Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Презентации / Тарих пәні презентация сабағы "Шілікті-сақ патша қорғандары" 9класс

Тарих пәні презентация сабағы "Шілікті-сақ патша қорғандары" 9класс

  • История
 Тақырыбы: Шілікті сақ патша қорғандары.
Мақсаты: Шілікті археологиялық кешенінің сақ - патша қорғандарын соңғы жылда...
Тақырыптың өзектілігі. Шілікті қорғандары арқылы халқымыздың өлшемсіз өткен...
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШІЛІКТІ АЛҚАБЫНЫҢ ФИЗИКО-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ шілікті жа...
ШІЛІКТІ АЛҚАБЫНЫҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ КЕШЕНІ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ Н. Коншиннің жина...
1949 жылы 1959 жылы 1960 жылы 1962 жылы Сергей Сергеевич Черниковтің қазба жұ...
ҚОРҒАНДАРДАН ТАБЫЛҒАН ЖӘДІГЕРЛЕР Бүгiнде Шiлiктiдегi нөмiрi 5-шi қорғаннан та...
«Бәйгетөбе» обасы қазбаға дейін
 3-Шілікті. №1 қорған немесе «Бәйгетөбе» обасының тас 	қаландысының көрінісі
«Бәйгетөбе» обасының тас шеңбері о дүние мен бұл дүниенің арасындағы өткел і...
 Қабірхана құрылысы
 3-Шілікті. №1 қорғанның шым қаландысы немесе шым пирамида
3-Шілікті. №1 қорғаннның солтүстігінен түсірілген көрінісі
 3-Шілікті. №1 қорғанның архитектуралық құрылысының жаңғыртпа түрі
 2-Шілікті. №2 қорғанның қазба жұмыстарына дейінгі көрінісі
 2-Шілікті. №2 қорғанының қабір құрылысы  
 2-Шілікті. №4 қорғанның қазба жұмыстары кезіндегі көрінісі
2-Шілікті. №4 қорғанның қабір құрылысы тастан қаланған және олар шашыраңқы о...
 Шіліктіден табылған жәдігерлер
ҚОРЫТЫНДЫ Қазақ халқының және оның арғы тектерінің әлемдік өркениеттілік дүн...
 Назарларыңызға рахмет
1 из 21

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1  Тақырыбы: Шілікті сақ патша қорғандары.
Описание слайда:

Тақырыбы: Шілікті сақ патша қорғандары.

№ слайда 2 Мақсаты: Шілікті археологиялық кешенінің сақ - патша қорғандарын соңғы жылда
Описание слайда:

Мақсаты: Шілікті археологиялық кешенінің сақ - патша қорғандарын соңғы жылдардағы қорытындылар бойынша зерттеу.

№ слайда 3 Тақырыптың өзектілігі. Шілікті қорғандары арқылы халқымыздың өлшемсіз өткен
Описание слайда:

Тақырыптың өзектілігі. Шілікті қорғандары арқылы халқымыздың өлшемсіз өткен күндерін елдік тұрғыдан, сол бабалардың занды ұрпақтары ретінде айдай әлемге ақиқатын айту бүгінгі тандағы келелі міндеттердің бірі деп білемін. Ел болып етек-жеңімізді жиіп жатқанда шығысымызда мәңгі тоң басқан Берелдегі олжалар мен Шілікті мұралары, батысымыздағы Аралтөбедегі сармат алтын қорғанын қазып алып, олардың занды мұрагерлері ретінде күллі әлемге паш етуі Қазақстан археологтарының асқан бір ғылыми үлкен жетістіктерінің бірі де бірегейі деп есептеймін. Сол себепті де аталмыш тақырып қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Қазақстан территориясында табылған ерте темір дәуірінің Бесшатыр, Есік, Берел және т.б. сияқты патша обаларының ең көнесі 2003 жылғы табылған 2-Шілікті қорымындағы №І қорғаннан табылған олжалар Еуразия белдеуіндегі көне жәдігерлердің бірі. Тақырыптың зерттелу деңгейі Бұл ескерткіштерді бірінші зерттеген семейлік гидротехник Г.Н. Бокий еді. 1909-1910 жылдары ол Шілікті даласының шығыс шегінде орналасқан Шаған оба қорымдарын қазып зерттеді.1949, 1959, 1961 және 1962 жылдары Шілікті қорымдарында профессор С.С. Черников қазба жүргізді. Ол барлығы 13 обаны қазып зерттеді. 2003 жылдан бастап бұл өңірді Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры Ә.Т. Төлеубаев зерттеп келе жатыр. Осы он жылдан артық уақыт ішінде үш үлкен және бірнеше кіші обалар қазылып зерттелген.

№ слайда 4 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШІЛІКТІ АЛҚАБЫНЫҢ ФИЗИКО-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ шілікті жа
Описание слайда:

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШІЛІКТІ АЛҚАБЫНЫҢ ФИЗИКО-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ шілікті жазығы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданынның аумағында орналасқан. Ұзындығы - 80, ені – 30 шақырым осы кең жазықты оңтүстігінде Тарбағатай, шығысында Сауыр-Сайқан, солтүстігінде Маңырақ таулары қоршап жатыр. Шілікті даласында көне мәдениеттің аса бір өркендеген уақыты б.з.д. Ι-мың- жылдыққа сәйкес келеді. Бұл кезде Шілікті даласын сақ тайпалары мекендеген. Шілікті даласында сақ-үйсін дәуірінің екі жүзден астам ескерткіштері бар. Олардың елу шақтысы патша және ақсүйек обалары Шілікті алқабы — кең жазықта орналасқан. Алқаптың солтүстігін тұтастай иіле оңтүстік-шығысқа қарай сәл бұрыла Маңырақ таулары көмкерген. Ескі тарихи жылдардағы Қозы Маңырақ, Қой Маңырақ таулары — осылар. Шоқтығы биік Сауыртау алқаптың солтүстік шығыс бұрышын түзеген. Биіктігі — 2716 м. Шақпақтас бүкіл өлкедегі ең биік шың. Жүрек тауы оңтүстік-шығыс бөлігін құрайды. Шілікті алқабының көлемі: батыстан шығысқа қарай — 80, солтүстіктен оңтүстікке қарай - 30 шақырымдай. Теңіз деңгейінен биіктігі — 1100 м. Оңтүстік бөлігі тарыла түседі. Төрт жағынан тау қоршаған, желі үнемі соғатын теп-тегіс үлкен алқап. Тау аралығындағы аңғарларда балшық топырақты (соның ішіңде сары топырақты), сондай-ақ қиыршық ұсақ тас аралас балшық топырақты және ұсақ тас пен құм аралас, саз батпақты және сортаң болып келеді. Жер асты сулары жер бетінен 0,2-0,3 м тереңде орналасқан

№ слайда 5 ШІЛІКТІ АЛҚАБЫНЫҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ КЕШЕНІ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ Н. Коншиннің жина
Описание слайда:

ШІЛІКТІ АЛҚАБЫНЫҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ КЕШЕНІ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ Н. Коншиннің жинақтаған мәліметтері бойынша Шілікті алқабының 72 нүктесінде 1675 қорған бар. Шiлiктi даласының ескерткiштерi туралы алғашқы мәлiметтер 1869 жылы. “Томские областные ведомости” және 1887 ж. “Сибирская газета” басылымында берiлдi. 1909-1910 жылдары семейлік гидротехник Г.Бокий Шілікті даласының оңтүстік шығысына қарай Тарбағатай мен Сауыр тауларының түйісер жеріндегі Шағанобада сақ дәуірінің үлкен бір қорғанын қазған.

№ слайда 6 1949 жылы 1959 жылы 1960 жылы 1962 жылы Сергей Сергеевич Черниковтің қазба жұ
Описание слайда:

1949 жылы 1959 жылы 1960 жылы 1962 жылы Сергей Сергеевич Черниковтің қазба жұмыстары Көп жылдағы жұмыстарының ең тамаша нәтижесi - 1960 жылы қазған “Шiлiктi алтын қорғаны” болды . Аса құнды тарихи қазыналарға кенелткен бұл қорған 1960 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданындағы Шiлiктi ауылының маңынан, теңiз деңгейiнен 1300-1500 м. биiкте жатқан Маңырақ және Тарбағатай тауларының арасындағы Шiлiктi жазығынан табылған обаның құрамына енетiн-дi.

№ слайда 7 ҚОРҒАНДАРДАН ТАБЫЛҒАН ЖӘДІГЕРЛЕР Бүгiнде Шiлiктiдегi нөмiрi 5-шi қорғаннан та
Описание слайда:

ҚОРҒАНДАРДАН ТАБЫЛҒАН ЖӘДІГЕРЛЕР Бүгiнде Шiлiктiдегi нөмiрi 5-шi қорғаннан табылған тарихи заттар РФ Мемлекеттiк қорында сақталуда. Археологтарға жеткен мүлiктен тәптiштеп тiзiмдеген С.Черников барлығы 524 алтын зат тiркедi. Үш жүзден астамы, алайда, ұсақ тесiкшелер (бисер) және кейбiр зат сынықтары мен фрагменттерi болған. Аң бейнелi стильмен жасалған көлемдi алтын әшекейлер – 59 ( 29 - қабылан, 14- бұғы, 9 – бүркiт, 5 - қабан, 1 – балық, 1 - құс). Олардың қатарына 13 қола жебенiң ұшын жатқызуға болады. Зерттеушiлер қорамсақтың қалыңдығына қарап, оның бұғының немесе жылқының терiсiнен жасалғанын анықтады. Осы қазба жұмыстарын жүргiзген С.С.Черников бұл қорамсақ жерлеу салтына сай арнайы жасалған деген тоқтамға келген.  3-Шілікті қорымының Бәйгетөбе обасынан барлығы 4303 дана алтын заттар табылды. Оның 153 данасы мәліннің маскасы бейнесінде, 36 данасы бүркіт-самұрұқ, 20 данасы бұғылар, 39 данасы қасқыр (аю) түрінде, бір түйме-қаптырма бесжұлдыз, бір қаптырма арқар бейнесінде. Сонымен қатар 23 дана қоңырауша түріндегі, 63 дана кеңірдекше түріндегі, 17 дана алтын тілікше, 7 дана алтын сым, 141 дана жартышар сияқты салпыншақтар, 2835 дана миниатюралық құлақшалы, кесеге ұқсас салпыншақтар, 223 ұсақ кеңірдекше тізбе, 743 шығыршық тізбе және бір дана кішкене қапсырма шеге табылды. Скиф-сiбiр әлемiнен қалған ескерткiштердің iшiнде ең сирек кездесетiн, жұмбақтау бұйым – мүйiзбен жиектелген жұлдыз тәрiздi алтын қапсырма. Оның астарында киiмге тiгуге арналған мықты бауы бар. Шiлiктi кешенiндегi өзге заттар - қоңыраушалар, түтiкшелер, кiшкентай ғана бөшке тәрiздi салпыншақтар, көзмоншақтар т.б. түрiнде кездеседi. [14, 18 б] Шілікті жазығында жүргізілген бір ғасырдан астам археологиялық зерттеулер нәтижесінже көптеген құнды мәліметтер мен жәдігерлер жинақталды. Деректердің сан түрлі болуы мен бірге ерте сақ дәуірінен бастап дамыған орта ғасырлар кезеңіне дейінгі уақытты қамтитын деректермен толықты. Бұл деректер еліміздің бай мұрасы деп айта аламыз. Оны көздің қарашығындай сақтап әлемге таныту өскелең жас ұрпақ біздің міндетіміз деп түсінемін.

№ слайда 8 «Бәйгетөбе» обасы қазбаға дейін
Описание слайда:

«Бәйгетөбе» обасы қазбаға дейін

№ слайда 9  3-Шілікті. №1 қорған немесе «Бәйгетөбе» обасының тас 	қаландысының көрінісі
Описание слайда:

3-Шілікті. №1 қорған немесе «Бәйгетөбе» обасының тас қаландысының көрінісі

№ слайда 10 «Бәйгетөбе» обасының тас шеңбері о дүние мен бұл дүниенің арасындағы өткел і
Описание слайда:

«Бәйгетөбе» обасының тас шеңбері о дүние мен бұл дүниенің арасындағы өткел іспеттес

№ слайда 11  Қабірхана құрылысы
Описание слайда:

Қабірхана құрылысы

№ слайда 12  3-Шілікті. №1 қорғанның шым қаландысы немесе шым пирамида
Описание слайда:

3-Шілікті. №1 қорғанның шым қаландысы немесе шым пирамида

№ слайда 13 3-Шілікті. №1 қорғаннның солтүстігінен түсірілген көрінісі
Описание слайда:

3-Шілікті. №1 қорғаннның солтүстігінен түсірілген көрінісі

№ слайда 14  3-Шілікті. №1 қорғанның архитектуралық құрылысының жаңғыртпа түрі
Описание слайда:

3-Шілікті. №1 қорғанның архитектуралық құрылысының жаңғыртпа түрі

№ слайда 15  2-Шілікті. №2 қорғанның қазба жұмыстарына дейінгі көрінісі
Описание слайда:

2-Шілікті. №2 қорғанның қазба жұмыстарына дейінгі көрінісі

№ слайда 16  2-Шілікті. №2 қорғанының қабір құрылысы  
Описание слайда:

2-Шілікті. №2 қорғанының қабір құрылысы  

№ слайда 17  2-Шілікті. №4 қорғанның қазба жұмыстары кезіндегі көрінісі
Описание слайда:

2-Шілікті. №4 қорғанның қазба жұмыстары кезіндегі көрінісі

№ слайда 18 2-Шілікті. №4 қорғанның қабір құрылысы тастан қаланған және олар шашыраңқы о
Описание слайда:

2-Шілікті. №4 қорғанның қабір құрылысы тастан қаланған және олар шашыраңқы орналасқан  

№ слайда 19  Шіліктіден табылған жәдігерлер
Описание слайда:

Шіліктіден табылған жәдігерлер

№ слайда 20 ҚОРЫТЫНДЫ Қазақ халқының және оның арғы тектерінің әлемдік өркениеттілік дүн
Описание слайда:

ҚОРЫТЫНДЫ Қазақ халқының және оның арғы тектерінің әлемдік өркениеттілік дүниесіне қосқан құндылықтарын мәдениеттанушы ғалымдарымыз саралап бергенімен, салмақтау жағы археология ғылымының үлесінде болмақ. Егер мәдениетімізді жазу дәстүрі арқылы қанша насихаттасақта оның өзіндік ерекшелігін, үрдісін, құндылықтарын көзге шұқып көрсете алмасы анық. Барлық әлемдік тілдерде тарихымызды сөйлетуде жетістікке жетудің бірден бір жолы мұражай ісі арқылы жүзеге асатынын есте сақтауымыз керек.

№ слайда 21  Назарларыңызға рахмет
Описание слайда:

Назарларыңызға рахмет

Автор
Дата добавления 05.10.2015
Раздел История
Подраздел Презентации
Просмотров580
Номер материала ДВ-031785
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх