Инфоурок Всеобщая история СтатьиТарих "сақ патшалығы . сақтардың тәуелсіздік үшін күресі" ашық сабақ /6 сынып/

Тарих "сақ патшалығы . сақтардың тәуелсіздік үшін күресі" ашық сабақ /6 сынып/

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Сақ патшалары. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

Сабақтың мақсаты: 

білімділік :Сақ қоғамындағы басқару ісі, қоғамдық құрылысының ерекшелігі мен сақтардың өз тәуелсіздігі үшін жүргізген соғыстары кезеңіндегі басты тарихи тұлғалар мен олардың ерліктері туралы білім беру;

дамытушылық: Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу және салыстырмалы талдау жасау дағдыларын дамыту;

тәрбиелік: Оқушыларды өз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге, өз елінің ұлтжанды  патриоты болуға баулу;

Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс сабағы

Сабақтың әдісі: СТО технологиясы

Көрнекілігі: видеопроектор, тарихи  тұлғалар суреті

Пәнаралық байланыс:  әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.       Сақтар.

Үй тапсырмасын  «Зымыран сұрақ» ойыны арқылы қорытындылау

  1. Тарих атасы кім? (Геродот)

  2. Сақ қоғамы неге табынды? (аруақтарға, отқа, жылқы мен күнге)

  3. Сақтардың  өмірінде қай түлік маңызды орын алды? (жылқы, қой)

  4.  «Сақ» сөзі парсы жазбаларында  қандай мағынаны білдіреді (құдіретті еркектер)

  5. Сақтардың негізгі баспанасы (күйме)

  6. Сақтардың үш әлемін атаңдар? (аспан, жер үсті, жер асты)

  7. Тиграхауда сақтары дегеніміз кімдер?

  8. Хаомаварга сақтары кімдер?

  9. Парадарайа сақтары дегеніміз кімдер?

  10. Сақ қоғамы (мүлік теңсіздігі)
    1-топ: жауынгерлер («ратайштар», «арбада тұрғандар» деп атаған) қызыл түсті киім киген.
    2-топ:абыздар (танымал белгісі – тостаған мен айрықша бас киімі болған) ақ түсті киім киген.
    3-топ: қауым мүшелері («сегізаяқтылар» деп атаған, бұл соқаға жегетін екі өгізі бар дегенді білдіреді) сары,көк түсті киім киген.
    Шаруашылығы:
    көшпелі мал шаруашылығы – жылқы өсірді.
    Жартылай мал шаруашылығы – балық аулады.
    Отырықшы мал шаруашылығы.
    Тілі: шығыс ирандық.
    Мәдениеті: «Аңдық стиль»; Зергерлік өнер; Ағаш бұйымдар;Метал өңдеу.
    Діні:
    Анимизм- негізгі ата-баба аруағына сыйыну.
    Тотемизм-мәйітті сақтау үшін бальзамдау,мумиялау.
    Магия- мәйіттерге қызыл бояу жағу, қабір басына от жағу.
    Сынып оқушыларын үш топқа бөлу:
    1 - топ: «Парадарайа» Ұраны: «Сақ атымыз жария. Көңіліміз дария»
    2 - топ: «Тиграхауда» Ұраны: «Шошақ бөрікті қазақпыз»
    3 - топ: «Хаомаварга» Ұраны: «Хаома сусынын дайындар,
    шөліңізді қандырар»

    Әр топтың үй тапсырмасы бойынша жасайтын жұмысы:

    Тапсырмалар:
    «Парадарайа» тобы - "Анықта"
    Сақтар ертедегі тарихи деректе қалай аталғандығын анықта
    Сақтардың қоғамында өмір сүрген адамдардың топтарын анықта
    Тайпа көсемінің атқарған қызметтерін анықта

    «Тиграхауда» тобы -"Деректермен жұмыс жаса"
    Геродот сақтардың тұрмыс - тіршілігі туралы не деп жазды?
    Грек тарихшысы Ктесийдің дерегі бойынша сақ әйелдерін сипаттаңдар
    Рим тарихшысы Квинт Курций Руф сақтар туралы қандай дерек келтіреді?

    «Хауомаварга» тобы -"Картамен жұмыс жаса"
    Картаға сақтардың қоныстарын түсір
    Сақтардың қорғандарын картаға түсір
    Картадан сақтардың кен өндіру орындарын көрсет.



ІІІ. Жаңа сабақ. Сақ патшалары. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

Қызығушылықты ояту

  1. Сақтар туралы не білеміз?

Сақтар

  1. «Тәуелсіздік» ұғымын қалай түсінесіңдер?

Тәуелсіздік

  • Тәуелсіздік! Осы киелі ұғымды ата – бабаларымыз ғасырлар бойы, асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз. Елбасымыз Н.Назарбаев «Халық кешпейтін бір – ақ нәрсе бар: ол елдің басына зарықтырып бақ болып қонған бақыт құсы – Тәуелсіздіктен айырылғанды кешпейді» деп айтуы да бекерден – бекер емес

  • Тәуелсіздік жолында біздің аға – апаларымыз да өз өмірлерін құрбан етті. Олар кімдер? Білеміз бе? (Оқушылар пікірі тыңдалады) Олардың есімі алтын әріптермен жазылып, мәңгілік тарихта, біздің жадымызда қалмақ.

Осындай ержүрек, қайраткер, батыл қолбасшылар сақ тайпаларында болған.

Олар ел тәуелсіздігі үшін күрескен. Өз елінің тәуелсіздігін алу үшін елін, жерін, дұшпандарынан алып қалу үшін ерліктерін көрсете отырып, батыл да ержүрек атанған сақ көсемдері де болды.

Сақ қоғамында әйелдерді құрметтеп, қастерлеген, сыйлаған. Сақ әйелдері тайпа көсемдері де болып сайланған. Мысалы, сақтарды  жұбайының өлімінен кейін патшайым Томирис  басқарды.  Ежелгі деректердің бірінде сақтардың үйленуі туралы, «егер сақ жігіті қызға үйленгісі келсе, онымен әуелі күш сынасуы керек. Қыз еңсе, жігіт оның тұтқыны болып есептеледі. Тек жеңген жігіт оған өз билігін жүргізе алады» деп жазылған

Қосымша деректер.
Бірінші «Алтын киімді адам» Есік қорғанынан табылған.Б.з.б. ІV ғасыр жәдігері.Зерттеуші археолог-ғалым Кемал Ақышев.
«Алтын киімді адам» сақ елінде өз заманына сай өркениеттің болғандығын дәлелдейді.Қазіргі таңда бұл бейне Қазақстанның егемендігінің рәмізіне айналып, Республика алаңында ұлттығымызды асқақтатып тұр.Ал сақ жауынгерінің бөркінде бейнеленген қанатты тұлпар елтаңбадан орын тапқан.
Екінші «Алтын киімді адам» 1999 жылы Атырау өңіріндегі Аралтөбе қорғанынан табылды.Б.д.д. ІІІ Ғ. жәдігері деп шамаланған бұл «Алтын адам» ғалымдардың айтуынша, сарматтырдың көсемі.Оған дәлел – көсемнің өзімен бірге жерленген болат семсері.Аралтөбедегі «Алтын адамды» тапқан белгілі археолог-ғалым Зейнолла Самашев.Үшінші «Алтын киімді адам» 2003 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шілікті жазығындағы көне қорғаннан табылды.Бұл жәдігерді тапқан археологиялық экспедицияның жетекшісі,археолог-ғалым Әбдеш Төлеубаев.

Сақ қоғамы топтарының атын жаз,сол топ өкілдерінің киімінің түсі қандай болғанын көрсет.



ІІ. Мағынаны ашу. Мәтінмен жұмыс. ЖИГСО

І – топ Сақтардағы басқару ісі

ІІ-топ. Сақ патшалары

ІІІ-топ. Парсылармен соғыс

«Түртіп алу» стратегиясы (тақырып ішінде кездескен сөздер)

Томирис – сақ патшайымы

І Дарий – парсы патшасы

Спаргапис – Томиристің ұлы

Ескендір Зұлқарнайын – ұлы грек қолбасшысы

Шырақ  – сақ бақташысы

Гобри –  парсылардың қарт қолбасшысы

Кир – парсы патшасы

ІІІ. Шығармашылықпен жұмыс

І  топ. Ерлік туралы мақал – мәтел

ІІ топ. Тәуелсіздік туралы өлеңді мәнерлеп оқу

ІІІ топ. «Отан» сөзіне  СИНКВЕЙН (бес жолды өлең)

ІҮ. Тест тапсырмасы

  1. Тарих атасы Геродот сақтарды қалай атады?

А)  исседондар                ә) скифтер                  б) дайлар

  1. Сақ дәуірінің соңына қарай сақтардың антропологиялық бейнесі қай нәсілге ұқсас болды?

А) негроидтық                                   ә) европеоидтық                    б) монголоидтық

  1. Сақ заманының тұрмыстық заттары, ыдыстары мен бұйымдары  қандай  стильмен өрнектелген?

А) полихромдық стиль                     ә) аң стилі                              б) жануарлар стилі

  1. Сақ жауынгері киімінің түсі?

А) ақ                           ә)  көк                         б)  қызыл

  1. Сақ – скиф жеріне басып кірген грек-македон әскерінің қолбасшысы?

А) Дарий                                ә) Гобри                                 б) Ескендір Зұлқарнайын

  1. Сақ абыздары киімінің түсі?

А) қызыл                                ә)  ақ                                       б)  сары

  1. Шөл далада парсы әскерлерін адастырып, қырғынға ұшыратқан сақ малшысы кім?

А)  Шырақ                             ә) Гобри                                 б) Пероз

  1. Б.з.б. қай жылы сақ жеріне Кир бастаған парсы әскерлері басып кірді?

А) Б.з.б. 530 ж                                   ә) Б.з.б. 519 ж                        б) Б.з.б. 529 ж

  1. Томирис патшайым өмір сүрген жылдары?

А) Б.з.б. 530 -515ж.ж.                       ә) Б.з.б. 570 -520 ж.ж.                       б)Б.з.б.520-509ж.ж.

  1. «Ескендір поэмасын кім жазды?

А) А. Құнанбаев                    ә) М. Әуезов                         б)  Ш. Құдайбердіұлы

Қорытынды:

Тәуелсіздік үшін мың өліп, мың тірілген қазақ елі, гүлденіп мәңгі жасай бермек. Тәуелсіздігімізді алтынымыздай ардақтап, асылымыздай бағалайық, қымбатымыздай құрметтей білейік

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма. «Жұмыс дәптеріндегі» 22 бетіндегі тапсырмаларды орындау.»Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым»  атты эссе жазу.


Ұстаздың басты мақсаты - оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру.Әртүрлі тапсырмаларды, ойын элементтерін,әдістемелік құралдарды пайдалана отырып сабақтың сапасын көтеруге болады.Сондықтан осы сабағымды өткізу барысында шағын жинақты мектептің 5,6- сыныптарында мазмұны ұқсас тақырыптарды кіріктіре оқыту (Г.Қ.самағұлова,Б.Қ.Тұрмашева,Ж.И.Аяпова,А.О.Қайбалдина,Ж.Көбенов) әдістемелік құралын және 6 сынып ежелгі Қазақстан тарихы оқушының жұмыс дәптерін (Герке С.Ф.,Дюжикова М.А.,Изверова А.Г.) пайдаландым.

Тақырыбы:Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі.

Мақсаттары:
1.Білімділік:Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі туралы мағұлмат беру.
2.Дамытушылық:Оқиғаларға өздігінен талдай жасау білуге үйрете отырып, оқушылардың өзіндік ой-пікірін,көзқарасын қалыптастыру.
3.Тәрбиелік: Сақ тайпаларының жауынгерлерінің ерлігімен таныстыру арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, пікірталас, тест жұмыстары
Көрнекілігі:. Алтын адам картинасы, слайд,тәуелсіздік монументі, карта.
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Үй тапсырмасын сұрау кезеңі:
а)Сұрақ-жауап.
3.Жаңа тақырып
Кіріспе бөлім.
Мұғалім сабақты оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында «Томирис» (А.Дүзелхановтың картинасы) «Алтын адам» картиналарымен жұмыс жасаудан бастайды.


Қосымша деректер.
Бірінші «Алтын киімді адам» Есік қорғанынан табылған.Б.з.б. ІV ғасыр жәдігері.Зерттеуші археолог-ғалым Кемал Ақышев.
«Алтын киімді адам» сақ елінде өз заманына сай өркениеттің болғандығын дәлелдейді.Қазіргі таңда бұл бейне Қазақстанның егемендігінің рәмізіне айналып, Республика алаңында ұлттығымызды асқақтатып тұр.Ал сақ жауынгерінің бөркінде бейнеленген қанатты тұлпар елтаңбадан орын тапқан.
Екінші «Алтын киімді адам» 1999 жылы Атырау өңіріндегі Аралтөбе қорғанынан табылды.Б.д.д. ІІІ Ғ. жәдігері деп шамаланған бұл «Алтын адам» ғалымдардың айтуынша, сарматтырдың көсемі.Оған дәлел – көсемнің өзімен бірге жерленген болат семсері.Аралтөбедегі «Алтын адамды» тапқан белгілі археолог-ғалым Зейнолла Самашев.Үшінші «Алтын киімді адам» 2003 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шілікті жазығындағы көне қорғаннан табылды.Бұл жәдігерді тапқан археологиялық экспедицияның жетекшісі,археолог-ғалым Әбдеш Төлеубаев.

Сақ қоғамы топтарының атын жаз,сол топ өкілдерінің киімінің түсі қандай болғанын көрсет.



Сақ қоғамы (мүлік теңсіздігі)
1-топ: жауынгерлер («ратайштар», «арбада тұрғандар» деп атаған) қызыл түсті киім киген.
2-топ:абыздар (танымал белгісі – тостаған мен айрықша бас киімі болған) ақ түсті киім киген.
3-топ: қауым мүшелері («сегізаяқтылар» деп атаған, бұл соқаға жегетін екі өгізі бар дегенді білдіреді) сары,көк түсті киім киген.
Шаруашылығы:
көшпелі мал шаруашылығы – жылқы өсірді.
Жартылай мал шаруашылығы – балық аулады.
Отырықшы мал шаруашылығы.
Тілі: шығыс ирандық.
Мәдениеті: «Аңдық стиль»; Зергерлік өнер; Ағаш бұйымдар;Метал өңдеу.
Діні:
Анимизм- негізгі ата-баба аруағына сыйыну.
Тотемизм-мәйітті сақтау үшін бальзамдау,мумиялау.
Магия- мәйіттерге қызыл бояу жағу, қабір басына от жағу.

Негізгі бөлім.
1.Кир әскерінің басы кіруі
2.Шырақтың ерлігі
3.Александр Македонскийдің сақ еліне жорығы.

«Тарих шашырандысы» жұмбағын шеш.


Сараптау бөлімі.
1-тапсырма.Оқулықтан сақтардың жауынгер халық екендігін білдіретін сөйлемді тауып, оқу.
2-тапсырма.
Не таңқалдырды ? Неге?
Томиристің Кирдің басын кесіп алып,қан толы торсыққа батырып «Сусының қанғанша іш» дегені 1.Әйел бола тұрса да,баласы үшін кек алуы.
2.Әйел ананың осындай іске баруы.



3-тапсырма.Картамен жұмыс.
Александр Македонский жорығын картадан көрсету.

4- тапсырма.
Кестені толтыр.

№ Не болды деп ойлайсың? Қандай дәлелің бар? Не болады?
1 Томириске келіп елші хабарды айтады.Томирис келіспеуі мүмкін. Кирге сақтардың жері керек екенін түсінеді
Себебі:Томиристің өзі патшайым. Кирдің ашулануы мүмкін.Қайта елші жібереді.Не болмаса соғыс ашам деп қорқытуы мүмкін.
2 Үлкен әскермен келу Сақтардың жауынгер халық екенін біледі. Сақтар жеңеді.

5-тапсырма.
«Тарихи бас қатыру» ойыны.
Шарты:Төменде тарихи тұлғалардың аты-жөні келтірілген.Онда әріптер тәртібі бұзылған.Сонымен бірге әрбір сөзде басы артық әріп бар.Берілген адамдардың атына сәйкес әріптердің дұрыс тәртібін қалпына келтіру талап етіледі, ал артық әріпті оң жақтағы қатарға орналастыру керек, дұрыс орындалған тапсырма тігінен оқығанда таңы бір тарихи адамның есімін оқуға мүмкіндік береді.

Ш - ИРКШ - КИР
Ы- ИСИРМТОЫ – ТОМИРИС
Р – ПАСПАРГИСР - СПАРГАПИС
А- АИРИАД - Дарий.
Қ-ҚРДАЛЕНАСК – Александр

Сақ патшалығы. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

Жарияланды 2-04-2015, 21:50 Категориясы: Тарих 

Сақ патшалығы. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Мақсаты:
Білімділік:Сақ тайпаларының ел қорғаудағы ерліктері туралы толық түсінік беру.
Дамытушылық:Оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз бетінше жұмыс жасауына, шығармашылықпен айналысуына ықпал жасау, бағыт - бағдар беру.
Тәрбиелік:Жерін, елін қорғаған ержүрек сақ тайпаларының ерлігіне оқушылардың көңілін аудара отырып, олардың бойында патриоттық сезім қалыптастырып, ұлтжандылыққа баулу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: топтық, «Мұғалім - оқушы» ойыны, басқатырғыш, «Тұлғаны таны»
Көрнекілігі: Карта, Алтын адамның суреті, тапсырмалар жазылған парақтар, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты түгендеу, сабаққа назар аударту
ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс.
Сынып оқушыларын үш топқа бөлу:
1 - топ: «Парадарайа» Ұраны: «Сақ атымыз жария. Көңіліміз дария»
2 - топ: «Тиграхауда» Ұраны: «Шошақ бөрікті қазақпыз»
3 - топ: «Хаомаварга» Ұраны: «Хаома сусынын дайындар,
шөліңізді қандырар»

Әр топтың үй тапсырмасы бойынша жасайтын жұмысы:

Тапсырмалар:
«Парадарайа» тобы - "Анықта"
Сақтар ертедегі тарихи деректе қалай аталғандығын анықта
Сақтардың қоғамында өмір сүрген адамдардың топтарын анықта
Тайпа көсемінің атқарған қызметтерін анықта

«Тиграхауда» тобы -"Деректермен жұмыс жаса"
Геродот сақтардың тұрмыс - тіршілігі туралы не деп жазды?
Грек тарихшысы Ктесийдің дерегі бойынша сақ әйелдерін сипаттаңдар
Рим тарихшысы Квинт Курций Руф сақтар туралы қандай дерек келтіреді?

«Хауомаварга» тобы -"Картамен жұмыс жаса"
Картаға сақтардың қоныстарын түсір
Сақтардың қорғандарын картаға түсір
Картадан сақтардың кен өндіру орындарын көрсет.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Шабуылдар: 1. Б. з. б 522 ж Кир
2. Б. з. б 518 ж І Дарий
3. Б. з. б ІVғ А. Македонский

Б. з. б VІІІ - VІІ ғасырларда сақ тайпалары Ассириямен, Мидиямен қарым - қатынас жасады. Көрші парсы мемлекетімен соғыс одағын құрды. Парсы патшасы Кир бұл одақты місе тұтпай, сақтарды жаулап алуға бірнеше рет жорық жасады. Бірақ, нәтижесінде парсы әскерлері жеңіліп, Кир патша соғыста қаза табады.
Кирдің жеңілісінен кейін 11 жылдан соң І Дарий қалың қолды бастап, сақтарға аттанады. Грек тарихшысы Полиеннің суреттеп жазуы бойынша сақ жылқышысы Шырақ парсыларды алдап, сусыз шөлге апарады. Парсы әскерлері шөлден қырылады. Шырақ парсылардан осылай кек алады.
Алайда, ұзақ жылғы соғыстан кейін сақтар парсыларға тәуелді болып, оларға алым - салық төлеп тұрады.
Б. з. б ІV ғ сақ жеріне тағы бір қауіп төнеді. А. Македонский Орта Азияға басып кіріп, Самарқанды жаулап алады. Македонскийдің бұл соғысы сәтсіз аяқталады. сақ тайпалары сырттан келген жауларына күш біріктіре отырып, қарсы күресіп, өз жерлерін, тәуелсіздігін қорғап қалды.

«Мұғалім - оқушы» ойыны
Шарты:
1. 3 топтан әрбір оқушы тапсырма алады. Тақырыбы бойынша материалды пысықтап шағын әңгіме жазады. Дайындауға10 минут
2. Дайындалған соң оқушы әңгімені пайдалана отырып, жұптасып өзі меңгергенін серігіне айтып береді, яғни, «мұғалім» рөлінде болады, ал «оқушы» оны тыңдайды.
3. Енді рөлдермен ауысады.
4. Тапсырмалары бар парақтар таратылады. Оқушылар тыңдаған материалы бойынша тапсырмалар орындайды.
5. Бірін - бірі тексереді.(парақшаларға жазылған сұрақтар таратылады)
І нұсқа:
1. Кирдің Томириске жазған хаты туралы не түсіндің?
2. Кир сақ жауынгерлерін қалай тұтқынға алды?
3. Томирис Кирге қандай хат жолдады?
4. Томиристің баласы Спаргапис қандай қателік жіберді және ол неге өзіне - өзі қару жұмсады?

ІІ нұсқа:
1. І Дарий сақ еліне қай жылы соғыс ашты?
2. Елінің тәуелсіздігі үшін Шырақ қандай ерлік көрсетті?
3. А. Македонский сақ еліне жорығы қалай аяқталды?
4. Кир, І Дарий сияқты парсы патшаларының сақтарды жеңе алмау себебі неде деп ойлайсың?

ІV. Сабақты бекіту
"Басқатырғы" ойыны
«Парадарайа» тобына - НЫАНҰҚРЛЗЙА
«Тиграхауда» тобына - РПГАСПАСИ
«Хауомаварга» тобына - МОИСТИР
Тұлғаны таны
Бұл кім, білесің бе? Өзің оның орнында болсаң не істер едің?
Ертедегі грек тарихшысының айтуынша ол өзін ел тәуелсіздігі жолында құрбандыққа шалған, парсы әскерлерін сусыз шөлге апарып, адастырып, жарты әскеріне ажал құштырған.
Бұл кім, білесің бе?
Ол Кирдің денесін таптырып алып, қан толтырған торсыққа салып тұрып не деді?
Бұл кім, білесің бе?(Алтын адамның суреті көрсетіледі) Ол табылған қорған туралы не білесің?
V. Қорытынды
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма: Рөлдерді бөліп алып, шағын көрініс шығару

Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

1. Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін толықтыру, тәуелсіздік үшін сақтардың парсыларға, гректерге қасы күресі туралы әңгімелей отырып, олардың ерлігін ашып көрсету.
2. Дамытушылық: Оқушының ой - өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін ашатын сұрақтар қою және сұрақ - жауап әдісі бойынша сабақтың тақырыбына сай білімін толықтыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларға сақ патшаларының ерлігін үлгі етіп, оқушылар бойында батылдық, ерлік туралы ой тудыру

Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, карта.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, ойды жинақтау, талдау, сұрақ - жауап, жүйелеу.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Түгендеу.
3. Сабаққа даярлығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша білім - білік дағдысын тексеру:
Сөзжұмбақ «Сақтар»
1. Геродот Қазақстанның ежелгі тұрғындарын қалай атаған?
2. Сақтардың негізгі шаруашылығы қандай шаруашылық болған?
3. Сақтардың өмірінде көлік ретінде маңызды орын алған төрт түлік?
4. Шөлді және шөлейт жерлерде қандай мал асыраған?
5. Парсылар Жетісуды мекендеген сақтарды қалай атаған?
6. Шірік - Рабат қонысы қазіргі қай облыста орналасқан?

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау мақсатында:
Ресбус «Геродот»
ІV. Жаңа сабаққа кіріспе:
“Сақтар дұшпанға - қатал, досқа – адал” Геродот.

V. Жаңа сабақты түсіндіру:
Тақырыптың негізгі мазмұнының жоспары:
1. Кир әскерінің басып кіруі.
2. Шырақтың ерлігі.
3. Александр Македонскийдің сақ еліне жорығы

Б. з. б. 530 ж. сақ жеріне Кир бастаған парсы әскерлері басып кірді. Бұл кезде сақтардың билеушісі ТОМИРИС еді
“Әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ”
Рим тарихшысы Помпей Торг
Геродоттың сипаттауынша,“Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе - жекке шығып, қылыш және найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өлтіріледі”
Кир қайтыс болғаннан кейін 11 жыл өткен соң б. з. б 519 ж. парсылар қайта шабуыл жасайды. Бұл жорықты ДАРИЙ патша басқарады
“Мен әскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым” деген Дарийдің сөдері Бехистун жазбаларында айтылады.
“Шырақ есімді бір сақ, өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген етіп көрсетеді. Парсы әскерлерін оларға баста барамын деп алдап, адастырып, сусыз шөлге апарады. Парсының шапқыншы әскерлері шөлден қырылады”грек тарихшысы Полиэн
Б. з. б. 490 ж. Марафон шайқасында парсы әскерінің құрамында гректерге қарсы сақ жауынгерлері соғысты
Б. з. б ІV ғасырда гректер сақ жеріне қауіп төндірді.
“Қолбасшы Александр Македонский Сырдариядан жүзіп өтіп, сақтарға шабуыл жасады” Грек тарихшысы Арриан

VІ. Бекіту:
Суреттер сөйлейді
1. Ежелгі грек тарихшысы, ол сақтардың жауынгершілігі туралы былай деп жазған: “Еуропалық патшалықтар түгілі Азияның өзінде сақтарға қарсы келетін бірде - бір халық болған жоқ”. Геродот
2. Б. з. б. 519 - 518 жылдары сақ жеріне жойқын жорығын бастаған патша. Дарий
3. Парсылар патшасы державасының негізін қалаған Камбистің ұлы Кир патшаны өлтірген қолбасшы, тұңғыш әйел. Томирис
4. Б. з. б. IV ғасырдың 30 – жылдары грек - макендондықтар осы адамның бастауымен сақ - скиф жеріне басып кіреді. Ол адам кім? А. Македонский

Сәйкестірілмелі тест
1. Кирге қарсы күресті бастаған сақ патшасы.------Томирис;
2. Өз елі үшін жанын пида еткен бақташы.---------Шырақ;
3. Сақ патшайымы Томиристің ұлы.-----------------Спаргапис;
4. Б. з. б. 530 ж. сақ жеріне басып кірген парсы патшасы.-----Кир;
5. Шырақтың ерлігін суреттеген грек тарихшысы.--------Полиэн;
6. Б. з. б. IV ғ. Сақ жеріне қауіп төндірген.-------Гректер;
7. Б. з. б. 519 ж. сақ жеріне басып кірген парсы патшасы.-----Дарий;

VІІ. Қорытындылау:
Авторлар Деректер көзі
Помпей Торг “Әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ.”

Полиэн “шырақ есімді сақ бақташысы, өзін сақ көсемдерінен жәбір көргенін айтып, парсы әскерін оларға бастап баратынын айтып, алдап, адастырып кетеді.”
Арриан “Қолбасшы Александр Македонский Сырдариядан жүзіп өтіп, сақтарға шабуыл жасады”
Гродот “Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе - жекке шығып, қылыш және найзамен соғысады”
VІІІ. Үйге тапсырма:
14. оқып, мазмұндау. Жұмыс дәптерін толтыру.

абақтың түрі: Білім - білік дағдыларын қалыптастыратын аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, топпен жұмыс, шығармашылық ізденіс
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, тірек сызбалар, кубик, слайд, электронды оқулық пайдалану.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
• Оқушылармен амандасу, оқу - құралын тексеру
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Сынып үш топқа бөлінеді. Кубизм әдісі пайдаланылады. Кубиктің алты қыры бар. Кубизм тақырыпты жан - жақты қамтуға мүмкіндік беретін оқыту стратегиясы. Оқушылар кубикті лақтырып қай топқа баратындығын анықтайды.
Ассоциациялық аймақ құру.
Сақ сөзін естігенде ойларыңа не келді?
Электронды тақтаны пайдаланып, тақтаға жазу
Сақ
"Алтын адам", Аргипйлер, скифтер, исседондар, дайлар, парадарайа, тиграхауда, хаумаварга

Кубизм. Кубик лақтырып әр қабырғасының тапсырмасын орындайды.
1 - қабырғасы. Суреттеңіз. Сақ қоғамын
2 - қабырғасы. Салыстырыңыз. Абыздар мен қарапайым халықты салыстыр
3 - қабырғасы. Зерттеңіз. Мидиялықтардың өз ұлдарын сақ сарбазының тәрбие беру себебін
4 - қабырғасы. Қолданыңыз. Сақ қоғамында өмір сүрген адамдардың үш тобын жаз.( Оқушылар шеңбер ішіне жазады)
Абыздар, Жауынгерлер, Малшылар мен егіншілер
5 - қабырғасы. Бұл туралы ойлағанда көзіңізге не елестейді?
"Садақшылардың тартқан жебелері 900 қадамға дейін жетеді..."
6 - қабырғасы. Қолданыңыз не қарсы шығыңыз.
"Егер сақ жігіті бір қызға үйленгісі келсе, онымен әуелі күш сынасуы керек. Қыз жеңсе, жігіт оның тұтқыны болып есептеліп, оған толық тәуелді болады. Тек жеңген жігіт қана өз билігін жүргізе алады.

ІІІ Үй тапсырмасын пысықтау "Венн диаграммасы.
Сақтар
● Жауынгер, Шабандоз, Мерген, Садақшы
● Қарапайым халық. Абыздарға тәуелді. Кәсіп иелері. Егін екті мал бақты.
Ру басшысын сайлады
● Ру басшысы. Тайпа көсемі сайланды. Мол байлық иесі. Қолбасшы. Келіссөз жүргізуші. Жер бөлуші
Мұғалім оқушылардың жауаптарын толықтырып қорытынды жасайды.

ІҮ Жаңа сабақты баяндау
Жоспары:
1 Кир әскерінің басып кіруі
2 Шырақтың ерлігі
3 А. Македонскийдің сақ еліне жорығы
Оқушылар, электрондық тақтаға назар аударып, сақтардың жорықтарын электронды нұсқада көрейік. Осы тақырып жөнінде не білетінін, не білгісі келетінін алдындағы дайын парақшаға толтырады.
Жаңа сабақты оқушылар берілген мәтіннен (деңгейлік тапсырма) оқиды. Жаңа сабақты оқып болғаннан кейін топ бір - бірімен жаңа алған ұғымдары жөнінде пікірлеседі. Осыдан кейін әр топ топ аралық араласып, өз тобындағы мәліметтерімен бөліседі де, іштерінен бір лидері шығып, жаңа тақырып жөнінде мәлімет береді.
1. Деңгей
Ежелгі заман тарихшыларының деректеріне қарағанда сақ тайпалары өз атырабындағы мәдениетті елдермен Ассириямен, Мидиямен қарым - қатынас жасап отырған. Ал көршілес жатқан Парсы мемлекетімен, тіпті соғыс одағында құрған. Дегенменде Парсы патшасы Кир бұл одақты місе тұтпай сақ - массагеттерді кіріптарлыққа түсіру үшін, оларға бірнеше рет жаулап алу жорығын жасаған. Рим тарихшысы Помпей Трог Кир бастаған парсы әскерлері б. з. б. 530 жылы сақ жеріне басып кірді. Бұл кезде сақтардың билеушісі Томирис еді. Кир әскерлерімен Сырдарияға дейін келіп, өз елшілерін Томириске жібереді. Бірақ Томирис "әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ" деп жазған.
2. Деңгей
Сақ патшайымы Томирис келіссөз жүргізуден бас тартады. Парсы патшасы Кир сақтарға қарсы шабуылға шығады. Өз жерінде соғысуға қолайлы деп есептеп, Томирис парсылардың судан өтуіне әдейі мүмкіндік береді. Кир әскерін өзеннен өткізіп, бәршама жер жүргеннен кейін қостарын тікті. Келесі күні ол кулық ойлайды, әдейі қорыққан болып, лагерін тастап, қаша бастаған сыңай танытты. Патшайымның баласы Спаргапис жаудың соңынан қуып, тәжірбиесіз жас болғандықтан, торуылға түсіп қалды. Баласының қайтыс болғанын естіп, Томирис көп әскерімен Кирге қарсы аттанады.
3. Деңгей
Геродоттың сипаттауынша, "Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе - жекке шығып, қылыш және найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өлтіріледі."
4. Деңгей
Кир қайтыс болғаннан кейін 11 жыл өткен соң б. з. б. 519 жылы парсылар сақтарға қарсы қайта шабуыл жасайды. Бұл жорықты І Дарий патша басқарады. "Мен әскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым" деген І Дарийдің сөздері Бехистун жазбаларында айтылады. Сақтарды Скунха атты көсем басқарады. Скунха соғыста жеңіліп, парсы әскері Сырдариядан өтеді.
5. Деңгей
Осы соғыстағы таңғажайып оқиғалардың бірін ежелгі грек тарихшысы Полиэн былай деп суреттейді: "Шырақ есімді бір сақ өзінің денесін пышақпен өзі жаралап, парсыларға қашып барып, өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген етіп көрсетеді. Парсы әскерлерін оларға бастап барамын деп алдап, адастырып, сусыз жерге апарады. Парсының шапқыншы әскерлері шөлдеп қырылады. Ақырында Шырақ оларға: Мен сендерді адастырып, қырғынға ұшыраттым, елімді аман алып қалдым, мен дегеніме жеттім. Енді қолдарыңнан келгендеріңді істей беріңдер" деп, ерлік көрсетіп, парсылардан осылай кек алды. І Дарий көптеген әскерлерінен айырылып, одан әрі соғыса алмай Персияға қайтуға мәжбүр болды. Шырақ сияқты жауынгердің арқасында сақтар өз тәуелсіздігін сақтап қалды.
6. Деңгей
Б. з. б. 4ғасырдың 30 - жылдары гректер сақ жеріне қауіп төндірді. Александр Македонский ( Ескендір Зұлқарнайын) бастаған грек әскерлері Орта Азияға басып кіріп, Сырдария өңіріне қарай аттанады. "Жеңілмейтін әскер" атанып келген Александрдың қалың қолына сақ тайпалары қарсы тұрып, олардың алға жылжуына кедергі жасаған. Грек - македон басқыншыларына қарсы күресті Спитамен атты сақ басқарды. Ол Македон әскеріне 3 жыл бойы қарсы партизан соғысын жүргізді. Ежелгі грек тарихшысы Арриан қолбасшы Александр Македонскийдің Сырдариядан жүзіп өтіп, сақтарға қалай шабуыл жасағаны туралы жазады. Күннің ыстығы, сақтардың жиі - жиі қолайсыз шабуылдары мен соғысу тактикасы гректерді әбден әлсіретті.
Сөйтіп, Александр Македонскийдің Сырдарияның арғы жағын мекендейтін сақ тайпаларын бағындыру үшін жасаған жорығы сәтсіз аяқталады. Сақтар оның Шығысқа қарай жүретін жолын бөгеп тастады.
Үш топқа тапсырма беріледі.
І топқа
Сызбаны толтыру.
Б. з. б ҮІІ - ІҮ ғасырларда
Сақ тайпаларының қарым - қатынас жасаған елдері
♦ Ассириямен
♦ Мидиямен
♦ Парсылармен


Конспект

Б.з.б. 530 жылы Кир бастаған парсы әскері Сырдарияға дейін келіп, сақтармен соғысты. Томирис патшайымның баласы Спаргапис парсылардың торына түсіп, қаза табады.

 

Геродот өз жазбаларында сақтардың парсылармен соғысы туралы баяндайды:

 

Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе-жекке шығып, қылыш және найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өлтіріледі”.

 

Кир қайтыс болғаннан кейін 11 жыл өткен соң парсылар сақтарға қайта шабуылдады. Бұл жорықты Дарий патша басқарған. “Мен әскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым” деген Дарийдің сөздері Бехистун жазбаларында жазылған.

 

Б.з.б.519 жылы Дарий бастаған парсылар сақ жеріне шабуылдады.Cақтардың көсемі Скунха жеңіліп, парсы әскері Сырдариядан өтеді.

 

Грек тарихшысы Полиэн: “Шырақ есімді сақ денесін өзі жаралап, парсыларға қашып барып, өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген етіп көрсетеді. Парсы әскерлерін алдап, шөлге апарып қырады”деп жазған.

 

Дарий көп әскерінен айырылып, Персияға қайтуға мәжбүр болды. Шырақтың ерлігі арқасында сақтар өз тәуелсіздігін сақтап қалды.

 

Парсы патшасы Кирмен келіссөз жүргізуден бас тартқан Томирис (б.з.б.570-520ж.ж) парсылармен соғысады. “Әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ . Томирис көп әскермен Кирге қарсы аттанып, 200 мың парсыны жойып жібереді”-деп жазды Помпей Трог.

 

Б.з.б.4 ғасырда Александр Македонский (Ескендір Зұлқарнайын) бастаған гректер Орта Азияға басып кіріп, Сырдарияға аттанды. Ежелгі грек тарихшысы Арриан А.Македонскийдің Сырдариядан жүзіп өтіп, сақтармен соғысқанын жазған.

 

Сақ батыры Cпитамен 3 жыл бойы партизан соғысын жүргізіп, грек гарнизоны орналасқан Маракананы (Самарқан) қоршауға алды. Сақтар А. Македонскийдің ірі әскери бөлімін қоршауға алып, түгел қырып салды. “Скифтер мен Спитаменнің атты әскері оларды қоршауға алды да, садақпен атып, түгел қырып салды”- деп жазады Арриан. Кейбір деректерде осы соғыста Александрға сақ сарбазының жебесі тиіп, санынан жараланды деп көрсетеді. Cақтар гректердің Шығысқа жүретін жолын бөгеп тастады.

 

Б.з.б.490 жылы Марафон шайқасында сақтар парсылардың құрамында болып, гректерге қарсы соғысты. Сақтар парсылармен бірігіп, Египеттегі және Грекиядағы соғыстарға қатысқан.

Конспект сұрақтар

  1. Кир қайтыс болғаннан кейін парсылар сақтарға қанша жылдан кейін қайтадан шабуыл жасады:

  2. А. Македонский сақтармен соғысты:

  3. Бехистун жазбаларындағы дерек:

  4. Грек-македон басқыншыларына қарсы күресті бастаған сақ батыры:

  5. Дарийдің əскерін шөл далаға апарып қырған сақ малшысы:

  6. Марафон шайқасында сақтар бірігіп соғысты:

  7. Парсы патшасы Дарийдің сақтарға шабуылдаған жылы:

  8. Парсылармен соғыста қаза тапқан Томиристің баласы:

  9. Сақ патшайымы Томирис туралы “әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ” деп жазған Рим тарихшысы:

  10. Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе-жекке шықты” деп жазған тарихшы:

«Дінтану негіздері» пәнінде диалогтік оқыту Шебер сынып

 

  • 27 қараша 2015

 

  • 49

 

  • 0

  • 0

Алматы облысы, Іле ауданы, №16 мектептің 
тарих пәні мұғалімі
 Еркебаева Гүльзира Мирзатайқызы
Тақырыбы:
«Дінтану негіздері»пәнінде диалогтік оқытудың тиімділігі. Шебер сынып.
Мақсаты:
1. Мұғалімдерге Дінтану пәнінде диалогтік оқыту, әңгіменің түрлері мен сұрақтың түрлері жайлы түсінік қалыптастыру.
2. Сабақ үрдісіндегі диалогтік оқытудың маңызын түсіндіру.
3. Жоғары дәрежелі сұрақтарды құрастыру дағдыларын жетілдіру. Мұғалімдерге сабақ барысында диалогтік ұтымды пайдалануды үйрету.
Түйінді идея: Диалогтың маңызын ашу, сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді енгізу. Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады. Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады.
Сабақта қолданатын материалдар:
АКТ, Үлестірмелі материалдар, постер, маркерлер, түрлі - түсті стикерлер.
Шебер сынып: Топпен, жұппен, жалпы ұжыммен жұмыс, көру және есту арқылы сын тұрғысынан ойлау әдістері, интербелсенді әдістер, рефлексия
Тапсырмалар: ой қозғау, сұрақ құрау, постер қорғау, ашық сұрақ құрастыру, бағалау, рефлексия.
Шеберлік сыныбының жүргізілуі:
Сәлеметсіздер ме Құрметті әріптестер!
Мен сіздермен кездесіп, бірлесе жұмыс жасайтыныма қуаныштымын. Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу 2 мин
Көңіл - күй тудыру.
“Көңіл - күй ” суреті атты жаттығу. Адамның қарым – қатынасы оның көңіл - күйінен білінеді, көңіл - күй адамның ішкі дүниесінің құбылысы. Олай болса, көңіл - күйімізді біліп алайық: тақтадағы гүлге назар аударсақ. Сендер әрбір үйдің гүлсіңдер. Енді осы гүлге көбелек қондыруымыз керек.. Мына қағаздан қиылған көбелекке өз көңіл - күйімізді жазып тақтадағы гүлге қондырамыз. Гүлдің бетіндегі көңіл күйлерің өте жақсы екен. Мен сабырлылықты, жылылықты, көңілдеріңнің күндей екенін көріп тұрмын. Көңілді адамдардың бет - әлпеті сұлуланып, нұрлана түседі. Көңіл - күй адамға қанат бітіреді.

Сабақтың мақсатын анықтау.
• «Бүгінгі шебер сыныптан не күтесіз?» - деп сұрақ қоямын.
Бүгін біз сіздермен осы шебер сынып барысында Дінтану негіздері пәні сабағында диалогтік оқыту туралы, әңгіменің және сұрақтың түрлері туралы мағлұмат алып, жоғары дәрежелі сұрақтарды құрастырып үйренетін боламыз.
Ой қозғау:
1) Диалог дегеніміз не?
2) Диалогтік оқыту дегенді қалай түсінесіздер?
3) Әңгіме дегеніміз не?
4) Сұрақты қалай қою керек?
5) Сұрақтың қандай түрлері бар?
Жауаптар:
1. Диалог – екі не бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы берілетін ауызекі тілдегі ерекше форма.
Диалогтік әңгіме – белгілі бір тақырыпқа бағытталған диалог жүргізуге негізделген вербалды - коммуникативтік әдіс. Диалог барысында идеялар екі бағытта жүріп, оқушының қарқынды білім алуына септігін тигізеді. Диалог барысында оқушылар (сондай - ақ олардың мұғалімдері) тең құқылы серіктестер болып табылады. Олар бар күштерін келісілген нәтиже алуға жұмсайды және Мерсер (2000) айтқандай, бірлескен білім алу немесе «пікір алмасу» үдерісіне тартылады.
2. Диалогтік оқыту - мұғалімнің оқу материалын оқушыларға түсіндіріп, оқушылардың сол оқу материалын меңгеруі мақсатында оқу материалын дайындаудың және баяндаушы әңгіме жүргізудің нақтылы реттеуші ережелерін ескере отырып құрылған оқыту мен оқу тәсілі. Оқушыларды мәселені (проблеманы) анықтап, оны шешуге итермелейді және олардың оқудағы іс - әрекеттерін белсенді етуді көздейді.
3. Әңгіме - оқушылардың ой әрекетін жандандыру мақсатында қолданылатын оқыту тәсілдерінің бірі; әңгімелесу үдерісінде оқушылар мұғалім қойған және құрдастарында пайда болған сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа білім алады, бар білімдерін қайталап, бекітеді.
4. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Сондықтан сұрақ қою кезінде мұғалім оқушының жаттанды жауап бермей, ойланып, өз ойын қоса отырып, жауап беретіндей етіп қойғаны дұрыс.
5. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер сұрақтың екі түрін: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтарды кеңінен қолданады. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және басқаға бағыттау сияқты әр түрлі тәсілдерін пайдалануға болады. Құрастырған суреттері бойынша топ мүшелері өз ойларын айтады.

Топтарға ситуациялық тапсырмалар.
«Кубизм» стратегиясы арқылы тапсырма беру.
Тақтада мәтіні көрсетіледі.
Сабын мен дін.
Ғибратты әңгімелер.
Діннен еш хабары жоқ, сабын өндіргеннен басқа ештеңе білмейтін бір кісі бірде діндар кісімен әңгімелесіп отырып былай дейді:
- Сендердің сенімдеріңнен пайдасы болса, адамдарға тек жақсылық әкелсе, осыншама жылдар бойы дүниеде жамандық, күпірлік қалмайтын еді ғой?!
Иманды кісі сабыншының бетіне бір қарады да:
— Ондай болса, сен жасаған сабындардың да түкке керегі жоқ. Өйткені, олардың бір пайдасы болғанда, айналамызда кір мен ластық қалмас еді? — деп уәж айтады.
Сабыншы дереу қарсы шығып:
- Адамдар сабын қолданбаса менің кінәм не?
- Адамдар діннің әмірін орындамаса діннің кінәсі не? Егер шариғаттың талаптарына барлық пенде мойынсұнса күллі дүние баяғыда түзелген болар еді,- деп діндар жауап қатады.
1 - топ. Сілтеме табушылар. (Мәтіндегі негізгі ойды анықтап тұрған, оқиғаның ең қызықты жерін тауып оқиды.)
2 - топ. Кейіпкерлерді сипаттаушы. (Әр кейіпкерді танып, сипаттайды.)
3 - топ. Ізденушілер. (Мәтінге қатысты қосымша ақпарат ұсынады.)
4 - топ. Дәнекер топ. (Мәтіндегі оқиғаны қазіргі өмірмен байланыстыру.)
5 - топ. Сөз тапқыштар тобы. (Мәтінге сәйкес мақал - мәтел, нақыл сөздер табу.)
6 - топ. Бейнелеуші, суреттеуші топ. (Кейіпкерлердің суреттерін, соларға қатысты іс - әрекеттерінің суретін салады.)
Әр топ өз тапсырмасын постерде орындайды. Топтардың жауаптарын тыңдау.
Ойтолғау.
«Сыр сандық» стратегиясы бойынша:
1. Бүгінгі мәтіннен есте қалған 5 заттың атын жазу.
2. Осы аталған заттардың ішінен саған қатты ұнаған біреуін белгілеп, солар туралы толығырақ мәлімет жаз.

Рефлексия. 5 мин. «Тау рефлексиясы». Мына суреттегі тауды «Диалогтік оқыту» деп алсақ, сіздер осы тақырып бойынша өзіңізді таудың қай жеріндемін деп есептейсіздер? Міне, осыған сәйкес, алдарыңызда жатқан стикерлерге шебер сынып бойынша не түсінгеніңізді, екі сәтті кезеңді, бір ұсынысыңызды жазып, таудың суретіне жабыстырыңыз.
Қатысушы мұғалімдер түсінгенін стикерлерге жазады және өздеріне ұнаған 2 сәтті кезеңді, 1 ұсыныс - тілегін жазып, таудың суретіне жабыстырады

 

Тақырыбы: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

 

Мақсаттары:

1.Білімділік:Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі туралы мағұлмат беру.

2.Дамытушылық:Оқиғаларға өздігінен талдай жасау білуге үйрете отырып, оқушылардың өзіндік ой-пікірін,көзқарасын қалыптастыру.

3.Тәрбиелік: Сақ тайпаларының жауынгерлерінің ерлігімен таныстыру арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, пікірталас, тест жұмыстары

Көрнекілігі:. Алтын адам картинасы, слайд,тәуелсіздік монументі, карта.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын сұрау кезеңі:

а)Сұрақ-жауап.

3.Жаңа тақырып

Кіріспе бөлім.

Мұғалім сабақты оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында «Томирис» (А.Дүзелхановтың картинасы) «Алтын адам» картиналарымен жұмыс жасаудан бастайды.

Қосымша деректер.

Бірінші «Алтын киімді адам» Есік қорғанынан табылған.Б.з.б. ІV ғасыр жәдігері.Зерттеуші археолог-ғалым Кемал Ақышев.

«Алтын киімді адам» сақ елінде өз заманына сай өркениеттің болғандығын дәлелдейді.Қазіргі таңда бұл бейне Қазақстанның егемендігінің рәмізіне айналып, Республика алаңында ұлттығымызды асқақтатып тұр.Ал сақ жауынгерінің бөркінде бейнеленген қанатты тұлпар елтаңбадан орын тапқан.

Екінші «Алтын киімді адам» 1999 жылы Атырау өңіріндегі Аралтөбе қорғанынан табылды.Б.д.д. ІІІ Ғ. жәдігері деп шамаланған бұл «Алтын адам» ғалымдардың айтуынша, сарматтырдың көсемі.Оған дәлел – көсемнің өзімен бірге жерленген болат семсері.Аралтөбедегі «Алтын адамды» тапқан белгілі археолог-ғалым Зейнолла Самашев.Үшінші «Алтын киімді адам» 2003 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шілікті жазығындағы көне қорғаннан табылды.Бұл жәдігерді тапқан археологиялық экспедицияның жетекшісі,археолог-ғалым Әбдеш Төлеубаев.

 

Сақ қоғамы топтарының атын жаз,сол топ өкілдерінің киімінің түсі қандай болғанын көрсет.

 

             

 

 

Сақ қоғамы (мүлік теңсіздігі)

1-топ: жауынгерлер («ратайштар», «арбада тұрғандар» деп атаған) қызыл түсті киім киген.

2-топ:абыздар (танымал белгісі – тостаған мен айрықша бас киімі болған) ақ түсті киім киген.

3-топ: қауым мүшелері («сегізаяқтылар» деп атаған, бұл соқаға жегетін екі өгізі бар дегенді білдіреді) сары,көк түсті киім киген.

Шаруашылығы:

көшпелі мал шаруашылығы – жылқы өсірді.

Жартылай мал шаруашылығы – балық аулады.

Отырықшы мал шаруашылығы.

Тілі: шығыс ирандық.

Мәдениеті: «Аңдық стиль»; Зергерлік өнер; Ағаш бұйымдар;Метал өңдеу.

Діні:

Анимизм- негізгі ата-баба аруағына сыйыну.

Тотемизм-мәйітті сақтау үшін бальзамдау,мумиялау.

Магия- мәйіттерге қызыл бояу жағу, қабір басына от жағу.

 

Негізгі бөлім.

1.Кир әскерінің басы кіруі


Ботинки мужские

http://st2.recreativ.ru/tizers/100/371/tiz-39382fd8aa.jpg

Качественная обувь по правильным ценам!

lamoda.kz

от 8 500 тенге



Легендарные Rado

http://st2.recreativ.ru/tizers/100/283/tiz-b1805e29f8.jpg

Стиль, элегантность и уверенность в себе. Акция -50%

elitbrand.com



Часы Rolex Daytona

http://st2.recreativ.ru/tizers/100/44/tiz-11ebccc562.jpg

Суперскидка 50%, получите 4 подарка бесплатно к Новому году!

market-shop.kz

Скидка 7 600 тенге


2.Шырақтың ерлігі

3.Александр Македонскийдің сақ еліне жорығы.

 

«Тарих шашырандысы» жұмбағын шеш.

 

Кир


Томирис


Шырақ


Спаргапис


Дарий


Александр Македонский


Спитамен


Полиэн


Сақ тайпаларының патшайымы


Сақ көсемі


Рим тарихшысы


Сақ патшайымы Томиристің ұлы


Арриан


Скунха


Геродот


Македония патшасы


Парсы патшасы


Грек-македон басқыншыларына қарсы күрес жүргізген.


Ежелгі грек тарихшысы


«Тарихтың атасы»


Тәуелсіздік үшін жанын пида еткен бақташы


Помпей Трог

 

 

 

 

 

  

 

Сараптау бөлімі.

1-тапсырма.Оқулықтан сақтардың жауынгер халық екендігін білдіретін сөйлемді тауып, оқу.

2-тапсырма.

Не таңқалдырды ?

Неге?

Томиристің Кирдің басын кесіп алып,қан толы торсыққа батырып «Сусының қанғанша іш» дегені

1.Әйел бола тұрса да,баласы үшін кек алуы.

2.Әйел ананың осындай іске баруы.





 

3-тапсырма.Картамен жұмыс.

Александр Македонский жорығын картадан көрсету.

 

4- тапсырма.

Кестені толтыр.

 

Не болды деп ойлайсың?

Қандай дәлелің бар?

Не болады?

1

Томириске келіп елші хабарды айтады.Томирис келіспеуі мүмкін.

Кирге сақтардың жері керек екенін түсінеді

Себебі:Томиристің өзі патшайым.

Кирдің ашулануы мүмкін.Қайта елші жібереді.Не болмаса соғыс ашам деп қорқытуы мүмкін.

2

Үлкен әскермен келу

Сақтардың жауынгер халық екенін біледі.

Сақтар жеңеді.

 

5-тапсырма.

«Тарихи бас қатыру» ойыны.

Шарты:Төменде тарихи тұлғалардың аты-жөні келтірілген.Онда әріптер тәртібі бұзылған.Сонымен бірге әрбір сөзде басы артық әріп бар.Берілген адамдардың атына сәйкес әріптердің дұрыс тәртібін қалпына келтіру талап етіледі, ал артық әріпті оң жақтағы қатарға орналастыру керек, дұрыс орындалған тапсырма тігінен оқығанда таңы бір тарихи адамның есімін оқуға мүмкіндік береді.

 

Ш — ИРКШ      КИР  

Ы-  ИСИРМТОЫ – ТОМИРИС

Р – ПАСПАРГИСР  -  СПАРГАПИС

А- АИРИАД  —  Дарий.

Қ-ҚРДАЛЕНАСК – Александр

 

 

Үйге тапсырма.

«Сақтардың ерлігі» тақырыбына эссе жазып келу.

 

Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ. 6-класс.


Өткізген:

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Северный орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Тоймағанбетова Эльмира Бимағанбетқызы


Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі


Білімділік мақсаты: Оқушыларға сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресте ерліктерін баяндап, танымдарын арттыру


Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың тарихи оқиғаларға өз бетінше тұжырымдай білуіне бағыт беру, логикалық ойлау қабілетін арттырып, ойын еркін айтып жеткізе білуге дағдыландыру


Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды өз тарихын құрметтеуге, ұлттық намысын оятып, ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу


Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты игеру


Сабақтың әдісі: Баяндау, рөлдік ойын, тарихи сынақхат, түсіндірмелі тірек-сызба, танымдық ойындар, тест сұрақтары, РАФТ


Пәнаралық байланыс: Ежелгі дүние тарихы, әдебиет, археология


Көрнекі құралдар: Суреттер салынған плакаттар


Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

Рөлдік көрініс

Тарихи сынақхат

Түсіндірмелі тірек-сызба

Танымдық ойындар

Бекіту тест сұрақтары

РАФТ

Бағалау

Үйге тапсырма


Ұйымдастыру кезеңі

  • Саламатсыздар ма, оқушылар! Сабақтағы оқушыларды түгендеп алайық. Бүгінгі біздің ашық сабағымыз «Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі» тақырыбына арналып отыр. Олай болса, сыныптастарын даярлап келген рөлдік көрініске назар аударайық.(жай музыка қосылып тұрады) Көз алдыңызға сақтардың заманын елестетейік, сақ патшасы Томирис, парсы патшасы Кир және сол заманның куәсі болған автор бүгінгі сабаққа келіп отыр.

Рөлдік көрініс

Автор: Парсы билеушісі Кир б.з.б. 530 жылы сақ жеріне келіп, сол кездегі сақтардың билеушісі Томириске өз елшілерін жібереді.

Кир: -Мына хабарды тура Томириске жеткізіңдер! Мен патшалардың патшасы парсы Кирмін сақтардың соғыссыз берілуін талап етемін. Келісіп одақ құрайық, болмаса қандарыңды судай ағызып, жерлеріңді жаулап аламын!

Автор: Хабарды алған Томирис:

Томирис: - Ешкімнен қыңарым жоқ!

Парсымен одақ құру ниетім жоқ,

Елімнің тыныштығы қымбат маған

Қымбатыма қол салса, шыдарым жоқ

Кир патша сен маған тең емессін

Жөніне кетсін, болса кемел есі.

Парсы еліне бас ұрып, бағынбайды,

Келсін де жаулап алып көрсін!

Автор: Бұл хабар Кир патшаның құлағына жетеді

Кир: Айтқанға көнбесе біз оларды жаулап аламыз, өз обалы өзіне...

Бүкіл ел бізге бағынатын

Күллі Азия аңыз қылып табынатын

Құдіретті Кирдің күшін білмей

Қалайша құтырады бұл ханым?!

Автор: Көп әскерімен Кир Сырдариядан өтіп біршама жүргеннен кейін қосындарын тікті. Ал, Томирис жалғыз ұлы Спаргаписті жауға қарсы аттандыруда.

Томирис: Жалғызым Спаргапис ел шетіне жау келді. Жерді, елді қорғау қасиетті борышың. Аттан жауға, еліңді қорғауға!

Автор: Салтанатты түрде Спаргапис қалың қолымен жауға қарсы аттанады. Бұны көрген Кир:

Кир: Ит күшігін жіберіпті менің алдымнан. Бұл не мазағы? Біз қулықпен тәжірибесізді құртайық.

Автор: Әдейі қулықпен қорыққан болып Кир лагерін тастап, қашқан сыңай танытады. Спаргапис жаудың соңынан қуып торуылға түсіп, соғыста қайтыс болады. Бұл хабарды естіген Томирис әскерді бастап, Кирге қарсы аттанады. Екі жақтың әскерлері садақпен, жекпе-жекке шығып, қылыштасып, найзаласады. Ақыры сақтар жеңіске жетіп, Кир соғыста қаза табады.

Томирис: Кирдің денесін тауып әкеліңдер!

Автор: Томирис Кирдің басын кесіп қан толтырылған меске салып былай дейді

Томирис: Қанды аңсап келіп едің,

Тойғаныңша қанып іш

Ішсең мынау – құмарың қанар!

Автор: Ер жүрек халық сақтар Томиристің бастауымен елін, жерін қорғап қалды.

Әрбір сақтың таң қалдым епті ісіне,

Тәубе еткен тақта отырған тектісіне.

Томиристей патшасы бар қайсар халық

Төзе алмас ешкімнің тепкісіне ...

  • Оқушылардың театрландырылған - рөлдік көріністеріне өз ризашылығымызды білдіріп қояйық.(ду қол шапалақ) Оқушыларға көп-көп рахмет.



Тарихи сынақхат

Алдарыңызда тарихи сынақхатқа назар аударыңыздар. Көп нүктенің орнына оқулықтағы кілт сөздерді қойып, жазасыңдар. Әр топтың басшысы тексеріп, тақтада ілінген бағаларды алып, өз топтарыңды бағалайсыңдар.

Тарихи сынақхат мәтіні

Кир қайтыс болғаннан кейін б.з.б.519 жылы парсы патшасы .........................

сақтарға шабуыл жасайды. ............................ есімді бір сақ жауынгері өзінің денесін жарақаттап, ............................. қашып барып, өзін сақ көсемдерінен ......................... көрген етіп көрсетеді. Ол парсы әскерлерін ............................. , ............................ сусыз шөлге апарады. «Мен сендерді адастырып ......................... ұшыраттым, елімді .......................... алып қалдым, мен дегеніме жеттім. Енді .............................. келгендеріңді істей беріңдер» деп, .............................. көрсетіп, парсылардан Шырақ кегін алады. Дарий көптеген әскерінен ............................... , еліне ........................... мәжбүр болады. Шырақ сияқты жауынгердің арқасында сақтар өз ......................................... сақтап қалды.



Түсіндірмелі тірек-сызба

Енді ежелгі дүние тарихын есімізге түсіріп көрейік. Парсы патшалары Кир, Дарий сақ еліне басқыншылық жорық жасағандарын білдік. Оқушылардың оқулықпен жұмыс жасау арқылы тақырыпты түсіндірмелі тірек – сызбамен игеруге мүмкіндік алады.

Александр Македонскийдің суреті

Жеңілмейтін әскер

Б.з.б. ІҮ ғасыр

Грек-македон басқыншылары

3 жыл

СПИТАМЕН



Танымдық ойындар

3 топтың оқушыларына әр түрлі тапсырмалар беріледі. Топ басшысы өз тобын бағалайды.

1 топтың тапсырмасы:

Допты бір-біріне лақтыру арқылы тақырып бойынша сұрақтар қойылып, ішінара жауап береді.

2 топтың тапсырмасы:

Оқушыларға хронологиялық диктант түрінде беріліп, әр жылдарда болған оқиғаларды баяндайды.

Б.з.б. 530 жыл

Б.з.б. 570-520 жылы

Б.з.б. 519 жылы

Б.з.б. ІҮ ғасыр

3 топтың тапсырмасы:

Басқатырғыш сөздердің дұрыс жазылу ретін тауып, сол сөздерді түсіндіреді

СОРТИМИ ТОМИРИС

ЙАДРИ ДАРИЙ

ҚАШРЫ ШЫРАҚ

ТЕПНАМСИ СПИТАМЕН

ИРК КИР



Бекіту.

Тест сұрақтары

Сабақ барысында игерілген тақырыпты бекіту мақсатында жеке оқушыларға тест сұрақтары беріледі

Тест сұрақтары

  1. Б.з.б. 530 жылы қай парсы патшасы сақ еліне жорық жасады?

А) Дарий Ә) Кир Б) А. Македонский

2. Сақтардың А.Македонскийге қарсы күресін кім басқарды?

А) Спаргапис Ә) Томирис Б) Спитамен

3. Б.з.б. 570-520 жылдары өмір сүрген сақ патшайымы?

А) Томирис Ә) Клеопатра Б) Семирамида

4. «Жеңілмейтін әскер» деп кімдерді атаған?

А) Грек-македон Ә) Парсы Б) Сақ

5. Дарийдің әскерін шөл даламен адастырған ер жүрек сақ жауынгерін ата?

А) Томирис Ә) Спитамен Б) Шырақ

6. Грек-македон басқыншылары сақ еліне неше жыл бойы соғыс жүргізді?

А) 13 Ә) 3 Б) 10

7. Томирис пен Кир арасындағы шайқасы немен аяқталды?

А) Кир қаза болды Ә) Томирис қаза болды Б) Екеуі де қаза болды

8. «Досқа адал, дұшпанға қатал» деп кімдер жөнінде айтылған?

А) Грек Ә) Парсы Б) Сақ

Кілті: 1 Ә, 2 Б, 3 А,4 А, 5 Б, 6 Ә, 7 А, 8 Б.



РАФТ

Рөлдік

Аудитория

Форма

Тақырып

Осы игерілген тақырып бойынша, әр топ ТОМИРИС, СПИТАМЕН, ШЫРАҚқа

арнап алғыс хатты жазбаша жазып, әр топ басшысы өз тобын бағалайды .



Бағалау

Жаңа тақырыпты игеру барысында жинаған бағалары бойынша бағаланады.



Үйге тапсырма

«Томирис – ерліктің символы» тақырыбына эссе жазу



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тарих "сақ патшалығы . сақтардың тәуелсіздік үшін күресі" ашық сабақ /6 сынып/"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Корреспондент

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 563 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.03.2016 18433
    • DOCX 86.7 кбайт
    • 20 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Иманова Лайла Тлебалдиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Иманова Лайла Тлебалдиновна
    Иманова Лайла Тлебалдиновна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 37298
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Электронные образовательные ресурсы в работе учителя истории в контексте реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 128 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1351 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 914 человек

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 166 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 771 человек

Мини-курс

Волонтерство: история, типы и роль в образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология расстройств пищевого поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 158 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 93 человека

Мини-курс

Информационные технологии и безопасность

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек