Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / "Тасбақаның шөбі" Әдебиеттік оқу

"Тасбақаның шөбі" Әдебиеттік оқу



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_760f6a77.gifhello_html_255ec0cd.gifhello_html_m33a4540.gifhello_html_m6f622974.gifhello_html_m693c302b.gifhello_html_a154168.gifhello_html_m7c01f2a.gifСабақтың тақырыбы : Тасбақаның шөбі .

Сабақтың мақсаты ; Шығармадағы негізгі ойды, идеяны ұқтыру. Мәтінді түсініп оқуға, ойларын жүйелі түрді баяндап үйренуге баулу. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорларын молайту, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге ықпал жасау. Табиғат байлығын бағалап, жан- жануарларға қамқор бола білуге, салт- дәстүр, ырымдарды дәріптей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі;Интерактивті тақтадағы слайдтар, ақынның суреті , сөзжұмбақ, оқулық.

Сабақтың түрі; аралас сабақ.

Сабақтың әдісі; топпен жұмыс, сұрақ-жауап, ізденушілік.

Сабақтың барысы;

Ұйымдастыру;

Қайырлы күн достым,

Қайырлы күн болсын.

Бүгінгі күн- дүйсенбі

Сәттілікке толсын!

Бізің алар бағамыз

Кілең бестік болсын!

  • Балалар, бүгінгі сабағымыз жарыс түрінде өтеді, сондықтан

  • « Суретшілер», « Ақындар», « Жазушылар» топтарына бөлінеміз.

  • Біліміміз смайликпен бағаланады. Қай топ смайликти мол жинаса, сол топ жеңіске жететін болады.

Үй жұмысын тексеру. « Нан туралы өлең» Кәрім Сауғабаев

1-топ Өлеңді жатқа жазып беру.

2- топ Тізбектеп мәнерлеп айту

3- топ « Орамал тастау» ойыны ( сұраққа жауап беру)

  1. Өлеңде қандай сөз жиі қайталанады?

  2. Автор бұл сөзді неге жиі қолданған?

  3. Өлеңдегі негізгі ой қандай?

  4. Нан туралы қандай өлең құрастырдың?

Жаңа сабақ; Сөзжұмбақты шешіп бергін талаппен,

Таныс болғың келсе жаңа сабақпен.



  1. Нанды тоқтамайтын не деуге болады?

  2. Нан туралы өлеңнің авторы кім?

  3. Автор дәнді неге теңеген?

  4. Нанды не істемеу керек?

  5. Өлеңде қандай сөз жиі қайталанған?

  6. Кімнің еңбегін ақтау керек?

  1. Тойда пісірілетін нан-.......

--Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Тасбақаның шөбі» деп аталады.

Тақтаға күннің жадын, тақырыпты жазу.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Автормен таныстыру.

Әбіш Кекілбайұлы-- 6 желтоқсан 1939жылы Оңды ауылы, Маңғыстау облысында дүниеге келген. Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік және қоғам қайраткері . Қазақстан Республикасының алғашқы Мемлекеттік хатшысы, Парламент Сенатының депутаты. Романдар, повестер, әңгімелер, аудармалар жазған.

Көрмемен таныстыру; Ә. Кекілбайұлының кітаптары, буклеті.

Топтастыру стратегиясы.

--Балалар, тасбақа туралы не білеміз?

тасбақа

Жай жүреді Қосмекенді Дұшпандарынан тасымен

қорғанады

Өсімдікпен қоректенеді

Мүйіз сауытты

Салмағы2,5 –дай Құмға жұмыртқа салады

Науырыздың аяғында оянады

Жылына 3-4 ай ояу болады.

Қосымша мәлімет беру.

Тасбақа-- бауырымен жорғалаушы. Түсі сарғыш қызғылтым, кейде жасылдау келеді. Тұрқы 20см-дей, мүйіз сауытпен, екі езуі мүйіз қабыршықпен қапталған. Салмағы 2,5 кг-дай. Жылына 3-4 ай ояу , қалған уақытта ұйқыда болады. Өсімдіктермен , бұта өркендерімен, көпжылдық шөппен қоректенеді. Наурыздың аяғында оянады. Сәуір- маусым айлары арасында 2 рет жұмыртқалайды. Өте баяу өседі.

Слайд; Тасбақаның суреті

Галапагос ұлттық паркі әкімшілігінің мәлімдеуінше, әлемдегі ең галапостық алып тасбақа қайтыс болған. 100 жастағы атақты тасбақаның есімі Жалғыз ДЖордж болатын.

Кітаппен жұмыс;

1-топ; Суретшілер іштей оқиды.

2- топ Ақындар мәнерлеп оқиды.

3- топ Жазушылар әңгіменің мазмұнын баяндап береді.

Сергіту сәті

Сөздікпен жұмыс;

Кібіртік, мимырт жүріс--...тоқтап, сүрініп жай жүру.

Тұқшаңдаған-.... жыбыр- жыбыр еткен.



Жусан санатар мыжың жүріс-.... өте баяу жүру.

Бауырын көтере қоймаған қу жусан-... өсе қоймаған.

Шыбын жаны көзіне көріну-... қорқу, қиналу

Көсік---сәбіз тәрізді жабайы дала өсімдігі.



Ырым-- тиымдар;

( Кестеге қарап бірнеше ырымдар айту)

Қандай ырымдар бар?

Неге?

Сыпырғышты тіктеп қоймайды.

Дұшпаның басым болады.

Екі қолды төбеге қоюға болмайды.

Өмірден қайғы- қасірет көрген адам осылай істейді.

Тізеңді құшақтама

Жалғыз қалудың белгісі.

Үлкеннің жолын кеспе

Әдепсіздіктің белгісі

Асты төгу

Ысыраптың белгісі

Үйге кірген жыланды өлтірме

Періштелер жылан кейіпінде болуы мүмкін

Тұзды бей- берекет шашпа

Тұз төгілсе ырыс төгіледі

Бас киімді кез-келген жерге тастама

Бақ тайып, бас ауыруына шалдығасын

Кірдің суын баспа

Аяғын ауырады



Шығармашылық тапсырма;

  1. Топ Мәтін мазмұны бойынша сурет салу.

  2. Топ Тасбақа туралы бес жол өлең жазу.

  3. Топ Шығарманы өз ойымен айту.



Сабақты қорыту; Кері байланыс (сұрақ- жауап)

  1. Оқиға қай мезгілде болған?

  2. Қарабала келе жатып нені көрді?

  3. Оның есіне халықтың қандай ырымы түсті?

  4. Әңгімедегі кейіпкер туралы не айтар едің?

  5. Тасбақа немен қоректенеді екен, өзің тасбақа аузына шөп тістеп алған кезің көрдіңбе?

  6. Сыныптасың сұрақ қояды?

Теңіз тасбақасы мен мәтіндегі тасбақаны салыстыр, қандай айырмашылық бар?

Бағалау; Әр топтың оқушылары жинаған смайликтерін көтереді, қай топтың смайлигі мол сол топ жеңіске жетеді.

Марапаттау

Үйге тапсырма беру Оқу, мазмұндау.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 22.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров159
Номер материала ДВ-088278
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх