Инфоурок Всеобщая история КонспектыТарих пәнінен Желтоқсан тәуелсіздіктің бастауы!

Тарих пәнінен Желтоқсан тәуелсіздіктің бастауы!

Скачать материал

Желтоқсан тәуелсіздіктің бастауы

 

1-жүргізуші:

Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар мен шәкірттер! Шона смаханұлы атындағы мектебіміздің оқушылары дайындаған «Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Биыл  еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған тәуелсіздік алғанымызға 23 жыл толып отыр.
Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ардақты ағайындар, мереке құтты болсын! 
Тәуелсіздіктің түп – тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.

2-жүргізуші:
           
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 23 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

           Сол бір ызғарлы желтоқсанда  ел тәуелсіздігін армандап, алаңға шығып, ту көтерген және сол тәуелсіздік жолында қасық қанын төккен қыршын жастарымызды 1 минут еске алуға рұқсат етіңіздер.


1-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

2 - жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

1 - жүргізуші:
Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!......

Қайрат атты атым бар,он сегізде жасым бар...
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!....

Сұранбады, жалынбады тік тұрды,
Барлық жендет қорықты одан тіксінді,
Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,
Қанышерлер айналада көптін-ді....

Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,
Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік,
Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді,
Артпақты олар, өрен жасқа көлдей ғып ....

2 - жүргізуші: Ендеше, Құттықтау сөз кезегін мектебіміздің директоры Советқызы Бағила акпиге  береміз.

Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

 

Хор: Желтоқсан желі

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып


Желтоқсан оқиғасы туралы өлеңдер

1 - жүргізуші:
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық Күн достық

Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты

 

Әбдір Жансерік пен Оразалы Олжастың орындауында  «Жаса Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар
2 - жүргізуші:

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Ән: Жақсылық Әдырахман мен Әбдір Жансеріктің орындауында «Қара бауыр қасқалдақ» әнін қабыл алыңыздар

Тәуелсіздік туралы өлеңдер
1 - жүргізуші:
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік - ел мұраты. Бұл біздің ұлан байтақ теңіздей Қазақ тарихының басынан кешкендерінің тамшысы ғана болса да, осы 17жылда Қазақстанның дамып өркендеуін жылдармен өрнектейміз.
2-жүргізуші: 
1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты президент етіп сайлады.
1-жүргізуші: 1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, әнұраны, туы туралы заң қабылданды.
2-жүргізуші: 1993 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 15 қарашада төл теңгеміз алғаш реет айналымға түсті.
1-жүргізуші: 1994 жылы Ғарышта қазақтың екінші ғарышкері Т.Мұсабев көк байрақты желбіретті.
2-жүргізуші: 1995 жылы ұлы Абайға 150 жыл толды.
1-жүргізуші: 1996 жыл Жамбыл жылы. Тәуелсіздік монументі орнатылды.
2-жүргізуші: 1997 жылы «Қазақстан – 2030» стратегиясы қабылданды.
1-жүргізуші: 1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді.
2-жүргізуші: Астанада алғаш рет Бәйтерегіміз салынды.
1-жүргізуші: 1999жыл Қорқытқа 1500 жыл тойын Қызылордада тойладық.
2-жүргізуші: 2000жылы – Мәдениетті қолдау жылы.
1-жүргізуші: 2001 жылы 18 мамырда – Күлтегін ескерткішінің көшірмесін И.Тасмағамбетов Астанаға әкелді.
2-жүргізуші: 2002 жылы – Денсаулық жылы.
1-жүргізуші: 2003-2005 жылдары Ауыл жылдары
2-жүргізуші: 2006жылы - Сыр елі өнер ордасы
1-жүргізуші: 2007жылы төл теңгеміз жаңа түрмен айналымға түсті.
2-жүргізуші:2008жылы Қазақстанның бас ордасына Астанаға 10 жылдығы тойланды.


Ендеше, Рахымжан Нұрдостың орындауында «Жаса қазақ» әнін қабыл алыңыздар

1 - жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Әбдір Жансеріктің орындауында «Елім менің» әнін қабыл алыңыздар

2-жүргізуші: Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.

2-жүргізуші:
Мерекеге толы күндеріміз таусылмасын, Тәуелсіз Қазақ елі жасай берсін! Келесі кездескенше аман – сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тарих пәнінен Желтоқсан тәуелсіздіктің бастауы!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Копирайтер

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 507 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.12.2015 1510
    • DOCX 49 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тукебаев Ердос Рахымжанович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тукебаев Ердос Рахымжанович
    Тукебаев Ердос Рахымжанович
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 20195
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История")

Учитель истории

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История и обществознание")

Учитель истории и обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 115 человек

Мини-курс

Состав и анализ финансовой отчетности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Волонтерство: сущность, мотивация, и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эмоциональная сфера детей: диагностика, особенности и регуляция

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек