Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыТақырыбы: «Тоталитарлық режимнің орнауы, саяси репрессия»

Тақырыбы: «Тоталитарлық режимнің орнауы, саяси репрессия»

Скачать материал

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ, ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ

ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

 

 «БЕКІТЕМІН»

Директордың оқу –әдістеме

 істері жөніндегі орынбасары

________ А.Қ.Мамбетова

«___»______2015ж

 

 

 

Ашық сабақ

 

Тақырыбы: «Тоталитарлық режимнің орнауы, саяси репрессия»

 

 

 

Тобы: Д-142/б

Оқытушы: Ұ.О.Абзелова

 

Пәні:   Қазақстан тарихы

Тобы:   Д-142/б, Д-131 2-курс

Күні: 24.04.2015ж.

Тоталитарлық режимнің орнауы, саяси репрессия

Сабақтың мақсаты

Білімділігі: Сталинизмнің орнығуы, жазалау шаралары. Халық  қасіреті. Қазақстан – лагерьлер өлкесі. Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстанда салынған еңбекпен түзеу лагерьлерінің тарихына шолу жасау.

Дамытушылығы: оқушылардың шығармашылықпен іздену арқылы олардың философиялық ойлау қабілетін жетілдіру, өз ойларын жеткізудегі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Тәрбиелігі: оқушылардың отаншылдық сезімін арттыра отырып, қиындыққа төзе біліп, болашаққа деген сенімдерін жоғалтпауға тәрбиелеу.

 Сабақтың типі: топпен жұмыс

Сабақтың әдісі:

1.Оқумен жазуды сын тұрғысынан ойлау технологиялары

2.Сатылай кешенді талдау технологиясы

а) «Миға шабуыл» стратегиясы

ә)   Аптаның жеті күні

б) Ақпараттық технология

Сабақтың көрнекілігі:Қазақстанның  картасы, КарЛАГ картасы, қазақ зиялыларының суреттері, слайд шоу.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, география

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралын тексеріп түгендеу

Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Алдын ала берілген тақырып бойынша топтарға бөлініп  слайд, баяндамаларын қорғайды.(15-минут)

а) «Миға шабуыл» стратегиясы бойынша сұрақтар:

1.Индустрияландыру сөзінің мағынасы, индустрияландыру бағыты партияның  қай сьезінде. Қашан белгіленді?

2.Қай бес жылдық жоспармен тұспа-тұс келді?

3.Индустрияландыру бағыты неден басталды?

4.Ф.И.Голощекин өлкемізді басқарған жылдар және ұстанған бағыты?

5.Голощекин бағытына қарсы шыққан қоғам қайраткері?

6.Қазақ халқын орны толмас қасіретке ұшыратқан қызыл жендет?

(Ф.Голощекин)

7. «Голощекиннің саясаты бірден-бір дұрыс саясат»-деп айтқан кім?

(И.В.Сталин)

8. 1932-1933 жж. Ашаршылық құрбандарына ескерткіш монуметі қай қалада тұрғызылды? (Астана)

9.Аштық туралы мәліметтер келтірілген қай кітапта? (Қызылдар қырғыны)

10.Тарихшы Талас Омарбеков мәліметі бойынша 1930-1933 жж. аштықтан қанша адам қырылған?

(2 млн.200 мың адам)

11.Геноцид деген не ? (Ұлтты түбірімен жойып жіберу)

12.Ашаршылыққа кім кінәлі деп ойлайсың? (Сталин саясаты, Голощекин-орындаушы)

13. «Асыра сілтеу болмасын ,аша тұяқ қалмасын» кімдердің ұраны? (Голощекиндік солақай саясаттың басты ұраны)

14.Ашаршылықтан бұрын халық саны? (4 млн. 850 мың адам)

15. Голощекиннен кейін қазақ даласына кім басшы болды? (Л.И.Мирзоян)

16. Күніне қазақ мыңдап өліп жатыр

     Тұқымы сағат сайын кеміп жатыр

     Өз  баласын өзі үйтіп, сираған жеп,

     Көр азабын тірідей көріп жатыр. Кімнің өлең жолдары? (І.Жансүгіров)

17.Аштық туралы слайд көрсету (3-минут)

Қазақ даласында аштық үш рет болды:

·  1921-1922жж, 

·  1931-1933жж,

·  1941-1945жж,соғыстан кейін

Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.

 

Үй тапсырмасын қорытындылау үшін төмендегідей сызба көрсетіледі

Р/с

Саяси партиялар мен ұйымдар

Құрылған  уақыты

Ұстанған бағыты

Төрағалары

1

Алашорда

1917 ж

Қазақтар Ресей құрамында автономия алуы тиіс

Ә.Бөкейханов

2

Үш Жүз

1917 ж

Кеңес өкіметін жақтады

К.Тоғысов

3

Большевиктер

(КОКП)

1903 ж

Ресейде және ұлт аймақтарында,Кеңес өкіметін орнату

В.И.Ленин

4

Эсерлер

 (социалист-революционерлер)

1900

-1902ж

Ұраны: Жер орны өңдейтіндерге берілсін

В.М.Чернов

5

Кадеттер партиясы:

(Конституцияшыл-демократиялық)

1905ж

Ресей конституциялық монархия болуға тиіс

П.Н.Милюков

6

Түркістан федералистер партиясы (тұңғыш мұсылман партиясы

1917 ж

Түркістан федерациялық Парламенттік республика болуы тиіс

Зәки Валидов

 

 

ІІІ. Жаңа тақырып. (сабақтың тақырыбы, мақсатын түсіндіру)

а) кездесетін термин сөздермен жұмыс:

Бюрократия- қоғам мүшелеріне белгілі бір артықшылықтары бар өкімет аппаратының көмегімен іске асырылатын басқару жүйесі, шенеулік билігі

Репрессия- мемлекеттің өз азаматтарына қолданатын қатаң жазалау шаралары.

Тоталитаризм-әрбір азаматтың, қоғам өмірінің барлық саласы мемлекет тарапынан толық бақылауға алынған мемлекеттің саяси құрылыс түрі.

ә) Топтық жұмыс. Ой дамыту (5-минут)

1.Тоталитарлық жүйенің орнауы;

2.Жаппай жазалау, Қазақстан –лагерьлер өлкесі;

3.  Қуғын-сүргінге ұшыраған зиялы өкілдеріміз;

б) Топтық тапсырмаларды қорғау (слайд арқылы тоталитарлық жүйенің жаппай жазалау, лагерьлер, қуғын-сүргінге ұшыраған зиялы өкілдердің суреттері)

     Мұғалімнің кіріспе сөзі

1930 жылға қарай елдің барлық жерінде социалистік қатынастар орнады. Жер фабрика, заводтар, ұжымшарлар мен кеңшарлар мемлекет меншігіне өтті. Өндіріс  құрал-жабдықтарына қоғамдық меншік орнықты. Елде 1936 жылдың 5 желтоқсанынада Кеңестердің Жалпыодақтық ҮІ төтенше сьезінде жаңа сталиндік Конститутция қабылдады. Ол бойынша КСРО – да бюрократиялық орталықтандыру орнықты. Социализм тоталитарлық казармалық сипат алды. Елде сталиндік саясат жүзеге асты. Жазалау органдарының қызметі күшейтілді. Осылайша жеке адам құқығы аяққа басылып, пікір айтқан, ұсыныс жасаған адам «халық жауы»  қатарына жатқызылып жазаланды. Сталиндік қуғын-сүргін  «геноцид саясаты»  осылай басталды.

1.Қазақстандағы екінші репрессия  1937-1938 жылдары жүргізілді. Себебі бұл жылдары бүкіл елімізде, әсіресе Мәскеу мен Ленинградта жаппай жазалау шаралары басталған еді. Соның ызғары Қазақстанғы  Қарағанды қаласына да келіп жетті. Өйткені Қарағанды еліміздегі  үшінші көмір ошағы аталды. Мұнда көптеген партия, мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар мен ақын- жазушылар жұмыс істеді. Соның ішінде деп слайд арқылы  сол кездегі қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларына тоқталамыз.

Мұғалім Ә.Бөкейхановтың өмірі мен қызметін сатылай кешенді талдау арқылы көрсетеді:

Есімі.Тегі: Ә.Н.Бөкейханов

Өмір сүрген кезеңі:1866-1937 ж

Туған жері: Жезқазған облысы, Қарқаралы уезі,Тоқырауын болысы

Әкесі-Нұрмұхамед

Анасы-Бегім ханым

Білім алған жері:

1) Омбы техникалық училищесі

2) Санкт-Петербург орман шаруашылығы

Ғылыми дәрежесі: экономист,әдебиеттанушы, тарихшы, этнограф.

Қоғамдық саяси қызметі:1) Ресей Мемлекеттің Думасының депутаты

2) «Алаш» партиясының төрағасы

3) «Алаш Орда» ұлттық автономиясының төрағасы

Жазған еңбектері: «Қазақ», «Сарыарқа», т.б. («Степной Край», « Голос степи», «Иртыш»т.б басылымдарда жарық көрген)

Алдына қойған мақсаты: Қазақтың ұлттық автономиялық мемлекетін құру қазақ елін өркениет төріне шығару.

Өмірінің соңы: 1937 ж 27.09. ату жазасына кесілді.

Ұрпақтары: қызы Елизавета, немересі Ескендір, күйеу баласы С.Садуақасов, ұлы Сергей

 

Есімі: Ахмет

Әкесі: Байтұрсын Шошақұлы

Анасы: Күңші Құлыбекқызы

Жұбайы:Бадрисафа Мұхамедсадыққызы

Балалары:Аумат, Қазихан, Шолпан

Қызметі:ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері

Туған күні: 5 қыркүйек 1872

Туған жері: Ақкөл (Сарытүбек) ауылы, Жангелді ауданы, Қостанай облысы

Азаматтығы: Қазақ елі

Ұлты: Қазақ

Қайтыс болған күні: 8 желтоқсан 1937 (65 жас)

Қайтыс болған жері: Алматы

Марапаттары:Қазақ халқының рухани көсемі, ұлт ұстазы

 

Тұрар Рысқұлұлы

Туған күні:26 желтоқсан 1894

Туған жері:Жетісу облысы, Верный уезі Шығыс Талғар болысы

Қайтыс болған күні:10 ақпан 1938 (43 жас)

Қайтыс болған жері:Мәскеу

Жұбайы:Әзиза Есенқұл Түбекқызы

 

Тұрар Рысқұлов – адам ретінде де, қоғам және саяси қайраткер ретінде де ерте есейіп, есімі жиырма жастан асар-аспас кезінде жұрт аузына ілініп, халыққа танымал болды. Ол Сталиндік-Голощекиндік «Кіші Қазан» бағытын жүзеге асыру нәтижесінде жаппай ашаршылыққа ұшыраған өз халқына ара түсіп шырылдады. Сталинге хаттар жазды. «Ұлы көсеммен» сөзге келіп, айтысқа түсті, оның диктаторлық ел билеу тәртібіне қарсы шықты. Нәтижесінде 1937-1938 жылдары бүкіл ел көлемінде орын алған үлкен террордың құрбаны болып кете барды.

Мағжан Жұмабаев – табиғат жаршысы, махаббат жыршысы. Оның бұл тақырыптардағы өлеңдерінің де негізгі тақырыбы тәуелсіздік. Ел тәуелсіздігінің жыршысы Мағжан ақынның өзі де 1937 жылы 30 желтоқсанда өз тәуелсіздігінен айрылып, қызыл қырғынның құрбандығына айналды.

Міржақып Дулатов – «Оян, қазақ!» бұл сөздің құдіреті де қасиеті де сол – осы отты өлеңнің жарық көргеніне ғасырдан астам уақыт өтсе де, сол қаныш тамшылаған өзекті күйінде қалып отырғандығы – бүгінде қазақ байтағын індеттей жайлаған бойкүйездік,  самарқаулық, жалқаулық, еріншектік – қысқасы ұлтымызды ұлық істерден кері тартып отырған барша кесапаттарды тап басып айта білген, содан арылуға үндейді, намысқа шақырады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.

 

2. Осы жазалау шараларын ұйымдастыру үшін Қазақстанда лагерьлер жүйесі құрылды. 1930 жылдың мамыр айында  КСРО Халық Комиссарлары  Комитеті  «Қазақстанда еңбекпен түзеу  лагерьін  құру туралы»  қаулы қабылдайды. Қазақстан картасында  Карлаг, Степлаг, Алжир т.б лагерьлер пайда болады.  Видеоролик арқылы  түсіндіру.

Слайд арқылы жеке – жеке тоқталу.

Сөзжұмбақ. «Қазақстан»

 

қ

 

 

 

 

 

 

 

а

 

 

 

 

 

 

 

з

 

 

 

 

 

 

 

а

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

қ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

с

 

 

 

 

 

 

 

т

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

а

 

 

 

 

 

 

 

 

н

 

 

 

 

1.Қазақстанның негізгі автохтонды тұрғындары? (қазақ);

2.Ақмоладағы Отанына опасыздық жасағандардың әйелдеріне арналғанлагерь? (АЛЖИР)

3. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов қандай өкілдер? (зиялы)

4.Қазақ Кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі, 1930 ж атуға үкім шығарылған жазушы? (Аймауытов);

5.Лагерьлер жүйесі көп шоғырланған қала? (Қарағанды);

6.Тіл білімінің негізін салушы, әдебиет, саясат, ғылым, журналистика салаларында мол мұра қалдырған кім? (Байтұрсынов);

7.Қазақстан қандай ел? (Тәуелсіз);

8.Лагерьлер бас басқармасы? (ГУЛАГ);

9. Қуғын-сүргін жылдарындағы өкімет басшысы? (Сталин).

 

 

 

 

 

 

 

Қ

 

 

 

 

 

А

 

 

 

 

 

 

 

З

 

 

 

 

А

 

 

 

 

 

Қ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

С

 

 

 

 

 

 

 

 

Т

 

 

 

А

 

 

 

 

 

 

 

Н

 

 

1.YIII ғасырда Қытай деректері қарлұқтардың құрамында болған тайпа? (Бұлақ)

2.Қыпшақ ру  тайпаларының ұраны (Ойбас)

3. Халқымыздың көшпелі шаруашылығына байланысты ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи әлеуметтік экономикалық категория (Жүз)

4.Орта жүз руы  (Найман)

5.Қимақтардың жоғары билеушісі (Қаған)

6.Белгілі бір халықты білдіретін ұғым: (Этнос)

7.Оғыз мемлекетінің орталығы : (Жаңакент)

8.Оңтүстік және Жетісу аралығынд мекен еткен тайпа (Қаңлы)

9. Қыпшақтар IY ғасырда қай тайпаның құрамында болған? (Ғұн)

 

 

 Ақпараттық технология бойынша .Елбасымыздың Бес бағытты реформа – елдік ілгерілеудің өзегі

Біріншіден  – экономикалық бағдарламалардың тиімді жүзеге асуын және мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсынуды қамтамасыз ететін заманауи, кәсіби және автономды мемлекеттік аппаратты қалыптастыру.

Екінші реформа – заңның үстемдігін қамтамасыз ету. Осы арқылы меншік құқығына кепілдік беру, соттардың тәуелсiздiгi арқылы экономиканың дамуына ықпал ететiн меншiк иесi құқығын сақталады, кәсiпкерлiк үшiн жағдай жасалып, келiсiм мiндеттерiн қорғауға кепiлдiк беріледі.

Үшінші бағыттағы реформа – экономиканы әртараптандыруға негізделген индустрияландыру және экономикалық өсім.

Төртінші реформа – бірыңғай болашақ ұлтын қалыптастыру. Шындығында, бүгінгідей аласапыран заманда қоғамда саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтау саясаты мейлінше маңызды. Бұл жолда Қазақстанның қалыптасқан өзіндік үлгісі де баршылық. Бірқатар ұлт өкілдері Қазақстанның ортақ шаңырағы астында бас қосып, бүкіл әлем үшін ынтымақ пен берекенің үлгісіне айналды. Қазақстан бейбітшіліктің ордасы ретінде әлемге кеңінен таныла бастады.

Реформаның бесіншісі – транспарентті және есепті мемлекет. Бұл бағытта Елбасы қазақстандық қоғамның өзгерістерге кезең-кезеңмен бейімделіп жатқандығын айтты. «Шындығында, әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, қуатты мемлекет қалыптастырып, либералды дамыған қоғам құру үшін елдің 40-50 жылды қамтитын тұрақты алға жылжуы қажет. Біз де соған бара жатырмыз. Мен ұсынған шаралар Қазақстандағы қоғамдық қатынастар жүйесін түбегейлі өзгертеді», - деді Мемлекет басшысы.

Тәуелсіздікті алу үшін қандай қажыр-қайрат керек болса, оны баянды ету үшін одан да зор қажыр-қайрат керек. Кейінгі ұрпаққа кемел Қазақстанды табыстау – бәрімізге ортақ парыз. Біз әлемдегі ең мықты 50 елдің сапына еркін қосылып, енді ең қуатты 30 елмен иық тірестіру жолына түстік. Біздің ашық аспан астында ештеңеге теңгермейтін бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан! Бізге ХХI ғасырда бағдар болатын бір ғана стратегия бар, ол – «Қазақстан-2050»! Баршамызды ерен істерге жетелейтін бір ғана ұлы мақсат бар, ол – Мәңгілік Ел!

 


1. «Алаш париясының» Жетісу облыстық съезі қашан болды.

А) 1917 ж сәуірде

В) 1917 ж ақпанда

С) 1917 ж наурызда

Д) 1917 ж желтоқсанда

Е) 1917 ж қырқүйекте

2. «Үш жүз» партиясының мақсаты.

А) Алашордашыларға қарсы күрес

В) Қаз АКСР-ін құру

С) Көп әйел алушылық пен қалың малға қарсылық

Д) 8 сағаттық еңбек күнін енгізу

Е) Міндетті және жалпыға бірдей ана тілінде бастауыш білім беру.

3. 1917 ж Ақпан төңкерісінің тарихи маңызы.

А) Патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді.

В) Қазақтарға жерін қоныстанушылардан алып берді.

С) Шетелге босып кеткен халықты қайтарды.

Д) Экономиканы жоспарлауға көшірді.

Е) Оппозициялық күштерді дамытты.

4. Орынбордағы Жалпы қазақ съезі өткен уақыт.

А) 1917ж.21-26 шілде.

В) 1917ж.4-12 мамыр.

С) 1918ж. 21-27 қыркүйек.

Д) 1918ж. 1-3 тамыз.

Е) 1917ж.17 сәуір.

5. Алаш партиясының мүшелері:

А). С.Торайғыров; Ш.Құдайбериев.

В) С.Сәдуақасов; Т.Рысқұлов

С) С.Сейфуллин; М.Жұмабаев.

Д) Б.Майлин; І.Жансүгіров.

Е) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс.

6.Уақытша үкімет қайсы топтың әлеуметтік мүдессін қорғады.

А) Буржуазия

В) Жұмысшылар

С) Солдаттар

Д Шаруалар

Е) Барлығы

7. Жетісу облысының уақытша үкіметінің комиссары.

А) М.Тынышбаев

В) М.Шоқай

С) Ә.Бөкейханов

Д) Ә.Жангелдин

Е) С.Меңдешов

8. Ақпан төңкерісінен кейін аштық жайлаған Қазақстан аймақтары.

А) Сырдария, Жетісу облыстары

В) Торғай облысы

С) Ақмола облысы

Д) Орал, орынбор облыстары

Е) Семей, Өскемен облыстары

9. Жерді шаруаларға беру керек ұранын көтерген.

А) Эссер ұйымы

В) Мұсылмандар одағы

С) Кадет ұйымы

Д) Жас арбакештер одағы

Е) Үш жүз партиясы

10. Алаш партиясының бағдарламасында қаралған мәселелер.

А) Барлығы дұрыс.

В) Дінді мемлекеттен бөлу

С) Жұмысшыларды заңмен қорғау

Д) Сот ісін қазақ тілінде жүргізу

Е) Әскери  қызметті өз жерінде атқару

11. Алаш партиясының басты мақсаты:

А). Автономиялық ұлттық мемлекетті құру

В) Кеңес үкіметін жақтау

С) Қосөкіметті жою

Д) Монархияны қайта құру

Е) Уақытша үкіметті қолдау

12. Қостанайда кеңес үкіметі қашан орнады.

А) 1917ж.25 желтоқсан.

В) 1918ж.12 қаңтар

С)  1917ж.1 қараша

Д) 1917ж.24 наурыз

Е) 1918ж.17 ақпан

13. Ең бірінші Кеңес өкіметі орнаған қала.

А) Перовск

В) Орал

С) Черняев

Д) Верный

Е) Ташкент

14. 1920ж мамырда армияға шақырылған азаматтардың  жасы.

А) 19-35 жас

В) 24-51 жас

С) 19-43 жас

Д) 18-40 жас

Е) Кәмелет жасқа толғандар

15. Әскери комунизм саясатының негізгі белгілері.

А) Берілген жауаптардың барлығы дұрыс.

В) Еңбек міндеткерлігі

С) Басқаруды орталықтандыру

Д) Ірі, орта және ұсақ өнеркәсіпті мемлекет меншігіне көшіру.

Е) Жеке саудаға тыйым салу

16. Қырғыз-Қазақ АКСР-ның 1920-1924 ж.ж  астанасы.

А) Орынбор

В) Ақмешіт

С)  Орал

Д) Семей

Е) Верный

17. Қазревком басшысы.

А) С.Пестковский

В) А.Авдеев

С) Ә.Жангелдин

Д) М.Сералин

Е) В.Радус.

365. 1919 ж 4 сәуірдегі тарихи оқиға.

А) Алашорда мүшелеріне кешірім жасалды.

В) Черкасск қорғанысы

С) Ақтөбе майданы жойылды

Д ) Интервенттер шабуылы басталды

Е) Азық-түлік салғырты енгізілді.

18. Қай жылы Жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды.

А) 1921ж.

В) 1918ж.

С) 1920ж.

Д) 1919 ж.

Е) 1922ж.

19. Жаңа экономикалық саясаттың белгілері.

А) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс

В) Сауда еркіндігі

С) Жерді жалға беру

Д) Ауыл шаруашылығына несие беру

Е) Азық-түлік салығы

20. 1921-1922 ж.ж. жүргізілген жер-су реформасының  маңызы.

А) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс

В) Еңбекшілерді социалистік құрлысқа тартуда үлкен рөл атқарды

С) Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді

Д) Қазақ ауылындағы патриархтық феодалдық негізі әлсіреді

Е) Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады.

21. Ақшалай салық қашан енгізілді.

А). 1924ж. 1 қаңтарда.

В) 1924ж. 22 желтоқсанда

С) 1924ж. 19 наурыз.

Д) 1924ж. 22 сәуір.

Е) 1924ж. 2 шілде.

22. 1926ж халық санағы бойынша қазақтар республика халқының неше пайызын құрады.

А) 61,3%

В) 91%

С) 54%

Д) 43,7%

Е) 78%

23.ЖЭС қай жылға дейін созылды.

А) 1929ж

В)  1925ж

С) 1936ж.

Д) 1941ж.

Е) 1950ж.

372. 1926 ж санақ бойынша республика халқының саны.

А) 5 млн 230 мың

В) 7 млн

С) 9 млн 180 мың

Д) 10 млн

Е) 12 млн 300мың

24. 1936 ж 9 ақпандағы тарихи мәні бар оқиға.

А) КАКСР Орталық Атқару Комиеті қаулысымен қазақтар атауы берілді.

В) Жер-су реформасы

С) Қазақ жерлерін КАКСР құрамына біріктіру.

Д) Жаңадан аудандастыру.

Е) ЖЭС-ке көшу

25. ЖЭС-тің нәтижелері.

А) Барлығы дұрыс.

В) Күйзелген ауыл-шаруашылығына тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді

С) Өнеркәсіп қалпына келтірілді.

Д) Кооператорлар құрлысы шаруашылықтың барлық саласына көтерді

Е) Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді

26. Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынған.

А) С.Сәдуақасов.

В) А.А.Андреев.

С) Н.Нұрмақов.

Д) С.Өтебаев

Е) Қ.И.Сәтбаев.

27. Қазақстанда индустрияландыру неден басталды.

А) Табиғи байлықтарды зерттеу

В) Жұмысшы табын сан жағынан көбейту.

С) Жергілікті халықты отырықшылыққа үйрету

Д) Темір жолдар салу

Е) Жер асты құбыр жолдарын салу

28. Түркісіб темір жолы тұрақты пайдалануға қашан берілді.

А) 1931ж. Қаңтарда

В) 1929ж. Қыркүйекте

С) 1933ж. Тамызда

Д) 1930ж. Наурызда

Е) 1932ж. Шілдеде.

29.Индустрияландыру кезінде Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеген академик:

 A) Қ.И.Сәтбаев.

 B) И.М.Губкин.

 C) Н.С.Курнаков.

 D) А.Панкратова.

 E) А.И.Миронов.  

30. Индустрияландыру саясатында жіберілген кемшіліктер.

А) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс

В) Машина жасау, металлургия, қорғаныс өнеркәсіб болмады.

С) Энергетика базасы, құрылыс материалдар өнеркәсібі артта қалды.

Д) Республикада сирек кездесетін металдар тегін әкетілді.

Е) Тау-кен шикізатын дайындаушы база болды.

31.Түркістан-Сібір темір жол құрылысында еңбек еткен адамдар саны:

 A) 100 мың.

 B) 150 мың.

 C) 200 мың.

 D) 220 мың.

 E) 300 мың.

32. Қазақтан шыққан тұңғыш инженер.

А) М.Тынышбаев

В) В.Шатов

С) Н.Нұрмақов

Д) Т.Рысқұлов

Е) С.Сәдуақасов

32. Қаз АКСР-де ұжымдастыруды аяқтау мерзімі.

А) 1932ж көктемде

В) 1934ж көктемде

С) 1934ж ортасында

Д) 1931ж

Е) 1935ж күзде

33. 1932ж шілдеде аштық апаты туралы Ф.И.Голощекинге хат жазғандар.

А) Ғ.Мүсірепов, М.Дәулетқалиев

В) С.Сейфуллин, І.Жансүгіров

С) Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов

Д) Ә.Жангелдин, А.Акулов

Е) Б.Майлин, Д.Серікбаев.

34. «Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды» деп айтқан қайраткер:

 A) С.Садуақасов.

 B) О.Қожанов.

 C) Т.Жүргенов.

 D) Т.Рысқұлов.

 E) О.Жандосов.

35. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы еңбегінің авторы.

А) С.Асфендияров.

В) Е.Бекмаханов.

С) М.Қозыбаев.

Д) Қ.Жұбанов.

Е) А.Байтұрсынов.

36.Ф.И.Голощекин ұсынған идея:

 A) «Кіші Қазан».

 B) «Әскери коммунизм».

 C) «Азық-түлік салғырты».

 D) «Индустрияландыру».

 E) «ЖЭС».

37.Индустрияландыру жылдарында Қазақстанда негізінен қарқынды жүргізілді:

 A). Шикізат көздерін игеру.

 B) Жеңіл өнеркәсіп.

 C) Ауыр өнеркәсіп

 D) Машина жасау.

 E) Энергетика кәсіпорны.

38. Индустрияландыруды жүзеге асыруда қолданылған әдіс:

 A) Әміршіл-әкімшіл жүйеде басқару.

 B) Ғылыми негізде басқару.

 C) Жергілікті жағдайға негізделе отырып басқару.

 D) Демократиялық басқару.

 E) Ұлттық негізде басқару.

39. Сталинизмнің жазалау шаралары.

А) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс.

В) Жер аудару

С) КСРО-дан тыс жерлерге қуып жіберу.

Д) Еңбекпен түзеу лагерлеріне қамау.

Е) Ату жазасы

40.1933 жылы наурызда Сталинге ашық хат жазды :

 A). Т.Рысқұлов.

 B) Ғ.Мүсірепов.

 C) С.Сәдуақасов.

 D) А.Байтұрсынов.

 E) Қ.И.Сәтбаев

41. Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев (Бесеудің хаты): ашық хатты жазды:

 A) Ф.Голощекинге.

 B) И.Сталинге.

 C) М.Кагановичке.

 D) В.Молотовқа.

 E) В.Ленинге.

 421931-33 жылдары республиканың 6,2 млн халқының аштықтан қырылғандары:

 A) 2,1млн-ы.

 B) 2,5млн-ы.

 C) 2,2млн-ы.

 D) 1,2млн-ы.

 E) 1,5млн-ы.

43. Ұлттық аза күні болып қай күн белгіленді.

А). 31 мамыр.

В) 22 маусым

С) 17 желтоқсан

Д) 25 қазан

Е) 2 наурыз

44. Ұжымдстыру жылдары лаңкестік әрекеттерді,өрт салуларды есептемегенде , республика аумағындағы толқулар мен көтерілістер саны:

 A) 372

 B) 377

 C) 375

 D) 272

 E) 300


 

Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабағымызды қортындылай келе Сталиннің жеке басына табынудың салдарынан тұтас бір халық өздерінің ең асыл азаматтарынан айырылып қалды. Иә, Бәріміз репрессия құрбандары ұрпағымыз. Сол жылдары қан ішіп, қара жамылмаған қазақ отбасы жоқтың қасы. Сол нәубат жылдарында қазақтың жалпы санының жетпіс пайызға жуығы қырылып кеткенін Елбасы ашық айтты. Қазақ халқын қынадай қырған сол бір сұрапыл нәубатқа мәңгі лағынет айтамыз!

Сабақты бекіту:

·      1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен 1930-50 жылдары жазықсыз жазаға ұшыраған қазақ зиялыларының бір тобы ақталды;

·      Олар –ақын, философ Ш.Құдайбердіұлы, жазушы ғалым Ж.Аймауытов,жазушы  педагог М.Дулатұлы, тіл, әдебиет, саясат,ғылым, журналистика салаларында мол мұра қалдырған А.Байтұрсынұлы, ақын, саясатшы, педагог М.Жұмабаев.

·       1997ж-Жалпыұлттық татулық және қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы;

  •  31 мамыр-Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні;
  •  1998 жылы-Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы;
  •  1999 жылы-Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы деп жарияланды;

 

Бағалау: өзін – өзі

Үйге тапсырма: Саяси – қуғын сүргін құрбандарына байланысты эссе жазу.

 

Оқытушы:                                                                  Абзелова Ұ.О

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: «Тоталитарлық режимнің орнауы, саяси репрессия»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Клининговый менеджер

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

1930 жылға қарай елдің барлық жерінде социалистік қатынастар орнады. Жер фабрика, заводтар, ұжымшарлар мен кеңшарлар мемлекет меншігіне өтті. Өндіріс  құрал-жабдықтарына қоғамдық меншік орнықты. Елде 1936 жылдың 5 желтоқсанынада Кеңестердің Жалпыодақтық ҮІ төтенше сьезінде жаңа сталиндік Конститутция қабылдады. Ол бойынша КСРО – да бюрократиялық орталықтандыру орнықты. Социализм тоталитарлық казармалық сипат алды. Елде сталиндік саясат жүзеге асты. Жазалау органдарының қызметі күшейтілді. Осылайша жеке адам құқығы аяққа басылып, пікір айтқан, ұсыныс жасаған адам «халық жауы»  қатарына жатқызылып жазаланды. Сталиндік қуғын-сүргін  «геноцид саясаты»  осылай басталды.

1.Қазақстандағы екінші репрессия  1937-1938 жылдары жүргізілді. Себебі бұл жылдары бүкіл елімізде, әсіресе Мәскеу мен Ленинградта жаппай жазалау шаралары басталған еді. Соның ызғары Қазақстанғы  Қарағанды қаласына да келіп жетті. Өйткені Қарағанды еліміздегі  үшінші көмір ошағы аталды. Мұнда көптеген партия, мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар мен ақын- жазушылар жұмыс істеді. Соның ішінде деп слайд арқылы  сол кездегі қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларына тоқталамыз.

Мұғалім Ә.Бөкейхановтың өмірі мен қызметін сатылай кешенді талдау арқылы көрсетеді:

Есімі.Тегі: Ә.Н.Бөкейханов

Өмір сүрген кезеңі:1866-1937 ж

Туған жері: Жезқазған облысы, Қарқаралы уезі,Тоқырауын болысы

Әкесі-Нұрмұхамед

Анасы-Бегім ханым

Білім алған жері:

1) Омбы техникалық училищесі

2) Санкт-Петербург орман шаруашылығы

Ғылыми дәрежесі: экономист,әдебиеттанушы, тарихшы, этнограф.

Қоғамдық саяси қызметі:1) Ресей Мемлекеттің Думасының депутаты

2) «Алаш» партиясының төрағасы

3) «Алаш Орда» ұлттық автономиясының төрағасы

Жазған еңбектері: «Қазақ», «Сарыарқа», т.б. («Степной Край», « Голос степи», «Иртыш»т.б басылымдарда жарық көрген)

Алдына қойған мақсаты: Қазақтың ұлттық автономиялық мемлекетін құру қазақ елін өркениет төріне шығару.

Өмірінің соңы: 1937 ж 27.09. ату жазасына кесілді.

Ұрпақтары: қызы Елизавета, немересі Ескендір, күйеу баласы С.Садуақасов, ұлы Сергей

 

Есімі:Ахмет

Әкесі: Байтұрсын Шошақұлы

Анасы: Күңші Құлыбекқызы

Жұбайы:Бадрисафа Мұхамедсадыққызы

Балалары:Аумат, Қазихан, Шолпан

Қызметі:ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері

Туған күні: 5 қыркүйек 1872

Туған жері: Ақкөл (Сарытүбек) ауылы, Жангелді ауданы, Қостанай облысы

Азаматтығы:Қазақ елі

Ұлты:Қазақ

Қайтыс болған күні:            8 желтоқсан 1937 (65 жас)

Қайтыс болған жері:            Алматы

Марапаттары:Қазақ халқының рухани көсемі, ұлт ұстазы

 

Тұрар Рысқұлұлы

Туған күні:26 желтоқсан 1894

Туған жері:Жетісу облысы, Верный уезі Шығыс Талғар болысы

Қайтыс болған күні:10 ақпан 1938 (43 жас)

Қайтыс болған жері:Мәскеу

Жұбайы:Әзиза Есенқұл Түбекқызы

 

Тұрар Рысқұлов – адам ретінде де, қоғам және саяси қайраткер ретінде де ерте есейіп, есімі жиырма жастан асар-аспас кезінде жұрт аузына ілініп, халыққа танымал болды. Ол Сталиндік-Голощекиндік «Кіші Қазан» бағытын жүзеге асыру нәтижесінде жаппай ашаршылыққа ұшыраған өз халқына ара түсіп шырылдады. Сталинге хаттар жазды. «Ұлы көсеммен» сөзге келіп, айтысқа түсті, оның диктаторлық ел билеу тәртібіне қарсы шықты. Нәтижесінде 1937-1938 жылдары бүкіл ел көлемінде орын алған үлкен террордың құрбаны болып кете барды.

Мағжан Жұмабаев – табиғат жаршысы, махаббат жыршысы. Оның бұл тақырыптардағы өлеңдерінің де негізгі тақырыбы тәуелсіздік. Ел тәуелсіздігінің жыршысы Мағжан ақынның өзі де 1937 жылы 30 желтоқсанда өз тәуелсіздігінен айрылып, қызыл қырғынның құрбандығына айналды.

Міржақып Дулатов – «Оян, қазақ!» бұл сөздің құдіреті де қасиеті де сол – осы отты өлеңнің жарық көргеніне ғасырдан астам уақыт өтсе де, сол қаныш тамшылаған өзекті күйінде қалып отырғандығы – бүгінде қазақ байтағын індеттей жайлаған бойкүйездік,  самарқаулық, жалқаулық, еріншектік – қысқасы ұлтымызды ұлық істерден кері тартып отырған барша кесапаттарды тап басып айта білген, содан арылуға үндейді, намысқа шақырады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.

 

2. Осы жазалау шараларын ұйымдастыру үшін Қазақстанда лагерьлер жүйесі құрылды. 1930 жылдың мамыр айында  КСРО Халық Комиссарлары  Комитеті  «Қазақстанда еңбекпен түзеу  лагерьін  құру туралы»  қаулы қабылдайды. Қазақстан картасында  Карлаг, Степлаг, Алжир т.б лагерьлер пайда болады.  Видеоролик арқылы  түсіндіру.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 610 429 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.04.2015 7760
    • DOCX 129.5 кбайт
    • 20 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абзелова Улпан Оралбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абзелова Улпан Оралбековна
    Абзелова Улпан Оралбековна
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 94384
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов истории в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 23 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по истории в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 18 регионов

Курс повышения квалификации

Электронные образовательные ресурсы в работе учителя истории в контексте реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 17 регионов

Мини-курс

Современные информационные технологии и информационная безопасность

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Российское движение школьников (РДШ): воспитательная работа

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 17 регионов