Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
1 слайд
Мұғалімнің тәжірбие эксперименттік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Өскемен қаласы әкімдігінің “Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі
Жақсыбаева Мадина Солтаншариповна”
2 слайд
“Мектептің жаны- мұғалім.Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалімді білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі –білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім”.
А.Байтұрсынов
3 слайд
Мұғалім
жан-жақты білімді
сезімтал
мейірімді
мәдениетті
интеллектуалды
парасатты
шығармашыл
4 слайд
Мақсаты :
Мектеп жағдайында баланың тұлғалық даму динамикасы, оқушылардың танымдық құзыреттілігінің даму ерекшелігін қамтамасыз ететін педагогтардың кәсібилік дамуын педагогикалық-психологиялық ұстанымдар негізінде талқылау және зерттеу болып табылады.
5 слайд
міндеттері:
Оқушылардың танымдық құзыреттіліктерінің дамуына және де педагогтардың кәсібилігін жетілдіруіне кедергі болатын педагогикалық-психологиялық себептерді талдау.
Оқушылардың танымдық құзыреттіліктері, педагогтардың кәсіби дамуы бойынша ұсыныстар жасау.
Педагогтардың ішкі әлемін қалыптастыруға ықпал жасау, ішкі психикалық күшін дамыту, кәсіби өзіндік саналауын кеңейту, кәсіби қызметте жетістікке жету.
6 слайд
объектісі:
мектептің оқушылары мен мұғалімдері.
пәні:
Мұғалімнің кәсіби деңгейі және оқушылардың танымдық құзыреттілігінің қалыптасуының қасиеті және ерекшеліктері.
7 слайд
Болжамы:
Мектеп – жеке тұлғаның танымдық құзыреттілігін дамыту, тәрбиелеу, сапалы білім беру орталығы ретінде педагогикалық-психологиялық қолдауды құрастырады.
8 слайд
Педагогикалық-психологиялық қолдау - негізгі мақсатқа жетуге негізделген, тұтастай және мақсатты бағытталған мектептің іс-әрекет жүйесін құруға жағдай туғызады. Жеке тұлғаның танымдық құзыреттілігінің дамуына негізделген әрбір мектептің өзінің құрылымы, білім беру мазмұны, өмірлік іс-әрекетін ұйымдастыру ерекшеліктері болады.
9 слайд
ТЭЖ 3 деңгейде орындалады:
Тану деңгейі – ең алдымен оқушыны білу керек. Оның даму деңгейін, өзекті мүмкіндіктердің нақты көрсеткішін білу керек, оқушының дамуына және оқуына мектеп ортасы жағымды ма екенін білу, қазіргі уақытта онда сәтті дами алама соны білу. Сонымен бірге мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіруге мүмкін болатын жолдарды іздеу, жағымды жағдай туғызу.
Жылжымалы деңгей – бұл этапта оқушыларға және педагогтарға мектеп ортасы барынша жағымды болуы үшін, мектеп ортасын жаңартып, құру керек. Осы ортамен өзара әрекеттескенде пайда болған мәселелерді шешуде ОТЖ қатысушыларына көмек беру.
Қорытынды деңгейі – бұл этапта тану деңгейдің нәтижесінің мәліметтерімен салыстыру анализі өтеді. Нәтижелер қорытындыланады,атқарылған жұмыстың қорытындысы шығарылады.
10 слайд
Бағдарлама барысында келесі бағыттар орындалады:
Диагностикалық жұмыс
Дамытушылық жұмыс
Коррекциялық жұмыс
Әдістемелік жұмыс
Консультациялық жұмыс
11 слайд
Эксперименттік жұмысқа қатысушылардың құрамы:
Мектептің педагогикалық ұжымы
Мектеп оқушылар ұжымы
Ата-аналар ұжымы
12 слайд
Күтілетін нәтижелерді бағалау критерилерінің тұжырымдамасы:
Мектеп мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін дамыту;
Оқушылардың танымдық қызығушылығымен, оқу мотивацияларының дамуындағы жағымды өзгерістер;
Мектептегі психологиялық ахуалды қалыптастыру;
Оқушылырдың сыныптан тыс іс-әрекетіндегі шығармашылық белсендігін дамыту.
13 слайд
Болжам:
жағымды нәтижелер:
- өз бетінше шешім қабылдай алатын, бәсекеге қабілетті толыққанды дамыған тұлғаның қалыптасуы;
- оқу-тәрбие үрдісіндегі қолданылатын педагогикалық технологиялардың тиімдісін таңдап алу, мүмкіншілігі;
- мұғалімдердің кәсіби шеберлігінің шыңдай түсуі және өзіндік дамуының жоғарлануы;
- оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігінің артуы;
- мұғалімдердің қалалық сайыстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу санының өсуі;
- ғылыми-қоғам жұмысына қатысатын оқушылар санының өсуі;
- әр түрлі деңгейдегі сайыстарда, олимпиадаларда жүлделі орын алатын оқушылар санының өсуі;
- ғылыми ізденіс, зерттеу барысында мұғалімдердің және оқушылардың қызығушылығының артуы;
- мұғалімдер ұжымының және оқушылардың психологиялық адамгершілік ахуалының жақсаруы;
14 слайд
Мүмкін болатын жағымсыз көріністер:
- мұғалімдердің және оқушылардың жұмыс басты болуы;
- диагностикалық әдістердің әзір еместігі;
- мәселе бойынша қажетті ақпараттық қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі;
15 слайд
Қиындықты жою барысындағы мүмкіндігі бар атқарылатын жұмыстар:
- өзекті тақырып бойынша теориялық және практикалық семинар-тренингтер ұйымдастыру;
- кейбір сұрақтарды әдістемелік кабинетте қарастыру;
- педагогтардың әрекетін іс-жүзінде қолдануға қажетті нұсқаулар әзірлеу;
- психотренинг, психологиялық ұстанымдармен таныстыру;
- мұғалімдердің өз бетімен білім көтеруге мүмкіндік беретін бос күн беру (әдістемелік күн, мүмкіндігіне қарай).
16 слайд
Психологиялық жұмыс нәтижесін көрсететін жұмыс түрлері:
Педагогикалық кеңестердегі, ілімдік семинарлардағы, ғылыми конференциялардағы мұғалімдердің баяндамалары;
Мұғалімдердің педагогикалық оқуларға қатысуы;
психологиялық ұсыныстар әзірлеу;
Ізденіс тақырыбы бойынша диагностикалық мәліметтерді толтыру,зерттеу, талқылау;
Педагогтардың өзін-өзі дамуына көмектесетін психологиялық кеңестер беру.
17 слайд
ТАҚЫРЫБЫ:
«Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы ОҮӘЖТ әсері және оқушы мен оқытушы арасындағы субъектілік қарым -қатынас»
18 слайд
ӨЗЕКТІЛІГІ:
Тарих сабағында мұғалім мен оқушының суъектілік қарым – қатынастарын дамытуда жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру,шығармашылыққа баулу.
ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ:
« Тарих сабағында жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың бойына шығармашылықты және тарихи сананы қалыптастыру».
19 слайд
ЗЕРТТЕУ ПӘНІ:
«Қазіргі кезде қоғамдық - әлеуметтік өмірдің жаңаруына байланысты оқушыларды шағармашылыққа баулу және ондағы мұғалім мен оқушының субъектілік қарым-қатынасының әсері ».
ЗЕРТТЕУ БОЛЖАМЫ:
Жаңа технологияны сабақ барысында пайдалана отырып, оқушыларды шығармашылыққа баулу арқылы білім сапасын арттыру болғандықтан, зерттеу жұмысының нәтижесінде:
Мұғалім мен оқушының субъективті қарым-қатынасы дамиды.
Жеке тұлғаны азаматтық және құқықтық тәрбиелеу жүзеге асады.
Әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу.
20 слайд
ЗЕРТТЕУ УАҚЫТЫ:
1.Диагностикалық кезең. (2010-2011)
2. Эксперименттік кезең. (2011-2012)
3. Қорытынды кезең. (2012-2014)
21 слайд
МАҚСАТЫ:
Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясымен жұмыс жасай отырып, оқушының субъектілік қарым – қатынастырын дамыту процесінің педагогикалық- психологиялық шарттарын теория тұрғысынан қамтамасыз ету.
МІНДЕТІ:
1.Оқу жоспарын жасаған кезде субъект қарым-қатынастарын дамытудағы ерекшеліктерді басшылыққа алу.
2.Оқытуды дербестендіру арқылы шығармашылыққа баулуды бақылау.
3.Аталған технологияны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалана отырып, әр оқушының қоғамдағы әлеуметтік қатынастарда шығармашылық қабілеттерін қолдана отырып, білім сапасының артқанын дәлелдеу.
22 слайд
ЖОСПАРЫ:
1.Технологиялар туралы ондағы шығармашылық мәселесі жайлы ғылыми зерттеулермен танысу.
2. Жаңа технологияны пайдалану барысында шығармашылыққа баулуға байланысты диагностиканы дайындау, зерттеу жұмыстарын жүргізу.
3. Зерттеу кезеңдері бойынша оқыту тәрбие үрдісінде жұмыс жасай отырып, сынақтан өткізу.
4. Зерттеу жұмысының нәтижелерін сабақта және сабақтан тыс уақытта шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыра отырып, бағдарламасын жасау.
23 слайд
2010-2011 оқу жылындағы жоспар:
Оқушыларды ҒПК қатысу.
Олимпиадаларға қатысу.
Әр түрлі байқауларға қатысу.
Баспаға материалдар оқушының жіберу.
ДИАГНОСТИКАЛЫҚ КЕЗЕҢ:
1.Мектептің өзекті тақырыбына сәйкес, өзекті тақырыпты таңдап алу.
2. Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалана отырып, шығармашылықты дамыту туралы озық тәжірбиелер мен зерттеулермен танысып, материалдар жинау.
3.Тақырыптың өзектілігін ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде зерттелуін қарап, талдау.
24 слайд
2011-2012 оқу жылындағы жоспар:
Оқушыларды қалалық,облыстық ҒПК қатысу.
Оқушыларды қалалық,облыстық олимпиадаларға қатысу.
Әр түрлі байқауларға қатысу.
Баспаға материалдар оқушының жіберу.
Эксперименттік кезеңнің жұмысын талдау,нәтижесін анықтау.
ЭКСПЕРИМЕНТТІК КЕЗЕҢ:
1.Диагностикалық кезеңге толық бақылау жасау және оны анықтау.
2.Технологияны пайдалану барысындағы жеткен жетістіктермен шығармашылық жұмыстарға зерттеу жұмысын жүргізу.
3. Жеткен жетістіктерді бірлестік отырысында талдау және баға беру.
4. Өзекті тақырып бойынша ҒПК қатысу.
25 слайд
2012-2014 оқу жылындағы жоспар:
Оқушыларды қалалық,облыстық ҒПК қатысу.
Оқушыларды қалалық,облыстық олимпиадаларға қатысу.
Әр түрлі байқауларға қатысу.
Баспаға материалдар оқушының жіберу.
Эксперименттік кезеңнің жұмысын талдау,нәтижесін анықтау.
7- сыныптарға арналған тесттік жұмыс материалдарын кітапша ретінде шығару.
Зерттеу жұмысының қорытындысын баспаға жіберу.
ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢ:
1.Эксперимент кезеңге толық бақылау жасау және оны анықтау.
2.Технологияны пайдалану барысындағы жеткен жетістіктермен шығармашылық жұмыстарға зерттеу жұмысын жүргізу.
3. Жеткен жетістіктерді бірлестік отырысында талдау және баға беру.
4. Өзекті тақырып бойынша ҒПК қатысу.
5. 7- сыныптарға арналған тесттік жұмыс материалдарын кітапша ретінде шығару.
6.Зерттеу жұмысының қорытындысын баспаға жіберу.
26 слайд
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДА ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ АЙДАРЫМЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ЭКСПЕРИМЕНТ КЕЗЕҢДЕРІНЕ
АНЫҚТАМА
Эксперимент жүргізуші:
Жақсыбаева М.С. ( І санатты тарих пәні мұғалімі)
Эксперимент жұмысы ғылыми ақпаратта белгіленгендей бағдарламаға сәйкес кезеңі жүргізілді. Эксперимент жұмыс мерзімі 2010-2014 жылдар аралығында , яғни 5 оқу жылына жоспарланып, үш кезеңде жүргізілуде.
Соның ішінде :
1.Диагностикалық кезең. (2010-2011) - 6- сынып
2. Эксперименттік кезең. (2011-2012) - 7- сынып
3. Қорытынды кезең. (2012-2014) - 8,9- сынып
27 слайд
Диагностикалық картаның үлгісі.
28 слайд
ДИАГНОСТИКАЛЫҚ КЕЗЕҢ
Мектептің өзекті тақырыбына сәйкес әрбір бірлестік мүшесі өзіне өзекті тақырыпты таңдап алды. Соған сәйкес менің өзекті тақырыбым «Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда қазіргі кезеңдегі технологияларды қолдану және сол арқылы білім сапасын арттыру» болып отыр. Бұл зерттеу жұмысын бастамас бұрын, Г.Т.Селевко, Л.С.Выготский, «Дамытпалы оқыту», «Интерактивті оқыту», «Топқа бөліп оқыту», «Этнопедагогика», т.б. сияқты оқытудың жаңа технологиялары талданды.
Ж.А.Қараевтің «Деңгейлеп оқыту технологиясы» жайлы көптеген ғылыми әдебиеттер мен зерттеулермен танысып, деректер жинақтадым. Сол арқылы осы технологияның өз сабағымда қолдануды жөн көріп , 7- сыныпта әрбір тақырып бойынша тапсырмалар жасап, жеке сабақ жоспарын жасадым.
Осы аталған жұмыстардың нәтижесінде, ОҮӘЖТ жүйесінде сабақты жоспарлау,Модуль - бұл бірнеше параграфтардың жиынтығынан құралған ірі тақырып немесе тарау.
Педагогикалық технология дегеніміз тәжірибеде
іске асып, нәтиже беретін педагогикалық жүйенің жобасы.
Деңгейлік саралау оқушылардың білімін жаңа әдіспен, яғни рейтинг жүйесі бойынша бағалауға мүмкіндік береді. Деңгейлік тапсырмаларды (олардың қаншалықты орындап жатқанын бақылап отыру мақсатымен) оқушы тақтадағы ілулі тұрған тізімдегі және «жұмыс дәптерінің» соңындағы өзінің тұсына мұғалімнің тексеруінен кейін «+» белгісімен белгілеп отырады. Қалғанын үйде орындайды, олар «V» белгісімен белгіленеді. Берілген кесте «ашық журнал» деп аталады, көрнекі түрде тақтаның шетіне ілінеді. Бір-бірінің алға жылжуын бақылау мүмкіндігі олардың арасында жарысу жағдайын туғызады. Әр оқушы өзінің ілгерілеу динамикасын жоғары бағытта көрсетуге ұмтылады.
Білім сапасына жасалған талдау жұмысы.
Диагностикалық кезеңде зерттеу жұмысында озат тәжірбиелі ұстаздармен жолығып, олардың сабақтарына қатыстым. Мысалы:Кауменова Г.М., Орамалова А.Ж.,Байгунусова Г.С., Құсманова Г.Қ., Тулькубаева А,У.,Боккутова С.У.
Диагностикалық картаның үлгісі.
1.Диагностикалық кезең. (2008-2009)
Мектептің өзекті тақырыбына сәйкес әрбір бірлестік мүшесі өзіне өзекті тақырыпты таңдап алды. Соған сәйкес менің өзекті тақырыбым «Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда қазіргі кезеңдегі технологияларды қолдану және сол арқылы білім сапасын арттыру» болып отыр.
Ж.А.Қараевтің «Деңгейлеп оқыту технологиясы» жайлы көптеген ғылыми әдебиеттер мен зерттеулермен танысып, деректер жинақтадым. Сол арқылы осы технологияның өз сабағымда қолдануды жөн көріп , 7- сыныпта әрбір тақырып бойынша тапсырмалар жасап, жеке сабақ жоспарын жасадым.
29 слайд
ЭКСПЕРИМЕНТ КЕЗЕҢ.
Эксперименттің бұл кезеңі іріктелген эксперимент және байқау сыныптарына диагностикалық зерттеу жұмыстарын ұйымдастырумен басталды.Диагностикалық зертеу жұмыстарын ұйымдастыру барысында 7 «Г» сынып оқушыларының ата- аналары, пән мұғалімдері және сыныптас достарының пікірлері мен сауалнама алынды. Биылғы оқу жылында осы жұмыс психологиялық зертеу жүргізу жоспарланып отыр, соның қорытындысы бойынша , ББД сапалық деңгейін анықтау көзделіп отыр. Соның нәтижесі бойынша баспаға материалдар жіберу керек.
30 слайд
Тарих сабағында Ж.А.Қараевтің ОҮӘЖ технологиясын қолданудың нәтижесінде:
Бірлестік отырысында тәжірбие алмасу жүзеге асуда.
Шығыс Қазақстан Гуманитарлық колледжінде осы тақырыпта баяндама жасалып, алғыс хатқа ие болдым.
Ғылыми практикалық жобаларға қатыстым.
Қалалық сайыстарға қатыстым.
КАСУ баспасынан баяндаманы шығару, «Тарих сабағында Ж.А. Қараевтің ОҮӘЖ технологиясын қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру».
Дарын орталығы өткізген «Педагогикалық инновациялық технологиялар» фестивальіне қатысып, сертификат иелендім.
8- сыныптарға арналған Қазақстан тарихы бойынша тесттік тапсырмалар жинағын жасадым.
31 слайд
Тәжірбие- эксперимент жұмысы 2010-2014 оқу жылы аралығын қамтыды, соған сәйкес құрылған жұмыс жоспары шеңберінде жүйелі түрде жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде:
Мұғалім мен оқушының субъективті қарым-қатынасы дамиды.
Жеке тұлғаны азаматтық және құқықтық тәрбиелеу жүзеге асады.
Әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу;
Осы болжамдарды басшылыққа ала отырып, келесі мақсат қойылды:
Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясымен жұмыс жасай отырып, оқушының субъектілік қарым – қатынастырын дамыту процесінің педагогикалық- психологиялық шарттарын теория тұрғысынан қамтамасыз ету.
32 слайд
Әдебиеттер тізімі:
Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы. Егемен Қазақстан 2008ж.
7 ақпан
ҚР 2015 ж. дейінгі Білім беруді дамыту тұжырымдамасы . Егемен Қазақстан 2003 ж. 23 желтоқсан.
Г. Төлеубаев. Тарихты оқытудағы әдістемелік технологиялары. Қазақ тарихы, № 5,2009 ж.
Б.Жолдасов. Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану. Білім, №5,2007 ж.
Қ.Көнеев, А.қалыкова. Оқыту үрдісінде педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану. Білім,№ 3, 2006 ж.
Г.Ақпанбетова. Сабақта жаңа технологияны қолдану. Қазақ тарихы,№3,2010ж.
Ж.У.Кобдикова. (Ж.А. Қараевтың) Деңгейлеп оқытудың педагогикалық технологиясы . Алматы,2007 ж.
Пазылов Ә. «Дарындылармен жұмысты қалай жүргізген жөн?» // Қазақ тарихы. 2008.№ 7
Зақанова К. «Пән кабинетінің дарыңды шәкірттер тәрбиелеудегі рөлі » // Қазақстан тарихы. 2009 № 2
Нұрмыханова Г. « Жаңаша оқыту заман талабы» // Қазақстан мектебі. 2008 № 8
Қадасқызы А. « Дарынды бала – киелі бала» // Қазақстан мектебі. 2008 № 5
33 слайд
Терминологиялық сөздік
Субъект (латын сөзі)- бастауыш деген мағынаны береді.
Педагогикалық эксперимент- ғылыми, практикалық- зерттеу жұмысы, ғылымилығын зерттеу.
Педагогикалық стиль- танымдық іс- әрекет, еңбек әрекетінен басталады.
Оқытудың жүйелілігі- дидактикалық қағида.
Мониторинг- зерттеуді ұйымдастыру, информацияларды өңдеу түрлері.
Толерантность- өзгеріске немесе адамдармен қарым- қатынаста ұстамдылық таныту, орнықтылық.
Педагогикалық техника- мұғалімнің тәртібін ұйымдастыру.
Технология- (грек сөзі)- іс-әрекет әдісі, тәсіл жиынтығы.
34 слайд
Мұғалімнің кәсіби өсуінің жеке жоспары
2014-2015 оқу жылы
35 слайд
Ұлттық бірыңғай тест қорытындысы
Пәні: Қазақстан тарихы
36 слайд
Ұлттық бірыңғай тест қорытындысы
Пәні: Дүниежүзі тарихы
37 слайд
Сертификаттар
38 слайд
ҚАЕУ мастер класс сертификаттары:
1.Сын тұрғыда оқыту технологиясын сабақта меңгерту жолдары;
2. Научное знание и мифотворчество в современной историографии Казахстана
3. Актуальные вопросы организационного поведения
39 слайд
Іс- тәжірбие тарату
40 слайд
Марапаттаулар
Халықаралық
41 слайд
42 слайд
Облыстық
43 слайд
Қалалық
44 слайд
Баспа мақалалары
1.Жақсыбаева.М.С.Бәсекеге қабілетті ортада оқушыларды өмір сүруге дайындау // Шәкәрім хабаршысы, Семей., №1, -2007.
2.Жақсыбаева .М.С. А.И. Рыковтың саяси портреті. // ШҚМУ студенттерінің ҒПК материалдары, -Өскемен, -2004, -163-167 бб.
3.Жақсыбаева .М.С. Батый ханның қазақ тарихындағы орны. // ШҚМУ студенттерінің ҒПК материалдары, -Өскемен, -2003, -112-114 бб.
4.Жақсыбаева М.С. Бәсекеге қабілетті ортада білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологияның орны // КАСУ Материалы регионального семинара 29 апрель 2010г. Часть 2
5. Жақсыбаева М.С. Тіл – халықтың тұғыры // Д.Серікбаев ат.ШҚМТУ “А.Құнанбаевтың 165 жылдығына арналған ”ҒПК 2010ж. Қараша
6.Ақпараттық технологияны қолдана отырып, тұлғаның әлеуметтенуін қамтамасыз . 2010 Қараша ( ИПК Интернет- конференция)
7. Тәуелсіздік – ел тірегі.2010 желтоқсан Астана
8.Тарих сабағында Ж.А. Қараевтің ОҮӘЖ технологиясын қолдану арқылы оқушылардың пәнгедеген қызығушылығын арттыру. 2011ж. КАСУ «Мектеп- ЖОО» аймақтық ҒПК. Аймақтық
9. «Тарихты оқытудағы – жаңаша инновация» Баспа ИПК 2011-2012
10. КАСУ «Құқықтық білім беру заман талабы»баспа 2011-2012
11. КАСУ Аймақтық ҒПК : мектеп –колледж- ЖОО тақырыбы « сын тұрғысынан ойлау технологиясының тарих пәнін оқытудағы тиімділігі» КАСУ аймақтық ҒПК жинағы 7- бөлім 26.04.2013
12. «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қазақстан тарихы пәнінде қолдану тәжірбиесінен» Жинақ ШҚМУ 2012-2013
13. «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы тарих сабағында»КАСУ халықаралық ғылыми конгресс 27.09.2013
14. «Оқушыларды жаңа технологиялар арқылы шығармашылыққа баулу»КАСУ ҒПК жинақ 27.03.2014
15. «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын Қазақстан тарихы пәнінде қолдану тәжірбиесінен» Халықаралық ҒПК 11.12.2013
45 слайд
Баспа материалдары оқушылар
Сулейменов А.“ЭКСПО қарсаңындағы әлемдік қауымдастықтағы Қазақстанның келбеті” КАСУ жинақ 3-бөлім 27 наурыз 2014ж.;
Оралқанова Б. “Қазақстанға жер аударылғандар және олардың халық шаруашылығын қалпына келтіруге қосқан үлесі”КАСУ жинақ 7- бөлім 12 наурыз 2013 жыл;
Тлеужанова Ә. “Шығыс Қазақстан облысы тарихы” КАСУ жинақ 2- бөлім 24 наурыз 2012 жыл
46 слайд
Оқушы жетістіктері
Зерде ОҒПК
Зерде- 2012
Рыспаева Томирис
2-орын
7 “Г”сынып
Секция: тарих
Зерде – 2013
Шаймұратов Біржан
2-орын
6 “Г” сынып
секция: тарих
47 слайд
Оқушылардың командалық жетістіктері
“Зияткер топ”
1-орын
ШҚМУ
2012 жыл
Қашықтықтан өтетін олимпиада
Ресурс орталығы
2-орын
“Ұлттық валютаның 20 жылдығына арналған”
2014 жыл
Қашықтықтан өтетін олимпиада
Ресурс орталығы
3-орын
“ШҚО 80 жылдығына арналған”
2013 жыл
48 слайд
Экология және энергетика халықаралық олимпиада
Ерсаинова Жансая
11 “Г” сыныбы
3-орын
Манакова Замира
11 “Г” сыныбы
3-орын
49 слайд
Қалалық олимпиада жүлдегерлері
Икматуллаева Гуляйда
“Өлке тарихының білгірлері ”
ІІ- орын
8 “М” сынып
2013ж.
Еркінова Назерке
“Қазақстан тарихы”
І- орын
8 “Г” сынып
2012 ж.
50 слайд
Оқушылардың ҒПК
Сулейменов Азамат
“ЭКСПО қарсаңындағы Қазақстан келбеті”
Баспа
10 “Г” сыныбы
2013-2015жж.
Уалихан Ұлжан
“Алаш орда үкіметінің Шығыс бөлігі”
Баспа
9 “Г” сыныбы
2012-2013жж.
51 слайд
Халықаралық қашықтықтан олимпиада “Новый урок”жобасы
Айдабулова Мадина
2-орын
9 “Г” сыныбы
2014 жыл
Қатысушы куәлігі:
Оспанова Ә.
Агиянова Т.
9 “Г” сыныбы
2014 жыл
52 слайд
Мектептің өзекті тақырыбы
«Оқу тәрбие үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу негізінде оқушының тұлғалық қабілеттері мен мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыру».
Тарих, жаратылыстану бірлестігінің өзекті тақырыбы
Оқу үрдісінде жаңа технологияларды қолдана отырып, мұғалімнің кәсіби шеберлігінің негізінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, білім сапасын арттыру.
МҰҒАЛІМНІҢ ӨЗЕКТІ ТАҚЫРЫБЫ
Тарих сабағында жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылар бойында тұлғалық қабілеттерін дамыту
53 слайд
Нормативті құжаттар:
ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы,
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
ТЭЖ ұйымдастыру және іске асыру Ережесі 27.07.2015ж Бұйрық № 488
«Оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу негізінде оқушының тұлғалық қабілеттері мен мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін арттыру» атты 2015-2018 жылдарға арналған бағдарламасы
Мектеп- гимназияның дарынды оқушылармен жұмыс бағдарламасы
54 слайд
Елбасы Н.Назарбаев Жолдауында «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында оқу үдерісіне қазіргі заманға әдістер мен технологияларды енгізу қажет» деп атап көрсетті [1]. Осы орайда өскелең ұрпаққа жоғары сапалы білім беруді жүзеге асыру мақсатында еліміз нәтижеге бағытталған білім беру моделіне көшті.
Нәтиже дегеніміз - жеке тұлғаның құзыреттілігі. Ал нәтижеге бағытталған білім беру дегеніміз - жеке тұлғаның құзыреттілігін қалыптастыру. Құзыреттілік - ол терең білім. Оқушының құзыреттілігін қалыптастыру үшін мұғалімнің өзі құзыреттілікке жету керек.
55 слайд
Құзыреттілік-қойылған мақсатқа жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді жұмылдыруға дайындық; жеке және білім беру жүйесіне әлеуметтік тапсырысты құрайтын қоғамдық сұраныстарды қанағаттандыру мақсатында табысты әрекет етуге дайындық. Ал, құзірет оқушылардың білім , білік, дағдылары, әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен, олардың негізінде өмірдегі және кәсіби міндетттерін шешу қабілеттерінде және тәжірибесінде көрінетін білім нәтижесі тұрғысынан жетілдірілген.
56 слайд
Педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі міндетті.
Арнайы құзыреттілік — өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті.
Әлеуметтік құзыреттілік – кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті.
Білім беру құзыреттілігі – педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті.
57 слайд
Мектеп педагогінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың шарттары:
Әдістемелік құзіреттілік – оқытудың әр түрлі әдістерімен қарулану, дидактикалық әдістерді білу, оларды оқыту процесінде білім мен іскерлікті меңгерту үшін қолдана білу;
Зерттеушілік құзіреттілік – оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, құрылымы туралы жаңа білімді жасау үшін педагогикалық құбылысты, актілерді оқып үйренудің ғылыми әдістерімен қарулану;
Басқарушылық құзіреттілік - өз қызметі мен оқушы қызметін басқару тәсілімен, әдісімен қарулану;
Ақпараттық құзіреттілік – қазіргі ақпараттық технология – мен қарулану, қажеттісін пайдалану;
Коммуникативтік құзіреттілік - өзінің кәсібилігін үздіксіз жетілдіру, жеке және қоғамдық өмірді дамыту.
58 слайд
Мұғалім сабақта әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақты білімі қажет.
Қазіргі мұғалім:
• Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;
• Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;
• Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
• Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;
• Білімді, іскер, шебер болу керек;
Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу.
59 слайд
Қазіргі оқушы:
• Дүниетаным қабілеті жоғары;
• Дарынды, өнерпаз;
• Іздемпаз, талапты:
• Өз алдына мақсат қоя білу керек.
Оқыту үрдісіндегі қазіргі қарым-қатынас екі жақты болуы керек. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
60 слайд
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ.
«Құзыреттілік» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.
Құзырлылық – белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді.
61 слайд
Кәсіби құзіреттілік маманның әлеуметтегі дәл осы уақыттағы қабылданған стандарттар мен нормаларға сәйкес өзінің кәсіби педагогикалық қызметін атқаруға дайындығы мен қабілетін анықтайтын кәсіби білімдер жиынтығы немесе жекелік-кәсіби сипаттама.
Кәсіби құзіретті еңбек деп мұғалімнің педагогикалық әрекетті өте жоғары деңгейде атқара алуы, педагогикалық қарым-қатынасқа түсе алуы нәтижесінде оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейінің жоғары болуы деп санаймыз.
Кәсіби құзіреттілік бір нәрсе жайлы беделді ой, кесімді пікір білдіруге мүмкіндік беретін білімділердің сипаттамасы ретінде қарастырылады. Сондықтан оның құрылымына әлеуметтік психологиялық, аутопсихологиялық, коммуникативті, педагогикалық-психологиялық, әлеуметтік, перцептикалық құзіреттілік жатады.
62 слайд
Назарларыңызға рахмет!
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
6 653 471 материал в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Жаксыбаева Мадина Солтаншариповна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
500/1000 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 180 ч.
Курс повышения квалификации
72/108 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч. — 180 ч.
Мини-курс
4 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.