Инфоурок Другое СтатьиӨтебай Тұрманжанов. "Жаралы торғай" тақырыбына ашық сабақ жоспары. 4-сынып

Өтебай Тұрманжанов. "Жаралы торғай" тақырыбына ашық сабақ жоспары. 4-сынып

Скачать материал

Жаңаөзен қаласы

№7 орта мектеп

 

 

Ашық сабақ

Тақырыбы: Өтебай Тұрманжанов. «Жаралы торғай»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                   Өткізген: 4 «Ә» сынып жетекшісі

                                                                              Ажиханова Инкар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

16.02.2017ж.

Тақырыбы: Жаралы торғай.  Өтебай Тұрманжанов.

Мақсаты: Өлеңнің мазмұнын түсіну; құрылысын талдау.

Білімділік: Ө Тұрманжановтың «Жаралы торғай» өлеңімен таныстыру, негізгі идеяны ашу, өлең құрылысын талдау, сюжетті әңгімелеу, шығармашылық әрекеттер жасату.

Дамытушылық: Өлеңді талдау арқылы өз ойын нақты жеткізіп, қорғай алуын, сөздік қорларын,тілдерін дамытып, критерийлер арқылы өздерін бағалау білуін дамыту.

Тәрбиелік: Өлең мазмұны бойынша,кіші достарымыз құстарды, табиғатты , қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.

 

Сабақтың жүру барысы. I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа даярлау, оқушыларды түгендеу.

 

Психологиялық дайындық

Мақсатымыз – білім алу.

Міндетіміз – еңбектену.

Білімді боп топты жару,

Білікті боп өмірге ену.

 

Үй тапсырмасын тексеру. М. Хакімжанова «Көктем жыры» өлеңін жатқа сұрау.

-Өлең авторы туралы не білесіңдер?

-Өлеңде нені суреттейді?

-Ақын көктемдегі қандай өзгерістерді жырлайды?

 

Өткенді пысықтау. Сұрақ-жауап:

-Көктем туралы кімнің өлеңімен таныстық? (Қ.Аманжолов)

-Гүлдер деп жырлаған ақын? (Т.Молдағалиев)

-Шоқай, Күлзағира, Елікбай қай шығарманың кейіпкерлері? (Сынған аквариум)

-Үлек деген не? (нардың бурасы)

-Мен таңдайтын мамандық өлеңінің авторы? (Өтепберген Ақыпбекұлы)

- Мына үзінді қай өлең жолдарынан алынған?

Жатыр іздер жосылған

Рояльдің басылған

Ақ тіліне ұқсап қап... (Аппақ қыс)

-Сатира деген не?

-Кейіптеу дегеніміз?

-Қайталау не үшін керек?

-Логикалық екпін дегеніміз?

 

«Түрткі болу» сұрақтарын қою.

-Көктем жаршысы не? (құстар)

-Жыл құстарын ата. (тырна, қарлығаш, көкек, ұзақ)

-Қыстап қалатын құстарды ата. (торғай, шымшық, тоқылдақ, қарға, көгершін)

-Құстардың қандай пайдасы бар?

Құстар – адамға дос.Құстардың еті тамақ болса,мамық қауырсыны киім, көрпе-жастық болады.Құстар орман,жер зиянкестерімен қоректеніп ауыл шаруашылығына пайдасы көп.Құстарды негізге алып, ұшақтар жасады.Сазгерлер құстардың үнін әуенге қосты.  

 

Ой қозғау

Торғайдың суретін көрсету.

1. Торғай қандай құс?

2. Ол туралы не білесіңдер?

Оқушылардың жауабын толықтыру.

 

Торғайлар (лат. Passer) – торғайтәрізділер отрядына жататын құстар туысы.

Жер шарына кең тараған 27 түрі бар.  Көпшілігі – отырықшы, кейбіреулері – жыл құстары. Ұзындығы 12 – 15 см. Ағаш қуыстарын, індерді, үй-жайларды мекендейді немесе ағаштарға шар тәріздес ұялар салады. Қорегі – дәнмен; балапандарын бастапқы уақытта жәндіктермен, кейіннен өсімдік тұқымдарымен қоректендіреді. Шөл торғайлар сирек кездесетін құс ретінде «Қызыл кітапқа» енгізіліп, қорғауға алынған.

 

Жаңа сабақты хабарлау. Ө. Тұрманжанов. Жаралы торғай.

-Өлең авторы кім екен? Ол туралы не білеміз?

(автор туралы мағлұмат беру)

        

Өтебай Тұрманжанов 1905 жылы 15 желтоқсанда Бөген ауданындағы "Жалғызағаш" ауылында туған. Ташкентте N14 жетім балалар үйінде тәрбиеленді. Саяси қуғын - сүргінге ұшырап, түрмеде лагерьде айдауда болды. Тұңғыш жинағы "Таң өлеңдері" (1925 жыл). 40 - тан аса кітаптың авторы. Лев Толстойдың балаларға арналған шығармаларын аударды. "Қазақтың мақал - мәтелдері", "Асыл сөздер" атты жинақтарды құрастырды. Ауыз әдебиетінің белгілі зерттеушісі, көрнекті ақын  Ө. Тұрманжанов Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Ө. Тұрманжанов 1978 жылы Алматы қаласында дүние салды.

 

Ой қозғау

Жаралы торғай суретін көрсету.

-Торғай не себепті жаралануы мүмкін ?

-Оның осы күйге түсуіне кінәлі кім деп ойлайсың?  Неге?

 

Оқулықпен жұмыс.

Өлең мазмұнымен таныстыру

(мұғалімнің оқуы, мазмұнын түсіндіру)

Сөздік жұмыс.

Оқушының түсінбеген сөздерін сұрау.

Қапелімде – ойламаған жерден, кенеттен. 

 

Оқушыларға іштей оқыту.

Екі тармақтан тізбектей оқыту.

 

Өлең құрылысына талдау.

-Өлең құрылысына нелер жатады? Бастысы – ұйқас.

-Ұйқастың қандай түрлерін білесіңдер?

-Оқыған өлеңдеріңде неше шумақ бар?

Бір шумағын талдауға алу. (слайд)

-Неше тармақ? (20)

-Неше буынды? (12, 11)

-Неше бунақты? (4)

-Ұйқасы? 1-шумақ (а-а-б-а – қара өлең ұйқасы)

 

«Мағынаны  тану»

1.Торғайдың не үшін ән салуға зауқы болмады?

2.Торғайдың қасына жақындаған кезде ол не істеді?

3. Автордың айтайын  деген негізгі ойы қандай?

4.Торғайға не болғанын, неліктен ұша алмай қалғанын өзің ойлап айт.

 

Сергіту сәтін ұйымдастыру.

Қане қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Білімде алда болайық. 

 

Дәптермен жұмыс.

5.Төртінші шумақтағы теңеу сөздерді теріп жаз.

Құндыздай, қорғасындай.

Құндыздай – бағалы аңның терісіне, жүніне теңеп тұр.

Қорғасындай – торғайдың көзіндегі мұң қорғасын салмағындай ауыр.

 

Шығармашылық жұмыс.

Өлең мазмұны қара сөзбен әңгімелеу. 1 оқушы 1 шумақтан.

 

Балалар, осы өлеңді әңгімелегенімізді сурет қылып сала аламыз ба? Сурет арқылы да жеткізуге бола ма?

-Олай болса, сол салған суреттеріміз сюжетті суреттер болады. Біз бір оқиғаны сурет арқылы баяндай аламыз.

Сюжет дегеніміз өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, оқиғаның тұтас желісі.

Оқиға дегеніміз не? (бір жағдай, жәйт, өзгеріс)

-Өлеңде сюжет бар ма? Болса қандай оқиға баяндалған?

 

Бекіту. Өлеңді сатылай кешенді талдау.

1.Авторы. (Өтебай Тұрманжанов)

2.Тақырыбы. (Жаралы торғай)

3.Жанр түрі (өлең, әңгіме т.б.). (өлең)

4.Идеясы (автордың айтайын деген ойы). (құстарды қорғау, аялау, атпау)

5.Өлеңнің тәрбиелік мәні. (адамгершілікке, қамқорлыққа тәрбиелейді)

 

Қорытынды. Ой түйін.

-Балалар, жаңа сабақ бойынша қандай қорытынды шығаруға болады?

Құстарды қорғау керек. Қазір қыс мезгілінде оларға жылы ұя салып беріп, жем шашамыз. Нан қиқымын құстарға шашу керек. Құстарды атпаймыз, қорламаймыз, қорқытпаймыз. Табиғатты аялауымыз керек.

 

1 оқушыға мәнерлеп оқыту:

Шыр-шыр еткен торғайды,

Қорғамасаң болмайды.

Кіп-кішкене торғайлар,

Ағаштарды қорғайды.

Таспен атып торғайды,

Ұя бұзған оңбайды.

Құс өкпелеп кетеді

Бақшамызға қонбайды.

 

Үйге тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқу. Үйшікті орындау.

Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Хаттама

Жаңаөзен қаласы

16.02.2017ж.

Төрайымы: Күншығарова С.

Хатшы: Қосмағамбетова А.

Қатысқан мұғалімдер саны: 7

Күн тәртібінде:

13.02.-23.02 аралығында 4-сыныптар арасында өткен «Ғарыш ғажаптары» атты онкүндік аясында өткізілген 4 «Ә» сынып жетекшісі И.Ажиханованың әдебиеттік оқу пәнінен Өтебай Тұрманжанов «Жаралы торғай» тақырыбына өткізген ашық сабағын талдау.

Тыңдалды:

Күншығарова С.:

Бүгін жас маман И.Ажиханованың әдебиеттік оқу пәнінен Өтебай Тұрманжанов «Жаралы торғай» тақырыбына өткізген ашық сабағына қатыстық. Мұғалімнің сабағы жақсы жоспарланған. Сабақ ұйымдастырудан басталды. Өткен тақырыптар өте жақсы қайталанды. Дайындаған слайдтары ұнады. Өткен сабақ пен жаңа сабақ арасында өте жақсы байланыс болды. Мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы, өзін ұстауы ұнамды. Сабақты «жақсы» деп бағалаймын.

 

Медеуова Ш.:

Сабақтың  мазмұнды өткендігін мен де растаймын. Әріптесімнің берген бағасына келісемін.Барлық тапсырмалар  толық қамтылды.Сабақтың барлық этаптары сақталған. Сабақ жақсы жоспарланған. Мұғалімнің өзін-өзі ұстауы өте жақсы. Оқушылары да сабаққа жақсы қатысып отырды. Балалардың оқу техникасы жақсы. Жаңа тақырыптағы қосымша мәліметтері қызықты. Тағы да қосуға болатын нәрселер болды. Бірақ сабағында өрескел қателік болған жоқ. Сабағын «өте жақсы» деп бағалаймын.

 

Мұрынова Г.:

Бүгінгі  И.Ажиханованың өткізіп отырған ашық сабағы өте жақсы өтті. Балалары да жақсы қатысып отырды. Өткенді пысықтау өте жақсы деңгейде өтті. Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жақсы жауап беріп жатыр. Мұғалімнің өзі де сұрақтар жауаптарын толықтырып отырды. Бәрі ретімен, уақытымен өтті. Сабағын «өте жақсы» деп бағалаймын.

 

Аманжанова З.: Сабақтың жоспары жақсы құрылған.Сабақтың барлық этаптары талапқа сай.Алдымен айтатын болсам,сабақтың ұйымдастыру

бөлімі маған ұнады. Өлең бойынша жасалу керек өлеңді  қара сөзге айналдыру, өлеңде бейнеленген нәрсені көз алдыңа елестету сияқты жеке тапсырмалар жақсы қамтылды.Үй тапсырмасының  тексерілуі  жақсы нәтиже берді деп ойлаймын. Балалары сабаққа белсенді қатынасты. Сабақ қорытындыланып,бағаланып,уақытқа сай аяқталды.

Сабақты «жақсы»деп бағалаймын.

 

Қосмағамбетова А.:  (жас маман)

Маған И.Ажиханованың өткізген сабағы ұнады. Мұғалімнің балалармен қарым-қатынасы, өзін ұстауы жақсы. Тапсырмалар жақсы деңгейде орындалды. Көп нәрсе үйрендім. Үлгі болатын жерлері көп. Сабақты «өте жақсы деп бағалаймын.

 

Шүйішова Н.:

Бүгін міне біз 4 «Ә» сынып жетекшісі И.Ажиханованың әдебиеттік оқу пәнінен Өтебай Тұрманжанов «Жаралы торғай» тақырыбында өткен ащық сабағына қатыстық. Сабақтың жоспары жақсы құрылған. Мұғалімнің өзін ұстауы және оқушыларды өзіне қарата білу шеберлігі ұнамды. Ұйымдастыру бөлімі кеткен жақсы өлеңмен басталды. Өткен сабақ жақсы пысықталды. Оқушылар сұрақтарға жақсы жауап беріп отырды. Үй тапсырмасының тексерілуі жақсы нәтиже берді деп ойлаймын. Тапсырмаларды орындау тәртібі жинақы, нақты түрде өтті. Сөздік жұмыс жүргізіліп, өлең құрылымына талданды. Қосымша материалдар өз деңгейінде қолданылды. Болашақта бұл жас маманды білікті де білімді маман болады деп сенемін. Сабақты «жақсы» деп бағалаймын.

 

Шешім:

16.02.2017 ж 4 «Ә» сынып жетекшісі: И.Ажиханованың әдебиеттік оқу пәнінен өткізген ашық сабағын талдай отырып, төмендегідей шешім шығарылды:

1.Бастауыш сынып мұғалімі Ажиханова Инкардың Өтебай Тұрманжанов «Жаралы торғай» тақырыбындағы ашық сабағы «жақсы» деп бағаланды.

Шешім көпшілік дауыспен бірауыздан қабылданды.

 

Төрайымы:                                                        Күншығарова С.

Хатшы:                                                              Қосмағамбетова А.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өтебай Тұрманжанов. "Жаралы торғай" тақырыбына ашық сабақ жоспары. 4-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по сертификации продукции

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 484 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.05.2018 2859
    • DOCX 27.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ажиханова Инкар Жанбырхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ажиханова Инкар Жанбырхановна
    Ажиханова Инкар Жанбырхановна
    • На сайте: 5 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8438
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 34 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 458 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Читательская грамотность у школьников

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 16 регионов

Мини-курс

Стрессоустойчивость и успех в учебе: практические методики и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 21 региона

Мини-курс

Развитие предметно-практических действий, игровых навыков и математических представлений у детей раннего возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе