Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Тарих сабақтарында өлкетану материалдарын қолдану арқылы отаншыл жеке тұлғаны қалыптастыру»баяндама
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

Тарих сабақтарында өлкетану материалдарын қолдану арқылы отаншыл жеке тұлғаны қалыптастыру»баяндама

библиотека
материалов

«Тарих сабақтарында өлкетану материалдарын қолдану арқылы отаншыл жеке тұлғаны қалыптастыру»

Иманова Ләйлә Тлебалдықызы

«Өкпеті» орта мектебі кмм



ХХІ ғасырда ұлттық мәдениет пен өркениетті байланыстыра отырып жеке тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастыру – қазіргі таңдағы өзекті мәселе. Бүгінгі таңда оқушыларға отансүйгіштік тәрбие беруде халықтық дәстүрге негізделген батыр бабабалрымыздың ерлік дәстүрін насихаттай отырып, жан- жақты тәрбие жүйесін құру және тұлғаның патриоттық құндылықтарын дамыту арқылы қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға үлкен мән беріліп отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2006 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы жарияланды. Осыған байланысты оқушылар туған жердің тарихи мәдени ескерткіштерін әлеуметке насихаттау мақсатында ғылыми жұмыстар жазды.Бұл да өскелең ұрпақтың ғылымға деген және туған елге деген құрметі мен патриоттық сезімнен туындаған игі іс.

Маған бүгін керек емес ертегі,

Ертегіні балам өзі шертеді.

Тарих керек – іргетасы қазақтың,

Іргетассыз қаланбайды ертеңі - деп Қадыр Мырза Әлі атамыз айтқандай

тарихты білу – өзіңнің отбасыңның, әулетіңнің, туып өскен өлкеңнің тарихын білуден басталады . Елбасымыз тарихтың маңызы туралы «өркениетті алға бастырар ғылым десек, соның бірден бір саласы жас ұрпақты тарихтай отаншылдыққа , ұлтжандылыққа, әділдікке тәрбиелей алмайды». Өйткені ол бүкіл адамзаттың тарихын, жүріп өткен жолын, жинаған тәжірибесін баяндайды.

Ғұлама ғалым, біртуар геолог Қ.И.Сәтбаев өзінің жүрекжарды жан тебірентерлік сөздерінің бірінде былай дейді: «Туған жердің тағдыры толғантпаған , ол туралы жаны тебіреніп ойланбаған жігітті қайтіп азамат дейміз? Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес». Бұдан «жер– анаға» деген перзенттік құрметті көруге болады .

Келешек ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, өз халқының тұрмыс- тіршілігіне , тарихына көңіл аударудан басталады. Ендеше өз өлкеміздің , туған жеріміздің тарихын жас ұрпақтарға ұғындыру, ұстаздың шәкірт алдындағы басты парызының бірі.

Отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу үшін Отан тарихын сапалы әрі тиімді оқыту қажет. Бүгінгі орта білім беру жүйесіндегі Отан тарихын оқытуды «Өлкетану» пәні арқылы бекітетін болсақ, оқушының тарихи санасының қалыптасуы мен патриоттық сана- сезімі анағұрлым арта түсері анық. Себебі «өзгені тану үшін,алдымен өзіңді тани біл!» деген жалпыадамзаттық қағиданы басшылыққа ала отырып, Отан тарихын өлке тарихы арқылы оқыту маңызды болар еді.Ауылымыз тарихы ежелден келе жатқан тарихқа бай өлкенің бірі. Біз шәкірттерімізге тарихи білім беруде өз ауылымыздан ,өз өлкемізді зерттеуден бастадық.

Таңдау сабақтың мақсаты:-Өлкетану материалын оқыту арқылы оқушылардың бойына елдің тарихын оқып меңгерген тарихи сананы қалыптастыру;

-Туып өскен жерінің әр тасына деген сүйіспеншілігін, қоршаған ортаға деген көзқарастарын өзгерту;

-өлке тарихы туралы материалдарды жинақтап, зерттеп ,шығармашылықпен қолдана білу іскерліктерін дамыту,

Өлкетану курсын оқытудың міндеттері:

-Оқушының тарихи біліктері мен дағдыларын жетілдіру

-Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру;

-Өлкенің тарихи ескерткіштерін қорғауға, шығармашылықпен жұмыс істеу жолдарын қамтамасыз ету;

-оқушылардың шығармашылықпен айналысуға, өз беттерінше білім алу дағдыларын қалыптастыру үшін ізденістік, зерттеушілік іс- әрекеттерге баулу.

Елбасымыздың Қазақстан-2050 Стратегиясында «біз өзіміздің ұлттық мәдениеті мен дәстүрімізді осы әр алуандығымен және ұлылығымен қосып , қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болсада жинастыруымыз керек» деген ұсынысын басшылыққа ала отырып жүзеге асыру.

Өлкетану курстарында жергілікті жер материалдарын пайдалану кезінде күтілетін нәтиже:

-Оқушы бойында оқулықтан тыс материалдармен шығармашылық жұмыс істеу қажеттілігі пайда болады.

-Оқушылардың туған өлкеге қадір құрметін оятып,сол арқылы туып өскен өлкеге сүйіспеншілігі оянады

-Оқушылар мүмкін болғанша зерттеу жұмыстарына қатысады.

-Оқушыларда қоршаған ортаны бақылай алу білігі қалыптасады, оларды күнделікті қажетті істерге қатысу қабілеті дамиды.

«Өлкетану өзінің туған жерінді аялауды, сүюді ғана үйретіп қоймайды, сондай-ақ ол туралы білуіңді, тарихқа, өнерге, әдебиетке деген қызығушылық танытуға, мәдениет деңгейін көтеруге үйретеді»,- деп академик Лихачев Д.С. айтқан екен.

Тарихи даму, кез келген халық өзінің ұлттық мәдениетін дамытуда өзінің өткен тарихи кезеңдеріне, олардың ішінде жетістіктеріне ұлттық ерекшеліктеріне, қоршаған ортасы мен уақыттың бар жақсы үлгілеріндамытуға тырысады. Сондықтан әр тарихи мұрағат бұл белгілі бір тарихи оқиғаның куәгері, халық қолөнерінің жемісі.

Әр сабақта жергілікті жердің компоненттері жәйлі мағлұмат пайдалануда,бұл пәнді оқу дегенің –елі мен жерін танудың, оны қорғаудың, болашақ ұрпаққа сақтаудың басы екендігін, ол дегенің әр азаматтың борышы екендігін ұғындыруда белгілі жазушы Оралхан Бөкейханов «тарихтың әр тарауында бір-бір ата тарихы бар» деп үлкен ой айтқан болатын. Біз жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиетті ата бабаларымыздың бізге қалдырған мұраларымен таныстыру, оның тарихын оқыту арқылы сіңіруіміз керек. Өлкемізде кездесетін әр тарихи құндылықтар мәселен Қабанбай мен Боранбай батырлардың ізі қалған жерлер арқылы оқушыларды елге,туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Мектепте өлкетану туралы білім алу, мынадай маңызды мәселелерді шешуге көмектеседі.

-Әр оқушы өзі туған жеріндегі мәдени құндылықтардың жоғалып кетпеуіне жағдай жасайды

-Туған өлке тарихына деген қызығушылықтарын арттырады

-Ел тарихының бастауы жергілікті жер тарихынан құралатынын ұғынады.

Мұғалім –туған өлкені танудағы ғылымға жол ашушы, соған бағыттап бейімдеуші .Оқушы –ізденуші, кейінгі іні-қарындастарына тарихтың жаңа қырын ашушы.

Оқушыларды ынталандыру, тарихи білімдердің құндылықтарын түсіндіру, ал оларды меңгеру үшін қосымша материалдардың маңызы зор. Осы қосымша материалдардың негізгі көзі –жергілікті жер материалдары.

Үш төбе өңірінің ата тарихы әріден басталады, бұл қасиетті мекен. Құрсағынан небір тарихи тұлғалармен талантты ұл – қыз өрбіткен бұл мекеннің тарихы мол.

   Қазіргі кезде өлке тарихы ауыл ақсақалдарының ауызша айтуымен ғана танымал тарихы бар. Бірен – саранды ауыл азаматтарының жазбаларында ғана кездеседі.


Туған өлкенің тарихымен танысу, зерттеу үшін үйірме жұмыстары мен факультатив сабақтарын өткізудің маңызы зор . Мен өзім өткізетін «Өлке тарихы» таңдау сабағының жоспарына мысалға жергілікті жердің тарихи атауларына (Қабанбай шаты, Доланқара,Майлышат,Бабалар зираты,Қойтас үңгірі тб ), осы жерден шықққан тұлғалар (Ережеп итбаев, Жәкулә Күшікұлы, т.б) , жергілікті жер –су аттарының тарихы туралы тақырыптар енгіздім.

    Сонымен қатар өз топырағымыздан нәр алған тарихи жәдігерлерді олардың ел арасына тараған деректерді жинақтауға арналған.Атқарылатын жұмыс түрлері

  • Ауыл маңындағы тарихи атауы бар жер су аттары туралы материал жинақтау

  • тарихи өлкетану қоғамын құру

  • ауыл маңындағы жерлерге саяхаттар ұйымдастыру

  • мектептегі мұражай материалдарын толықтыру

  • өлкетану тақырыбында конференция, пікірталас ұйымдастыру

  • ауылымыздың тарихы туралы жазбаларды жинақтап, ғылыми жоба қорғау,шағын кітапша шығару.

  Кәсіптік білім беру саласында жаппай интеграциялану үрдістену белең алуда. Сонымен қатар рухани бағыттағы саналы ізденістер – сапалы өзгерістер әкелуде. Талғам түрленген сайын таным түзеліп келеді. Олай дейтініміз бүгінгінің табалдырығын аттағанша ертеңгінің есігі ашылуда... Ал өткенді жандырып, өшкенді жаңғырту әрбір саналы азаматтың абыройлы борышы.

   Сондықтан да ата – бабаларымыз табыс етіп қалдырған киелі жерімізбен сәулет салттарымызды жас ұрпақ бойына сіңіру елдігіміз деп білемін.

   Үш төбе өңірінің ата тарихы әріден басталады, бұл қасиетті мекен. Құрсағынан небір тарихи тұлғалармен талантты ұл – қыз өрбіткен бұл мекеннің тарихы мол.

   Қазіргі кезде өлке тарихы ауыл ақсақалдарының ауызша айтуымен ғана танымал тарихы бар. Бірен – саранды ауыл азаматтарының жазбаларында ғана кездеседі.

    2014-2015 оқу жылында аудандық «Зерде» жас зерттеушілер сайысында өлкетану бағыты бойынша Жанарбекова Асылжан осы ауыл тарихындағы қазақ –жоңғар соғысындағы атауларға қатысты жоба қорғап бірінші орын иеленді.

Бұл зерттеу жұмыс «Туған өлке – тұнған тарих» деп аталды. Зерттеу жұмысымыз өз ауылымыздың табиғаты мен тарихи жер атаулары, елдің шежіресі жайлы болды.

Биылғы оқу жылында Астана қаласындағы ғылыми-әдістемелік орталығында өткізілетін ІІІ республикалық «Жас ғалым» атты оқушылар сайысына жұмыс жіберілді.

Пайдаланған әдебиетттер тізімі:

1. Тағлым. Егізбаев Қарпық. (52- 68 б)

2. Найман тоқабай шежіресі. Алматы 2005 ж (59-69б)

3.Қазақстан тарихынан әңгімелер оқулық . Атамұра 2010ж. (114-117б)

4.Елтұтқа. Ел тарихының әйгілі тұлғалары. Оқу құралы. – Астана. – 2001. (120б)

5.Алтынбаев К. Жұмағанов Е. Ақсуат /Тарихи – деректі басылым /

Алматы: Ер – Дәулет, - 1998 ж. (100б)

6.Қазақстан тарихы әдістемелік журнал . 10. 2013ж (61-65 б)






















ОҚУШЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

Қазақстан Республикасының Пррезиденті Н.Ә. Назарбаев Республика білім және ғылым қызметкерлеріне ІІ съезінде сөйлеген сөзінде білім беру ісін реформалауда стратегиялық міндеттердің бірі шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін жеке тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеу екендігіне баса назар аударып, жалпы білім беретін орта мектепте білім берумен қатар адалдық, адамдық, Отан сүйе білу сияқты гумандық сезімдерге тәрбиелеу қажеттігі өзекті мәселе болып отырғандығын ерекше атап өтті./6/ Оқушының шығармашық іс - әрекетіне жағдай тудыру дегеніміз – оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Бүгінгі таңдағы жаңаша білім беру міндеттерін негізі үш мақсат қана шеше алады.Олар-дүниетанымдылық,шығармашылық және терең білімділік./1,35 -бет/

«Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады»деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай мұғалімнің ізденісі жан-жақтылығы,құзіреттілігі арқылы айқындалса,сол құзіреттілік оқушы шығармашылығы арқылы көрінеді.Мектеп қабырғасында оқытылатын пәндер бойынша дарындылық танытқан оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын мұғалімнен педагогикалық- психологиялық көріністі талап етеді.Осы мәселе соңғы жылдар ішінде ғалымдардың зерттеу нысаналарына алынумен қатар, мектеп мұғалімдерінің тәжірибесінде мектеп оқушыларын тұлға етіп дамытуда олардың шығармашылық қабілетін дамыту басты нысанға айналған. /5//«Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С.Л.Рубинштейн «оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» - дей келе, «шығармашылық, шешімінің нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті» екендігін айтады, яғни баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабағы жас ұрпақ бойына адамгершілік,ізгілік қасиеттерді қалыптастыруды жетілдіре түсудің бірден-бір басты құралы.

Ана тілін оқып-үйрену арқылы олар Қазақстанның мәртебесін көтере туған халқының өткені мен бүгіні,болашағы жайында мол мағлұматтар ала отырып,танымдық,тәрбиелік,білім-дағдыны үйренері хақ.Өтілетін әр сабақ белгілі бір мақсатқа құралған,оқушы танымы мен дүниетанымын қалыптастыра отырып шығармашылыққа баулуы тиіс.Ол үшін мұғалім күнделікті сабаққа жете ізденіп,жаңа технологияны шебер пайдаланса,сабақ өз мақсатына жеткен шығармашылыққа бағдарланған, оқушы дүниетанмын байытатын бірден-бір сабақ болар еді.Қай сабақ болмасын «мынау оның білімдік жағы,мынау тәрбиелік жағы»деп бөліп жаруға болмайды.Себебі білім мен тәрбие-әркез егіз үрдіс.Шебер мұғалім осы екі қасиетті оқушы бойына дарыта оқыта отырып ,оқыту әдісін,жаттықтыру жұмысын,қолданылатын көрнекілік түрлерін оқушының жас ерекшелігін ескере отырып,қабілеті мен ынтасына қарай таңдай білсе,өзі көздеген мақсатына жетеді.

Сабақ беру үрдісінде оқушыны шығармашылыққа баулудың маңызы ерекше.Шығармашылық- өздігінен еңбектенудің,ізденудің жолы.Әр тақырып бойынша жүргізген жұмыс нәтижесі оқушының тиянақты ойлай,сөзді нақты жеткізе білуге үйретеді.Шығармашылық жұмыстың алуан түрлері бар:шығармашылық жазба жұмысы,пікірсайыс,шығарма жаздыру,өз бетімен жұмыс,т.б.

Шығармашылық жазба жұмысы-тіл дамыту жұмысы.әңгіме,ойтолғау,кейіпкер портреті,эссе жазу,оқушының пәнге деген қызығушылығын дамыта оырып, шығармашылық жұмысқа баулитын негізгі саты деп қарауға болады.Әңгіме жазуда ойдың байланысына,сөзді дұрыс саптай білуге,шебер жеткізе білуге дағдыланады.Жеткізер ойын нақты дәлеледер келтіре отырып,мысалдар арқылы сұрыптап жаза білуге машықтанады.Оқушының шығармашылық танымын,мүмкіндігін жетілдіруде,көркем шығарманың орны ерекше.Оқушы жанын дүр сілкіндірер қолайлы тың деректер,оқиғалар,естеліктер ,мұғалімнің ұтымды ой-пікірлері арқылы астасып жатуы керек.Міне,сонда ғана шығармашылыққа бастайтын шығармашылық көңіл күй туады.

Көркем мәтін бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстарды былай топтауға болады:

а/авторға еліктей отырып,шығармашылық жұмыс жүргізу;

ә/мәтіндегі кейіпкерлерге өзі мінездеме бере отырып ,портретін жасау;

б/автор шығармасынан басқа тың көркемдік шешім таба отырып,өз ойынан оқиға құру;/4,18-б/

Осылай жазылған шығармашылық жұмыстар жанды,шынайы болып,оқушы бойындағы қиял,дарындылық қабілетін ашуға көмектеседі.Әр тақырыпқа берілген әдеби кітаптарды оқи отырып олардың өмірге деген көзқарасы ,шығарма кейіпкерлерінің әр ісі,жақсылы жаман қасиеттері олардың дүниетанымын кеңейтеді,өздерінің танымдық ой-пікірлері қалыптасады.

Оқушыларға шығармашылық ой-талдауға бейімділік ішкі сезім дүниесіне тартысты сезімталдық қасиетті оятуда әдеби-шығарым тапсырмалар беріледі,бұл тақырыптық,еркін тақырыпқа шығарма ,мақала,хат сында жұмыстар арқылы орындалады.Белгілі тақырыптарды өткеннен кейін төмендегі талаптар бойынша жұмыс жүргізуге болады:

-шығарманың мазмұны,тақырыбы жайында өз пікірін жазу;

-ұнаған эпизодын баяндау;

-әңгіменің белгілі бір бөлімінің көркемдік ерекшелігіне Н.Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау технологиясын» басшылыққа ала отырып ,талдау жүргізу;

-мазмұны бойынша сұраққа-жауап;

-әңгіме кейіпкерлерінің іс-әрекеті,көңіл-күйлерін өзінше әңгімелеу;

Ұстаз жас жеткіншектің жан-жақты дамуына, оның бойында жасырын жатқан шығармашылық қабілетті ашу және белсенді әрекетке келтіру жолында тынымсыз ізденісте болу керек. Оқушының көркемдік шешім табуға жетелеу үшін ой ұшқұрлығы болуы керек..Мұнда оқушының өзіндік ізденісі,пікірі,айтар ойы байқалады.Осындай жұмыстың бір түрі-пікірсайыс.Өзінің айтайын деген пікірін еш қиналмай жеткізе білу ,сөз дәлдігімен шешен ,тиянақты айта білу тапқырлық пен шешендікке жетелейді.Пікірсайыстың берер нәтижесі мыналар:

1.Оқушылар күні бойы берілген тапсырмалар бойынша қосымша ізденіп,өз бетімен дайындалады.

2.Анық та айқын,әсерлі сөйлеуге дағдыланады.

3.Сөйлеу мен пікірталас мәдениетін меңгереді.

4.Өз пікірін қорғай ,дәлелдей біледі.

5.Өзіндік ойын ,көзқарасын ашық айтуға ,жүйелі сөйлеуге төселеді.

6.Әр түрлі шығармашылық жұмыстарға дағдыланады.

Оқушылардың шығармашылығының дербестігін қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Сыныптан тыс жұмыстардың маңызды ерекшелігі-оқушылардың шығармашылық мүмкіншіліктерін жетілдіру. Оқушылардың пәнге деген ықыласы артып, қызыға бастаса, онда пәнді меңгеруге деген құштарлық тереңдей түседі. Оқушылардың шығармашылығын дамытудың негізгі жолы - оқушыны өздігінен іздендіру,яғни өз бетімен жұмыс істеу.Бұл бағытта алдымен логикалық ойын дамытатын тапсырмалар арқылы оқушылар сөзжұмбақ,ребус,жұмбақ,мақал-мәтел,қанатты сөздер құрастыруға машықтанады.Берілген тапсырманы түрлендіру бағытында мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады.Мәтін өңдеу,берілген мәтіннен диалог құру,мәтін бойынша шешендік сөз құрау.Және өз ойынан еркін тақырыпқа берілген өлең,әңгіме,шығарма жазу .Бұл әдіс оқушының өз бетінше іздене отырып,шығармашылығын шыңдауға баулиды.Оқушылар әдеби-шығарым тапсырмалар өтілген тақырыптар бойынша жүргізіліп қоймайды.Еркін және тақырыптық шығармалар,түрлі мақалалар,өлең құрастыру және өлең мазмұнын қара сөзбен жаздырту жұмыстары арқылы орындатылады.Оқушының көркем шығарманы тұрақты оқуды әдетке айналдыру,ортада сөйлеуі,ұстазбен сырласуы қажетті нәрсе болып табылмақ.Осындай бағыттарда жұмыс істеу арқылы көркемдік шығармашылық қабілеті дамыған тұлғаға қол жеткізе аламыз. ./7,29-б/

Оқушыны шығармашылыққа баулу,өз еңбегінің нәтижесін көруге,оны бағалауға бағыттау-өте күрделі үрдіс.Оқушының шығармашылық мүмкіндігі оның жеке тұлға ретінде қалыптасу үрдісінде пайда болады.Егер шығарматьшылық оқушының жас кезінде бағалы бағдар болып қалыптаспаса онда болашақта да оның қалыптасуы екіталай./3,51б/ Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндетіОлай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабынан туындайтын қажеттілік. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық мүмкіндігіне байланысты.

Оқушы шығармашылығы практикалық әрекеттер, ізденімпаздылық арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар – жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас сақталады. Мұғалім бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс - әрекетін ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интелектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Оқушының шығармашылығына бағыт – бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болатын. Ол балалардың ойларын дамыту туралы «Ойлау жанның өте бір қиын терең ісі - деп атап көрсете келіп, тәрбиеші баланың ойлап, үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескертеді.




Оқушылардың дүниетанымын,біліктілігін дамыта отырып

Түрлі тақырыптарға шағын шығарма,эсселер жазу

Ақын-жазушылар туралы мәлімет жинау, талқылау

мектепішілік іс-шараларға қатысуын қадағалау. Түрлі шығармалар мен оқулар байқауына қатыстыру

Шығармашылық ойлауын дамытатын ойындар өткізу, сайыстар ұйымдастыру

шығармашылық белсенділігін арттыру



Оқушы шығармашылығын арттыра отырып



Өз бетімен өлең құрастыруға,әңгі ме жазуға машықтандыру

Өз ойын талқылау,пікір сайысқа дайындалу

Көркем әдебиет,газет журнал оқуға насихаттау

Шығарма жазуға баули отырып,еркін тақырыпта ой қозғау

Газет-журналдарға оқушылардың үздік жұмыстарын жіберу







Пайдаланған әдебиеттер

1/ «қазақ әдебиеті»./35-бет/

3/ «қазақстан мектебі»2003ж.№6-51-бет

4/қазақ тілі мен әдебиеті 2002ж№10/18-бет/

5/Қ. Тасболатов «Оқушылардың таным белсенділіктерін арттыру».

7/ қазақ әдебиеті№12,29-б/

6/ «Оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту»Білім шапағаты газеті




Жоспары:

1.Оқушының шығармашылық қасиетін дамытып қалыптастыру.

2. Тұлғаның зерттеушілік қабілетін дамытып шыңдау.

3. Оқушының тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру жолдары.

4. Қорытынды.

Өзіндік жұмыста оқушы :

1.Істейтін жұмыстың мақсатын біледі;

2. Жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығады;

3. Оқушылар өз еркімен орындайды.

Өзіндік жұмыста әртүрлі тәсіл- амалдарды қолдануға болады: тарихи оқиғаны еркін мазмұндау, үй жұмысын бірінің дәптерін бірі алып тексеру.

Логикалық дамытушы ойындармен берілген құрастырмалы тапсырмалар:ребус, сөзжұмбақ, анаграмманы шешу.

Берілген тапсырманы өзі тапқан қосымша материалмен түрлендіру.

Өз ойын еркін тақырыпқа құрастыруға берілген шығармашылық бағыттағы тапсырмалар: реферат жазу,өлең құрастыру. Тарихи сөздіктермен жұмыс жасау. т.б.

Б.Д.Элконин шығармашылыққа мынандай анықтама береді:шығармашылық бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе. Бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес,өзінің сонылығымен, бірізділігімен ерекшеленетін болса, өзін –өзі куәландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады.

Шығармашылық қасиеті дамып, қалыптасқан оқушы зерттеушілік жұмыстардың игеру жолдарын таба алады, негізгі мақсатына қол жеткізеді. Жаңа технологиялардың интерактивті әдістері арқылы рөльдік ойындар, миға шабуыл,дебат, дискуссия, жаттығу, топтық жұмыстар сабақта пайдаланып, жүзеге асырылып келеді.

Бұл әдістің мақсаты- оқушының шығармашылық қабілетін дамыту, қалыптастыру, ойын арқылы ойлау, іскерлік дағдысын, қысқа уақытта негізгі идеямен танысу, зерттеу, сыни ойлау, шешім табу сияқты әрекеттер жасайды. Мектептегі бұрынғы үдерісте мұғалім-кітап- оқушы болса, жаңа технологияда оқушы- кітап- мұғалім.

Оқушыларға өздігінен жұмыс жасауда жаңа технологиялардың рөлі зор. Сыни түрғыдан ойлау технологиясы оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға өте қолайлы мысалы:ой қозғау стратегиясы арқылы «бұл туралы не білетін едік , есімізге түсірейік» деп оқушыларды 2-3 минут ойландыру арқылы бұрынғы білетінін ой елегінен өткізіп, ойлана білуге бағыттаймын. Венн диаграммасы арқылы берілген тапсырмаларды салыстырады.

Жаңа тақырыпқа өздігінен жоспар құрғызып өз жоспарының тиімділігін қорғау. Өздігінен қосымша материалды табу- іздену қабілетін шыңдайды.

Қазіргі талап – оқушыны ойландыру,іздендіру, сол арқылы өз беттерінше еңбектеніп оқу.Мысалы, тапсырма- «Әңгіме құра» , белгілі бір оқиғалы суретті үлестіріп беремін. Суреттің астына сұрақтар жазамын. Оқушылар сол сұрақтарға жауап беру арқылы мәнді әңгіме құрап береді.

Кітап оқу жұмысы- білімділік, тәрбиелік мәні зор. Кейбір тақырыптарда оқушылардың өздеріне жоспар жасату, өз сұрағыма жауап боларлық сөйлемдерді мәтіннен іздеп тапқызу, оқыту жұмыстарын жүргіземін.

Модульдік оқыту технологиясының ойын элементтерін пайдаланамын. Ойын- «Сиқырлы сандықша», ойында оқушы мәтінді оқып шығып, әрқайсысы мәтін бойынша қиын сұрақтарды жазып, сандықшаға салады. Одан оқушылар сұрақтарды алып жауап береді.

Ойын-«тұлғаны танып біл». Оқушыға тарихи тұлғаның фамилиясы жазылған карточка беремін, оқушылар сол тарихи тұлға туралы,, оның істеген тарихи маңызды істерін айтып береді.

Оқушылардың шығармашылығы ғылыми педагогикалық проблема ретіндегі өзекті мәселесінің бірі- оның қалыптасуының кезеңдері. Өйткені оқыту барысында оқушының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру мәселесі шығармашылық үдерісінің неше кезеңдерінен тұрғандығын білу талап етіледі.

Сондықтан оқыту әрекетінде, сабақ үстінде шығармашылық дамуы мен оның қалыптасуы үшін оқушыларға мыналарға міндетті. Оқытудың формасы – ұжымдық бірлескен әрекет. Оқытудың әдістері- зерттеушілік. Топтастыру стратегиясын пайдалану.Осындай әдіс- тәсілдерді оқу тәрбие жұмысында кеңінен және жан-жақты пайдаланып оқушылардың шығармашылық қасиетін дамыта отырып қалыптастыру.

Білім дайын күйінде ұсынылмайды. Бала –тыңдаушы, мұғалім информатор емес.Керісінше бала-зерттеуші, жаңалық ашушы. Олардың дағды, іскерлігі, зерттеушілік қабілеттері бір проблема- мәселені шешу арқылы қалыптасады. Мұғалім- оқушы ісіне бағыт беруші, ұйымдастырушы. Ең төменгі білім деңгейі- білім стандарты, оқытушылық деңгей.

І деңгей-Оқытушылық деңгей, білім стандарты.

ІІ деңгей- Алгоритмдік деңгей- базалық.

Минимум білімге сәйкес. Мұнда Ідеңгейдегі білімін толықтыру, тапсырмаларды орындай алуы және күрделі материалдарды жүйелей білуі, алған білімді басқа тапсырмаларды орындағанда пайдалана білуі, сол тақырыпты еркін меңгергендігі ескеріледі.

ІІІ деңгей- Эвристикалық деңгей-материалды саналы түрде меңгеру.

Бұл деңгейдее оқушылардың меңгерген білімдерін тереңдету үшін танымдық ізденіс, әртүрлі логикалық тапсырмаларды талдай, жинақтай алатын, салыстыра білуі қажет етіледі.

ІҮ деңгей- шығармашылық деңгей-өз бетімен оқу материалын меңгерту.

Құбылысты өз бетімен талдай келіп, шағын шығармашылық тұрғыда зерттеу жұмысын өткізуге баулу.

Оқушының ең жоғары өзіндік шығармашылығының дамуы- оның мәселені қоюы мен шешудің жолдарын табуынан көрінеді.

Оқытудың әр түрлі әдістерін, жаңа технологиялардың ұтымды элементтерін, оның ішінде ойындық әдістерді де қолдану арқылы жүйелі, мақсатты түрде оқушылардың ойлау қабілеттерінің икемділігін дамытуға, оларды құр жаттауға емес, ойлай білуге, соны шешімдерді табуға үйретуге болады.

Психологтардың зерттеуінше, аталған қасиеттер өнімді ойлаудың шығармашылық қабілеттердің дамуының негізі болып саналады және шығармашылық ізденуші белсенділікті дамытады.

Дамыта оқытуда баланың ізденушілік, зерттеушілік әрекеттерін ұйымдастыру басты назарда ұсталынады.

Ол үшін бала бұған дейін білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта – ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі- баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру,өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жеке қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.

Оқушының шығармашылық қабілетін:

-Мәселені талқылауда белсенділік көрсету; шапшаң ойлау; сұрақ қоя білу; өз пікірін терең білім негізінде қалыптастыру; шығармашылықпен дербес жұмыс істеу және мақсатқа жетуі.

Дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың зерттеушілік қабілетін дамытып шыңдау алдыңғы орында тұр.

Бүгінгі күнде ең алдымен , жеке тұлғаға оның қажеттілігі мен қызығушылығына көңіл аударуды күшейтіп, әр адамның психикалық, жеке тұлғалық қасиеттерінің барлық байлығын дамытып, оны толық ашуға мүмкін болған жағдайды құру қажет.Осыған байланысты қазіргі ұстаздар алдында тұрған міндет оқушыға белгілі бір білім жүйесін терең меңгертіп қана қоймай, оқу белсенділігін дамытып, олардың әрқайсысының шығармашылық қабілетін айтарлықтай дамыту болып табылады. Сондықтан оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, әр сабақта дұрыс ұйымдастыру мұғалім шеберлігіне байланысты.

Оқушылардың пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттыруда жүргізілетін жұмыстардың әдістері:

-ауызша әдісі теориялық және фактіге негізделген білімді қалыптастыруда, үй тапсырмасын және жаңа сабақты пысықтауда тарихи кезеңдерді, оқиғаларды қайталауда пайдаланамын.

-көрнекті әдісті бақылау қабілетін дамыту, оқылатын мәселеге ықыласын көтеру үшін оқу материалының мазмұнын көрнекті құралдар арқылы беремін.

-Практикалық әдісті практикалық іскерлік пен әдетті дамыту үшін және түсіндірілген материалды оқушылардың қаншалықты меңгерегенін бақылау үшін пайдаланаын.

-Іздену әдісін өзінше ойлануды және зерттеу қабілетін дамыту үшін оқушыларды тақырыпты проблемалық оқытуға әзірлеуде қолданамын.

-Индуктивті әдісті қорытынды жасау қабілетін дамыту үшін ,шығармашылық қабілетін қалыптастыру үшін пайдаланамын.

-Өзіндік жұмыс әдісін оқу әрекетінде жұмыс істеуде қабілетті дамыту және оқу еңбегінде дағдыны қалыптастыруда жеңіл тақырыптарды өз бетінше дайындауға дидактикалық материалдармен тиімді жұмыс істей білуге баулу үшін қолданамын

Өз сабағымда оқушылар өзіндік жұмыс жүргізгенде топтық, ұжымдық жұмыс формулаларын ұйымдастырып отырамын.

Пәнге қызығушылығын , белсенділігін арттыруда мынадай жұмыс түрлерін ұйымдастырамын.

1 -пәнге арнайы сілтемелік материалдар дайындау-карточкалар ,тестер, тірек конспектілері.

2 -оқушыларға алдын- ала қажетті қызықты материалдардан мәліметтер беру.

3-пәннің қоғамдағы рөлінің маңызын түсіндіру, оқушыдан психологиялық тұлға дайындау.

Оқушыда жеке тұлға ретінде шығармашылық танымдық қызметін қалыптастырудың бірден – бір жолы олардың өздігінше жұмысын жүйелі жүргізу болып табылады. Оқушылардың таным әдісін меңгеруі өте – мөте маңызды, өйткені тек жаттығу жолымен белгілі бір қимылды меңгеріп алуы және оларды жаңа жағдайда қолдана біле алады.

П.И.Пидкасистыйдың атап көрсетуінше, тарихи оқтғалар мен құбылыстардың т.б жалпы белгілерін анықтау оқушылардың танымдық қызметінің алғашқы дәрежесі болып табылады деп санайды.

Өздеріңізге белгілі , әсіресе тарих оқулықтарының көпшілігінде дайын білімді бекітуге және еске түсіруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар басыңқы берілген.

Шығармашылық қызмет-негізінен, проблеманы қою, ойды тұжырымдап айту, принциптің /идеяның/ пайда болуы, оны шешу, оның логикалық дамуы, аталған мәселені шешуде қолдану, дәлелдеу, негіздеу оны тәжірибе жүзінде дәлелдеу , ақырында нәтиженің шығармашылық қызметте нақтылы көрінуі. Қысқаша айтқанда , оқушының жаңа тапсырма , проблеманы шешу жолдарын табуы, бұрын меңгерген әдістерді жаңарта отырып, жаңа қызмет құралын жасауы болып табылады.

Оқушының ең жоғарғы өздік шығармашылығының деңгейі оның мәселені қоюы мен оны шешудің жолдарын табуынан көрінеді.Мұнда жаңа білімді меңгеру үрдісі шығармашылық ойдың дамуымен, қалыптасуымен бірге журеді, ол оқушының шындықты өздігінше меңгеруін, тексеруін, оны қарама-қайшы фактілерден арылтып, дәлелдеуін анықтайды.

Сонымен шығармашылық ойдың нәтижесі-тек қана белгілі түсініктер мен ұғымдарды жәй ғана пайдаланып қою емес, сонымен қатар жаңа образдар жасау, тапсырманы орындау арқылы жаңа жолдарды ашу.Шығармашылық ой белгілі құрамды анықтайды немесе оны қайта құру жолын табады.

Шығармашылық деңгейдегі тарихи ойлау мәселесі танымдық тапсырмаларды шешу ізденістерінен қүралады.

Мұғалім қаншалықты тиянақты ұқыпты сабақ бергенімен оқушыларды тарихи материалдарды оқып-үйренуге ынталандырғанымен, егер де оқушының өзі білім алуға өз бетімен ынталанбаса,оқыту үрдісі ойдағыдай өз дәрежесінде болмайтыны белгілі

Оқыту дегеніміз-ең алдымен, оқушыда оқуға деген ынта туғызу және оқуға үйрету. Мұнда белсенді шығармашылықпен оқыту.

Сонымен оқушылардың өзіндік шығармашылық жұмысын қалыптастырудағы көрсеткіші:

-Оқушылардың білім сапасы жақсарады.

-Оқушының тұлға ретінде дамуы қалыптасады.

Егеменді еліміздің болашақ ұрпағын білімді етіп тәрбиелеу үшін әр пән өз дәрежесінде терең өткізілуі тиіс.

ПАйдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан тарихы әдістемелік журнал. 2010ж

  2. .Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар . 11.2010ж

  3. «Білім туралы» заң

  4. Мерзімді баспасөз материалдары.

  5. Интернет материалдарынан.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 26.01.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров433
Номер материала ДВ-378924
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх