Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Презентации / "Тарихи тілашар әліппе" сұрақ-сынақ сабағы

"Тарихи тілашар әліппе" сұрақ-сынақ сабағы


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тарихи тілашар Әліппе
Мақсаты: Қазақ хандығының - жылдығына орай, қазақ халқы, қазақ батырлары тура...
Соқтырып ақтық сағатын Шарыштың басын шабатын. Айтып жібер ал, кәне Ә-ден ба...
Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) — 1771—1781 жылдар аралығында билік құрған ...
Өзі әйгілі сұлуың Өзі – аспап әуенді. Міндетті оны білуің Айтып жибер ал енд...
Баян Батыр, Баян Қасаболатұлы (шамамен 1710/15 – 1757)[1] – батыр. Бүкіл өмір...
Соғыс кезі.Украина жерінде Ұлы Кобзарь елінде Осы аттас пайда болды партизан...
Қасым Қайсенов (23 сәуір 1918, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданында дүниеге...
Ортақ барлық елдегі Қолбасшылық шендегі Ең жоғарғы атақты Кім айтады кел бер...
Әбілқайырдың немересі, Айшуақтың ұлы Баймұхамед Айшуақов та генерал погонын т...
Сеңді бұзып жатқандай Жауды жаппай шапқанда-ай Қабанбайға сүйсіне Абылай қойғ...
Қабанбай Қожағұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз — батыр, талантты қолбасшы....
Қуанышым, қуатым, Баптап мінген Қу атын Қабанбайдың шын атын Айта қойшы ал к...
Күн батса қайта таң атар Шуағы арай таратар Өлімі жеңіс пара –пар Отырарды қ...
Қайыр хан[1](шамамен 1165 —1220 жылдар) Отырар қаласының билеушісі. Ол билік...
«Максимасы» есіліп Тайраңдаған есірік Қырып жаудың қосынын Аңыз болған осы к...
Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922, Орал облысы Бөкей Орд...
Шыңғыс хан төгіп қаһарын Сөндірген бейбіт, шат әнін Айта қойшы сен кәне Көне...
1218 жылы Хорезмшаһ Мұхаммедтің Отырардағы билеушісі Қайырханның әмірімен Шың...
 Жеңімпаздарды анықтау, марапаттау
1 из 20

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Тарихи тілашар Әліппе
Описание слайда:

Тарихи тілашар Әліппе

№ слайда 2 Мақсаты: Қазақ хандығының - жылдығына орай, қазақ халқы, қазақ батырлары тура
Описание слайда:

Мақсаты: Қазақ хандығының - жылдығына орай, қазақ халқы, қазақ батырлары туралы білімдерін тереңдету. Отан сүйгіштік сезімдерін арттырып, батырлардың ерлігін мақтан тұту

№ слайда 3 Соқтырып ақтық сағатын Шарыштың басын шабатын. Айтып жібер ал, кәне Ә-ден ба
Описание слайда:

Соқтырып ақтық сағатын Шарыштың басын шабатын. Айтып жібер ал, кәне Ә-ден бастау алатын Абылайдың шын атын. Ә

№ слайда 4 Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) — 1771—1781 жылдар аралығында билік құрған 
Описание слайда:

Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) — 1771—1781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18-ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі Абылай – Жәңгір ханныңбесінші ұрпағы,. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәлитуады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Бұл, Ш.Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек. Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. 

№ слайда 5 Өзі әйгілі сұлуың Өзі – аспап әуенді. Міндетті оны білуің Айтып жибер ал енд
Описание слайда:

Өзі әйгілі сұлуың Өзі – аспап әуенді. Міндетті оны білуің Айтып жибер ал енді Батыр Б....дегенді Б

№ слайда 6 Баян Батыр, Баян Қасаболатұлы (шамамен 1710/15 – 1757)[1] – батыр. Бүкіл өмір
Описание слайда:

Баян Батыр, Баян Қасаболатұлы (шамамен 1710/15 – 1757)[1] – батыр. Бүкіл өмірін қазақ жұртының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған ержүрек ардагерлердің бірі — батыр Баян Қасаболатұлы. Батырлығымен, тапқырлығымен Абылай ханныңерекше құрметіне бөленген. Қазақ-жоңғар шайқастарына қатысып, "Батыр Баян" атанған.  Уақ батыры Баян Абылай ханмен бірге Қытай жасақтарына қарсы соғысқа қатысады. Қытайлармен айқаста Абылай қолы шегінуге мәжбүр болғанда Абылайдың әскерінің шегінуіне мүмкіндік жасап, Баян қолы қытайлармен айқасады. Бұл шайқаста Баян өзінің тапқырлығымен, ержүректілігімен, найзагерлігімен көзге түсіп, хан әскерін құтқарады.

№ слайда 7 Соғыс кезі.Украина жерінде Ұлы Кобзарь елінде Осы аттас пайда болды партизан
Описание слайда:

Соғыс кезі.Украина жерінде Ұлы Кобзарь елінде Осы аттас пайда болды партизан Ешкім білмес аты жөнін тегінде Өткен майдан тар жол , тайғақ кешуін Атап бізге «Васяның» шын есімін Кім табады бұл жұмбақтың шешуін В

№ слайда 8 Қасым Қайсенов (23 сәуір 1918, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданында дүниеге
Описание слайда:

Қасым Қайсенов (23 сәуір 1918, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданында дүниеге келген.  - Қазақстанның Халық қаһарманы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан. 1941 жылы Қасым Қайсенов Украина же­рінде партизан отрядын құру үшін жау тылына аттанады. Ол жерде Чапаев атын­да­ғы партизан құрамасының үшінші отря­дын басқарады. Одан кейін 1944 жылдың аяғына дейін Молдавия, Украинаның За­кар­патье, Чехословакия, Румыния жерін­дегі партизан қозғалыстарына қатысады. Отряд командирі болып жүріп, жау ты­лын­да жүздеген жорықты басынан өткереді.   Майдан даласында украин жауынгерлері Қасым ағаны бауырларындай көріп, өз аттарымен «Вася» деп атапты. Қасым аға бір естелігінде «Украина - менің екінші Ота­ным. Украиндіктер - мәңгі ұмытылмас бауырларым.

№ слайда 9 Ортақ барлық елдегі Қолбасшылық шендегі Ең жоғарғы атақты Кім айтады кел бер
Описание слайда:

Ортақ барлық елдегі Қолбасшылық шендегі Ең жоғарғы атақты Кім айтады кел бері Г

№ слайда 10 Әбілқайырдың немересі, Айшуақтың ұлы Баймұхамед Айшуақов та генерал погонын т
Описание слайда:

Әбілқайырдың немересі, Айшуақтың ұлы Баймұхамед Айшуақов та генерал погонын тақты. Баймұхамедтің (ел аузында және Махамбет жорықтарында Баймағанбет) баласы Мұхамеджан Баймұханбетов те генерал-майор болған». Генерал (лат. generalіs — жалпы, ортақ, бас басшы) — Қарулы Күштердегі жоғары сардарлар құрамындағы әскери қызметкерлерге берілетін атақ (шен). Генерал шені тұңғыш рет Францияда 16 ғасырда беріле бастаган. 1992 ж. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде Генерал-майор, Генерал-лейтенант, Генерал-полковник, армия генералы атақтары бекітілді. ҚР Президентінің жарлығымен тұңғыш армия генералы атағы Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы С.К. Нұрмағамбетовке берілді.

№ слайда 11 Сеңді бұзып жатқандай Жауды жаппай шапқанда-ай Қабанбайға сүйсіне Абылай қойғ
Описание слайда:

Сеңді бұзып жатқандай Жауды жаппай шапқанда-ай Қабанбайға сүйсіне Абылай қойған ат қандай? Д

№ слайда 12 Қабанбай Қожағұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз — батыр, талантты қолбасшы.
Описание слайда:

Қабанбай Қожағұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз — батыр, талантты қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі —Ерасыл. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп, 1770 ж. сонда дүние салған. Қабанбай Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан. Жеті жасында әкесі Қожақұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза табады. Он алты жасар бала жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған. Осыдан кейін Зайсандағы Керей ішіне кетіп, жездесі Бердәулеттің қолында болды. Осында жүріп жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып, “Қабан батыр” атанды

№ слайда 13 Қуанышым, қуатым, Баптап мінген Қу атын Қабанбайдың шын атын Айта қойшы ал к
Описание слайда:

Қуанышым, қуатым, Баптап мінген Қу атын Қабанбайдың шын атын Айта қойшы ал кәне Е ден бастау алатын Е

№ слайда 14 Күн батса қайта таң атар Шуағы арай таратар Өлімі жеңіс пара –пар Отырарды қ
Описание слайда:

Күн батса қайта таң атар Шуағы арай таратар Өлімі жеңіс пара –пар Отырарды қорғаған Хас батырды кім атар? Қ

№ слайда 15 Қайыр хан[1](шамамен 1165 —1220 жылдар) Отырар қаласының билеушісі. Ол билік
Описание слайда:

Қайыр хан[1](шамамен 1165 —1220 жылдар) Отырар қаласының билеушісі. Ол билік құрған кезеңде Отырар қаласыҚазақстан мен Орта Азияның ірі мәдени, ғылыми, сауда орталығына айналды. Қайырхан. Хорезмшаһтарға қызмет еткен,қыпшақ тайпасынан шыққан. Шыңғыс ханның Қытайға жасаған сәтті жорықтарынан кейін Хорезм шаһы МұхаммедҚарақорымға жедел түрде екі елшілік аттандырды. Ол елшіліктерді қабылдаған Шыңғыс хан да өз тарапынан Хорезмге елшілік аттандырды. Екі жақты келісімдерден кейін көп ұзамай 500 түйеден тұратын, құрамында 450 адам бар сауда керуені 1218 жылы Қарақорымнан Отырар қаласына келіп жетті. Саудагерлер арасында Шыңғыс ханның тыңшылары бар деп есептеген Қайырхан керуенді тонап, адамдарын қырып тастады. Шыңғыс хан Қайырханды ұстап беруді талап етті, бірақ Хорезмшаһ бұл талапты орындамай, келген елшілерді өлтірді. Нәтижесінде екі ел арасында соғыс басталып, 1219 ж. Отырарға таяғанда Шыңғыс хан қаланы қоршауға ұлдары Шағатай мен Үгедей басқарған әскерлерді қалдырып, өзі Бұхараға аттанды. Қайырхан бар күшін салып қорғанды. Қорғаныстың 5-айы бітуге таянғанда хорезмдік әскербасы Қараша-Хаджиб 10 мыңдық қолымен беріліп, моңғолдарды қалаға кіргізіп жіберді. Соғыс қаланың ішінде жүрді. Қайырхан сенімді әскерлерімен қамалға берік бекініп, тағы бір ай соғысты. Қамалды қорғаушылар түгел қырылғаннан кейін ғана Қайырхан 1220 ж. ақпанда қолға түсіп, Шыңғыс ханның алдына апарылып, сол жерде өлтірілді.

№ слайда 16 «Максимасы» есіліп Тайраңдаған есірік Қырып жаудың қосынын Аңыз болған осы к
Описание слайда:

«Максимасы» есіліп Тайраңдаған есірік Қырып жаудың қосынын Аңыз болған осы күн, Айта қойшы, сен кәне Батыр қыздың есімін М

№ слайда 17 Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922, Орал облысы Бөкей Орд
Описание слайда:

Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922, Орал облысы Бөкей Ордасы ауданы ,— 1943 ж. қазанның 16-ы — қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры Шын есімі Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншағым дей бергеннен, Мәнсияның тілі келмей өзін Мәншүк деп кеткен. Мәншүктің өз әкесі - Жиенғали Мәметов. Бірақ Жиенғалидің інісі Ахмет Мәметовте бала болмаған соң, 1925 жылы Мәншүкті сол кісінің қолына берген. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк Алматы медициналық институтында оқып жүрді. 1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты. Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова

№ слайда 18 Шыңғыс хан төгіп қаһарын Сөндірген бейбіт, шат әнін Айта қойшы сен кәне Көне
Описание слайда:

Шыңғыс хан төгіп қаһарын Сөндірген бейбіт, шат әнін Айта қойшы сен кәне Көне қала атауын О

№ слайда 19 1218 жылы Хорезмшаһ Мұхаммедтің Отырардағы билеушісі Қайырханның әмірімен Шың
Описание слайда:

1218 жылы Хорезмшаһ Мұхаммедтің Отырардағы билеушісі Қайырханның әмірімен Шыңғыс хан керуенінің саудагерлері өлтіріледі. Бірақ 1219 жылғы апаттан кейін Отырар қайта жанданды. 1255 жылы Отырар дүниежүзілік саудада бұрынғысынша делдалдық рөл атқарды. 14 ғасырда Ақ Орда хандары мұнда медреселер,, мешіттер, кеңселер салдырды. 14 ғасырдың аяғында Отырар Әмір Темір мемлекетінің құрамына кірді. Отырар тағдыры тағы да сынға түсті. 16 ғасырдың 2-жартысынан бастап қала қазақтардың билігіне біржолата көшіп, шамамен 18 ғасырдың басына дейін болған.

№ слайда 20  Жеңімпаздарды анықтау, марапаттау
Описание слайда:

Жеңімпаздарды анықтау, марапаттау


Автор
Дата добавления 14.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров114
Номер материала ДВ-338790
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх