Инфоурок Начальные классы Рабочие программыТақырыбы: Курстан кейінгі есеп

Тақырыбы: Курстан кейінгі есеп

Скачать материал

                                 Курстан кейінгі есеп 
        Жаңаша курс. Қандай курс? Не туралы? Алғашқы «Бетпе-бет» кезеңінде сан түрлі сұрақтар қай мұғалімді болсын мазалағаны белгілі.  Осы жағдай мені де ойландырды.Бірақ бес жетілік оқу барысында курс мазмұнымен,мақсатымен білімді куратор арқасында жақсы таныстық деп айта аламын.Үш айлық курсты толық аяқтап,сертификат алғаннан кейін жүктелген жауапкершілік үлкен екенін сезіндім. Бірінші кезеңде 7 модульдік бағдарламаның заман талабына сай жаңа әдіс- тәсілдер арқылы оқу үрдісін өзгерту шарт екеніндігін түсіндім. 
      Теориялық білім алу барысында күнделікті неге? сұрағына жауап алу үшін көп ойландым, әріптестерімнен сұрадым, теорияны оқыдым, мұғалімді мұқият күнделікті сабақта тыңдадым. Мұғалімнің әрбір сабақта істеген іс әрекеттерін дәптеріме жазып отырдым. Әр сабақ күн сайын жаңарып, біліміміз кеңейе түсті, әр сәтті тиімді өткізе білдік.
Осылай алғашқы кезең қалай өтіп кеткенін де байқамай қалдым. 
Бұрын өткізген дәстүрлі сабақтарымды осы теориялық курста үйренгеніммен салыстырып, үлкен айырмашылықтар бар екеніне көзім жетті. 
Курс барысында оқығанымызды, білгенімізді, көргенімізді, түсінгенімізді, жеті модульдегі қарастырылған идеяларды, сабақта пайдаланатын жаңа әдіс тәсілдер мен стратегияларды практикада тиімді қолдануды негізгі мақсатым ретінде алдыма қойдым. 
Бұл өте маңызды. Сондықтан, жалпы оқу процесіне үйренген жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануға асықтым. Балаларға деген көз қарасымды өзгерткім келді. Жалпы өзім өзгеруге ұмтыл
дым. Алдыма қойған мақсатыма жету үшін жоспар құрдым. Күнделік жүргіздім. Практикаға келген сәттен жоспар бойынша жұмысқа кірістім. 
Ең алғаш қиналатыным, сабақ жоспарын жазған кезде сабақты қалай бастаймын? Балалардың қызығушылықтарын қалай арттырамын, назарын сабаққа қалай аударамын, осы туралы көп ойландым. Себебі бұрынғы ойым тек қана оқу бағдарламасын өту болса, қазір қалай оқытамын? деген ой басым болды. Теорияны тағы бірнеше рет қарап шы
қтым. Балалардың назарын сабаққа аудару үшін сыни тұрғыдан қараймын. Дәстүрлі сабақтағы әдіс - тәсілдерді пайдаланбауға, өзімнің іс тәжірбемде әдіс- тәсілдерді өзгертуге, балалармен қарым- қатынасты өзгертуге, жалпы өзімді өзгертуге тырыстым. 
Мен дәстүрлі сабақтан айырмашылығын байқадым: себебі, 1«сыни тұрғыдан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Сыни тұрғыдан ойлау Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді» (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 48-бет). Сондықтан мен, балалардың қызығушылықтарын арттырып, олардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытуға әсер еттім. 
Төменде өзімнің өткізген сабағымнан мысал келтіріп отырмын.
Сабақ жоспары Әдебиеттік оқу пәні. 2-сынып . 
Жалпы мақсаты 
Ай туралы не біледі? Ай туралы ұғымды қалыптастыру, оқушы алған білімі өзінің дамуына әсер ету, өмірде, адамдармен қарым - қатынаста қолдана алу 
Міндеттер: 
1. Көздерін жұмады, аспанды елестетеді, елес бойынша сурет салады, әңгімелейді 
2. Өлеңді түсініп оқиды, талдайды 
3. Сөздікпен жұмыс жүргізіледі 
4. Мәтінмен жұмыс, түсініп оқып, флипчартқа ойларын жазады. 
5. Рефлексия 
6. Кері байланыс 
Күтілетін нәтиже 
1. Ай туралы білімнің алғашқы негізін қалау; 
2. Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға ай туралы білімнің басталғанын сезіндіру; 
3. Жаңа білімнің өмірде бар екендігін, оны біз өмірде байланыстарда пайдаланудың мүмкіндіктері қандай деген жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру; 
4. Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу 
5. Мұғалім оқуға бағыттап отыру 
6. Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау 
-оқушылар не алады? 
-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады? 
-өмірден алған тәжірибесінің әсері? 
-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар? 
-оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу 
-Психологиялық ахуал 
-тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу 
І. Қызығушылығын ояту Слайд1 
Психологиялық ахуал 
Мұғалім: Балалар көздеріңді жумыңдар, дала қап-қараңғы,бастарыңды жоғары көтеріңдер , нені елестетіңдер?(музыка ойнап тұрады) 30 секунд 
Мұғалім сұрақ: көз алдында нені елестетіңдер? Флипчартқа суретін салыңдар. Уақыт (2 мин) Слайд2 
-Шағын топта салған суреттеріңе шағын әңгіме құрастырып айтыңдар 
/9 мин / 
Слайд 3 
-Филипчартты әр топ ұстап тұрып қорғайды, жазған әңгімелерін оқиды 


Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер 
-еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды? 
Мағынаны ажырату сатысы (жаңа ақпарат) 
-оқушыларды белсене қатыстыру 
-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқы-сын жасай білу қабі-леттерін жетілдіру жолдарын беру) 
-оқушылармен бірлесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу 
-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу 
Толғаныс 
-әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту 
-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу 
-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету 
ІІ. Мағынаны тану 
! Тапсырма - Слайд 3 
Сөздікпен жұмыс: 
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңдар.Оқулық 199 –бет 
(Мұғалім әр балаға сөздікпен жұмысты таратады 25 шт) 
...... - аспан денесі. 
...... – уақыт өлшемі, он екі ай бар. 
...... – Солтүстік Африкадағы мемлекеттің астанасы. 
...... – Араб Египет Республикасының астанасы 
...... ның астанасы –Гавана 4 мин 
-Оқулықпен жұмыс 
 -Ай кімдікі? Өлеңін жеке оқиды. (4мин) 
Дарынды баламен жұмыс: 
Айға қатысты қандай тыйым сөздер білесің? Дәптеріңе жаз 
-Оқушы мәнерлеп оқып береді. 1 мин 
өлеңнен алған мәліметтерді ауызша өз ойларын айтады 
-Сергіту сәті: Бұлттар. (Электрондық көз жаттығу) 
«Айға жету» (мұғалім ойын түрінде өткізеді. Жаттығу) 2 мин 
Cұрақ: Ай адамға керек пе? Жоқ па? 
Оқушылар ойын айтады 
-Мұғалім мәтінді баяндайды, суреттер көрсетеді (слайдтар 10-14) 
(Балаларға мәтінді таратады, балалар оқып отырғанда фломастерлерін ауыстырып қояды) 
........................................................... тақырыптың орны /25 шт шығару керек/ 
Қазақтың керемет дәcтүрлерінің бірі – Айға сәлем беру. Жаңа Аймен бірге жаңа кезең, жаңа өмір басталады, соған орай табиғат құбылыстары да өзгеріп отырады. Біз түнде айды көреміз. Ай болса далада түнде жарық болады. Ай жерге жақын сияқты, бірақ шынында, ол жерден 384000 км алыста. Айда тым-тырыс, онда қозғалыс жоқ. Айда таулар бар. 
Тапсырма: 1. Жеке оқы/4 мин / 
2.Топта талқылап, филпчартқа қосып жаз /4мин 
(рефлексия) 
-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру 
-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу 
жауап шешімі осыған байланысты жұмыс-тар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру 
3. Сыныпта қорғау /10 мин/ әр топтан 1 бала тұрып айтады 
ІІІ. Ой қорытынды 
Сонда біз бүгін не туралы өттік? Тақырып не болды? (Оқушылардың ойын сұрап, сыныппен ақылдасып тақырыпты табамыз.) 1 мин 
Бүгінгі тақырыбымыз «Ай» 
( Жоғарыдағы тақырыпты жазу бос орнына тақырыпты қоямыз) 
Бағалау (түрлері) 
-оқушының өзін-өзі бағалауы 
-топтың өзін-өзі бағалауы 
Бағалау: /2мин/ Өзін-өзі және достарын бағалау парағы 
Оқушының аты-жөні 
Топта сөйлеп, идея айтқанды-ғын бағала 
Белсенділігін бағала 

1 

2 

3 

4 

-сабақты қалай аяқтауды жоспарлау 

Сабақты аяқтау түрлері 
-үйде жалғастыру... 
Слайд 6/2 
Үйге тапсырма жазып ал 
«Менің айға сапарым» атты ертегі құрастырып жазу 
/1 мин/ 
Үйге де айға қатысты тапсырма бердім. 

45 мин. Сабақтың соңы 
Сабақ барысын ұйымдастырудағы қосымша іс-әрекеттер немесе сабақ бойынша өзгертулер 
-оқушы алған білімінің деңгейін қандай дәлел арқылы білуге болады? 
- оқушының білмегенін жеткізе аламыз ба? 
-мүкіндіктер мен уақыт жеткілікті болды ма? 
Оқушы жаңа материалды түсінді деп ойлаймын. Себебі, олардың белсенділігі жақсы болды, өз ойын анық айта алды. Тек уақыт аздау болып кетті. Себебі, оқушылар жаңа материалды оқып, флипчартқа жазу үшін көп уақыт кетіріп алдым. Келесі сабақта уақытты тиімді пайдалануға тырысамын. 
-
Қандай әдіспен олардан топ құрамын? (білім деңгейі, өз қалаулары, өзара үйрету топтары) 
Сабақтың басында оқушыларға геометриялық фигураларды таңдап алуын ұсын
амын. Фигуралар арқылы топтарға бөлемін. Геометриялық фигураларды алған себебім әр сабақта математика пәнімен байланыс жасап отырамын. 
Кері байланыс парағы
на  стикерлер жапсыртуды көбірек пайдаланамын.
№ 1 –сабаққа болжау. 2-сынып. Әдебиеттік оқу пәні. Тақырыбы: «Ай кімдікі» Ең бірінші жоспарлайтын сабағым 2-сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен, «Ай кімдікі» тақырыбы болды. Алдыма қойған мақсатым: «Ай туралы не біледі? Ай туралы ұғымды қалыптастыру, оқушы алған білімі өзінің дамуына әсер ету, өмірде, адамдармен қарым - қатынаста қолдана алу» 
«Ай кімдікі» тақырыбына сабақ жоспарын құру өте қиын болды. Осы тақырыпқа кіру үшін қандай іс- әрекет жасасам дұрыс болатын еді? Ай тақырыбына қалай сабағымды бастасам деген сұрақ жарты күн мені мазалады. Айдың суретін көрсетсем ше? Жоқ. Ол дәстүрлі сабаққа айналып кетеді ғой. Көп ойланып, шешімін тапқан сияқтымын. Мен осы тақырыпқа кіру үшін музыка қойып, «балалар көздеріңді жұмыңдар, бастарыңды жоғары көтеріңдер. Нені елестетіңдер?» деген тапсырма бердім. Балалар ай мен жұлдыздарды елестеткендерін айтады. Одан кейін жаңа материалды, яғни мәтінді таратсам. Балаларды топпен жұмыс істеуге үйретуім керек. 
Балалар өздері жеке оқып шығады, әр бала нені оқығанын түсінуге тырысады ма? Әлде оларды қызықтырмайды ма? Одан кейін қасындағы отырған баламен өз ойын айтып, ақылдасуға бағыттасам. Мәтінді топқа салып талдатамын. Яғни, балалардың барлығы бір ойға келуіне ықпал жасауым қажет. Түсінгенін флипчартқа жазып, қорғауға бағыттау керекпін, балаларға бағыт бере білуім керек, қолымнан келеді ме? Жоқ па? Балалар белсенді жұмыс істеу үшін қалай оларға әсер етсем? Қандай іс әрекет жасасам? Сабақта уақытты да үнемдей білуім қажет. Балаға тапсырма бергенде қайта-қайта ескерту жасамауға өзімнің үйренуім керек, баланың мазасын алмауға тырысамын. Мен шыдамдылыққа үйренуім керек. Шыдамды болу маңызды екенін ұмытпауым керек. 
Мен, балаға сұрақ қойып, ойлануына уақыт беруге тырысамын, қате жауап берсе, ол бала кейін өз қатесін өзі түсінуіне үйретуім керек. Өз-өзіне баға беруге үйретсем деймін. 
2«Білім берудегі басқару және көшбасшылық білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алуы керек деген тұжырымға саяды. Бағдарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау нәтижесінде мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатынына негізделеді. Көшбасшылық Бағдарламаның өн бойында мұғалім еңгізетін өзгерістер тарапынан қарастырылады» (мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 14-бет). Мен білім берудегі басқару және көшбасшылықтың нәтижесінде өзгерістерге мұғалім ықпал етуі керектігін түсіндім. Мен сабақта өзім тек қана бағыттаушы, бақылаушы болуға тырысамын. Яғни, балаларға сөйлеуге, өз ойын айтуға мүмкіндік беремін. Балаларға тапсырманы беремін де, бақылаймын. Қатыспай отырған оқушымен қандай тапсырма беруге болатынын ойланамын. Балаларды қалай оқытамын? деген сұраққа жауап алу үшін, өзім үнемі ізденемін, ойланамын, қолданамын, бақылаймын, үйренемін, өзгеремін. 
2 сынып әдебиеттік оқу кітабында Ай кімдікі? өлеңінен кейін 199-бетте сөздікпен жұмыс берілген, мен сөздікпен жұмысты балалардың өз бетімен орындауына берсем. Балалар өздері сөздердің мағынасын түсініп, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді тауып жазса. Яғни, жеке жұмыс істеуге үйретсем. Ары қарай оқушылар өлеңді мәнерлеп оқып, түсінгенін айтса, мен флипчартқа айтқандарын жазып аламын. Яғни, рефлекция кезіндегі оқушылар өз айтқандарының қате немесе дұрыс екеніне көздерін жеткізуім керек, және мен олардың қандай деңгейде жауап беретінін көргім келеді. Мәтін таратамын, жаңа мағлуматты өздеріне оқытып, топпен талқылап, флипчартқа алған мәліметтерін жаздырамын. Яғни балалардың өздеріне білім алуына бағыттаймын. Мен бұрыңғыдай тақырыпты түсіндіріп, айтып бергеннің орнына, олар өздері оқып түсінсе екен деймін. Түсінгендерін бір-біріне айтып үйретсе, топпен жұмыс істеуге үйренсе. Балаларға өз ойын еркін айтуға мүмкіндік беремін. 
Сабақтың соңында сабақтың тақырыбын балалар өздері айтса. Мен жаңа мәліметтерді алмай тұрып айтқан ойларын флипчарттан + қою арқылы балалардың ойы дәлелденеді. Олар өзіне өзі баға беруге үйреніп, өз қателерін түсінуіне ықпал етуім керек. 
Бағалау: Өзін - өзі бағаласа және достарын бағалауға үйретемін. 
Ең соңында кері байланыс жасаймын. Жаңа тақырыпты қаншалықты түсінді? Осыған байланысты сабақ ұнады ма? Жоқ па? деген сұрағыма жауап аламын. 
Сабақ өткізгеннен кейінгі рефлективтік есеп. 
Мен, осы курстан кейін, жеті модульді түсіндім, өз тәжірибемде қолдандым, көп нәтижеге жеткеніме сенімдімін. Мінсіз оқушы жасау менің қолымда, ол үшін жеті модульді толық меңгеруім керек және көп жұмыс істеу керектігіне көзім жетті. Осы курстан көп жаңалық алып, өзгергенімді байқадым. Әрине қиыншылықтар өте көп, дегенмен қиындықтарды жеңе білуге үйрендім. Барлығы әр адамның өзіне байланысты екенін түсіндім. 
 Өз өзіне баға беруге үйреттім. Себебі, мен күнделікті іс- әрекетіме баға беруге үйрендім. Бұрын мән бермеген едім. Балалардың өздеріне білім алуына бағыттадым. Балалар түсінгендерін бір-біріне айтып үйренді, топпен жұмыс істеуге үйренді. Балаларға өз ойын еркін айтуға үйренді. Ойлануға үйренді. Сабақта белсенді жұмыс істе
й алуға дағдыланды. Сабақта бала білімін бағалау да өзгерді. Жұппен бағалатамын. Бағалау кезінде жұлдыз, төртбұрыш, үшбұрышты бояу арқылы бағалаттым. Яғни белсенді қатысқан балалар жұлдызды бояу керек т.с.с. Бағалаудың өзгеше түріне балаларды үйретсем, өздерін, достарын бағалауға үйретсем деп ойлаймын. 
Кері байланыс жасаймын. Балалардың ойын білгім келеді.  Кейде топқа қосылмай қалған балаға жеке тапсырма беруді ескеретін болдым. Яғни ол баланы топқа қосу үшін, ынталандырдым. Балалар тапсырманы орындаған кезде жеке ойланды, өз ойларын айтты. Қорытынды жасалды. Осы тапсырмалардың барлығы, жаңа тақырыпқа сәйкес, сымбатты өсу үшін спортпен айналасу керек, еңбек ету керек, уақытты дұрыс пайдалану керек, яғни күн тәртібін сақтау керектігін, мақал мәтелдер арқылы қорытындылап, бір ойға келді. Әр бала өз деңгейінде жауап берді. Кейде балалардың деңгейін бір сұрақ қою арқылы анықтауға болатынын байқадым. Ал балалардың көбі топпен жұмыс істегенде бір-бірінен көп нәрсеге үйренетінін байқадым. Әрине баланы ойландыратын сұрақ қоюға тырыстым 
«Мен өсем» тақырыбын өткенде, сымбатты болып өсу үшін не қажет? Деген сұраққа әртүрлі пікірлер айтылды.
Ақерке «еңбек ету керек» деді, Ажар «спортпен шұғылдану керек» деген пікір айтты. Айша «кітап оқу керек» деді. Пікірлер әртүрлі болғандықтан, мен балалар барлықтарың дұрыс айттыңдар, енді осыдан қандай пікір шығаруға болады? деп венн диаграммасын слайдта көрсеттім: спорт және еңбек сөздерін бердім. Балалар ақылдасып, ортақ қасиеті адамға пайдасы екенін айтты. Жаңа әдіс-тәсілдермен қатар, АКТ- ны кеңінен пайдаландым. Әрбір сабағымда суреттерді слайд арқылы көрсеттім, кесте, венн диагараммасын, аудио, тұсаукесерлер, мультфильм. Өз сабағымдағы балаларды бақылау мақсатымен видеоға сабағымды түсірдім, яғни видеокамераны кеңінен пайдаландым. Балалардың іс-әрекеттерін фотоға түсіру мақсатымен, фотоаппаратты пайдаландым. «Спорттың пайдасы» мультфильмін көрсетіп, талдады. Балалар сабақта түсінгені мен осы мультфильмді көріп, салыстырып талдауға үйренді. 
Рефлексия кезінде: Мысалы, «сымбатты болу үшін спортпен айналысамын», «мен күнде футбол ойнаймын ғой», «ал мен анама көмектесемін» «ол үшін таза жүру керек» деген сияқты өте көп ой, пікірлер айтылды. Балалар не туралы өттік қорытынды жасады. Спорттың, еңбектің пайдасы туралы өз ойларын айтты. 
Бағалау: Әрбір сабақтағы іс-әрекеттеріме балалар қызығушылықпен қарады. Тіпті бағалауды өздері жасайтынына таңқалды. Мұғалім неге сіз баға қоймайсыз? деген сұрақтар қоя бастады. Бағалаудағы байқағаным, бала өз өзін бағалауда да ойланды. Бірінші күні қиналған балаларды көп байқадым. Мысалы, Алимжан өзіне бірден бес қойды, барлығын бағалағаннан кейін, өз бағасын қайта төртке түзеді. Неге бағаңды түзедің? деген сұраққа, мұғалім мен тақырыпты түсіндім, бірақ мен айтқан ойымды басқалары тыңдағысы келмеді деді. Мен бұл балаға сабақта қолдау көрсету керектігін түсіндім. 
Ұсыныстар: 
Осы курсты өткізуді жалғастырса, барлық мұғалімдер де біз сияқты, осы курстан үйренсе. 
Мектептегі балалардың барлығын осы жаңа әдіспен оқытсақ, өте үлкен нәтижеге жететін едік. Балалардың бір-біріне деген қарым- қатынасы да өзгеретін еді. 
Әріптестерім де біз жеткен жетістіктерге жеткенде нәтижесін көріп, үйренетін еді. 
Жалпы оқушыларымыз, өзіміздің баламыз, әріптестерім өзгеретін еді. Бұл келешек өмірде өте маңызды. Көп жетістіктерге жетудің тек қана тиімді жолдарының бірі емес және үлгі мен өнеге. 
Қорыта келе, жеті модульді жеткілікті білу, мақсатыма жету, сабақты жоспарлау кезеңі өте жауапты екенін түсіндім. Сабақты жоспарлағанда әрбір іс-әрекеттерімді дұрыс ойлауым керек. Мен осы курстан өте көп қажетті дүниелерді: теория, практика, жеті модуль, жақсы жаққа өзгерістер, мәдениеттілікке, шыдамдылыққа т.б үйрендім, алдым. Өзім осы курсқа келгеніме ешқашан өкінбеймін. Өзгеруге дайынмын. Келешекте сабақты жоспарлауды, жақсы өткізуді толық меңгеріп, үйренсем, нақты шебер ұстаз болар едім! Тек сәттілік болып, өз мақсаттарыма жету үшін көп еңбек етуге дайынмын! Осы курсты ұйымдастырушыларға,  алғысым шексіз!

   

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: Курстан кейінгі есеп"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Дефектоскопист

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Жаңаша курс. Қандай курс? Не туралы? Алғашқы «Бетпе-бет» кезеңінде сан түрлі сұрақтар қай мұғалімді болсын мазалағаны белгілі.  Осы жағдай мені де ойландырды.Бірақ бес жетілік оқу барысында курс мазмұнымен,мақсатымен білімді куратор арқасында жақсы таныстық деп айта аламын.Үш айлық курсты толық аяқтап,сертификат алғаннан кейін жүктелген жауапкершілік үлкен екенін сезіндім. Бірінші кезеңде 7 модульдік бағдарламаның заман талабына сай жаңа әдіс- тәсілдер арқылы оқу үрдісін өзгерту шарт екеніндігін түсіндім. 
      Теориялық білім алу барысында күнделікті неге? сұрағына жауап алу үшін көп ойландым, әріптестерімнен сұрадым, теорияны оқыдым, мұғалімді мұқият күнделікті сабақта тыңдадым. Мұғалімнің әрбір сабақта істеген іс әрекеттерін дәптеріме жазып отырдым. Әр сабақ күн сайын жаңарып, біліміміз кеңейе түсті, әр сәтті тиімді өткізе білдік. Осылай алғашқы кезең қалай өтіп кеткенін де байқамай қалдым. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 445 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.03.2015 6708
    • DOCX 29.8 кбайт
    • 28 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Баймухамбетова Риза Камешовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Баймухамбетова Риза Камешовна
    Баймухамбетова Риза Камешовна
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6832
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 298 человек из 61 региона

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 236 человек из 59 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 29 регионов

Мини-курс

Мастерство PowerPoint: систематизация, интерактивность и эффективность

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1145 человек из 82 регионов

Мини-курс

Общая химия

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методика поддержки физкультурно-спортивной деятельности для людей с ограниченными возможностями здоровья

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе