Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Тақырыбы: Бүгінгі шәкірт көгершін,болашағың көгерсің!

Тақырыбы: Бүгінгі шәкірт көгершін,болашағың көгерсің!

В ПОМОЩЬ УЧИТЕЛЮ ОТ ПРОЕКТА "ИНФОУРОК":
СКАЧАТЬ ВСЕ ВИДЕОУРОКИ СО СКИДКОЙ 86%

Видеоуроки от проекта "Инфоурок" за Вас изложат любую тему Вашим ученикам, избавив от необходимости искать оптимальные пути для объяснения новых тем или закрепления пройденных. Видеоуроки озвучены профессиональным мужским голосом. При этом во всех видеоуроках используется принцип "без учителя в кадре", поэтому видеоуроки не будут ассоциироваться у учеников с другим учителем, и благодарить за качественную и понятную подачу нового материала они будут только Вас!

МАТЕМАТИКА — 603 видео
НАЧАЛЬНАЯ ШКОЛА — 577 видео
ОБЖ И КЛ. РУКОВОДСТВО — 172 видео
ИНФОРМАТИКА — 201 видео
РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТ. — 456 видео
ФИЗИКА — 259 видео
ИСТОРИЯ — 434 видео
ХИМИЯ — 164 видео
БИОЛОГИЯ — 305 видео
ГЕОГРАФИЯ — 242 видео

Десятки тысяч учителей уже успели воспользоваться видеоуроками проекта "Инфоурок". Мы делаем все возможное, чтобы выпускать действительно лучшие видеоуроки по общеобразовательным предметам для учителей. Традиционно наши видеоуроки ценят за качество, уникальность и полезность для учителей.

Сразу все видеоуроки по Вашему предмету - СКАЧАТЬ

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:


Бастауышпен коштасу

Тақырыбы: Бүгінгі шәкірт көгершін,болашағың көгерсің!

Мақсаты:

1. Білімнің қайнар көзі, бастау бұлағы бастауыштан басталатындығын ұғындыру.

2.Білімге, өнерге деген қызығушылығын арттыра отырып, білім ордасын, ұстаздарды құрметтей білуге тәрбиелеу.

3. Білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздармен қоштастыра отырып жоғарғы сынып мұғалімдеріне сәт сапар тілеп табыстау.

Көрнекілік: нақыл сөздер, мақал мәтелдер, шар, слайдтар

Өтілу барысы:

Мұғалім:

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! «Бүгінгі шәкірт көгершін, болашағың көгерсің!» атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігімізге жиналып отырсыздар. Қадамдарыңызға нұр жаусын! Алдарыңызда тұрған балалар 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын тәй-тәй басып аттаған кіп-кішкентай бүлдіршіндер еді. Енді міне, бойлары да, ойлары да өсіп, әріп таныған, бастауыш сынып білімін аяқтап, жоғарғы сыныпқа қадам басқалы отыр.

«Бүгінгі менің көгершіндерім, болашақтарың көгеріп, көктеп, биіктерге самғаңдар» деген тілекпен бүлдіршіндерімізді ортаға шақырамыз.

1 Әзілді жаны сүйеді,

Армансыз ол күледі.

Әлнұр біздің әрқашан,

Күлімсіреп жүреді.

2.     Би билейді талмайды,

Әсем әнін арнайды.

Біздің нәзік Ақбөбекті,

Барлық бала тыңдайды.

3. Үндемей бәрін тындырған
Сыныптың салмақты қызысың
Жымиып күлген күлкісі
Мерей тұйық мінезі-ай

4.    Ертеңгі күнін ойлайтын,

Бес алам деп қалмайтын.

Аршыл біздің Жандәулет

Жалқаулыққа бармайтын.

5     Сыйлап сәлем береді,

Үлкендерді көргенде.

Арайлымды сыныпта,

Ізетті деп біледі.

6. Барлық істе алда жүретін
Ән, айтып, биде билейтін
Сыныптың белсенді аруы
Әсел өнерлі қызымыз

7. Жыр оқып тарихын ол танытқан,

Кітап оқып білімін де дамытқан.

Дархан -сыныбымыздың озаты,

Білімін ол болаттай ғып қорытқан.



8. Әсем деген қызымыз
Қатысқан талай сайысқа
Тамылжытып ән айтып
Жеткен талай табысқа.

9.     Біліміменен үлгі болған сыныпқа,

Отырмайды ойланбастан сынып та.

Манас  біздің өнегелі,өнерлі,

Арасында достарының беделді.

10. І с келгенде алдына
Жан салмайтын қызымыз
Ер мінезді, көрікті
Фарида біздің ержүрек.

11. Өзі ұялшақ үндемес
Мінезіне ешкім тең келмес
Үндемес қыз
Нұрай
Сыныпта ешкім тең келмес.

12.   Бойында алаулаған жалын,

Жақсылық толғандырып жанын.

Іңкәр біздің қайтпай үйге

Ойлаумен жүреді сыныптың қамын.

13.     Күні бойы тыңбаған,

Үлкендерді сыйлаған.

Сабырлы біздің Меруерт,

Ұқыптылыққа бойлаған.

14. Өнер қуған жасынан,

Сөз асырмас басынан.

Намысқой біздің Аяжан

Табылар дос қасынан.

Хормен:

Құрбыласпыз,

Тұрғыласпыз,

14-іміз.

Күлімдейміз,

Бір бақшаның

Гүліндейміз.

Хор: «Мектеп вальсі» әні

1-    жүргізуші:Ақбөбек

Армысыздар мұғалімдер,әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Өлең оқып, би билеп, ән де бүгін айтылар.

 





2-жүргізуші:Дархан

Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

1-жүргізуші:Ақбөбек

 Бүгін біз бойымызға білімнің жарық сәулесін сыйлаған, көп нәрсені үйреткен ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.

2-жүргізуші:Дархан

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға-деп Абай атамыз айтқандай ұстазымыз білім нәрімен сусындатып, көп нәрсені үйретті. Сондықтан да алғашқы ұстазымызға

хормен: мың алғыс.

1-жүргізуші:Ақбөбек

 Осынау алтын ұяда теңдесі жоқ ана да, дана да, жаны шуақ та, нұрлы жүрегі Сарыарқаның самалына татитын ізгі жан барын бәріміз жүрегімізбен сеземіз. Ол-ұстаз. Ендеше ортаға ұстазымыз Алтынай апайды шақырамыз.

Мұғалім:

4 жыл бойы білім нәрімен сусындаған менің шағала шат көңілді шәкірттерім! Бүгін сіздер үшін де, біздер үшін де қуанышты, қимастыққа толы ерекше сәт!

Қуаныштысы-балдәурен балалық шағынан білімнәрін құйған шәкірттеріміз бастауыш сыныппен қоштасып, сәл де болса есейіп, ержетіп, орта буындағы сынып оқушылар қатарына қосылып отырғаны.

Ал қимас сезім-мектеп босағасын бүлдіршін боп аттаған өнегелі,өнерлі,мейірімді шәкірттеріңді жаңа бір белеске шығарып салу. Сондықтан да шәкірттеріме алдағы күндерің жарық, сәулелі болсын деген тілегімді айтамын.

Монтаж.

Ақбөбек:

Басса бұрыс жол сілтеп қате дейсің,

Әр балаға сен ана, әкедейсің.

Болашақтың көктеген жас шыбығын,

Бағбанындай аялап мәпелейсің..

Арайлым:

Жалықпай үйреттің де балаларды,

Өмірге тарту еттің даналарды.

Ізгілікке жол ашып көрсетумен,

Қара шашың қыраулап ағарады.

Фарида:

Болса менің кішкентай бір табысым,

Қорғағаным ұстазымның намысын.

Ұстазымша білсем деймін өмірді,

Ұстазымша болса деймін әр ісім.

Әлнұр:

Мектеп-сенсің адалдықты үйреткен,

Мектеп-сенсің жамандықтан жиренткен.

Мектеп-сенсің жақсылықты ұран ғып,

Мектеп-сенсің мені жұртқа сыйлы еткен.

Меруерт:

Қоссаңдар бірді екіге үш болады,

Деуші едің біліммен күш толады.

Алғыр бол,әдепті бол,сабырлы бол,

Ақылмен іс істесең іс болады.

Беруші ең бізге айтып өлең тақпақ,

Таласып алушы едік біздер жаттап.

Өзіңіз баға қойған күнделікті,

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

Нұрай:

Ақылшым асыл ұстазым,

Жолымды айқын нұсқадың.

Қасыма кеп қанша сен,

Қамқор боп қалам ұштадың.

Мерей

 Мектеп-кеме,білім-теңіз,

Барар жолға тез жетеміз.

Адаспаймыз ұлы жолда,

Ұстаз берген білім қолда.

Іңкәр:

Білім алған өзіңнен,

Дәрігер ұшқыш не ғалым.

Саған ыстық сезіммен,

Қарайды жұрт мұғалім.

Мен де өзіңді әрдайым,

Қамқоршым деп ұғамын.

Күліп атқан таңдайын

Жарқынсың сен мұғалім.

Би «жігіттер»

2-жүргізуші:Дархан

Бүгін біз сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектебімізбен,алғаш қолымызға қалам ұстатқан оңымыз бен солымызды танытқан алғашқы ұстазымыз Алтынай апай мен бізді әрі қарай жетілдіре білген Нұршат апаймен қоштасқалы отырмыз.

1-жүргізуші:Ақбөбек

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, көкті шарлаған ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған. Сондықтан да біз ұлағатты ұстаздар алдында бас иеміз.

2-жүргізуші:Дархан

Ұстаз жаққан шырақты,

Өшірмейік балалар.

Бәрін-бәрін білесің,

Оқи берсең кітапты дей келе, балалар бәріңді зерделі, көңілдерің сәулелі болуға шақырамын.

Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз. Сөздеріңізді ынта қойып тыңдаймыз. Жан-жақты білім бергені үшін әрбір пән мұғаліміне алғысымыз шексіз.

Қазақ биімен алдарыңызда біздің қыздар тобы «Көкей кесті»

1-жүргізуші:Ақбөбек

Біздер бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін Әдебиет, тарих, биология, алгебра, физика,химия т б пәндерге негіз болатын ана тілі, математика,дүниетану, орыс тілі,пәндерін зер салып оқып үйрендік.

Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл-білім үйреткен.
Ана тілін оқыдық ,
Ерекше зор құрметпен.
Ана тілін сүйеміз,
Құрметпен бас иеміз.
Ана тілмен қоштасамыз,
Әдебиетпен достасамыз.

2жүргізуші:Дархан

Ойланып есеп шығартып,
Төрт таңбаны білдірген.
Ғылымдардың патшасы,
Математика данасы
(логикалық есептер шешу)
1-жүргізуші:Ақбөбек

Қазақ тілі пәнінен,
Білім алды балалар.
Сөйлемді, сөз таптарын,
Етістіктің шақтарын,
Жалғаулар мен жұрнақтар.
Ережесін жаттадым.

5-шіге барған соң,
Мұғалімдер бағалар.

«Менің орнымды тап» ойыны

Би: I FIL GOOD
2-жүргізуші:Дархан Үйренеміз жалықпай,
Ағылшын тілін шарықтай.
Тіл сындырып,ән айтып,
Шаттанамыз қалықтай,
Сәулесін шашқан жарықтай.

Ағылшынша әндету

1-жүргізуші:Ақбөбек

Гүлбаршын  апай орыс тілін дамытқан,

Ойландырып ой сананы дамытқан.

Баршаңызға тілеріміз- жақсылық,

Арналады өлең атты шабыттан.









2-жүргізуші:Дархан

Арманым боп аңсаған,

Мәңгілік қалдым мекендеп.

Өзіңе арнап жыр айтам,

Ардақтап сізді өтем деп.

Ұстаздарға арнау.

Жандәулет:Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрме
ген Нұршаттай апайымызға мың алғыс
Манас: Монитор, пернетақта – сөздің басы,

Өрлейді компьютермен өрге тасық.

Бүгінгі жаһандану заманында

Бақытгүл апайымыздың зор ғой “бәсі”.

Күтеміз ықыласпен әр сабағын,

Оқимыз жіберместен бір парағын.

Барынша игеруге тырысамыз,

Осы деп заманның зор талабы.

Әсем:

Үш тұғырлы тіл” – біздің ұранымыз,

Гүлбаршын апайдан көп сұрарымыз.

Орыс тілі мемлекеттік тілден кейін,

Керек болар тіліміз, құмарымыз.

Бүгінде тілді білсек қор болмаймыз,

Шүлдірлеп тұрсақ егер зор болмаймыз,

Тілейміз Гүлбаршындай апайларға

Болашаққа сілтейтін жол болғайсыз.

  Арайлым    Жетілдіріп жеткіншектер білімін,

Сырын ашқан ағылшынның тілінің

Ақкенже  апай еңбегіңді бағалап,

Сізге шексіз алғыс айтар сыныбым.

Іңкәр:Өмірдің мағынасы ән менен күй,

Одан артық болмайды ешқандай сый,

Бір кезде

Әнді сүйсең менше сүй” деп Абай айтқан

Бүгінде біздің Қалимаш апайды сүй.

Қалимаш апай саналады жеке дара.

Мектепте онсыз өтпес ешбір шара.

Деніңіз сау болсын деп тілейді

Әніңізді жаттаған әрбір бала.

Хор: «Ұстазым»





1-жүргізуші:Ақбөбек

Әке десем алғыс алам халқымнан,

Ана десем теңіз болам шалқыған.

Әке десем ашылады қабағым,

Ана десем әділдікті ұғамын.

Ән:Әкешім

1-жүргізуші:Ақбөбек

Өнерліге толы болар ел іші,

Өнердің мол кеніші.

Ер ұландар сахнада қарсы алыңыздар,

Жастар биі жаңалықтың жемісі

Жігіттер биі: CRAZU FORD

1-жүргізуші:Ақбөбек

Жақсы жырды жақ талмас жырлағанда,

Әсем ән нәр береді, сыр маған да.

Көрерменнің көңілі көкке жетер,

Анадай әсем әнді тыңдағанда.

«Ана мен сәби» әні

Жастар КВН

2жүргізуші:Дархан

Бізге шаттық әкелді,

Басшы болып әр істе.

Ұсынғаны адалдық,

Үйреткені адамдық.

Біз басшыға тілейміз бақыт, табыс, амандық дей келе сөз кезегін мектеп директоры Тасқынбаев Ә .С. береміз.

1-жүргізуші:Ақбөбек

Өнеге мол өзінде,

Өсиет көп сөзінд.

Көңілінің хошын-ай,

Көп шәкірттің досындай,

Айгүлжан апай осындай. Сөз кезегін оқу ісінің меңгерушісі.Мұнайтбасова А.Х береміз.

2-жүргізуші:Дархан

Қай кезде де бағыт сілтеп көлемді,

Бізге үйреткен тәрбие мен тәлімді.

Төлеуіш апай ісіңізден бақ тауып,

Шығардыңыз талай талант өнерді. Сөз кезегін тәрбие ісінің меңгерушісі Бахатова М.Қ. ЖӘНЕ Жанғожина Данагул апайға береміз.

1-жүргізуші:Ақбөбек

 «Ана дегеніміз-әлемнің жан дүниесі, оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы» деген екен Расул Ғамзатов. Олай болса жарық дүние сыйлаған аналарымызға сөз кезегін береміз.

Ақбөбек: Ұстаз сөзінің ұғымы кең. Оның негізгі мәні жақсылыққа, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізуге үйрету, тәрбиелеу дегенді білдіреді.

Әр баланың жүрегіне гүл еккен,

Ұстаз ісін ақын біткен жыр еткен.

Бұл ұжымға айтар алғыс шексіз-ау,

Қаншама мың шәкірттерді түлеткен.

Дархан

Алдында ұзақ жолың бар,

Оқумен өсіп толыңдар.

Қиындыққа мойымай,

Аман-есен болыңдар. Осымен бастауышпен қоштасу ертеңгілігіміз аяқталды. Қош сау болыңыздар.

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Краткое описание документа:

Бастауышпен коштасу

Тақырыбы: Бүгінгі шәкірт көгершін,болашағың көгерсің!

Мақсаты:

1. Білімнің қайнар көзі, бастау бұлағы бастауыштан басталатындығын ұғындыру.

2.Білімге, өнерге деген қызығушылығын арттыра отырып, білім ордасын, ұстаздарды құрметтей білуге тәрбиелеу.

3. Білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздармен қоштастыра отырып жоғарғы сынып мұғалімдеріне сәт сапар тілеп табыстау.

Көрнекілік: нақыл сөздер, мақал мәтелдер, шар, слайдтар

Өтілу барысы:

Мұғалім:

 

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! «Бүгінгі шәкірт көгершін, болашағың көгерсің!» атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігімізге жиналып отырсыздар. Қадамдарыңызға нұр жаусын! Алдарыңызда тұрған балалар 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын тәй-тәй басып аттаған кіп-кішкентай бүлдіршіндер еді. Енді міне, бойлары да, ойлары да өсіп, әріп таныған, бастауыш сынып білімін аяқтап, жоғарғы сыныпқа қадам басқалы отыр.

Автор
Дата добавления 25.04.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Номер материала 495654
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх