Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыТарихтан тағылым өткенге тағзым 10сынып

Тарихтан тағылым өткенге тағзым 10сынып

Скачать материал

               Тақырыбы:  «Тарихтан тағылым өткенге тағзым»

                                              Брейн ринг сайысы

Сайыстың мақсаты: Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге,ізденуге қалыптастыру. Туған жерін, отанын қастерлеп, сүюге тәрбиелеу.

Сайыстың ұраны: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім қажет» Ш.Уәлиханов.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан, география,биология,спорт.

Өтетін орны: Қазақ тілі  кабинеті

                              Сайыстың жүру барысы:

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 9-10 сынып оқушылары арасында өткізіліп отырған  «Брейн ринг» сайысына қош келдіңіздер! Бұл сайыстың ерекшелігі әр сыныптың ұл оқушылары сынға түседі. Біздің еліміздің ,мектебіміздің батырлары, хандары ,болашағымыз осындай белсенді, білімді оқушылардың қолында деп нық сеніммен айтуға болады.

Сайысқа  төрелік ететін әділқазылармен таныстырып өтсек:

1.-----------------------------------------------

2.-----------------------------------------------

3.----------------------------------------------

4.-----------------------------------------------

Ортаға сайыскерлерді қошеметпен шақырамыз:

1.10 «а» сыныбы-«Қырандар» тобы және мүшелері:

1.

2.

3.

4.

2. 10 «ә» сыныбы- «Атамекен» тобы және мүшелері:

1.

2.

3.

4.

3. 9 «а» сыныбы – «Алаш» тобы және мүшелері:

1.

2.

3.

4.

4. 9 «ә» сыныбы- «Болашақ» тобы және мүшелері:

1.

2.

3.

4.

 Сайыс бөлімдерін  таныстырып кетсем:

І. «Кім жылдам» бөлімі (бұл бөлімде топтардың капитандары сайысқа түседі, алдарыңызға нұсқалар беріледі жеребе суыру арқылы нешінші нұсқа екенін айырып аласыздар І,ІІ,ІІІ,ІҮ-нұсқалар,әр дұрыс жауап 1 ұпай);

ІІ. «Терминдер сөйлейді» бөлімі (бұл бөлімде берілген терминнің анықтамасын айтып беру керек, әр дұрыс жауап 5 ұпай);

ІІІ. Жалпы сұрақтар (бұл бөлімде әртүрлі ғылым салаларынан сұрақтар қойылып, топтар жылдам әрі дұрыс жауап берулері тиіс, дұрыс жауап-3 ұпай );

ІҮ. «Егер де мен болсам...» (бұл бөлімде  әр топтың капитаны шығып, жеребе суыру арқылы тапсырманы анықтап аласыздар, берілген тқақырып төңірегінде өз ойларын айтып, тақырыптың мәнін ашып түсіндіру керек,ойлануға уақыт беріледі,ұтымды,ұшқыр жауапқа жоғары ұпай-10).

Көрермендерге арналған сұрақтар.

Ал, бәріңізге  сәттілік тілеймін!

Енді ортаға топ басшыларын шақырамын, келіп мына жерден жеребе суырасыздар. Қай топқа нешінші нұсқа келгендігін анықтап алайық.          І-бөлім: «Кім жылдам»

І-нұсқа:

1.Түркілердің жаңа жылы (наурыз);

2.Тәукеханның заңдар жинағы (жетіжарғы);

3. ҚожаАхмет Йассауи  күмбезінде жерленген батыр (Бөгенбай);

4. ҚР Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің  қайнаркөзі (халық);

5. Қазақ хандығының алғашқы ханы (Керей, Жәнібек);

6. Қазақстан БҰҰ-ға кірген жылы (1992 ж);

7. Қазақ автономиясының алғашқы астанасы (орынбор);

8. Бала туғанда қазақтар қандай тойжасайды (шілдехана);

9. Ахмет Йассауи кесенесі қай қалада орналасқан (Түркістан);

10. Ұлы Отан соғысында қазақ арасында ең жас Кеңес одағының батыры кім? ( Жәнібек Елеусізов);

11. «Невада-Семей» қозғалысының жетекшісі кім? (О.Сүлейменов);

12. Конституция неше баптан тұрады? (98)

13. Шығыс Қазақстан  бойынша қандай темір жол  өтеді? (Түрксіб);

14. Ақтабан-шұбырынды жылдары (1723-1727);

ІІ-нұсқа:

1. Қазақтың  тұңғыш академигі (Сәтбаев);

2. Қамшыгер деген кім? (қамшының қожасы) ;

3. Қазақстан уран, фосфорит  шығарудан әлемде нешінші орында (2);

4. Отырар қаласы басында қалай аталды (Фараб);

5. Ноғай ордасының астанасы (Сарайшық);

6.Қаз дауысты... (Қазыбек би);

7. Астана қай өзеннің жағасында салынған (Есіл);

8. Қойдың басын кімге тартады? (сыйлы қонаққа);

9.1867-1868 ж.ж. реформа бойынша Қазақстан неше генерал-губернаторлыққа бөлінді? (3);

10. Тың игеру жылдары (1954-1956);

11. Сүйінбайдың әкесі кім? (Арон);

12. Соғыс кезінде «шығыс кілті» деп қай қаланы айтты? (Сталинград);

13. «Алаш» партиясының құрылған жылы ?(1917 ж);

14. Шоқанның есімін әлемге әйгілі еткен саяхаты (Қашғар саяхаты);

ІІІ-нұсқа:

1.Бидайдан жасалған сусын (бидай көже);

2.Өскемен  қаласының  негізі қаланған жыл? (1720 ж);

3.Малдың  жаппай қырылуы (жұт);

4. Алғашқы  қазақ  ғарышкер?(Т.Әубәкіров);

5. Астана   қай жылдан бастап ҚРастанасы деп аталды? (1998 ж);

6.Қазақстанда  қола мәдениетін зерттеген ғалым (Ә.Марғұлан);

7.Үкітағар сыйлықты бас құда кімге береді? (қалыңдыққа);

8.Малшаруашылығының түрлері (көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы);

9.Томирис  қай тайпаның патшайымы болды? (сақ);

10.Сығанақ қаласы  монғолдарға қанша ай берілмей тұрды?(3 ай);

11.Қазақ халқының 100 әнін жинақтаған кім? (Затаевич);

12.Тәуелсіздікті алған жыл(1991 ж);

13 Атырау облысының әкімі? (Бақтықожа  Ізмұханов);

14. Семей қаласының негізі қай жылы қаланды (1718 ж);

ІҮ нұсқа:

1.ҚР вольфрам өндіруден нешінші орын алады ?(1);

2.Түйенің сүтінен жасалған сусын (шұбат);

3.1929-1997 жж. Қазақстанның астанасы (Алматы);

4.Сөзден не бұзылады (көңіл-күй);

5.Алашахан күмбезі орналасқан жер (Орталық Қазақстан);

6.ШҚО «Алтын адам» табылған жерлер (Берел мен Шілікті);

7.Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақстандық батыр (Р.Қошқарбаев);

8.Алғашқы  қазақ  хрестоматиясының авторы (Ы.Алтынсарин);

9. «Қасым ханның қасқа жолы »неше бөлімнен тұрады?(5);

10. «Қан мен тер» романының авторы (Нұрпейісов);

11.Махамбет пен Исатайдың туған жері (Бөкей  Ордасы);

12.Бала бірінші сыныпқа барғанда қандай той жасалады? (Тілашар);

13.«Ленинградтық өренім» өлеңінің авторы (Жамбыл);

14.Ежелгі сібір тайпаларының  тілдерінде «қазақ» сөзі қандай мағынаны білдірген ? (мықты,берік, алып);

ІІ  бөлім:«Терминдер сөйлейді»

Ұпай саны аз командадан бастаймыз, берілген терминнің анықтамасын айтып беру керек. Әр дұрыс жауап 5 ұпай.

1.Би-дау: жанжалға бітім айтып, төрелік жасаушы, ел ішіндегі әділқазы, рубасы;

2.Революция: қоғам өміріндегі түбіурлі өзгеріс,төңкеріс;

3.Диаспора: басқа мемлекеттің аумағында тұратын халықтың шағын бір бөлігі, бұрынғы өз Отанынан тысқары жерлерге қоныстанған адамдар;

4.Дуал: балшықтан қаланып биік етіп салынған қоршау; 

5.Кісе: күміс, жез қаптырмалармен безендіріп, қалташалар салған жалпақ былғары белдік. 

6.Інжу: монғолдың «ханның жері» деген мағынадағы сөзі;

7. Арыс: бірнеше рудың бірлестігі. Оны басқарған би;

8.Кешіктен: ханның жеке басын қорғайтын жасауыл;

9.Көген: қозы-лақ байлайтын ағытылмалы бұршағы бар, қыл арқанға тағылған қысқа жіптер;

10.Аттұлдау: қайтыс болған ер адамның тірі кезінде мініп жүрген атының жал-құйрығын күзеп, жылына дейін құр жіберу (мінбеу), асына сою.

11. Құйысқан: ат әбзелі. Ер-тоқымның алға сырғып кетпеуін қамтамасыз етеді.

12. Медресе: ислам дінінің оқытатын орта және жоғары дәрежелі оқу орны.

ІІІ бөлім: Жалпы сұрақтар

Бұл бөлімде әртүрлі ғылыми салалардан сұрақтар қойылады, топтар қол көтеріп, тез және дұрыс жауап берулері керек. Әр дұрыс жауапқа 3 ұпайдан беріледі.

1.Бұрынғы  Семей облысының қай ауданында архитектуралық ескерткіштер жасауда кеңінен қолданылатын өте сапалы габбро (қара гранит) өндіретін кен орны орналасқан? (Аягөз ауданы, Шұбартау өңірі);

2.Қазақ  хандығының  даңқты қолбасшыларының бірі, әйгілі Қабанбай батырдың жорыққа мінген тұлпарының аты (Қубас);

3.Малай сұржыланының лақап аты, «100 метр». Бұл қорқынышты жыланға мұндай атау не үшін берілген? (Шаққаннан кейін оның жемтіктері тек жүз метр жер ғана жүре алады, яғни өте улы жылан);

4.Германияның  Майндағы Франкфурт қаласында ер адамның  қандай затына ескерткіш орнатылған?(Галстук);

5. «Семей полигоны» атты кітаптың авторы?(К. Бозтаев);

6. Арыстан баласы?-абдан.

7.Шыңғыс ханның алтын ерінің  құрметіне қойылған жер аты қалай аталады? Бұл жер Алматы облысы Кербұлақ ауданында орналасқан (Алтынемел);

8. «Тіл байлығы елдің елдігін, жұртшылығын, ғылым-әдебиетін, өнеркәсібін,мәдениетін, қоғамдық құрылысын, салт-санасының, мұрасының қай дәрежеде екендігін көрсететін сөзсіз дәлел мөлшері деп айтқан қазақ халқының атақты тұлғаларының бірі» (Б. Момышұлы);

9.Гений болу үшін-1 пайыз шабыт және 99 пайыз еңбек ету керек деп айтқан өнертапқыш? (Томас Эдисон);

10.Үндістанның қандай таулы үстірті университеттегі факультетті басқарады? (Декан);

11. Францияның қай қаласы терезеде ілініп тұрады?(Тюль);

12.Қазақстандағы қыз баланың есімімен аталатын мұнай кен орны (Қаламқас);

13. Семей қаласының тұрғындары өздерін «семейліктер», Манчестер қаласының тұрғындары өздерін «манукуниандықтар» деп атаса, ал Монаколықтар өздерін қалай атайды? (Монегаски);

14.Француздар үндістердің қай тайпасын бұзақылар деп атаған (Апачи, «Апаш»фр. «Бұзық» деген сөз);

15. Ауыл шаруашылығына орасан зор зиянын тигізетін жәндік (Саранча);

16. Ең қарапайым программалау тілі (Бейсик);

17.М.Х.Дулати: «Жошыдан кейін бұл жұртта (Дешті Қыпшақта) одан ұлы хан болған емес»-дейді. Ханның әскер саны 300 мың деп көрсетеді.Бұл мәлімет қазақтың қай ханы жөнінде айтылып тұр? (Қасым хан 1511-1518 (1523)жж).

18. Жер шарындағы ең ірі сүтқоректі-піл болса, ірілігі жағынан екінші орында қай жануар тұр?(Мүйізтұмсық);

19. Қазақстан  2014 жылы Алматы қаласында өткен ауыр атлетикадан әлем біріншілігінде жалпы командалық есепте нешінші орын алды? (Қытаймен Солтүстік Кореядан кейін 3-ші орын алды);

20. Н.Назарбаевтың 11.11.2014 жылдағы  жолдауының атауы («Нұрлы жол-Болашаққа бастар жол»).

ІҮ бөлім: «Егер де мен болсам...»

Бұл бөлімде  әрбір топтан бір оқушы шығып, берілген тақырып төңірегінде әділқазыларға өз ойларын айтып, тақырыптың мәнін ашып түсіндіру керек. Тақырыптар жеребе арқылы таңдап аласыздар. Ең жоғары ұпай 10.

Сіздер дайын болғанша, көрермендерді бір сергітіп алайық.

1. Егер де мен денсаулық министрі болсам;

2. Егер де мен  білім министрі болсам;

3. Егер де мен кәсіпкер болсам;

4.Егер де мен спорт министрі болсам.

Көрермендерге арналған сұрақтар:

1.Қазақстанның монет сарайы орналасқан қала? (Өскемен);

2.Не себепті автокөліктердің ішкісалоны және шиналары қара күңгірт түсті болып келеді? (Күнді шағылыстырмайды);

3.Қандай кәсіптің мамандары Гиппократ антын  қабылдайды? (дәрігерлер);

4.Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Азия елдерінде аяқпен ойнайтын, волейболға ұқсас кең таралған ойын түрі (сипактакро);

5.Шығыс елдерінде кеңінен тараған сауда орталықтары қалай аталады? (базар);

6.Қаскелең қаласында орналасқан печенье мен конфеттер шығаратын кәсіпорын (Хамле);

7.Компьютерде ақпаратты өлшеудің ең кіші бірлігі (бит);

8.Қазақстанның пайдалы қазбалар көмбесі (сарыарқа);

9.Бұғының баласы (бұғышақ).

Сұрақтың  жауабын дәл тапқан  көрермен өз ұпайын жанкүйер болып отырған тобына сыйға тарту мүмкіндігіне ие бола алады.

Сөз кезегі әділқазыларда. Сонымен ойынымыз аяқталды. Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі ойынымызға келіп , белсенді қатысқандарыңызға көп рахмет. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тарихтан тағылым өткенге тағзым 10сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель ремонтной службы

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 985 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.09.2017 1108
    • DOCX 28.9 кбайт
    • 20 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шокан Назгул Гайсаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шокан Назгул Гайсаевна
    Шокан Назгул Гайсаевна
    • На сайте: 6 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14618
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 216 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 551 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 404 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 542 человека

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 754 человека из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 971 человек

Мини-курс

Путь к внутреннему спокойствию: освобождение от тревоги, злости и стыда

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 628 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 195 человек

Мини-курс

Стратегии брендинга и лояльности потребителей: изучение современных тенденций и подходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Копирайтинг: от пресс-портрета до коммуникаций

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе