Инфоурок / Математика / Конспекты / "Теңге кімге буйырады?" 9 сынып
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

"Теңге кімге буйырады?" 9 сынып

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов



Сабақтың тақырыбы: Теңге кімге бұйырады? 9 – сыныптар арасында

Сабақтың мақсаты:
білімділік: күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, математикадан алған білімдерін тереңдету;
дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
тәрбиелік: шапшаңдыққа, сабырлылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, математика туралы сөздер, кестелер
“Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан оны оқу керек” (М. В. Ломоносов)
“Математика - барлық ғылымдардың бекзадасы, оның сүйіктісі - шындық, сәні - қарапайымдылық пен айқындылық” (Ян Снядецкий)
“Ақын жанды болмаған адам математик те бола алмайды» (С. В. Ковалевская)
“Жақсы шығарма жазу үшін творчестволық қиял қандай керек болса, геометрия есептерін шығару үшін Ғылымдардың патшасы атанғансың,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа,
Жасықтан емес сен, қаталдансың,
«Ақыл ойды тәртіпке келтіретін,
Нағыз пән - математика атанғансың!- дей келе, ортаға сайысқа қатысушыларды шақырмас бұрын сайыс барысын қадағалап отыратын, әділ бағасын беретін әділ қазылар тобымен таныстырамыз.сондай қиял керек” (А. С. Пушкин)

Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды ерекше көңілмен бастау үшін көзімізді
жұмып, мына әсем әуеннің сазына құлақ түрейік.(Әуен ойнайды)
«Жасыл дала, құлпырған қып - қызыл гүлдер, сарқырап аққан
мөп - мөлдір су, жайқалған ағаш, ашық аспан, жарқырап күлімдеген
күн с
әулесі.» Осы сезімге беріле отырып, көзімізді жаймен ашайық та осындай күймен есептерді, тапсырмаларды тез ұжыммен топтасып шешейік
Қазақпыз ғой бәйге десе қозатын,
Қосатұғын күрең атын, боз атын
Басталады «Бәйге» атты сайысың,
Шықсын шәкірт шыңдарға қол созатын,- дегендей
Тез сұрақтар мен жылдам жауаптардан тұратын Бәйге кезеңін бастаймыз

  1. топ

1, Азайтудың нәтижесі қалай аталады? айырма
2. 1 сағатта неше минут бар?(60)
3. 7 ондық 0 бірліктен тұратын санды ата.(70)
4. Шарты мен сұрағы бар кішкене әңгіме?(мәтінді есеп)
5. Мектептегі 45 минут?(Сабақ)
6. Оқу жылының алғашқы айы қандай?(Қыркүйек)
7. Азайту амалының компоненттерін ата?(азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні)
8. 3 пен 9 - дың көбейтіндісі?(27)
9. 6 мысық пен 3 тауықтың аяғы нешеу?(30)
10. Санды сол санның өзіне бөлсе..(1 шығады)
2- топ
1. Қосудың нәтижесі қалай аталады? Қосындының мәні

2. 1 ғасырда неше жыл бар?(100)
3. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата.(98)
4. Периметрді қалай табамыз?( Барлық қабырғаларын қосамыз)
5. Мектептегі 10 минут?(Үзіліс)
6. Қыс айларының алғашқы айы қандай?(Қаңтар)
7. Бөлу амалының компанеттерін ата? Бөлінгіш, бөлгіш, бөлінді

8. 3 пен 7 - нің көбейтіндісі?(21)
9. 5 машина мен 4 велосипедтің дөңгелектері нешеу? (28)
10. Кез келген санды бірге көбейткенде...(Сол санның өзі шығады

3 – топ

1 Жазықтықта қиылыспайтын екі түзу. (параллель)
2. Ақиқаттығы дәлелдеуді қажет ететін сөйлем (теорема)
3. Бір таңбалы санға дәл сондай санды тіркеп жазса, сан неше есе өседі? (11 есе)
4 Қосындысы 8 - ге, айырмасы 2 - ге, көбейтіндісі 15 - ке тең екі сан. (5; 3)
5 Ешқандай амал қолданбай 666 санын бір жарым есе арттыр. (999 төңкеріп оқимыз)
6. 4 қасқыр 4 қойды 4 сағат жейді. 10 қасқыр 10 қойды неше сағат жейді? (4 сағат)

7. Трапецияның орта сызығын қалай табамыз? Табандарының жарты қосындысына тең
8.Сызықтық функцияның графигі түзу сызық

9. Бағытталған кесінді қалай аталады - (вектор).

10. Дәлелдеуді қажет етпейтін ұғым қалай аталады? (аксиома).

4 – топ

1. Көктемде бірінші гүлдейтін гүлді ата? тюльпан
2. Ең ұзақ каникулды атаңыз? Жазғы

3. Кез келген жұп санды атаңыз? 

4. Екі нәрсенің бірігуін білдіретін амал……..?  қосу

5. 1 метрде неше сантиметр бар 100

6. 0 – ді 5 – ке көбейткенде неше болады 0

7. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы неге тең? 180

8. 1 км – де неше метр бар? 1000м 
9. БӘД сабагында «айнал» бұйрығына неше градусқа бұрыламыз? 180
10. Сенбіден кейін 3 күн өтті, келесі қай күн? Сәрсенбі 

5 – топ

1. “Алгебра” деген сөз қандай сөзден шыққан? (“ал - джебр” - қалпына келтіру)
2. Отырардан шыққан ұлы ойшыл, данышпан, ғалым, математик (Әл - Фараби)
3. Дәптердің беті қандай фигура? Тіктөртбұрыш

4. Квадраттық функцияның графигі (парабола)
5. Барлық қабырғалары тең параллелограмм (ромб)
6. Квадрат теңдеудің формуласы? (ах2+вх+с=0)
7. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (нөл)
8. Ең үлкен хорда қалай аталады? диаметр

9. “Трапеция” сөзінің қазақша мағынасы қандай? (грекше”трапедзион”- ас үстелі)
10. 10 – ды 10 – ға көбейткенде нешеге тең? 100

  Құрметті оқушылар біздің Қазақстанымыз көптеген ұлттардың мекені болғандықтан келесі кезеңді полиглот деп атадық. Мұнда сендер мақалдарды толықтырып сол сөзді 3 тілге аударуларыңыз керек.

ІІ тур: «Полиглот»
1. Алды - артымыз шексіз де,
Жете алмайсыз біздерге.
Сәуле менен кесінді,
шыққан тегін білсін де.
(түзу – прямая – straight)

2. Бір шеңберді бір шеңбер,
Көтеріп тұр білсеңдер.
(cегіз – восемь – eight)
3. Бойы бір қарыс,
Сиып тұр 25 арыс.
(сызғыш – линейка – ruler)

4. Алтын терек, он екі бұтақ,
Үш жүз алпыс бес жапырақ.
(жыл – год – year)

5. Сырт - сырт соғады, уақыт озады. (cағат – часы – clock)

7. Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді, тілі жоқ.
Қолыңа алсаң шешен,
Ақылы асқан көсем.
(кітап – книга – book)
Музыкалық нөмірді тамашалаймыз, осы уақытты сайыскерлер демалсын

III тур – Сандардың сиқыры.

1) Қазақстанның 8облысын ата
2) Қазақстанның 6 облыс орталығын ата

3) 4 математик ғалымдардың аттарын ата

4). 10 қазақ жазушыларын ата

(Қатысушылар 1,2,3,4 карточкалардың біреуін таңдайды)



Ендігі басқа да жаратылыстану пәндеріне байланысты жанды бейне сұрақтар қоямын.

IV тур – Жанды сұрақтар

1)астрономия :1.Меркурий (Кіші Шолпан); 2. Шолпан; 3 Жер; 4.Марс (Қызыл жұлдыз); 5.  Юпитер (Есекқырған); 6. Сатурн; 7. Уран; 8.  Нептун. 9. Плутонды

2) биология; Адам ағзасында кездесетін химиялық элементтерді атаңдар: Адам организмінің 60% - ы су, 34% - ы органикалық заттар, және 6% - ы неорганикалық 22 түрлі химиялық элементтерден тұрады: Ca, P, O, Na, Mg, S, B, Cl, K, V, Mn, Fe, Co, Ni, Cu, Zn, Mo, Cr, Si, I, F, Se. 
3) география;
Қазақстан халқының орташа тығыздығы /1 шаршы км/  5,5адамнан

Сыныптастардың орындауында күй

V тур – “Пифагор болсам …”.

Балалар енді сендер ұлы ғалымдар сияқты ойланып көріңдер, яғни мына тәжірибе сұраққа жауап беріп көріңдер

3 стакан мен 1 бет ак кағазбен орындалатын тәжірибені орындау кімнің қолынан келер екен?

VI тур – “Оратор”.

Балалар өте жақсы. Сендер өте білімді, ақылды, әрбір мәселеге көзқарасы бар, заманға сай, адамдармен тіл тапқыш, көпшіліктің алдында сөйлеп қана қоймай, өз ойын ашық дәлелдей алатын 21 ғасырдың азаматысыңдар. Енді дәл осы қасиеттерді қалыптастыруды қазір бастап кетейік, және «математика маған не үйретті» тақырыбында ой қозғауға мүмкіндік береміз . олай болса алдымен өз ойларыңызды мына қағаздарға түсіріп алыңыздар.

Ақша қолдың кірі, ал білім мәңгі серік екенін ескертеміз.











Общая информация

Номер материала: ДВ-344755

Похожие материалы