Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / «Тасшағыл ауылының тарихы» (5-11 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

«Тасшағыл ауылының тарихы» (5-11 сынып)

библиотека
материалов

Ермекова Гүлайым Рамазанқызы

Тасшағыл орта мектебінің тәрбие ісі меңгерушісі

«Тасшағыл ауылының тарихы»

1962 жылыдың аяғында Ойыл бойындағы колхоздар кеңшарларға алмастырылып, неге екені белгісіз,жұрт таңқалғандай атақ - даңқы дүрілдеп тұрған сол кездегі Сталин атындағы колхоз Ленин жолы атындағы колхозға қосылып,Абай атындағы совхоз аталады.Орталығы Райгородок делінеді. Бұл қазіргі Қаракөл селосы.

Мал шаруашылығын өркендетуді ойлап,үкімет Атырау облысынан біраз кеңшарлар ашқан.Соның бірі-Абай атындағы совхозының «үш фермасы» негізінде 1974 жылы құрылған Тасшағыл кеңшары .Ауыл бүгінгідей үлкен болып бірден құрылған жоқ. Оның өзіндік өткені,бұл күнгісі,болашағы бар десек артық айтқандық емес. Ендеше тәуелсіз еліміздің бір бөлшегі Тасшағылдың да өз бел-белесі, бұралаң соқпағы мен асқаралы асулары бар.Кезінде ауылымыздың атағы алысқа тарады. Қазақтың қаракөл тұқымды қойы мен ақбас ірі қарасын және жылқы өсірумен даңқы жер жарған Тасшағыл бүкілодақтық деңгейдегі шаруашылық болды. Шаруашылықтың экономикалық күш-қуаты артып, табыстың тай қазанын тасытқан , асыл тұқымды қаракөл қой совхозы деңгейіне көтерілуі, тасшағыл дықтардың табыс көшін алға бастаған аптал азаматтардың, олардың тынымсыз еңбегінің , жеткен жетістіктерінің игі нәтижесі еді. Мал шаруашылығын жетілдіру жолында ерен еңбектің үлгісін көрсеткен ерлер есімі ел есінен ешқашан өшпек емес. Олар сол көрсеткен ерлік істері үшін ең жоғарғы мемлекеттік наградалар мен ғылыми атақтарға ие болды.Айталық осынау көш басында шопан ана Қожахметова Қанаш апамыз «Социалистік Еңбек ері » атанса , ерен еңбектің үлгісін көрсеткен аға шопандар Мирамов Нәсіпқали, Жалғасов Құлман, Жұмағалиев Қалыбай ағаларымыз да осындай атақтарға ие болып, «Еңбек ері» жұлдызын омырауларына таққан. Жалғасов Құлман мен Нысанов Әскер «Еңбек даңқы » ордендерімен марапатталған. «Қазақ Республикасына еңбегі сіңген ауыл шаруашылығы қызметкері» атағын Мирамов Нәсіпқали алған. Ауылымызда «Құрмет белгісі» орденімен мадақталғандар:Жәрдемов Бозша,Қуанова Жібек,Есқабылов Сағынбай. «Октябрь Революциясы орденімен» Мейрамов Нәсіпқали, «Еңбек қызыл ту орденімен» Мейрамов Нәсіпқали,Төлеуов Амандық. «Халықтар достығы» орденімен Үмбетова Мүслима марапатталған.Ірі қараның сапалылығын жетілдіруде үлес қосқан азаматтардың қатарында Қалауов Тұрсын ,Құбаев Сақантай, Қуанов Аманқайыр, Өміров Ізбасар,Әбуов Эньгелс, Құрмашев Сағынбай, Жұмағалиев Ғалымжан, Нұрбаев Сисенбай, Айжарықов Сайлау,Әжіғалиев Мерен,Ермұқанов Бітжан және т.б. бар.Олар қандай қиындықтар кездессе де ерік –жігерін,күш – қайраттарын қарсы қоя білген,дәлел,сылтау айтып жалтармаған.Сол кезде жердің тарлығына байланысты көшті қайда бұрса,соған барған.Сондай – ақ жылқышылар Құбашев Мирам,Бисенғалиев Аман сынды азаматтар күн-түн демей жылқы бағып,бар ауыртпалықтарды көтеріп алып,еңбек еткен.Айтулы шебер,токарь Жалдекенов Ізімберген ,машина жүргізушілер Құбаев Ұлантай, Жүсіпов Саламат ,Тұрғалиев Серікқали, мақтаулы тракторшылар Нұрғалиев Мұқанғали, Іздібаев Аманжол, Ермеков Жақсылықтар уақытпен санаспай еңбек еткен.Сондай –ақ Бердешов Тұрбек, Әбілілиев Бәкес,Ешекенов Бәтен,Сарбаев Жалғас,Зиденов Мұрат, Есболаев Сағын секілді аға шопандар ауыл абыройын асқақтатқан.Сол кезде «Жігер», «Сұңқар»және «Шалқар » атты комсомол жастар бригадалары құрылып,Оларға жетекші тәлімгерлері болып, Төлеуов Амандық, Мұқанбетов Хамидолла,Нұрғалиев Ермаштар жастарға мал шаруашылығының қыр-сырын үйреткен.Жаңа совхоздың дұрыс бағыт ұстап ,алдыңғы лектен көрінуінде Өмірзақов Қалиолла,Кереев Досқайыр,Байбатыров Жоламан,Оразғалиев Әміре, Дүйсенғалиев Кәдір,Есқалиев Бәли,Ермеков Нәсіпқали,Құсанов Мұхтар,Задин Кәмеш, Елеусинов Сапар,Есқалиев Таспан,Есболаев Батыр,Изимов Нәдір,Ақтажиев Сағындық,Ермұқанов Абдол, Тілегенов Төлеп,Әбілғазиев Дүйсенбай секілді азаматтардың аттың жалында, атанның қомында жүріп, бел шешпей еңбек еткенін кейінгі ұрпақ ұмытпау керек.Осы айтылған бірқатар азаматтар дүниеден озды.Алайда олардың үрім – бұтағы, бала-шаға,немерелері осы ауылда тіршілік етіп жатыр.Кейінгі ұрпақ «Менің ата-бабам мен әкем осындай болған екен ғой » деп білетіндей мағлұмат айттық деп ойлаймын.Осы орайда біздің ауылды қалыптастыруда жан аямай тер төккен майталмандардың ерен еңбектеріне барынша тоқталдық.Біз ауылымыздың құрылуына қатынасқан азаматтардың есімдері ауыл тарихына өшпестей боп жазылады.Арамызда жоқтарының аруақтарына бас иеміз,тірілеріне тамаша өмір тілейміз.

























Автор
Дата добавления 19.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров151
Номер материала ДВ-469273
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх