Тақырыбы: Тұманбай ақынның тұмадай жырлары(Ақын Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 80 жыл толуына орай)

Предпросмотр материала:

                        Тақырыбы: Тұманбай ақынның тұмадай жырлары(Ақын Тұманбай

                                                      Молдағалиевтің туғанына 80 жыл толуына орай)

Тәрбие сағатының мақсаты:    Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы айта мәлі-

                                                    меттер бере отырып,оның  әртүрлі тақырыпта

                                                    жазған өлеңдеріне шолу жасау.

                                                    Ақын өлеңдерін жатқа оқу арқылы оқушыларды мәнерлеп

                                                    оқуға төселдіру,тұлғаны дамыту,ойлау қабілеттерін         

                                                    кеңейту

                                                    Оқушыларды табиғатты сүюге,қадірлеуге,ананы,әкенің

                                                    қадір-қасиетін ұғындыруға,достың қадірін білуге тәрбиелеу

                              Көрнекілік   интербелсенді тақта,слаидтар,буклеттер,шығармалар

                                                    жинағы.

Тәрбие сағатының барысы

1.Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын өзіне аудару.

   Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Мектебімізде елімізге белгілі ақын-жазушылардың мерейтойлары аталып өтілуде,Бүгін 5б-сыныбында Тұманбай Молдағалиевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Көктем менің шын анам»атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер демекпіз.

Жаз өмірін,мәз өмірін қысқартып,

Бара жатыр,бара жатыр құс қайтып

Зымырайды-ау менің бала кезімдей

Бір жалт етіп, өте шыққан сезімдей,-

деп жырлап өткен деп ақын жырлағандай өз өміріне тоқтала кетсек.

   Ол 1935 жылы 20 наурызда Алматы облы­сы­ның Еңбекшіқазақ ауданындағы Жарсу ауылын­да туған. 1956 жылы Қазақ мемлекеттік универ­ситетінің филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер болудан бастады.

 1956-1959 жж. «Пионер» журналында әде­б­и қызметкер,

 1959-1971 жж. «Жазушы» баспа­сында редактор, аға редактор болған.

 1971-1973 жж. «Балдырған» журналында жауапты хатшы,

 1973-1984 жж. «Жалын» альманахында бас ре­дак­тор,

 1984-1986 жж. Қазақстан Жазушылар ода­ғы басқармасында хатшы болып қызмет жа­саған.

 Өмірінің соңына дейін «Балдырған» жур­на­лының бас редакторы болып жемісті еңбек етті.

     «  Өзі туралы сыр»(  оқитын Балтабаева Жанбота)

    «Мен тудым кең далада еркін өстім»(оқитын Имағанбетов Қабыл)

     «Көктем менің шын анам»(оқитын Азбергенова Аружан)

 

Мендегінің бәрін ал да,

Өз барыңды маған бер.

Ұтылмаймыз біздер сонда,

Қасиетті туған жер!

     « Туған жерге»( оқитын Қожагелдина Сәуле.)

Талай жүйрік ақындар бар ғой керім,

Өнер үшін ағызған маңдай терін.

Топтан оқшау шыға алмай қысыламын,

Достарымның бәрі ақын мен қайтемін,-

    деп ақын туралы естеліктерге зер салайық.

(Тұманбай туралы айтқан ақын-жазушылардың естеліктері слаидтан көрсетіліп айтылады).

« Арманмен көңілімізді асырадық»(оқитын Азбергенова Аружан)

    Ән «Жан досым орындайтын Нұрболат,Сәуле,Аружан)

 

Балалар қазақ деген қандай халықпыз?(бауырмал,барын қонаққа беретін

қонақжай екенбіз).Қазақ ұлты жөнінде ақын

«Бара қалсаң қазаққа...»(оқитын  Мақсатқалиева Аяулым)

 

Адам жанған сексеуілге ұқсайды,

Бар қызуын беріп барып сөнеді.

Күз келсе де көнеді,

Қыс келсе де көнеді,

Бар қызуын беріп барып сөнеді.

деп ақын Тұманбай атамызға арналған «Көктем менің шын анам»тақырыбындағы тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз.

 

Краткое описание материала

Тақырыбы: Тұманбай ақынның тұмадай жырлары(Ақын Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 80 жыл толуына орай)

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Бурханова Ильмира Тлеубайкызы

учительница

  • На сайте: 11 лет и 1 месяц
  • Всего просмотров: 69541
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 6
  • 69541
    просмотров
  • 6
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Бурханова Ильмира Тлеубайкызы.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~3200

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: