Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Презентации / Тарихқа толы Ақсу-Жабағылыға - 90 жыл
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Биология

Тарихқа толы Ақсу-Жабағылыға - 90 жыл

библиотека
материалов
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚ...
Ми құртының биологиясы Ми құрты немесе қой ценурозы, айналма, тентек деп те...
Ми құртының систематикасы. Типі - жалпақ құрттар – Plathelminthes Класы - та...
Құрылысы мен физиологиясы. Денесі барынша созылыңқы, арқа құрсақ бағытында жа...
Таспа құрттардың тері жабындысы трематодтар мен моногенияларға ұқсас болады,...
Зәр шығару жүйесі - протонефридиялы. Денесінің бүйірі жағынан ұзына бойына со...
Қан айналу және тыныс алу жүйесі болмайды. Анаэробты жолмен тыныс алады. Нерв...
Жыныс жүйесі гермафродитті, құрылысы жағынан сорғыштарға ұқсас, бірақ таспа қ...
Дамуы. Ит ішегін мекендейтін жүздеген мультицепстің әрбір пісіп жетілген буын...
Зерттеу әдістері және нәтижелері Миқұрт парзитінің қойларда тарлуын, оның ту...
Тексерілген қойлардың қан сарысуын иммунологиялық әдіспен және патолого-анат...
1 – ілмек; 2 – гермофрадитті буын; 3 – ересек буын Сурет – 1. Multiceps mult...
Сурет – 2. Alvecoccus multilocularis – тің даму сызбасы
Сурет – 3. Alvecoccus multilocularis
Сурет – 4. Multiceps multicеps – тің даму сызбасы
Сурет – 5. Жоғарыда - ценурус көпіршігі; төменде – алып көрсетілген көпіршік,...
Сурет – 7. Ценуроздың өсіп-өну салдары.
Сурет – 8. Қойлардың ценурозбен ми бөліктерінің зақымданып, ауырғандағы жағда...
Сурет – 9. Церебральді ценурозбен ауырған қойлар.
1-сызба Эхинококтың эритроцитті диагностикумдарын зерттеу
2-сызба Миқұрттың эритроцитті диагностикумдарын зерттеу
3-сызба Миқұрттың ЭД-сезімталдығына антигендер мен коньюгаттардың әсерін зерт...
ҚОРЫТЫНДЫ Ми құрты немесе ценуроз ауруы қазақстанда, Солтүстік кавказда,...
25 1

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚ
Описание слайда:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ ШЫМКЕНТ ИНСТИТУТЫ Жаратылыстану факультеті Биология кафедрасы ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: Ми құртының биологиясы

№ слайда 2 Ми құртының биологиясы Ми құрты немесе қой ценурозы, айналма, тентек деп те
Описание слайда:

Ми құртының биологиясы Ми құрты немесе қой ценурозы, айналма, тентек деп те аталады. Ми құрты - қой шаруашылығына елеулі зиян келтіретін, өте кең тараған ауру. Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы мал шаруашылығында көптеген паразиттер инвазиялық аурулар тудырады. Бұларға ценуроз сорғыш құрты жатады. Ценуроз биология саласында ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқанымен, олардың таралуы жайындағы экологиялық мәселелер толық анықталмай отыр. Паразиттердің таралуы негізінен паразитологиялық әдістермен анықтайды. Бұл әдістердің жүргізілу қиыншылықтары оларды кең көлемде жүргізуге мүмкіншілік тудырмай отыр. Осыған сәйкес жаңа және тиімді әдістер қолдану өзекті мәселе болып табылады. Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазіргі кезде паразитология саласына иммунологиялық әдістерді енгізу жұмыстары жүргізіле бастады. Иммунологиялық әдістердің ішінде қойылуы жеңіл және сезімталдығы жоғары кері гемаглютинация реакциясын қою енгізілуде. Осыған байланысты жұмысты орындау мақсатында алға қойылған міндеттер: 1. Ценуроздың таралуын паразитологиялық және иммунологиялық әдістермен салыстырмалы зерттеу. Жұмыстың ғылыми жаңалығы мен практикалық маңызы. Ценуроздың мал шаруашылығында таралуы паразитологиялық және иммунологиялық әдістермен салыстырмалы зерттеліп анықталды

№ слайда 3 Ми құртының систематикасы. Типі - жалпақ құрттар – Plathelminthes Класы - та
Описание слайда:

Ми құртының систематикасы. Типі - жалпақ құрттар – Plathelminthes Класы - таспа құрттар – Cеstoda Отряды - солитерлер – Cyclophyllidea Тұқымдасы - сорғыштар – Taeniidae Түрі - қой мишығы – Multiceps multiseps Таспа құрттар класы - Cеstoda. Таспа құрттар класының өкілдері сорғыштар паразиттік тіршілікке толығырақ бейімделген. Бұлар тек қана эндопаразиттік өмір сүреді, жұмыртқалары өте аз уақыт сыртқы ортада бола алады, ересек кезінде әр түрлі омыртқалы жануарлардың балаң құрттары (личинкалары) омыртқалы жануарлардың ішкі мүшелерінде және дене қуысында тіршілік етеді. Түрлері 3000-нан астам. Таспа құрттар жұқтыратын ауруларды цестедоз деп атайды.

№ слайда 4 Құрылысы мен физиологиясы. Денесі барынша созылыңқы, арқа құрсақ бағытында жа
Описание слайда:

Құрылысы мен физиологиясы. Денесі барынша созылыңқы, арқа құрсақ бағытында жалпайып келген, лента тәрізді, ұзындығы 1 мм-ден 1,0-1,5 м-ге дейін. Көбіне денелері проглотидтер деп аталатын жеке буындардан тұрады, ал проглоттидтердің тізбегі стробила делінеді. Кейбір түрлерінің денесі тұтас бөлінбеген. Денесінің алдыңғы ұшында сколекс деп аталатын басы болады, одан бөлшектенбеген мойыны және бірқатар буындар (проглотидтер) тіркесіп созылып жатады. Олардың саны 2-4-тен бірнеше мыңға жетеді. Буындардың немесе проглоттидтердің пішіні мойынынан қашықтаған сайын өзгере береді. Алдыңғы буындары қысқа, гермафродитті немесе пісіп жетілмеген буындар деп аталады, артқы жағындағы буындары ұзынырақ, жалпақтау - пісіп жетілген (ұрықтанған жұмыртқаларға толы) буындар. Олар құрттың денесінен үзіліп, нәжіспен бірге сыртқа шығарылып тұрады, ал үзілген буынның орнына келесі буындар жетіледі, себебі мойын бөлімінен үздіксіз жаңа буындар түзіліп, олар артқа қарай ығысып, пісіп жетіліп тұрады. Басы немесе сколексі домалақ, сүйір, жалпақ пішінді болып келеді. Басы қадалып, жабысатын мүшелерімен қаруланған, олар: бұлшықеттері бар сорғыштар, ботридиялар - ерекше ұзын қысқыш аппараты; батрия немесе сорып қадалатын саңылау; тіркелгіш шұңқырлар; ілмешектер; имек қармақшалар; тістер т.б.

№ слайда 5 Таспа құрттардың тері жабындысы трематодтар мен моногенияларға ұқсас болады,
Описание слайда:

Таспа құрттардың тері жабындысы трематодтар мен моногенияларға ұқсас болады, тек тегументтің сыртқы ядросыз цитоплазмалық қабатының бетінде көптеген кірпікшелі өсінділері бар. Кірпікшелі өсінділер – микротрихиялар деп аталады, өте ұсақ, тек электронды микроскоп арқылы көрінеді, құрттың қоректенуінде маңызды қызмет атқарады. Базальды мембранасының астында бұлшықет талшықтарының шумағынан құралған тері-бұлшықет қабы жатады. Оның ішінде сақина тәрізді және ұзына бойы созылған бұлшықеттер қабаты, сонымен қатар арқа-құрсақ (дорзо-вентральды) бұлшықеттері де орналасқан. Құрттар бұлшықеттерін жиырып қозғалады. Таспа құрттардың паренхимасында (үлпершегінде) едәуір көлемде гликогеннің жиынтығы және шашыранды түрде орналасқан көмірқышқылды ізбест денешіктері болады. Гликогеннің болуы, құрттардың анаэробты (ауасыз ортада тіршілік ететін организмдер) тыныс алатын жағдайда тіршілікке қажет энергияны бөлетіндігіне байланысты. Ал өте ұсақ ізбесті денешіктердің құрылысы және атқаратын қызметі толық анықталмаған, бірақ оларды экскретті (зат алмасу процесіндегі соңғы, организмге қажеті жоқ өнімдер) денешіктер деп қарастырып, буферлік жүйенің қызметін атқарып, құрттарды қышқыл ортаның зиянды әсерінен сақтайды деген болжамдар бар. Таспа құрттардың тағы бір ерекшелігі - асқорыту жүйесі толығымен жойылған. Иесінің ортаңғы ішегінде паразиттік тіршілік етуіне байланысты, қорытылған қоректік сұйық заттың ішінде батып жатады. Осы қорытылған қоректік затты паразиттер сыртқы ядросыз цитоплазмалық қабатының бетінде орналасқан көптеген кірпікшелі өсінділер - микротрихиялар арқылы сіңіреді.

№ слайда 6 Зәр шығару жүйесі - протонефридиялы. Денесінің бүйірі жағынан ұзына бойына со
Описание слайда:

Зәр шығару жүйесі - протонефридиялы. Денесінің бүйірі жағынан ұзына бойына созылған екі негізгі зәр шығару түтіктері өтеді. Түтік дененің артқы жақ шетінен басталып, алдыңғы жаққа қарай бағытталады. Бас бөлімге жеткен түтік қайта кері бағытта артқа қарай жетіп, зәр шығару саңылауымен аяқталады. Денесі буындалған құрттарда бүйірлік ұзына бойына созылған зәр шығару түтіктері әрбір буында көлденең түтікпен байланысып, сатылы түрде болады. Соңғы буындардың үзіліп түсуінің нәтижесінде жиырылғыш қуығы жоқ, бүйірлік түтіктер тікелей сыртқа қарай ашылады. Зәр шығару жүйесіндегі бүйірлі түтіктерден дене ішіне (паренхимаға) қарай көптеген түтікшелер тарап, олар бос ұшында жұлдыз тәрізді «кірпікше жалынды» терминальды жасушалармен аяқталады. Терминальды жасушалар арқылы жиналған несеп заттар түтікшелерге өтіп, негізгі түтіктер арқылы сыртқа шығарылады.

№ слайда 7 Қан айналу және тыныс алу жүйесі болмайды. Анаэробты жолмен тыныс алады. Нерв
Описание слайда:

Қан айналу және тыныс алу жүйесі болмайды. Анаэробты жолмен тыныс алады. Нерв жүйесі, сезім мүшелері нашар дамыған. Орталық жүйке жүйесі жұп ми түйінінен тұрады. Бұл екі түйін бас бөлімінде орналасып, өзінен артқа қарай бірнеше жұп нерв бағаналарын таратады. Бағаналар өзара көлденең байланысып, ортогонды нерв жүйесін құрайды. Ерекше дамыған екі бағана дененің бүйірінен өтіп, өзінен көптеген тармақтарды бөледі, олар өзара тұтасып, тері асты нерв қабатын түзеді. Сезім мүшелері денесінің беткі жағында сезу жасушалары түрінде шашырап таралған. Көп мөлшерде олар бас бөлімінде (сколексте) кездеседі.

№ слайда 8 Жыныс жүйесі гермафродитті, құрылысы жағынан сорғыштарға ұқсас, бірақ таспа қ
Описание слайда:

Жыныс жүйесі гермафродитті, құрылысы жағынан сорғыштарға ұқсас, бірақ таспа құрттардың әр түрлі топтарының жыныс мүшелерінің пішіні, орналасуы, саны жағынан әр түрлі болатыны байқалады (мысалы, бірқатар түрлерінің жыныс тесігі құрсақ немесе арқа жағында ашылады, кейбір түрлерінің жыныс бездері біреу болса, екіншілерінде жүзден асады) Таспа құрттардың жыныс жүйесінің құрылысын және дамуын қой мишығын (Multiceps multiseps) алып қарастырайық. Қой мишығының басы, қысқа мойыны және 200-250 буындардан құралған, 40-80 см-ге жуық денесі болады. Қой мишығының алдыңғы ең жас 3-4 буындары болмаса, басқа буындарының әрқайсысында күшті дамыған гермафродитті жыныс жүйесі бар. Осындай буынды - гермафродитті буын деп атайды. Көпіршік пішінді аталық бездері паренхиманың (үлпершегінің) арасында шашырап орналасқан. Аталық бездерінің тұқым шығару түтіктері бірігіп ортақ аталық жолын құрайды. Аталық жолы кеңейіп шағылыс (реnis) мүшесіне айналып, буынның бүйір бөлігіндегі жыныс клоакасына еніп жатады. Аналық мүшесі тарамдалған екі аналық бездерінен құралып, аналық жолы арқылы оотипке ашылады. Оотипке екінші жағынан сарыуыз безі де ашылады. Оотиптен екі канал шығады. Біреуі қынап, аталық жолымен қатар созылып жыныс клоакасына ашылады, екіншісі буынның алдыңғы бөлігіне бағытталып тұйық бітетін жатын. Сұйыққа толы, ішкі жағынан бүртік секілді нүктедей жүзден артық сколекстері байқалады. Жұмыртқа жасушалары аналық безінен оотипке түсіп, осы жерде қынап арқылы келетін сперматозоидтармен қосылып ұрықталады да, сарыуыз және қабыршақпен қапталып, тұйық бітетін жатынға өтеді. Осы жерде дамуының бірінші сатысы басталады. Жатынға түскен жұмыртқалардың саны өте көп, сондықтан жатынның орталық бөлімінен оң және сол жаққа қарай жанама тармақтары тарап, жұмыртқаларға толып жатады. Осылайша, гермафродитті буын «пісіп жетілген» буынға айналады. Денесінің соңғы жағындағы пісіп жетілген буындар үзіліп, иесінің ішегінен сыртқы ортаға шығарылып тұрады.

№ слайда 9 Дамуы. Ит ішегін мекендейтін жүздеген мультицепстің әрбір пісіп жетілген буын
Описание слайда:

Дамуы. Ит ішегін мекендейтін жүздеген мультицепстің әрбір пісіп жетілген буындарында мыңдаған жұмыртқалар болады. Күн сайын ондаған буындар құрт денесінен үзіліп, нәжіспен бірге сыртқы ортаға шығып жатады. Буындар жауын-шашын, жел-су ықпалымен ыдырайды да, ал олардан ажыраған жұмыртқалар өсімдікке, суға түсіп, мал өрісіне тарайды. Малға айналма дерті гельминт жұмыртқасымен былғанған шөппен, сумен жұғады. Құрт жұмыртқасы мал асқазанына түсісімен сыртқы қабықтарынан айырылады, одан босап шыққан онкосфера ішекті тесіп өтіп, қан тамырларына енеді. Қан арқылы миға не жұлынға орналасып, 3 ай ішінде ценурға, яғни тентек көпіршігіне айналады. Көпіршіктің көлемі жаңғақтай, кейде тауықтың жұмыртқасындай болады. Бұны Coenurus serebralis - іші түссіз. Ит өлген немесе сойылған айналма қойдың басын кеміріп жеу арқылы зақымданады. Ит ішегіне түскен балаң құрт орта есеппен 1,5-2 айда жыныстық сатысына жетіліп, 6-8 ай, тіпті 1,5-2 жыл сонда тіршілік етеді. Негізінде айналмаға шалдыққан қойдың бәрі де өлімге ұшырайды немесе қолдан амалсыз сойылады. Айналманы оташылдық (хирургиялық) тәсілмен ғана емдейді.

№ слайда 10 Зерттеу әдістері және нәтижелері Миқұрт парзитінің қойларда тарлуын, оның ту
Описание слайда:

Зерттеу әдістері және нәтижелері Миқұрт парзитінің қойларда тарлуын, оның тудыратын ауруын анықтау мүмкіншілігін зерттеу барысында біз 100 бас қойдың қанын тексердік. Қан сарысуларын қазақтың мал дәрігерлік ғылыми-зерттеу институтында, оларда ми құртының антигені бар болуына байланысты зерттелді. Тексеру қорытындысы бұрынғы Шымкент қаласындағы Қаракөл заводының ішіндегі мал сою цехында сойылған малдарды патолого-анатомиялық зерттеулермен қатар жүріп салыстырылып отырды. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі 1 кестеде көрсетілген. 1 - кесте. Миқұрт паразитінің таралуын иммунологиялық және патолого-анатомиялық жолмен зерттеу № Малдың түрі Жа с ы С А Н Ы Оң көрсеткіш Иммунол. Зерттеу (КГАР) Патолого- анатомиялық зерттеу Саны % Саны % 1 2 3 4 Саулық Қошқар Еркек тоқты Ұрғашы тоқты 5 6 2 2 10 10 40 40 - - 5 4 - - 14,5 12 - - 4 3 - - 10 9 Барлығы 100 9 13,2 7 9,5

№ слайда 11 Тексерілген қойлардың қан сарысуын иммунологиялық әдіспен және патолого-анат
Описание слайда:

Тексерілген қойлардың қан сарысуын иммунологиялық әдіспен және патолого-анатомиялық әдіспен ішкі мүшелерін зерттеуде айырмашылықтары бар екендігі анықталды. Кері гемагглютинация реакциясы бойынша зерттелген 100 қойдың 9 (13,2%) оң көрсеткіш көрсетсе, патолого-анатомиялық әдіспен зерттеу 7 қойда (9,5%) миқұрт паразиттерінің балаң құрты бар екені анықталды. Мұндай алшақтық, әсіресе, 2 жасар ұрғашы және еркек тоқтыларда айқын байқалды. Барлық тексерілген 100 бас қойдың 16 басы (16%) айналма ауруына оң көрсеткіш көрсетті. Оң көрсеткіш қойлардың жас шамаларына бөлгенде еркек (14,5%) және ұрғашы тоқтыларда (12%) көрсетілген мөлшерде болғаны анықталды.

№ слайда 12 1 – ілмек; 2 – гермофрадитті буын; 3 – ересек буын Сурет – 1. Multiceps mult
Описание слайда:

1 – ілмек; 2 – гермофрадитті буын; 3 – ересек буын Сурет – 1. Multiceps multicеps

№ слайда 13 Сурет – 2. Alvecoccus multilocularis – тің даму сызбасы
Описание слайда:

Сурет – 2. Alvecoccus multilocularis – тің даму сызбасы

№ слайда 14 Сурет – 3. Alvecoccus multilocularis
Описание слайда:

Сурет – 3. Alvecoccus multilocularis

№ слайда 15 Сурет – 4. Multiceps multicеps – тің даму сызбасы
Описание слайда:

Сурет – 4. Multiceps multicеps – тің даму сызбасы

№ слайда 16 Сурет – 5. Жоғарыда - ценурус көпіршігі; төменде – алып көрсетілген көпіршік,
Описание слайда:

Сурет – 5. Жоғарыда - ценурус көпіршігі; төменде – алып көрсетілген көпіршік, жолақ түзе орналасқан бастарының қатарлары оның бет жағында көрініп тұр.

№ слайда 17
Описание слайда:

№ слайда 18
Описание слайда:

№ слайда 19 Сурет – 7. Ценуроздың өсіп-өну салдары.
Описание слайда:

Сурет – 7. Ценуроздың өсіп-өну салдары.

№ слайда 20 Сурет – 8. Қойлардың ценурозбен ми бөліктерінің зақымданып, ауырғандағы жағда
Описание слайда:

Сурет – 8. Қойлардың ценурозбен ми бөліктерінің зақымданып, ауырғандағы жағдайлары.

№ слайда 21 Сурет – 9. Церебральді ценурозбен ауырған қойлар.
Описание слайда:

Сурет – 9. Церебральді ценурозбен ауырған қойлар.

№ слайда 22 1-сызба Эхинококтың эритроцитті диагностикумдарын зерттеу
Описание слайда:

1-сызба Эхинококтың эритроцитті диагностикумдарын зерттеу

№ слайда 23 2-сызба Миқұрттың эритроцитті диагностикумдарын зерттеу
Описание слайда:

2-сызба Миқұрттың эритроцитті диагностикумдарын зерттеу

№ слайда 24 3-сызба Миқұрттың ЭД-сезімталдығына антигендер мен коньюгаттардың әсерін зерт
Описание слайда:

3-сызба Миқұрттың ЭД-сезімталдығына антигендер мен коньюгаттардың әсерін зерттеу

№ слайда 25 ҚОРЫТЫНДЫ Ми құрты немесе ценуроз ауруы қазақстанда, Солтүстік кавказда,
Описание слайда:

ҚОРЫТЫНДЫ Ми құрты немесе ценуроз ауруы қазақстанда, Солтүстік кавказда, төменгі және жоғарғы еділ өзенінің жағалауларында кең таралған. Ми құрты жыл сайын шаруашылыққа үлкен шығын әкеледі, жануар өнімділігін төмендетеді. Ауылшаруашылық жануарлардан зақымдаушының негізгі көзі – жайлаудағы иттер. Зақымдалған иттер күн сайын нәжіс арқылы құрттарды сыртқа шығарады, тәулігіне пісіп жетілген 20-30 құрттың мүшеліктерін бөледі. Кейбір иттердің ішегінен 200-ге жуық паразит таспа құрттары табылады. Иттерде жартылай дамыған цестодтар ұзақ тіршілік етеді, инвазия бір жыл бойы таралады, кейбір аудандарда ценуроз көктем-күз мезгілдерінде байқалады. Бір дамыған мүшелікте 20-60 мың жұмыртқа болады. сыртқы ортада мүшеліктер бірнеше сағаттар бойы шөпте, топырақта жылжиды. Жұмыртқаларын шашу арқылы жайлауды зақымдайды. Бұл құрттың даму сатысында негізгі иелері (ит, қасқыр) және аралық иелері (қойлар, кейбір тұяқты жануарлар) қатысады. Барлық тексерілген 100 бас қойдың 16 басы (16%) айналма ауруына оң көрсеткіш көрсетті. Білімді насихаттау. Халық арасында үнемі санитарлы ағартушылық жұмыстар жасау керек, әсіресе малшы қызметкерлеріне лекция, сұбаттасу, радиода хабарламалар, телевиденияда, баспасөз беттерінде цестодозбен зақымдалу жолдары туралы, іс-шараларды кең насихаттау керек. Жеке бастың профилактикасы үшін итпен қарым-қатынасты шектеу керек, оны арнайы таза бөлек ыдыспен қоректендіру керек, итпен қатынаста болғаннан кейін қолды міндетті түрде тазалап жуу керек. Пайдаланар кезінде жеміс-жидекті жақсылап жуу, таза суда жуу қажет. Барлық жануарлар цестодына қарсы жүргізілген іс-шараларды республикалық, облыстық, аудандық ветеринариялық мемлекеттік инспекторлар бақылап отыруы қажет. Қойлар ценурозының таралуына әрбір шаруашылықтарда, аудандарда және облыстық масштабта шектеу үшін әр кварталда иттердің дегельминтизациясын жүргізумен қатар, профессор Ә.Н.Халила мен профессор М.В. Хванның дайындап шығарған вакцина профилактикасын қолдану керек деп санаймыз. Қозыларды 2-3 ай кезінде вакцинация жұмысын жасау ұсынылады. Зейін қойып тыңдағандарыңызға ризашылығымды білдіремін.

Автор
Дата добавления 20.04.2016
Раздел Биология
Подраздел Презентации
Просмотров193
Номер материала ДБ-043650
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх