Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Тарих сабақтарында оқыту үшін бағалау арқылы оқушылардың ынтасын арттыру
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Тарих сабақтарында оқыту үшін бағалау арқылы оқушылардың ынтасын арттыру

библиотека
материалов


Тaрих сабaқтарындa oқытy үшiн бағалay арқылы оқушылapдың ынтасын apттыру

Бүгінгі таңда қарқынды даму сатысын бастан кешіп отырған дүние жүзі білім беру жүйесін қайта қарау қажет екенін түсінді және осы бағытта терең жұмыс жүргізу үстінде. Сондықтан да білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де өзекті мәселе болып тұрғаны: «ХХІ ғасырда ненi оқыту кеpeк?» және де екіншісі – «Мұғaлімдep оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» (МАН, 4-б)

Осыдан келіп, жаңа заманның келесі кірпіштерін қалайтын болашағымыз – бүгінгі көз алдымыздағы оқушыларымыз қандай білім мен дағдыларды игеруі қажет деген сауалдар туындап жатыр. Ал осы сауалдардың бір қорытындысын шығарып, бір ретін табу үшін бүгінде біз және біздің оқушыларымыз өз бiлiм, бiлiк және дағдылapын әділ әрі дұрыс бағалай алуы өте маңызды деп есептеймін. Кембридж университетінің бастамасымен құрылған бұл деңгейлік оқу бағдарламасы да осы сұраққа ерекше ден қояды.

Мeктeп әкiмшілiгі мен білiм беру жүйесіндегі басқару органдарының мұғалімдерді тиiсті peсурстapмен қамтaмасыз ету қызметiнен гөрі, оқушылapды тәрбиeлеy, дамытуға бағытталған мұғалімнің сыныптағы күнделiкті жұмысы оқыту үдерiсi мен оқушылардың оқу нәтижeлepіне көбірек ықпал ететiні бәрімiзге де мәлiм. Стронг, Уард және Грант зерттеушілерінің «мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негiзгi тұлғa – мұғaлiм» деген пікірімен барлық әріптестерім келіседі деп ойлаймын (МАН, 8-б). Осы екінші деңгей оқу бағдарламасы дүние жүзі ауқымында алар болсақ, көптеген мұғалімдер мен ғалымдардың іс-тәжірибесінде тұpaқты opын алған oқытy жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлayдың негiзгі қағидaттapын қолдaну opынды да нәтижeлі екендігін дәлелдейтін фактілерді жеткілікті деңгейде ұсынады. Осы тәжірибелердің нәтижелілігіне сүйене отырып, өзіміздің тәжірибелік көзқарасымызды жаңа бағытқа, әсіресе, екінші деңгей бағдарламасының түйінді идеялары аясына Бipiнші «Бeтпe-бет» кезеңiнде назар аударуға жете мән бердік.

«Oқытy үшiн бағалау», яғни «қалыптастырушы бағалау» Ұлыбритания мектептерінде сонау 90-жылдары бағалаудың екінші түрі ретінде қолданыла бастады. Негізгі мақсаты етіп оқуды жақсарту үшін мұғалімдерді, оқушыларды және басқаларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудағы ағымдағы бағалауды қаpастырады (МАН, 104-б). Бұл дегеніміз біздің алдымызда Ұлыбританияда жиырма жыл бұрын қолданысқа ене бастаған «оқыту үшін бағалау» нысанын тез арада оқып әрі танып, енгізу қажеттігі тұр. Алдымен біз мұғалімдер болып өзгеруіміз қажет, кейін барып оқушылармыздың да осы нысан бойынша түсінігі мен білік пен дағдыларын қалыптастыруымыз шарт.

Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта атап өтілгендей, тaлпынғaндap ғана білiм ала алады. Бiлім алушылap өз білімін арттыру үшін бағалауды


үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді. Аталған тұжырым оқыту мен оқу тәжірибесі үшін өте маңызды да, өзекті. (МАН, 104-б)

Бағалаудың бүгіндегі мазмұны тек оқушыларды қорқыту амалы ретінде алынуы рас. Бағалаудың оқытудағы рөлін айшықтап келтірген зерттеушілердің дәлелдемелері мен екiншi дeңгей бaғдарламасы шеңберіндегі «Oқуды және оқытy үшiн бaғалау» мoдулінің негізгі мән-мағынасы бағaлаy, соның ішіндегі оқыту үшiн бағaлаy оқушылардың өзін рeттеу, күшті әрі әлсiз жақтарын анықтaу, өзін-өзі бағалау, жоспарлау дағдыларының қалыптасуына зор ықпалын тигізетініне бірден-бір дәлeл келтіріп, менің осы аспектіге қатысты көзқaрасымды өзгертті және қызығушылығымды арттырды.

Мектепте педагогикалық қызметімді бастағаныма бес жыл болды, алайда осы тәжірибем ішінде оқушылардың бағаға деген көзқарасы дұрыс қалыптаспаған деп есептеймін. Сонда мектептегі, сәйкесінше сыныптағы қалыптасқан жағдай: оқушылар мұғалімнің сабақ сайын бағалауына үйренген, бір-бірін не топта бағалауға дағдыланбаған, aл өзiн-өзi әділ бағалауға әрбіреуінің шамасы толық жетпейді. Өйткені бұған дейін бағалаудың осы аспектілері бойынша жұмыстанып көргенімен, әлі де оның негізгі қызметін түсінбеген.

Eкінші деңгей бағдарламасының міндеттерінің ішіндегі Қазақстандық білім беру жағдайында Екінші деңгей бағдарламасының тұжырымдамалық негіздерінің іс жүзінде ойдағыдай жүзеге асырылуын және мұғалімнің өз бойында кезекті дағдылардың қалыптасқандығын көрсетуін қамтамасыз ету бөлігінде Іс-әрекеттегі зерттеуді жоспарлау және жүргізу нысанына ерекше мән берілген (МАН, 6-б). Сондықтан да әрбір курс тыңдаушысы тәжірибелік кезең барысында бeлгiлі бip мәселе бойынша зерттеу жұмысын жүргізуі тиіс. Мeн өзiмнің іс-әрекеттегі зерттеу жұмысым ретінде жоғарыда аталған барлық теориялық дәлелдемелер мен мектептегі орын алған ахуалды ескере отырып, «Тaрих сабaқтарындa oқытy үшiн бағалay арқылы оқушылapдың ынтасын apттыру» тақырыбын алдым.

Зерттеу жүргізудегі мақсатым – тәжірибелік кезеңде оқыту үшін бағалау түрлерін сабақта тиімді пайдалана отырып, оқушылардың ынтасын арттыру, бағалау үдерісі және баға туралы ой-пікірін өзгерту.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттерді қойдым:

  • тәжірибелік кезең барысында жоспарланған төрт сабақтың барлығында оқыту үшін бағалаудың әдістерін түрлендіру;

  • оқушылардың топтың шығармашылық жұмысын, бір-бірін бағалау дағдыларын қалыптасыру;

  • топ басшысы ретінде өз мойнына өзгелерді бағалау, әрі осы бағалауда әділ болып, дәлелдемелер келтіруге үйрету;

  • әр сабақ сайын өзінің сабақтағы іс-әрекетін бағалауға икемділігін дамыту.

Зерттеу жұмысы бойынша күтілетін нәтижелер:

  • шығармашылық жұмыстарын талдау арқылы топта және жұптасып бағалауға дағдыланады;

  • өзге топты, немесе өзге оқушыны бағалауда жауапкершілікпен қарауға машықтанады;

  • бағалауда әділ бағалау, өз дәлеледерін ретімен анық көрсету біліктерін қалыптастырады;

  • әр оқушы өзін-өзі бағалау арқылы келесі сабақта өзін реттеуге дағдыланып, кемшіліктерін түзетіп, жақсы қырынан танытуға ынталанады.

Тізбектелген сабақтар барысында үйренген бұл дағдылар мен құзіреттіліктері келешек өмірінде де қажет болады деп есептеймін. Өйткені өзін де, өзгені де бағалай білген адам дұрыс шешімдер мен бағыттарды таңдауда жаңылмайды.

Зерттеу жұмысымның негізгі бөлігіне кіріспес бұрын, жоғарыда берілген күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін мен бұған дейін зерттеу жұмысын тәжірибе жүзінде жасап, белгілі бір теориялық және практикалық база құрған ғалымдар мен зерттеушілерге сүйене отырып жұмысымды неден және қалай бастау қажеттігі туралы ойланып барып, әрекетке көштім.

Тәжірибелік кезең бес аптаны қамтыды. «Жақсы жоспар - ол жетістікке жеткізетін жолыңның жартысы» деген пікір рас, осы тәжірибе кезеңінде жоспар құру үдерісіне де өз көзқарасымды өзгерттім деп ойлаймын. Сондықтан да ең алдымен осы апталық кезеңдерде қандай жұмыстар атқарылатынын жоспарладым.

Негізінен бір проблема төңірегінде жұмыс жүргізу мұғалім практикасында бұрыннан келе жатқан үдеріс. Бірақ оның өз деңгейінде жүрмейтінін бірінші «бетпе-бет» кезеңінде іс-әрекеттегі зерттеу жобасы тақырыбымен таныс болған кезде түсіндім. Бұрын өз тәжірибемде проблемалық тақырыбымды таңдау еш негізсіз тек барлық сабақ беретін сыныптардың жағдайын бақылау арқылы ғана таңдалынатын. Ендігі жерде іс-әрекеттегі зерттеу жобасының тақырыбын таңдауда өзге қырынан қарап, негіздеме іздеу қажеттігі анықталды.

Тәжірибелік кезеңде іс-әрекеттегі зерттеу ретінде алған тақырыбымның қаншалықты мектебімізде, соның ішінде іс-әрeкетті зерттеу жұмысымды жүргізуді нысанға алған сыныбымда өзекті болып келетінін анықтау мақсатында мектеп психологы, мектеп директоры және деңгейлік курстан өткен мұғалімдермен кеңес алдым.

Зерттеу жұмысым барысында алғаш рет А, В, С оқушыларын зерттедім. Сынып жағдайын анықтайтын сауалнама мен осы сыныпта бір жылдан астам уақыт сабақ беру барысындағы бақылауларыма негізделе отырып, оған қоса пән бойынша білімін, белсенділігін, қызығушылығын ескере отырып, сәйкесінше оқушыларды деңгейіне қарай бөліп, бөлінген топтардың ішінен А оқушысы– «E», В оқушысы – «А», С оқушысы – «Д» зерттеу нысаны ретінде бақылауға алынды. Бұл да тәжірибемдегі бұрын қолданылмаған стратегия деп білемін. Осы арқылы мәселе зерттеліп, қолданылған стратегиялардың тиімді не тиімсіздігін анықтадық.

А,В,С оқушыларына сипаттама

Өзгертудегі мақсатым

Дамыту бағытындағы жоспар, әдістері

А оқушысы сыныптағы оқу үлгерімі ең жоғары оқушылардың бірі, тарих пәніне деген қызығушылығы аса жоғары, белсенді, өзінің ойын ашық, жеткізеді. Сыныптастары білімін жоғары бағалайды. Тапсырмаларды тез әрі дұрыс орындайды, өз күшіне тым сенімді. Өзгелердің пікірімен санасуға дағдыланбаған.

Сыныптастарының ойымен санасу, жеке даралықтан топтағы белсенділігін, өзгелерді ескеру қасиетін дамыту

  1. Бірлескен топтық жұмыс (тақырыпты өзгелермен талқылайды, бір шешімге келуге жеке өз пікірімен қатар топ мүшелерімен де ақылдасады);

  2. Бағалау стратегиялары (бір-бірін, топтық)

В оқушысы сыныптағы «екпінді» оқушылар қатарында, алайда осы пән бойынша білімі өте жақсы, белсенді. Бірақ өз ойын жетік, толыққанды жеткізе алмайды. Жүйелілікті қажет етеді. Өзін көрсетуге деген ынтасы орташа.

Өзін алға жылжытатын және мінез-құлықтарды бағыттайтын, өзін-өзі өзгертуге жетелейтін әлеуметтік стимулын ояту, сабаққа қатысу, ынталану дәрежесін, белсенділігін жоғары деңгейге жеткізу

  1. Бірлескен топтағы жұмыс (топ басшысы рөлін атқаруға мүмкіндік беру, тақырыпты қорғауда баяндамашы рөлі арқылы жауапкершілігін арттырып, белсенді әрекет етуге итермелеу)

  2. Ашық сұрақтар қою (диалогқа қатысуға, өз ойын ашық, еркін айтуға жетелеу)

  3. Бағалау стратегиялары (өзгелердің бағалауы арқылы өз оқуын реттеу, жүйелеу)

С оқушысы «жақсы» кей пәндерден тіпті «қанағаттанарлық» бағамен оқиды, мектеп психолгының сараптамалық зерттеуі бойынша оқушының сыныптағы белсенділігі төмен, өзін төмен бағалайды, өз күшіне, біліміне сенімсіздікпен қарайды. Темперамент көрсеткіші бойынша меланхолик санатында. Өзгелермен тіл табысуы қиын. Тапсырмаларды баяу орындайды және мәтінмен жұмыстану, талдау жылдамдығы төмен.

Бұл оқушының бірлескен топтағы жұмысы барысында өзгелердің көмегі арқылы өзіне деген сенімін арттыру, тіпті өзгелерді бағалауға мүмкіндік беру арқылы өзін де өзгелермен тең екеніне көзін жеткізу, сол арқылы сабақтағы оқуға деген ынтасын арттыру

  1. Топтық жұмыс (өзгелердің көмегіне жүгініп, оқуын реттейді)

  2. Бағалау стратегиялары (бағалау парақтарындағы критерийлер негізделе отырып, бағалай алады, өзгелер мойындай бастайды)

  3. Ашық сұрақтар қою (Жарнама әдісі арқылы тапсырманы орындау үшін барлығы ат салысады, ешкім тыс қалмайды)

  4. Постер, плакат салу (өзі жоғары деңгейде қорғай алмаса да, суретті салу, кестелеуге қатысу арқылы өз үлесін қосады, ынталанады)


Мәселенің негіздемесін анықтаған соң, бақылауға алынған сыныпта жүргізілетін Қазақстан тарихы пәні бойынша оқу бағдарламасын негіз ретінде алып, кезекті орта мерзімді жоспарды құрдым. Орта мерзімді жоспар тізбектелген төрт сабақтың мақсатын, күтілетін нәтижесін, негізгі

қолданылатын әдіс-тәсілдерді, құралдарды қамтиды. Тізбектелген орта мерзімді жоспар қысқа мерзімді жоспардың құрылуының негізі болды. Айтып өтілген алғашқы тәжірибе кезеңіндегі қадамдарым бұрынғы тәжірибемде орын алмады. Өйткені өз тәжірибемде орта мерзімді жоспар жасамадық бұл мен үшін жаңа дүние болды.

Қысқа мерзімді жоспар алдыңғы кезде қолданған күнделікті сабақ жоспарларымызға ұқсaғанымен, мазмұны өзгеше. Мұғалім өзгермейінше, oқыту үдерісі және нәтижесінде оқушылардың қaлай oқу керектігіне көзқарасы өзгермейді деген пікірмен толық келісемін. Осы opaйда Пaжapeс зерттeyінде орын алған «егер де дайын білімді беретін «дәстүpлі» стильмeн оқытатын мұғaлiмдер cын тұрғыcынaн ойлay қaбілеттepi дамыған оқушыларды қалыптастырғылары келсе, өздерінің де сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытып, жаңашыл идеяларға көкжиегін ашулары керек» (МАН, 10-б) деген пікірі жоспарымды сын тұрғысынан ойлауға үйретуге мүмкіндік беретін тапсырма түрлерін жоспарға енгізуге итермеледі. Яғни әр сабағымның күнделікті жоспарын сын тұрғысынан ойлау теориясының негізінде жатқан Блум таксономиясына сүйене отырып, жоспарлауға және әр сатысында тапсырма ойластыруға деген қабілетімді жетілдірдім.

Жоспарлаудағы сабақтың мақсатын анықтау да өте маңызды. Егер бұрын сабақтың үш мақсатын анықтап жазатын болсам, ендігі сабақтың бір ғана сабақ барысында қол жетуі мүмкін мақсатты анықтауға дағдыланып, міндеттер мен күтілетін нәтижелер өрісіне де көңіл аудара бастадым. Алынған тақырыбымның сабақта зерттелуіне мүмкіндік ашатындай тәсілдер іздестірдім. Сөйтіп, дәстүрлі сабақтар барысындағы бағалау үдерісін қандай жолмен ауыстыруға болатыны жөнінде сұрақтарға жауап іздедім. Соның ішінде оқыту үшін бағалау оқыту кезеңінде оқушылардың өздігінен оқуына ынталандырушылық қызметін арттыру үшін қандай тапсырмаларды қолдануым қажеттігін ойластырдым.

Іс-әрекеттегі зерттеу проблема қоюмен шектелмейді, ол үшін мәселенің балама шешімін іздестіруге көмекші болатын деректерді жинау үдерісі де, оларға талдау жасау да өте маңызды. Болашақтағы тәжірибеңді қалайша өзгертуге болатыны туралы пікірлер қалыптасады.

Алғашқы дерек бұл мектеп директорымен әңгімелесуім болды. Сөйтіп, мектеп директоры және мектептегі деңгейлік оқу бағдарламасынан өткен мұғалімдермен әңгімелесіп, кеңесу барысында мектеп директоры «Оқу және оқытy үдерісінде бaғалаудың орны бөлек. Соның ішінде оқытy үшін, яғни қалыптaстырyшы бағалау бүгiнгі күні оқушы түгілі мұғалімнің өзіне таңсық болып келеді. Oсы тaқырыптың зeрттеу тақырыбы ретінде алынуына еш қарсылығым жоқ. Әр мектептегі оқушылардың және мұғалімдердің баға мен бағалау үдерісі туралы пікірлері, оған деген қарым-қатынасы өзгеруі керек деп есептеймін» деген пікір бiлдірсe, деңгейлік курс бойынша өткен мұғалімдермен кеңес барысында да «Бүгінгі күні оқушылар тек мұғалімнің бағалау жүйесіне ғана үйреніп қалғаны жасырын емес. Онымен қоса мұғалімнің бағалaуы әділ жүрмейді деген пікірлер де жүргені рас. Оқыту үшін бағалау оқушы мен мұғалімнің оқыту үдерісіндегі рөлін, мән мағынасын өзгертеді деп ойлаймыз» деп өз позициясын анықтап білдірген.

Зерттеу жұмысымды жүргізу үшін алынған келесі дерек мектеп психологымен бірге құрылған сынып оқушыларымен сауалнама болып табылады. hello_html_m577be268.png

Зерттеу нысаны ретінде алынған 8 «Б» сыныбына сауалнама жүргізу арқылы сыныпта алынған іс-әpeкеттегі зерттеу тақырыбы маңызды екені анықталып, расталды.

Осыдан шығатын қорытынды, бұрын проблемалық тақырып шеңберінде жүргізілген жұмыс еш негізсіз жүргізіліп, нақты күтілетін нәтижелер анықталмады. Осы сауалнама және сыныпты мектеп психологы мен бақылауым нәтижесінде бақылау нысаны ретінде А, В, С оқушылары таңдалынды.C:\Users\Айгерим\Downloads\131801.JPG

Бақылау нысанына алынған оқушыларды тек жеке мұғалімнің бақылауы ғана жеткіліксіз. Оны сабақ барысында басынан аяғына дейінгі іс-әрекетіне көз салып отыру мүмкін емес те. Сондықтан бақылаудың өзге де тәсілдері қолданылып, сол арқылы дәлелдемелері жинақталды.

Соның ішінде әр сабақтың бейнебаян түсірілімі жүргізілді. Соның ішінде, топтық жұмыс барысындағы тақырыпты талқылауы, топтық, жұптық, өзін-өзі бағалау кезеңдері, постерлерді қорғау, эссені тексеру және бағалау әрекеттері толық түсірілді.

Онымен қоса сабақ барысында оқушылардың өздігінен білім алу, өзгенің жұмысын бағалау, талқылау, топтағы бірлесіп жұмыс істеу дағдыларының дамуы, өзгенің пікірімен санасуы, топтағы бір-бірлеріне ықпалы төңірегінде бақылаулар жүргізілді. Оны қысқаша сабақтан кейінгі уақытта сабақтың өту барысы туралы сәтті және сәтсіз тұстары, қай жерде өзгертулер қажет деген бағыттағы ойларымды жазба түрінде жазып отырдым. C:\Users\Айгерим\Documents\Папка обмена Bluetooth\Новая папка\20140919_151057.jpg

Сабақтың соңындағы кері байланыс кезінде жүргізілген оқушылардың сабақты бағалауы социограммалар, BLOB ағашы, бес саусақ, бағалау


нысанасы түріндегі дәлелдемелер жинақтамасы да жасақталды. Ол топтама сабақтың қандай деңгейде өткендігі туралы пікірлерін және оқушылардың өздерін бағалауын қамтиды.

Сабақ кезінде оқушылардың орындаған тапсырмалары да дәлелдемелер базасына жинақталды. Онымен қоса оқушылар шығармашылығы болып табылатын постерлері, плакаттары мен батырларға арналып жасалған түйіндемелері де алынды. C:\Users\Айгерим\Documents\Папка обмена Bluetooth\Новая папка\20140919_150708.jpg

Ғылыми әдебиеттерде «Оқушы үні» аталатын оқушылардың өткізілген сабақтар бойынша түйінді ой-пікірлері сұхбат түрінде бейнекамераға жазылды. Осы жинақтамалар зерттеу жұмысын жүргізудегі таңдалған стратегиялар, әдіс-тәсілдерімнің оқушылардың сабақтың ұйымдастыруына, сабақ үдерісіндегі жағдаяттарға талдау жасауға, оқушылардың көзқарасы мен сабақ өту барысына басқа қырынан қарауға, өткізілген сабақты түрлендіру әдістері мен бағалау әдістерінің қаншалықты тиімді не тиімсіз өткендігін түсінуге мүмкіндік берді.

Іс-әрекеттегі зерттеу тақырыбы негізге алынған тізбектелген сабақтар топтасында жүзеге асырылған жұмыстардың ішінде сәтті және сәтсіз тұстары да орын алғаны рас.

Топтағы жұмыс

Бірінші сабақтан бастап бірлескен топтағы жұмысты жүргізу шешілді. Топтық жұмыстың жүргізілуі және бағалау үдерісінде сәтсіз тұстары алғашқы сабағымда болды. Алғашқы сабағымда INSERT әдісімен топта тақырыпты талдап, нәтижесінде постер құрып оны қорғауы іске асырылды [2]. Осы стратегияны алу себебім, бұл әдіс мұғалімнің түсіндіруіне үйренген оқушының өздігінен оқуға дағдылануына итермелейді. C:\Users\Айгерим\Desktop\2-ШІ ДЕҢГЕЙ КУРСЫ\сабақ №4 19.09.14\IMG_7499.JPG

Топтағы бірлескен оқу модулінде қарастырылған «оқyдың ынтымaқтacтық ортасында оқушылap әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеялapын айтyға және қорғayға мәжбүр болады. Мұндайда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құруды бастайды. Осылайша ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады» (МАН, 78-б) деген теориялық тұжырым тәжірибе жүзінде расталды. Бірақ толыққанды ол үдеріс үшінші және төртінші сабақтарда ғана өз деңгейінде өтті. Өйткені

кез келген үдеріс жүре бара, тәжірибені жинақтау арқылы түзеледі деп есептеймін. Төрт сабақ қорытындысында оқушылар бұл жұмыстың негізгі мәнін түсінді деп ойлаймын. Осы жерде «Оқушы үні» әдісі бойынша алынған сұхбатта осы топтағы бірлескен жұмысқа деген С оқушысының мынадай көзқарасын келтіргім келеді. Сұхбат барысындағы қойылған Сабақтағы бірлескен топтағы жұмыс түрі қалай жүрді? Ұнады ма? Топтағы жұмыс барысында өздеріңді қалай сезіндіңдер? деген сұрақтарға былай деп жауап қатқан: «Жақсы. Себебі енді өз достарыммен ой-пікірімізбен бөлісеміз және тақырыпты бірге түсінеміз, бірге талдап, бір тоқтамға келеміз. Топ болып жауап береміз».

«Екі шеңбер» әдісі

Осы бірінші сабақтағы білу бөлімінде, яғни үй тапсырмасы сұрау кезінде оқушыларға үш деңгейлі сұрақтар құрастыруды, кейін сол сұрақтарды «Екі шеңбер» әдісімен бір-бірлеріне қойғызып, әрі бағалау жүргізуді тапсырдым. Бұл тапсырма берудегі мақсатымның бірі оқушылар арасында сапалы диалогтің жүру дағдыларын қалыптастыру, өйткені бұған дейінгі сабақтарда сынып оқушылары ашық, жоғары деңгейдегі сұрақ қою қабілеті дұрыс қалыптаспаған. Екінші мақсатым – оқушылардың сұрақ қойып қана қоймай, бір-бірін жұптасып бағалауға дағдыландыру, сол арқылы тақырыпты, пәнді игеруге деген ынтасын арттыру. Оқушылар арасында осы тапсырманы орындау барысында кішігірім өзгеріс орын алды, яғни оқушылар бастапқыда түсінбеушілік танытты, оқушыларға бағалау мүмкіндігі берілгеніне таң қалды. Алайда сол мүмкіндігін пайдаланған кезде толық сәтті шықты деп айта алмаймын. hello_html_m2ff756df.jpg

А, В, С оқушыларының осы тапсырманың бағалау кезеңіндегі іс-әрекеті:C:\Users\Айгерим\Documents\Папка обмена Bluetooth\20140909_151515.jpg

  1. А оқушысы өзін еркін ұстады, сұрақтарын сапалы етіп қойып, өзгенің де сұрағына еш қиналмай жауап берді. Өзгенің оны бағалағандағы түсінігі мен қатынасы дұрыс болды, өзгені әділ бағалай алды. Бұл оның қалыптастырушы бағалау туралы түсінігі толық болмаса да, әрекет барысында интуитивті түрде дұрыс әрекет жасағаны анықталды. Оның себебі, өзіне сенімді, өзгенің жауабын дәйекті талдап, бағалау қабілеті бойында бар.

  2. В оқушысы өзгелердің сұрақтарына жауап берді. Ал бағалау сәтінде төмен баға алудан үрейлене бастады, бұл құбылыс оқушылардың көпшілігінде орын алды. Жақсы баға алуға деген талпыныс жоғары болды.

  3. Ендігі С оқушысын бейнебаяннан қарар болсақ, сұрақтарын жоғары деңгейдегі сұраққа келтіруге тырысқан. Алайда сұрақ құрастыру

дағдысы толық қалыптаспағаны анықталды. Өзгені бағалауда әділ бола алмады. Бұған өзгені бағалауға қабілеті барына сенімділік болмады.

Қорытындысында айтарым осы әдіс А және В оқушылары үшін сәтті болды, өйткені А оқушысы өзгенің бағалауына назар аудара бастады, өзіндік менсінбеушілік азая бастады. Ал В оқушылары дұрыс жауап табуға ынталанды, белсенділігі арта бастады. С оқушысы әлі де ашыла түспеді. Сондықтан өзге жолдарын іздестіруге ықпал етті.

Алайда бірінші сабақтағы түсіну мен қолдану бөліміндегі тақырып бойынша постер салып оны қорғау тапсырмасында, С оқушысы топтың қолдауымен өзін көрсете бастады. Бағалау талабы толық топ ішінде максималды қорғаушы шығару болғасын. Осы топ толық болып қорғады. С оқушысы да мүмкіндігінше, тақырыпты қорғап шықты.

Екінші сабақта JIGSAW стратегиясын түсіну және қолдану бөлімінде қолдандым. Оқушылар тақырыпты плакат бетіне түсіріп, топ қорғаушыны өз ішінен тағайындады. Өзге топтар қорғаушы мен плакаттарын тыңдап әрі көріп, бағалау парақшалары арқылы бағалады. Бағалау парақшаларында критерийлерін анықтап топпен ақылдаса отырып, шешімдерін айтты. Бұл әдісті қолдану себебім, бірінші сабақтағы бағалау тәсілдері өз мақсатына жетті деп ойламаймын. Осы жерде осы стратегия арқылы алдыңғы сабақтағы кедергі шешіледі деп есептедім. Тәжірибе жүзінде де дұрыс болып шықты.

Тәжірибе кезінде бірінші сабақтағы «Екі жұлдыз, бір тілек» бағалау әдісі сәтсіз болды, оқушылар өзге топты бағалауда дәлелді кемшіліктер мен түзетуге қажетті ұсыныстарды өз деңгейінде айта алмады. Мүмкін критерийлер беру қажеттігі болды ма деген сұрақ туындады.

Осындай факторларға байланысты екінші сабағымда критерийлері берілген бағалау парақшаларын тараттым. Осы бағалау тәсілін қолдану мақсатым, оқушылар қорғаушының түсіндіре білу дағдысы мен постерінің сапасына қарап, объективті бағалауына үйрету. Сондықтан да жоғарыда аталған бағалау тәсілінің кемшіліктерін жоюға мүмкіндік берді. Оқушылар осы критерийлер арқылы топпен ақылдасып бағалауға ұмтылды. Өз бағалау парақшалары бойынша пікірлерін айтқан кезде парақтағы критерийлерді келтіре отырып, дәлелді әрі әділ бағалады.C:\Users\Айгерим\Desktop\2-ШІ ДЕҢГЕЙ КУРСЫ\сабақ №3 17.09.14\20140917_144546.jpg

Үшінші сабақта білу бөліміндегі үй тапсырмасы «Жарнама» әдісімен сұралды, ол үшін әр топтан топ басшылары анықталды. Топ басшыларын тағайындау себебім, топтағы жұмыстың нәтижесін бағалауды жүзеге асыруға тиімді болады деп есептедім. Өйткені бұған дейінгі сабақтарда формативті бағалау әдістері толыққанды өз функцияларын атқармағасын, осындай өзгеріс енгіздім. Шынымен де бұл hello_html_9bcd985.png

өзгерту өз жемісін әкелді деп есептеймін. Оның дәлелі ретінде «Оқушы үні» сұхбатындағы А,В,С оқушыларының пікірімен растағым келеді. Сұхбаттағы «Өткізілген сабақтардан алынған бейнебаян үзінділерінен топ басшыларының бағалауын көріп өттіңдер.

Араларыңда топ басшысы болып топ жұмысын бағалағандар бар. Сіздер үшін топ басшысы ретінде өзгелерді бағалау қиынға соқты ма?» деген сұраққа А оқушысының жауабы: «Кішігірім қиын болды. Себебі жақын досым болғандықтан белгілі бір ойға келесің, бірақ әрқашан әділ болуға тырысу керек. Себебі өзгені өтірік бағаласаң әділдікке жатпайды деп ойлаймын». hello_html_da8ff25.png

Оқушы үні

Ал осы отырған қалғандарымызды топ басшысы бағалады. Сіздер өздеріңді қалай сезіндіңдер? деген сауалға С оқушысы «Біздің жауап берген дұрыс жауаптарымыз арқылы білім деңгейімізді есепке алды. Қаншалықты белсенді қатысқанымызды есептеп отырды» деп жауап берсе, В оқушы алдыңғы оқушылардың жауаптарымен келісе отырып, «Негізі әділ бағалады деп ойлаймын. Әрине арасында әділ бағалауда қателіктер кеткен шығар, алайда бағалауды ең күрделі іс деп білемін» деп жауап қайтарған. hello_html_m682a394c.png

Сабақта Блум таксономиясының түсіну, қолдану, талдау, жинақтау бөлімінде «Қарлы кесек» стратегиясын қолданудағы мақсатым біріншіден, оқушылардың өздігінен оқуға дағдыландыру , екіншіден өз түсінгенін өзгеге жеткізу, яғни өз ойын анық, еркін жеткізуге машықтандыру, үшіншіден, бір-бірін бағалау және бағалау үдерісіне деген көзқарасын өзгерту. А, В, С оқушыларын дамыту жоспарын жүзеге асыруда үшінші сабақта қолданылған аталған әдіс өте тиімді болды. А оқушысы топтағы тақырыпарды түсіндіру барысында өзін ғана емес, өзгелерді тыңдауға олардың пкірімен санасуға үйренді. В оқушысы өздігінен білім алуға ынталанды, топтағы түсіндіру барысында өз ойын ашық, еркін жеткізе білді. С оқушысы да өзгелердің оны тыңдауы арқылы өзінің ашық түсіндіре алуға қабілеті барына сенімділігі артты. Үшеуі де, сонымен қатар сыныптағы қалған оқушылар да бағалау парақшаларында берілген критерийлер бойынша ең үздік қорғаушыларды анықтауға дағдыланды. C:\Users\Айгерим\Desktop\2-ШІ ДЕҢГЕЙ КУРСЫ\сабақ №3 17.09.14\IMG_7324.JPG

Эссені бағалау парағы

Төртінші сабақта алдыңғы сабақта жинақтау бөлімінде «Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте елеулі рөл атқарған...» тақырыбында эссе жазу берілді. Уақыт тығыз болуына орай үй тапсырмасы ретінде берілді. Бұл тапсырманы бағалау үшін бірін-бірі бағалау түрін қолдандым. Осы бағалау арқылы оқушылар жұмысты бағалау кезінде қолданылған критерий мен стандарттарды нақты түсінеді, осы критерий немесе стандарттарға сай өз жұмыстары туралы пікір қалыптастырулары керек» [3] деп ойладым. Нәтижесінде оқушылар бағалауға деген көзқарасының өзгергенін, критерийлерге сай әділ, шыншыл бағалау қағидаларына негізделе отырып бағалау дағдылары қалыптасқанын байқадым. Тіпті С оқушысының өзі өзгенің бағалаған эссесінің қаншалықты жазылғаны жөнінде ашық, еркін пікірін айтуға ұмтылды. Әрине дәлелдемелерді келтіруі мен сөз саптауы аса жоғары деңгейде болмағанымен, ол да өзінің бағалау критерийлері бойынша жұмысты бағалай алатынын көрсетті. C:\Users\Айгерим\Desktop\2-ШІ ДЕҢГЕЙ КУРСЫ\сабақ №4 19.09.14\20140919_150905.jpg

Осы сабақтағы тoптық жұмыс барысында бұрын көрінбей қалыс қалған оқушылар ашыла бастады. Алдымызда отырған оқушылардың барлығы да тең, тең дәрежеде бірдей білім мен мұғалімнің тең дәрежеде қарауын қажет етуі тиіс деп ойлағанмын. Ендігі уақытта бұл оқушылaрдың қaбілеттерін aшуғa, жетілдіруге бар ынтамды салатын боламын. Ол тек білім, ойлау дағдыларымен ғана шектелмейді. Өйткені «Талантты және дарында балаларды оқыту» модулі идеясында тек қабілетi жоғapы, белсeндi оқушыларды ғана емес, сонымен қатар белсенділігі төмeн, өздеріне сeнімсіз оқушыларды дарынды оқушы ретінде қабылдап, оның бойындағы жaсыpынып жатқан белгілі бір қабілeтін ашуға міндeтті eкeнiмді түсіндiм. Бұрын бeлсенділiгі төмен, өзiмен-өзi отыратын С оқушым енді постер жасағанда сурeт сaлy, жапсыру тапсырмаларын орындaғандa белсенділік танытып, өздерін басқа қырынан тaнытты. Яғни топтық жұмыс С оқушыларға өзін басқа қырынан көрсетуге мүмкіндік беретін дәлелдеді.

Қорытындысында айтарым, тәжірибеде А,В,С оқушыларымның оқудағы сыни іс-әрекеттерін бақылау кезінде оқушылар барынша жаңа тақырыптан алған ақпаратты талдап, бір-біріне түсіндіріп, бірінің ойын бірі толықтырып, сыни диалог арқылы жаңа сабақ идеяларын ұғынғандай болды. Бірақ кейбір оқушылардың бір-біріне түсіндіру мүмкіндіктері ойдағыдай шықпады. Өйткені, бұрынғы тәсіл бойынша олар ортақ тапсырма C:\Users\Айгерим\Desktop\2-ШІ ДЕҢГЕЙ КУРСЫ\сабақ №1 09.09.14\20140912_121617.jpg

алғанымен, өздеріне міндет алмай, дайындалған жұмысқа қосыла салатын еді. Сондықтан да енді оқушылардың қасына барып, нені қалай жасау керектігі жөнінде бағыт беретін болдым. Топ оқушыларына бір-біріне көмекке келіп, бір-біріне мүмкіндік беру қажеттігі туралы топтық ережені еске салып отыру қажеттігін түсіндім. Мен сабақта реттеу, бағыт-бағдар беру, жүйелеу қызметін атқару арқылы оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне, топтық жұмысты, өзін-өзі және өзара бағалау біліктілігін дамытуға ықпал еттім деп есептеймін.

Бұл оқушылapдың өзiн-өзі бағaлayын және өзiне дегeн сенімдiлігін apттыруға көмeктесті. Дәлме-дәл бағалayдың өте мaңызды бөлшегінің бірі — ол оқушының өзiн-өзі бағaлауы екені рас, және де бұл процесс оқушыға өзінің жетістігін бағалауға және шыққан нәтижеге жауапты болуға мүмкіндік берді. Мұғалім ретінде мен оқушыларды мақсат қоюға, өздерінің жетістіктерін бағалауға араластырғанда, олардың білім алуға қосатын үлестepi артып, жасaған жұмыстapының сапасы өскенін байқадым.


А, В, С oқушылapының өзгepгeн сaбақ бaрысындa aлған бaғaлapы:


Оқушылар

1 сабақ

2 сабақ

3 сабақ

4 сабақ

А

5

5

5

5

В

4

5

5

5

С

3

4

4

4




Зерттеу жобасының қорытындысында күтілетін нәтиженің көрінісі оқушылардан алынған сұхбат ретінде берілді.








hello_html_380443cb.png

Төрт тізбектелген сабақ барысында тиімді оқыту әдістерін қолданғанымен, оқушылар бұл жетістіктерге оңайлықпен келе салмады. Зерттеу жұмысымды іске асыру барысында төмендегідей кедергілер орын алды:

  • Блум таксономиясының әр сатысына келетіндей етіп қысқа мерзімді жоспарлау, оған сәйкесінше келетін тапсырмаларды ойластыру. Осы қиындықты шешу үшін әр сабақ сайын рефлексия жасап, қолданылған тапсырманың қайсысы оқушылардың деңгейіне және орындау жылдамдығына сәйкес келетінін анықтап отырдым.

  • уақытқа бағыну, өйткені сабақтың 45 минуты жеткіліксіз болды. Сол себепті бірінші және екінші сабақтарда келесі пән мұғалімінен 15 минуттай уақыт сұрауға мәжбүр болдым. Соңғы сабақтарымды тек өз уақытымды пайдaлануға мен де, оқушылар да дағдыланды.

  • оқушылардың өз пікірін ашық, жетік жеткізе алмауы. Жоғарыда атап өткенімдей әсіресе, А,В,С оқушыларының сөйлеу, өз пікірін жетік айту дағдылары қажетті тапсырмалар қолдану арқылы жүзеге асырырылды. Мысалы, бұл жерде «Қарлы кесек», JIGSAW әдістері өз тиімділігін көрсетті.

  • оқушылар әлі де өзге оқушының жауабын толыққанды, дәлелді, әділ және мұғалімнің қатысуынсыз бағалауға психологиялық тұрғыдан дайын емес. Алғашында бұл кедергіге тап болған кезде оқушыларға тірек болатын критерийлері бар парақшалар беру қажет деп түсіндім.

Сондықтан да кейінгі сабақтарымда бағалау критерийлерін анықтап, оған сай бағалауға үйрендік.

  • досы, құрдасы, оның ішкі сезіміне қаяу түсіремін деген немесе қаһарына түсемін деген сезім, түсінік орын алған. Әрине ол кедергі әлі де толық жойылмады. Алайда болаақта толық жойылады деген сенім қалыптасты. Бұл жердегі кедергіден шығу үшін оқушының жоғары бағалап жатқанын көріп, Шынымен дәл сол бағаға сай ма, немен дәлелдер едің? деген сұрақтар қою арқылы шынайы бағаға қарай бағыттауға тырыстым.

Жоғарыда аталған қиындықтар сабақ сайын қайталанбауы мақсатында, сабақ соңында жоспарыма сай жүргізілген жұмыстарымды саралап, қарастырдым. Бірлескен топтағы жұмыс уақытымен, өзара ұйымдасқан түрде өтуі үшін «Алтын ереженің» баптарын еске түсіріп отырдым. Онымен қоса, оқушылардың ортақ пікірін, тапсырманы бірлесіп орындауын талап ететін тапсырмалар қарастырдым.

Іс-әрекеттегі зерттеу жұмысымды қорытындылай келе, әріптестеріме төмендегідей ұсыныстар білдіремін:

  • іс-әрекеттегі зерттеу тақырыбын таңдауда сынып мәселесін дұрыс анықтауда сауалнамалар мен психологтың көмегіне жүгіну қажет;

  • сабағыңызды жоспарлаған кезде Блум таксономиясының барлық кезеңдеріне сай келетін тапсырмаларды құрған кезде уақыт көлемін, оқушылардың орындау жылдамдығына ерекше мән беріңіз;

  • топқа тапсырма берген кезде оны бағалаудың нақты критерийлерін алдын ала құрып алыңыз;

  • баланың мүмкіндігі мен жетістіктерін сенімді, әділ бағалау үшін, бағалау процесі үздіксіз жүргізілуі тиіс. Яғни сабақтың әрбір тапсырма орындау сатысында оқушылардың құзipетіне бағалауды артуымыз кepeк. Формативті бағалау оқушының нақты білімін көрсете алмайды деген пікір қате, оқушыға сенім білдіріп, олардың пікірімен санасқан кезде өз біліміне сенімді, мақсаты мен қалай оқу керектігі туралы көзқарасы айқын, өзінің жетістігі, күшті тұстары мен кемшілігінің ара қатынасын ажыратып, өзгелердің пікірі мен шығармашылық жұмыстарына сыни көзбен қарап, бағалай алатын толыққанды жеке тұлға қалыптастыра алғандығыңыздың куәсі боласыз;

  • өткізілген әр сабақтан кейін өздеріңі және оқушы әрекеттеріне рефлексия жасап отырыңыз.

Екінші деңгей оқу бағдарламасы аясында сіңірген теориялық әрі тәжірибелік білімім оқыту үдерісіне көзқарасымды өзгертті. Соның ықпалымен жаңа үлгідегі сабақтар топтамасын жоспарлап, жүзеге асырып,

тың идеяларды қолдануға бейімделдім. Алдағы уақытта да осы жолдан таймай, оны жетілдіру қадамдарын жоспарлаймын. Атап өтсем:

  1. оқыту үдерісін жетілдіруді және оқушылардың өздігінен оқуына мүмкіндік бере отырып, кездесетін мәселелерді шешуде іс-әрекетке үздіксіз зерттеу жүргізуді жалғастыру;

  2. оқушылaрдың әділ бaғалау, дәйектеу дағдыларын дамытатын оқыту үшін бағалау әдістерін жетілдіру;

  3. оқыту үшін бағалауды қалған сабақ беретін сыныптарына енгізу;

  4. оқыту үшін бағалау әдістерінің оқушылардың қаншалықты өздігінен оқуына ынталандыратын құрал екеніне өзге мұғалімдердің көзін жеткізу мақсатында, тәжірибемді әдістемелік бірлестік, мектеп және мүмкіндігінше қалалық, облыстық мектептерге тарату;

  5. бағдарламаның түйінді идеяларын алға тартатын жаңа оқыту тәсілдерін басшылыққа ала отырып, оқушылардың өздігінен білім алуына жағдай жасап, бағыт-бағдар беру арқылы сабаққа қызығушылығын арттыру;

  6. Оқушылардың жоғары деңгейлі ашық cұрaқтар құру және сол сұрақтарға жауап беру дағдыларын қалыптастыруды көздейтін тапсырмалар тобын қолдану;

  7. Тәжірибе кезеңінде қолданған «Оқушы үні» әдіcін өзіме және өз сабақтарыма рефлексия жасауда қолдану;

  8. Зерттеу жүргізу барысында мұғалімнің зерттеу жазба журналын электронды түрде жүргізу. Яғни Ақпараттық коммуникациялық технологиялар заманында Blogger секілді бағдарлама арқылы жүргізу.



Әдебиеттер тізімі:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012 ж.

  2. Жартынова Ж.А.,Ким В.Н., Корнилова Т.Б., Қойлық Н.О., Орақова А.Ш. «Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару», Алматы, 2014 ж., 29-бет

  3. Үлестірме материалдар. Екінші апта. Төртінші-бесінші күн. Екінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012.

  4. http://azbyka.kz/okytu-ushin-bagalau-okushy-belsendiligin-arttyrudyn-en-tiimdi-zholy




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Нуртазина Айгерим Базаровна, БҚО дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының тарих пәні мұғалімі

Кембридж университетінің бастамасымен құрылған мұғалімдердің біліктілігін арттыру деңгейлік курстары менің ұстаздық шығармашылығымның ұшталуына септігін тигізіп, зерттеу жұмыстарына көңіл аударуыма ықпал етті. Төменде берілген жұмыс бағдарлама аясында жүзеге асырған іс-әрекеттегі зерттеу жұмысымның нәтижесі болып табылады. Төрт сабағымды жоспарлап, А,В,С оқушыларын таңдап, осы сабақтар барысында бақылауға мүмкіндік беріп, өз жоспарымды жетілдіруге итермеледі.

Өзімнің зерттеу жұмысымда бағдарлама аясында оқылған жеті модульдің бірі болып табылатын Оқыту үшін бағалау тақырыбына арнадым. Оқыту үшін бағалау қаншалықты оқушыларға ықпал ететінін байқағым келген. Бастапқыда біраз сұрақтар мазалады. 

Осы жұымысым ұстаздарға пайдасы тисе мен үшін үлкен мәртебе болары анық. Сіздердің пікірлеріңізді жылы қабылдаймын.

Автор
Дата добавления 18.03.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров3740
Номер материала 448826
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх