Инфоурок / Обществознание / Конспекты / Тақырыбы: «Мен жақсы ата-анамын ба?»
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям рекомендуем принять участие в Международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

СЕГОДНЯ (15 ДЕКАБРЯ) ПОСЛЕДНИЙ ДЕНЬ ПРИЁМА ЗАЯВОК!

Конкурс "Я люблю природу"

Тақырыбы: «Мен жақсы ата-анамын ба?»



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Тақырыбы: «Мен жақсы ата-анамын ба?»


Мақсаты: Ата – аналардың мінез – құлық қасиеттерін анықтау. Көңіл – күйлерін көтеру.


Керекті құрал – жабдықтар: қаламсап,үнтаспа,қалпақтар,доп.


Ұйымдастыру кезеңі: Тренингтің тақырыбы мен мақсатын хабарлау.


Тренинг ережелері: 1. Бірін – бірі сыйлау.

2. Ұзақ сөйлемеу.

3. Көңілді болу.

4. Тыңдай білу.

5. Түсіністік қарым – қатынас.


1.«Танысу». «Қай елдің амандасуы ұнайды?». Әркім өзіне ұнаған елдің амандасу рәсімін көрсетіп амандасып шығады.


2. «Жануарлар әлемі».


Мақсаты: Ата – аналардың мінез – құлықтарын анықтау.


Шарты: Бірнеше жануарлардың арасынан әр адам өздерінің көңіліне жақын жануарларды тандап алып,сипаттама береді.


3. «Айдаһар» ойыны.


Мақсаты: Ата- аналардың шапшаңдық, қимыл – қозғалыс дағдыларын қалыптастыру,көңіл – күйлерін көтеру.


Шарты: Барлығы шеңбер бойымен тұрады. Алдындағы адам басы болып белгіленсе,соңындағы адам құйрығы болады. Басы құйрығын ұстап алуы қажет,ал құйрығы ұстатпай қшып құтылуы керек.


4. «Арқаға жазу» әдістемесі.


Мақсаты: Ата – аналардың қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту.


Шарты: Екі – екіден жұптасып бір – бірлерінің арқасына саусақпен әріп немесе сан жазу.


5. «Релаксация». Тренингке қатысушылар ыңғайланып, көздерін жұмып жайғасып отырады. Баяу әуен қойылады, мәтін оқылады. Соңында алған әдістерімен бөліседі.


Оқылатын мәтін:


Әркімнің өз туған жері ауылы бар. Сіз сол ауылға саяхат жасаңыз. Өзіңіздің үйіңізді,ауылыңызды,есік алдындағы тал,гүлдер,әр түрлі заттарды көз алдарыңызға елестетіңіз. Мектепке барар жол,сіз қорқатын көршінің иті,ирелеңдеген қиыршық тастарға толы көше бәрін – бәрін еске алыңыз.

Ауылыңызды жайлап есіңізге түсіргеннен кейін,ауылдың сыртына қарай шығыңыз. Сіздің алдыңыздан қатарласа өскен биік талдар,кең жазық дала,көк шалғын шөп,алыстан мұнарланған тау менмұндалап тұр. Далада әр түрлі гүлдердің хош иісі анқиды. Кең жазира даланың таза ауасын тоймай жұтып келесіз. Алдыңыздан самал жел еседі. Енді шаршасаңыз отырыңыз,немесе жатыңыз,болмаса жас балаша аунап – қунап алыңыз.....

Біраз демалып болсаңыз, тұра қалып жүгіріңіз.......Қайтадан шалқаңыздан жатып көк аспанға қараңыз. Әдемі ақша бұлттар неше түрлі бейнеге еніп көшіп барады. Бірде әдемі қыздың,бірде балықтың,бірде кәрі шалдың бейнесі. Бұлтттардың арасынан сығалаған күн өз нұрын тас төбеден шашып тұр. Сіздің көңіл – күйіңіз өте көтеріңкі. Бұндай көңіл – күй біраз уақыттан барі сізде болмаған. Ұзын шөптер табанынды қытықтайды. Орныңыздан тұрып, денеңізді созып,керіліңіз. Көк аспанаға қарап, өзіңізге жақсы тілек тілеңіз........Тілегіңізді айтып болсаңыз,біраз сергісеңіз,ауылға қарай бет алыңыз. Алдыңғы сәтте өзіңіздің көз алдыңызға елестеткен көшеңізге кіріп келесіз. Бойыңыздан ауыр жүк түскендей болып,сағынышыңыз басылып,көңіл – күйіңіз көтеріліп,дем алсаңыз,көзіңізді жайлап ашып,топқа оралыңыз.


6. «Мен бәріненде жақсы істей аламын» әдістемесі.


Мақсаты: Ұжым арасында өзін топтың бір мүшесі ретінде сезінуін қалыптастыру.


Шарты: Допты ұстаған адам өзінің нені күшті жасай алатындығын топ алдында айту.


7. «Жағдаяттар» әдістемесі.


Мақсаты: Ата – анларды әр түрлі мәселелерді шеше білуге дағдыландыру.


Шарты: Түрлі сұрақтар жазылған бланкі таратылады. Әр ата – ан өз шешімін айтады.


Жағдаяттар сұрақтары:


1.Балаңыздың өнері ,қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса не істер едіңіз?

2.Баламен сөйлесе білуде өнер. 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мыс: түн неге қараңғы,күн қайда кетті,ұшақ қайда ұшады..... деген таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңызда осындай сауалдар көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба,әлде елеусіз қалдырасыз ба?


3. Сіз балабақшада тәрбиешілерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата – аналардан да « біздің баланы ұрады» деген сөз естуге тура келді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?


4. Кейбір ата аналардың баласының әрбір істеген іс – әрекетіне көңілі толмай: «Сен істей алмайсын, сен сала алмайсың»,- деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс – әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?


5.Балаңыз тәрбиеші апайымен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтамыз?



8. «Сиқырлы шам» .


Мақсаты: Ата –аналардың қарым – қатынас деңгейін дамыту. Жақсы көңіл – күй қалыптастыру.


Шарты: Педагогтардың барлығы орнынан тұрып, бір – бірлеріне шамды ұссыну арқылы,тілектер айтады.


Тренинг қорытындысы: Алдын - ала дайындалған арнайы бланкіге тренинг жайлы өз ойларын, ұсыныс, пікірлерін жазады. Кеңестер таратылады.












Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

Тақырыбы: «Мен жақсы ата-анамын ба?»

 Мақсаты: Ата – аналардың мінез – құлық қасиеттерін анықтау. Көңіл – күйлерін көтеру.

 Керекті құрал – жабдықтар:  қаламсап,үнтаспа,қалпақтар,доп.

 Ұйымдастыру кезеңі: Тренингтің тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

 Тренинг ережелері: 1. Бірін – бірі сыйлау.

                                   2. Ұзақ сөйлемеу.

                                   3. Көңілді болу.

                                   4. Тыңдай білу.

                                   5. Түсіністік қарым – қатынас.

 1.«Танысу». «Қай елдің амандасуы ұнайды?». Әркім өзіне ұнаған елдің амандасу рәсімін көрсетіп амандасып шығады.

 2. «Жануарлар әлемі».

 Мақсаты: Ата – аналардың мінез – құлықтарын анықтау.

 Шарты: Бірнеше жануарлардың арасынан әр адам  өздерінің көңіліне жақын жануарларды тандап алып,сипаттама береді.

Общая информация

Номер материала: 471611

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>