға толады.Сахнаға бір қылыш ұстаған жас Абылай нөкерімен шығып Абыздың алдына оң қолын кеуделеріне қойып,тізерлеп сәлем жасайды.)

Абылай.Армысың,әз аға!Асыл аға!

Абыз.(Таңырқап) Мерейің биік шоқыдай

Келіс көркің тотыдай

Қызықтырған қай ұлсың?

Абылай.Дейді екен Уәлибақы арғы атамды,

«Қанішер Абылай»дер бергі атамды.

Өз әкем Көркем Уәли деген кісі

Деп қойған Әбілмансұр өз атымды

Абыз.Е-е,солай де!...Ажарыңнан аңғарам,арманың бар ма?

Абылай.(Орнынан түрегеліп)Қаз қондырсам ел үшін.

Құзғын қонбас қу ағаш,

Қаз қондырсам ел үшін.

Жік-жік болған қазақты

Жүйелі ету арманым.

Еңсесі биік ел қылып,

Киелі ету арманым!

Абыз.Қазаққа қамқор болар ұл екенсің, Абылай қойдым атыңды. Бірақ мынаны жадыңда тұт,ұланым;

Ынтымақ – елдікке жеткізер,

Елдік- ерлікке жеткізер,

Озған ел-тарихын таспен жазар,

Тозған ел- тарихын жаспен жазар-деген!Азаматтықтан асар байлық жоқ!(Музыка№1 ойналып,сахна көмескіленеді де Абылай нөкерімен әулие терекке шүберектерін байлап шығып кетеді. Абыз қобызын толғап отыра береді. Негізгі жарық Мұғалимаға түседі,олар музыка фонында сөйлейді).

Мұғалима.Тәуелсіздікті тәу еткен халқымыз талай-талай қилы замандарды бастан кешірді.Бабаларымыз империялық саясатқа қарсы 200-ден аса ұлтазаттық көтерілістерге шықан екен.

Бала.Кенесары, Сырым батыр, Жанғожа батыр, Исатай-Махамбеттің көтерілісі.

Қыз.Әлихан Бөкейханов,Ахмет Байтұрсынов аталарымыз бастаған ұлы кемеңгерлеріміз туралы да білеміз.(Атылған мылтық дауыстары №4 Музыка естіледі, №7 сахнада ақ көйлекті ер адам көрінеді.Сахна тағы бір сәт жарқылға толады.Негізгі жарық репрессияға ұшыраған арыстарға кезегімен түседі)

Ақ көйлекті адам. Мен бір мезет ойламағам

Қиянатқа көнем деп,

Өз елімеде «Жау» атанып,

Қорлықпенен өлем деп.

Елім үшін құрбан болсам,

Қаным қайда төгілген?

«Ат!» деген кім ?Атқан қайсың?

Қабырым қайда көмілген?(Мылтық атылады №5)

(Ақ көйлекті адам әулие терекке барып, шүберек байлайды.Сахна күңгіртеніп, негізгі жарық алаңдаулы Тарих-Абызға және ойға батқан А.Байтұрсыновқа түседі)

Абыз.(Ахметке) Тәуелсіздік деп үн қатқан,

Аманат артып мың батпан,

Қабағына мұң қатқан,

Көңілінде сыр жатқан,Байтұрсынұлы Ахметпісің,арысым?

Байтұрсынов. Иә, тарих-баба! Менің мұңым ел тағдыры. «Өзгенің отарынан құтылып, Қазақстан өз алдында тәуелсіз ел боламыз!»-деп, ұран көтерген Алаш азаматтарын «Жаусың!»- деп,ұстап, жазалап жатыр (қолымен жаңағы ақ көйлекті адамды көрсеткендей қимыл жасайды).

Абыз.Сен тек қазақ үшін ғана емес,бүкіл түркі әлеміне зор еңбек еткен ғұлама ғалымсың.(Сынағандай)Өз басыңа да хауіп төніп тұр екен,сақтансаң қайтеді?

Байтұрсынов. Жоқ!Ел мен ұрпақ тағдыры сынға түскен сәтте, ертеңгі болашақ үшін жанымды пида етуге тәуекел еттім.(Музыка №1 ақырындап ойналады.Соның фонында)

Тән көмілер,көмілмес еткен ісім,

Ойлайтындар мен емес – бір күнгісін.

Жұрт ұқпаса, ұқпасын жабықпаймын,

Ел – бүгіншіл, менікі – ертең үшін!

Шіркін, оқыған ұрпақтарымыз көп болса,ертеңгі елдің жарқын болашағына солар кепіл болар еді – ау!... (Мылтық атылады №5, музыка №1 үдей түседі.Байтұрсыновта әулие терекке шүберек байлайды.Жарық өшіп ол сахнадан кеткенде, негізгі жарық Мұғалимаға беріледі,иттердің абалағаны №6, айғайға толы жастардың дауысы естіледі).

Мұғалима.Тоталитарлық жүйенің темір құрсауын талқандауға арналған қазақ жастарының желтоқсан оқиғасы болғанын сендер жақсы білесіңдер.

Қыз. Білеміз.1986 жылы.Оған сіз де қатыстыңыз ба?

Мұғалима. Иә, інім мен сіңілдерім де қатысты......

Бала.Апай мен Қайрат Ырысқұлбеков ағаның өлең жолдарында білем (Жігерлене өлең оқиды);

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең алыңдар

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

«Еркек тоқты құрбандық»-

Атам десеңдер атыңдар!

Абыз. (Балаларға жақындап) Бүгінгі елдің тәуелсіздігі – ата-бабаларыңның сан ғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі, Жаратқан Иенің жасаған әділдігі. Бұл- бүкіл тарихында өзгелерге қиянат жасау дегенді білмеген қазақ халқының пейілінің қайтарымы.

Мұғалима.Дұрыс айтасыз, Абыз – баба.Сондықтан да Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев:

«Тәуелсіздік жолындағы мұндай ұмтылыстардың бәрі ел тарихының ең қастерлі парақтары ретінде әрқашан жадымызда сақталатын болады» деп,ерекше атап көрсетті.

Музыка №7. Абылай нөкерлерімен,ақ көйлекті адам мен Байтұрсынов әулие теректің жанына шығып, алдыға қарай жақындап келеді де, Көк туды Абылай сүйіп алып, Байтұрсыновқа береді.Ол да туды сүйіп, Мұғалима мен қыздың ортасында тұрған балаға салтанатпен тапсырады.

Абыз. Мына тәуелсіздіктің Көк туын болашаққа қисатпай сендер алып барыңдар!

Сендерге аманат!

Қыз. Сақ та болдым,ғұн болдым әуелде мен,

Тарихымды еске алсам кемелденем.

Білге Қаған,Күлтегін,Тоныкөк боп,

Тас тілінде сөйлестім,әлемменен.

Баласағұн,Қашқари, Иассауиден

Кітап алды ешқашан көнермеген.

Бала. Асан қайғы,Шалкиіз,Ақтамберді,

Доспанбет боп ойларым тереңдеген.

Махамбет боп сөзіммен от ойнатып,

Абай болып үн қатттым өлеңменен.

Қазақ елін таныды бүкіл ғалам,

Тәуелсізбін ешкімге тәуелді емен.

Ермұрат Зейіпханұлының әні «Көк тудың желбірегені» (Музыка №8) шырқалады.Сахнаның екі қапталынан мектеп формасындағы оқушылар шығады.Шымылдық жабылады.

Ұ.Қасаболатова

Сарыбастау орта мектебі КММ

Мектеп директоры

Тарих пәнінің мұғалімі

Кербұлақ ауданы.



























C:\Users\user\Desktop\20160210_155741.jpg



Автор
Дата добавления 11.03.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров121
Номер материала ДВ-517162
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх