Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / «Теңдеудің көмегімен мәтінді есептерді шығару» Ашық сабақ. 6 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Математика

«Теңдеудің көмегімен мәтінді есептерді шығару» Ашық сабақ. 6 сынып

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: «Теңдеудің көмегімен мәтінді есептерді шығару»

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Теңдеу құру арқылы мәтінді есептерді шығару,машықтандыру,алған білімдерін тереңдету,жинақтау,жүйелеу.

Тәрбиелік: Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы өзіндік ізденістерін қалыптастыру. Сын тұрғысынан саралай білуге тәрбиелеу.Бір-біріне достарына көмек көрсетіп, топ, ұжым

болып бірлесіп, тату-тәтті жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: аралас сабағы

Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта,таратпа материалдар, талапкер, ҰБТ кітапшалары,олимпиада кітабы

Сабақтың жоспары:

  • Ұйымдастыру

  • Үй тапсырмасын тексеру

  • Кім білгір

  • Оқулықпен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар

  • Олимпиадаға дайындаламыз

  • Логикалық есептер(ҰБТ кітапшаларынан)

  • Талапкер есептері

  • Сабақты қорытындылау

  • Үйге тапсырма

  • Бағалау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа даярлығын,қатысуын шолып өту,құралдарын тексеру.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

847есеп

Берілгені: І көше – 1,4x-13

ІІ көше – х+13

Т/к: І,ІІ көшедегі ағаштар саны

Шешуі: 1,4x-13 = x+13

1,4x-x=13+13

0,4x=26

x=65 (ІІ көшедегі ағаштар)

1,4x=1,4*65=91 (І көшедегі ағаштар)

Жауабы: 91ағаш, 65 ағаш


ІІІ. Кім білгір:

1. Теңдеу дегеніміз не?

2. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу дегеніміз не?

3. 6x+2=2x-6 теңдеуін шешіңіз

4. 2(0,5x-2)= - (2x-2) теңдеуін шешіңіз


ІV. Оқулықпен жұмыс:

861 есеп

Алғашқыда екі кітап сөресіндегі кітаптар саны бірдей болды. 18 кітапты бірінші сөреден алып, екінші сөреге қойғанда, ондағы кітап саны бірінші сөредегі кітап санынан 3 есе артық болды. Алғашқы кітап сөресінің әрқайсысында неше кітап болды?

Берілгені: І сөре – (х-18)3

ІІ сөре – х+18

Т/к: І,ІІ сөредегі кітаптар саны

Шешуі: 3(x-18)=x+18

3x-54=x+18

2x=72

x=36

Жауабы: әрқайсысында 36 кітап


862 есеп

Екі санның қосындысы 348 – ге тең. Бірінші санның 80% - і екінші саннан 6 – ға кем. Бірінші санды табыңдар.

Берілгені: І сан – x

ІІ сан – 0,8х+6

Қосындысы - 348

Т/к: І сан

Шешуі: x+0,8x+6=348

1,8x=342

x=190

Жауабы: І сан – 190 саны


Деңгейлік тапсырмалар.


V. Олимпиадаға дайындық

Асқар әр күні таңертең жаяу мектепке барады, егер минутына 60 метр жүрсе 5 минут кешігеді, егер минутына 75 метр жүрсе 2 минут ерте жетеді. Асқардың мектепке дейінгі жолының ұзындығын табыңдар.

Шешуі:

І тәсіл(арифметикалық)

(60*5+75*2) : (75-60)=30 (минут) (жетуге тиісті уақыт)

60*(30+5)=2100(км) немесе 75*(30-2)=2100(км)


ІІ тәсіл(алгебралық)

Жетуге тиісті уақыт – х

75(x-2)=60(x+5)

75x-150=60x+300

x=30

75(30-2)=2100(км) Жауабы: 2100 км


VІ. Логикалық есептер

1. «Тілсіз жау» менің атым.Сан боламын «Т» дан егер бастасаң

Жауабы: төрт

2. Торда үш қоян бар еді. Үш бала бір қояннан алып кеткенде торда әлі бір қоян қалды. Бұл қалай?

Жауабы: торымен алып кеткен

3. Қожанасыр жаңа үй сатып алып, ойланып-ойланып ол үйіне 10 орындық сатып алыпты. Орындықтың екеуін сыртқа қойыпты. Ал қалған сегіз орындықты бір бөлменің әр қабырғасына үшеуден орналастырған. Бұл қалай?

4. Бір үйде 100 пәтер бар. Сол пәтерлерде 9 саны неше рет қайталанады?

5. Теректе сауысқан қонып отыр. Аңшы атқанда қарға түсті. Бұл қалай?


VІІ. Талапкер есептері:

705 (78 бет)

Әкесі екі баласына 700 м2 жерді мұраға қалдырды. Кіші ұлының еншісі үлкен ұлының еншісінің ¾ бөлігіндей болса, онда үлкен ұлдың еншісіне қанша жер тиді?

Берілгені: Барлығы – 700 м2

Кіші ұлы – 3/4х

Үлкен ұлы -х

Т/к: үлкен ұлының еншісі

Шешуі: 3/4x+x=700

7/4x=700

x=700*4/7

x=400

Жауабы: үлкен ұлдың еншісі 400 м2




714 (79 бет)

Кітапханада ағылшын, француз және неміс тілінде кітаптар бар. Ағылшын тіліндегі кітаптар барлық шет тіліндегі кітаптардың 40% - ін, француз тіліндегілер ағылшын тіліндегінің 75% құрайды, ал қалған 210 кітап – неміс тіліндегілер. Кітапханада шет тілінде неше кітап бар?

Берілгені: ағылшын – 0,4х

Француз – 0,75*0,4х=0,3x

Неміс – 210 кітап

Барлығы - х

Т/к: шет тіліндегілер

Шешуі: 0,4x+0,3x+210=x

0,7x+210=x

x-0,7x=210

0,3x=210

x=700

Жауабы: шет тілінде 700 кітап бар


722 (81 бет)

Ағаш дайындау жұмысына үш бригада қатысты. Бірінші бригадада барлық жұмысшылар санының 36% - і, ал екінші бригадада біріншіге қарағанда 72 адам артық болды. Қалған 124 жұмысшы үшінші бригадада еді. Үш бригадада барлығы неше жұмысшы бар?

Берілгені: барлығы – x

І бригада – 0,36х

ІІ бригада – 0,36х+72

ІІІ бригада – 124жұмысшы

Т/к: барлығы

Шешуі: 0,36x+0,36x+72+124=x

0,72x+196=x

x-0,72x=196

0,28x=196

x=700

Жауабы: барлығы 700 жұмысшы бар


Cабақты қорытындылау:

  1. Пропорция дегеніміз не?

  2. Масштаб

  3. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру

VIІ. Үйге тапсырма: № 848,860 есептер

VІІІ. Бағалау.
















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 10.11.2015
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1470
Номер материала ДВ-141460
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх