Инфоурок / История / Конспекты / "Тайжан Қалмағанбетұлы" 8 сынып

"Тайжан Қалмағанбетұлы" 8 сынып

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов

Тайжан Қалмағанбетұлы hello_html_572e0571.png

«Тайжан – ақындар арасындағы тамаша талант иесі. Өзіне сай домбырасы, гармоны мен қобызы да қоса сөйлейтін. Әні мен әуені ерекше еді.

Ағып айтатын, төгіп сөйлейтін».

Кенен Әзірбаев.

1897 жылы Қарағанды обылысы Ұлытау ауданы Айыртау бауырында Қалмағанбет молданың отбасында болашақ Тайжан ақын дүниеге келеді. Ақын дүниеге келген топырақ – иісі қазақтың қасиетті, киелі санайтын, ұлтқа ұя, ата-бабамызға киелі қоныс болған Ұлытау жері. Бітімі бөлек, болмысы өзгеше ұлы таудың асқақ шыңдары, бауырында біткен орман-тоғайы, сылдырай аққан сиқырлы бұлақтары бала Тайжанның қиялын қанаттандырғаны анық. Балалық шағы жоқшылық, таршылықта өтеді.Жас шағынан өлеңге үйір, болған талапты бала домбыра мен сырнайды да ерте үйренді.Сол кездің өзінде екі ішекті домбырасымен Ұлытау маңайын түгелдей аралап, еліне өнерімен таныла бастайды.

15-16 жасында туған нағашысы Үкілі Ыбырайға барып, үлкен ақынның өнерімен танысып, көптеген ақын-жыраулардың тәжірибесін, нағашысының батасын алып елге оралады. Халық батыры Амангелді Имановпен достасады. Ақындық шабытты Кеңес үкіметі кезеңінде дами түседі. Қ.Сәтбаевка, Ленинге, Сергоға, Пушкинге арнап өлеңдер шығарады. Айтысқа да қатысып өзін таныта түседі. Алғашқылардың бірі болып, Қожабайдың Болманымен Нұрғали ақындармен айтысады. Аты жайлы бастаған «Арқанның ақыны» деген атаққа ие болып, Сакенмен, Әбділдамен, Мұхаметжан Қаратаевпен, Сәбит Мұқановпен, Ш.Құсаиновпен, Нартаймен танысады. Соңғысына өз батасын беріп, шәкіртім деп санайды. Қазақ даласында Тайжанның бармаған жері кемде-кем, тіпті орта Азияның барлық елдерінде. Омбыда да болды. 1934 жылы Алматыда өткен халық өнерпаздарының слетіне қатысып, осы жолы республикалық дербес зейнетақы тағайындатып, Жоғары Кеңестің Мақтау грамотасын алып оралды. 1936 жылы Қазақстанның оңкүндігіне Мәскеуге барып, оның сахнасының шымылдығын ашу құрметі Тайжекеңе тиеді.Оның көптеген өлеңдері «Правда», «Известия» , «Комсомолькая правда» газеттерінде орыс тілінде жарық көреді. Оларды П.Кузнецов аударды. Жамбыл Жабаевпен танысып, достық дәрәжеге дейінгі қарым-қатынаста болды. Шара, Күләш Байсейітова, Кенен Әзірбаев Шашубайлармен де жақсы қарым-қатынаста болды. Бүкіл жыры туған жеріне, жерлестеріне, Жезқазған, Ұлытау өңірінен тақырып табады. Ақынның бүкіл поэмасында толық сипатталған.1937 жылы репрессияға ұшырап, 1938 жылы атылады. Толық ақталу – 1958 жыл. Өзі жоқ болғанымен, ұрпақтары мен шығармалары алып ақынның атын жалғастыруда. Жезқазған қаласында Тайжекеңе арналған «Ақын Тайжын» кесі бар, қала филормониясы да оның атында С.Бүкіровтың, Ө.Мұқановтың Тайжанға арналған «Ой ағасы», «Талайды таңдандырған Тайжан» ақын атты туындылары басылған.

Тайжан өскен ортасының өзіндік тағылымды дәстүрі мен салты оның өнер ауылына ат басын бұруына әсер ететіні даусыз.Әкесі Қалмағанбет – аймағына ардақты, беделі зор, молдалығы манайға белгілі болған адам.Мұндай беделге ие жанның үйіне жақсылар кеоіп түскен.Бәтуәлі кеңес құрылып, ақылды әңгіме болған.Қазақи, далалық тәрбие ошағы саналатын мұндай орта бала Тайжанды өлмес өнерге талпындырғанын жоққа шығара алмаймыз.

Шешесі Мейіз – қазақтың айтулы өнерпазы, ақын, сазгер, әнші Үкілі Ыбырайдың туған апасы.Бұл жөнінде Тайжан ақынның ұрпағы Жәләл Қалмағанбетов былай дейді: «Өткен ғасырдың 70 жылдары Зілқара Көкшетаудағы Сандыбаймен құда болып, оның қызы Мейізді баласы Қалмағанбетке алып берген.Демек, Тайжанға Көкше өңіріндегі сал-серілік, әнші – ақындық ортаның ықпалы да болмай қалған жоқ.

Тайжан ақындығының екпініне қосқан Сыр өңірі болды.Ол біраз жыл (1934 жылға дейін) Қызылода жерінде ғұмыр кешеді.Сыр бойындағы сүлейлер дәстүрі, онда қалыптасқан өнерпаздық мықты орта ақын мүмкіндігін аша түсті.Бізге жеткен деректе Тайжан Сыр бойындағы жеті ақынмен айтысқан.Ақмешіт қаласындағы сол кездегі базар сауық, өнер ошағы болғаны белгілі.Әйгілі халық ақыны Нартай Бекжанов Тайжан ақынмен осы жерде кездесіп, тума талант өнеріне тәнті болып, Тайжанды өзіне ұстаз етеді.Нартай ақын: «Менің табынатыным – оның әні, шебер сөздері, әсем дауысы.Мен Тайжанды ұстаз тұтамын, ғұмыр бойы мақтан етемін.Тайжан әні – кең құлашты, кербез, сырлы, шырайлы шығармалар» , - деп, өзі айтқандай, өмірінің соңына дейін Тайжан есімі мен өнерін қадірлеп өткен.Ақ Орталық Қазақстан жерінде әйгілі Доскей Әлімбайұлы бастаған әнші-ақындар мектебі – Тайжан ақындығының алтынды балдығы сиақты болғаны дау тудырмайды.Сондай – ақ , Жамбыл, Кенен, Нұрпейіс, Шашубай сияқты дүлдүл ақындардың дауысын Тайжан да естіді, олармен жүздесті.Олар да Тайжанның тегеуіні мықты шешендігін таныды.Айтпағымыз мынау:Тайжан ақынның тегінен дарыған ақындығын шарқау шынға ұмтылдырған үлкен ақындық орта болды.

Тайжан – екі дәуірдің куәсі.Ол екі қоғамдық формацияның тынысын сезді, тірігін көзімен көрді, зар илеткен бұғаулы заман да, екіншісі – Қазн төңкерісінен кейінгі кеңестік тұрмыс.

Зар илеткен заманда,

Су бермейді, шалқар көл.

Асау бермей мұнар бел,

Тұманды күнде жол таппай.

Екі көзім болды көр , - деп ескі заман сипатын жырласа, ақын үшін кеңестік билік салтанат құрған кез – «Тамылжып сәуле түскен» кез.Ақиқаты сол, Жамбыл, Кенен, Доскейлер қуана жырлаған кезеңді Тайжан да жырына қосты.Бай-манаптың езгісінен құтқарған,елді тең қылып, еркіндік бере бастаған уақыттың ертеңгі саясатын көріп-біле алмады деп сөгу жөн болмайды.Бұлар – өз уақытына өзінше баға берген жандар.Ендеше Тайжан ақынның:

Тамылжып сәуле түскенде,

Ұйқыдан аштым көзімді.

Сайраған бұлбұл құс,

Құлаққа тиіп бір дыбыс,

Құтылдым дедім құлдықтан, - деуі заңды.

Тайжан ақынның өнерпаздық қыр – сырының барынша жарқырай ашылған шағы – Кеңестік кезең.Бұл жөнінде белгілі ақын, «Тайжан ақын» атты поэманың авторы, қоғам қайраткері К.Салықов: «Тайжанның ерекше дәуірленген кезі 1964 жылдан басталды», - дейді «Ақындықтың дүлдүлі» деген мақаласында.

Тайжан – тынысы кең, талмағы зор ақын.Өз қуатын өзі де бағалай алады.

Болғаны Тайжан ақын биыл емес,

Біздерге өлең айту қиын емес.

Астынан алты қырдың ән шырқасам,

Дауысым отарбадан кейін емес.

Атандым бала дастан Тайжан ақын,

Ән-жырмен алты алашқа жайған атын,

Төгілген сырнайымның сазды үніне

Қалықтап аспанда аққу айналатын, - дегенінен ақындық жойқын қуаты арнасынан асып түсіп сері көңілдің сөзі ұқпасақа болмайды.

Тайжанның сырлы, нәзік, сұлу, ерке әндерінің бірі «Сақ - сақ»әні.

Аққу, шағала,

Келші жағаға.

Ағынышсалыпсың.

Сәулем,санаға.

Ертен кетем,

Ертең жетем,

Қуаныш бөлісіп,

Еркелетем.

Өзіңді аңсап,

Сырнайым қақсап,

Күлемін сақ-сақ.

Бітім бөлек, ырғағы өзгеше, ойнақы, ерке сезімге құрылған ән мәтінінен – сері ақынның салтанатын да тануға болады.Ақынның «Сақ – сақ» деп аталатын үш әнінің мәтіні қолда бар.Жалпы «Сақ - сақ» сөзі ақын ән-өлеңдерінде жиі қолданылады.ОЛ әншінің гармон тартуындағы өзіндік ерекшелігін, соған сай ән иірімін құлпыртуын аңғартатын сияқты.

Ән салсам нағашыға алғыс айтып,

Сырнайым өзімменен күлсін сақ – сақ.

Шетінен жұлып алып шырқай берем,

Жүрейік, кел үшеуміз күліп сақ – сақ.

Тайжан ақын шабыттана жырлаған тақырып – өндірісті өлкенің тыныс – тіршілігі, дәлірек айтсақ, жезді қала – Жезқазған мен қара шаңырақ Қарсақбай.

Төрінде Қазақстан алшақтайсың,

Еңбекпен намя қозғап. Ар сақтайсың.

Болады саған риза ата-бабам,

Үш қырған бастан кешкен Қарсақбайсың.

Немесе:

Азия түгіл жер шары,

Шығармасбәрін теріске.

Озды ғой Үлкен Жезқазған

Әлемдік атақ бөлісте

Тас қопарып, кең қазан.

Ордасы мыстың – Жезқазған, - деген

ақын жыр жолдарынан кеңді даланың керемет тірлігін аңғарасыз.

Тайжан Қалмағанбетұлы – айтыс өнерінде де жарқылдап көрінген ақын.Оның Сыр өңіріндегі бірнеше ақындармен айтысқаны белгілі.Тайжан – салт – серілік дәстүрдің аясында еркін ғұмыр кешкен өнерпаз.Әйгілі Көкше өңірі, жыр мекеніСыр бойы, қасиетті Түркістан Тайжан ақынды жатсынбады.Ұлытаудың ұлы деп дәріптеді.Осы өңірлер Тайжан түлеп ұшқан ұя еді.Ол заманының жыршысы болды.Өндірісті өлке, колхоз тірлігі, оның еңбекқор адамдары ақын өлеңдерінің өзегі болды.Өкінішке орай, Тайжанды сыңарезу саясат жайлаған орта өгейсітті.1937 жыллы 22 шілдеде «халық жауы» деген нақақ жаламен түрмеге жабылып, сол 24 қыркүйекте атылды.


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-455110

Похожие материалы