Инфоурок Дошкольное образование Статьи"Тазша бала ертегісі" туралы

"Тазша бала ертегісі" туралы

Скачать материал

Қазақша Ертегі: Ыбырай Алтынсарин (Тазша бала)

 

 

 

 

 

 

Қазақша Ертегі: Ыбырай Алтынсарин (Тазша бала) казакша Қазақша Ертегі: Ыбырай Алтынсарин (Тазша бала) на казахском языке

Ертеде бір шал мен кемпір болыпты. Олардың үш баласы, бес ешкісі бар екен. Бір күні үлкен баласы басқа жерден пайда кәсіп қылуға талап етіп, өзіне тиген енші ешкісін сойып алып, етінен кемпір мен шалға бір түйір де берместен, арқалап кетіпті. Келе жатса бір өнерші байдікіне келеді. Бұл байға өнер үйренуге ол жігіт жалданыпты. Өнерші бай бек қатты жауыз адам екен, ол жалданған жігітті бір сандыққа салып қойып, аштан өлтіріпті. Үйінде қалған ортаншы баласы, бұ да өнер үйренбекке талап етіп, ода ағасының кеткен жолымен кетіп, о да өнерші байға келіп жалданып ты. Өнерші бай оны да ағасынша аштан өлтіріпті. Үшінші ұлы Тазша бала, о да ағаларындай өзіне тиген енші ешкісін сойып алып, жарты етін әке-шешесіне беріп, олардан рұқсат алып, арқалап кетіпті.
Келе жатса бір қора қойға ұшырапты. Бұл қора қойдың қойшысына жолығып сұраса, бұл қойлар өнерші байдікі екен. Ол Тазшадан сұрайды:
-Балам, қайда барасын? -деп.
Тазша бала жауап береді:
- Өнер үйренуге барамын -деп.
Сонда шал тұрып айтады: .
- Балам, ол сөзіңді бөтен ешкіміге айтпа- деп,-өзіңе өтірік айтпа, жатқа (бөтендерге) шыныңды айтпа деген - деп.
Сонан соң бұл бала шалдың бұл айтқаны рас екен деп ойлап, өнерші байға барыпты. Байдың үйіне қонып, ертең жүрейін деп жатқанда, өнерші бай Тазшадан сұрайды:
- Балам қайда барасың, жолың болсын? - деп.

Тазша бала жауап береді:
- Мен өзіңдей ер баласы жоққа еншілес бала боламын - деп.
Сонда өнерші бай айтады:
- Балам, сен біздікінде қал, маған бала бол, біздің бір ақ кұнан қойды сойып, той қылып, асық жілігін етімен өзін, жеп той, мен өзім жолаушы барамын - дейді де, өзі жолына кете береді. Бала (Тазша):
- Хош әке, жақсы бол! -деп, үйінде қала беріпті.
Бұл өнөрші байдың үйінде бір қызы бар екен. Бұл Тазша балаға айтады:

- Аға, сен асық жіліктен өзің жемей, керегенің басына іліп кой, сонда бір ақ тазы келіп, жілікке ұмтылар, сонда сен балтамен ол тазыны лақтырып өлтір - деп.
Мұнан соң Тазша бала ақ құнан қойды сойып, той қылып, көршілерін шақырып, асық жілігін өзі жемей, қыздың айтқанын қылып, керегенің басына іліп қойғанда, айтқанындай ақ тазы келіп етті жілікке ұмтылғанда, Тазша балтамен жіберіп қалыпты; бірақ балтасы тазыға тимей, ит кашып құтылып кетіпті. Өнерші бай үйіне келген соң, Тазша баланың мұндай істерді істегенін біліп, қатты ашу етіп, бұл итті аштан өлтірейін деп сандыққа салып қойыпты. Бұл байдың бағанағы қызы, әкесі жоқта, сандығының түбін тесіп тамақ беріп, Тазшаны тойдырып тұрыпты.
Бірнеше күндер өткен соң Тазшаның өз әкесі балаларын іздеп шығып, өнерші байдікіне келіп сұрады:
- Бір Тазша деген балам бар еді, соны көрдіңіз бе? - деп.
Өнерші бай:
- Көргенім жоқ - деп жауап береді.
Бұлардың сөйлесіп тұрған сөздерін Тазша үйде сандықта жатып есітіп жатыр еді. Бай әлгідей дегенде, Тазша:
- Әке, мен мұндамын! - деп, сандық ішінен айқайлапты. Даусымен баласын танып, байдың сандығынан шығарып алып, Тазша мен әкесі үйіне қайтыпты.
Тазша жолай әкесіне айтады:
- Әке, мен бір қара құнан қой болайын, мойныма жіп тағып, жетектеп барып базарға жақсы бағаға сат, бірақ жібіңді алып қал - дейді. Баласы сол жерде айтқанынша қара құнан қой болады, әкесі мойнына жіп тағып базарға апарып сатып, ақшасын алып, үйіне қайтады. Ертеңіне баласы өз қалыпына түсіп, әкесіне айтады:
- Әке, мен бір қара жорға ат болайын, мені базарға апарып сат, пұлымды ал, бірақ шылбырымды алып қал - депті. Баласы айтқанынша ат болып, әкесі базарға апарып сатып, шылбырын алып, үйіне қайтты. Ертеңіне баласы, Тазша, тағы өз қалпына түсіп, үйіне келіп, әкесіне айтады:
- Әке, мен бір жез бұйдалы нар-тайлақ болайын, сен мені базарға апарып сатта, бұлымды алып, бірақ, бұйдамды алып қалып, үйге қайта бер - деді. Тазша айтқанынша тайлақ болып, әкесі базарға сатайын деп жетектеп келе жатса, алдынан баяғы өнерші бай шығыпты. Ол айтады:
- Маған мынау тайлағыңды сат - деп.
Тазшаның әкесі айтыпты:
- Тайлағым басы жүз тілла - деп.
Сонда өнерші бай бұлардың айласын біліп, жаман оймен, тайлақты жүз тіллаға сатып алыпты да, үйіне жетектеп келіп, баяғы қызын шақырып алып, мынау тайлақты ұстай тұр депті де, өзі үйден пышақ алып, тайлақты бауыздайын деп, үйіне жүгіріп кетіпті. Қыз әкесінің жаман ниетін біліп, үйден бұ да пышақ ала шыққан екен, әкесі үйге кірген кезінде, тайлақтың бұйдасын пышақпен қиып жіберіп, босатып қоя беріпті. Өнерші бай тұра салып үйінен шығып, қаып бара жатқан тайлақты көріп қуыпты. Тазша сонда түлкі болып қашыпты, өнерші бай тазы болып қуыпты, өнерші бай жете берген кезде, Тазша түлкіден үйрек болып ұшыпты, бай онда қаршыға болып қуыпты. Бір аздан соң, Тазша бала торғай болып қашыпты, онда бай қырғый болып соңына түсіпті. Онан соң Тазша торғай қалпында шаңыраққа ұшып келіп қонып отырғанда, бай -қырғый келіп таяна бергенде, Тазша қорқып, шүберек болып жерге түсіпті. Өнерші бай онда кісі болып, шүберекті қолына алайын дегенде, Тазша тары болып домалапты. Онда өнерші бай тауық болып шұқиын дегенде, Тазша мысық болыпты да, өнерші байдың желкесіне мініп алып тістеп, тырнап, зорлықпен өнерші байды өлтіріпті. Сөйтіп, оның қызын өзі алып, барша мұратына жетіп, зор бай болып дәурен етіпті.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Тазша бала ертегісі" туралы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор музея

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 290 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.02.2017 2640
    • DOCX 96.4 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нурахынова Ботагоз Рахимжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16703
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инновационные подходы к организации социально-личностного развития детей дошкольного возраста в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 17 регионов

Курс повышения квалификации

Способы формирования познавательной мотивации у детей дошкольного возраста

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Деятельность руководителя в управлении дошкольной образовательной организацией

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Успешая команда: опросы, сторис

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Взаимоотношения в семье и успех детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные методы обучения и игровые практики для детей с ОВЗ

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 22 регионов