Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / Тарих пәнінен "Егемен ел Көшбасшысы" тақырыбына өткен іс-шара жоспары

Тарих пәнінен "Егемен ел Көшбасшысы" тақырыбына өткен іс-шара жоспары


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Мақсаты:

1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Көрнекілігі: үнтаспа «Большая игра», шарлар, суреттер, буклет «Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент» Біздің Елбасымыз-Н.Ә.Назарбаев «Еліңнің ұлы болсаң, еліне жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыс мемлекетінің нығайып – көркеюі жолында жан тереңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің иесі өзің екенінді ұмытпа!»
Барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Мұғалімнің сөзі.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Алдымызда үлкен мереке қүтіп тұр. Бұл мереке тарихи күн. 1 желтоқсан –Президент Күні.Осыған орай «Егемен ұлттың Көшбасшысы» атты сынып сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.

Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

Қазақстан республикасының алғашқы және қазіргі президенті Н.Ә.Назарбаев тек қана біздің ел ғана емес, әлем таныған саяси тұлға. Елбасының саясаты арқасында қазіргі кезде елімізде тыныштық пен татулық орнап тұр.
Нурлан:
Президент болу
мәртебе,

Ол –Алланың қолдауы.

Ел басқарған Нұр аға,

Жол көрсетті жолдауы.

Қазақ деген халықтың

Бағына туды Нұраға.

Сынынан өтсек нарықтың,

Арқаңыз сіздің, Нұраға.

Тілейді сізге бар халық,

Амандық, саулық, Нұраға!
Бекзат:
Халық оны сыйлап, мақтап, қолдаған

Ел басымыз бізге бақыт сыйлаған.

Халық оны президент қып сыйлаған,

Елдің, жердің парасатын ойлаған.

Ән: «Жаса қазағым»

Ермек:

Ұзақ ғұмыр кешсін біздің елбасы,

Жері көркем, Астана әсем ордасы

Төрге шығып елбасымыз жасасын,

Елбасымыз жерге әйгілі данасын.

Елбасымыз қадам басып шындасын,

Жамандық ешқашанда болмасын,

Елбасымыз аман болсын әрқашан.

Атақты да, асулы болып самғасын.

Құтты болсын қадамыңыз елбасы,

Көркейе берсін әсем, нұрлы даласы.

Сізге қуат, жігер, ұзақ ғұмыр тілеймін.

Қай қазақтың қорғайтұғын баласын

Жасай берсін елбасымыз әлі де,

Дамытқан жерді осы ғой оның мәні де,

Ұмтылады елбасыны қорғауға,

Қорғайды оны жасы менен кәрі де,

Адал адам, қамқоршы да жігерлі,

Батыл адам жылы қуат жүрегі,

Сыйлаймыз біз құрметтейміз біз сізді.

Адал деген жақсы сөз де қуатты

Ұмытпаймыз әрқашанда сол ізді.

Елбасы да болу менің сол арман,

Әйгілі де, батыр, қайсар,қаһарман,

Боламын мен елбасымыз сияқты

Елбасымыз батыл, қайрат, ардақты.

Мұң шалмасын елбасының көңілін

Асқақтай берсін, жалғастырып өмірін,

Елбасының ойлы, жылы жүрегін

Орындаймын елбасының тілегін.

Ән: «Астана»

Мұғалім:
Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.

Ермек:
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

Асар:
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!

Ән: «Нұр аға»
Асан:
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

Ән: «Алға қазақ жігіттері»
Мұғалім: 1991- 2014 жылдары аралығында қандай жетістіктерге жеттік?

(әр оқушы әр жылды айтып шығады, сонда қағаздың екінші бетіндегі әріптерден "Жаса, ҚАЗАҚСТАН –Президент!" деген сөз шығады).

1991 жыл- республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
Тәуелсіздік алған жыл. Қазақ халқының тұнғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарықа самғады.

1992 жыл- Мемлекеттік рәміздер бекітілді. Наурыз айында Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болдық.

1993 жыл- Тұңғыш Конституция қабылданды. 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.

1994 жыл- Мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Тәуелсіз Қазақстанның тұнғыш ғарышкері Талғат Мусабаев ғарышқа ұшты.

1995 жыл- Жаңа Конституция қабылданды.

1996 жыл- 30 қантарда Қазақстан Парламентінің 1-сессиясы өтті.

Ж. Жабаевтың 150 жылдығы тойланды.

1997 жыл- Елордамыз Астанаға көшірілді. «Қуғын – сүргін құрбандарын еске алу жылы» деп жарияланды . «Қазақстан-2030» старегиялық бағдарлама қабылданды.

1998 жыл- 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері болды .Халық тұтастығы мен ұлттық тарих жылы.

1999 жыл- 10 қантар Президент сайлауы нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев жеті жыл мерзімге Президент болып қайта сайланды. Ұлттар бірлігі мен сабақтастығы жылы.

2000 жыл- Мәдениетті қолдау жылы.

2001 жыл- Қазақстандағы Ресей жылы.

2002 жыл- Денсаулықты нығайту жылы. 23 қазанда Түркістанда дүние жүзі қазақтарының екінші құрылтайы өтті.

2003- 2005жылдары- Ауыл жылы.

2004 жылы –Денсаулық жылы

2005 жылы-4 желтоқсанда бүкілхалықтық Президент сайлауы болды.

2006 жыл- Тәуелсіздікке- 15 жыл. 7 қантарда жаңа әнұран қабылданды.

2007 жыл- Қазақ тілін қолдау жылы.

2008 жыл – Астанаға 10 жыл.

2009 жыл- Қазақстанның Украинадағы жылы.

2010 жыл – ЕҚЫҰ саммиті.

2011 жыл - Қысқы Азиада

2012 жыл – ЭКСПО -2017

2013 жыл –

2014 жыл –Жолдау «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол»

Коллаж «Менің Қазақстаным!»
Мұғалім: Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.
Барлығы:

Біз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатын қолдаймыз. Әрқашанда Президентімізді мақтан тұтамыз!

«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
Ән: «Елім менің»





























1-жүргізуші: Құрметті ата-аналар!

2-жүргізуші:Аяулы ұстаздар!

1-жүргізуші Қымбатты оқушылар!

2-жүргізуші:

1 желтоқсан 2012 жыл –Президент Күні. Осыған орай «Қазақстан! Тәуелсіздік! Президент!» атты салтанатты жиынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

1-жүргізуші:

Тарихы терең қазақ деген көне елде,

Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.

Жаһандағы ең жауынгер халықта,

Кім сенеді ту болмады дегенге?!

Мазмұнына өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін,- дей отырып, салтанатты жиынымызға Қазақстан Республикасының Туы енгізілсін.

/ ҚР-ң әнұраны орындалады /

2-жүргізуші:

Құттықтау сөз мектеп директоры Каленова Сапура Манапқызыа беріледі.

1-жүргізуші: Міне егемендігімізді алып Ел басымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан-жылға көркейіп, небір қйындықтарды артқа тастап жана эканомикалық өрлеу үстінде.Өз халқын жақсылықпен жеттістікке жетелеген Президентімсіз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдау елдің тағатсыздана күтетін жаналыққа толы бастамасы. ӘР жылғы жолдаудан еліміз жаңа серпіліс пен батыл қадамдар күтеді. Еліміздің экономиксын өркендетуге сендерде ат салысады деп есептеймін

Қазақстан республикасының алғашқы және қазіргі президенті Н.Ә.Назарбаев тек қана біздің ел ғана емес, әлем таныған саяси тұлға. Елбасының саясаты арқасында қазіргі кезде елімізде тыныштық пен татулық орнап тұр.

Қанағат:
Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік қоясың,
Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың.
Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндері,
Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.
Халықтың мұңы мұңдайтынын да, халықтың жыры жырлар жыр,
Көкірегіңде көнермей әлі өткен де кеткен жылдар жыр,
Соңына ердік сол ғана бізді жеткізеді деп бақытқа,
Бақытқа баста байтақ еліңді, бақытсыздықтан құр қалдыр.
Мұғалім:
Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам.Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу-бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.
Балнұр:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
Каникамал:
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
Айгерім:
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
Нұрлыбек:

Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

Ән: «Үш қоңыр».
Назым:
Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.
Ән: “Астана – бас қала”

Нұрлыбек:
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
Сәулемай:
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
Мұғалім: 1991- 2012жылдары аралығында қандай жетістіктерге жеттік?

(әр оқушы әр жылды айтып шығады, сонда қағаздың екінші бетіндегі әріптерден "Жаса, ҚАЗАҚСТАН –Президент!" деген сөз шығады).

1991 жыл- республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
Тәуелсіздік алған жыл. Қазақ халқының тұнғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарықа самғады.

1992 жыл- Мемлекеттік рәміздер бекітілді. Наурыз айында Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болдық.

1993 жыл- Тұңғыш Конституция қабылданды. 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.

1994 жыл- Мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Тәуелсіз Қазақстанның тұнғыш ғарышкері Талғат Мусабаев ғарышқа ұшты.

1995 жыл- Жаңа Конституция қабылданды.

1996 жыл- 30 қантарда Қазақстан Парламентінің 1-сессиясы өтті.

Ж. Жабаевтың 150 жылдығы тойланды.

1997 жыл- Елордамыз Астанаға көшірілді. «Қуғын – сүргін құрбандарын еске алу жылы» деп жарияланды . «Қазақстан-2030» старегиялық бағдарлама қабылданды.

1998 жыл- 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері болды .Халық тұтастығы мен ұлттық тарих жылы.

1999 жыл- 10 қантар Президент сайлауы нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев жеті жыл мерзімге Президент болып қайта сайланды. Ұлттар бірлігі мен сабақтастығы жылы.

2000 жыл- Мәдениетті қолдау жылы.

2001 жыл- Қазақстандағы Ресей жылы.

2002 жыл- Денсаулықты нығайту жылы. 23 қазанда Түркістанда дүние жүзі қазақтарының екінші құрылтайы өтті.

2003- 2005жылдары- Ауыл жылы.

2004 жылы –Денсаулық жылы

2005 жылы-4 желтоқсанда бүкілхалықтық Президент сайлауы болды.

2006 жыл- Тәуелсіздікке- 15 жыл. 7 қантарда жаңа әнұран қабылданды.

2007 жыл- Қазақ тілін қолдау жылы.

2008 жыл – Астанаға 10 жыл.

2009 жыл- Қазақстанның Украинадағы жылы.

2010 жыл – ЕҚЫҰ саммиті.

2011 жыл - Қысқы Азиада

2012 жыл – ЭКСПО -2017

Бекнұр:

Ел болдық егеменді, теңдік алып

Бар әлем қазақ елін болды танып

Қайнауы кенге толы Қазақ елі

Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып.

Жанна:

Отаным – Қазақстан туған жерім,

Мұнаймен газ болады асыл кенім

Көркейтіп бір өзіңді келе жатқан,

Артамыз елбасына үлкен сенім.

Гүлдарай:

Егемен елімнің ертеңі деп,

Елбасы баға берді жастарыма.

Оқу оқы білім ал, елің үшін

Еңбек ет тыным таппай , жан аяма

Жалғас:

Халқымның мақтанышы

Әлемнің назары ауды Ақ ордаға.

Бәйтерек –көкке қолын созып тұрған.

Ұқсайды менің асқақ арманыма.

Бекнұр:

Кең даласы, кең пейілді қазақпыз

Құл емеспіз еркін жанбыз азатпыз

Ел намысын ешбір жанға бермейміз

Өмірді алға бастырамыз , өрлейміз.

Жанна:

Ел болдық ерік алдық астаналы

Енді кімнен қазағым жасқанады

Тәуелсіз мемлекеттін шежіресі

Нұрсұлтанның атымен басталады.

Гүлдарай:

Бақтың құсы әр адамға қонып бір

О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр

Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр.

Жалғас:

Көз қуанып күн сайын...

Көңіліміз сенеді

Қазақстан –алып ел,

Таңым ғана лайық...

Ән: «Қазақстан!»

Мұғалім:
Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені, санамыз, сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.
Жесірге пана, қашанда қамқор боп жүрсің жетімге,
Ананың тілі, баланың тілі сөйлей білесің не тілде.
Қалам тербесек жүрек берді есеп басынан өткен жылдарға,
Саған сенбесек, кімге сенеміз осынау жердің бетінде...
Барлығы:

Біз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатың қолдаймыз. Әрқашанда Президентімізді мақтан тұтамыз!

«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
Ән: «Елім менің»

2-жүргізуші:Қазақстан Республикасының Туы шығарылсын!

1-жүргізуші: Осымен салтанатты жиынымыз жабық деп жариялаймыз !

Қош сау болыңыздар!















Автор
Дата добавления 21.01.2016
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров130
Номер материала ДВ-363535
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх