Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Тарих сабағынан ашық сабақтар
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

Тарих сабағынан ашық сабақтар

библиотека
материалов

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ «СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»

http://t0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcROvbsuZbWpLi-sonxRVm1Gv-sc2MDr7cLBM1ups_BdAYXTSAf8Rw


Құттығожин О.С.

Қазақстан тарихы пәнінен білім берудің сапасын жетілдіруде әр түрлі тапсырмаларды қолданудың тиімділігі

Оқыту әдістемелік құрал

http://www.islam-orkeniet.kz/wp-content/uploads/2011/12/15-223x300.jpg







Петропавл

2015



Аннотация

Оқушылардың тарихи білімді шығармашылықпен және әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы, тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырмалы талдау негізінде ой елегінен өткізе білу дағдыларын қалыптастыру. Отаны мен халқы алдындағы жауапкершілігін сезінетін жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыру.





Алғы сөз

Тарих – мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана-сезімді және адамгершілік-этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады. Тарихтың басқа пәндермен өзара байланысы талдау, жинақтау сияқты ортақ логикалық таным әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, гуманитарлық циклдағы пәндермен байланысы картамен, мәтінмен жұмыс істеу, оқиғалар мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындау сияқты ортақ әдіс-тәсілдері негізінде іске асады. Тарихи білім берудің басты мақсаты мен міндеттері мынадай:
- оқушылардың адамзат қоғамының ежелгі заманынан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру;
- бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени тарихи тәжірибенің негізін оқытып, меңгерту;
- оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, оларға адамзат жинаған әлеуметтік рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгерту;
- оқушыларды өз халқы мен басқа халықтардың мәдениеті мен тарихын, бүкіл адамзаттың мәдени мұрасын сақтауға тәрбиелеу;
- оқушылардың бойында Қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру;
- эстетикалық, экономикалық тәрбие беру, діннің тарихтағы қызметін дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу.
Осы міндеттер мен мақсаттарды орындау үшін қазіргі педагогиканың жаңалықтарын, оқу әдістемелік тәсілдің тиімді жолдарын таңдау, үздіксіз ізденіс пен білім сапасын жақсарту қажет. Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді оқып үйренуге дағдыландыру, баяндама, рефераттар, хабарлама жасату, өз бетінше оқып білім алып шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу және т.б.



Кіріспе





«Біз еліміз бойынша әлемдік стандарттар

деңгейінде сапалы білім беру қызметін

көрсетуге қол жеткізуіміз керек»

Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан


Жас ұрпаққа сапалы білім берумен қатар денсаулығы зор, зерделі, білімі терең, адамгершілігі мол, туған Отанын құрметтейтін ұрпақты жеке тұлға ретінде тәрбиелеу маңызды. Қазіргі таңда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында болашақ мамандарға сапалы біліммен қатар әлемдік білім кеңістігінен мемлекетімізге лайықты орын алуға мән береді. Осыған орай оқылатын пәндердің балалардың тыңдайтын мамандығына қарай бағытталуына, яғни мақсатты білім беруге назар аударылуда. Оқушыларды пәнге қызықтыру, күрделі тапсырмаларды орындату оларды іздемпаздыққа апарады. Баланың қабілетін ашу, қосымша материалдарды жүйелі түрде пайдалануға үйретуде ұстаздардың рөлі ерекше. «Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға» деп ұлы ақын Абай атамыз айтқандай, оқытқан оқушылары өз білімін өмірде пайдаланып, шығармашылығын көрсетсе еліміздің дамуына қосқан үлесі болар еді.























Қазақстан тарихы 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан 1941 - 1945 ж. Ұлы Отан соғысы жылдарында
Жалпы мақсаты:
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы, түрлі ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы, қазақ халқының батырлары, олардың ерліктері жайлы мәліметтерді пысықтау, тиянақтау.
Оқыту нәтижесі Оқушылар өз ойларын жүйелеп жеткізе біледі. Топпен жұмыс жасау дағдысы қалыптасады. Ортақ шешім қабылдай алады. Өзін - өзі және басқаларды да бағалай алады. Тарихи оқиғаларға баға бере алады.
Негізгі идеялар Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды. Бұл жерде
Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық – түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді.
Жұмыс түрлері Жеке, жұптық, топтық жұмыс, рефлексия жазу.
Тапсырмалар Топты берілген өлеңдер бойынша бөлу. Топтық тапсырма. Постер дайындау.
Сабақ жоспары:
Ойлау деңгейлері Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті
Психологиялық дайындық. Тренинг. Берілген өлең жолдарымен оқушыларды топқа бөлу. Топ басшысын сайлау, бағалау парағын беру. Берілген өлең жолдарымен оқушылар топқа бөлінеді. Араларынан топ басшысын сайлайды.
Осы өлеңдеріңізді оқып шығыңыздар. Бұл өлең жолдарында не туралы айтылған?
-«Соғыс»дегенді қалай түсінеміз?
- Қандай ірі соғыстарды білесіздер?
- Ұлы Отан соғысы қашан, қай елдердің арасында болды?
- Ұлы Отан соғысының аяқталғанына биыл қанша жыл?
- Ақындардың өлеңдерінен үзінді білесіңдер ме? Берілген сұрақтарға оқушылар жауап береді. Оқушылар формативті бағаланады.
Түсіну. Оқушылар назарын экранға аударамыз. Бейнеролик «Зұлмат заман» Осы бейнеролик бойынша оқулықты пайдаланып постер құрайды. Әр топтың жұмысын қарсы топтар бағалайды. Тақтаға критериалды бағалау бетшесі ілінеді. Оқушылар бейнеролик тамашалайды. Постер құрайды, қорғайды. Әр топтың жұмысын қарсы топтар бағалайды. Тақтаға критериалды бағалау бетшесі ілінеді.
Қолдану. Әр топ мәтінді оқып шығып сол мәтін бойынша қарсы топтарға ашық сұрақ дайындайды.
Оқушыларды смайликтермен бағалау. Әр топ 3 сұрақтан қарсы топқа қояды.
Сергіту сәті «Бақыт сағаты» тренинг. Тренингке қатынасады.
Талдау. АКТ- ны, оқулықты пайдаланып Ұлы Отан соғысына қатынасқан батырлар туралы мәлімет жинақтайды.
Формативті бағалау. Ғаламторды пайдаланып оқушылар батырлар туралы мәлімет жинайды. Әр топтан бір баладан шығып қорғайды.
Дерек пен дәйек. Хатынь. Оқушылар тың дерекпен танысады.
Жинақтау «Эстафета таяқшасы» әдісімен сабақты қорытындылау. Оқушылар шеңбер құрып бүгінгі сабақтан алған білімдерін сұрақ қою арқылы қорытындылайды.
Бағалау «Ардагер атаға хат» Оқушылар өздері білетін соғыс ардагерлеріне (аталары болуы мүмкін) хат жазады.
Үй тапсырмасы: Өз облысымыздағы, қаламыздағы, ауданымыздағы соғыс ардагерлері жайлы қосымша деректер жинау.
Рефлексия. Екі жұлдыз, бір тілек әдісімен сабаққа баға береді. Бүгінгі сабақтың екі ұнамды жағын, бір ұсыныс жазып қалдырады.





































Ежелгі Қазақстан тарихы 6 - сынып.
Сабақтың тақырыбы: Халықтардың ұлы қоныс аударуы.
Сабақтың мақсаты:

● Халықтардың ұлы қоныс аударуы, ғұн жорықтарының маңызы, тарихтағы ғұндардың орын туралы айта отырып, Аттиланың өміріне тоқталу, фильмін көрсету.
● Белсенді, ізденімпаз, жан - жақты білімді азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, суреттер

Сабақтың жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Қорытындылау, бағалау
VI Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
• Оқу құралын тексеріп түгендеу
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару
• Көңіл – күйлерін сұрау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Ғұндар туралы қандай деректерде айтылады?
2. Ғұндар бағындырған тайпаларды картадан көрсет.
3. Оқулықты пайдаланып, құдіретті Ғұн мемлекеті туралы әңгімеле.
4. Қытайлар ғұндармен неге соғысты, ғұндар неліктен жеңілді, соғыстың салдарын айт.

Жаңа сабақтың жоспары:
Қысқаша мәлімет: Сақтардан соңғы Қазақстан аумағында және көрші аймақтарда үлкен мемлекет құрып дәуірлеген халық — ғұндар еді. Б. з. д. IV ғасырда - ақ Қытай мемлекеті ғұндарды өздерінің "солтүстік - батыстағы күшті бәсекелесі, жауы" деп есептеген. Бұл күндері түркі тілінде сөйлегендігі дәлелденіп отырған ғұндар басында тайпалық одақ болып, одан күшті мемлекет құрды. Ғұндардың мемлекеттік тарихы жөнінде жазба деректер жеткілікті. Олардың саяси - қоғамдық құрылысы жөніндегі деректер, негізінен, қытай жылнамаларында мол сақталған. Ғұндарда мемлекеттіліктің негізі б. з. д. III ғасырлардан бастады. Ғұндар мемлекеттілігін толық қалыптастырып, оның саяси жүйесін құрушы ірі саяси тұлға — Мөде

1. Халықтардың ұлы қоныс аударуы.
♦ Ғұн қоғамы ұшы - қиыры жоқ кең - байтақ жерді жайлап, көптеген тайпаның басын біріктірді, әскери соғыс қуаты орасан зор құдіретті мемлекетке айналды. Еділдің (Аттиланың) жеңімпаз жорығы оның атын бүкіл әлемге әйгілі етті.

2. Ғұн жорықтарының маңызы.
♦ Аттила (Еділ) шамамен 400 - 453 жылдары өмір сүрген.
♦ Көптеген халықтардың жадында Ұлы ғұндардың бейнесі сақталып қалған. Аттила туралы еңбектер 6 ғасырдан бастап әлі күнге дейін жазылып келеді. Неміс, француз, және итальян тілінде бірнеше туындылар шықты. Италияның атақты композиторы Джузеппе Верди «Аттила» операсын жазды. Аттила бейнесі біздің халықтың есінде де сақталған. Халық оны «Еділ» деп атайды. Волга өзені де қазақша «Еділ» аталады.

3. Тарихтағы ғұндар сипаттамасы.
♦ 448 жылы Аттиланың сарайында болып қайтқан Прииск оның сырт келбетін былай суреттейді: «Бір көрген адам оның нағыз азиялық екенін бірден айтады. Басы үлкен, орта бойлы, мығым денелі. Қараған жерін тесіп өтетіндей, көзқарасы сұсты.
Қозғалысы шапшаң, сенімді. Дауысы күмістей сыңғырлайды әрі құлаққа жағымды».
Тарихтағы "Ұлы қоныс аудару" Орталық Азияның саяси картасына, этникалық құрамына өзгерістер әкелді. Қытайдың ығыстыруымен ғұндар Алтай, Сарыарқа арқылы Батыс Қазақстанға жылжыды. Олар жолшыбай көптеген тайпалардың орын ауыстыруына әсер етті.
Жалпы ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы б. з. д. II ғасырдан басталып, б. з. IV ғасырына дейін созылған. Тарихта бұл жылжу тек ғұндарға ғана тән құбылыс емес, басқа да ірі тайпаларға да әсерін тигізді. Тарихта бұл тарихи кұбылысты "Халықтардың ұлы қоныс аударуы" деп атайды. Әсіресе Қазақстанға үлкен әсерін тигізді: жергілікті сақ, юэчжи, үйсін, қаңлы сияқты тайпалардың шығыстан батысқа қарай орын ауыстыруына әкелді.
Ғұндар Еділден өтіп, алдарына сармат - аландарды сала отырып, Еуропаға енді. Енді азиялық ғұндар Еуропалық жазбаларда "гундер" деп атала бастады. Олар Доннан Дунайға дейінгі ежелгі готтарды Дунайдың арғы жағына ығыстырды. Кейін готтар (герман тайпалары), остготтар(шығыс готтар) да ғұндармен одақтасуға мәжбүр болды. Ғұндар Керчь бұғазы арқылы өтіп, Босфор патшалығын талқандады. Бүкіл Қара теңіз жағалауынан Днестрге дейін аралық ғұндардың қол астына көшті.
376 жылы ғұндар Рим империясы шекарасына тақап келді. V ғасырдың 30 - жылдарында ғұн басшысы Румыния және Венгр жерінде мемлекет басына келгеннен бастап мемлекет күшейіп, әлемге әйгілі болды. Ғұндар патшасы Аттила Еуропада Ғұн мемлекетін кұрып, елді кеңейту мақсатында Рим империясына қарсы күресті.

Аттила
Рим империясы әскерлері мен 250 мың Аттила әскерлері арасында Шалон қаласы түбінде шайқас болды. Ол Рим империясының кейбір аудандарын басып алды. VI ғасырдаЕуропада Аттила бейнесі кескінделген алтын, күміс ақшалар шығарылған.
♦ Батыс готтар ғұндармен бірігіп Ежелгі Рим империясына үлкен қауіп төндірді. Сонымен қатар тайпалардың антропологиялық түс - келбетінің өзгеруіне әсер ете отырып, түркі тілінің таралуына ықпал жасады. Түркі тілінің жергілікті диалектісі қалыптасты.

Сабақты бекіту:
1. Ғұндар Еуропаның қай мемлекеттеріне дейін жетті, картадан көрсет. Ежелгі деректерде ғұндар қалай аталады?
2. Қосымша әдебиеттерді пайдаланып Аттила (Еділ) туралы әңгімеле.
3. Ғұндардың жауларын жеңу себептері неде? Ойыңды дәлелде.
Бағалау: Оқушылардың еңбектерін бағалау. Жетістіктерін айтып, мадақтау
Үйге тапсырма: Шығармашылық тапсырма. «Ғұндардың әлемдік тарихта алатын орны жайлы әңгіме құрастыру»





































Қазақстан тарихы 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Мыс-тас ғасыры энеолит

Білімділігі: Оқушылардың зеректік қабілетін дамыта отырып, ой-өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, оқушыларға адамзат баласының металдан жасалған құралдарды мыс-тас ғасырынан (энеолит) игере бастағанын түсіндіру. Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын, тарихқа деген қызығушылығын және ойды жүйелеу қабілетін дамыту, шығармашылығын дамыту. Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаларды тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Топтық жарыс сабақ Сабақтың әдісі: «Жинақтау», « Ойлан тап », « Сиқырлы сандықша », « Тарих әлемі» ойындары. Сабақтың көрнекілігі: Ежелгі адамдар еңбек құралдары, энеолиттік қыш ыдыстар суреттері,буклеттер.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Үй тапсырмасын сұрау. III.Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың жоспары: 1.Мыс-тас ғасырының ерекшелігі. 2. Еңбек құралдарының жетілдіруі. 3. Мыс-тас ғасырының ескерткіштері.

  1. Ұйымдастыру кезеңі ( 5мин ). Топтармен таныстыру: I-топ: « Тапқырлар»

II-топ: «Білгірлер»

Жарыс жоспары: 1-кезең. «Сәлем сөздің анасы» таныстыру, топ аты, топ ұраны. 2-кезең. « Жинақтау » / Адамның қалыптасу кезеңдерін ретімен орналастыру / . 3-кезең. « Ойлан тап » / Суреттегі еңбек құралдарының атын дәл табу / . 4-кезең. «Сиқырлы сандықша» / Сандықша ішінде заттар жасырылады /. 5-кезең. «Тарих әлемі» / Әріптер артына сұрақтар жасыру /.

1-кезең. Әр топ – топ атын, топ ұранын таныстырады. Өте жақсы-10 ұпай Орташа- 5 ұпай

Мұғалім: Карта арқылы алғашқы адамдардың қоныстанған жерлерінен жүріп өтеміз. Әр қоныстанған шатқалдардан өткен сайын көптеген тапсырмаларға жауап беруіміз керек.

H:\Новая папка\img028.jpg





2-кезең. « Жинақтау » / Адамның қалыптасу кезеңдерін ретімен орналастыру / . Слайд арқылы көрсету.

1

2

3

4

5

5 адам1 адам2 адам3 адам4 адам







Дұрыс жауабы.

5

4

3

2

1

1 адам2 адам3 адам4 адам5 адам



3-кезең Ойлан тап I топ «Тапқырлар» Слайд арқылы көрсету.

Суретте ежелгі адамдар еңбек құралдарын пайдалану үстінде. Мұқият қарап, қандай еңбек құралы екенін ажыратыңдар.

H:\Новая папка\img033.jpg



Дұрыс жауабы.



1-суретте өсімдік тамырын тас шапқымен қазу. 2-суретте тас шапқымен аң сою.

H:\Новая папка\img033.jpg



3-кезең Ойлан тап II топ «Білгірлер»

Суретте ежелгі адамдар еңбек құралдарын пайдалану үстінде. Мұқият қарап, қандай еңбек құралы екенін ажыратыңдар.



H:\Новая папка\img035.jpg



1-суретте қырғышпен таяқты ұштау.

2-суретте кескішпен аң етін боршалау.

Дұрыс жауабы.

H:\Новая папка\img035.jpg







4-кезең Сиқырлы сандықша

Мұғалім: Мұқият тыңдап алыңдар, содан кейін барып сиқырлы сандықша ішінде не жасырылғанын табасыңдар

Сиқырлы сандықша I топ

Бұл сандықшаның ішіндегі затты 1969 жылы Жетісу жеріндегі Есік қорғанынан археолог К. Ақышев тапқан. Зерттеушілердің пікірі бойынша, ол б.з.б.V-IV ғасырларға, ерте темір дәуіріне жатады. Қазіргі таңда бұл зат Қазақстанның егемендігінің рәмізіне айналып, Республика алаңында ұлттығымызды асқақтатып тұр. Сандықшаның ішіндегі не ? ( Алтын адам )



Сиқырлы сандықша II топ

Сандықшаның ішіндегі зат немісше – “түпнұсқа”, ал грекше – “ жазу папирусы” деген ұғымды білдіреді.Бұл зат әлемде алғашқы рет Қытайда жасалған. Кейінірек Ежелгі Грекияда жақсы дамыған. Б.з.б.V ғасырда өмір сүрген “тарих атасы” Геродот алғаш рет осы заттың кескінін жобалап жасады.Ол не? ( Карта )

Сиқырлы сандықша I топ

Тас дәуірі аса ұзақ уақытқа созылды. Осы аралықтағы адам баласының қолданған еңбек құралдары түгелге жуық тастан жасалды.Ежелгі адамдар қатты тастан осы құралды жасаған.Бұл құрал ғылымда чоппер деп аталады.Сандықшаның ішінде жасырылған ежелгі адамдардың қандай еңбек құралы? (Кескіш )

Сиқырлы сандықша II топ

Б.з.б 40-12 мың жылдықты қамтитын кейінгі палеолитке тән құралдардың бірі.Ежелгі аңшылар осы құрал арқылы мамонт, жүндес мүйізтұмсық, кішкене бизон, үңгір аюы, мен жолбарысты аулаған. Сондықтан да бұл қару ежелгі аңшылардың басты қаруы болып табылды. (Найза)



5-кезең «Тарих әлемі» Берілген әріптердің артында сұрақ жасырылған.Жасырылған сұрақтың жауабы таңдаған әріптеріннен басталады.

т

а

р

И

Х



Ә

л

е

м

і

Мұғалім:

  1. Т – Өсімдіктердің тамыры мен құстардың жұмыртқаларын жинап қорек ету кәсібі қалай аталады? (терімшілік)

  2. А – Ертедегі адамдардың бірлесіп тамақ табуы мен жабайы жануарлардан қорғанып жүруі қалай аталады? (адамдар тобыры)

  3. Р – Тас құралдың жүзін ұсақ кертік-ойықтар арқылы өткірлеу әдісі.

( Ретушь әдісі)

  1. И – Сурет жазудың ерекше дамыған түрі. ( Иероглиф )

  2. Х – Қазақстандағы ең биік жер. ( Хантәңірі шыңы)



  1. Ә – Шығыстың ғұлама ғалымы. ( Әл – Фараби )

  2. Л – Қыран құстың бірі. (лашын)

  3. Е – Алғаш жыл санауды кімдер ойлап тапты. ( Египеттіктер)

  4. М – Палеолит дәуіріндегі ең көп тараған жануар. ( Мамонттар )

  5. І – Қазақ халқының теріден тігілетін киімі. (Ішік)

Мұғалім: «Тапқырлар» тобы мен «Білгірлер» тобының ұпай сандарын санап, жеңімпаз топты анықтайтын кез келді.

Мұғалім: Адамзат баласының металдан жасалған құралдарды игере бастауы мыс – тас ғасырынан (энеолит) басталды. Бұл кезең шамамен алғанда б.з.б. 3000-1800 жылдары өткен .





Адамдар даму барысында еңбек құралдарын үнемі жетілдіріп отырды. Адамның жасағаны, тапқаны бәрі еңбек өнімі деп аталды.Сол кезеңдерде металдың кейбір түрлері: алтын, күміс, мыс табиғатта дайын күйінде кездесті. Ең бірінші қолданылған металл – мыс. Бұдан 5 мың жыл бұрын адамдар мыс өңдеуді үйренді. Қазақстан аумағында энеолит кезеңінің ерекше ескерткіші – Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағы. Ботай тұрағы б.з.б. 3-2 мың жылдықтармен мерзімделеді. Бұл тұрақ 15 гектар жерді алып жатыр. Тұрақты қазу барысында 158 тұрғын үй табылды.





Үйге тапсырма. Кесте толтыру.

Тас дәуірінің кезеңдері

Кезеңнің хронологиялық ауқымы

Жаңалықтар мен өнертабыстар

Әр кезеңде өмір сүрген адамдар

Қоғамдық құрылымы

Ерте палеолит





Ерте палеолиттің мустье кезеңі





Кейінгі палеолит





Мезолит





Неолит





Энеолит





































Қазақстан тарихы 7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы

Сабақтың мақсаты:
1. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихын түсіндіре отырып, Жібек жолының сауданы, шаруашылықты, халықаралық қарым - қатынасты дамытудағы тарихи маңызын ашу.
2. Оқиғаға қатысты тарихи танымын қалыптастыра отырып, ойлау, талдау, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту. Өз бетімен ізденіс жұмыс жасай білуге дағдыландыру.
3. Елжандылыққа, еңбек сүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жоба сабақ.
Әдісі: интерактивті, жобалау. Сатылай комплексті талдау.
Көрнекілік: слайд - шоу карталар, сызбалар, А. Еңсепов. «Ұлы Жібек жолы» күй, көрініс. Электрондық оқулық. 7сынып.
Пәнаралық байланыс: дүниежүзілік тарих, география.

Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру.
2. Кіріспе. (алғысөз)
3. Негізгі бөлім. (Әр топ өз жобаларын қорғайды)
4. Бекіту.
5. Қорыту.
6. Үйге тапсырма.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу. Сабаққа ынтасын қалыптастыру.
ІV. Жаңа сабақты игеруге дайындық кезеңі. Балалар біз бүгінгі сабағымызда «Ұлы Жібек жолының қалыптасуы мен тарихи маңызы» тақырыбын қарастырғалы отырмыз. Алғашқы сөзімізді мына бейнеге берейік. Кезек электрондық оқулыққа беріледі. 10 - анимация.

V. Жаңа материалды түсіндіру, қабылдау кезеңі
Міне осы Ұлы Жібек жолы жайлы оқушылар сендерге алдын - ала тапсырма берілген. Әр топ өз тапсырмасы бойынша өз жобасын жасауы тиіс болатын. Ендігі сөзді сендерге береміз.
1 - топ. «Сұңқар»тобына сөз береміз. Олар Ұлы Жібек жолының тарихын зерттеп келуі тиіс еді. Топ мүшелері өз жұмыстарымен таныстырады. Хабарламаларын қорғап сатылай талдайды.
2 - топ. «Жігер» тобы. Ұлы Жібек жолының тармақтарымен жүріп отырып түсіндіреді. Картаны пайдалану. Көрініс көрсету.
3 - топ тобы «Тұлпар» Ұлы Жібек жолының шаруашылықтың дамуына тигізген әсерін баяндайды. Слайд - шоу көрсетіледі.
4 - топ. «Өркен» тобы. Ұлы Жібек жолының мәдениетке тигізген ықпалын түсіндіреді.

VІ. Оқушылардың алған білімдерін тексеру. «Көш керуен» ойыны. Викториналық сұрақтарға жауап беру.

1. Ұлы Жібек жолының басталуы:
А) Жетісудан.
Ә) Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан.
Б) Ыстық көлінен.
В) Ұлы Қытай қорғанынан.
2. Ұлы Жібек жолының ұзындығы:
А) 6000км.
Ә) 7000км.
Б) 8000км.
В) 9000км.
3. Қазба кезінде Тараздан табылған құмыралар жасалған ел:
А) Франк мемлекеті.
Ә) Рим империясы.
Б) Араб халифаты.
В) Византия империясы.
4. Қазба жұмысы кезінде Ұлы Жібек жолының бойындағы қалалардан мешіт, медресе орындарының табылуы дәлелдейді:
А) буддизмнің таралуы.
Ә) исламның таралуы.
Б) христиан дінінің таралуы.
В) дінге шыдамсыздық.
5. Түрік қағанаты мен Византия арасында келісім орнаған жыл:
А) 551жыл. Ә) 568 жыл.
Б) 574 жыл.
В) 596 жыл.
6. Ұлы Жібек жолы тарихи маңызына жатпайтын оқиға:
А) Діни соғыстардың басталуы.
Ә) Шаруашылық пен мәдениеттің дамуы.
Б) Сауданың дамуы.
В) Діндердің таралуы.
7. Жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен ел:
А) Иран.
Ә) Соғды.
Б) Батыс елдері.
В) Кавказ жерлері.

VІІ. Бекіту. 1.«Мен кіммін тапшы?» карточкалар үлестіріліп беріледі. Әр топ өз тапсырмасына жауап береді.

І тапсырма. «Маған оңай дейсіндер ме? Кім біреудің өзіне бұйырғанын жақсы көреді. Түйені әкел! Жазала? Құмандағы суды жылыт. Қосты жық! Отты сөндір! Теңдерді түйеге арт! Кірекеш, бұйда тарт! Керуенді баста!- деген жарлықтармен - ақ шаршаймын. Мәңгібастар өңшең! Отырарға жетпей дамылдауға хақымыз жоқ. Осы жолдан қаһар жарлығын орындай алмай туған жерді қайтып табандарың баспайды.» Осы мінездеме қай қызметкерге тән.

ІІ тапсырма. «Осы дүние - мүлікті сонау батыстан шығысқа тасығанда бар қиындықты көтеретін түйелер. Олар менің желмаям, нарым, қоспағым, өмірім осы түйелермен тығыз байланыста өтті. Ат тұяғы кетілген асудан, құс қанаты күйген шөлден, ыстық шілдеде құм басқан түйелерімнің табаны күйеді. Осы бір мойын момындарымды бәле - жаладан, мертігуден, жол үстінде пышаққа түсуден сақтап қалу -менің бар арманым.» Бұл мінездеме қай қызметкерге тән?

ІІІ тапсырма.
Темірқазық тым жарық, өзен жағасында кідіре берудің еш жөні жоқ. Түнгі дымқылдан адам мен мал белден қалады. Жетіқарақшының жатысы бөтен, қыс ызғары өзен буады, қабыршақ мұз түйелерді көтере алмайды. Есекқырған көрер көзге мұнар тартып өзеннің бұл тұсы найза бойламас терең болғаны. Үркер шоқ жұлдызының шығуы мен жоғалуы өзгеше, әзір бізге серік болатын емес, асықпасақ бір қатерге ұрынарымыз қақ. Осы мінездеме қай қызметкерге тән?

ІV тапсырма.
«Бәтір – ау, менен өзге жұрт балаларының ортасында омалып отырып - ақ күнелтеді. Күнелтеді емес - ау, құртқа тойған қарғаша талтаңдап ғұмыр кешеді. Ал біз байғұс бұралқы иттей жат жерді кезіп, көрінгенге телміріп жүреміз. Қолым, белім, сирағым- бәрі менікі емес, керуенбасыныкі, қалай бұйырса солай жұмылады. Қашан жүк түгел артылып, қоспақтар тізіліп жолға шыққанша өзімді - өзім кідіртер құдіретім болмайды. Сосын көштің ең соңындағы түйенің мойнына жармасамын, иіріне аяғымды қойып, өркешке тырмысып, қос өркештің арасына жайғасқанда, уһ -деп шақырамын» Мен кіммін? Табыңдаршы.

Қорытынды жасау. Бейне таспа көрсету.
VІІІ. Оқушылардың білімін бағалау.
Үй тапсырмасын беру. § 14. Оқып келу. Ұлы Жібек жолының картасын сызып келу.






Қазақстан тарихы 7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Ежелгі түркілер.

Сабақтың мақсаты:

«Түрік», «қағанат» атауларына түсінік беру, Түрік қағандығының коғамдық құрылысының ерекшелігін ашып көрсету және саяси тарихы мен шаруашылық жағдайы туралы түсінік беру: Түркі дәуірінің тарихы мен мәдениетін қазіргі Қазақстан тарихы мен мәдениетімен байланыстырып, оқушылардың тарихи ойлап, қорытынды шығара білу қабілеттерін, ой-өрісін дамыту.

Сабақтың түрі: Лекция

Әдісі: баяндау

Пәнаралық байланыс: география

Көрнекілік: 1.Түркі дәуірінің картасы.

2.Түркі дәуірінің ескерткіштерінің суреті.

З.Түркі қағандығының шаруашылығын, тұрмысын сипаттайтын суреттер.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасы.2-3 оқушыға Еділге тарихи тұлға ретінде берген мінездемесін дауыстатып оқытамын. Қалған оқушылар оны тыңдай отырып, өздерінің алып-қосатындары болса қосымша қосады. Одан параграфтың соңындағы қалған сұрақтар бойынша тексеріп шығамын. Осылайша үй тапсырмасын қайталап, оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін тиянақтағаннан кейін жаңа тақырыпқа көшемін.

Жаңа сабақтың жоспары:

1. «Түрік» атауы.

2. Түріктердің көршілерімен саяси қарым-қатынасы.

3. Қағандықтың құрылуы.

4. Түрік қағандары.

5. Қағандық халқының кәсібі.

6. Түріктердің рухани мәдениеті.

Б.з-дың I мыңжылдығының орта шенінде Қазакстан даласында ірі этникалық өзгерістер басталды. Бұл дәуірді шартты түрде ежелгі түрік (ежелгі түркі) немесе көне түркі дәуірі деп атаймыз -деп, одан әрі ұлы даланың тұрғындары түріктердің шығу тегі туралы аңыздарға тоқталамын. Одан кейін тақтадағы картаның көмегімен түркілердің әр түрлі бағыттағы көршілерін және олармен қарым-қатынасына тоқталамын. Оқушыларға еске сақтауға ыңғайлы болуы үшін төмендегі сызбаны пайдаланамыз.

Ирандықтар

Тунгус-манчьжурлар

Қытайлықтар


Түркілер



Тохар тайпалары


Түріктер өздері мемлекеттің құру жолында осы тайпалармен бірде достық, бірде жаулық қарым-қатынастарда болғандығын сипаттай отырып, Түрік қағандығының құрылып, қуатты мемлекет дәрежесіне көтерілу кезеңдерін түсіндіремін. Осы кезеңде параграфтағы маңызды даталарға ерекше тоқталып, сабақ барысында олардың хронологиялық кестесін құру.

Маңызды даталар

Болған оқиғалар

Б.з-дың I мыңжылдығынын ортасы

Қазақстан даласындағы ірі этникалык өзгерістер.

542 жыл

Қытай деректеріндегі алғаш «түрік» атауының кездесуі.

У-ГУ ғасырларда

Орта Азияның тарихында түрік этносының жаңғыруы.

VI р-дың ортасына дейін

Түріктердің жужандарға бағынышты болуы.

551-555 жылдар

Жужандардың түріктерден жеңіліп, көп бөлігінің қырылуы.

551-744 жылдар

Түрік қағандығының өмір сүрген жылдары.

551 жыл

Бумынның түрік қағандығының негізін салып, қаған атануы.

552-553 жылдар

Қараеске қағанның билік етуі.

553-572 жылдар

Мұқан қағанның билік еткен жылдары.

VІ-VІІ ғасырларда

Түріктердің қолдауымен Жетісуда, Жоңғарияда, Шығыс Түркістанда, Оңтүстік Сібірде сауда мекендерінің құрылуы.

VII ғасырдың басында

Азия кеңістігі үлкен аумағының Батыс жөне Шығыс Түркі державаларының колында болуы.

714-715 жылдар

Сырдария бойындағы өлкеге арабтардың жорығы.

VІ-ХІІ ғасырдың ортасында

Буддизм, манихейлік, христиандық діндердің түркі тілдес халықтардың арасында кең тарауы.

Осылайша оқушы білімін дамыта отырып, кағанат халқының кәсібі, оның қағандык өмірінде алатын орны мен маңызын ашып көрсетемін. Окушылардың эстетикалық дамуын назардан тыс қалдырмау үшін түрік халықтарының діни наным-сенімдері, жазу мәдениеті мен әдебиеті туралы жан-жақты сипаттама беріп, оқушыларды имандылық, адамгершілік сияқты ізгі қасиеттерге тәрбиелеу.

Бекіту сұрақтары:

1. Түркі дәуірі немесе көне түркі дәуірі деп қай кезеңді айтамыз?

2. Қытай деректері бойынша түріктер кімдердің ұрпақтары деп есептелінеді?

3. Ескі сына жазуларда түріктер өздерін қандай атпен жазған?

4. Түріктер мен жужандар арасындағы соғыс қай жылдары болды?

5. Түрік қағанаты құрамында өмір сүрген халықтарды атаңдар.

6. Түрік хандарының сенімді көмекшілері болғандар?

7. Түрік қағандығы халқының басым бөлігінің негізгі кәсібі не болды?

8. «Татсыз түрік жоқ» деп жазған кім?

9. «Құдатғу-білік» еңбегінің авторы кім?

10. 714-715 жылдары түркілер кімдермен шайқасты?

Бағалау:

Үйге тапсырма: 21-параграфты оқып, соңындағы сұрақ-тапсырмалар бойынша дайындалып келу.










































Қазақстан тарихы 7 сынып

Сабақтың тақырыбы: ХҮІ-ХҮІІ ғасырдағы Қазақ хандығының дамуы.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Орта ғасырлар кезіндегі Қазақстан жеріндегі қалыптасқан жағдайларды қамти отырып, Қазақ хандығының құрылуын және оны басқарған хандар жайында білімдерін пысықтау. XY - XYII ғасырдағы қазақ хандығының саяси, әлеуметтік жағдайы, мемлекеттің қалыптасу кезеңдері туралы баяндай келіп, оқушылардың өз халқының тарихын толық меңгеруіне ықпал ету.
Дамытушылық: Оқушылардың тарихи оқиғалар жөнінде өз көзқарасын қалыптастырып, ой қорытуға дағдыландыру. Түрлі тірек – сызбалар мен танымдық тапсырмалар арқылы тарихи ой - өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Өз елінің тарихын білуге, Қазақ тарихындағы хандардың мемлекет қайраткері ретінде халқына сіңірген тарихи еңбегін бағалай білуге, құрметтеуге, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың типі: бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: ауызша баяндау, сұрақ - жауап. Түрлі тірек - сызбалар, түрлі танымдық тапсырмаларды орындау
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, суреттер, карта, тірек - сызбалар, т. б.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу.
Оқу құралын тексеріп түгендеу
Топтарға бөлу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
І топ «Білімділер»ауылы
ІІ топ. «Білгірлер» ауылы.
ІІІ топ. «Тапқырлар» ауылы.
Жұмыс барысымен танысу

ІҮ. Сабақтың мақсат қою.
1. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын жетекші сұрақтар арқылы анықтату.
ХІҮ - ХҮ ғғ. Қазақстан жеріне қандай тайпалар орналасты?
2. Осы тайпалардың халық болып қалыптасуына қандай жағдай себеп болды?
3. Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуы кімдердің аттарымен тығыз байланысты?
ҮІІ. Сабақтың бекіту:

1 - Тапсырма. Бәйге.
1. Қазақ хандығы қай жылы құрылды? (1466ж)
2. Қазақ хандығы қандай мемлекеттер негізінде құрылды? (Моғолстан, Әбілқайыр хандығы)
3 Хан тағына отыруға, сайлануға кімдер құқылы болды? (Шыңғыс ұрпақтары)
4. Жәнібек пен Керей қай хандықтан бөлініп, қай мемлекеттің жеріне қоныс аударды? (Әбілқайыр хандығынан бөлініп, Моғолстан жеріне қоныстанды.) 5. Қазақ хандығының іргесін қалағандар кімдер? ( Жәнібек пен Керей сұлтандар).
6. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы саясаты. (Айтарлықтай табысты болды).
7. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі жағдайы. (Нығайған ел болды).
9. Қасым ханның «Қасқа жолы» заңы. ( Заң жинағы)
10. Қасым хан кезіндегі қазақ хандығының астанасы қандай қалалар болды? (Түркістан).
11. Хақназар хан қайсы ханмен шарт жасасты? ( Бұхар ханы ІІ Абдаллах).
12. Хақназар хан қай жылы қайтыс болды? (1580ж)
13. Хақназар ханнан кейін таққа кім отырды? (Шығай хан)
14. Қай хан тұсында қазақтардың саны 1 млн. адамға жетті? (Қасым хан).
15. Тәуекел ханнан кейін кім басқарды? (Есім).

2 - тапсырма.
«Тарихи бестік» Хронологиялық кесте (Даталармен жұмыс)
1465 - 1466 ж ---- Қазақ хандығы құрылды.
1511 - 1518 ж ---- Қасым хан билігі.
1538 - 1580 ж ---- Хақназар билігі.
1582 - 1598 ж --- Тәуекел хан билігі
1598 - 1628 --- Есім хан билігі

3 - тапсырма. Танымдық тапсырма.
«Тұлғаны таны»
1. «Атақты Бабыр «... жұрттың айтуынша қазақ сұлтандары мен хандарының бірде біреуі бұл халықты дәл осы адам сияқты бағындыра алмаған. Оның қарамағында атты әскерлердің саны 300 мыңға жуық болған.»(Қасым хан)
2. « Бұл адамның билігі тұсында Қазақ хандығы Мәскеумен сауда байланыстарын орнатып, саяси қарым - қатынас жасады. Ресеймен қарым - қатынас жасауда әкесінің жолын ұстанды»(Хақназар хан)
3. «Бұл ханның қызметіне Қазақ шежірелерінде ерекше баға беріледі. Қазақ халқының көрнекті шежірешісі Құрбанғали Халидтің айтуынша ,Ол ұзын бойлы, батыр денелі болған соң...» (Есім хан)
4. «Бұл тұлға өз билігі тұсында Қазақ халқын біріктіріп, Қазақ мемлекеттігін нығайтуға айрықша еңбек сіңірді» (Хақназар)

5. «Марғас жырау мына өлең жолдарын кімге арнады?
«Өй. Қатағанның ханы...
Кім арамды ант ұрсын!
Жазықсыз елді еңіретіп,
Жер тәңірісіп жатырсың.
Хан емессің қасқырсың,
Қара албасты басқырсың!
Алтын тақта жатсаң да,
Ажалы жеткен пақырсың!» (Тұрсын ханға)















































Қазақстан тарихы 8 сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан 1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалыстың басталуы және сипаты.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы жағдайы, 1916 жылғы көтерілістің себептері, басталуы, сипаты, қозғаушы күштері туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушыларға тапсырмалар, сұрақтар беру арқылы тарихи оқиғаны өз көзқарасы бойынша дәлелдеуге, талқылауға үйрету, өз бетінше жұмыс істей білу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік:. Оқушыларды Отанды сүюге, қорғауға, елжандылыққа, батырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ауызша баяндау
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, сызбалар, кестелер.
Құрал – жабдық: Қазақстан картасы

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру:
а) Сынып оқушыларын түгендеу.
ә) Оқушылар назарын сабаққа аудару.

II. Жаңа сабақ
Жоспар:
1. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан ( 1914 – 1918 жж).
2. 1916 жылғы көтерілістің себептері және басталуы.
3. Қазақ демократтарының саяси көзқарастары.
4. Қозғалыстың сипаты, қозғаушы күштері.

ХІХ ғасыр Қазақстан үшін Ресей империясына тұтастай бодан болуымен ерекшеленеді.
Капиталистік қатынастарға ерте көшкен елдер дамуы жағынан едәуір озып кетіп, әлемнің қарқынды дамыған мемлекеттерінің алдыңғы легін құрды. Алдыңғылар соңына ерген елдерге қысым жасады, олардың ішкі істеріне қол сұқты, еңбек ресурсы мен шикізатын пайдаланды.
Ресейдің алға шығуына негізгі кедергі:
- феодализм қалдықтары
- биліктің патшалық болмысы
- дворяндардың үстемдігі
- помещиктік жер иелену
- халық бұқарасының, буржуазияның саяси биліктен шеттетілуі.
- шаруалардың жерінің аздығы
- елдің тұрмыс жағдайының ауырлығы
- халықтың кедейленуі
- «Бұратана» деп аталған халықтардың ұлттық езілуі

Дамыған мемлекеттер бөлшектеніп кеткен отарларды қайта бөліскісі келді. Оларға арзан шикізат көзі жетіспеді. Өзара топ құрып одақтасқан бәсекелес әскери – саяси блоктар тартысы.

«Қазақ» газетінде Ә. Бөкейхановтың «Тағы соғыс» деген мақаласы басылды. Онда соғыстың әділетсіз екендігі, күшті мемлекеттер тарапынан зорлық саясат жүргізіп отырғаны айтылды.
ХХ ғасыр басында қазақтарда:
- 1907 – 1912 ж. Қазақстанға Ресейден 2 млн. 400 мың адам әкеліп қоныстандырылды.
- Қазақтар шұрайлы жерлерінен айырылды.
- 1917 ж. қарай қазақтардың 45 млн – нан астам десятина жері тартып алынды.
- Қоныстанушылар жалдамалы еңбекті пайдаланды.
Өлкені талау І д\ж соғыс кезінде одан әрі жалғасты. Соғыс кезінде:
- қазақ даласынан арзан бағамен орасан көп мөлшерде мал сатып алынды.
- Патша армиясы үшін киіз үй мен бұйымдар жиналды.
- Салық мөлшері өсіп, соғыс салығы енгізілді.
- Баж салығын төлеу міндеттелді.
- Жергілікті халық соғысқа арналған жүктерді теміржол станциясына тасып жеткізуге мәжбүр болды.

1916ж. патша әкімшілігі ресейлік отаршылдар үшін жаңадан жер тартып алуды ойластырды.
А. Байтұрсынов: «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» - деп жазды.
Көтерілістің негізгі себептері:
1) Халық кіндік қаны тамған жерінен айырылуға шыдамады.
2) Қазақтың жігіттерін қара жұмысқа алу туралы жарлық шықты.
- 1916 жылы 25 маусымда патша шығарған жарлық;
- 19 – 43 жас арасындағы еңбекке жарамды барлық ер азамат алынуға тиіс болды.
- Түркістан мен Дала өлкесінен 500 мыңнан астам жігіт алу көзделді.
М. Дулатұлы: «Жұрт сеңдей соғылды түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды» - деп жазды.

1916 ж. 23 тамызда генерал – губернатор А. Куропаткиннің құпия бұйрығымен қара жұмыстан босатылғандар:
- болыстық, ауылдық басқармалардың лауазымды адамдары.
- жергілікті бұратаналардан шыққан төменгі полициялық шенділер;
- имамдар, молдалар;
- ұсақ несие мекемелеріндегі есепшілер;
- Ата – бабаларынан жеке бастары құрметті азамат құқықтарын пайдаланатын адамдар.

Патша жарлығына жауап ретінде орасан ауқымды өңірдің – Қазақстан мен Түркістанның халқы стихиялы түрде бір мезгілде көтеріліске шықты. Жер – жерде:
- көтерілісші жасақтары құрылды
- қара жұмысқа шақырылушы жастардың тізімі тартып алынып, жойып жіберілді.
- байлардың ауылдарына шабуыл жасалды.
- борышқорлық және салық тілхаттарын жойды.
Көтеріліске шыққан халық бірінші кезекте отарлауға дейінгі дәстүрлі мемлекеттік басқару жүйелерін қалпына келтірді.







































Қазақстан тарихы 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Кіші жүздің Ресейге қосылуы
Жалпы мақсаты: Оқушыларға ХҮІІІ ғасырдағы қазақ елінің жағдайы, Ресейдің қол астына ену себебі, оның зардаптары туралы түсінік беру. Қазақстан аумағының Ресей империясының қосылу тарихынан бастап патша үкіметінің отарлау саясатына қатысты бұрынғы білімдерін толықтыра отырып, салыстырады, сараптайды, ой тұжырымдайды, жаңа ақпаратпен таныса отырып топтаса еңбектенеді, бірін - бірі толықтырып ортақ шешімге келеді.
Күтілетін нәтиже: Оқушыларды жаңа сабаққа жан - жақты қатыстыра отырып, Қазақстанның Ресей қол астына ену кезіндегі тарихи оқиғаларды білетін болады. Ата - бабаларымыздың елі, туған жері үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан ерлігін бағалайды. Тарихи деректерді қолдана отырып білімдерін толықтыратын болады.
Негізгі идеялар: Қазақстанның жоңғар шапқыншылығы кезіндегі Ресей қол астына енуі.
Тапсырмалар: Топтық жұмыс «Мәтін бөліктері»

Тапсырмалар Жұптық жұмыс «Аралас. Қозғалма. Жұптас»
Жеке жұмыс «Байыпты баяндамашы», «РАФТ» әдісі

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу назарын сабаққа аудару,
Сурет қиындылары бойынша сыныпты 3 топқа бөлу (2 - 3 минут)
1 топ – Жоңғар
2 топ – Ресей
3 топ – Қазақ ханы

«Ой қозғау» - «Қазақстан Ресей қол астында» интерактивті тақта көмегімен видео көрініс көрсету;
жоңғар шапқыншылығы кезіндегі «Елім - ай» халық әні орындалады. Оқушылар өздері тақырып ашады.
Тақтаға 6 баспалдақты саты ілінеді. Әр баспалдақта 1710 жыл, 1713 жыл, 1718 жыл, 1723 жыл, 1729 жыл, 1731 жыл жазылып тұрады. Оқушылар тапсырмалар орындай отырып қазақ жеріндегі жоңғар шапқыншылығынан бастап, Қазақстан Ресей қол астына енгені туралы мәліметтер беру керек.
І. «Жоңғар шапқыншылығы» деген сөйлемге ауызша топтастырып шығу.
2. «Шапқыншылық» деген суық сөзге балама айтыңдар.
Көз жасы
Адам өлімі
Жетім бала
Жесір ана
Мүгедектер
Қираған ауыл
Аштық
Бірін - бірі жоғалту
Тұтқында болу
Сатқындық
Ерлік
Сенім
Патриоттық сезім
Қарулар т. б

ІІ. «Мәтін бөліктері» ойыны. Мәтінді оқуға топтарға 3 минут уақыт беріледі.
1 топқа – Кіріспе
2 топқа - негізгі ой
3 топқа – қорытынды,
Әр топ өз жұмысын плакаттарға түсіріп, қорғайды. Ойыннан соң мәтінді тағы бір қарап шығып, берілген ақпаратпен салыстырамыз, қай топтың неғұрлым нақты,, жүйелі айтқанын анықтаймыз. (15 минут)
Топтар өз жұмыстарын ауыстыра отырып, критерий арқылы бағалайды.

ІІІ. Жұптық жұмыс.»Аралас. Қозғалма. Жұптас» 10 мин Оқушылар жанындағы көршісі екеуі жұптаса алады. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды. Тапсырма орындалып болған соң жұптар өз жұмыстарын ауыстырып, тақтада берілген дұрыс жауапты тексеру арқылы бір - бірін бағалайды.

ІУ. Жеке жұмыс. «Байыпты баяндамашы» (5 мин)
1 - оқушы – Қазақстан Ресей қол астына енген кездегі статистикалық мәліметтерін дайындайды.
2 - оқушы – Әбілқайыр хан және қазақ батырлары туралы баяндайды.
2 жұлдыз, 1 ұсыныс арқылы бағаланады.

У. Жеке жұмыс. «РАФТ» әдісі (10 мин)
Р - роль
А – аудитория
Ф – форма
Т - тақырып
Оқушылар алдын - ала өздері дайындап әкелген шығармашылық жұмыстарымен таныстырады.
Барлық жұмыстар тыңдалған соң тақырыптық тест тапсырылады, мұғалім тест қорытындысын интерактивті тақтадан шығарып, қорытындыланады.
Үйге тапсырма: Кіші жүздің Ресей құрамына енуі.
Сабақты қорытындылау
Кейінгі оқу «Аталар ерлігі - ұрпаққа мұра» (эссе)
«Егер Қазақстан Ресей қол астына енбегенде...»

Қазақстан тарихы 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары»
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы зұлмат жылдары елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу, өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Алаш» атты кітап көрмесі», Алаш қайраткерлеріне арналған буклет, «Азаттықты аңсаған Алаш» атты газет, Алаш туралы жазылған сөздер.

Барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің кіріспе сөзі
«XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани - зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал»- деп, Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында айтып өтті. Өткен ХХ ғасыр қазақ халқының тарихында ұлы оқиғалармен есте қалады.
Сол оқиғалардың ішінде «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың басынан өткен 1930 - 1938 жылдар ауыр да азапты кезең болды.
Егемен ел, тәуелсіз мемлекет болу жолында өмірін сарп еткен Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев сынды арыс азаматтарымыз сұрқия саясаттың құрбандары болды.
1. Жүргізуші:«Алаш» партиясы – қазақтың тұңғыш ұлттық демократиялық партиясы. 1917 жылы шілдеде Орынбордағы бүкілқазақ съезінде құрылды. Көп ұзамай он тараудан тұратын партия бағдарламасының жобасы жасалды.
Алаш партиясын ұйымдастырушы – Әлихан Бөкейханов.
ХХ ғасырдағы қазақ тарихында терең із қалдырған Алаш партиясының негізгі мақсаты, Ресей Федерациялық демократиялық республикасының құрамында қазақ автономиясын құру болды.
2. Жүргізуші: «Алашорда үкіметі» 1917 жылы Орынборда 3 - 15 - желтоқсан аралығында ІІ Бүкілқазақ құрылтайын өткізді. Негізгі мақсаты-Алашорда үкіметін құру. Төрағасы -Әлихан Бөкейханов. Ұлт кеңесі құрамына 25 адам кірді. Алаш астанасы- Семей қаласы еді.
Сол кезде Ресейде орын алған жағдайға байланысты қазақтардың жариялаған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді, кезекте бостандықтың жауы большевизммен күресу тұрды.
Өздерінің қолға алған шараларын іске асыру жолында Алашорда үкіметі Кеңеске қарсы жақпен бірігуге тура келді. 1918 жылы Азамат соғысының басталып кетуі Алашорда үкіметінің жұмысын тоқтатуға мәжбүр етті.
1. Оқушы:
Қазағым, қақтықпа, қамалма,
Ел болар халыңды амалда!
Кетті туы, атты таң, шықты күн,
Сал малды, сал жанды аянба!
Не көрсем де Алаш үшін көргенім,
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім.
Мен өлсем де алаш өлмес көркейер,
Істей берсін қолдарынан келгенін.

ІІ Бүкіл қазақ съезінен көрініс
(Бір топ адамның алдына шығып)
Ә. Бөкейханов: «Азаттықтың таңы атты. Тілекке құдай жеткізді. Күні кеше құл едік, енді бұл күн теңелдік. Қам көңілде қаяудай арман қалған жоқ. Неше ғасырлардан бері жұрттың бәрін қорлықта, құлдықта ұстаған жауыз үкімет, өзгеге қазған оры өзіне шағын көр болып, қайтпас қара сапарға кетті.
Енді бүгін теңеліп, түсімізде көрмеген жақсылықты өңімізде көріп, төбеміз көкке жетіп отыр. Бұл күнге жеткізген құдайға мың шүкіршілік!
Мен кадет партиясына кеттім.
(Топ ішінен екі үш адам: «Біз де ойлансақ қайтеді» деген дауыстар шығады).
Әлиханның артынан жүріп бәрі сахнадан шығып кетеді)
2. Оқушы: Алаш туы астында,
Күн сөнгенше сөнбейміз.
Енді алашты ешкімнің
Қорлығына бермейміз.
Өлер жерден кеттік біз,
Жасайды Алаш, өлмейміз.
Жасасын Алаш, жасасын!
Көрініс:
Дауыс: «Алашорда үкіметін бүгіннен қалдырмай жариялаймыз ба?»-деген ұсыныс болады.
Дауыс беру басталып кетеді. Дауыс берудің қорытындысы бойынша Шығыс алашорда 42 дауысты, ал Батыс Алашорда 39 дауысты алады. Үш адам дауыс бермей ,қалыс қалады.
Батыс Алашордашылар: «Алашорда үкіметін бүгіннен қалдырмай жариялайық».
Шығыс Алашордашылар: « Жоқ, тоқтай тұрыңдар, мынау Түркістан облысы, Түркістанға қарайтын Жетісу облысы, Сырдария облысы бар, солардың пікірін білейік»-дейді.
Дауыс бермей қалыс қалған үш адам: «Біз Алашорда үкіметіне қосылмаймыз, біз Түркістан автономиясын құрамыз» -деп, сахнадан шығып кетеді.
1. Оқушы: Алаш десе, рухың сілкініп, ұлттық «менің» оянып, мақтаныш сезім билейді. Осы сезімді аспан астын Алаш атымен тұндырып, ән салғың келеді. Ал, Алаштан қалған ән бар ма осы?
2. Оқушы: Бар. Бар болғанда қандай!
Зар заман -мәнерлеп оқу.
1. Оқушы: Кез болған соң кер заман біздің баққа,
Жау жарағын асырып, міндік атқа.
Ел бастайтын ерлерге бұл бір зор сын,
Жаңа талап, жас ұлан, қарап жатпа.
Заман - ай?
Азаматы алаштың
Аттанатын күн туды.
Тұлпар мініп, ту ұстап,
Баптанатын күн туды.
Ел бастайтын қайдасың, көсемдерім?
Сөз бастайтын қайдасың, шешендерім?
Тәуекелге бел байлап, бастап топты
Тигізбесін жұртқа жау кеселдерін.
Заман - ай!
Бай, қайдасың, ортаға малыңды сал,
Азды - көпті аямай барыңды сал.
Жаны тәтті жақсылар, қайдасыңдар?
Мұсылманның жолына жаныңды сал.
Заман - ай!
Ел қорғайтын қайдасың, батырларым?
Өлең, күйдің шебері ақындарым?
Азаматтың міндеті елді қорғау,
Төнгелі тұр басына күшті толғау.
Заман - ай!

1. Оқушы: Айбарлы елдің ұлымын ай таңбалы,
Кейіпкері емеспін ертегінің.
Қазақ деген жалғыз ұлы мен боламын,
Жер әлемге жетеді көпке үнім!

2. Оқушы -Ахмет Байтұрсынов. Оның тағдыры - қиын, бірақ кісі қызығарлық тағдыр. Ғұмыры ащы арманға толы, алайда өнеге боларлық ғұмыр. Мақсат - мұратының мазмұны, кей тұста қайшылықтарға соқтырды десек те, өте терең. Ол 1872 жылы қаңтар айының 28 - де Торғай облысы, Торғай уезінің Тосын болысында Сарытүбек дейтін жерде дүниеге келді. Әкесі Байтұрсын қарапайым шаруа болғанымен мәрттігі, кісілігі басым, көзі ашық азамат болса керек. 1885 жылғы қазанның 12 - де ояз бастығы Яковлевтің басын жарғаны үшін інісі Ақтас екеуі 15 жылға сотталып, 17 жыл бойы “итжеккенде” айдауда болды. Ауыл молдасынан хат таныған Ахмет Торғайдағы екі жылдық орыс - қазақ училищесін тәмамдаған соң, 1891 жылы керуеншілерге Орынборға барып сонда қырғыз (қазақ) мұғалімдер мектебіне оқуға түседі.
3. Оқушы- Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан. Қарқаралы оязы, Әлтеке – Сырым облысы, Желтау баурайындағы Мырзатай қыстауында дүниеге келген. Қазіргі әкімшілік аймақтық атауы бойынша бұл елді – мекен Жезқазған облысы Ақтоғай ауданы, ”Қаратал “ совхозына қарайды. Қазақтың болашақ саяси көсемі, бір басында сан түрлі ғылым тоғысқан бірегей тұлғаның білім дариясынан сусындаған ілкі қадамы бұрынғы Мырзатай аталған, қазіргі Қасым қыстағында ауыл молдасынан сауат ашудан басталады. Ресейдегі жоғары дәрежелі мамандар даярлайтын білім ордасының есігін 1888 жыл ашқан, ол 1892 жылы ойдағыдай бітіріп шықты.
4. Оқушы -Міржақып Дулатов (1885 - 1935) Ол 1885 жылы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысы, Торғай уезіне қарасты Сарықопа болысында қазіргі Торғай облысының Жанкелдин ауданында “Қызбел” кеңшарында дүниеге келген. 1897 жылы Торғай қаласындағы Ы. Алтынсарин ашқан екі кластық орыс - қазақ мектебіне түсіп, 1902 жылы ойдағыдай бітіреді.
2. Оқушы : Қазақстан картасында КарЛАГ (ерекше режимді Қарағанды еңбекпен түзеу лагері) пайда болды. Оның бірі Отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь» деп аталды. Ол «Алжир» деген атаумен кеңінен мәлім. Бұл азап лагерінде әр түрлі ұлт өкілдерінен шыққан атақты ғалымдар, ақындар, өнер адамдары ұзақ жылдар бойы қамауда болып азап шекті.
Көрініс:
Түрменің қапас бөлмесі. Бір орыс, бір қазақ тергеушісі Әлихан Бөкейхановтан жауап алып отыр.
Қазақ тергеушісі: Қалай Бөкейханов мырза, Қазақстанды Ресейден бөліп алмақ болған әрекетініңізді мойындайсыз ба?
Бөкейханов: Әрине мойындаймын. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құруға әрекеттену қылмыс емес шығар....
Орыс тергеушісі: Қылмыс емес?! (Столды періп- періп қалды). Қалай қылмыс емес?! Егер Ресейге бағынып келген әрбір халық өз алдына мемлекет болып бөлініп шыға берсе, Ресейде не қалады?! Жоқ. Бұл тек жаудың әрекеті.
Қазақ тергеушісі: Мә, мойындаңыз да қолыңызды қойыңыз. (қағаз қалам ұсынады)
Бөкейханов: (қағазға үңіліп) Мына қағазда халыққа қарсы әрекет етті делінген ғой. Бұған қол қоя алмаймын.
Орыс тергеушісі: «Жә, жетеді! Мен қазір басшыларға барып баяндаймын. Жендетке тапсыру керек. Мықты болса, шыдап көрсін. Мен қазір келемін.
Қазақ тергеушісі: (Есікті барып қарап келеді) Ағатай -ай, мен сізге не жақсылық жасай алам? Сізді қашыруға да шамам жетпейді. Бар билік осылардың қолында. Бізге де сенбейтінін сеземіз.
Бөкейханов: Сен қуыршақсың ғой, шырағым. Мен де бәрін түсінем.
Қазақ тергеушісі: Ағатай -ай бәрібір де мойындатпай қоймайды ғой. Азап шегіп қайтесіз. Одан да қол қоя салмайсыз ба?
Бөкейханов: Ей шырағым -ай, артымда маған қарап қара орманым – халқым тұрған жоқ па? Мен өзімді алдасам да оны алдай алмаймын.
Қазақ тергеушісі: Сізді Ленин мен Мұстафа Шоқаймен кездескен- дейді, сол рас па?
Бөкейханов: Ол түрменің әңгімесі емес шырағым, қайтесің.
Қазақ тергеушісі: «Ағатай, мен де еліме, халқыма пайдамды тигізсем деймін. Бірақ қалай? Білмеймін....
Бөкейханов: (күбірлеп) Бәрі алдамшы, бәрі жалған болғаны ма?
Қазақ тергеушісі: Ағай сізге не болған, Мә, су ішіп жіберіңіз. Қазір жаңағы жан алғышта келіп қалар.... Құдайым- ай соншама дәрменсіз етіп жаратармысың?! Келіп қалды, бекем болыңыз.
Бөкейханов: Рахмет, мен үшін қам жеме, бауырым. (бөлмеге орыс тергеуші және жендет келеді)
Қазақ тергеушісі: (ұшып тұрып) Жолдас капитан айтқанынан қайтар емес.
Орыс тергеушісі: (мырс мырс күліп) Онда өз обалы өзіне. (Қасындағы жендетке алып кет деп ,белгі берді. Жендет сүйрей бастаған кезде Бөкейханов жендетті итеріп жібереді де, былай- дейді)
Ей, халқым
Еліміз үшін
Етегімізді түрген екенбіз,
Бар Алашқа ұран сап,
Елдікке шақырып жүрген екенбіз.
Шешінген судан тайынбас,
Ойымыз бір, мақсат бір,
Сорлы елімнің шіркін -ай
Жыртылған жағасын бүтіндеп.
Жығылған туын көтерсек.
Бар Алаштың ұрпағы болып қайтадан,
Ұрандап атқа қонсаң бір,
Дүние дүр сілкінер еді, деп айта алам
Сонда менің болмас еді -ау арманым
Арнар едім, сол елімнің жолына
Мына қысқа ғұмырымның қалғанын.
1. Оқушы: Қапияда
Қауып алар қармақтар,
Ойды орап,
Қырды жапқан Карлагтар.
Қайда барсаң
Қан сасыған іргелер,
Тірі өлікке толған іші түрмелер.
Көрініс:
Күй ойнап тұрады. Бес арысты әскерлер алып шығады. Атуға дайындап тұрғызады.
Әскер: Иә, соңғы сөзді кім айтады іштеріңнен?
Мағжан: Ей, тәкәппар дүние,
Маған да бір қарашы,
Танимысың сен мені,
Мен қазақтың баласы
(Мылтық даусы естіледі)
2. Оқушыі: Қазақстанда 101мың адам репрессияға ұшырады, қазір олардың барлығы ақталды.
Енді бізге қайта оралды заңғарлар,
Сталиндік тозақтарда жанғандар.
Ахметтер, Жүсіпбектер, Сәкендер,
Ілиястар, Бейімбеттер, Мағжандар.
(Алаш зиялыларын еске алу 1 минут үнсіздік)
1.Оқушы: Өшіп кетіп бір жылы жер бетінен,
Өзге орында балалап өскен елмін.
Ақталды боздақтардың ақ талабы,
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым.

2. Оқушы: Бет бағдарын бақиға бұрғандарым,
Қаралы жылдардай боп қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым.

Мұғалім сөзі: Өткен ғасырдың басында жеке ел, мемлекет боламыз деген Алаш зиялылары аңсаған армандарына жете алмай арманда кетті. Алаш зиялылары тұңғыш ұлттық идея көтеріп, тұңғыш партия, үкімет құрып мемлекеттіліктің алғы шартын жасап кетті.
Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуда. Біздің Отанымыз -егеменді тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз - ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу. Сабағымызды Әлихан Бөкейхановтың мына сөзімен аяқтағым келеді: «Әр ұрпақ өзіне артқан жүкті жетер жеріне апарып тастауы керек».

















Пайдаланған әдебиеттер:

1. Жалпы тарих және құқықтану мектепте №3. 2005ж.

2. Жалпы тарих және құқықтану мектепте №2. 2007ж.

3. Жалпы тарих және құқықтану мектепте №5. 2012ж.

4. Жалпы тарих және құқықтану мектепте №3. 2013ж.

5. Қазақстан тарихы:Әдістемелік журнал №1. 2009ж.

6. Қазақстан тарихы:Әдістемелік журнал №2. 2009ж.

7. Қазақстан тарихы:Әдістемелік журнал №1. 2011ж.

8. Қазақстан тарихы:Әдістемелік журнал №1. 2012ж.

9. Мектеп оқулығындағы дидактикалық әдістемеліктер. 2012ж.

10. Мектеп оқулығындағы дидактикалық әдістемеліктер. 2013ж.

11. Мектеп оқулығындағы дидактикалық әдістемеліктер. 2014ж.

12. Тарих Қазақстан мектебінде №2. 2013ж.































Рецензия

Әдістемелік құрал тақырыбы: «Қазақстан тарихы пәнінен білім берудің сапасын жетілдіруде әр түрлі тапсырмаларды қолданудың тиімділігі».

Әдістемелік жұмысында қазіргі Қазақстан тарихы пәнінде әр түрлі тапсырмалардың қолдану тиімділігін, мәселелерін шешу жолдары, негізгі әдіс-тәсілдерін жан-жақты талдап зерттеген. Зерттеу барысында қазіргі уақыт талабына сай жұмыс процесінде тарих сабағында әр түрлі тәсілдермен жұмыс сапасын жақсарту жолдарын атап көрсеткен.

Ізденуші әдістемелік жұмыс тақырыбына байланысты әдебиеттерге аналитикалық және синтетикалық талдау жасаған. Әр түрлі тапсырмаларды қолдану тиімділігін деректемелермен құжаттардың мол қорын пайдалана отырып орындағаны көрініп-ақ тұр.

«Қазақстан тарихы» пәнінің тарихи материалын оқып, танып білу және оны меңгеру үшін көптеген тәсілдер мен құралдар қолданылған. Оқушылардың іс-әрекетін, ойлау, таным қызметін дамытуға бағытталған бұл әдістер белгілі бір жоспармен, жүйемен жүргізілген.

Сын тұрғысынан ойлау тапсырмалары, дидактикалық материалдарды пайдалану, сюжеттік-рөлдік ойындар түріндегі сабақтар, анықтамалық оқыту әдісін пайдаланған.

Оқу-танымдылық іс-әрекетін дамыту үшін ақпараттық материалдармен жұмыс кең қолданылады. Осы арқылы білім алушылар мәтінмен жұмыс жасауға үйренеді, яғни көпшілікке арналған ақпаратты нысандармен қалыпты жұмыс жасау құралдарын меңгереді. Сонымен, зерттеу, проблемалық зерттеу тапсырма түрі, тарихи көркем шығармаларды пайдалану әдісі қолданылған.

Мұғалім өз ойын шеберлікпен сауатты, қисынды жеткізу тұрғысынан дайындығын байқатты.

Әдістемелік жұмысының материалы жүйелі түрде құрылған. Әдістеме жұмысында Тарих пәнінің жаңа имиджін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері, қазіргі уақыттағы ерекшеліктері мен ұйымдастырудың формалары қызықты әрі тартымды етіп баяндалған.

Айтарлықтай ескертулер жоқ. Сондықтан бұл әдістемелік жұмысты өте жақсы деген бағаға бағалап, қорғауға жіберуге болады деп сенім білдіремін.





«Тайынша қаласы №5 ОМ» КММ

жоғары санатты,тарих және

саяси-әлеуметтік пәндерінің мұғалімі: Тілеутай Қ.М.





Құттығожин Ораз Сапарұлы

Туған жылы: 13.12.1966 жыл.

Білімі: Жоғары.

1. Көкшетау мәдени-ағарту училищесі. 1987-89ж. Оркестр жетекшісі. Диплом нөмірі: 120986.

2.Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлггық университеті. 1994-99ж. Тарих мұғалімі. Диплом нөмірі: 0176083

3. Еуразия гуманитарлық институты. 1999-2001ж. Заңгер.

Диплом нөмірі: 0050721


Еңбек өтілімі: 20 жыл

Мекен-жайы: СҚО. Тайынша ауданы. Аймақ ауылы.

Жұмыс орны: СҚО. Тайынша ауданы. Аймақ ауылы. Аймақ негізгі мектебі КММ. Тарих пәні мұғалімі

Тел: 73-6-34, ұялы: 8705 296 19 29





Краткое описание документа:

     Тарих – мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана-сезімді және адамгершілік-этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады. Тарихтың басқа пәндермен өзара байланысы талдау, жинақтау сияқты ортақ логикалық таным әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, гуманитарлық циклдағы пәндермен байланысы картамен, мәтінмен жұмыс істеу, оқиғалар мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындау сияқты ортақ әдіс-тәсілдері негізінде іске асады. Тарихи білім берудің басты мақсаты мен міндеттері мынадай:
- оқушылардың адамзат қоғамының ежелгі заманынан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру;
- бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени тарихи тәжірибенің негізін оқытып, меңгерту;
- оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, оларға адамзат жинаған әлеуметтік рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгерту;
- оқушыларды өз халқы мен басқа халықтардың мәдениеті мен тарихын, бүкіл адамзаттың мәдени мұрасын сақтауға тәрбиелеу;
- оқушылардың бойында Қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру;
- эстетикалық, экономикалық тәрбие беру, діннің тарихтағы қызметін дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу.
Осы міндеттер мен мақсаттарды орындау үшін қазіргі педагогиканың жаңалықтарын, оқу әдістемелік тәсілдің тиімді жолдарын таңдау, үздіксіз ізденіс пен білім сапасын жақсарту қажет. Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді оқып үйренуге дағдыландыру, баяндама, рефераттар, хабарлама жасату, өз бетінше оқып білім алып шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу және т.б.

Автор
Дата добавления 16.01.2015
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров3189
Номер материала 308583
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх