Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Тарих сабағында «Диалог арқылы оқыту» модулінің пайдалануының тиімділігі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

Тарих сабағында «Диалог арқылы оқыту» модулінің пайдалануының тиімділігі

библиотека
материалов



ШҚО Жарма ауданы

Шар қаласы

Т.Көбдіков атындағы орта мектеп

Тарих пәнінің мұғалімі

Ажимбетова Каламкас Байкеновна




Тарих сабағында «Диалог арқылы оқыту» модулінің пайдалануының тиімділігі


Қазіргі таңда қоғам сағат сайын өзгеруде. Соған байланысты қазіргі кезде ұстаздың міндеті сабақта теориялық бөлімін қалай меңгертемін деп ойламай, қазір мен оқушыға қандай мүмкіндік берсем екен. Демек, оқушы білімді өзі оқып, түсінгенін жұпта, топта талқылап, жаңа білімді өздері үйрену.

Қазіргі таңда оқушыларда еліктеушілік басым. Қазақ мектеп болғанның өзіңде де орыс тілге бейім болып келеді. Сабақта ойларын жетік жеткізе алмай, сөзге шорқақ, сөйлемдерді дұрыс құра алмай қиналады. Сондықтан  өзім тарих пәнін жүргізгеннен кейін мектептегі тәжірбие кезіңде, осы қиындықтан шығу үшін тиімді жолдарын қарастыруға сабақтарымды бағыттадым.

Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру мен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді (Мұғалімге арналған нұсақаулық-36 бет).

Сыныптағы диалогттің оқытудың  әрекеттерінің өзі осы мақсатымның  орындалуына  көп септігін тигізді деп ойлаймын. Мерсердің зерттеуіне сәйкес, оқушылардың ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгіменің үш түрі бар:

-         Әңгіме-дебат

-         Топтық әңгіме

-         Зерттеушілік әңгіме   

Мен, мектептегі тәжірбиемде өз сабақтарымда диалогтік әңгімелесудің осы 3 түрін де қолдандым десем болады.

Сабақ жоспарларын құруда да басты мақсатым оқушылар бір-бірімен пікірлесіп, ой бөлісу арқылы сөйлеу мәнері мен тыңдау дағдылары қалыптасып үлкен пайдасы бар екендігіне назар аудардым.

Дана қазақ халқы айтқандай «Жақсы сөз - жарым ырыс» дегендей, сабақ барысында оқушылар ең бірінші ынтымақтастық атмосфера құру да бір –біріне ізгі ниет білдіру арқылы диалогқа түсе білді. Сол арқылы өзара қарым-қатынастары жақсарып көңіл-күйлері көтеріліп отырды.

Ғалымдардың зерттеулерінде де айқын көрінеді. Аталған авторлардың зерттеулерінде достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және танымдық дамуына әсер ететіндігі айтылған. (Мұғалімге арналған нұсақаулық-36 бет).

Мұғалім сабаққа кіргеннен бастап диалогтік қарым-қатынасқа түседі. Сол арқылы оқушылармен байланыс орнатып сабақ барысын тиімді өтуіне бар мүмкіншілігін арнайды.

Менің ойымша ең бастысы оқушыға дұрыс сұрақ қоя білу керек. Оқушыға қиындық туған жағдайда, мұғалім жетелей алу керек екен, мектептегі тәжірибе кезінде соған көзім жетті. Оның дәлелі де Выготский оқушылар өздерінің «Жақын арадағы даму аймағы» жұмыс істесе, танымдық дамудың жақсаратындығын атап көрсеткен. ЖАДА оқушы дамытатын дағды мен қабілеттер, өз бетімен жасай алмайтын тапсырмалар көлемін айқындайды. Бұл тапсырмаларды орындауда, оқушыларға жаңаны үйренуге тірек болатын ересектердің көмегі немесе қолдауы керек. Бұл қолдау қарым-қатынасты қамтиды және де Выготский бұл жағдайда оны оқытудың негізгі құралы деп есептейді. (Мұғалімге арналған нұсақаулық-36 бет).

Ең басты мәселе сабағын нәтижелі болу үшін топ ережесін құруды жоспарладым. Оқушыларды топқа біріктіру кезіңде ынтымақтастық атмосфераны құру үшін сергіту сәттерін пайдалану, бір-біріне позитивті ниет білдіру болды.

Алғашқы сабағымның тақырыбы «Көшпелілердің әлем мәдениетіне қосқан үлесі» тақырыбында өткен сабақты қайталау үшін топтарға формативті тест берілді, диалогтік оқыту арқылы   оқушылар ақылдасып тест тапсырмаларын белгілеп шықты. Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында тақырыпты өздеріне ашуға қарапайым сұрақтан бастадым. Көшпелі өркениет дегенді қалай түсінеміз? Әр топ бірінші ойланып, жұптасып пікір алысқаннан кейін ламинат парақтарына өз ойларын білдірді. Топта оқушылардың талқылау барысын бақылап отырдым, әр оқушы өзіңше ойларын білдіріп жатты. Оқушыға қарапайым сұрақ беру арқылы өткен материалдарға оралып бір-бірімен ой бөлісе алды. Бұл тапсырма оқушыларға ешқандай қиындық туғызған жоқ. Сабақ барысымды толығырақ ашу үшін жоғары дәрежелі сұраққа бағыттадым. Оқушыларға «Көшпелі өркениеттің әлем мәдениетінде алатын орыны қандай?» деген сұрақ берілді. Оқушылар бұл тұста қиналғандай көрінді. Өйткені, көпшілігі көшпелі мәдениетпен шектеліп әлем мәдениетімен байланыстырып ой білдіре алмады. Бұл тұста мен бірнеше мысалдар келтіріп бағыт бергеннен кейін оқушылар ойларын жетік білдіре алды. Барлық топтар белсенділік таңытып флипчартқа ойларын түсіре бастады. Оқушылар қызығущылықпен орындағаннан кейін барлық постерлер мағыналы болып шықты. Мұнда менің байқағаным топтарға біріктірген уақытта бір топта сабаққа белсене қатыспай жүрген және қызығушылығы төмен оқушылар отырған. Мені бұл тұста таң қалдырғаны оқушылар бір-бірімен пікірлесіп, ой бөлісіп, қызу талқылауға түсті. Жасалып шығарылған постерлерді қорғауда сабақта жиі қатыспайтын оқушылар белсенділік таңытты. Сонын ішінде С.Жамиля «Көшпелі өркениеттің палеолит, мезолит, неолит дәуірінен бастау алып, тайпалық одақтарда жалғасын тауып көптеген қазіргі таңда қайталанбас мәдениет жетістіктерін көрсетті» деп өз ойын жетік жеткізе білді. Мұнда біз жоғарыда айтқандай, Выготскийдің пікірімен келісуге болады. Сонымен қатар, оқушыларға сұрақтар қою арқылы сыни тұрғыдан ойланып қазіргі өмірмен байланыстырып жұмыс жасағаны да көрінді. Сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және басқаға бағыттау сияқты әртүрлі тәсілдерін пайдаландым.

Бұл топта ынтықмақтастық атмосфераның жақсы қалыптасқаны және оқушылардың сол сәтте бір-бірінің ой пікірлерін тыңдап жақсы нәтижеге жеткендігі болды.

Осы сабақты талқылау барысында топтар бір-біріне сұрақтар қойып тақырыпты өрбіте түсті. Оқушылардың жауаптарымен мұқият танысқаннан кейін туындайтын сұрақтардың да маңызы зор. Диалогтік әңгімеде де мұғалім сұрақтары мен оларға берілген жауаптар, сонымен қатар, оқушылардың да сұрақтары маңызды. Мұғалім оқушылардың жауабын олардың білімдерінің деңгейін тексеру үшін ғана емес, сондай-ақ оларға анық білдіруге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру үшін де пайдаланады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық-39 бет). Сол сабақта неге? неге олай ойлайсын? қандай себеп болды? сені қандай ой жетеледі? деген сияқты сұрақтар қою арқылы тақырыпты аша түстік.

Сұрақтардың маңызды қойылуы, сұрақ қою арқылы мұғалім:

  • Оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;

  • Оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;

  • Білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталыандырады;

  • Оқушыларға өз білімін басқа адамдарға сөзбен жеткізуге көмектеседі;

  • Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауына ықпал етеді;

  • Оқушылардың бір-бірінен үйренуіне,басқа оқуышлардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді;

  • Әңгіме және ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді, іс-әрекеттерін тереңдетеді және шоғырландырады;

  • Оқытуды қиындатып,кедергі келтіретін қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды. (Мұғалімге арналған нұсқаулық-36 бет).

Сабақтың аяғында оқушыларға стикерлер таратылып не үйрендім?не қиын болды? ұсыныс деген сұрақтар арқылы оқушылар кері байланыс жазып берді. Оқушыларға үй тапсырмасына өткен сабақ бойынша рефлексивтік ойларын жазуға бердім. Келесі сабақта оқушылардың жазған рефлексивтік ойларын сыныппен талқылап диалогтік пікір алмасуға ұласты. Сонын нәтижесінде уақытты тиімді пайдалану және топ ережесін бұзбау, сабаққа белсене қатыса отырып тақырыпты меңгеру айтылды.

Екінші сабағым «Көшпелілердің ат әбзелдері мен ұлттық киімдері». Үй тапсырмасына «Кім жылдам» сұрақтар берілді. Топтар жылдамдықпен жауап берді. Сабақтың тақырыбын ашу үшін әр топқа жеке –жеке тапсырмалар берілді. 1- топ «Көшпелілердің ат әбзелдері», 2-топ «Көшпелілердің ұлттық киімдері». 3-топ Пазлдарды құрастыру тақырыбы «Көшпелілердің ат әбзелдері мен ұлттық киімдері».

Сонымен қатар, сабақта пікір – алмасуда маңызды рөл атқарады екен. Сабақ барысында оқушыларға пазлдарды құрастыру әдісін бердім. Мұнда оқушылар көшпелілердің ат әбзелдері мен ұлттық киімдері жайлы жазылған қиынды парақтары таратылды. Оқушылар екі бағанға дұрыс деп тапқан жазылған қиынды сөздерін орналастырды. Тапсырма берген топ белсене қатысып өзара пікірлесіп қызығушылықтары арттып, басқа топтармен де пікір алмаса білді. Мұнда Александер оқытудағы әңгіме-қарым-қатынас жасаудың бір сарынды үдерісі емес, керісінше, әңгіме барысында идеялар екіжақты бағытта жүріп, соның негізінде оқушының білім алу үдерісі деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады деген тұжырымдамасы толығымен көрініс тапты. (Мұғалімге арналған нұсқаулық-36-37 бет).

Сабақта диалог арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту мақсатын көздедім, өйткені балаларды диалог пен дәйектеуге, пікірталасқа тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер де көбейе түсуде. Осылайша балаларды XXI ғасырда және кейінгі ғасырларда өмір сүруге қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру-мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады. Балалар күннен күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сын тұрғысынан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек. (Мұғалімге арналған нұсқаулық-47 бет). Осы сабағымда  диалогқа тарту, сыни ойлауын байқау мақсатын көздеп жас ерекшеліктерін ескеріп ықтимал сұрағын қойдым. «Көшпелі халықтардың киімдері мен ат әбзелдерінің қазіргі таңда тарихи маңызы қандай?» деген сауалыма оқушылардың жауабы сан түрлі болды. Осы сауал бойынша керемет ойлар білдірді. Мысалы Есентур Дильназ «осы көшпелі халықтардың мәдениетінің жетістіктері арқасында, қазір біз бүкіл дүние жүзіне өзіміздің мәдениетімізді танытудамыз. Біздің қайталанбас туындыларымыз көздің жауын алып, әр елде қызығушылық тудыруда.......

Осы сабақта мені тағы да таң қалдырғаны алған білімдерінің нәтижесінде оқушылардың ой қорыту, тұжырым жасау, бірін-бірі тыңдай отырып бір шешімге келу арқылы дәлелдемелер келтіріп өзара бәсекелестік арқылы ойталқыға келуі, сол арқылы сыни тұрғыдан ойлау дағдыларының қалыптасқандығын байқадым.

Мектептегі іс-тәжірбиеде бұрынғы жүргізген дәстүрлі сабаққа қарағанда топпен жұмыс жасау нәтижелі екендігі және бірін-бірі тыңдау арқылы әңгіменің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болғанын сабақ барысында байқадым. Үшінші сабағымда оқушыларға көшпелілердің материалдық мәдениеті жайлы дәлелдер келтіріп аргументтер келтіру берілді. Әр топ дәлелдерін презентация түрінде көрсетті. Бірінші топ сақтардың киіз үйлері мен әшекей бұйымдарын талдап көрсете білді. Екінші топ ғұндардың зергерлік өнерінде аңдық стилді пайдалану әдісін зерттеп аша білді. Үшінші топ қаңлылардың металл өндірісіндегі полихромдық стилдің қолдану әдістерін көрсетті.

Мен оқушыларға жалпы көшпелі тайпалардың материалдық мәдениеті деп бергем болатын. Сонын нәтижесінде оқушылар көшпелі тайпалардың материалдық мәдениетіндегі ең маңызды жетістіктерін көрсете білді. Бұл мен үшін өзім ойлағаннан да күтпеген жағдай болды.

Барнс пен Мерсердің айтуынша, зерттеушілік әңгіме – мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап айтады, болжамдар ұсынып, талқылайды. Талқылау кезіңде олар «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты сөздерді қолданып, өз идеясын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тарапынан қолдау қажет болғанда «солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді. (Мұғалімге арналған нұсқаулық- 37 бет).

Мектептегі іс-тәжірбиемде әр сабақ сайын оқушылардан кері байланыс алып отырдым. Кері байланыс алу арқылы, әр сабақта оқушылардың айтқанын және жазғанын ескеріп оқушылармен кеткен қателеріміз бен жасалатын жұмыстарын, әрқашанда талқылап отырдық. Кері байланыс арқылы оқушылар сабақта белсене қатысып әділ түрде топты, өзің-өзі және өзара бағалауда нәтижесін көрсете білді. Мұнда менің түсінгенім, әрқашанда оқушының пікірін тыңдап отырсақ сабақты дұрыс бағыттай білу арқылы өзіннің және оқушы арасындағы қарым-қатынас жақсару нәтижесінде білім сапалы болады. Мұнда біз Джин Раддоктың «Оқушы үнінің» белгілі жақтаушысы ретінде жүргізген зерттеулері оң нәтиже беретіндігіне көзім жетті.

Осыған тағы дәлелдердің бірі оқушылардың кері байланысын оқи отырып көпшілігі сабақты жарыс түрінде өтсе деген ниеттерін білдірген. Сондықтан төртінші қайталау сабағын жарыс түріне негіздедім. Мұндағы басты мақсатым барлық өткен тақырыпты қалай меңгергендігі және жоғарыда айтқандай ойларын жетік жеткізе алуы, сөйлемдерді дұрыс құрай алып, қасындағы топтарға жеткізе білу.

  1. Өркениет дегеніміз не?

  2. Көшпелілердің әлем мәдениетіне қосқан үлесі?

  3. Көшпелілердің материалдық мәдениеті қазіргі таңда көрініс таба ма?

  4. Қазіргі таңдағы біздің материалдық және рухани мәдениетіміздің бастауы көшпелілер екендігіне келісесін бе? деген топқа сұрақтар берілді, топта жұптасып, талқылап, топтармен ой бөлісілді.

Келесі берілген тапсырма «Айшықты сөздің астары» деп аталады топтарға онда көшпелілердің ұлттық киімдері мен зергерлік өнері жайлы сурет таратылды. Шарты сол суретке қарап отырып атауларын тауып әңгіме құрастыру болды. Мұнда оқушылар белсенділік танытып қиял-ғажайыпқа берілгендігі көрінді. Бір-бірімен пікір алысқан уақытта әртүрлі ойлар туындады. Бұл сабақта менің байқағаным оқушылар өз ойларын жетік жеткізе алуы және бірін-бірі тыңдай отырып бір қорытындыға келуі.

Мектептегі іс-тәжірбиемде алға қойған мақсатқа жеттім деп ойлаймын. Өйткені бастапқы сабаққа қарағанда оқушылар ашылып, бір-бірімен пікірлесіп, ойларын жинақтау арқылы сұрақтар қоя білді. Сонымен қатар жоғары дәрежелі сұрақтар қойғанда ойланып дәлелдер келтіруге тырысты.

Қатты қуандырған жері бұрын дәстүрлі сабақта белсенділік таңытпаған оқушылар топта пікірлесіп, ой бөлісу арқылы постерлерді қорғауда өздерін көрсете білді.

Әрине сабақ барысында кедергілер де болды. Бастапқы сабақта әдістерді көп алғандықтан уақыттын жетпеуі және кейбір оқушылар топта тіл табыса алмауы болды. Бірақ бұл кедергілердің барлығын әріптестермен кеңесу арқылы шешіліп отырды.

Қорыта келсем, диалогтік оқыту әдісін қолдана отырып, өзіме мына ұсыныстарды тұжырымдадым:

- сұрақтар дайындауда жүйелі, нақты оқушы түсіне алатындай болу керек және ашық сұрақ арқылы жабық сұраққа бағыттай беру;

- оқушылар пікірімен әрқашанда санасып отыру;

- оқушылар сөйлеген уақытта аяғына дейін тыңдау;

- ойын толық жеткізуге мүмкіндік беру;

- әдістерді жүйелі түрде қоладану;

- сұрақ қоюда түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттай сияқты тәсілдерді қолдана білу;

- оқушыларға сұрақ қоя және олардан ала білу;

- пікірталас тудыратын сұрақтарды қоя білу;

- диологтық әдісті қолдана алу;

- диалогтік әдісті қолдана отырып басқа модульдермен байланыстыра білу.




Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 30.01.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров352
Номер материала ДВ-394235
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх