Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыТарихи ғылымдар әлемінде факультативтік курс

Тарихи ғылымдар әлемінде факультативтік курс

Скачать материал

Ә. Молдағұлова атындағы №38 мектеп - лицейі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Тарихи ғылымдар әлемінде»

 

 (Қазақстан  тарихынан 5- сыныпқа арналған  курс бағдарламасы)

 

 Н.С.Киясованың іс – тәжірибесінен

 

Облыстық эксперттік  кеңестің отырысынының №2 хаттама (30.04.21 ж.) негізінде облыс көлемінде таратылуға ұсынылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал - 2021жыл

 

 

 

 

Құрастырушы:

 

 

Киясова Н.С - Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп -  лицейінің  жоғары санатты 

тарих пәнінің мұғалімі, педагог - зерттеуші

 

Пікір жазғандар:

 

А.С.Байбулсинова  БҚУ, М.Өтемісов атындағыБҚУ тарих  

                                   ғылымыдарының кандидаты, ҚР тарихы кафедрасының                        

                                   меңгерушісі

 

Ш.О.Сагынгалиева  Ә. Молдағұлова атындағы №38 МЛ

тарих пәнінің мұғалімі. Педагог – зерттеуші, гуманитарлық   пәндерінің магистры

 

 

              Курс бағдарламасы 5 - сыныпта тарихты зерттеуде қосымша ғылымдардың (археология, этнография, палеография т.б) мәні мен мазмұның түсінуге,аталған ғылымдардың тарихты зерттеудегі ролін анықтауға, олардың тарихты зерттеудегі қызметін білуге және жалпы гуманитарлық білімдерін толықтыруға арналған.  Бағдарлама тарих пәнін оқытуда қосымша тарихи пәндерді терендетіп оқуға мүмкіндік береді.Оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, қосымша тарихи пәндердің тарихты зерттеудегі ролін бағалауға үйретеді.

Курс бағдарламасында теориялық және практикалық жұмыстар ұштастырылған. Курс бағдарламасы жас ерекшеліктерін ескере отырып, 5-6 сыныптарға бөлініп, құрастырылған. Әр сыныпта 34 сағаттан беріледі.Бағдарламаға сәйкес құрастырылған қысқа мерзімді жоспарлар үлгілері тіркелген.

            Тарих пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік құрал ретінде ұсынылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсінік хат

Мектептің оқу бағдарламасында палеография, нумизматика, сфрагистика, хронология, геральдика, метрология, археология  және басқалары сияқты қосалқы тарихи пәндерді оқытуға жеткілікті көңіл бөлінбейді. Оның үстіне соңғы кезде кейбір мектептерде Қазақстан тарихы пәні қысқартылған бағдарламамен оқытылуда. Сондықтан, жоғарыда аталған қосымша тарихи пәндер туралы оқушылар мүлде естімегенде болар, білседе жалпылама біледі.

Заманауи оқушылардың назарын аудару үшін, алдымен оларды таңқалдырып, қызықтыру керек. Бұл оңай емес. Ол үшін мұғалім әр оқушыға өзінің тарихқа қатыстылығын сезінуге көмектесуі керек.Менің ойымша, бұған қосымша тарихи пәндер көмектесе алады.Бұл ғылымдар пән мұғаліміне көмекші болып қана қоймайды, олар әдеттегі әлемнің мәдени құбылыстарын жаңаша көруге, тарихты тереңірек түсінугежәне оқушыларды  қызықтырып, баурап алуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, қосалқы тарихи ғылымдартарихтыидеологиялық шайқастар мен саясаттанған түсіндірулер үшін арналған кеңістік емес,  нақтылы ғылымға айналдырады.Соңғы жылдары тарихты оқытудың тиімділігін едәуір арттыра алатын әдістер мен технологияларды белсенді іздеумен ерекшеленді.Қазір бұған факультатив сабақтары мен таңдау курстары және элективті курстар  үлкен рөл атқарады.

Сонымен, көмекші тарихи пәндер оқушыларды  тарих пәнін жоғары қызығушылықпен оқуға, тарихи -мәдени ғажайыптармен танысуға, өткенге, біздің күнделікті өмірімізге енген ұлы мәдени мұраға деген құрметпен қарауды тәрбиелеп, мәдени мұраны бағалауға үйретеді.

Ұсынылып отырған бағдарлама 68 сағатқа негізделген.Оның 34 сағаты 5- сыныпқа арналса, 34 сағаты 6-шы сыныпқа арналған. Яғни, сыныптар арасындағы сабақтастықты сақтай отырып, 5-сыныпта басталып, 6-шы сыныпта жалғастыруға мүмкіндік береді.Сондай –ақ, бағдарлама мазмұны оқушылар тарапынан дайын пассивті білім алуға емес, мұғаліммен оқушының өзара шығармашылық байланыста жұмыстануды көздейді. Өйткені, бағдарлама мазмұны теория мен практиканың ұштастыруын көздеген.

Курстың мақсаты:Оқушыларды тарих пәнін оқуға көмектесетін негізгі қосалқы ғылыми пәндердің мәні мен мазмұнымен таныстырып, аталған ғылымдардың тарихты зерттеудегі ролін анықтау және осы көмекші тарихи пәндерді оқу арқылы оқушылардың гуманитарлық білімдерін толықтыру.

Міндеттері:

-          Тарихты зерттеуге көмектесетін қосалқы тарихи пәндердің маңыздылығын түсіндіру;

-          Көмекші тарихи пәндерді оқыту арқылы оқушыларға қосымша білім беру;

-          Көмекші тарихи пәндерді оқу барысында алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыру арқылы гуманитарлық біліктілік және білімділік дағдыларын дамыту;

-          Пән бойынша білімдерін толтырып, тарих пәніне деген оқушылардың қызығушылығын арттыру;

-          Оқушылардың шығармашылық  қабілеттерін дамыту, сын тұрғысынан талдауға баулу;

-          Отансүйгіштікке тәрбиелеу;

Күтілетін нәтиже:

-          Тарих пәнін оқуға оқушылардың қызығушылықтары артады;

 

 

-          Көмекші тарихи пәндер туралы түсініктері қалыптасып, тарихты оқуда қосалқы пәндердің маңыздылығын түсінеді ;

-          Алған теориялық білімдерін практикада қолданады, шығармашылық қабілеттері  дамиды;

-          Дүниетанымдық көзқарастары қалыптасып, гуманитарлық білімдерін толықтырады;

Негізгі білім және  дағды:

-          Нақты қосалқы тарихи пәндердің мақсатымен танысу; 

-          Әр қосалқы тарихи пән туралы толық мағлұмат алып, сараптама жұмысын жүргізу;

-          Сабақтарда алған теориялық білімдерін шығармашылық жұмысты жасау барысында тиімді қолдану. Мысалы: плакат шығару, шежіре бәйтерегін жасау, сұхбат алу т.б.;

-          Өздігінен зерттеу, тарихи материалдарды жинақтау, шығармашылықпен айналысу;

Әдістемелік жұмыстың әдіс – тәсілдері:

-         кері байланыс арқылы өтетін дәріс;

-         әңгімелесу;

-         топтық жұмыс, флипчарт жасау, постер қорғау, сұхбат алу т.б.

Оқушылардың алған білімдерін бекіту үшін және білімділік іс – әрекетін нақтылау үшін келесі жұмыс түрлері өткізіледі:

•   жоба қорғау;

•   мұражайға бару;

•   «Мен уақыт сызығында» плакатын шығару  ;

•   Менің шежірем. «Жеті ата» - генеологиялық ағашын жасау;

•   көрме ұйымдастыру;

•  сұхбат алу;

Көмекші тарихи пәндерді оқу арқылы тарихи білімдерін толтыруға, бұрыннан белгілі тарихи оқиғаларды зерделеуге оңай жолын табуға болады.

Ұсынылып отырған курс бағдарламасында  5 сынып оқушылары археология, тарихи хронология, генеология,палеография және этнография ғылымдарының мәні  мен мазмұнын ашып, тарихты зерттеудегі ролін анықтап, зерделейді. Ал, 6-шы сыныпта хронология, ономастика, метрология, нумизматика, сфрагистика, геральдика т.б. ғылыми түсініктермен танысып, айтылғандай тарихты зерттеудегі ролін анықтап, әр ғылыми пәндердің мәні мен мазмұнын ажырата біледі.Сондай – ақ, аталған көмекші тарихи пәндерді оқу арқылы қазақ халқының тарихын, салт – дәстүрлерін, уақыт өлшеуін, шежіресімен т.б. құндылықтарымен танысып, өз халқына, Отанына сүйіспеншілігіартады.Сонымен қатар, бағдарламаның мазмұнына сай өткізетін сабақтар арқылы мұғалім  қазақ халқының менталитетін өскелең ұрпақтың санасына жеткізіп, дәріптеугемүмкіндік алады.

 

 

 

 

Курстың мазмұны мен құрылымы:

5 сынып, апталық жүктемесі – 1 сағат, барлығы – 34 сағат  5 тарауға бөлінді.

1. Кіріспе сабағы.

І тарау. Жер қоймасы және оның құпиялары (5 сағат)

1. Археология түсінігі. Археологиялық зерттеудің әдістері.

2.Археологиялық жәдігерлер тарихты зерттеуге қалай көмектеседі?

3.Қазақстанның археологиялық ескерткіштері.

4.«Алтын адам» - ел қазынасы

5.Мұражайға саяхат (БҚО өлкетану мұражайына)

ІІ тарау.Тарихи хронология және уақытты есептеу жүйесі (6 сағат)

1. Уақыт өлшеу бірлігі деген не?

2.Күнтізбе түрлері

3.Дәуірлер мен замандар

4.Хижра бойынша жыл санау

5.Сағаттар тарихы

6.«Мен уақыт сызығында» плакатын шығару  (практикалық жұмыс)

ІІІ тарау. Шежіре  - тарихымыздың алтын діңгегі (7 сағат)

1. Генеология – адамның шығу тегін зерттейтін ғылым.

2.Мен қай рудан шықтым? Қазақ руларының шежіресі.

3.Менің атымның құпиясы.

4.Туысқанқандар – алыс кетіп, араны суытпаңдар...

5.Отбасылық дәстүрлер – тәрбие негізі.

6.Менің отбасымнан шыққан атақтылар.

7.Менің шежірем. «Жеті ата» - генеологиялық ағашын жасау (практикалық жұмыс)

ІV тарау.Көне қолжазбалар әлемінде (6 сағат)

1. Палеография түсінігімен танысу. Көне жазулардың құпиялары.

2.Египет иероглифтері қандай сыр шертеді?

3.Сына жазуының құпиясы.

4.Араб жазуы – ислам өркениетінің негізі.

5.Түрік тарихын танытқан руна жазуы.

6.Қазақ әліпбиі тарихынан (зерттеу жұмысы)

V тарау. Этнография – халық мұрасын зерттеу ғылымы (8 сағат)

1. Этнография түсінігімен танысу.

2.Қазақ халқының шығу тарихы.

3.Қазақ халқының ұлттық киімінің ерекшеліктері.

4.Қазақтың аңыз – әңгімелер әлемі.

5.Салт – дәстүрлер –халқымның қазынасы.

6.Қазақтың тұрмыс – тіршілігі:

    1. Атқа мініс өнері

    2.Ата –кәсіп ғажайыбы

7.«Ақылды кәрия жазып қойған хатпен тең». Сұхбат (практикалық жұмыс)

Соңғы сабақ қорытындылауға арналады.

Жалпы 5-сыныпта бағдарламада берілген әрбір тарихи көмекші пән өзінің мақсат- міндерттерін атқара отырып, оқушылардың дүниетанымдық білім қорларын толтыруға негізделген. Мысалы, археология ұғымымен таныса отырып, аталған ғылымның тарихты зерттеудегі заттай деректердің ролін анықтауға үйрене отырып,

 

 

оқушы археологиялық жәдігерлер тарихты зерттеуге қалай көмектеседі екенін түсінеді және өз Отанымыздың құнды археологиялық жәдігерлерінің құндылығын бағалауға үйренеді. Теориялық білімдерін мұражайға барғанда бекітеді.Сонда археология туралы оқушыда толық түсінік қалыптасып, аталған ғылымның тарихты зерттеудегі ролі анықталады.

            Тарихи хронология және уақыт есептеу жүйесімен таныса отырып, оқушылар күнтізбе түрлерімен танысып, дәуірлер мен замандарды ажыратуды үйренеді. Сондай-ақ, хижра бойынша жыл санау әдісімен танысып, қазақ халқының өмірінде кездесетін жыл санау жүйесімен танысады. Алған теориялық білімдерін, «Мен уақыт сызығында» плакат жасау практикалық жұмысында бекітеді.

            Генеология ғылыммен танысу барысында оқушылар қазақтың шежіресімен таныса отырып, өз отбасының шығу тегін біледі және өзінің атының шығу тарихын зерттеп, қазақ халқының туысқандар арасындағы тамырлық байланыстарын анықтап, нағашы жұрт, қайын жұрт, өз жұртым деген ұғымдардың мәні мен мазмұнын талдайды. Сонымен қатар, «нағашы», «жезде», «бөле», «бажа», «жеңге», «қайнаға», «қайынбике» т.б. ұғымдармен танысады.Бұл ғылыми теорияны практикалық жұмыста – «Менің шежірем» - генеологиялық ағашын жасау мен аяқтайды.

            Палеография түсінігінің мазмұнын аша отырып, көне жазулардың құпияларымен танысады. Ежелгі Египет жазуымен сына жазуы, ежелгі түріктердің руна жазуы мен араб жазуының тарихымен танысып, өздерінің эрудицияларын толтырып,  аталған жазулардың тарихи маңызын анықтайды. Практикалық жұмыста қазақтың әліпби тарихын зерттеп, жоба қорғайды.

            Этнография ғылымымен танысу барысында қазақ халқының тұрмыс – тіршілігімен танысып, ерекшелігін түсіне біледі. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің өзі толған қазына екеніне көздері жетіп, қазақтың аңыз – әңгімелер әлемінің ғажайыптарымен танысып, қазақтың салт – дәстүрлерінің құндылығын бағалай біледі. Табиғи – климаттық жағдайға бейімделген ата кәсіптің тимділігі мен қиындығын талдай отырып, қазақ халқы мал шаруашығынан алған өнімдерін тиімді және ысырапсыз пайдаланғанымен танысады. Қариялардан сұхбат алу арқылы өздерінің теориялық білімдерін бекітіп, қорытындылайды.

 

 

 

5-сынып.

Аптасына 1 сағат, барлығы- 34 сағат

Курстың тақырыптық – күнтізбелік жоспары

Тақырыбы

Сағат саны

Күні

Үйге тапсырма

  1.

Кіріспе

1

 

 

І. Жер қоймасы және оның құпиялары

2.

Археология түсінігі. Археологиялық зерттеудің әдістері.

1

 

 

3.

Археологиялық жәдігерлер тарихты зерттеуге қалай көмектеседі?

1

 

 

4.

Қазақстанның археологиялық ескерткіштері

1

 

 

5.

«Алтын адам» - ел қазынасы

1

 

 

6.

Мұражайға саяхат (БҚО өлкетану мұражайына)

1

 

 

ІІ.Тарихи хронология және уақытты есептеу жүйесі.

7.

Уақыт өлшеу бірлігі деген не?

1

 

 

8.

Күнтізбе түрлері

1

 

 

9.

Дәуірлер мен замандар

1

 

 

10.

Хижра бойынша жыл санау

1

 

 

11.

Сағаттар тарихы

1

 

 

12.

«Мен уақыт сызығында» плакатын шығару  (практикалық жұмыс)

1

 

 

ІІІ.Шежіре  - тарихымыздың алтын дінгегі

13.

Генеология – адамның шығу тегін зерттейтін ғылым

1

 

 

14.

Мен қай рудан шықтым? Қазақ руларының шежіресі.

1

 

 

15.

Менің атымның құпиясы.

1

 

 

16.

Туысқанқандар – алыс кетіп, араны суытпандар...

1

 

 

17.

Отбасылық дәстүрлер – тәрбие негізі.

1

 

 

18.

Менің отбасымнан шыққан атақтылар

1

 

 

19.

Менің шежірем. «Жеті ата» - генеологиялық ағашын жасау (практикалық жұмыс)

1

 

 

ІV.Көне қолжазбалар әлемінде.

20.

Палеография түсінігімен танысу. Көне жазулардың құпиялары.

1

 

 

21.

Египет иероглифтері қандай сыр шертеді?

1

 

 

22.

Сына жазуының құпиясы

1

 

 

23.

Араб жазуы – ислам өркениетінің негізі

1

 

 

24.

Түрік тарихын танытқан руна жазуы.

1

 

 

25

Қазақ әліпбиі тарихынан (зерттеу жұмысы)

1

 

 

V. Этнография – халық мұрасын зерттеу ғылымы

26

Этнография түсінігімен танысу.

1

 

 

27

Қазақ халқының шығутарихы

1

 

 

28

Қазақ халқының ұлттық киімінің ерекшеліктері

1

 

 

29

Қазақтың аңыз – әңгімелер әлемі

1

 

 

30

Салт – дәстүрлер –халқымның қазынасы.

1

 

 

31

32

Қазақтың тұрмыс – тіршілігі:

1. Атқа мініс өнері

2.Ата –кәсіп ғажайыбы

2

 

 

33

«Ақылды кәрия жазып қойған хатпен тең». Сұхбат (практикалық жұмыс)

1

 

 

34

Курс бойынша қорытындылау

1

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Леонтьева Г.А., Шорин П.А., Кобрин В.Б. «Вспомогательные исторические дисциплины»
2. Белецкий С.В., Воронцова И.В., Дмитриева З.В. и др. Кром М.М.(сост.)

«Специальные исторические дисциплины»
3. Кондуфор Ю.Ю.(ред.)
«Вспомогательные исторические дисциплины: историография и теория»
4. Замлинский В.А. (ред.) –
«Специальные исторические дисциплины»
5. Гусарова Т.П., Дмитриева О.В., Филиппов И.С. и др.
«Введение в специальные исторические дисциплины»
6. Леонтьева Г. А.
«Палеография, археография, хронология, геральдика, системы социального этикета».

7.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 1-5 томдар. Алматы: «Атамұра», 1996, 1998, 2002, 2010.

8.Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы. Оқулық-хрестоматия. Астана, 2000.

9. Интернет сайттары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тарихи ғылымдар әлемінде факультативтік курс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель образовательной организации

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 283 материала в базе

Материал подходит для УМК

  • «Всеобщая история. История Древнего мира», Данилов Д.Д., Сизова Е.В., Кузнецов А.В., Кузнецова С.С., Николаева А.А.

    «Всеобщая история. История Древнего мира», Данилов Д.Д., Сизова Е.В., Кузнецов А.В., Кузнецова С.С., Николаева А.А.

    Тема

    Общий взгляд на первобытность и древность

    Больше материалов по этой теме
Скачать материал

Другие материалы

Технологическая карта урока в 5 классе по теме «Восстание Спартака»
  • Учебник: «Всеобщая история. История Древнего мира», Вигасин А.А., Годер Г.И., Свенцицкая И.С. /Под ред. Искендерова А.А.
  • Тема: §51. Восстание Спартака
  • 08.10.2021
  • 706
  • 99
«Всеобщая история. История Древнего мира», Вигасин А.А., Годер Г.И., Свенцицкая И.С. /Под ред. Искендерова А.А.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.10.2021 550
    • DOCX 33.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бигалиев Азамат Магзумович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бигалиев Азамат Магзумович
    Бигалиев Азамат Магзумович
    • На сайте: 2 года и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 610
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Моделирование современных уроков истории

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 464 человека

Курс повышения квалификации

Анализ результатов образовательной деятельности в работе учителя истории

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 417 человек

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Современные медиа: экономика, системы и технологии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Карьера и развитие в современном мире

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн интерьера: от спектра услуг до эффективного управления временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов