Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Түбінде адам болатын бала
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Түбінде адам болатын бала

библиотека
материалов

Мұғалімнің аты-жөні: Сапарова Балшекер Кайрбековна.

Пәні: қазақ тілі

Өткізілу орны

Жасқайрат негізгі мектебі

6 -сынып

Сабақ:

Мерзімі:

Тақырыбы: Б. Соқпақбаев «Түбі адам болатын бала»

бекіту

Сабақтың мақсаты:

Жеке, жұптық, топтық жұмыс жүргізу арқылы бір –бірінің пікірімен санасуға, диалог арқылы өз ойын еркін жеткізуге машықтандыру. Оқушы бойында « мен» тұжырымдамасын қалыптастыру. Әр түрлі тапсырмалар беру арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойлату.

Сабақтың міндеттері

Білімділік: Оқушыларға мәтіннің мазмұынын баяндай отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру;
Мәнерлеп оқу дағдыларын, қызығушылығын арттыру;
Ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету.

дамытушылық: Жазушы шығармалары арқылы әр оқушыны өзіндік ой – қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу;
Мәтінмен жұмыс істеу, көркем шығармаға әдеби талдау дағдыларын дамыту;
Ғылыми жұмысқа бейімдеу, ізденуге талпындыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

тәрбиелік: Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі-өнеге алуға шақыру; Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу



Сабақтың көрнекілігі

кеспе қағаздар, стик, оқулық, суреттер топтамасы, ноутбук

Сабақтың әдіс-тәсілдері

Сұрақ-жауап, талдау, рөлдік ойын.

Сабақтың жоспары

І кезең Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, зейінін сабаққа аудару.Сыныпты Мозайка әдісі арқылы 2 топқа бөлу /3мин

Психологиялық дайындық: Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талантты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан

Үй тапсырмасы

«Көпір»

тапсырмалары:

3 мин

«Қожаға хат», «Менің басымнан өткен қызықты оқиғам»




ІІ кезең

Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгерту

Мұғалімнің кіріспе сөзі

3 мин

.Жаңа сабақты меңгерту
Балалар, сендер «Менің атым Қожа» фильмін көрдіңдер ғой, иә. Ендеше, мен сендерге жаңа сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында бүгінгі өтілетін тараудан үзінділер айта отырып ой тастайын.
«Мен өзімнің он үш жыл өмірімнің ішіндегі ең бір қатыгез күнді бастан кештім».
- Қожа бұл сәтті қашан бастан кешіріп еді?
- Қожаның тәртіпсіздік қылықтарын, әсіресе соңғы жасаған ағаттығын , яғни Майқанованың сөмкесіне бақа әкеп салған әрекетін талқылау мақсатында болып жатқан педкеңесте.
- Дұрыс, айтасыңдар. Қожа қанша тәртіпсіздік істесе де, мұғалімдер оны кешіріп келген еді, иә. Осы жолғы кеңес ұзаққа созылды. Осы кезде Қожа өз мәселесінің шешілу қорытындысы, талқылану процесі жайлы өзінше ой қорытып отырды. Кеңес те аяқталды. «Мен туралы не деп жатыр?» екен деп дегбірі қашқан Қожа бұл кезде қайда отыр еді?
- Мектеп терезесінің тұсында тұрған теректің үстінде отыр еді.
...Педкеңес аяқталды, жұрт тарай бастады. Ахметов пен Майқанова оқшауланып, Қожа тұрған теректің түбінен өтіп бара жатып не дейді?
- «Түбінде адам болатын бала»
- Өте дұрыс. Біз жаңа сабақтың мазмұнын бірлесе айта отырып, тақырыпты да анықтап алдық.
- Өздерің көрген кино соңында осы сөзден Қожа қорытынды шығара ма?
- Иә, қорытынды шығарғаны соншалық, ол өзіне құпия кеңес өткізіп, онда өз жасаған қателіктері, оны түзету және болдырмау үшін не жасау керектігі туралы қаулы шығарады.
Сонымен, балалар, біз Бердібек Сокпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесімен танысып шықтық. Енді сабақты қаншалықты меңгергенімізді байқау үшін өтілген барлық тараулар бойынша бірнеше тапсырмалар орындап көрейік.
Сабақтың өтілу жоспары:
1. Мынау кім? Оқиғалар тізбегі
2. Бұл қай сәт? Сұрақ- жауап
3. Теріп алу стратегиясы
4. Ой тастау

«Білу»

4 мин


Мынау кім?
1. Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап – сыпсыңдағыш кім? (Жантас)
2. Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз. (С. Майқанова)
3. Біз екеуміз таныс шығармыз деймін? (С. Майқанова)
4. Мүмкін орныңа барып айтатын шығарсың? (С.Майқанова)
5. Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр. (Мектеп күзетшісі Сәйбек қарт)
6. Келесі сабаққа қайыссың бақа ұстап әкелесіңдер? (Зоология пәнінің мұғалімі Оспанов)
7. “Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың.Сонда маған шапағатың тиер.” (Сұлтан)

Оқиғалар тізбегі
(Ойынның шарты: шатасқан оқиғаларды рет-ретімен қою)
1. Оған байқатпай, жерден жұдырықтай тас жіберіп қалмақшымын
2. Бақаның әлегі
3. Педсовет
4.
Жолдама алған Жантас
5. Оқулық емес, қант аламын

«Түсіну»

6 мин

Бұл қай сәт?

1. Төбемнен шатыр етіп жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох, шіркін-ай!

Жауабы: Орыс әдебиетінен Анфиса Михайловна А. Пушкиннің «Қысқы кеш» өлеңін жатқа сұрағандағы сәт.

2. Есікті аша бергенде,тынысым мүлде бітіп,жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін.

Жауабы: Бақа оқиғасынан кейін апасына кездесер сәт.

3. Маңдайдан буым бұрқырап,есік алдына шықтым.Сәйбек көрінбейді. Омырауымды ағытып,желпініп,ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма?

Жауабы: Педкеңес болып жатқан сәт.

Сұрақ -жауап

1. Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мәселен,...деген аттарды алып қараңдаршы,айтуға да ықшам,естір құлаққа да жағымды.Ол қандай есімдер?

Жауабы:Мұрат,Болат,Ербол,Бақыт

2. Тағы да мамам тұрып,басын изеп,мақұлдап,бірдеңе айтты. Анасының сөзі.

Жауабы: Шығарсаңдар,шығарыңдар мектептен!Кетсін қаңғып.Менің де жүйкемді жүн етіп құртып бітті бұл оңбаған!

3. Лаула!Лаула жігер оты!-деп шығарма қалай аяқталған еді?

Жауабы:Самға қиял құсы! Асығатыным да,аңсайтыным да ертеңгі болашағым.

4. Мамам жайлауға жүріп кетті. Мен мектепке келе жатырмын.Көңілім көтеріңкі,бойым сергек.

Анасының қандай сөзі құлағынан кетер емес?

Жауабы: Мен үшін сенің адам болғаныңнан артық ешқандай да бақыт жоқ.

1. Қадыров түбінде адам болатын бала,-дейді Майқанова. Ахметов не деп қостады?

Жауабы: -Оты бар,-деп қостады.

2. Шешесі таңертең жайлауға қайтпақшы болды. Қожа анасын құшақтап не деп жылыды?

Жауабы: Жоқ,маматай, кетпеші,жаным мама! Ендігәрі тәртіпсіздік істесем,оңбай,көгермей кетейін.

3.Көк көз келіншек сатушыға не деп дауыстап жатыр?

Жауабы: Анау сұр кепкалы балаға бермеңіз. Ол кезексіз кіріп кетті.

4. Қожаның айтуы бойынша Жантас қандай бала?

Жауабы: Біреуді біреуге атыстырып,от тастап жүретін қу,сабақ үстінде сыбырлап сыпсыңдағыш,өзі тақтаға шыққанда көрінгенге құлақ түргіш бала.


«Қолдану»

6 мин

«Менің атым Қожа» повесінен оқушылар үзінді қояды.

Сергіту сәті

2 мин

Иесіне қайтар” ойыны (Сергіту сәті)

Жауап берші, достым!
1.Менің он үш жыл өмірімдегі ең қатігез күн қашан болып еді?
2.Мен үйімде төргі бөлменің есігін жауып алып, кеңес өткізгенімді білесіңдер. Сонда кімнің мәселесін қарадым?
3.Шыбыным, әйтеуір ешкімге тимей, ұрынбай, жайыңа жүр. Тек жүрсең, тоқ жүресің дейді атаң қазақ. Әйтеуір саған айтар ақылым, - тыныш жүр, балам.


«Талдау»

4 мин

Теріп алу” стратегиясы (Дәптермен жұмыс)
алғыр, пысық, өтірікші, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, әділетті, ақын, әзілқой, арамза, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі, жағымсыз
Қожа – алғыр, пысық, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, әділетті, ақын, әзілқой, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі.
Жантас – өтірікші, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, арамза, жағымпаз
Қожаның жағымды жақтары Қожаның жағымсыз жақтары

831758b0039bpost-28238-1176317786

«Жинақтау»

4 мин

Ой тастау
Қалай ойлайсыздар, әдепті жолға түсуіне не себепкер? Анасын аяуы ма, Сәйбек қарт, Оспановтар айтқан естеліктер ме, Майқанованың педкеңестен шығып бара жатып айтқан сөзі ме?

«Баға беру»

3мин

Бірін- бірі бағалау. Оқушылар алдына бірін-бірі балағау үшін бағалау өлшемдерін беремін.

  1. Үй жұмысын толық орындау

  2. Сабаққа белсенді қатысуы, ынтасы

  3. Берілген тапсырмалардың толық орындалуы

  4. Сөйлеу мәдениеті


Оқушының аты- жөні

Баға

Жиынтыық баға

1




2




3




4






Рефлексия

2 мин

Стик арқылы сабаққа тілектерін білдіреді


Үйге тапсырма

Менің қиялымдағы Қожа эссе жазып келу



Краткое описание документа:

Білімділік: Оқушыларға мәтіннің мазмұынын баяндай отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру;
Мәнерлеп оқу дағдыларын, қызығушылығын арттыру;
Ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету.

дамытушылық: Жазушы шығармалары арқылы әр оқушыны өзіндік ой – қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу;
Мәтінмен жұмыс істеу, көркем шығармаға әдеби талдау дағдыларын дамыту;
Ғылыми жұмысқа бейімдеу, ізденуге талпындыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

 

 тәрбиелік: Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі-өнеге алуға шақыру; Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу

Автор
Дата добавления 20.01.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров871
Номер материала 323196
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх