Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Теңге тәуелсіздіктің айқын бейнесі сынып сағаты
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Теңге тәуелсіздіктің айқын бейнесі сынып сағаты

библиотека
материалов

Тәрбие сағатының білімділік мақсаты:Ақша анықтамасын айту.Ақшаның шығу
тарихымен танысу.Ұлттық валюта туралы түсінік кеңейту.
Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың ой-өрісін кеңейту.
Тәрбиелік мақсаты:Оқушыларды шапшаңдыққа,дәлдікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Слайдтар,ақша банкноттары

Жүрісі:

І.Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Теңгенің шығу тарихы.

Слайд №1 Ақша банкноттары

Ақша тарихын зерттейтін ғылым саласын-нумизматика деп атайды.Өз алдына дербес ғылым ретінде ХҮІІІ ғасырда қаланған.Оның негізін салушы-И.Эккель.Әу баста ақшаның не екенін білмейтін ерте заманда оның рөлін әртүрлі заттар атқарды.Мысалы,ертедегі гректерде,славян,монғолдарда-мал,ежелгі Русьте-аң терісі,Қытайда-шай,Абиссинияда тұз атқарған.Ал біздің ата-бабаларымыз ақшаның орнына қойды пайдаланған.Кейінірек ақша рөлі күшейіп,ол түрлі металдардан жасала бастады.Әсіресе,алтын,күміс сынды құнды металдардың бағасы арта түсті.Елімізде металл ақша орта ғасырларда пайдаланылғаны түрлі археологиялық қазба жұмыстары кезінде белгілі болған.Отырарда ақшаның құйылғаны туралы 1967 жылы Самарқанд қоймасы ашылған соң анықталған.Осы қоймадан Х ғасырда Фараб теңгелері табылған.Біздің заманымызға дейінгі 704-706 жылдары Таразда арнайы теңгелер құйылып,айналымға енгізілген деген деректер бар.1271 жылы алтын ақша орнына күміс ақшалар көбірек қолданысқа енгізілген.Бұл күміс шақалар Тараз,Кенже қалаларында шыңдау әдісімен әзірленген.1922 жылдан бастап Кеңес Одағында қағаз ақша шығарыла бастады.
Күнделікті қажеттілігімізді өтеп отырған ақша банкноттарын жасап шығару –шығынды аса көп қажет ететін салалардың бірі.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өзіміздің төл теңгемізді шетелде шығарғанымыз белгілі.Төл валютамыздың түп тарихын терең білетін қаржыгерлер мен суретшілердің айтуынша,ең алғашқы теңгемізді дайындау ісі құпия түрде жүргізіліпті.Оны қайда шығарамыз дегенде таңдау әр елге түскен.Ақша басып шығаратын зауыттардың бәрі де сараптаудан өтіпті.Ақыры таңдау Ұлыбританияның «Хариссон және оның ұлдары» фабрикасына түскен.
Бұл кәсіпорынның 400 жылдық тарихы,атағы дүниежүзіне белгілі.Төл теңгемізді осы өндіріс орынында басып шығару бақыты бұйырған.Тәуелсіздігімізді енді алып,тәй-тәй басқан жылдары,расында,елімізде ақша басып шығаратын фабрика болған жоқ.Елімізде екі жерде ақша сақтайтын қойма бар.Оның бірі-Солтүстік Қазақстанда,екіншісі-Таразда.Техникалық мүмкіншілігінің молдығынан алғашқы теңге Тараз қаласына тасымалданған.
Ақша басып шығару машақаты-өте қиын шаруа.Оған қаржыгерден бастап,суретшіге дейін бірнеше маман жылдар бойы тер төгеді.Дүниежүзілік валюта тарихына үңілсек,банкнот жасап шығаруға 2 жыл уақыт кетеді екен.
Елімізде ұлттық банктің ақша шығаратын банкнот фабрикасы,яғни арнай Қазақстан теңге сарайы бар.1994 жылы теңге сарайы құрылды.Оған дейін ол Үлбі металлургиялық зауыты болатын.Кәсіпорын Швейцария мен Германиядан әкелінген жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған.Теңге сарайы әлемдегі алдыңғы орындағы манета сарайларымен қатар,алтын мен күмістен жоғары сапалы металл ақшаларды шығарады.Төл теңгеміздің әлемдік стандарттарға сәйкестігін жыл сайын Швейцарияда манета сарайларының көрмесінде сарапшылар сараптаудан өткізіп тұрады.
Теңге беттеріне қазақтың біртуар перзенттерінің суреттері салынып,сапалы қағаздан жасалды.Әрбір мемлекеттік валютасының қолдан жасаудан қорғайтын,көзге көріне бермейтін сапа белгілері болады.Ұлттық дүниемізде мұндай белгілер саны-18.
1993 жылғы 15 қараша Қазақстан тарихындағы ерекше күн деп айта аламыз,себебі ұлттығымызды айғақтайтын тағы бір белгі-теңгеміз айналымға енгізілді.Ұлттық теңгеміз металл және қағаз ақша түрінде шығарылды.

ІІ-бөлім.

«Теңгенің алғашқы дизайнын қайтару керек пе?»

2 Слайд. Хайролла Ғабжәлелов-алғашқы ұлттық валютаның авторының суреті

1-оқушы:
Теңгенің өзі ұлттық идеология құралы болып саналады.Мен алғашқы теңгенің дизайны өзгеріп,жаңа теге қолданысқа түсерде соншалықты шыр-пыр болып қарсы шыққандардың бірімін.Ол,әрине,алғашқы ұлттық валютаның авторы болғандықтан емес,ұлттық теңгеміздің дәрежесін дәріптеуге,көтеруге қатысты ойым еді.Жалпы,теңгеміздің 10 жыл сайын дизайнын өзгертіп,оған миллиардтаған қаржы шығындай беретін біз соншалықты бай мемлекет емеспіз.10 жылда ұлттық валютасының дизайнын қайтара ауыстыру тарихта бірінші кездесіп отырған дүние.Алғашқы теңгенің дизайны сапалы,құнды еді.Меніңше,ұлттық валютамызда Әл-Фараби,Абай,Сүйінбай,Шоқан,Абылай хан,Әбілхайыр хан тәрізді бабаларымыздың болуы тақиямызға тар келмейді.Сондықтан теңгеміздің алғашқы дизайнын қайтару қажет.Мен мұны құптаймын.Егер мемлекетіміздің тарихи кезеңдерін төл теңгемізге қайта енгізу туралы бастама көтерілсе,ол дизайнды алғашқы теңгенің авторы ретінде тегін жасап беруге дайынмын.

3 Слайд.Ғалым Байназаров-қаржыгер:

2-оқушы:
Алғашқы төл теңгеміздің дизайны айрықша еді.Бірақ ол теңгеміз мемлекетіміздің рәміздері жасалмай тұрып қолданысқа енді де,сол кезеңдері теңгемізге Елтаңба,Ту,басқа да бейбітшілікті бейнелейтін символдар енбей қалды.Негізінен,алғашқы ескі дизайн сапасыз,жарамсыз болғандықтан,қолданыстан алынып тасталған жоқ.Жалпы,теңгеге жаңа дизайн енгізудің өзінде үлкен мән жатыр.Қазірде теңгеміздің бетінде айшықталған символдар бұл еліміздің өсіп,өніп,өркендеп келе жатқан ел екенін білдіретіндей...Ал болашақта осы теңгемізге тарихи құнды дүниелер енгізілу бастамасы көтерілсе,оны да қолдауға болады.Қандай кезеңде де теңге өз құндылығын жоймасы анық.

4 Слайд.Бейсенбек Зиябеков-экономист ғалым

3-оқушы:
Меніңше,нақ қазір теңгеміздің бұрынғы дизайнын қайтарудың қажеттігі жоқ.Қарапайым тілмен түсіндірсем,мәселе теңгенің қандай болғанында емес,оның даму үдерісіне мән беруіміз керек.Теңгенің дизайнын өзгерте беру теңгенің сапасын көтермейді.Қазақстан теңгесі-ҚР-ң ұлттық валютасы.ҚР-ң президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы Жарлығы бойынша алғашқы теңгеміз айналысқа енгізілді.Ал бұдан кейін 10 жылдай салып теңгеміздің жаңа дизайны қоланысқа енді.Сол кезеңдері бір қатар қауым «Жаңа банкнотта ұлттық нақыш жоқ.Қорғаныш элементтері мен қорғалған ақшада қазақтың иісі аңқып тұру керек» дескен-ді.Бұл ретте айтарым-теңге тек төлем құралы.Сондықтан теңгенің бетіндегі суретіне емес,оның құндылығына мән берсек,жөн болар еді.Егер теңге құнсызданса, біраз бұқараның ахуалы қиындай түседі.Демек,бұл жерде ұлттық валютамыздың күшін нығайтуды жан-жақты ойластыруға тиіспіз.



ІІІ-бөлім.Көрініс.

« Әр нәрсенің сұрауы бар»

Екі жігіт ортаға шығады.

Сәндібек:-Жандарбек,мен күнкөрісімді қалай жақсартам.Бала-шағамды қалай асыраймын маған баюдың жолын айтшы.

Жандарбек:Баюдың ең оңай бірінші жолы қор ашу.

С:Ол қалай?
Ж:Мысалы,жетімдерге,мүгедектерге,оралмандарға,жалғыз басты аналарға көмектесу қорын неге ашпасқа?
С:Ол үшін не істеу керек?
Ж:Екінші мәселе қорға ақша түсіру.Ешкім өзі әкеліп ақша салмайды.Ол үшін билік басында тамыр-танысың болғаны абзал.Кім көрінген емес,комерсанттарға,кәсіпкерлерге,тіпті бюджеттен күн көріп отырған мекеме басшыларына билігі жүретін адамың болуы керек.Қалғаны бітті.

С:Қорға түскен ақшаны қалай жұмсаймын?
Ж:Үшінші мәселе бұл өзі майшелпек.Үй саласың ба,мәшине аласың ба,үлшкен жалақы мен шексіз сыйақы аласың ба,мейлің. «Әй» дейтін әже, «қой» дейтін қожа жоқ.Жиналған ақшаны кертіп жұмсай бер.Тек қорға ақша бөлгендердің аузын майлап қоюды ұмытпа.Міне, байған деген осы!

С:Сонда бұл ақшаның сұрауы жоқ па?
Ж:Шындығында сол көл-көсір қарды халықтікі.Бірақ,халықты ойлап жатқан кім бар дейсің.Нақты мысал керек десең құлағыңды түр.Жазушылар одағының жанынан шетелдегі қазақ бауырларды қолдау қоры ашылған еді.Ұмытпасам, «бауырлар» деп аталған.Оған жиналған 650 миллион теңгенің бір миллионы Монғол елінен келген қазаққа беріліп,қалған ақша құмға сіңген судай болып зым-зия жоғалғанын газеттен оқып,жағамызды ұстадық.
Жақында белгілі болғандай, «Жанашыр» дейтін қайырымдылық қорының жұмысын тексерген прокуратура оған аудан әкімінің өтініші бойынша кәсіпорындар мен мекемелерден 740 000410 теңге түсіпті.Көз бояу үшін ол қорда қызмет істейтін екі адам бірнеше кембағалдарға 3-5 кг ұн таратып,қалған ақшаны талан-таражға түсірген.Мұның өзі кең таралған тәсіл екені баршаға аян.Сонымен,бауырым,саған да кеш емес.Байығың келсе,қор құр.Халықтың обал сауабын ойласаң,бұл күндері аштан өлесің.
С:О,жарайсың Жандарбек!Маған жақсы ақыл айттың.Мен сенің айтқандарыңды бұлжытпай орындап,тез-ақ байып кетемін!

ІҮ.Көркемсөз

Байлық деген...

Болмайды әсте мойынсынып жасуға,
Қайнап жатқан ХХІ ғасырда.
Ел қуады ақша,байлық артынан,
Бақ дәулеті тұрса-дағы басында.

Кім болса да ақшасына қарайды,
Байларды олар құдайындай санайды.
Алтын үшін бірлігіңді быт-шыт қып,
Аш қасқырша аямайды,талайды.

Ақша берсең,көңілінен шығасың,
Қылықтарың ұнамасын,ұнасын,
Сен де өзгеден алғың келіп тұрасың.

Адамдар-ай,құнықпаңдар ақшаға,
Жасанды ағаш айнала ма бақшаға.
Қанағат-ақ тойдырады әрқашан,
Байлықты емес,амандықты бақ сана.

Ү. «Білгім келеді»

Сұрақ:Бүлінген теңгелерді айырбастау тәртібі қандай?

Жауап:ҚР екінші деңгейдегі банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратынұйымдарда кассалық,сейф операцияларын және банкноталарды,монеталарды және құндылықтарды инкасациялау бойынша операцияларды жүргізу ережелерінің 19-тармағына сәйкес, касса қызметкері ұлттық валютаның күмәнді ақша белгілерін анықтаған кезде оларды сараптамаға қабылдайды және түпнұсқалығын және төлем қабілеттілігін анықтау үшін Ұлттық банктің филиалына жібереді.Заңнамаға сәйкес,ұлттық валютаның барлық ақша белгілері ҚР-ң бүкіл аумағында өспелі құны бойынша ҚР-ң барлық банктерінде шектеусіз төлемнің барлық түрлеріне қабылдануға,сондай-ақ шоттарға,салымдарға,аккридивтерге есептеу үшін және ақша және ақша аудару үшін қабылдануға міндетті.Комерциялық банктер және заңды тұлғалар ұлттық валютаның мұндай банкноттарын қабылдаудан бас тартқан жағдайда әкімшілік жауапкершілік туындайды.

Сұрақ:Төл теңгемізбен бірге қағаз тиындар шыққаны белгілі.Сонда неліктен тиындар қағаз түрінде шығарылды.?

Теңгемен бірге айналымға алғашында қағаз тиын да шығарылды.Мамандардың айтуынша қағаз тиын бұрыннан қалған көне құрал-жабдықта басып шығарылған және оған ақша басуға жарамсыз «кеңес қағазы» қолданылған.Сондықтан қағаз тиынның сапасы нашар еді.Қолдан-қолға өтіп жүргенде тез жыртылып қалатын.Ол кезде көбіне 1,2,5 және 10 тиындар көп басылды.50 тиын аз көлемде шығарылды.Қағаз тиынды кейінерек металл тиынмен ауыстыру жоспарланған болатын.Сөйтіп,металл тиындар жұрттың қолына жеті-сегіз айдан кейін бір-ақ тиді.Қазір шақа жинайтындар арасында сол қағаз тиынды бағалайтындар көп.Әсіресе,сирек кездесетін 50 тиындық банкнотқа қызығушылық бар.

Сұрақ:Қазіргі кезде тиын мүлдем қолданылмайтын болды.Сонда ол айналымнан шығып қалды ма?

Жауап:Тиын әлі айналымнан шыққан жоқ.Бірақ 2012 жылдың 31 желтоқсанында еліміздегі ақша айналымынан тиын атаулы мүлдем шығарылады.Бұл Жарлыққа Президент Н.Назарбаев қол қойды.
Нақты айтқанда, «ҚР ұлттық валютасы қызметінің кейбір мәселелері туралы» 2001 жылғы 7 ақпандағы №549 Жарлығына өзгерістер енгізілді.Жарлықта «тиындарды ақша айналымынан шығару 2012 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүзеге асырылады» делінген.
Қазіргі кезде еліміздегі ақша айналымында 2,5,10,20 және 50 теңгелік,сондай-ақ 1,3,5,10,20 тиындық монеталарбар.1993 жылы шыққан бұл монеталар әзірге ресми түрде төлем құралы болып саналады.

Сұрақ:Ұлттық банк Тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты арнайы монета дизайнын жасауға байқау жариялағаны рас па?

Жауап:Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Ұлттық банк мұндай байқауды жариялап отыр.Байқаудың негізгі аталымы «Менің Қазақстаным» деп аталады.Аталмыш байқауда «Халықтық монета» және «Балалар монетасы» деген атпен дизайндар сынға түспек.Қазірде байқауға қатысушылардан өтініштер мен монеталардың дизайн жобалары қабылдануда.

ҮІ. «Теңге алу»

Ақша банкноттарын атып алып сұрақтарға жауап беру.

1.Таза алтыннан жасалған алғашқы теңге қалай аталады? (Дарик)
2.ҚР-ң ұлттық валютасы-теңге қашан айналымға енді? (1993 жылы 15 қараша)
3.Алғашқы ұлттық теңгемізде кімдер бейнеленген? (Әл-Фараби,Шоқан,Абай,Сүйінбай,Абылай хан,Әбілхайыр хан)
4.Мына елдердің ақшалары қалай аталады? (Қазақстан-теңге,Қытай-юань,АҚШ-доллар,Өзбекстан-сум,Қырғызстан-сом.
5.Ақша туралы мақал-мәтелдер (Иесіз ақша-тұл.Уақыт мерзімді,ақша өсімді қалайды.Бір теңге бие болмайды,екі теңге түйе болмайды.Ақшалыда-алдамшылық,бақшалыда-адамшылық).

ҮІІ. «Көп оқысаң,көңіліңде шам жанады»

Халқымыздың қанатты сөздерін ой елегінен өткізіп,мағынасын ашу.

  1. «Жарлының жаны жомарт» дегенді қалай түсінесің? (Барыммен бөліссем,барлар маған да бірдеңесін қияр деп ойлайды.Сонысы да сұңғылалық.Ал тастай қатып қалған тас сараңға тарыққан сәтте кім қарайласар?)

  2. «Сауда тілі шолақ» дегенді қалай түсінесің? (Базарда қалаған нәрсеңді алу үшін немесе қалағаныңды өткізу үшін сатарманмен де,аларманмен де нақ сөйлес.Сөйтіп,уақытыңды текке өткізбей,пайдалы іс тындырғаның тиімді.Бос сөз сол базарда сені бос қалдырады.

  3. «Құдай құрағанды пенде шашып тауыса алмайды» дегенді қалай түсінесің? (Біріншіден,алланың ісіне адам араласа алмайды.Құдай ісіне киліккен күнәкәр болады.Екіншіден,адал жолмен жиналған дүние берекелі келеді,мол болады,сарқылып немесе таусылып қалмайды).

ҮІІІ.Қорытынды.

Қорыта айтқанда, тәуелсіздік үшін ата-бабамыз басын бәйгеге тікті.Тәуелсіздік туы-көк байрағы желбіреп,әнұраны қабылданды.Тәуелсіздік арқасында Қазақстанның Ата Заңы қабылданды.Қазақстанның жаңа астанасы бой көтерді.Өзіміздің ұлттық теңгеміз дүниеге келді.Қазақстанды бүкіл дүниежүзі таныды.
Ендеше Тәуелсіздік біздің басты ұранымыз.Көгілдір туымыз,болашақ бағымыз,нұрлы таңымыз!Теңгеміз де Тәуелсіздіктің айқын бір бейнесі!

Описание: E:\SAM_0167.jpg






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Тәрбие сағатының білімділік мақсаты:Ақша анықтамасын айту.Ақшаның шығу
                    тарихымен   танысу.Ұлттық валюта туралы түсінік кеңейту.
Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың ой-өрісін кеңейту.
Тәрбиелік мақсаты:Оқушыларды шапшаңдыққа,дәлдікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Слайдтар,ақша банкноттары

Жүрісі:

І.Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Теңгенің шығу тарихы.

Слайд №1 Ақша банкноттары

Ақша тарихын зерттейтін ғылым саласын-нумизматика деп атайды.Өз алдына дербес ғылым ретінде ХҮІІІ ғасырда қаланған.Оның негізін салушы-И.Эккель.Әу баста ақшаның не екенін білмейтін ерте заманда оның рөлін әртүрлі заттар атқарды.Мысалы,ертедегі гректерде,славян,монғолдарда-мал,ежелгі Русьте-аң терісі,Қытайда-шай,Абиссинияда тұз атқарған.Ал біздің ата-бабаларымыз ақшаның орнына қойды пайдаланған.Кейінірек ақша рөлі күшейіп,ол түрлі металдардан жасала бастады.Әсіресе,алтын,күміс сынды құнды металдардың бағасы арта түсті.Елімізде металл ақша орта ғасырларда пайдаланылғаны түрлі археологиялық қазба  жұмыстары кезінде белгілі болған.Отырарда ақшаның құйылғаны туралы 1967 жылы Самарқанд қоймасы ашылған соң анықталған.Осы қоймадан Х ғасырда Фараб теңгелері табылған.Біздің заманымызға дейінгі 704-706 жылдары  Таразда арнайы теңгелер құйылып,айналымға енгізілген деген деректер бар.1271 жылы алтын ақша орнына күміс ақшалар көбірек қолданысқа енгізілген.Бұл күміс шақалар Тараз,Кенже қалаларында шыңдау әдісімен әзірленген.1922 жылдан бастап Кеңес Одағында қағаз ақша шығарыла бастады.
Күнделікті қажеттілігімізді өтеп отырған  ақша банкноттарын жасап шығару –шығынды аса көп қажет ететін  салалардың бірі.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өзіміздің төл теңгемізді шетелде шығарғанымыз белгілі.Төл валютамыздың түп тарихын терең білетін қаржыгерлер мен суретшілердің айтуынша,ең алғашқы теңгемізді дайындау ісі құпия түрде жүргізіліпті.Оны қайда шығарамыз дегенде таңдау әр елге түскен.Ақша басып шығаратын зауыттардың бәрі де сараптаудан өтіпті.Ақыры таңдау Ұлыбританияның «Хариссон және оның ұлдары» фабрикасына түскен.
Бұл кәсіпорынның 400 жылдық тарихы,атағы дүниежүзіне белгілі.Төл теңгемізді осы өндіріс орынында басып шығару бақыты бұйырған.Тәуелсіздігімізді енді алып,тәй-тәй басқан жылдары,расында,елімізде ақша басып шығаратын фабрика болған жоқ.Елімізде екі жерде ақша сақтайтын қойма бар.Оның бірі-Солтүстік Қазақстанда,екіншісі-Таразда.Техникалық мүмкіншілігінің молдығынан алғашқы теңге Тараз қаласына тасымалданған.
Ақша басып шығару машақаты-өте қиын шаруа.Оған қаржыгерден бастап,суретшіге дейін бірнеше маман жылдар бойы тер төгеді.Дүниежүзілік валюта тарихына үңілсек,банкнот жасап шығаруға 2 жыл уақыт кетеді екен.
Елімізде ұлттық банктің ақша шығаратын банкнот фабрикасы,яғни арнай Қазақстан теңге сарайы бар.1994 жылы теңге сарайы құрылды.Оған дейін ол Үлбі металлургиялық зауыты болатын.Кәсіпорын Швейцария мен Германиядан әкелінген жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған.Теңге сарайы әлемдегі алдыңғы орындағы манета сарайларымен қатар,алтын мен күмістен жоғары сапалы металл ақшаларды шығарады.Төл теңгеміздің әлемдік стандарттарға сәйкестігін жыл сайын Швейцарияда манета сарайларының көрмесінде сарапшылар сараптаудан өткізіп тұрады.
Теңге беттеріне қазақтың біртуар перзенттерінің суреттері салынып,сапалы қағаздан жасалды.Әрбір мемлекеттік валютасының қолдан жасаудан қорғайтын,көзге көріне бермейтін сапа белгілері болады.Ұлттық дүниемізде мұндай белгілер саны-18.
1993 жылғы 15 қараша Қазақстан тарихындағы ерекше күн деп айта аламыз,себебі ұлттығымызды айғақтайтын тағы бір белгі-теңгеміз айналымға енгізілді.Ұлттық теңгеміз металл және қағаз ақша түрінде шығарылды.

ІІ-бөлім.

 «Теңгенің алғашқы дизайнын қайтару керек пе?»

№2 Слайд. Хайролла Ғабжәлелов-алғашқы ұлттық валютаның авторының суреті

1-оқушы:
Теңгенің өзі ұлттық идеология құралы болып саналады.Мен алғашқы теңгенің дизайны өзгеріп,жаңа теге қолданысқа түсерде соншалықты шыр-пыр болып қарсы шыққандардың бірімін.Ол,әрине,алғашқы ұлттық валютаның авторы болғандықтан емес,ұлттық теңгеміздің дәрежесін дәріптеуге,көтеруге қатысты ойым еді.Жалпы,теңгеміздің 10 жыл сайын дизайнын өзгертіп,оған миллиардтаған қаржы шығындай беретін біз соншалықты бай мемлекет емеспіз.10 жылда ұлттық валютасының дизайнын қайтара ауыстыру тарихта бірінші кездесіп отырған дүние.Алғашқы теңгенің дизайны сапалы,құнды еді.Меніңше,ұлттық валютамызда Әл-Фараби,Абай,Сүйінбай,Шоқан,Абылай хан,Әбілхайыр хан тәрізді бабаларымыздың болуы тақиямызға тар келмейді.Сондықтан теңгеміздің алғашқы дизайнын қайтару қажет.Мен мұны құптаймын.Егер мемлекетіміздің тарихи кезеңдерін төл теңгемізге қайта енгізу туралы бастама көтерілсе,ол дизайнды алғашқы теңгенің авторы ретінде тегін жасап беруге дайынмын.

№3 Слайд.Ғалым Байназаров-қаржыгер:

2-оқушы:
Алғашқы төл теңгеміздің дизайны айрықша еді.Бірақ ол теңгеміз мемлекетіміздің рәміздері жасалмай тұрып  қолданысқа енді де,сол кезеңдері теңгемізге Елтаңба,Ту,басқа да бейбітшілікті бейнелейтін символдар енбей қалды.Негізінен,алғашқы ескі дизайн сапасыз,жарамсыз болғандықтан,қолданыстан алынып тасталған жоқ.Жалпы,теңгеге жаңа дизайн енгізудің өзінде үлкен мән жатыр.Қазірде теңгеміздің бетінде айшықталған символдар бұл еліміздің өсіп,өніп,өркендеп келе жатқан ел екенін білдіретіндей...Ал болашақта осы теңгемізге тарихи құнды дүниелер енгізілу бастамасы көтерілсе,оны да қолдауға болады.Қандай кезеңде де теңге өз құндылығын жоймасы анық.

№4 Слайд.Бейсенбек Зиябеков-экономист ғалым

3-оқушы:
Меніңше,нақ қазір теңгеміздің бұрынғы дизайнын қайтарудың қажеттігі жоқ.Қарапайым тілмен түсіндірсем,мәселе теңгенің қандай болғанында емес,оның даму үдерісіне мән беруіміз керек.Теңгенің дизайнын өзгерте беру теңгенің сапасын көтермейді.Қазақстан теңгесі-ҚР-ң ұлттық валютасы.ҚР-ң президенттің 1993  жылғы 15 қарашадағы Жарлығы бойынша алғашқы теңгеміз айналысқа енгізілді.Ал бұдан кейін 10 жылдай салып теңгеміздің жаңа дизайны қоланысқа енді.Сол кезеңдері бір қатар қауым «Жаңа банкнотта ұлттық нақыш жоқ.Қорғаныш элементтері мен қорғалған ақшада қазақтың иісі аңқып тұру керек» дескен-ді.Бұл ретте айтарым-теңге тек төлем құралы.Сондықтан теңгенің бетіндегі суретіне емес,оның құндылығына мән берсек,жөн болар еді.Егер теңге құнсызданса, біраз бұқараның ахуалы қиындай түседі.Демек,бұл жерде ұлттық валютамыздың күшін нығайтуды жан-жақты ойластыруға тиіспіз.

 

ІІІ-бөлім.Көрініс.

 « Әр нәрсенің сұрауы бар»

Екі жігіт ортаға шығады.

Сәндібек:-Жандарбек,мен күнкөрісімді қалай жақсартам.Бала-шағамды қалай асыраймын маған баюдың жолын айтшы.

Жандарбек:Баюдың ең оңай  бірінші жолы қор ашу.

С:Ол қалай?
Ж:Мысалы,жетімдерге,мүгедектерге,оралмандарға,жалғыз басты аналарға көмектесу қорын неге ашпасқа?
С:Ол үшін не істеу керек?
Ж:Екінші мәселе қорға ақша түсіру.Ешкім өзі әкеліп ақша салмайды.Ол үшін билік басында тамыр-танысың болғаны абзал.Кім көрінген емес,комерсанттарға,кәсіпкерлерге,тіпті бюджеттен күн көріп отырған мекеме басшыларына билігі жүретін адамың болуы керек.Қалғаны бітті.

С:Қорға түскен ақшаны қалай жұмсаймын?
Ж:Үшінші мәселе бұл өзі майшелпек.Үй саласың ба,мәшине аласың ба,үлшкен жалақы мен шексіз сыйақы аласың ба,мейлің. «Әй» дейтін әже, «қой» дейтін қожа жоқ.Жиналған ақшаны кертіп жұмсай бер.Тек қорға ақша бөлгендердің аузын майлап қоюды ұмытпа.Міне, байған деген осы!

С:Сонда бұл ақшаның сұрауы жоқ па?
Ж:Шындығында сол көл-көсір қарды халықтікі.Бірақ,халықты ойлап жатқан кім бар дейсің.Нақты мысал керек десең құлағыңды түр.Жазушылар одағының жанынан шетелдегі қазақ бауырларды қолдау қоры ашылған еді.Ұмытпасам, «бауырлар» деп аталған.Оған жиналған 650 миллион теңгенің  бір миллионы Монғол елінен келген қазаққа беріліп,қалған ақша құмға сіңген судай болып зым-зия жоғалғанын газеттен оқып,жағамызды ұстадық.
Жақында белгілі болғандай, «Жанашыр» дейтін қайырымдылық қорының жұмысын тексерген прокуратура оған аудан әкімінің өтініші бойынша кәсіпорындар мен мекемелерден 740 000410 теңге түсіпті.Көз бояу үшін ол қорда қызмет істейтін екі адам бірнеше кембағалдарға 3-5 кг ұн таратып,қалған ақшаны талан-таражға түсірген.Мұның өзі кең таралған тәсіл екені баршаға аян.Сонымен,бауырым,саған да кеш емес.Байығың келсе,қор құр.Халықтың обал сауабын ойласаң,бұл күндері аштан өлесің.
С:О,жарайсың Жандарбек!Маған жақсы ақыл айттың.Мен сенің айтқандарыңды бұлжытпай орындап,тез-ақ байып кетемін!

ІҮ.Көркемсөз

Байлық деген...

Болмайды әсте мойынсынып жасуға,
Қайнап жатқан ХХІ ғасырда.
Ел қуады ақша,байлық артынан,
Бақ дәулеті тұрса-дағы басында.

Кім болса да ақшасына қарайды,
Байларды олар құдайындай санайды.
Алтын үшін бірлігіңді быт-шыт қып,
Аш қасқырша аямайды,талайды.

Ақша берсең,көңілінен шығасың,
Қылықтарың ұнамасын,ұнасын,
Сен де өзгеден алғың келіп тұрасың.

Адамдар-ай,құнықпаңдар ақшаға,
Жасанды ағаш айнала ма бақшаға.
Қанағат-ақ тойдырады әрқашан,
Байлықты емес,амандықты бақ сана.

Ү. «Білгім келеді»

Сұрақ:Бүлінген теңгелерді айырбастау тәртібі қандай?

Жауап:ҚР екінші деңгейдегі банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратынұйымдарда кассалық,сейф операцияларын және банкноталарды,монеталарды және құндылықтарды инкасациялау бойынша операцияларды жүргізу ережелерінің 19-тармағына сәйкес, касса қызметкері ұлттық валютаның күмәнді ақша белгілерін анықтаған кезде оларды сараптамаға қабылдайды және түпнұсқалығын және төлем қабілеттілігін анықтау үшін Ұлттық банктің филиалына жібереді.Заңнамаға сәйкес,ұлттық валютаның барлық ақша белгілері ҚР-ң бүкіл аумағында өспелі құны бойынша ҚР-ң барлық банктерінде шектеусіз  төлемнің барлық түрлеріне қабылдануға,сондай-ақ шоттарға,салымдарға,аккридивтерге есептеу үшін және ақша және ақша аудару үшін қабылдануға міндетті.Комерциялық банктер және заңды тұлғалар ұлттық валютаның мұндай банкноттарын қабылдаудан бас тартқан жағдайда әкімшілік жауапкершілік туындайды.

Сұрақ:Төл теңгемізбен бірге қағаз тиындар шыққаны белгілі.Сонда неліктен тиындар қағаз түрінде шығарылды.?

Теңгемен бірге айналымға алғашында қағаз тиын да шығарылды.Мамандардың айтуынша қағаз тиын бұрыннан қалған көне құрал-жабдықта басып шығарылған және оған ақша басуға жарамсыз «кеңес қағазы» қолданылған.Сондықтан қағаз тиынның сапасы нашар еді.Қолдан-қолға өтіп жүргенде тез жыртылып қалатын.Ол кезде көбіне 1,2,5 және 10 тиындар көп басылды.50 тиын аз көлемде шығарылды.Қағаз тиынды кейінерек металл тиынмен ауыстыру жоспарланған болатын.Сөйтіп,металл тиындар жұрттың қолына жеті-сегіз айдан кейін бір-ақ тиді.Қазір шақа жинайтындар арасында сол қағаз тиынды бағалайтындар көп.Әсіресе,сирек кездесетін 50 тиындық банкнотқа қызығушылық бар.

Сұрақ:Қазіргі кезде тиын мүлдем қолданылмайтын болды.Сонда ол айналымнан шығып қалды ма?

Жауап:Тиын әлі айналымнан шыққан жоқ.Бірақ 2012 жылдың 31 желтоқсанында еліміздегі ақша айналымынан тиын атаулы мүлдем шығарылады.Бұл Жарлыққа Президент Н.Назарбаев қол қойды.
Нақты айтқанда, «ҚР ұлттық валютасы қызметінің кейбір мәселелері туралы» 2001 жылғы 7 ақпандағы №549 Жарлығына өзгерістер енгізілді.Жарлықта «тиындарды ақша айналымынан шығару 2012 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүзеге асырылады» делінген.
Қазіргі кезде еліміздегі ақша айналымында 2,5,10,20 және 50 теңгелік,сондай-ақ 1,3,5,10,20 тиындық монеталарбар.1993 жылы шыққан бұл монеталар әзірге ресми түрде төлем құралы болып саналады.

Сұрақ:Ұлттық банк Тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты арнайы монета дизайнын жасауға байқау жариялағаны рас па?

Жауап:Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Ұлттық банк мұндай байқауды жариялап отыр.Байқаудың негізгі аталымы «Менің Қазақстаным» деп аталады.Аталмыш байқауда  «Халықтық монета» және «Балалар монетасы» деген атпен дизайндар сынға түспек.Қазірде байқауға қатысушылардан өтініштер мен монеталардың дизайн жобалары қабылдануда.

ҮІ. «Теңге алу»

Ақша банкноттарын атып алып сұрақтарға жауап беру.

1.Таза алтыннан жасалған алғашқы теңге қалай аталады? (Дарик)
2.ҚР-ң ұлттық валютасы-теңге қашан айналымға енді? (1993 жылы 15 қараша)
3.Алғашқы ұлттық теңгемізде кімдер бейнеленген? (Әл-Фараби,Шоқан,Абай,Сүйінбай,Абылай хан,Әбілхайыр хан)
4.Мына елдердің ақшалары қалай аталады? (Қазақстан-теңге,Қытай-юань,АҚШ-доллар,Өзбекстан-сум,Қырғызстан-сом.
5.Ақша туралы мақал-мәтелдер (Иесіз ақша-тұл.Уақыт мерзімді,ақша өсімді қалайды.Бір теңге бие болмайды,екі теңге түйе болмайды.Ақшалыда-алдамшылық,бақшалыда-адамшылық).

ҮІІ. «Көп оқысаң,көңіліңде шам жанады»

Халқымыздың қанатты сөздерін ой елегінен өткізіп,мағынасын ашу.

1.    «Жарлының жаны жомарт» дегенді қалай түсінесің? (Барыммен бөліссем,барлар маған да бірдеңесін қияр деп ойлайды.Сонысы да сұңғылалық.Ал тастай қатып қалған тас сараңға тарыққан сәтте кім қарайласар?)

2.    «Сауда тілі шолақ» дегенді қалай түсінесің? (Базарда қалаған нәрсеңді алу үшін немесе қалағаныңды өткізу үшін сатарманмен де,аларманмен де нақ сөйлес.Сөйтіп,уақытыңды текке өткізбей,пайдалы іс тындырғаның тиімді.Бос сөз сол базарда сені бос қалдырады.

3.    «Құдай құрағанды пенде шашып тауыса алмайды» дегенді қалай түсінесің?  (Біріншіден,алланың ісіне адам араласа алмайды.Құдай ісіне киліккен күнәкәр болады.Екіншіден,адал жолмен жиналған дүние берекелі келеді,мол болады,сарқылып немесе таусылып қалмайды).

ҮІІІ.Қорытынды.

Қорыта айтқанда, тәуелсіздік үшін ата-бабамыз басын бәйгеге тікті.Тәуелсіздік туы-көк байрағы желбіреп,әнұраны қабылданды.Тәуелсіздік арқасында Қазақстанның Ата Заңы қабылданды.Қазақстанның жаңа астанасы бой көтерді.Өзіміздің ұлттық теңгеміз дүниеге келді.Қазақстанды бүкіл дүниежүзі таныды.
Ендеше Тәуелсіздік біздің басты ұранымыз.Көгілдір туымыз,болашақ бағымыз,нұрлы таңымыз!Теңгеміз де Тәуелсіздіктің айқын бір бейнесі!

 

 

 

Автор
Дата добавления 13.02.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров1347
Номер материала 385528
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх