Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / ИЗО, МХК / Конспекты / Тазалық - біздің денсаулық кепілі.

Тазалық - біздің денсаулық кепілі.


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • ИЗО, МХК

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Тазалық- денсаулық кепілі.

Мақсаты: Мектепке дейінгі балаларға салауатты өмір салтын дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер арқылы көрсету.

Міндеттері:

  1. Мектепке дейінгі балаларға, салауатты өмір салты жайында білімдерін тиянақтап қалыптастыру.

  2. Өз денсаулықтарына жауапты екенін балаларға түсіндіру.

  3. Мектепке дейінгі балаларды тазалыққа баулып, өзін-өзі күтуге үйрету.

  4. Өзін-өзі басқаруда қарым-қатынас белсенділігін көрсете білу.

  5. Өзін-өзі тануда ең бірінші, өз мүмкіншілігін біліп, түсіну.

  6. Достық қатынасқа баулу.

  7. Кез- келген жағдайда өз пікірін қорғау.

  8. Дұрыс шешімін қабылдау, бастаған істі жүйелі ретке келтіру.

Өз денсаулығын сақтау жолдарын үйрету.

Сабақтастық: Валеология, көркем әдебиет, ән, би сабақтары

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Көрнекі құралдар: Тазалыққа қажетті заттар, ТСО, суреттер.

Алдын- ала жүргізілген жұмыстар: Әңгімелесу, кітаптар оқу, суреттер қарастыру, мақсатты серуендер, дәрігермен кездесу, мақал-мәтелдер жаттау.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру:

Балалар бүгін бізде ерекше сабақ, сабағымызға қонақтар келді.Қонақтармен амандасайық.

-Амандасу.

-Балалар сабағымызды бастамас бұрын, мен сендерге бірнеше сұрақ қойғым келіп тұр.Егерде сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер, тазалық әлеміне саяхатқа барамыз.

-Балалар бір жылда неше мезгіл бар ?

-Бір жылда төрт мезгіл бар.

-Жылдың төрт мезгілін кім айтады ?

-Жылдың төрт мезгілі қыс, көктем, жаз, күз.

-Қазір жылдың қай мезгілі ?

-Қазір жылдың қыс мезгілі.

-Қыс мезгілінің айларын кім айтады ?

-Қыс мезгілінің айлары желтоқсан, қаңтар, ақпан.

-Қазір қыс мезгілінің қай айы ?

-Қыс мезгілінің соңғы айы ақпан.

-Ал бір аптада неше күн болады?

-Бір аптада жеті күн бар.

-Бүгін аптаның нешінші күні?

-Бүгін аптаның бесінші күні.

-Балалар сендер барлық сұраққа жауап бердіңдер, енді тазалық әлеміне саяхатқа барайық.

-Көңілдеріңді көтеріп, көргендеріңді естеріңе сақтап алыңдар.Ең бастысы күлкіні ұмытпай бірге алып жүріңдер.

(Көңілді ән орындалып, шеңбер бойымен жүріп, саяхатқа аттанады)

-Балалар әр қайсың өз орындарыңа жайғасып отырып алыңдар,саяхатымызды ойыннан бастайық.

Ойын: «Егер де.....»

Ойын шарты:Бастаған сөйлемді аяқтау.

1.Егер де су болмаса.......

2.Егер де сабын болмаса........

3.Егер де сүлгі болмаса........

4.Егер де айна болмаса........

-Балалар дұрыс, тазалық жайлы білімдерің бар екен.

Жалқаубек келеді. («Жалқаубек» әнімен)

-Сәлем балалар,менің жағдайым өте нашар, қиын жағдайға тап болдым, айтайым ба, оны сендерге.

-Балалар айт, айт.

Жалқаубек :

Кетті қашып көрпемде,

Жайылғым да кетті ұшып.

Жастығымда бақаша,

Секіріп кетті жайына.

Мен-майшамға,

Майшам пешке тығылды.

Мен-кітапқа,

Кітап кетті құтылып.

Керуеттің астына.

Қашты менен бәріде,

Қашты менен бәріде.

-Балалар, бұл бала қайдан келген?

Жалқаубек :

-Мен үйімнен келіп тұрмын.

-Балалар мына балаға қараңдаршы?

Бұл бала тек мұрнын ғана жуады екен,

Жуынғысы келмейтін балаға ұқсайды.

Айтыңдаршы канекей,

Бұл баланы кім дейді?

(Жалқаубек)

Жалқаубек :

-Мен үнемі осылай жүремін, маған ұнайды, жақсы емеспе.

Осы кезде микробтар жүгіріп шығады.

(Чунго-чанго әнінің әуенімен)

Біз көңілді микробтармыз,

Біз көңілді микробтармыз,

Біз көңілді жүреміз,

Кірді жақсы көреміз,

Жуынбайтын, таранбайтын,

Балалармен дос боламыз.

Жуынбайтын, таранбайтын,

Балалармен дос боламыз.

-Балалар, мыналар нелер, қайдан келді? Өздері недеп тұр?

Тез кетіңдер бұл жерден.Жоламаңдар балаларға.

Микробтың басшысы:

-Біз кетпейміз бұл жерден, бізге ұнайды осы жер, солай емеспе достар.

Микробтар бірге:

-Бұл жер бізге ұнады.

Жалқаубек:

- Балалар мен жалғыз емеспін,көрдіңдер ме? Бұл менің патшалығым, ал микробтар менің достарым.


-Балалар біз бұлардан қалай құтыламыз? Жақсы, онда мен өзімнің сыйқырлы қоңырауымды сақсам, бізге көмекке Кірқоймас келерме екен?.

(қоңырау соғылып Кірқоймас келеді)

Кірқоймас:

Сәлеметсіздерме, достарым,

Мен-атақты суқұйғышпын.

Мен сендерге келгенім,

Денсаулықты қорғаудың,

Үйретуге жолдарын.

(Кірқоймас жан жағына қарап)

-Ой,мынау қорқынышты микробтар қайдан келді?

-Бұлар Жалқаубектің соңынан еріп келген достары екен, қалай қуарымызды білмейміз?

Кірқоймас:

-Қорықпаңдар, мен білемін.Олар неден қорқатынын.

-Ал балалар сендер білесіңдер ме?

-Мен сендерге жұмбақ жасырайын,жауабын дұрыс айтсаңдар мыналардан құтыламыз.

Кірқоймас:

Ертемен күнде сен,

Қолыңды сүйкесең.

Кетіп кір, ласың,

Тап-таза боласың.

Бұл не?

Балалар:Сабын!

(Бір бала қолына сабын үстап шығады)

Микробтар:Жоқ!Жоқ! Біз қорқамыз!

Кірқоймас:

Ауызыңды тазалар,

Тазартып оны ағартар.

Үйкелесең тісіңді,

Маржандай боп жалтыар.

Ол не екен балалар?

Балалар: Тіс щеткасы!

(Бір бала қолына тіс щеткасын үстап шығады)

Микробтар:Жоқ! Керек емес!

Кірқоймас:

Аю менен қасқырдан да,

Ұзын менің тістерім.

Бірақ жыртқыш аң, емеспін

Шаштарға мен сән беремін.

Балалар: Тарақ!

(Бір бала қолына тарақ үстап шығады)

Микробтар:Жоқ! Керек емес!Алыңдаршы тарақты!

( көңілді әуенмен, балалар сабынды, тіс щеткасын, тарақты алып микробтарды қуып шығады.)

-Балалар осы тазалыққа байланысты тақпақтар білесіңдер ме?

Тақпақтар

1.Микробты көрдің бе,

Көрсең,айтшы,қай кезде?

Микраскопсыз ол мүлде,

Көрінбейді жай көзге.

2.Тәтейіміз бақшада,

Түсіндірген бұл жайды.

Мұны білген жас бала,

Тазаланбай тұрмайды.

3.Ол арасын шаштың да,

Мекендейді үнемі.

Тірнағының астында,

Қолыңда да жүреді.

-Балалар, әрқашан тазалық ұстап таза жүрсеңдер, ешқандайда микробтар жоламайды сендерге.Балалар сендер сабын қайдан шыққанын білесіңдер ме?

-Балалар жоқ.

-Ендеше біз көрініс тамашалайық.

Көрініс: «Иіс сабын»

-Сабын қалай жасалған?

Қайтіп иіс қоса алған?

Деген сұрау естідім,

Кішкене ұлым Досаннан.

Құпияның астарын,

Ақтарудан қашпадым.

Екі сұрау жөнінде,

Жауабымды бастадым.

Сабын, май мен сақардан,

Қайнатылып жасалған.

Гүлдің сөлін қосқан соң.

Иісті деп аталған.

Суда сабын көпіргіш,

Кір-күйені кетіргіш.

Әркім үшін сабындай,

Ардақты боп өту-күш.

Кірқоймас:

-Ал кәнекей балалар, сендерге бір әзіл ән айтып берейін сендер тыңдаңдар.

Ән сендерге ұнаса,

Соғасыңдар алақан.

Ұнамаса әзілім,

Топылдасын табаның.

1.Тісің аппақ маржандай,

Болсын десең егер сен.

Алмұрт,алма,сәбіз бен,

Ірімшік, өрік алып же.

(балалар алақан соғады)

2.Дәмді емес сәбізде,

Дәмді емес алмұртта.

Ауырмасын тістерің,

Жеңдер,

Қант пен бірге тәттілер.

(балалар аяқтарын топылдатады)

3.Жумаймын деп тісімді,

Қасарысты Қанағат.

Аяқ киім кіремін,

Тістеріне жағып ап,

Жылтыраты кәзір ақ.

Дұрыс па,әлде бұрыс па,

Бұны істеген Қанағат.

(балалар аяқтарын топылдатады)

4.Ұмытпайық балалар,

Еске сақтау керек қой.

Тісті жумай ұйықтауға,

Болмайтын біліп қой.

Жауап берші кәнекей,

Дұрыс па,әлде бұрыс па.

(балалар алақан соғады)

Ойын: « Кірқоймасқа не керек ? »

Ойын шарты: Тазалыққа қажетті заттарды тауып беру.

-Жалқау болып жұру өте жаман әдет балалар. Кір қожалақтар тіл алмайтын, жалқау болады, ол еңбек еткісі келмейтін.Ата-анасына көмектескісі келмейтін балалар.Ендеше осы Жалқаубекке арнап біз бір ән орындап берсек қайтеді балалар.

Ән: «Жауабын тап»

1.Жуынған баланы,

Аймалап алады.

Сипайды қолын да,

Сипайды жонын да.

Бұл не ?

Жалқаубек (сүлгі)

2.Иілсең иіліп,

Түйілсең түйіліп.

Қарайды кісіге,

Ұқсайды өзіңе.

Бұл не ?

Жалқаубек (айна)

3.Қолыңды сүйкесең,

Кетіріп кір-ласын.

Айнадай жалтырап,

Тап-таза боласың.

Бұл не ?

Жалқаубек (сабын)

Жалқаубек:

-Мен бұндай әдеттен қалай құтыламын?

Кірқоймас:

-Сен егер әр кез таза болғың келсе, мен саған көмектесейін.Менмен бірге жүр.

(Жалқаубекті Кірқоймас өзімен алып кетеді)

Тәрбиеші:

-Балалар бүгін біз әр кез қалай болып жүру керек екенін үйрендік?

-Балалар сендер осы Жалқаубек тәрізді болғыларын келеме?

- Балалар сендердің араларыңда жалқау мен еріншек бар ма?

-Бүгінгі сабақтан сендер өздеріңе пайдалы кеңестер алдыңдар ма?

-Сендер бүгін өте жақсы жақсы қатыстыңдар сабаққа,рахмет.






















Астана қаласы Білім басқармасы

38 «Шаттық» балабақшасы













Ашық сабақ:


hello_html_mcdf962c.gif











Тәрбиеші:Калдыбаева Ш.С.








АСТАНА-2010


57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Краткое описание документа:

Тақырыбы: Тазалық- денсаулық кепілі.

Мақсаты: Мектепке дейінгі балаларға салауатты өмір салтын дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер арқылы көрсету.

Міндеттері:

1. Мектепке дейінгі балаларға, салауатты өмір салты жайында білімдерін тиянақтап қалыптастыру.

2. Өз денсаулықтарына жауапты екенін балаларға түсіндіру.

3. Мектепке дейінгі балаларды тазалыққа баулып, өзін-өзі күтуге үйрету.

4. Өзін-өзі басқаруда қарым-қатынас белсенділігін көрсете білу.

5. Өзін-өзі тануда ең бірінші, өз мүмкіншілігін біліп, түсіну.

6. Достық қатынасқа баулу.

7. Кез- келген жағдайда өз пікірін қорғау.

8. Дұрыс шешімін қабылдау, бастаған істі жүйелі ретке келтіру.

Өз денсаулығын сақтау жолдарын үйрету.

Сабақтастық: Валеология, көркем әдебиет, ән, би сабақтары

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Көрнекі құралдар: Тазалыққа қажетті заттар, ТСО, суреттер.

Алдын- ала жүргізілген жұмыстар: Әңгімелесу, кітаптар оқу, суреттер қарастыру, мақсатты серуендер, дәрігермен кездесу, мақал-мәтелдер жаттау.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру:

Балалар бүгін бізде ерекше сабақ, сабағымызға қонақтар келді.Қонақтармен амандасайық.

-Амандасу.

-Балалар сабағымызды бастамас бұрын, мен сендерге бірнеше сұрақ қойғым келіп тұр.Егерде сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер, тазалық әлеміне саяхатқа барамыз.

-Балалар бір жылда неше мезгіл бар ?

-Бір жылда төрт мезгіл бар.

-Жылдың төрт мезгілін кім айтады ?

-Жылдың төрт мезгілі қыс, көктем, жаз, күз.

-Қазір жылдың қай мезгілі ?

-Қазір жылдың қыс мезгілі.

-Қыс мезгілінің айларын кім айтады ?

-Қыс мезгілінің айлары желтоқсан, қаңтар, ақпан.

-Қазір қыс мезгілінің қай айы ?

-Қыс мезгілінің соңғы айы ақпан.

-Ал бір аптада неше күн болады?

-Бір аптада жеті күн бар.

-Бүгін аптаның нешінші күні?

-Бүгін аптаның бесінші күні.

-Балалар сендер барлық сұраққа жауап бердіңдер, енді тазалық әлеміне саяхатқа барайық.

-Көңілдеріңді көтеріп, көргендеріңді естеріңе сақтап алыңдар.Ең бастысы күлкіні ұмытпай бірге алып жүріңдер.

(Көңілді ән орындалып, шеңбер бойымен жүріп, саяхатқа аттанады)

-Балалар әр қайсың өз орындарыңа жайғасып отырып алыңдар,саяхатымызды ойыннан бастайық.

-Балалар дұрыс, тазалық жайлы білімдерің бар екен.

Жалқаубек келеді. («Жалқаубек» әнімен)

-Сәлем балалар,менің жағдайым өте нашар, қиын жағдайға тап болдым, айтайым ба, оны сендерге.

-Балалар айт, айт.

Жалқаубек :

Кетті қашып көрпемде,

Жайылғым да кетті ұшып.

Жастығымда бақаша,

Секіріп кетті жайына.

Мен-майшамға,

Майшам пешке тығылды.

Мен-кітапқа,

Кітап кетті құтылып.

Керуеттің астына.

Қашты менен бәріде,

Қашты менен бәріде.

-Балалар, бұл бала қайдан келген?

Жалқаубек :

-Мен үйімнен келіп тұрмын.

-Балалар мына балаға қараңдаршы?

Бұл бала тек мұрнын ғана жуады екен,

Жуынғысы келмейтін балаға ұқсайды.

Айтыңдаршы канекей,

Бұл баланы кім дейді?

(Жалқаубек)

Жалқаубек :

-Мен үнемі осылай жүремін, маған ұнайды, жақсы емеспе.

Осы кезде микробтар жүгіріп шығады.

(Чунго-чанго әнінің әуенімен)

Біз көңілді микробтармыз,

Біз көңілді микробтармыз,

Біз көңілді жүреміз,

Кірді жақсы көреміз,

Жуынбайтын, таранбайтын,

Балалармен дос боламыз.

Жуынбайтын, таранбайтын,

Балалармен дос боламыз.

-Балалар, мыналар нелер, қайдан келді? Өздері недеп тұр?

Тез кетіңдер бұл жерден.Жоламаңдар балаларға.

Микробтың басшысы:

-Біз кетпейміз бұл жерден, бізге ұнайды осы жер, солай емеспе достар.

Микробтар бірге:

-Бұл жер бізге ұнады.

Жалқаубек:

- Балалар мен жалғыз емеспін,көрдіңдер ме? Бұл менің патшалығым, ал микробтар менің достарым.

-Балалар біз бұлардан қалай құтыламыз? Жақсы, онда мен өзімнің сыйқырлы қоңырауымды сақсам, бізге көмекке Кірқоймас келерме екен?.

(қоңырау соғылып Кірқоймас келеді)

Кірқоймас:

Сәлеметсіздерме, достарым,

Мен-атақты суқұйғышпын.

Мен сендерге келгенім,

Денсаулықты қорғаудың,

Үйретуге жолдарын.

(Кірқоймас жан жағына қарап)

-Ой,мынау қорқынышты микробтар қайдан келді?

-Бұлар Жалқаубектің соңынан еріп келген достары екен, қалай қуарымызды білмейміз?

Кірқоймас:

-Қорықпаңдар, мен білемін.Олар неден қорқатынын.

-Ал балалар сендер білесіңдер ме?

-Мен сендерге жұмбақ жасырайын,жауабын дұрыс айтсаңдар мыналардан құтыламыз.

Кірқоймас:

Ертемен күнде сен,

Қолыңды сүйкесең.

Кетіп кір, ласың,

Тап-таза боласың.

Бұл не?

Балалар:Сабын!

(Бір бала қолына сабын үстап шығады)

Микробтар:Жоқ!Жоқ! Біз қорқамыз!

Кірқоймас:

Ауызыңды тазалар,

Тазартып оны ағартар.

Үйкелесең тісіңді,

Маржандай боп жалтыар.

Ол не екен балалар?

Балалар: Тіс щеткасы!

(Бір бала қолына тіс щеткасын үстап шығады)

Микробтар:Жоқ! Керек емес!

Кірқоймас:

Аю менен қасқырдан да,

Ұзын менің тістерім.

Бірақ жыртқыш аң, емеспін

Шаштарға мен сән беремін.

Балалар: Тарақ!

(Бір бала қолына тарақ үстап шығады)

Микробтар:Жоқ! Керек емес!Алыңдаршы тарақты!

( көңілді әуенмен, балалар сабынды, тіс щеткасын, тарақты алып микробтарды қуып шығады.)

-Балалар осы тазалыққа байланысты тақпақтар білесіңдер ме?

Тақпақтар

1.Микробты көрдің бе,

Көрсең,айтшы,қай кезде?

Микраскопсыз ол мүлде,

Көрінбейді жай көзге.

2.Тәтейіміз бақшада,

Түсіндірген бұл жайды.

Мұны білген жас бала,

Тазаланбай тұрмайды.

3.Ол арасын шаштың да,

Мекендейді үнемі.

Тірнағының астында,

Қолыңда да жүреді.

-Балалар, әрқашан тазалық ұстап таза жүрсеңдер, ешқандайда микробтар жоламайды сендерге.Балалар сендер сабын қайдан шыққанын білесіңдер ме?

-Балалар жоқ.

-Ендеше біз көрініс тамашалайық.

Көрініс: «Иіс сабын»

-Сабын қалай жасалған?

Қайтіп иіс қоса алған?

Деген сұрау естідім,

Кішкене ұлым Досаннан.

Автор
Дата добавления 03.03.2015
Раздел ИЗО, МХК
Подраздел Конспекты
Просмотров570
Номер материала 419663
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх