Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Рабочие программы / Тақырыбы: "Баяндауыш" 8- сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Тақырыбы: "Баяндауыш" 8- сынып

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімдерін тереңдету арқылы, ойлау белсенділіктерін арттыру, ауызша – жазбаша жүйелі сөйлеу тілін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру, алған білімдерін тәжірибеде қолдану


Сабақтың міндеттері: 1. білімділік: Оқушыларға сөйлемнің тұрлаулы мүшесі баяндауыш туралы жан-жақты түсінік беріп, дара және күрделі, үйірлі баяндауыш түрлерін ажырата білуге үйрету.

2. дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін дамытып, өз ойын жүйелі түрде жеткізуге, жеке жұмыс істеуге үйрету.

3. тәрбиелік: дүниетанымдық көзқарастарын, рухани-адамгершілік, дағдыларын қалыптастыру, қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау, рефлексия, тест т.б.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, кеспе қағаздар, т.б.

Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиет, информатика

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу

  • Сыныпта кім кезекші? Кезекші шаттық шеңберін өткізеді.

ә)Шаттық шеңбері

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз,

Біз талантты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан

б) Рефлексия

  1. Сенің көңіл – күйің қандай?

  2. Сен бүгінгі күнге дейін нені білдің?

  3. Нені үйрендің?

  4. Болашақта нені білгің келеді?



II. Үй тапсырмасын тексеру. “Иә, жоқ” ойыны

  1. Сөйлем мүшелері дегеніміз – сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер

  2. Шылау, одағай, қыстырма, қаратпа сөздер сөйлем мүшесі бола алады

  3. Сөйлем мүшелері, дара, күрделі, үйірлі болып бөлінеді

  4. Сөйлем мүшелері атқаратын қызметі жағынан тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер болып бөлінеді

  5. Бастауыш- іс –оқиғаның иесін білдіреді.

  6. Бастауыш құрылысына қарай екі түрге бөлінеді

  7. Үйірлі бастауыш: Билеті барлар орындарына жайғасты

  8. Бастауыш қызметіндегі есімдік: Өзіміз де жүргелі жатырмыз

  9. Бастауыш қызметіндегі зат есім: Көп қорқытады, терең батырады

  10. Бастауыш қызметіндегі зат есім: Көп қорқытады, терең батырады

Иә, жоқ” ойыны бойынша Бағалау критерийлері

9-10- “5”

7-8 –”4”

5-6- “3”

0-4 – “2”

ІІІ. Жаңа сабақ. Баяндауыш

Бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, жай- күйін, оқиғаның болған шағын білдіретін сөйлемнің тұрлаулы мүшесі баяндауыш деп аталады.

Сұрақтары: Не істеді? Не қылды? Қайтті? Қайтеді? Не істемек т.б.



hello_html_m6a51ad37.gif



Сұрақтар: Жеке жұмыс әр оқушы оқулықпен жұмыс жасап, дәптерге жазады.


  1. Баяндауыш болатын сөздер көбінесе қандай тұлғада тұрады?

  2. Қай кезде баяндауыш етістік болады?

  3. Қай кезде баяндауыш сын есім болады?

  4. Қай кезде баяндауыш зат есімнен тұрады?

  5. Қай кезде баяндауыш сан есімнен болады?

  6. Қай кезде баяндауыш есімдіктерден болады?

  7. Қай кезде баяндауыш көмекші етістік немесе еліктеу сөзден болады?


  1. Тапсырма Сөйлемдегі баяндауыштың орнын толықтырыңдар.

  2. Адам баласы табиғатты . ( )

  3. Біз бұлақтардың көзін . ( )

  4. Су мол болса, астық та .( )

  5. Көк шөпті таптауға .( )

  6. Ата-бабаларымыз табиғатқа жанашырлықпен . ( )

Керекті сөздер: қараған, болмайды, мол болады, аштық, қорғауы тиіс.


2- тапсырма
Келгенде, жүргенде, қуандым,орындадым


  • 1-деңгей Жекеше, көпше түрде жікте

  • 2-деңгей Қандай шақта тұрғанын анықта

  • 3-деңгей Осы етістіктерді қолданып мәтін немесе өлең құрастыр.


Бағалау критерийлері

І деңгей –3 ұпай

ІІ деңгей- 4 ұпай

ІІІ деңгей – 5 ұпай

Сергіту сәті

3-тапсырма.
Үнемі 2 сөзден тастап отырып өлең құрастырып, ішінен баяндауыштарды табыңыздар

Жүре, ай, мен, берсем, анам, мәз, қасыңда, ботам, болып, әйбәт, деген, оянам, анам, дауысыңнан.

Жауабы:

Жүре берсем қасыңда әйбәт анам,ай анам,

Ботам деген дауысыңнан мен мәз болып оянам.

Жүре берсем- күрделі баяндауыш.

Оянам-дара баяндауыш.

ІV. Бекіту Венн диаграммасы

hello_html_m76abd3e3.gif

Тест жұмысы


{Test 2}

Бастауыш дегеніміз не?

  1. Іс –оқиғаның қимылын білдіреді

  2. іс –оқиғаның иесін білдіреді

  3. Іс –оқиғаны пысықтайды

  4. Затты айқындайды.

{Test 1}

Омар қырман басында жүр.

  1. Дара бастауыш

  2. Күрделі бастауыш

  3. Үйірлі бастауыш

  4. Дұрыс жауабы жоқ.

{Test 2}

Күрделі бастауышты көрсет

  1. Мен келе жатырмын.

  2. Күле беру ыңғайсыз.

  3. Мен қазір сабақта отырмын.

  4. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.

{Test 4}

Арман бүгін қаладан келді. Сөйлеміндегі бастауыш қандай сөз табынан жасалып тұр

  1. Одағай

  2. Сын есім

  3. Сан есім

  4. Зат есім

{Test 1}

Әке көрген – оқ жонар,

Ана көрген – тон пішер сөйлемдегі бастауыш қандай сөз табынан жасалып тұр

  1. Есімше

  2. Сын есім

  3. Көсемше

  4. Үстеу

{Test 2}

Баяндауыш дегеніміз .......

  1. Атау септігінде тұрып, оқиғаның иесін білдіреді

  2. Бастауыштың іс -әрекеті, қимылын, жай – күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіреді

  3. заттық мағына жағынан толықтыру үшін жұмсалады

  4. Іс –оқиғаны сипаттау мағынасында қолданылады

{Test 3}

Дара баяндауышты тап

  1. Алмат жылап қоя жаздады

  2. Машина баяу жүріп келе жатыр

  3. Мен Астанадан келдім

  4. Мен орманда жүргенді ұнатамын

{Test 1}

Күрделі баяндауышты тап

  1. Ол шалқасынан құлап кете жаздады

  2. Мен бүгін тез ояндым

  3. Жадыра кітап оқыды

  4. Сендер бақытты адамсыңдар


{Test 3}

Баяндауыш қызметіндегі сан есімді тап

  1. От жылт етті

  2. Мен қатты қуандым

  3. үш жердегі үш - тоғыз

  4. Сен қайда барасың?

{Test }

Баяндауыш қызметіндегі сын есімді тап

  1. бәріміз бір кісінің баласындай татумыз

  2. бес жерде бес – жиырма бес

  3. Мен қатты қуандым

  4. Мен Астанадан келдім

V. Қорытынды Рефлексия

1. Бүгін сабақ маған несімен ұнады?

2. Бүгін сабақта болған көңіл – күйіңді суретпен көрсет

3. Сабақ барысында қандай қиындықтар туындады?


VІ Үйге тапсырма беру.

Мемлекеттік тілді білу- әрбір азаматтың ізгілікті борышы”

эссе жазу

Анықтамаларды жаттау

VIІ. Бағалау

Бағалау парақшалары мұғалімге тапсырылады








Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың білімдерін тереңдету арқылы, ойлау белсенділіктерін арттыру, ауызша – жазбаша жүйелі сөйлеу тілін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру, алған білімдерін тәжірибеде қолдану

Сабақтың міндеттері:1. білімділік: Оқушыларға сөйлемнің тұрлаулы мүшесі баяндауыш туралы жан-жақты түсінік беріп, дара және күрделі, үйірлі баяндауыш түрлерін ажырата білуге үйрету.

2. дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін дамытып, өз ойын жүйелі түрде жеткізуге, жеке жұмыс істеуге үйрету.

3. тәрбиелік: дүниетанымдық көзқарастарын, рухани-адамгершілік, дағдыларын қалыптастыру, қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау, рефлексия, тест т.б.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, кеспе қағаздар, т.б.

Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиет, информатика

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу

¾ Сыныпта кім кезекші? Кезекші шаттық шеңберін өткізеді.

ә)Шаттық шеңбері

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз,

Біз талантты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан

б) Рефлексия

1. Сенің көңіл – күйің қандай?

2. Сен бүгінгі күнге дейін нені білдің?

3. Нені үйрендің?

4. Болашақта нені білгің келеді?

Автор
Дата добавления 06.02.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1318
Номер материала 369720
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх