Инфоурок Всеобщая история Рабочие программыТарих пәні тақырыбы "Абылай хан" 5(сынып)

«Хан и табунщик» (казахская народная сказка)

00:00 12:48
«Хан и табунщик» (казахская народная сказка): слушать

Файл будет скачан в формате:

  • mp3
2
1
09.06.2025
«Инфоурок»
Казахская народная сказка «Хан и табунщик».Эта мудрая сказка рассказывает о простом табунщике, который благодаря смекалке и справедливости смог перехитрить самого хана. Когда правитель решает испытать своего подданного, тот отвечает ему не силой, а мудростью, доказывая, что истинная ценность человека — в его уме и честности.Произведение поднимает темы справедливости, находчивости, противостояния власти и простого человека, а также важности мудрости в жизни.Читает: Пойманова Ольга.Аудио подготовлено проектом «Инфоурок».
Казахская народная сказка «Хан и табунщик».
Эта мудрая сказка рассказывает о простом табунщике, который благодаря смекалке и справедливости смог перехитрить самого хана. Когда правитель решает испытать своего подданного, тот отвечает ему не силой, а мудростью, доказывая, что истинная ценность человека — в его уме и честности.
Произведение поднимает темы справедливости, находчивости, противостояния власти и простого человека, а также важности мудрости в жизни.
Читает: Пойманова Ольга.
Аудио подготовлено проектом «Инфоурок».
Развернуть описание

Тарих пәні тақырыбы "Абылай хан" 5(сынып)

Скачать материал

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы:  §   33. Абылай хан

Сабақтың мақсаты:

·        Білімділік: Қазақ халқын бір хандыққа біріктіріп, Қазақ мемлекетінің іргетасын қалаған Абылай хан жайында оқушыларға мәлімет бере отырып, оның Қазақ тарихындағы орны, ерлік істері жайындағы білімдерін арттыру, Абылайдың жүргізген саясатының сырын түсіндіру.

·        Дамытушылық: Абылай ханның қазақ тарихындағы еңбегіне баға беру арқылы тарихи тұлғалардың еңбегін бағалай білуге үйрету, танымдық қабілеттерін арттыру.

·        Тәрбиелік: Абылай ханның қазақ тарихындағы алатын орнын анықтай отыра, оқушыларды қаһарман тұлғалардың ерлігін құрметтеуге үйрету, ерлікке, отансүйгіштікке, ұлтжандылықка тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: география

Сабақтың көрнекілігі: Абылай ханның суреті, Қазақстанның саяси картасы, теледидар, «Көшпенділер» фильмінін бейнекассетасы.

Сабақтың барысы:

I.                   Ұйымдастыру кезеңі.

II.                 Үй тапсырмасын сүрау.

         Алдымен оқушылардан үйге қандай тапсырма берілгенін сұраймын.

1. Сұрақтар жазылған карточкаларды көбейтіп оқушыларға таратамын.

2. «Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи маңызы» тақырыбы бойынша әңгімелеп беру тапсырылады.

3. Әбілқайыр туралы оқушылардан не білетінін сұрау.

     Оқушылардың жауабын тыңдап болған соң   тақырыпты шолып, қысқаша сабақты қорытындылаймын. Онда Қазақстанның Ресейге қосылуына тарихи тұрғыда баға бере отырып, оның тарихи маңыздылығына тоқталамын. Әбілқайыр Ресей бодандығына қол қойғанымен халықтың көпшілігі оған көнбеді. Міне осылардың басында Абылай тұрды. Осылай жаңа сабақпен байланыстыра кетемін.

ІІІ. Жаңа сабақ.

          Жаңа сабақтың тақырыбын тақтаға жаза отырып, сабақтың мақсатын оқушыларға айтып беремін. Сонымен қатар сабақтың жоспары тақтаға жазылады.

Сабақтың жоспары.

1. Абылайдың ата-тегі, жастық шағы.

2. Абылайдың жүргізген саясаты.

3. Абылай - қазақтың Ұлы ханы.

         Жаңа сабаққа кіріспес бұрын  оқушыларға бейнекассетаны қосып «Көшпенділер» киносынан үзінді көрсетемін. Осы кинодағы Мансұр бейнесіне назар аудару тапсырылады.

         Содан кейін мынадай сұрақтар қойылады:

1. Осы кинодағы Әбілмансұр туралы не білесіңдер?

2. Әбілмансұр кинода қандай кейіпкер ретінде көрінеді?

    Оқушылар жауабын тыңдап болғаннан кейін   жоспар бойынша сабақты түсіндіруге кірісемін. Ең алдымен Абылайдың ата-тегіне тоқталамын.Абылайдың шын аты - Әбілмансұр. Арғы аталары әлемге әйгілі Шыңғысхан және оның үлкен Ұлы Жошы хан. Бұлардың тікелей ұрпағы болып табылатын Қазақ хандығының алғаш іргетасын қалаған Әз-Жәнібек те Әбілмансұрдың арғы аталарының бірі. Қазақтың хан тағына тек Шыңғыс ұрпақтары ғана отырды. Оларды төре деп атайды. Міне Әбілмансұр осы төре тұқымынан.

         Бұдан әрі   Әбілмансұрдың жастайынан жетім қалғанын, Ораз аталықтың көмегімен аман қалып, көшпелі қазақ халқының арасына келіп паналайтыны туралы айтып өтеді.

         Осы жерде   бейнекассетаны іске қосып, оқушылар назарын «Көшпенділер» киносындағы Ораз бейнесіне аударып, пікірлерін тыңдаймын.

         Одан әрі   ретімен жас Сабалақ туралы, оның Абылай атануы жайында оқушыларға түсінік беріп өтемін.   Абылай ханның өмірінің соңғы кезімен  аяқтаймын.

         Негізгі түсіндіру уақыты аяқталғаннан кейін   оқушыларға түрлі түсті қағаздар таратады. Қағазда мынадай жазу болады:

         Абылай - ол:

Оқушылар Абылай туралы өз ойларын жазады. Мысалы: Абылай - хан, дипломат, батыр т.с.с.

          Оқулықпен жұмыс.

          Оқушыларға кітаптан Абылайдың өмірінен хронологиялық кесте жасатамын. Мысалы:

         1. 1711 жыл - Әбілмансұр өмірге келді т.б. Осы жерде   оқушыларға Абылайдың төңірегіндегі тұлғалар жайында түсінік беру. Бұқар жырау, Үмбетей жырау, Тәтіқара акын т.б. Бұқар жыраудың Абылайдың өмірін жырлаған жыр жолдарынан үзінді келтіремін.

Ей, Абылай, Абылай,

Сені мен алғаш көргенде

Тұрымтайдай үл едің,

Үйсін Төле бидің

Түйесін баққан құл едің,

Абылай атың жоқ еді

Сабалақ атпен жүр едің.

Қорытынды кезең

Сабақты қорытындылау үшін төмендегідей сұрақтарды беремін:

1. Абылай билікке қалай келді?

2. Абылай атының шыға бастауы қандай тарихи оқиғаға байланысты?

3. Абылай қазақ тарихында қандай орын алады?

4.  Абылай төңірегіндегі белгілі адамдардың ықпалы қандай болды?

    Абылай - үш жүздің басын бір хандыққа біріктірген, Қазақ хандығын біртұтас, мықты мемлекетке айналдырған дарынды қолбасшы, батыр, дипломат, атақты мемлекет қайраткері.  

Бағалау:

Үй тапсырмасы: §33 Абылай хан жайында шағын әңгіме жазу.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тарих пәні тақырыбы "Абылай хан" 5(сынып)"
Смотреть ещё 5 938 курсов

Методические разработки к Вашему уроку:

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 345 784 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Скачать материал
    • 19.12.2015 1184
    • DOCX 20 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Батырхан Айдана Пірімханқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Батырхан Айдана Пірімханқызы
    Батырхан Айдана Пірімханқызы

    учитель истории

    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22313
    • Всего материалов: 5

    Об авторе

    Мен өз маманығымды жақсы көремін. Болашақта оқушыларға сапалы білім бере отырып, Қазақстанымыздың париот азаматтарын тәрбиелеп шығарамын деген ойдамын. Жақында 3айлық курсты бітіріп сертификатымды алдым. Кембриж бойынша сындарлы оқытуда алған білімімді тәжірибеде ұштастырамын деген ойдамын. Барлық мұғалімдерге табыс тілеймін.

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 322 566 материалов из нашего маркетплейса.

Мини-курс

Основы китайской каллиграфии и произношения

2 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Социальные и правовые аспекты эпохи Просвещения: влияние на образование сегодня

4 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Анализ рынка и продуктовая стратегия

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
Смотреть ещё 5 938 курсов