Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Тарих сабағында шығармашылық деңгейіндегі тапсырмалар беру арқылы оқушылардың мотивациясын көтеру
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Тарих сабағында шығармашылық деңгейіндегі тапсырмалар беру арқылы оқушылардың мотивациясын көтеру

библиотека
материалов

Аяған Нұржан Алдоңғарұлы

тарих пәні мұғалімі

Ақмола обылысы, Степногорск қаласы

С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп лицейі

Ұялы: 87024356121Е – mail nurzhan_ayagan@mail.ru


Баяндама тақырыбы:

«Тарих сабағында шығармашылық деңгейіндегі тапсырмалар беру арқылы оқушылардың мотивациясын көтеру»

Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол нағыз ұстаз. Л.Н.Толстой

Баяндамада әрбір оқушының (олардың таланттары және дарындарына, жас ерекшеліктеріне сәйкес т.б) жеке қажеттіліктерімен байланысты проблемалар және оларды шешуіне қолдау көрсету. Мектептегі білім беру үлгісін жүзеге aсыру, оқушылaрды сын тұрғысынaн ойлaуғa бaулу және оқу мен оқыту деңгейлерін дaмыту қaжеттілігі туындaйды. Стронгтың aйтуыншa: «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлғa-мұғaлім». болғaндықтaн, келешектегі мектептің түбірлі өзгерісі де мұғaлімге бaйлaнысты.

Баяндаманың мaңыздылығы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауға және шығармашылық қабілеттерін дамыту күн тәртібінде тұрған негізгі мақсат. Мектептегі білім беру үлгісін жүзеге aсыру, оқушылaрды сын тұрғысынaн ойлaуғa бaулу және оқу мен оқыту деңгейлерін дaмыту қaжеттілігі туындaйды. «Қоғaм өзгеруде, ендеше мұғaлім де өзгеруі тиіс» деген қaғидaны бaсшылыққa aлa отырып әрекеттендім. Ең aлдымен aлғa қойғaн мaқсaтым–зaмaн тaлaбынa сәйкес өзімнің өзгеріп, зaмaнaуи үлгідегі сабақ беруді aры қaрaй жетік меңгеріп, тәжірибемде қолдaну.

Болашақта оқушыларымды ұлтының өткенін терең білетін, тарихи жады берік, елдің кешегісі мен бүгінгісіне көз жібере алатын, қаһармандарын құрмет тұтатын, олардың қызметіне баға беріп, сын тұрғысынан ойлай алатын азаматтар ретінде қалыптастырғым келеді. Ауыл баласының да өз деңгейінде тарихты түсінуі заңдылық деп есептейтін деңгейге жеткізуге бар білімім мен білігімді жұмсауға бекініп, бел байладым әрине көптеген кедергілер болды бірақ өзімнің бар біліктілігімді ортаға салдым. Жоғарыда айтқанымыздай Отан тарихы – көптеген өзекті стратегиялық мәселелерді шешетін пәнге айналып, гуманитарлық ғылымдар кешенінде басты орын алуда, сондықтан оқушылардың қызығушылығын көтеруді маңызды санаймын. Күрделі есептің шығарылу жолын білетін оқушының, ауызша пәннен үлгірімі төмен болмауы тиіс, ал шешен оқушының барлығы есепке жүйрік бола алмайды.

Зерттеу тақырыбыма негіз болатын тіректер және осы зерттеу барысында неге қол жеткіздім:

  • Бірінші, тарих пәніне жаңаша көзқарас қалыптастыру, бұған менің сабақтарымда бұрын қолданылып көрмеген сын тұрғысынан ойлау әдісін енгізу арқылы қол жеткіздім. Бұрын оқушыларға сұрақтарды қойып балалар кітаптағы бар жауапты айтып беріп соған қанағаттанып, оқулық ауқымымен шектелетінбіз. Мысалы, Тәуелсіздік туралы заңның қабылдануы, Тәуелсіздіктің негізгі ұстанымдары, Қазақстанның мемлекеттілік тәуелсіздігінің тарихи маңызы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы деген сияқты жеңіл, бірақ сөйлеммен жауап беретін сұрақтар қоюмен шектелдім. Осындай мазмұндағы жеңіл сұрақтардан алшақтап, тәжірибе барысында неліктен КСРО-ның таратылуы туралы мәселені оған кіретін 15 одақтас республикалардың өкілдері емес, үш славян мемлекетінің басшылары шешті деп ойлайсыңдар және тарихи маңызын сараптап, пайымдарыңызды ортаға салыңыз, Көрші туыстас елдердің тәуелсіздік алуы кезіндегі айырмашылықтар мен ұқсастықтарын салыстырыңыз оқушыны өзгертуге, қалай ойлауға үйретем, дағдыландырам дей жүріп, мен ұзақ ойландым, мұғалімнің ізденісі аз болса оқушының да таяз ойлайтынын түсіндім. Оқушыларлың пәнге деген қызығушылығын артттыру, сабақ бағытын түбегейлі өзгертіп (менің осыған дейінгі түсінігім өзім жақсылап түсіндірсем балалар тыңғылықты түсінеді деген ойда болдым, бұрын мен сабақтың басым бөлігінде бәрін өзім айтып, оқушы тек тыңдаушы рөлінде отыратын, еш әрекет жасамайды) өздігінен білім алуға алғышарт жасау арқылы қол жеткіздім. Қызығушылықты көтеруге оқушыны ақпараттық ресурстармен, түрлі қосымша деректермен, әдебиеттерімен қамтамасыз ету арқылы, өздерін іздендіретін түрлі жаңа әдіс-тәсілдерді кеңінен сабаққа енгізу арқылы қол жеткіздім. Түйін: Жақсы көңіл-күй+Ресурстар+Ұтымды әдіс+Әдістерді түрленту+Тиімді орта+Дұрыс бағыт беру+Сын тұрғысынан ойланту сұрақтары=Үздіксіз қызығушылық. Осы орайда мына тұжырымға толық қосылуға болады: «Оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгеруге қол жеткізеді. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын қосатын көпірді салуға негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің екі жағында қадағалай білуі тиіс. Мұғалімдер оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін түсінуге тырысады». Тәжірбие барысында рөлім өзгерді бұрын бос ыдысты толтырушы, ақпараттың басты тасымалдаушысы болсам, кейін тиімді орта қалыптастырып бағыттаушы, шығармашыл, мотивация тудырушыға айналдым.

  • Екіншіден, оқушы көзқарасын, сыныптың сабақ жайлы пікірін үнемі бақылауда ұстау, ұсыныстарын қабыл алып сабаққа енгізу, келесі сабақта міндетті түрде өткен сабақтағы «оқушы үніне» мән бердім. «Осы айтылған бөлімді қорытындылай келе оқушының шығармашылық деңгейін көтеруге байланысты төмендегідей кесте ұсынғым келеді:








Шығармашылық деңгейлері қалай көтерілді

Жасалды

Жаңаша көзқарас арқылы

Жаңа тәсілдер арқылы өздігінен білім алуға, кітаптан тыс шығармашылық тапсырмалар алу алғышарт жасау

Бағалау арқылы, жиынтық бағалау және жұптық бағалау қалыптастыру

Сабақ жайлы оқушы көзқарасын әрдайым ескеру, оқушы үні



Тәжірбие алдындағы

Өзім көп сөйледім, қалыптасып қалған дәстүр бойынша үздік оқушыларға көп мән бердім,

оқушы іс-әрекеті аз

Презентациялар жасалды,шығармашылық аз, оқушы мені тыңдаушы, оқулықтағыны есте сақтаушы және қайталаушы тың ойларжоқтың қасы

Дәстүрлі, субъективті, оқушының пікірі ешқашан ескерілмейді

Кері байланыс ашық сабақтарда немесе көпшіліке берілген сабақтарда қолданылды және ол оқушылардың іс-әрекетінен байқалып тұрды

Тәжірбиеден кейін

Өзім сын тұрғысынан ойлай бастадым, жаңаша көзқарас, сыни ойлауға сұрақ құрас тырдым,

оқушы алғашқыда кібіртіктеді, төселді, ашылды

Сабақтағы оқушылардың және мұғалімнің рөлдері ауысты, бағыттаушы, таным үрдісін

ұйымдастырушы,оқушы белсенді, жауапкершілікті көбірек алады. Шығармашылық тапсырмаларды әр-бір сабақ соңында таласа үй тапсырмасы ретінде алды (деңгейіне сай)

Оқыту үшін бағалауға ауысты, топтық, жұптық, жеке бағалауды түсінді алғашқыда асыра сілтеушілік байқалды кейіннен әділеттілік орын алды

Әр-бір сабақ соңында өзім қорытындыламай өздері кері байланыс жасау арқылы болды. Оқушы үні арқылы сабақты түзедім,

қажеттіліктерін анықтадым, оқушы сабақ үрдісін жақсартуға

үлес қосты






Мектектегі тәжірибемді қорытындылап, оқушылар неге қол жеткізді және қалай өзгерді:

-Өзіндік көзқарас, пікір, жаңа идея туды.

-Білімді игеруге жауапкершілігі артты, бәрі өз қолдарында екендігін түсінді.

-Топтық жұмысқа дағдыланды.

-Өз әрекеттерін жоспарлау және ұйымдастыруға көшті.

-Бағалаудың жаңа түрлері арқылы, шығармашылық мотивация күшейді.

-Бастамашыл, белсенді, ең бастысы бұрынғыдай барлық ақпаратты менің бермейтінімді түсінді.

2.Мен неге қол жеткіздім және қалай өзгердім:

-Ешқандай қысымсыз бағыт беру, тиімді орта жасау арқылы, оқытуға үйрендім.

-Барлығын дайын күйінде ұсынуды доғардым, өзіндік әрекеттер мен қөзқарас қалыптастыруға итермелеймін.

-Монологтан диалогқа, жасандылықтан еркіндікке ауыстым.


Тәжірибе барысында кездескен қиындықтар:


Оқушылардағы:

Мендегі

Менің жоспарлап барған ойларымды жете түсінбеуі

Сылбыр оқушылардың қарқынды ойындарға, бәсекеге ілесе алмауы.

Алғашында менің тарапымнан ақпарат, түсіндірме күтуі, өздігінен іздентуге біршама күш жұмсалды.

Менің жоспарлап барған ойларымды жете түсінбеуі

Үлгерімі төмен оқушылардың тарапынан ынтаның аз болуы, өз ойларын ашып ортаға салмауы

Кейбір әдістердің ережесін бұрмалауы, мысалы жұпқа бөлінген кезде дос оқушылар бір жұпта болып ұпайларын тым жоғарлатып жіберген, шығармашылық тапсырмалар бергенде төмен деңгейдегі оқушы мен жоғары деңгейдегі оқушыларға жұптық тарсырма бергенде бірін-бірі түсінбеуі

Бағалауда оқушылардың объективті бола алмауы, кейбір оқушылар мұғалім сіз ғана бағалаңыз деп ұсыныс білдірді

Кей сабақтарда шамадан тыс тапсырмалар дайындап апарып, уақыттың жетіспеуі, мақсатқа толық жете алмауым

Оқушылардың тілге шорқақ болуы.

Оқушыларымның тілге шорқақ болуы.

Зерттеу нәтижелері: Оқушыны шығармашылыққа бaулу, оғaн зерттеу дaғдысын игерту бүгінгі білім беру сaлaсының мaңызды міндеті. Сондықтaн әрбір сaбaғымды оқушыны дaрa тұлғa ретінде жетілдіруге, оның шығaрмaшылық қaбілеттерін дaмытуғa aлғы шaрт жaсaуым керек деген қaғидaны бaсшылыққa aлып, мектептегі тәжірбиемде кірісер кезімде үлкен жaуaпкершілікті сезіндім. Тарих пәніне оқушылардың қызығушылығын, шығармашылық деңгейін көтерудің мектебім үшін неліктен маңызды сауалы төңірегінде ой қозғай отырып, мектеп ұжымымен сұхбаттасып мынадай тоқтамға келдім, өзім еңбек ететін мектебім үшін маңызы: оқушылардың осы пәнге деген қызығушылығын көтеру арқылы тарихи санасын тереңдету, оқу сапасын өсіру арқылы, мектептін жалпы білім сапасының көтерілуіне үлес қосу. Қазақстан тарихы пәнінде жүйелі түрлі заманауи әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушылардың сол арқылы тарихқа қызығушылығын, шығармашылығын көтеру арқылы толтырғым келеді. Тәжірибенің өзгеруі және білімнің жинақталуы негізгі бүгінгі қағида.


Менің болашақтағы іс-әрекеттерім:

-Оқушылардың мотивациясын әлсіретпеу үшін, басқа да оқыту әдістерін сабағыма енгізіп, түрлентіп отыру.

- Басқа мұғалімдермен үздіксіз тәжірибе алмасу

- Бағалау критерийлерін жетілдіру.

-Шығармашылық деңгейлерін көтеріп отыру.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Жартынова Ж.А, Ким В.Н, Карнилова Т.Б, Қойлық Н.О, Оракова А.Ш. Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару /әдістемелік құрал.- Алматы, 2014.

  2. Құдайбергенова К.С. «Мектептегі іс-әрекетті зерттеу» әдістемелік құрал. Алматы, 2013.






Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Краткое описание документа:

«Тарих сабағында шығармашылық деңгейіндегі тапсырмалар беру арқылы оқушылардың мотивациясын көтеру»

Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол нағыз ұстаз. Л.Н.Толстой

Баяндамада әрбір оқушының (олардың таланттары және дарындарына, жас ерекшеліктеріне сәйкес т.б) жеке қажеттіліктерімен байланысты проблемалар және оларды шешуіне қолдау көрсету. Мектептегі білім беру үлгісін жүзеге aсыру, оқушылaрды сын тұрғысынaн ойлaуғa бaулу және оқу мен оқыту деңгейлерін дaмыту қaжеттілігі туындaйды. Стронгтың aйтуыншa: «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлғa-мұғaлім». болғaндықтaн, келешектегі мектептің түбірлі өзгерісі де мұғaлімге бaйлaнысты.

Баяндаманың мaңыздылығы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауға және шығармашылық қабілеттерін дамыту күн тәртібінде тұрған негізгі мақсат. Мектептегі білім беру үлгісін жүзеге aсыру, оқушылaрды сын тұрғысынaн ойлaуғa бaулу және оқу мен оқыту деңгейлерін дaмыту қaжеттілігі туындaйды. «Қоғaм өзгеруде, ендеше мұғaлім де өзгеруі тиіс» деген қaғидaны бaсшылыққaaлa отырып әрекеттендім. Ең aлдымен aлғa қойғaн мaқсaтым–зaмaн тaлaбынa сәйкес өзімнің өзгеріп, зaмaнaуи үлгідегі сабақ берудіaры қaрaй жетік меңгеріп, тәжірибемде қолдaну.

Общая информация

Номер материала: 265784

Похожие материалы