Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Тарих сабағында жаңа инновациялық технологияларды пайдалану.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

Тарих сабағында жаңа инновациялық технологияларды пайдалану.

библиотека
материалов

Тарих сабағында жаңа инновациялық

технологияларды пайдалану.


Елбасымыздың «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты жолдаудың негізгі тірегі – әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру болып табылады. Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу, тәуелсіз еліміздің болашағы жастардың білім алуына ерекше көңіл бөлді.

ҚР «Білім туралы» заңында « Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтары, ғылым мен практика жетістіктерінің негізінде жеке адамды қалыптастыруға дамытуға және оның кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алуға қажетті жағдайлар жасау» деп көрсетілген. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағымы күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту мектептің басты міндеті болып табылады. Ол бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару мұғалімнің қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылығының жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет.

Тарих ғылым және пән ретінде білімнің аса маңызды саласына жатады. Өйткені ол бүкіл адамзаттың тарихын, жүріп өткен жолын, жинаған тәжірибесін баяндайды. Тарихты білу әрбір адамға қажет әрі пайдалы. Сонда ғана адам өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы орнын, істейтін қызметін дұрыс анықтайды, келешегін де болжай алады. Белгілі ойшылдардың, ғұлама ғалымдардың тарихтың маңызы туралы айтпағандары кемде-кем. Әбу-Насыр әл –Фараби: «тарихты білмей –өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын» - десе, Н.М.Карамзин: «Тарих – әрбір ұлттың ең басты кітабы» дейді.

Тарих сабағының неғұрлым тиімді жаңа түрлерін пайдалану оқушы белсенділігін арттыруда зор маңыздылығын айта келе, өз педагогикалық қызметімде пайдаланып жүрген білім беру технологияларына тоқталғым келеді.


Бірінші В.Ф.Шаталовтың технологиясының басты мақсаттары:

  • Оқушының білім беру дағдысын қалыптастыру;

  • Оқушылардың барлығын оқыту;

  • Жеделдете оқыту;

Принциптері:

  • Үздіксіз қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, ірі блоктар бойынша оқыту, трек сигналдарын пайдалану;

  • Жекелей әрекет жасау;

  • Ізгіліктік (барлық балалар дарынды);

  • Мәжбүрсіз оқыту;

  • Түзетуге, өсуге, жетістікке жетелеу, жетістігін жариялау, шиеленіссіз оқыту;

Мазмұндық ерекшеліктері:

  • Оқу материалы ірілендіріп беріледі;

  • Блоктық түрде беріледі;

  • Оқу материалы тірек үлгі – конспекті түрінде беріледі;

Тәрбиелік мәні:

  • Еңбекке қатыстырылады;

  • Еңбек сүйгіштікке тәрбиеленеді;

  • Оқушының еркі дамытылады;

  • Өзіндік танымдылығы, жауапкершілік, адалдық, жолдастық, қасиеттері қалыптасады.


Әдістеме ерекшелігі:

Теориялық блогі – Бағыттылық негізі (БН) – ақпаратқа кіріспе (Түсіндіру) – айту – үйде өзіндік жұмыс орындау, І-қайталау. (тірек сигналы конспектісін жаппай қабылдау), ІІ-қайталау (түсінгенін сұрау),ІІІ-қайталау (өзара бақылау)

Тәжірибе блогі – тәжірибелік жұмыс (жаттығу)- есеп шығару (жаттығу)-қорытынды:оқушылар білім беру дағдыларын және ойлау қызметінің әдісін жүйелі қолдану.

Мысалыға 8-сыныпта «1867-1868 жылдардағы реформа» тақырыбына байланысты өткен сабағымда В.Ф.Шаталовтың тірек-сызба арқылы қарқынды оқыту технологиясын пайдаландым.

Екінші Ж.А.Қараевтың «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» білім беру технологиясы-нәтижеге бағытталған білім беру құралы.

Деңгейге бөліп оқытудың тиімділігі:біріншіден,оқушының психологиялық танымы, екіншіден,теориялық дайындығы есепке алынуы тиіс. Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім оқушының нені меңгергенін,нені меңгермегенін біледі. Соның нәтижесінде оқушыда намыс оты оянады, басқалардан қалып қалмауға тырысады. Бұл технология біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға көмектеседі,өйткені ол оқушының ойлау қабілетін, ынтасын, белсенділігін көтереді. Әр оқушының оқушылық деңгейде білім алуына мүмкіндік береді. «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» педагогикалық технологиясы оқушының да , мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған.


«Үш өлшемді әдістемелік жүйе» білім беру техноголиясының мақсаты :

  • Мектеп бітірушінің барынша көп білуі емес,оның өзіне қажетті білімді өзі білу;

  • Тиімді шешімді табуға үйренуі;

  • Оқу,кәсіптік,тұрмыс мәселесін кез-келген жағдайда шешуі;

  • Ішкі өзіндік қажеттілігін қанағаттандыратын;

  • Әлемдік білім кеңістігінде көріне алатын;

  • Шығармашыл іс-әрекет жасай алатын жеке тұлға қалыптастыру.

«Үш өлшемді әдістемелік жүйе» білім беру техноголиясының ерекшелігі:

Оқушы білімі анық бағаланады. Белсенділігі артады. Ой еңбегі жетіледі. Белгілі бір нәтижеге жеткенін іштей сезеді. Өзіне-өзі деген сенімділігі артады. Өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға тәрбиелейді. Шығармашылық деңгейге дейін жетуге ұмтылады, қызығушылығы артады. Зер сала қарасақ, оқушының білімді қабылдау деңгейі сыни баға беруге дейін көтеріледі. Технологияның тиімділігі мен ерекшелігі де осында.

Мен осы «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» білім беру техноголиясын 7-сыныпта өткен ашық «§20.Ғылым мен білімнің дамуы» тақырыбындағы сабағымда деігейлік тапсырма-сұрақтар беру арқылы сабақты қорытындыладым.

І-деңгейлік тапсырма-сұрақтар:

1.Әбу-Насыр әл –Фараби дүниеге келген қала:Отырар

2.Жүсіп Баласағұни дүниеге келген қала-Баласағұн

3.Махмуд Қашқариді шын аты- Махмуд Хусейн ибн Мұхаммед

4.Ахмет Иүгнекидің шын есімі : Әбүд Ахмет Махмұдұлы

5.Қожа Ахмет Иассауйдің дүниеге келген қаласы : Сайрам

ІІ-деңгейлік тапсырма-сұрақтар:

  1. Жүсіп Баласағұнидің атақты еңбегі: «Құт негізі - білік»

  2. Ахмет Иүгнекидің бізге жеткен еңбегі: «Ақиқат сыйы»

  3. Қожа Ахмет Иассауйдің әкесі , атақты ғұлама ғалым: Ибрахһим

  4. Қожа Ахмет Иассауйден қалған ұлы мұра – «Даналық кітабы» немесе «Диуани-и-хикмет»

  5. Мұсылман дінінің енуіне байланысты пайда болған ғимарат-мешіт.

ІІІ-деңгейлік тапсырма-сұрақтар:

1.Шығыстың аса көрнекті ғылымы Әбу-Насыр әл –Фараби шығармаларын қай тілде жазды? Араб тілінде

2. өз еңбектерінде адам дүниені және оның мәнін өзінің сезім мүшелері мен ақыл –ойы арқылы таниды деп түсіндірген ғалым : әл –Фараби

3. Махмуд Қашқаридің еңбегі қалай аталады? «Диауна лұғат ат-түрік»

4. Жүсіп Баласағұни «Құтадғу негізі-білік» еңбегін Басағұнда бастап қай қалада аяқтаған? Қашқарда аяқтаған.

5. Қожа Ахмет Иассауйдің жолын қуған шәкірттерінің бірі – ғұлама ақын,ел ішінде Хакім ата аталған : Сүлеймен Бақырғани

Үшінші Н.А.Оразақынованың сатылай кешенді талдау білім беру техноголиясының мақсаты:

Білімді,ұлттық заңдылықтарды бағай білетін ұстамды, алғыр,жан – жақты дарынды, шығармашылық ізденіс, зерттеу жұмысын жүргізе алатын тұлғаны қалыптастыру...

Және де Н.А.Оразақынованың сатылай кешенді талдау білім беру технологиясын 5-ші және 7-ші сыныптарда қолдандым. Әсіресе,Қазақстан тарихы пәнінен қоғам қайраткерлерінің өмірі туралы , дүние жүзі тарихы пәнінен әр мемлекет бойынша тақырыптарды өткенде берілген талдау бойынша жаңа сабақты түсіндіру кезеңінде пайдаландым. Мысалы, 5-сынып бойынша «әл-Фараби – шығыстың ғұлама ғалымы» тақырыпты өткенде жаңа сабақты қабілетіне ,өз ойын қорыта айтуға , тарихи деректермен жұмыс істеуге қозғау салады. Пәнге деген қызығушылығын туғызады. Пән бойынша жақсы нәтиже көрсеткішіне жеткізеді.




Тарихты оқыту әдістемесі пәні және оның даму кезеңдері


hello_html_23c41657.png

Адам баласы Қазақ сахарасында пайда болып, қазақ ұлтының кіндік қаны тамған Еуразия жүрегінде орналасқан ұлан-ғайыр жері бар Қазақ елі дүниежүзілік тарихта өзінің оң істерін қалдырып келуде. Ал Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алып, Жаңа даму жолына түсуіне байланысты оның халықаралық және ішкі қоғамдық-саяси жағдайларында үлкен өзгерістер болып жатыр. Бұл Қазақстан Республикасы Конституциясының 1, 2 баптарында былай деп көрсетілген: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары».[1.4б.]

                Еліміздің Конституциясында қойылған бұл асыл мұраттар қоғамның материалдық алғышарттарымен қатар рухани игіліктерін де жасауды қажет етеді. Ол сөз жоқ халықтың білімін көтерумен тығыз байланысты. Бұл өз тарапынан мектептердің қызметін, әсіресе онда оқытылатын пәндердің білім мазмұнын, оларды оқыту әдістемесін тезірек жаңартуды, жетілдіруді күн тәртібіне қойып отыр. Осыған байланысты қазіргі уақытта қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытудың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық маңызы бұрынғыдан да арта түсуде. Оларға «Білім туралы Заң», «Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы» сияқты мемлекеттік құжаттарда да айрықша көңіл бөлінген. Аталған салаларда білім беруде Қазақстан тарихын оқытудың орны ерекше. Өйткені өзінің туып-өскен өлкесінің, елінің және оның халықтарының тарихын жақсы білмеген оқушы өз халқын білмейді. Халқының қадірін білмеген адам басқа халықтарды лайықты құрметтеуі мүмкін де емес. Ондай жастардан болашақ қоғамның белсенді мүшелерін, қоғам, халық, Отан үшін бар күш-жігерін сарқа жұмсайтын, жан-жақты білімді азаматтарды тәрбиелеп шыға алмасымыз да ақиқат. Қазақстанның қазіргі халықаралық жағдайы, оның дүниежүзілік қауымдастықтағы белгілі мемлекеттердің қатарына қосылуы, дүние жүзінің көптеген елдерімен түрлі салада байланыс жасауы да оның әрбір азаматына өз елінің тарихын жақсы білуді қажет етеді.

Қазақстан Республикасының Президені Нұрсұлтан Әбішұлының 1998 жылдың неліктен ұлттық тарих жылы деп жариялануы туралы айтқанын келтіру де орынды. «Бұл – тәуелсіз Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы-бергі тарихи жолын ой елегінен өткізіп, «Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?» деген төңіректе ойлансын деген сөз. Бұл – … туған елінің, туған халқының тарихы ешкімнен де олқы еместігін түсінсін деген сөз. Бұл – … әрбір азамат… өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кең-байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз».[2.12б]

Осы жағдайлар Қазақстан тарихын алдымен мектепте, сондай-ақ мамандық беретін басқа да орта оқу орындарында оқытуды ғылыми-әдістемелік жағынан мүлде жаңа деңгейге көтеру зор маңызға ие болып отыр.

                Қазақстан тарихының материалдары жалпы білім беретін мектептерде ресми түрде 1958-59 оқу жылынан бастап оқытылып келеді. Бірақ та тарих сабақтары КСРО тарихы құрамында үзік-үзік оқытылғандықтан оны оқытуда көптеген қайшылықтар орын алды. Олар: білім мазмұны мен Коммунистік партияның, Кеңес үкіметінің оны оқытуға қойған талаптары; оқу бағдарламалары мен оқулықтар; білім мазмұнының көлемі, оның күрделілік деңгейі мен оқушылардың мүмкіндігі, жас ерекшелігі; оқыту әдістемесі талаптары мен курстың оқытылу жайы; пәннің оқу-материалдық базасына қойылатын талаптар мен оның іс жүзіндегі мүмкіндіктері арасындағы және басқа да қайшылықтар.

                Осыған қарамастан соңғы отыз жылда мектепте Қазақстан тарихын оқытудың жеке мәселелері ғана зерттелді. Солардың нәтижесінде әдістемелік көрнекілік құралдарын дайындау және пайдалану (И.Қадірбеков), мәдениет тарихын оқыту әдістемесі (К.Каменир), тарихи-көркем әдебиетті пайдалану (К.Аманжолова), тарихи ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі (Е.Жевако), оқулықтардың ғылыми-әдістемелік негіздері (М.Зарифова), 5-сынып оқушыларында халықтар достығы жайлы білімдерді қалыптастыру әдістемесі туралы (Б.Әбдіғұлова) еңбектер жарық көрді. Оның аса маңызды проблемаларын, яғни білім мазмұнын анықтауға, оқыту әдістемесін тұтас қамтитын, немесе оны жетілдіріп, қалыптастыруға бағытталған зерттеулер жүргізілген жоқ. Қазақ қоғамы, Қазақстан тарихының мектепте қашаннан бастап, қандай ретпен оқытылғанын, курстың қалыптасып даму үрдісін, оның барысында орын алған проблемалар мен тенденцияларды анықтап, талдап саралайтын да еңбектер жарияланған емес.[3.4б.]

                Кеңес мемлекетіндегі одақтас ұлттық республикалар мектептерінде өз республикалары тарихын оқытудың жеке проблемалары да ғылыми әдістемелік тұрғыдан зерттелді. Қазақ халқына тілі, тарихы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, діні ортақ түркі тілдес республикаларда осы курстың иқұылымы мен мазмұны, КСРО тарихымен байланыстыра оқытудың әдістемелік жолдары, патриоттық және интернационалдық тәрбие беру, оқыту әдістемесі мәселелері, сыныптан және мектептен тыс жұмыстар сияқты жеке проблемалары қарастырылып, олардың КСРО мектептерінде ұлт республикаларының тарихын оқыту әдістемесін жетілдіре түсуге пайдасы тигендігін жоққа шығармаймыз. Бірақ аталған зерттеулердің бәрі де кеңестік дәуірде 1980-жылдарға дейін жүргізілді, ал Қазақстан Республикаасының өзінің тәуелсіздік алғаннан бері тарихтың бұл курстарын оқытуда түбірлі өзгерістер, жаңалықтар болғаны белгілі.

                1990-жылдардан бастап бұл курс дербес оқу пәніне айналып, оның білім мазмұны мен оқытуға бөлінген сағат саны 5-6 есе өскендіктен және де халыққа білім беру саласында дүниежүзілік білім стандартына сай, Қазақстан Республикасында болып жатқан маңызды өзгерістерге байланысты бұл пәнді мектепте оқыту әдістемесінің проблемасын шешудің қажеттілігі арта түсті.

                Қазақ халқының ғасырлар бойы ту етіп ұстаған арманы орындалып, 1990 жылы 25 қазанда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы «Декларация» қабылдады. Онда, Тәуелсіз Қазақстанның жаңа даму жолына түсетіні, ізгілікті, демократиялық, құқықтық мемлекетті құруға бел байлауды негіге алатыны айта келіп:

                «Қазақ халқының және Қазақстанда тұратын басқа да ұлттардың төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту және олардың ұлттық қадір-қасиетін нығайту Қазақ ССР Мемлекеттігінің аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады» деп көрсетіледі.[3.6б.]

                Бұл жағдайлар мектепте Қазақстан тарихын оқытуды мүлде жаңа деңгейге көтеруді талап етіп отыр. Демек, пәннің оқыту мақсатын, білім мазмұнын өзгертуден бастап, бүкіл оқу-әдістемелік жүйесін жаңарту күн тәртібіндегі маңызды мәселе екені түсінікті. Бұларда алдымен Қазақ, Қазақстан тарихын оқыту кезеңдерін, оның курс болып, қалыптасып жетілуін, соны қалыптастыруда қандай тенденциялар бел алды, мұның бәрі оқу жоспарларында, бағдарламаларда, оқулықтарда қалай көрініс тапты, оқытуда байқалған проблемалар қандай еді – деген мәселелерді шешкенде ғана жүзеге асыра аламыз. Сонымен қатар, мектептер мен мұғалімдердің талайдан жинақтаған тәжірибелерінің ұнамды, ұнамсыз жақтарын ғылыми ой елегінен өткізу де келелі мәселелердің бірі. Осыдан кейін барып қана жаңа пән – Қазақстан тарихы әдістемесінің қалыптасуы деген маңызды ғылыми проблеманы шешуге болады.

                Жарияланған мәселелерді талдаудың, зерттеу мәселесінің даму дәрежесінің көрсеткеніндей, проблеманың жүйелі зерттелмеуі қарама-қайшылықтарды тудыруда. Оларды шешу жолдарын қарастыру зерттеу проблемасын айқындайды.

                Қазақстан тарихын мектепте оқытудың жеке мәселелері ғана қарастырылып, бұл проблеманы зерттеуде жүйеліліктің жоқтығы оның бүгінгі таңда өзекті мәселе екенін дәлелдейді.[3.6б.]

                Тарихтан белгілі, Кеңес өкіметі орнағаннан кейін мектептерде тарих пәнін оқытуда қасаң марксизм идеялары басшылыққа алынып, мектептің таптық, партиялық болуы басты идеологиялық ұстаным ретінде қаралып келді. Траих пәнінен жаңа оқулықтар болмағандықтан, салыстырмалы түрде бұған дейін тәуірлеу делініп келген Виппер, Коваленский оқулықтары қайта басылды. Оларды пайдаланғанда Н.К.Крупскаяның, А.В.Луначарскийдің, М.Н.Покровскийдің тарихты коммунистік рухта оқыту жөніндегі айтқан, жазған нұсқаулары басшылыққа алынды.

                1921 жылдан бастап тарих пәні мектептің оқу жоспарынан дербес пән ретінде шығарылып, оның материалдары «Қоғамтану» пәнінің құрамына ендірілді. Оның бағдарламасы мен оқулықтарында азаматтық тарихқа, тарихи қайраткерлерге, тарихи оқиғаларға орын мүлде аз берілді. Мұның өзі оқушылардың тарихтан жүйелі, тиянақты білім алуына, оларда тарихи сананың ойдағыдай қалыптасуына кедергі келтірді.

                Белгілі әдіскер Тотай Тұрлығұл Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінің даму, қалыптасу тарихын шартты түрде 4 кезеңге бөліп қарастыруды ұсынады, олар мынадай: 

1-КЕЗЕҢ. Ы.Алтынсарин заманынан 1917 жылға дейінгі аралық. Мұнда кейінгі кезеңдерде осы курстың, пәннің оқыту әдістемесінің біртіндеп қалыптасуына осы алғашқы дәуірде қандай теориялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік негіздер жасалды деген сауалға жауап беріледі;

2-КЕЗЕҢ. 1917-1959 жылдар аралығын қамтиды. Қазақстан мектептерінде тарихты оқыту әдістемесі, соның құрамында Қазақстан тарихы материалдарын оқыту әдістемесінің іргетасы қалана бастаған кезең;

3-КЕЗЕҢ. 1960-1990 жылдардың бас кезі. Бұл кезеңде Қазақстан тарихы мектептің оқу жоспарына енгізілді. Білім мазмұны анықталып, бағдарламалары мен оқулықтары, әдістемелік құралдары жасалды, арнайы курсқа айналды, әдістемесінің негізі қаланған кез.

4-КЕЗЕҢ. Кеңестік дәуірдің ыдырауымен басталады. Қазақстан тарихының мектептің оқу жоспарына дербес пән болып енгізілуіне байланысты, оны оқыту әдістемесінің бұрынғыдан да жетіле түсіп, бүгінде дербес пән әдістемесі ретінде қалыптасып, жаңаша дами бастады.[3.24б.]

                Қорыта келе айтпағымыз, өткен тарихымызды оқып білмеген болашақ ұрпақтың болашағы да бұлыңғыр болатыны баршаға аян. Осыдан да болар студент жастармен жас ұстаздарға тарих пәнін оқытуда тарихты оқыту пәнінің пәндік мақсат-міндеті мен пән ретіндегі даму кезеңдерімен, сол кезеңдердегі еліміздің өткен тарихын оқытудағы ақтандақтарын әдейі бұрмаланып саясаттандырылған кезеңдердің ара жігін ажырата білу, келешек жас маман оқытушы қауым үшін маңызды мәселе болып қалмақ. Өйткені, Отан тарихы – оны оқыту әдістемесі – бүкіл жастарға білікті маман болып қалыптасуымен қатар патриоттық тәрбие берудің негізі.   










ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

ҚР Конституциясы. Алматы, «Қазақстан», 1995.

// Егемен Қазақстан – Н.Назарбаев «Қазақтың бүкіл тарихы, тұтастану тарихы». 1998, 18 наурыз.

Тұрлығыл Т. – Қазақстан тарихы мектеп курсының және оны оқыту әдістемесі қалыптасуының ғылыми негіздері (1934-1997жж.) . Алматы 1998.

Қозыбаев М. Қазақ халқына қарыздамыз.// «Жалын» 1989, №6.

ҚР Халыққа білім беру министрлігінің 1989 жылғы 14 маусымдағы №547 бұйрығы.

Қозыбаев М., т.б. Қазақстан тарихы. 9 сынып. Алматы «Мектеп»2005.

Тұрлығылов Т. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003.

Тұрлығылов Т. «Тарих сабағын жетілдіру жолдары», Алматы, 1984.

Шаймерденова К.Ш. «Қазіргі сабақ және өзекті мәселелер», Алматы, 1990.

Ысқақов Ә. «Пысықтауды ұйымдастыру», Қазақстан мектебі, Алматы, 1987.

 Қасымбаев Ж.К. «Тарихты талғаммен оқыт», «Ленин жас», 1990.18 қазан.

 Төлеубаева К.М. 10-11 сыныптар үшін тәрбие сағаттарын өткізу, «Қазақ тарихы», Алматы, 1998. №3.

 Шолпақұлова Г. Педагогика ғылымында пәнаралық байланыс дамуының теориялық негізі.// Ұлт тағылымы.2005. 3.

 Бейсенбаева А.А. Мектептегі оқу-тәрбие процесіндегі пәнаралық байланыс. Алматы. 1991.

Төлеубаева К.М. Отаншылдық рухы әлсіремесін десек, Қазақ тарихы, Алматы, 1998 № 3.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 22.11.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров250
Номер материала ДБ-379953
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх