Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы
Ембі қалалық №3 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Жакешева Гулмира Тутеевна
Тақырыбы:
Қазақ жырының Қадыры.
Мақсаты:
Қазақстан халық жазушысы ,қазақтың көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әлидің өмір
жолы,ақындық қызметі
туралы әңгімелеу,поэзияны сүюге тәрбиелеу.
Түрі:
Әдеби кеш.
Көрнекілігі:кітаптар
көрмесі,нақыл сөздер, «Қазақ жырының Қадыры» атты видео-ролик,слайд.
Барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі.
Құрметті
қонақтар,ұстаздар,оқушылар,талантты ақынымыз Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығына
арналған «Қазақ жырының Қадыры» атты әдеби кешіне қош келдіңіздер.
II.Кіріспе бөлім.
...Ана тілің-арың бұл,
Ұятың
боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Осы бір тамаша
төрт жол өлеңді соңғы 40-50 жылда жаттап өспеген қазақ бүлдіршіні
жоқ-ау,сірә?!Ал оның авторы Қадыр Мырза Әлиді білмейтін қазақ тіпті табыла
қоймас.
Дара дарыны,көл-көсір білімімен халықтың
қадірлісі бола білген Қадыр Мырза Әли 1935 жылы 5 қаңтарда Батыс Қазақстан
облысының Жымпиты деген жерінде дүниеге келген.Қадыр Ғинаятұлы-Қазақстанның
халық жазушысы,ақыны,тәуелсіз «Тарлан» сыйлығы мен Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
III.Негізгі бөлім.
Өз қатарластары сияқты оның да балалық
шағы балдай тәтті бола қоймапты.Ол тәй-тәй басып,тілі шығар-шықпастан әкесінен
айырылады.Есепші болып істейтін әкесі «мал басын жасырды» деген желеумен
сотталып,Магаданға айдалды.Анасы баласын сақтап қалудың амалымен Қадырды
уақытша балалар үйіне тапсырады.Ол алты жасқа аяқ басқанда сұмдығы мол Ұлы Отан
соғысы басталады.
Жұпыны өмір бала Қадырды ерте есейтті.Ол
бала кезінен кітапқа құмар болды.Сабақтарын да өте жақсы оқыды.Өзі жалықпай
тыңдайтын үлкендердің ғибратты әңгімелері мен оқыған әдеби кітаптары оның
бойындағы таланттың көзін ашты.Ол 11-12 жасында алғашқы өлеңдерін жаза бастады.
Оқуға,білімге деген құштарлық оны 1953
жылы Алматыға жетелеп әкелді.Бірден Қазақ университетінің студенті атанды.Сол
жылы оның өлеңдері алғаш рет «Ақ желкен» журналында жарияланды.Содан бастап-ақ
талантты ақынның тасы өрге домалады.
Балалар,Қадыр аталарыңның шығармашылық
өмірі сүйікті «Балдырғандарыңмен» біте қайнасып жатыр.Ол 1958 жылы оқуды
бітірер-бітірместен жаңадан ашылып жатқан «Балдырғанға» жұмысқа алынады.Оған
жас болса да поэзия бөлімін басқару тапсырылады.Мұзафар Әлімбай аталарыңның
басшылығымен Бердібек Соқпақбаев,Әнуарбек Дүйсенбиев сияқты мықты
қаламгерлермен бірге Қадыр ақын да «Балдырғанның» тез танылып,балалардың
сүйікті журналына айналуына үлкен үлес қосты.Өзі де балаларға арнап талай
тамаша дүниелер жазды.Оның «Көктем», «Жаңғалақтар», «Кішкене Қожанасырлар»,
«Ноян-қоян», «Алуан-палуан», «Сабақ», «Алақан», «Күміс қоңырау» сияқты
балаларға арналған кітаптары қазақ балалар әдебиетінің асыл қазыналары.
1993 жылдан «Балауса» баспасының директоры
қызметін атқарды. Үйленген.Жұбайы –Мырзалиева Салтанат,зейнеткер,полиграфшы
болған.3 ұлы бар.Олар:Қуаныш,Қазыбек,Ғазиз.
Жалпы ,Қадыр аталарыңның көзі тірі
кезінде сексенге жуық поэзиялық,прозалық,әдеби-сын кітаптары жарық көрді.Әнге
арнап жазған өлеңдерінің саны 300-ге жуық.
Қадыр аталарың өмірінің соңына дейін
өзі уығын қадасып,шаңырағын көтеріскен «Балдырғанын» еш ұмытқан жоқ.Жақсы,жаңа
дүниелерін үнемі ұсынып отырды.Журналды ұзақ жыл басқарған Тұманбай
құрдасына,досына да анда-санда соғып тұратын.
Енді міне 4 жылдан бері ақын ағамыз
арамызда жоқ.Бірақ оның артында қалдырған өлмейтұғын сөздері бізбен бірге.Ұлы
ақынның асыл қазынасынан әлі талай ұрпақ сусындап,оның жырларын жаттап өсетіні
даусыз.Яғни,Қадыр ақын сол ұрпағымен мың жасайды. Қадыр Мырза Әли 2011 жылы
қаңтардың 22-сінде дүниеден өтті.
Видео-ролик «Қазақ жырының Қадыры»
1-оқушы:
«А» -Ата,зейін
салдың ба?
Бар әріптің алдында.
Неліктен «А» тұрады?-
Деп бір күні сұрадым. Атам
менің сауатты
Былай берді жауапты:
Ата,ана,ақыл,ар,адам
«А»-дан басталар.
Содан шығар,Құрбаным
«А»-ның алда тұрғаны!
2-оқушы: «Қарлығаш-жыл құсы»
Күзден бе мынау обалы? Анықтау
керек оны әлі.
Қарлығаштарың қоныстас.
Кетеді бір күн жоғалып.
Біреу-міреуге-
О,тоба-ай!- Қарлығаш
сырын айта ма?
Олардың ұшып кеткенін Қалады
жан да байқамай.
Көріп жүргенмен күнде де,
Беймәлім сыры кімге де...
Ағылшын құс ол
Жиыннан
Шығып кететін үндемей!
3-оқушы: «Өзара сенім»
Қарлығашқа жоқ
өкпе,
Біле алмадым
Себеп не?
Ұя салды ол
біздегі
Үнемі ашық
сенекке.
Ойнағандай
рольді,
Кіріп шығып жүр
енді.
Бұл мәселе
Ақыры
Бізге келіп
тірелді.
Айтқан сөзге
сеніңіз,
Бөлек біздің жөніміз.
Қанша кіріп-шықса
да,
Үркітпедік оны
біз.
Өзі және жолдасы,
Бірін бірі
қолдасып,
Ұрпағына
Тынымсыз
Жүреді ылғи жем
тасып.
Соған көңіл
бөлінді,
«Бұл –жақсылық»
делінді.
Бізге сенді,
Сенген соң
Ақтау керек
сенімді!
4-оқушы: «Ақ
әжемнің ұршығы»
Зырқырайды
құлшынып
Ақ әжемнің ұршығы
.
Тізесінің аржағы,
Бержағына бір
шығып.
Жоқ ұршықтың
бөтені,
Мақсатына жетеді.
Кешке шейін шүйке
жеп,
Қарны шығып кетеді
Бізге де сол
керегі ,
Жұрт қызығын
көреді.
Апам бізге
Сол жіптен
Шұлық тоқып
береді.
Дірдектетер баланы
Сызы қайда
даланың?
Қыз-қыз қайнап
жүреді
Жүн шұлықта
табаным.
Кейбіреулер
өтінді,
Кейбіреулер
өкінді...
Әжем менің кішкене
Фабрика секілді.
Зырқыраған
тіршілік.
Ұршық тұрар
құлшынып.
Біздің үйде адам
жоқ
Кимейтұғын жүн
шұлық!
5-оқушы:
«Қоянның құлағы»
Көжек неге жылыды,
Көздің жасын
бұлады?
Жатқанда оның
Алдымен
Көрінеді құлағы.
Жымы қайда
нұсқайды?
Қоян түзде
қыстайды.
Қилы-қилы дыбысты
Құлағымен ұстайды.
Жаз қоянды
қыспайды.
Оған суық
қыс-қайғы.
Ал оларды аңшылар
Құлағынын ұстайды.
6-оқушы:
«Тектестер»
Мен-ұлымын
даланың,
Бар кәдімгі
талабым.
Қағаз-қалам
берсеңіз,
Сурет те саламын.
Кейде болам
қапалы,
Кейде сапам
сапалы...
Қатырамын
Ешкінің
Мүйізі мен
сақалын.
Бірақ барыс
бұзыққа,
Бекерге,дос,қызықпа»
Жолбарысты салып
ем,
Ұксап кетті мысыққа
Артығы не?
Кемі не?
Үңілемін өңіне.
Адамың да,
Айуан да
Тартады ғой
тегіне!
7-оқушы: «Ешкі»
Ешкі деген
тынымсыз
Көмейі де
тығынсыз.
Ешкі аяғы жеткен
жер
Болған емес
шығынсыз.
Жейді жейді –
тоймайды.
Ертелі –кеш не
ойлайды !
Жаңа шыққан
қылтиып
Көк талдарды
қоймайды!
Бәрін айтар жоқ
шама.
Орны толмас
ақшаға...
Жаудан жаман
пәлекет
Кіріп кетсе
бақшаға !
Күрек тісі ақсиып
.
Көрсететін көп «сыйы»!
Бетер тіпті
баладан
Сақалдары сапсиып!
8-оқушы: “Арман
мен ақыл”
-Шіркін-ай, күйші
болсам
Бал тамған
бармағымнан!
Шіркінай –ай, биші
болсам
Шығып бір
арманымнан!
-Шіркін-ай,әнші
болсам
Кәдімгі күміс
таңдай!
-Шіркін-ай, батыр
болсам
Айбаты арыстандай!
--Шіркін-ай, ғалым
болсам
Тілдескен
даналықпен!
Әлемге мәлім
болсам
Ашқан көп
жаңалықпнен!
--Көзіңнен
күлімдеген
Бір ұшқын сезіп пе
ең сен?!
Алдымен
Білім деген
Бәйгеден озып
келсең.
Актердің ,
Ақынның да
Жанына ғалым
қорек.
Бүгінде
Батырдың да
Өзіне білім керек.
Оқудың озатына
Арман да таяу
болар.
Білімнің боз атына
Мінбеген жаяу
қалар.
9-оқушы: “Суық
торғай”
Өңменіңнен желі
өткен
Түсті суық
кенеттен.
Болмап еді он
апта,
Келді торғай
қонаққа.
Қарны ашып қалды
ма,
Қонды әйнектің
алдына.
Көрген бойда мән
бердім,
Үгіп-үгіп нан
бердім,
Дір-дір етіп
бүрсеңдеп,
Тоңып қалған бір
сен бе?!
10-оқушы: “Ағасы
мен інісі”
Мұзды тауға
талпынып,
Кейде шаршап
алқынып,
Інісі сыйлап
ағасын,
Шығады сүйреп
шанасын.
Қырау-қырау
жағасы,
Түседі зулап
ағасы.
Сыйламаса інісін,
Ағалығы кім үшін?!
11-оқушы: «Қыстың
соңғы қылығы» Тамшы-көктем
пашағы,
Сүңгі-шатыр шашағы. Сол
шашақтан
сырғанап,
Қыс ақырын
қашады.
Түнде сәл-сәл
қатады. Тағаң
бірақ
батады.
Үсті қар да, Асты
су,
Көксоқта боп
жатады.
Күн күледі қуланып, Кейде
көзі
суланып.
Берекесі
кетеді
Мұздың беті
буланып.
Қабыршақ мұз
қалбыры,
Сол қалбырын қалдырып, Қыс
кетеді ақырын, Абыройсыз
қаңғырып.
Қашып жүріп ол
әлі
Төңіректі
шолады.
Өшін кейде
алады
Үсік болып оралып.
12-оқушы:Не үшін?
-Екі көзің не үшін
керек?
-Жақсыларды көру
үшін!
-Екі қолың не үшін
керек?
-Елге көмек беру
үшін!
-Құлақ деген не
үшін керек?
-Ақыл-кеңес тыңдау
үшін!
-Жүрек деген не
үшін керек?
-Жауларымнан
қыңбау үшін!
-Тіл мен жағың не
үшін керек?
-Ақиқатты айту
үшін!
-Ал аяғың?
-Шетте жүрсем,
Туған жерге қайту
үшін!
Би: «Қазақ осы»
13-оқушы: Нақыл
сөздері
.Сүрінсең
де туған жердің тасына сүрін!
.Қазақ боп
туғаныңа өкінбе,
Қазақ боп жарыта
алмағаныңа өкін
.Туған
жер – ұлдың Отаны,
Атамекен – ұлттың
Отаны
.Елін
сағынбаған – есек.
.Жеміс
жеріне тартады.
Ер еліне тартады.
.Анасы
асыраған бала қайсар,
Әжесі асыраған
бала мейірбан.
14-оқушы:
«Тілазар»
-Тазалашы,мұз
болған,
Есік алды
тайғанақ!
-Жата берсін,біз
оған
Теуіп жүрміз
сырғанақ!
-Шыға беріп
Жалтақбай
Ұшып түсті қалпақтай!
15-оқушы:
«Шие мен жиен»
Айтқан тілді
алмайтын
Көршіміздің жиені.
Әлі жеуге
болмайтын
Жұлатын көк шиені.
Жұлып жүр деп
жиенім,
Көрші ойына
алмады.
Пісер кезде
Шиенің
Бір түйірі
қалмады.
16-оқушы: «Сыр»
Түніменен
ауырды Түбі
босап
тістерім.
Тауыстым бар
сабырды,
Білмеді апам не
істерін.
Айтып жатты
атама:
«Не болды екен?»-дегенін. Белгісіз-ау
апама
Тәттіні көп жегенім.
17-оқушы: «Қауіп»
-Келмек қазір
қонақтар,
Сияқтанбай әлдекім, Үй
алдында бұлақ
бар,
Жуынсаңшы, Су
тегін!
-Үй
алдында бұлақ
бар,
Жуынайын, Су
тегін.
Бірақ,бірақ...қонақтар
Келмей қалса
қайтемін?! 18-оқушы:
«Балақай»
-Бүлдірген тереміз,балақай. -Алақай!
-Ат жарыс
көреміз,балақай,
-Алақай! -Айға
ұшып
барамыз,балақай.
-Алақай! -Кел,ағаш
жарамыз,балақай.
-Әй,ата-ай!...
19-оқушы: «Білмейді,білмейді» -Бұлт
деген не,
Бұлт
деген?-
Деп сұрадым бір күні. -Бұлт
деген
бе?
Бұлт
деген
Паровоздың түтіні!-
Жауабына мәз
інім,
Білгішін-ай өзінің! Ән:
«Апам үшін»
Кітапханашы Райгүл
апайға сөз кезегін берейік.
Кітап көрме «Өлең
сөздің зергері –Қадыр ақын» (библиографиалық шолу).
Жұмбақтар шешу.
1.Жылға дер
ем-ақпайды,
Жылан дер
ем-шақпайды.(арқан)
2.Жалпақ желке,сопақ бетті Орманымды
отап
кетті.(балта)
3.Дос үйіне түстің бе- Түгел
соның үстінде.
(дастархан)
4.Қанатсыз құс маңып
барады,
Көзінен жас тамып
барады.(бұлт)
5.Ызақор бұғып
жатыр,
Сақалын тығып жатыр.(пияз) 6.Кіргенде
ініне
сыңар-ды,
Ұрпағын ертіп ол шығарды.(картоп)
Жаңылтпаштар.
1.Жоғалды бес
шыбыш,
Жоқ әлі еш
сыбыс.
Жоқ әлі еш сыбыс, Жоғалды
бес
шыбыш.
2.Көрмеген үш қыс Көкеңді
ұшқыш
Құшақтап,
қыс,құш,
Құш,қыс!
3.Беріп
тай,лақты,
Алдым тайлақты. Беріп
тайлақты,
Алдым
тай,лақты.
4.Шірік
сырық
Қырық құрық
па?
Қырық сырық Шірік
құрық па?
IY.Қорытынды.
-Қадыр Мырза Әли
қай жылы дүниеге келген ?
-Қандай оқуды
бітірген?
-Қандай
шығармаларын білесіңдер?
-Қандай өлеңдерін
білесіңдер ?
-Ең алғашқы еңбек жолын қай баспадан бастаған?
- Қадыр Мырза
Әлидің құрдасы кім?
Бүгінгі
кешімізді ақын К.Ахметованың сөзімен түйіндесем: «Қадыр Мырза Әли - ұлт
ақыны. Қазақ деген тегі мықты, тарихы бай, тағдыры күрделі,түйсігі мың қатпар,
қалтарысты,астарлы, тысты, алапат тілді, қабілетті қаһарман, қайсар халықтың
тұңғиығына бойлап, кеңдігіне кепіл боп, бітімімен біте қайнасып, ұлылығын,
рухын, ар -ұятын , үмітін барынша әспеттей отырып, кемшінің мінін, қайғысын,
сорын азаматтық тұрғыда қазып айта алған, сыншыл да ойшыл ақын. Ұлы
ақын.»
Өзің шыққан биіктер талай
заңғар,
Дейтін емес қыран-жыр қалай
самғар.
Сен өмірден өтсең
де,
Қайран
Қадыр,
Қалды артыңа өлмейтін талай томдар,-деп Темірбай Көпбайұлының аталы сөзімен
кешімізді аяқтаймыз.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.