Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Математика / Рабочие программы / Тақырыбы: «Қара саздан ұшқан қарлығаш» М. Мақатаев шығармашылығы бойынша сыныптан тыс сабақ.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Математика

Тақырыбы: «Қара саздан ұшқан қарлығаш» М. Мақатаев шығармашылығы бойынша сыныптан тыс сабақ.

библиотека
материалов



қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі МАТЕНОВА ГУЛЬНАРА ДИЛДАШОВНА

Қарағанды облысы, Абай ауданы, №15 жалпы білім беретін орта мектебі


Тақырыбы: «Қара саздан ұшқан қарлығаш» М. Мақатаев шығармашылығы бойынша сыныптан тыс сабақ.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақresize_mans

Көрнекілігі: интерактивті тақта, презентациялар.

Жоспар:

І бөлім «Өмірім - Өлеңімде»

ІІ бөлім «Автограф»

ІІІ бөлім «Махаббат бағы»

ІҮ бөлім «Естеліктер»

Ү бөлім «Аманат»


Жүру барысы.


Пойыз үні естіліп, сахнаға «Аманат - Болашақ» атты пойыз тоқтайды.

Сахна сыртындағы дауыс: «Құрметті жолаушылар! Қарабас станциясына «Аманат - Болашақ» атты пойыз тоқтады».


  1. жолсерік: Құрметті жолаушылар! «Болашақ - Аманат» пойызымен «Өмірім - Өлеңімде», «Автограф», «Махаббат бағы», «Естеліктер», «Аманат» бекетіне билет алған жолаушыларды отырғызу басталды. Билеттеріңізді көрсетулеріңізді сұраймыз.


  1. жолсерік:Құрметті жолаушылар! «Болашақ - Аманат» пойызына отырғызу аяқталды. Шығарып салушылардан вагондарды босатуларыңызды сұраймыз.( қолында кітабы бар жігіт вагонға кірмей теңселіп жүреді).


  1. жолсерік:- Азамат сіз неге кірмейсіз?

  • Қарындасым тұра тұршы. Мен пойызға мінсем қайта түспейтін сияқтымын. Көктемгі ауа қандай таза! Аспан қандай ашық! «Япыр-ай, неткен көктем!» өлеңін оқиды.

Япыр-ай!

Неткен көктем!

Көктем!

Көктем!

Дүние-ау,

Сен осылай көкпеңбек пе ең?!

Қымырандай ашимын қырға шығып,

Өзегiмдi жалайды өткен-кеткен.

Мына дала, мына өлке – жап-жас әлi,

Адамдардың жоғалды сан жасағы.

Бiр ұрпаққа бiр ұрпақ жалғасады,

Мына дала, мына өлке –жап-жас әлi.

Жап-жас әлi.

Ой да жас, орман да жас,

Елтiп тұр.

Көктемеге болған ба мас?!

Көзге күйкi жалғыз-ақ – қиырдағы

Құлазыған, мүжiлген қорған–қораш.

Япыр-ай!

Неткен көктем!

Көктем!

Көктем!

Дүние-ау, сен осылай көкпеңбек пе ең?!

Мәңгi-бақи түлеген қаз қалпыңда,

Табиғат керемет ең неткен, неткен?!


1- жолсерік: Мына кісі біртүрлі екен. Кімге ғашықпын дейді? Жеке төлқұжатыңызды көрсетуіңізді сұраймын.

-Мен бұл пойыздың ең құрметті жолаушысымын, болашақта әлі танырсыз мені, қарындас!


  1. жолсерік: Қане, Ақмарал, тексеріп жіберші. Бұл кісі қай жақтан келген екен?

1 – оқушы: <<Менің анкетам >> атты өленің оқиды).

Туған жерің?

Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.

Туған жылың?

1931. Құрдасымын Шәмілдің.

Жынысың кім?

Еркекпін ғой, еркекпін!

Және-дағы тәуірмін...

Партияда барсың ба?

Жоқпын.

Бірақ коммунистік көзқараспен қараймын.

Шыққан тегің?

Шаруамын.

Бар тірліктен бағалы оны санаймын.

Білімің ше?

Орташа ғой.

Алайда өзім жоғарыға балаймын.

Ана тілің?

Қазақша.

Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.

Қайда істедің?

Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.

Оқымаған, дипломсыз демесең,

Бір басымнан бар мамандық табылар.

Міндеттісің бе әскерге?

Міндеттімін.

Біздің әлі жас кеуде.

Жауынгердің ұлымын ғой,

Жанын қиған Мәскеуге.

Сөгіс алып көрдің бе?

Ол жағынан періште едім дей алмаймын

Мен мүлде.

Ойлы-қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету,

Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де...

Шетелдерде болдың ба?

Болғамын жоқ.

Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.

Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен,

Осы отырған орнымда-ақ.

Мекен-жәйің?

Мекен-жәйім – жер менің.

Жерде жүрген ақын деген пендемін.

Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,

Мен өмірді жырлау үшін келгемін!


Ән:« Сен көріктісің»

  1. жолсерік:Кешіріңіз, ақын аға, бізден бір білместік өтті. Қарбаласта тани алмай қалдық. Төр сіздікі, жоғары шығыңыз, бүгінгі тойдың иесі – Мұқағали аға!


1 жүргізуші:- Қайырлы күн, жыр сүйер қауым! Мұқағали Мақатаевтің шығармашылығына арналған <<Болашаққа аманат>> атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!


2 жүргізуші: - <<Мұқағалиды жұрт неге құмарта оқиды, ол қандай адам болған, нені аңсады, немен күресті, досы кім, неден тарықты, неге асықты?>> сияқты көптеген сұрақ бәрімізді мазалайды. Ал оның сырын ақын өлеңдерінен ғана таба аламыз.


Сырттағы дауыс <<Аманат – Болашақ>> пойызы <<Өмірім – өлеңімде>> атты бекетке келіп тоқтады.

ВИДИОФИЛЬМ «Мұқағали өмірінен»


Сахнаға 1– Мұқағали (1 оқушы)жүгіріп шығады да, <<Бүгін – менің туған күнім>> деген өлеңін оқиды.

Арыз жазып кетейін.....

Бүгін менің туған күнім ой пәле-ай

Мына жұрттар неге жатыр тойламай

Банкет жасап берер едім өзім ақ

Тәңірдің бір жарытпай қойғаны ай

Мына дүние неге жатыр үндемей

Алаулатып тойдың шоғын үрлемей

Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып

Мынау-шапан, мынау-атың мін демей

Мына жұртқа жақпады ма әлденем

Бекер өмір сүргенім бе әлде мен

Халқым сенің қасиетіңді білем деп

Босқа өмірім өтті мекен әуремен

Жырлаймын деп қуанышың, мұңыңды

Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды

Халқым бәрібір сеніменен бір болам

Өзегінен тепсең дағы ұлыңды

Тойланбаса, тойланбасын не етейін

Той көрмей-ақ, сый көрмей-ақ өтейін

Қаламымды берші маған бәйбіше

Болашаққа арыз жазып кетейін


1 жүргізуші:Бақытжан, сен білесің бе, біздің Мұқағали ағамыз Пушкинмен тең дейді ғой?


2 жүргізуші:Иә, ағамыздың жыр маржандары біздерге қалған сарқылмайтын үлкен қазына.


1 жүргізуші: Ендеше ақын ағамыздың сусындап, нәр алған қойнауына жазылған арнауларын тыңдайық.

Оқушы:

ПУШКИНМЕН ҚОШТАСУ

Ал енді қоштасайық, сардар аға.

Мен ертең кетем ұшып сардалама,

Қыранның қырандығы — кең далада,

Қыранның қырандығы — тауда ғана.

Мен ертең кетем ұшып сардалама.


Қош боп тұр, қош есен бол, сардар аға!

Сөкпей де өкпелемей қал балаңа.

...Ақынның ақындығы — атақта емес,

Ақынның ақындығы — арда ғана.

Айтатын арызым бар, аға, саған,

Көңіл — кермек, бой — күйез тамашадан.

Ақымақпын, кей-кейде арыма мен,

Өз қолымен күйені жаға салам.

Сен болған шақ бұлыңғыр, тұнжыр маған.

Әйтсе де аямапты құрғыр заман.

Болат Пушкин тіріліп кете ме деп,

Тұғырыңды болатпен шынжырлаған.

Қарадым сенің қола мүсініңе,

Қоланы да болады түсінуге.

Мені тәңірім жаратқан табынуға,

Сенің мәңгі қақың жоқ кішіруге.

Ортасына сауықшыл түсіп көптің,

Мастандым да, масайрап ісіп кеттім.

Мұң шаға келіп едім — ұш! — дедің сен,

Өзің ұш деп тұрған соң ұшып кеттім.

Ұшып кеттім тауларға бұлт басқан,

Төңкеріліп теңізге тұныпты аспан.

Теңіз бенен аспанның тыныштығын,

Долы дауыл барады жұлып, қашқан.

Хош бол, аға, әлемді тамсандырған,

«Тас мейманға» табиғи жан салдырған.

...Меніменен сайрандар жел жоқ, бірақ

Алатауым күтіп тұр қарсы алдымнан...

Оқушы:

СЕРГЕИ ЕСЕНИНГЕ

Әй, Сергей!

Сергей, Сергей, Сергей, Сергей!

Түстім-ау сергелдеңге мен де сендей.

Аулаққа, тым аулаққа кеттім білем,

Жаны ашып ақыл берген елге сенбей.

Мен-дағы сол жақтанмын, Ауылданмын,

Ауылдың ауруымен ауырғанмын.

Өзіңді Мәскеу қалай қабылдаса,

Алматы мені солай қабылдады.


(Менің де өкіндірер өткенім коп)

Атқа міндім, алысып, теппедім доп.

Мен-дағы малды сүйем, итті сүйем,

Інімнің мандайынан шерткенім жоқ.


Шаршағанда ширығам шарап ішіп,

Саған ұқсап менің де жанады ішім.

Құлағыма сыбырлап «құран» оқып,

Иектейді мені де «Қара кісі».


Мен де сендей, Серега, күнәдамын,

Жыр азабын тартамын, тіл азабын.

Туған ауыл, туған жұрт қайда барсам,

Қайда барсам - қасымда Рязаным...


Әй, Сергей!

Сергей, Сергей, Сергей, Сергей!

Бір ауылдан екенбіз мен де, сен де.

Басым сынып барады, басым сынып,

Жөндесем де болмайды, емдесем де.


Сахна сыртынағы дауыс: «Аманат - Болашақ» пойызы «Автогаф» бекетіне келіп тоқтады.

Ән: «Бала ғашық»

1 жүргізуші:–Мұқағали жастардың іздеп жүрер ақыны болды.

Білемін керемет бір күн келеді,

Жайнайды жасыл бағым гүлденеді.

Көремін керемет бір күн кешемін,

Болашағым сенімен бірге өсемін,- деп өз заманымен ғана емес, болашақпен бірге өмір сүретінің ақын білді, ол жырларының болашағына сенді.Мұқағали поэзиясы мезгілмен бірге, әр ұрпақпен бірге мәңгілік жасай бермек. Оның дәлелі жырларын сүйіп оқитын бүгінгі жасөспірімдер ! Жас Мұқағалилар.

.(Сахнаға Мұқағалилар (бірнеше оқушылар) шығады).

«Бақыт деген»;«Дұшпаның бар ма?»;«Қызықпа қыз»;«Автограф» өлеңдері оқылады.

Дұшпаның бар ма?

-Дұшпаның бар ма? -дейсің,

Қайдан білем...

Әйтеуір, жүрген жерім - сайран кілең.

Қазақтың қайсы үйіне барсам-дағы,

Алдымда - ақ дастарқан, жайған кілем.

Дұшпаным жоқ-ау деймін, түрі жаман...

(Сірә, мен бұл майданда тірі қалам.)

Қазақтың қайсысымен кездессем де

Қайрылмай кеткені жоқ бірі маған.

Достастым кішісімен, үлкенімен,

Өзімшіл өжетімен, үркегімен.

Ата-қазақ алыста той жасаса,

Алдымен тізіміне тіркері - мен.

Қайғырмаймын соңымнан сөз бөскенге

Білемін бұғатынын кездескенде,

Әйтеуір, жүздерінде жылылық бар,

Қазақтың қайсысымен кездессем де.

-Дұшпаның бар ма? - дейсің,

Қайдан білем...

Асыр caп ортасында ойнап жүрем.

Сірә, мен бақыттымын дұшпаны жоқ,

Үйден шықсам - сауық пен сайран кілең.


АВТОГРАФ

Көрер едiң,

Шаламын ба, отпын ба,

Бiлер едiң

Ақынмын ба, жоқпын ба...

Кектендiрген хан Жәңгiр де жоқ мұнда,

Кектенетiн Махамбет те жоқ мұнда.

Түсiнер ең,

Езбiн бе, әлде ермiн бе,

Байқар едiң,

Артықпын ба, кеммiн бе...

Мен Спартак бола алмадым, не шара,

Сенiң өзiң Цезарь болып көрдiң бе?!

Сырым да – осы,

Жырым да – осы,

Алдыңда

Байқашы бiр,

Бықсыдым ба, жандым ба.

...Махаңдар жоқ,

Махаңдардың сарқыты –

Мұқағали Мақатаев бар мұнда!

Сахна сыртындағы дауыс: «Аманат-Болашақ » пойызы «Махаббат бағы»бекетіне келіп тоқтады.

Ән: «Мен деп ойла»

Паркте бір-бірімен сырласқан қыз-жігіттер. Мұқағалидің өлеңдері мен әндерін айтады.

«О, Муза!»;«Сезбейсің ғой сен мені»өлеңдері орындалады.


Сахна сыртындағы дауыс: «Аманат-Болашақ » пойызы «Естеліктер»бекетіне келіп тоқтады.

Оқушы : «Жазылар естеліктер мен туралы» өлеңі оқылады.

Жазылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.


Аңыз ғып айтар мүмкін қылығымды,

Қылығымды ұнатқан жұлынуды.

Жақсы көрген дер мүмкін «жылынуды»

Әйтеуір қазбас былық-шылығымды.


Жоқ жанды қиған емес жамандауға,

(Сол үшін рақмет адамдарға!!!)

Білемін, әйтеуір бір замандарда,

Жүреді жүз жыл жасап жаман қарға...


Жазылар естеліктер нешелеген,

Көрерміз оның бәрін пешенеден.

Әйтеуір, білетінім бір-ақ нәрсе -

Кешеді өлең немесе өшеді өлең!


...Қулары, таудың қызыл түлкісі дер,

Момындар, біздің үйдің кірпіші дер.

Мәңгілікке өзіммен ала кеткен,

Менің нәзік жанымды кім түсінер!?

2 жүргізуші:

Жалғасы бар жырымның, жалғасы бар,

Жырларым жылдарыммен жалғасыңдар,- деп тебіренген ақын жырының жалғасындай болып, біздің мектебімізде Мұқағали жырларынан үлгі алып, өз сезімдерін жырмен өрнектеп жүрген талантты шәкірттеріміз де бар

( Оқушылар Мұқағалиға арнау өлеңдерін оқиды).


Сахна сыртындағы дауыс: «Аманат-Болашақ » пойызы «Аманат» бекетіне келіп тоқтады.

1 жүргізуші:Мұқағалиды ғасырда бір туатын, үлкен қанаты бар, адамның көзі талатын биікте ғана самғайтын алып құсқа теңеуге болады. Мұндай алып құстар жерге әр қонған сайын қанатының бір қауырсынын қоңдырмай сындырып алып күйзеледі. Бірақ тынышталудың орынына, сол аспанда ала алмаған өші бардай, бүкіл күш-қайратын жинап, келесі жолы одан да биікке ұшады.


2 жүргізуші: - «Қазақ даласының ең биігі – Нарынқол, ал қазақ поэзиясының Хантәңірі – Мұқағали» дейді керемет теңеумен Әкім Тарази ағамыз. Сол Хантәңіріне айналған перзент Мұқағали аға елі есенінде,жұрт тынышында халқымен қанаттасып, қарасазымен санаттасып, мәңгі жасайды. Мәңгі есімізде!

1 жүргізуші: Құрметті жолаушылар! Біз ақырғы аялдама- «Аманат» бекетіне де келіп жеттік. Бәріміз ақынның ақырғы аманат сөзін естіп, «Болашақ» бекетіне шығарып салайық.

«Халқыма хат»өлеңі оқылады.


Ән: «Сарыжайлау»


2 жүргізуші: - Аманатың орындалды, ақын аға. Біздер сіздің өлеңінізді сүйіп оқимыз.

1 жүргізуші: - Осымен «Болашақ - Аманат» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне де жетті. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға Рахмет! Сау болыңыздар!





ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


  1. М. Мақатаев «Қарлығашым, келдің бе?» 1968 ж. жыр жинағы;

  2. М. Мақатаев «Дариға жүрек» 2004 ж;

  3. М. Мақатаев «Шуағым менің»1975 ж;

  4. М.Мақатаев «Соғады жүрек» 1,2 томы 2001 ж

  5. «Аманат» жыр жинағы, Алматы «Атамұра» баспасы 2002 ж;

  6. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 2006 ж;

  7. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 2012 ж;







Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Ол 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның туған күні жөнінде екі түрлі ақпарат бар. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Екінші ақпарат: ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші туған күніне байланысты мынадай сөз айтады: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпанда дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен». Азан шақырып қойылған аты - Мұхаммедқали. Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады("Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?"). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады.

Автор
Дата добавления 25.03.2015
Раздел Математика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров346
Номер материала 457999
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх