Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Рабочие программы / Теңге тәуелсіздік символы 9 сынып

Теңге тәуелсіздік символы 9 сынып

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:



Теңге тәуелсіздік символы

Мақсаты: Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы,оның маңызын түсіндіру;

Білімділік: ақшаның пайда болу тарихы,өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіру,қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру.Басқа ел валюталарымен таныстыру.Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта,оны енгізудің қажеттілігі,безендірілуі кеңірек таныстыру;

Дамытушылық: оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту,белсенділіктерін дамыту;

Тәрбиелік: оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.

Көрнекілігі: теңгелер бейнеленген плакаттар, кітап көрмесі, көрмеге басқа елдер ақшалары мен монеталары қойылды,слайд-шоу.

Мұғалім: Қайырлы күн,Құрметті ұстаздар мен оқушылар!Теңге – тәуелсіздік символы атты танымдық кітапханалық сабағымызды бастаймыз. Әр мемлекеттің өзіне тән белгілері болады. Бүгінгі сабағымызда сол басты белгілердін бірі Қазақстанның ұлттық валютасы теңге туралы әңгімелейміз.

Қазақстан Республикасының гимі айтылады.

Мұғалім: Сабағымызға белсене араласып, зейн қойып тыңдай отырыңыздар, сабақ соңында тапқырлар мен зейінділікті шындайтын сұрақ- жауап ойынымыз бар.

1 жургізуші: Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісіө Ұлттық валюта. Ол- ҚР көлемінде пайдаланылатын заңды ьөлем құралы. Ақша- асыл қазына, халық байлығы.

2-жүргізуші: Халқымыз теңгені бұрында пайдаланған.теңге атауы орта ғасырлардан бастау алады VIII-IX ғасырларда әр билеушінің өз руының рәміздері бейнелеген теңгелері айналымда жүрді. XIV ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында Әмір Темірдің мәнеті айналыста болды.

1-жүргізуші: ХҮІ- ХҮІІІ ғасырларда мыс тиындар қолданыста жүріп, Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен сауда-саттық байланыста болғанын айғақтайды. Қазақтың «тәнге» деген ақша атауынан орыстың «денги» деген сөз шыққан. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.

Мектеп кітапханашысы: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, енді теңгенін айналымға келу тарихымен танысайық. 1991жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Теңге өмірге оңайлықпен келген жоқ. Елбасымыз өз теңгемізді шығаруға қаржыгерлерге арнайы тапсырма берді. Ұлттық валютамыздың өз дизайны, өз идеясы болуы керектігі қатаң тапсырылды. Қазақстан аймағында ерте кезеңде қандай ақша болғаны, тарихта бұл жөнінде қандай деректер бары іздестірілді. 1992 жылы тамыздың 27-сі күні Ұлттық банк басқармасы теңге купюрасының үлгілерін бекітті.Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғалары әл-Фараби,Сүйінбай,Құрманғазы,Шоқан,Абайдың бейнелері басылды.Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Ғабжәлеловтер Англияға атанды.1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты.

1-жүргізуші: Теңге Ұлыбританияның әлемге әрі ең көне «Харрисон және оның ұлдары» деп аталатын банкноттық фабрикасында басылып шықты.

2-жүргізуші: Теңгенің 16-ға жуық құпия қорғаныстық белгісі бар. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған. Құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай алмайсыз.

1-жүргізуші: 1993 жылы қарашаның 12-сі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта еңгізу туралы » жарлыққа қол қойды. Арада үш күн өткен соң 15қараша күні таңертенгі сағат 8-ден басталып, 20 қарашада сағат кешкі 8-де аяқталып, тәуелсіз Қазақстан Республикасының өз валютасы қаржы нарығында айналымға еңгізіп, елдің қолына тиіп, ел мәре-сәре болысты. Өткені төл теңгеміз тәуелсіздігіміздің басты белгісі еді.

2-жүргізуші: Ұлттық банк бастапқыда бір теңгені сол кездегі мың рубльге бағаланған болатын. Дегенмен еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекеаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңгебірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.

1-жүргізуші: Ұлтық Валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді. Банкнот-ұлттық банктың алматы қаласындағы банкнот фабрикасында, ал монета- облысымыздың орталығы Өскемендегі Монета сарайында шығарылады.

2-жүргізуші: 1994 жылы қағаз тиындардың орнына жезден жасалынған 2,5,10,20,50 номиналды монеталар шықты. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы наурыздағы №2155 «Қазақстан Республикасының ұлттық банкі туралы » Заңының 42- бабына сәйкес.

2-жүргізуші: Ел Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.

1-жүргізуші: Құрметті оқушылар, танымдық сабағымыздың «Тапқырлар мен зейінділерге » арналған сұрақтарға жауап берейік:

  1. Ұлы тұлғалары бар

Керек құнды қағаздар (Теңге)

  1. Мың... болғанша

Бір ақылды басың болсын (Сом)

  1. Айрықша белгісі,

Әлемнің тынысы,

Байлықтың белгісі. (Ақша)

  1. Базарда бәрібар,

.....ешкім бермейді. (Ақшасыз)

  1. Тиыннан..... құралады. (Теңге)

  2. ....тиыннан өсер.

Жылқы құлыннан өсер.(Теңге)

  1. ....кетуге тырысады,

Есеп ұстауға тырысады.(Ақша)

-Ұлттық валюта қай жылы шығарылды? 1993ж

-Теңгеде кімдер бейнеленген?Олар кімдер?

-Ақша қандай қызмет атқарады?

-Тәуелсіз елдің ең бірінші айрықша белгісі қандай?

-Ерте заманда теңгелерді қайда жасаған?

-Теңгенің неше құпия қорғанысы бар?

-Қайдан несие алуға болады?

-Ақшаны қайда жинауға болады?

-Ұлттық валюта дегеніміз не?

-Теңге немен безендірілген?

-Қазіргі теңгеде қандай суреттер салынған?

-Қазақ теңгесі қайда басылды? Ұлыбритания

-Сен ақшаны орынды жұмсай аласын ба?

Мұғалім: Қортындылай келе тарихты білу – өзіңді білумен пара пар. Отанның тарихын білу- әрбір азаматтың парызы. Сондықтан, ел тарихын зерттеуден жалықпаңдар.



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 05.08.2016
Раздел История
Подраздел Рабочие программы
Просмотров44
Номер материала ДБ-151630
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх