Инфоурок / Другое / Презентации / "Теңге-тәуелсіз экономиканың темірқазығы" ашық тәрбие сағаты
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

"Теңге-тәуелсіз экономиканың темірқазығы" ашық тәрбие сағаты

Выберите документ из архива для просмотра:

48.88 КБ Теңге.docx
17.63 МБ теңге.ppt
1.4 МБ 20141113_144835.jpg
1.59 МБ 20141113_144945.jpg
1.77 МБ 20141113_145245.jpg
1.5 МБ 20141113_145413.jpg
1.33 МБ 20141113_145422.jpg
1.47 МБ 20141113_145556.jpg
1.4 МБ 20141113_145645.jpg
2.02 МБ 20141113_150136.jpg
1.36 МБ 20141113_150514.jpg
1.41 МБ 20141113_150536.jpg
1.65 МБ 20141113_150816.jpg
1.59 МБ 20141113_150858.jpg
1.45 МБ 20141113_150905.jpg
1.41 МБ 20141113_151240.jpg
1.56 МБ 20141113_152322.jpg
1.75 МБ 20141113_152550.jpg
1.62 МБ 20141113_152706.jpg
1.49 МБ 20141113_152713.jpg
1.56 МБ теңге тәуелсіз .jpg
1.28 МБ тренигпен бастау.jpg

Выбранный для просмотра документ Теңге.docx

библиотека
материалов

Теңге - тәуелсіз экономиканың темірқазығы


Мақсаты: Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.
Білімділік: ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.
Кіріспе: Біздің Отанымыз - егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңдігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ен қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз
. «Көңіл қойып тыңда, тез ойлан, қалып қойма» - деп, жұмбақпен бастамақшымын:
Әлемнің тынысы
Байлықтың белгісі
Ол не? -... (ақша, теңге) Олай болса Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі! - дей келе «Теңге – тәуелсіз экономиканың темірқазығы» атты сабағымызды бастаймыз. Әр мемлекеттің өзіне тән белгілері болады. Бүгінгі сабағымызда сол басты белгілердің бірі Қазақстанның ұлттық валютасы теңге туралы әңгімелейміз.
Әрбір елдің тарихында үлкен шежіре, тарих жатыр. Ал біздің еліміз үшін ХХ ғасырдың маңызы зор. Себебі, еліміз тәуелсіздік алып, сол тәуелсіздіктің белгілеріне ие болды. Біздің ұлттық бейнемізді, болмысымызды, тарихымызды көрсететін рәміздеріміз бар. Елтаңба, Әнұран мен Туымызбен бірге тағы бір белгі — ұлттық теңгеміз бар. Теңге 1993 жылы 15 қараша күні дүниеге келді.
Тарихқа шолу жасайық.
(Оқушылардың сөзі тыңдалады.)
I - бөлім
«Буындарды жина» тапсырмасы.
Мақсаты: оқушылардың тілін дамыту.
Шарты: оқушылар топта буындардан мақал - мәтел құрастырып, мағынасын түсіндіруі шарт.
(мақалды құрастыру арқылы оқушылар топқа бөлінеді.)
1. Теңге тиыннан өсер,
Жылқы құлыннан өсер.
2. Ақша кетуге тырысады,
Есеп ұстауға тырысады.

3Ақша ашпайтын құлып жоқ

4.Ақша болса - алақанда сорпа қайнайды.

5.Ақшада көз жоқ.

6.Ар намысы таза адамның ақшасы аз болады.
1 - топ
2 - топ
ІІ – бөлім Ақша туралы ырымдар
1. «Қағаз купюр мен металл тиындар (ақшалар) өздерін қадірлеп, қастерлеп, аялағанды жақсы көреді. Әдемі де сәнді әмиянда салынған ақша сол жерден шыққысы келмейді.
2. «Қолыңызға ақша тұрақтамаса, өзгеден емес, ақшаны қадірлей алмаған өзіңізден көріңіз»
3. «Қалтаңызда ақшаны умаждап, жыртып, майыстырып ұстамаңыз. Онда қаржыдан тапшылық көресіз. Және де ақша өзін үнемдеп, ұқыпты түрде ұқсатқанды ұнататын көрінеді.
4. Ал «ақша жоқ» деп жылай беретіндердің тиыны теңгені құрамай, қанша ақша тапса да құмға сіңген судай құри береді екен. Яғни, жоқ десең, жоғала береді

5.Ағылшын саудагерлері таңертең түскен бірінші табысын сүйіп, кейін түкіріп, теріс қаратып, әмиянға салып қояды.

 Ал Жаңа Зеландияда ақша азайып қалмас үшін қалталарына 100 долларлық купюрадан жасалған кішкене өрмекші салып жүреді екен.

 Канада жұртшылығы II Элизавета бейнеленген ақшаға құмар. Олардың сенімінше, аталмыш купюра сәттілік алып келеді-мыс.

 Орыс халқы ақшаның ұсағын қоржынында ұстамайтын болса, немістер де қалталарына тиын салып жүрмейді екен. Олардың ойынша, ұсақ тиын – кедейліктің белгісі. Сонымен қатар, біраз елде жолда келе жатып, ақша тауып алу – жақсылықтың нышаны емес. Мәселен, жапондар ақша немесе әмиян тауып алса, бірден милицияға хабарлайды. Өйткені, табылған біреудің ақшасы өмірдегі ең қымбатыңнан айыруы мүмкін дейді.

 Ал біздің халықта күн батқанда ақша санауға болмайды деген ырым бар. Ырымшыл жұрт түн мезгілі ақшаның қадірін алып кетеді деп сенеді. Ал алақаны қыши қалса, ақша аламын деп, жақсылыққа жориды.

 Ақшаға қатысты әр елдің ырымы әртүрлі. Дегенмен, ақша ұстаудың көзін таба білсеңіз, ол сізден айналып кете алмайды..

ІІІ - бөлім Онда ойынымыздың «Ақша туралы ой»
1 - топ Ой қозғау: ақша қандай қызмет атқарады?
Мақсаты: оқушылардың бейнелі сөйлей білу қабілеттерін дамыту.
Шарты: топта ақшаның қызметтерін бір ақ қағаз бетіне суреттермен салуы тиіс.
Тапсырмасы: ақша – құн өлшемі, айналыс құралы, қазына, қор, төлем құралы.
2 - топ
Қазақстан – қарқындап дамып, біртіндеп байып келе жатқан тәуелсіз ел. Ал баю үшін ерінбей еңбектену қажет. Бір сәт өздеріңді кәсіпкер, яғни бизнесмен деп елестетіңдер. Өзің ұнатқан не жаңа бір істі ашып, айналыспақшысың. Саған не керек?
(Екі топқа 5 минут уақыт беріледі және алдарына берілген тапсырмасы арқылы плакат бетіне түсіріп қорғайды.)
I V - бөлім «Ақша және психология»

Сергіту тренингі

V – бөлім «Ақша әдебиетте»

VІ бөлім Жұлдыз жорамал Миллионер болсам ...

VІІ бөлім қорытынды Біздің ұлттық валютамыз 1 күнде пайда болған жоқ. Оның өзіндік тарихы бар екеніне көз жеткіздік. Ол эволюция түрінде пайда болып, дамып келе жатыр. Валюта тарихы дербестікпен тығыз байланысты. Тәуелсіздік те бір күнде пайда болған құбылыс емес. Тәуелсіздік – біздің ұрпаққа берген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз.
1991жыл Кеңес одағы ыдырағаннан кейін әрбір ел тәуелсіздігін жариялап, өзінің мемлекеттік рәміздерін қабылдады. Қазақстан өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын заңмен бекітті. Саяси егемендігін алған ел экономикалық тәуелсіздікке де ие болуы қажет. Осы орайда барлық мемлекет бұрынғы Кеңес одағының рубльді аймағынан шығып, өзінің ұлттық валютасын шығарды. Теңге – дербестік тірегі, экономикалық дербестіктің
кепілі. Теңге өзінің тарихи функциясын толығымен орындап шықты, әлі де өзінің құндылығын дәлелдей бермек.
Қорытынды:
Алла берсін берекесін теңгемнің,
О, Жаратқан, қамын ойла пендеңнің.
Ел басшысы Назарбаев бастаған,
Тәуелсізбіз, Қазақ деген елденбіз. (Оқушылар бірге хормен)

Ұлттық теңгеміздің ғұмыры ұзағынан болсын!
«Ақша – уақыт тынысы», бірақ ақшаға арыңды сатпа, ақшаны көріп жолдан тайып кетіп жүрме!

100 теңгең болғанша, 100 досың болсын...



















Выбранный для просмотра документ теңге.ppt

библиотека
материалов
 Күндей жадырап, Айдай арайлап, Жұлдыздай жарқырап, Судай мөлдір таза көңілмен
Ақша,теңге 1993,15,11
Күллі қазақтың мақтанышына айналған - тұңғыш Теңгенің тұңғыш келбеті бүгінде...
Теңге тиыннан өсер, Жылқы құлыннан өсер. 2. Ақша кетуге тырысады, Есеп ұстауғ...
Ақша жансыз қағаз болып көрінгенмен,оның сезімталдық қасиеті бар-қиял ғажайы...
Ағылшын саудагерлері таңертең түскен бірінші табысын сүйіп, кейін түкіріп, те...
Біреуге бос әмиян сыйлауға болмайды. Себебі, ол адам өмір бойы ақшаға жарымай...
Өз пайдасына шешілген істен үнемі тиын - тебен сақтап қоюды әдетке айналдырға...
1 – топ Ақша қандай қызмет атқарады? Суретпен бейнелеп көрсету керек. 2 – топ...
Көзімізді жұмамыз, айналамыз тып – тыныш, ыңғайланып отырып алыңыз. Сізге өт...
Орман – ол Сіздің проблемаларыңыз, яғни алда кездесетін орман сирек болса, он...
Жол – Сіздің кеңдігіңіз немесе тарлығыңыз – таңдаған жолыңызға сәйкес келеді.
Әмиян – ол Сіздің ақшаңыз, Сіз әмиянды алсаңыз алдағы уақытта Сіздің ақшаңыз...
Қақпа – қиындықтан өтуіңіз, қақпаны ашып кірсеңіз – қиындықтан жәй өтесіз, яғ...
Үй – ол өзіңіздің жанұяңыз, яғни Сіз үйдің адамысыз немесе үй шаруасына жоқсыз.
Құмыра – ол Сіздің ата – бабаңыздың байлығы.
Жылқы – аттың қасына жақындасаңыз, Сіз бақытты адамсыз. Айналып өтсеңіз - өз...
Өзен – ол жәй болса, сіздің мінезіңіз жайлы болғаны. Ал шулап, тасып жатырса...
Бүгінгі нарықтық заманда ақшаң болса – атақ та, даңқ та сенікі, тіпті бүкіл...
  Тоқтылар ақшаны көп шашады. Ақшаны мықтап ұстап, жинағысы-ақ келеді, бірақ...
  Торпақ – ақшаны күніне бірнеше рет санай беруден жалықпайтын, ақшаны өте жа...
  «Егіздердің бала күнінде қалай өмір сүргендігін айтып беріңізші, мен оларды...
   Қаржы жағдайы мәз емес жұлдыз белгілерінің қатарында. Бірақ  күтпеген жерд...
  Арыстан бай болғысы келсе, өз бизнесін ашу үшін 75% табысын жұмсап, шындап...
  Ақша табу жолында жұмысқа берілетініңіз соншалық, махаббатты, сезімді, тіпт...
  Сізде идея мен ақша табуға құлшынысыңыз болса, жетіп жатыр. Бірақ бар мәсел...
  Сарышаяндардың миллиардер болуға толық мүмкіндіктері бар. Бұл жұлдыз белгіс...
  Сіздің материалдық жетістігіңіз жұмыс орныңыздың басшысына байланысты. Сіз...
  Тауешкілер өздерінің күшінен гөрі, көбіне сәттілікке сенгені дұрыс. Сол ке...
  Суқұйғыштардың қаржы жағдайын түсіну қиын. Сіз белгілі бір ортаны ұстап тұр...
   Біреудің идеяларын жүзеге асырғанша, бірден өзіңіздің мақсатыңызға жетуге...
Тәуелсіздік те бір күнде пайда болған құбылыс емес. Тәуелсіздік – біздің ұрп...
Алла берсін берекесін теңгемнің, О, Жаратқан, қамын ойла пендеңнің. Ел басшыс...
100 теңгең болғанша, 100 досың болсын
50 1

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1
Описание слайда:

№ слайда 2  Күндей жадырап, Айдай арайлап, Жұлдыздай жарқырап, Судай мөлдір таза көңілмен
Описание слайда:

Күндей жадырап, Айдай арайлап, Жұлдыздай жарқырап, Судай мөлдір таза көңілмен

№ слайда 3
Описание слайда:

№ слайда 4
Описание слайда:

№ слайда 5 Ақша,теңге 1993,15,11
Описание слайда:

Ақша,теңге 1993,15,11

№ слайда 6
Описание слайда:

№ слайда 7 Күллі қазақтың мақтанышына айналған - тұңғыш Теңгенің тұңғыш келбеті бүгінде
Описание слайда:

Күллі қазақтың мақтанышына айналған - тұңғыш Теңгенің тұңғыш келбеті бүгінде музейлерде сақтаулы. Оларда әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абай аталарымыз бен Әбілхайыр мен Абылай хандардың суреті болған. Кезінде біздің теңге дизайны жағынан ТМД-дағы ең көрікті ақша болып есептелді. Бұрын майда ақша қазіргідей тиын емес, қағаздан жасалды. Кейіннен темірден соғылды. Алайда майда ақша кейіннен айналымнан шықты. Теңгенің де кескіні өзгерді. 3 теңгелік қағаз ақша айналымнан алынды. 1-ден 100 теңгеге дейінгі қағаз ақшаны тиынға айналдырды. Ал, құны 200, 500 және 1000 теңгелік ақшада әл- Фараби бабамыз ғана бейнеленді. Назарларыңа бұрынғы Теңгенің суреттерін ұсынамыз. 

№ слайда 8
Описание слайда:

№ слайда 9
Описание слайда:

№ слайда 10
Описание слайда:

№ слайда 11
Описание слайда:

№ слайда 12
Описание слайда:

№ слайда 13 Теңге тиыннан өсер, Жылқы құлыннан өсер. 2. Ақша кетуге тырысады, Есеп ұстауғ
Описание слайда:

Теңге тиыннан өсер, Жылқы құлыннан өсер. 2. Ақша кетуге тырысады, Есеп ұстауға тырысады. 3. Ақша ашпайтын құлып жоқ 4. Ақша болса - алақанда сорпа қайнайды. 5. Ақшада көз жоқ. 6. Ар намысы таза адамның ақшасы аз болады.

№ слайда 14
Описание слайда:

№ слайда 15 Ақша жансыз қағаз болып көрінгенмен,оның сезімталдық қасиеті бар-қиял ғажайы
Описание слайда:

Ақша жансыз қағаз болып көрінгенмен,оның сезімталдық қасиеті бар-қиял ғажайып ертегіге ұқсайды. Ақшаға қатысты әр елдің ырымдары әртүрлі. Ақша ұстаудың көзін таба білсеңіз, ол сізден айналып кете алмайды.

№ слайда 16 Ағылшын саудагерлері таңертең түскен бірінші табысын сүйіп, кейін түкіріп, те
Описание слайда:

Ағылшын саудагерлері таңертең түскен бірінші табысын сүйіп, кейін түкіріп, теріс қаратып, әмиянға салып қояды.   Жаңа Зеландияда ақша азайып қалмас үшін қалталарына 100 долларлық купюрадан жасалған кішкене өрмекші салып жүреді екен.   Канада жұртшылығы II Элизавета бейнеленген ақшаға құмар. Олардың сенімінше, аталмыш купюра сәттілік алып келеді.   Орыс халқы ақшаның ұсағын қоржынында ұстамайтын болса, немістер де қалталарына тиын салып жүрмейді екен. Олардың ойынша, ұсақ тиын – кедейліктің белгісі.   Жапондар ақша немесе әмиян тауып алса, бірден милицияға хабарлайды. Өйткені, табылған біреудің ақшасы өмірдегі ең қымбатыңнан айыруы мүмкін дейді.  

№ слайда 17 Біреуге бос әмиян сыйлауға болмайды. Себебі, ол адам өмір бойы ақшаға жарымай
Описание слайда:

Біреуге бос әмиян сыйлауға болмайды. Себебі, ол адам өмір бойы ақшаға жарымай өтеді. Жаңа туған нәрестенің жастығының астына ақша қойсаң, ол бай болып өседі. Үйде ысқырмау керек, ақша кірмей қалады. Күн ауған шақта қарыз ақшаны қайтаруға болмайды. Тиын тауып алу байлыққа бастаса, таңертең аш қарынға тауып алған тиын кедейшілікті шақырады. Сыны кеткен тиын - тебен кездессе әмияныңызға салып, сақтап қойыңыз. Өйткені ол табыстарға жеткізеді.

№ слайда 18 Өз пайдасына шешілген істен үнемі тиын - тебен сақтап қоюды әдетке айналдырға
Описание слайда:

Өз пайдасына шешілген істен үнемі тиын - тебен сақтап қоюды әдетке айналдырған жөн. Ас үйде, есіктің аузында тұрып ақша санауды әдетке айналдырмаған жөн. Біз қанша жерден «ақша - қолдың кірі» дегенімізбен, ақша тіршілігіміздің бір бөлшегі. Адамдар ақша табу үшін жанталасады. Ақша табу үшін қызымет істейді. Ал сол ақшаны да өз игілігіне жұмсай білуі керек. Ақша тазалықты ұнатады. Сондықтан ақша сақтайтын әмияныңыз таза, жыртық болмағаны дұрыс. Егер әмияныңызда ақша бей берекет орналасып, тиындар шашылып жатса онда сізге ақша құтаймайды деп түсініңіз.

№ слайда 19
Описание слайда:

№ слайда 20 1 – топ Ақша қандай қызмет атқарады? Суретпен бейнелеп көрсету керек. 2 – топ
Описание слайда:

1 – топ Ақша қандай қызмет атқарады? Суретпен бейнелеп көрсету керек. 2 – топ Бір сәт өздеріңді кәсіпкер, яғни бизнесмен деп елестетіңдер. Өзің ұнатқан не жаңа бір істі ашып, айналыспақшысың. Саған не керек?

№ слайда 21
Описание слайда:

№ слайда 22 Көзімізді жұмамыз, айналамыз тып – тыныш, ыңғайланып отырып алыңыз. Сізге өт
Описание слайда:

Көзімізді жұмамыз, айналамыз тып – тыныш, ыңғайланып отырып алыңыз. Сізге өте жайлы, тып – тыныш, сіз тек менің даусымды естіп тұрсыз. Сіз келе жатырсыз, алдыңызда орман шықты, көз алдыңызға елестетіңізші: яғни қалың орман ба, әлде сирек орман ба – оны өзіңіз таңдайсыз... Сіз келе жатырсыз, келе жатырсыз – алдыңызда жол бар, сіз сол жолмен келе жатырсыз – сол жол кең бе, әлде тар ма, - оны өзіңіз таңдайсыз. Келе жатырсыз – алдыңызда әмиян (кошелек) көрдіңіз, ол әмиянды аласыз ба, әлде алмайсыз ба – оны да өзіңіз білесіз. Сіз келе жатырсыз – алдыңызда үлкен қақпа тұр. Ол қақпадан секіріп өтесіз бе, әлде ашып кіресіз бе немесе айналып өтесіз бе – оны да өзіңіз шешіңіз. Сіз әлі келе жатырсыз, алдыңызда үй көрдіңіз. Ол үйге кіресіз бе, әлде кірмей, айналып қасынан өтесіз бе - өзіңіз біліңіз. Сіз келе жатырсыз, алдыңызда құмыра көресіз, құмыраны аласыз ба, әлде алмайсыз ба – оны да өзіңіз біліңіз. Келе жатырсыз – алыстан бір үйір жылқы көресіз. Сол жылқыға жақындап барасыз ба, әлде айналып өтіп кетесіз бе? - өзіңіз шешіңіз. Енді алдыңыздан өзен көресіз – ол өзен жәй толқынмен ағып жатыр ма, әлде шулап тасып жатыр ма? – оны да өзіңіз таңдаңыз

№ слайда 23 Орман – ол Сіздің проблемаларыңыз, яғни алда кездесетін орман сирек болса, он
Описание слайда:

Орман – ол Сіздің проблемаларыңыз, яғни алда кездесетін орман сирек болса, онда Сіздің проблемаларыңыз сирек болады, одан тез өтесіз. Егер қалың орман таңдасаңыз – алда қалың, үлкен проблема тұр.

№ слайда 24 Жол – Сіздің кеңдігіңіз немесе тарлығыңыз – таңдаған жолыңызға сәйкес келеді.
Описание слайда:

Жол – Сіздің кеңдігіңіз немесе тарлығыңыз – таңдаған жолыңызға сәйкес келеді.

№ слайда 25 Әмиян – ол Сіздің ақшаңыз, Сіз әмиянды алсаңыз алдағы уақытта Сіздің ақшаңыз
Описание слайда:

Әмиян – ол Сіздің ақшаңыз, Сіз әмиянды алсаңыз алдағы уақытта Сіздің ақшаңыз көп болады. Егер әмиянды алмасаңыз – қаржы жағынан қысыласыз.

№ слайда 26 Қақпа – қиындықтан өтуіңіз, қақпаны ашып кірсеңіз – қиындықтан жәй өтесіз, яғ
Описание слайда:

Қақпа – қиындықтан өтуіңіз, қақпаны ашып кірсеңіз – қиындықтан жәй өтесіз, яғни төзесіз, ал секіріп өтсеңіз – қиыншылықтан қиналмайсыз. Ал айналып өтсеңіз, қиыншылықтан қашасыз.

№ слайда 27 Үй – ол өзіңіздің жанұяңыз, яғни Сіз үйдің адамысыз немесе үй шаруасына жоқсыз.
Описание слайда:

Үй – ол өзіңіздің жанұяңыз, яғни Сіз үйдің адамысыз немесе үй шаруасына жоқсыз.

№ слайда 28 Құмыра – ол Сіздің ата – бабаңыздың байлығы.
Описание слайда:

Құмыра – ол Сіздің ата – бабаңыздың байлығы.

№ слайда 29 Жылқы – аттың қасына жақындасаңыз, Сіз бақытты адамсыз. Айналып өтсеңіз - өз
Описание слайда:

Жылқы – аттың қасына жақындасаңыз, Сіз бақытты адамсыз. Айналып өтсеңіз - өз бақытыңыздан айналып кеткеніңіз.

№ слайда 30 Өзен – ол жәй болса, сіздің мінезіңіз жайлы болғаны. Ал шулап, тасып жатырса
Описание слайда:

Өзен – ол жәй болса, сіздің мінезіңіз жайлы болғаны. Ал шулап, тасып жатырса – Сіздің қаттылығыңызды білдіреді.

№ слайда 31
Описание слайда:

№ слайда 32
Описание слайда:

№ слайда 33 Бүгінгі нарықтық заманда ақшаң болса – атақ та, даңқ та сенікі, тіпті бүкіл
Описание слайда:

Бүгінгі нарықтық заманда ақшаң болса – атақ та, даңқ та сенікі, тіпті бүкіл әлем сенің қолыңда тұрғандай көрінеді. Көк қағаздың біздің өмір сүруімізді жеңілдететіні рас. Оның қалтамызда көптеп жатқанын қаламайтын адам жоқ шығар. Астрологияға жүгінсек, әр жұлдызнама белгісіндегі адамның қай-қайсысы болсын миллионер бола алады. Ең бастысы, соған жетуге ерекше ықыласыңыз бен талпынысыңыз болса жеткілікті.

№ слайда 34   Тоқтылар ақшаны көп шашады. Ақшаны мықтап ұстап, жинағысы-ақ келеді, бірақ
Описание слайда:

  Тоқтылар ақшаны көп шашады. Ақшаны мықтап ұстап, жинағысы-ақ келеді, бірақ бір күннен артық сақтай алмайды. Сондықтан тапқан табысыңыздың бір бөлігін ғана қажетіңізге жұмсаңыз. Қалғанымен қарызыңыздан құтылыңыз, ал келесі айда керісінше қарызға ақша беріңіз, сонда бәрі реттеледі. Тоқтылардың түйсігі жақсы дамыған, сондықтан құнды қағаздармен, банкте ақша салымын көбейтумен айналысуға жақсы мүмкіндік туып тұр. Сіздің «ақшадан ақша жасау» өнерімен қатар, оны лезде жұмсап тастау қасиетіңіз бар.

№ слайда 35   Торпақ – ақшаны күніне бірнеше рет санай беруден жалықпайтын, ақшаны өте жа
Описание слайда:

  Торпақ – ақшаны күніне бірнеше рет санай беруден жалықпайтын, ақшаны өте жақсы таба білетін жұлдыз белгісі. Өзіңіздің немесе өзгенің кәсібіне адамдарды тартып, олардың ақшасын сол кәсіпті дамытуға жұмсау өте орынды іс екеніне сендіруден алдыңызға жан салмайсыз. Осылайша  мәмілелер жасап, белгілі бір пайызын алу арқылы өмір сүруге бейім. Бірнеше жыл қатарынан осылай жұмыс істей берсеңіз, сізден бай адам болмайды.

№ слайда 36   «Егіздердің бала күнінде қалай өмір сүргендігін айтып беріңізші, мен оларды
Описание слайда:

  «Егіздердің бала күнінде қалай өмір сүргендігін айтып беріңізші, мен олардың есейгенде қанша табыс табатынын айтып берейін». Сіздің қаржы жағдайыңызды ата-анаңыз алдын-ала айқындап қояды. Егер олар бай болса, демек сіз де бай боласыз. Кейде егіздерге ата-аналары жұмыс тауып береді немесе пәтердің кілтін тапсыруы мүмкін. Сіз жұмысыңызды орындап болған соң, ақшаны бірден алғанды ұнатасыз. Айлығыңызды ай туғанда немесе ай толғанда алсаңыз, береке кіреді.

№ слайда 37    Қаржы жағдайы мәз емес жұлдыз белгілерінің қатарында. Бірақ  күтпеген жерд
Описание слайда:

   Қаржы жағдайы мәз емес жұлдыз белгілерінің қатарында. Бірақ  күтпеген жерден өміріңізде бір рет болса да, үлкен мұраға ие болып қалуыңыз ғажап емес. Бірақ мұндай жағдай болып жатса, өзіңіз қарыз сұрап қалсаңыз да, ақшаға мұқтаж жақындарыңызға бөліп беруден аянбайсыз. Шаяндар жомарттық танытуға құмар. Сізде жалға беріп тұратын алтын, жылжымайтын мүлік секілді отбасылық қорыңыздың болғаны жөн.

№ слайда 38   Арыстан бай болғысы келсе, өз бизнесін ашу үшін 75% табысын жұмсап, шындап
Описание слайда:

  Арыстан бай болғысы келсе, өз бизнесін ашу үшін 75% табысын жұмсап, шындап кірісуі керек. Сізге арналған мынадай ырымдар бар: ай туғанда қомақты қаржыға ие болсаңыз, кейінгі 28 күн бойы қаржылық сәттілліктер күтеді. Материалды жағдайыңыздың жақсаруы үшін әмияныңызда үнемі 1 доллар жүру керек. Сіз өз дәріханаңызды немесе медицина орталығын ашсаңыз, ісіңіздің оңға жүруі әбден мүмкін.

№ слайда 39   Ақша табу жолында жұмысқа берілетініңіз соншалық, махаббатты, сезімді, тіпт
Описание слайда:

  Ақша табу жолында жұмысқа берілетініңіз соншалық, махаббатты, сезімді, тіпті өмірді ұмытатын жағдайлар да болып жатады. Алайда сізге арналған қарапайым магия формуласы бар: жұмыс пен ақша жайлы неғұрлым аз ойласаңыз, соғұрлым ол сізге тезірек келеді. Сізге, ең бастысы, қаржы көзін таба білу керек. Жақсылап қаржы жобаларын ойластырып, кішігірім фирма ашып алсаңыз, ақша өзінен-өзі келе береді.

№ слайда 40   Сізде идея мен ақша табуға құлшынысыңыз болса, жетіп жатыр. Бірақ бар мәсел
Описание слайда:

  Сізде идея мен ақша табуға құлшынысыңыз болса, жетіп жатыр. Бірақ бар мәселе осында боп тұр.   Шындығын айтқанда, Таразылар бай адамдардың қатарында болғысы келмейді, олар тек біреудің ақшасын санағанды немесе жай ғана «Мен де сондай бай болсам ғой» деген сөздерді айтқанды ұнатады. Себебі олар жалқау болып келеді. Өмірлерінің ортасына қарай мұраға ие болып қалуы да ғажап емес.

№ слайда 41   Сарышаяндардың миллиардер болуға толық мүмкіндіктері бар. Бұл жұлдыз белгіс
Описание слайда:

  Сарышаяндардың миллиардер болуға толық мүмкіндіктері бар. Бұл жұлдыз белгісіндегі адамдар – қаржы мәселесінде ең табысты жандар. 1 тиыннан қалай ақша жасауды біледі. 18-20 жасында Сарышаяндар қаржы әлемінде үлкен жетістіктерге жете алады. Сізге берер кеңесіміз: шетел компанияларымен көбірек байланыс жасаңыз, шетелдерге тәжірибе жинау мақсатымен іссапарларға жиі шығып тұрыңыз. Ең дұрысы, шетел компанияларында немесе жергілікті филиалдарында қызмет еткеніңіз абзал.

№ слайда 42   Сіздің материалдық жетістігіңіз жұмыс орныңыздың басшысына байланысты. Сіз
Описание слайда:

  Сіздің материалдық жетістігіңіз жұмыс орныңыздың басшысына байланысты. Сіз бастығыңыздың қоластында жұмыс істейтін болсаңыз да, ол жақсы адам болса, сіз одан да көбірек алуыңыз мүмкін. Себебі сіздің қосымша сыйақыңыз бен қаламақыңызды айлығыңызбен қоса есептегенде қомақты сомма шығады. Мерген – кәсіпкерлікті жақсы ұйымдастырушы. 23, 35 және 47 жас – әлеуметтік пен материалды жағдайыңыздың жақсаруы үшін тиімді кезең. Біреумен бірігіп жұмыс істесеңіз, тығырыққа тірелмейсіз.

№ слайда 43   Тауешкілер өздерінің күшінен гөрі, көбіне сәттілікке сенгені дұрыс. Сол ке
Описание слайда:

  Тауешкілер өздерінің күшінен гөрі, көбіне сәттілікке сенгені дұрыс. Сол кезде ақша да, атақ та, даңқ та пайда болады. Сізге қаржы жағдайыңыздың жақсы болғандығы аздық етеді. Нақты жоспарлар жасап, тәуекелдерге бара білсеңіз, қаржы тәуелсіздігіне ие боласыз.

№ слайда 44   Суқұйғыштардың қаржы жағдайын түсіну қиын. Сіз белгілі бір ортаны ұстап тұр
Описание слайда:

  Суқұйғыштардың қаржы жағдайын түсіну қиын. Сіз белгілі бір ортаны ұстап тұрсыз. Ақша қалай келсе, солай кетеді. Сізге арналған маңызды ырым: табысыңыз жайында ешкімнің білмегені жөн. Өкінішке қарай, астрологиялық статистикаға жүгінсек, Суқұйғыштарда ұрлық пен жоғалту көп болады екен. Оның себебі – өзіңіздің тым ашықтығыңызда. Бірақ 4-5 жыл жақсылап еңбектенсеңіз, жетістікке жетуге болады.

№ слайда 45    Біреудің идеяларын жүзеге асырғанша, бірден өзіңіздің мақсатыңызға жетуге
Описание слайда:

   Біреудің идеяларын жүзеге асырғанша, бірден өзіңіздің мақсатыңызға жетуге ұмтылыңыз. Ойыңызға бір жақсы идея келеді де, сіз оны ұмытып қала бересіз. Кейін соны басқа біреу орындағанының куәсі болып жатасыз. Бұған өзіңіздің «жалқаулығыңыз» кінәлі.

№ слайда 46
Описание слайда:

№ слайда 47 Тәуелсіздік те бір күнде пайда болған құбылыс емес. Тәуелсіздік – біздің ұрп
Описание слайда:

Тәуелсіздік те бір күнде пайда болған құбылыс емес. Тәуелсіздік – біздің ұрпаққа берген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Қазақстан өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын заңмен бекітті. Саяси егемендігін алған ел экономикалық тәуелсіздікке де ие болуы қажет. Осы орайда барлық мемлекет бұрынғы Кеңес одағының рубльді аймағынан шығып, өзінің ұлттық валютасын шығарды. Теңге – дербестік тірегі, экономикалық дербестіктің кепілі. Теңге өзінің тарихи функциясын толығымен орындап шықты, әлі де өзінің құндылығын дәлелдей бермек.

№ слайда 48 Алла берсін берекесін теңгемнің, О, Жаратқан, қамын ойла пендеңнің. Ел басшыс
Описание слайда:

Алла берсін берекесін теңгемнің, О, Жаратқан, қамын ойла пендеңнің. Ел басшысы Назарбаев бастаған, Тәуелсізбіз, Қазақ деген елденбіз. Ұлттық теңгеміздің ғұмыры ұзағынан болсын! «Ақша – уақыт тынысы», ақшаға арыңды сатпа, ақшаны көріп жолдан тайып кетіп жүрме!

№ слайда 49 100 теңгең болғанша, 100 досың болсын
Описание слайда:

100 теңгең болғанша, 100 досың болсын

№ слайда 50
Описание слайда:


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-090320

Похожие материалы