Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Технологическая карта на тему "Менің елім- Қазақстан"

Технологическая карта на тему "Менің елім- Қазақстан"


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні____________________________

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта. Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: Менің елім- Қазақстан .

Мақсаты: Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайы туралы әңгімелеп беруге үйрету. Туған жерін, елін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: қала көрінісі, адамдардың еңбегі бейнеленген суреттер, глобус.

Қажет құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, газет- журналдардың қиылған суреті, қайшы, желім.

Алдың ала жұмыс:.өздерінің тұратын қаласы неме ауылының бұрынғы көрінісі туралы әңгіме жүргізу, бейнеролик дайындау.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.

Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңберіне тұрғызу.

Балалар шаттық шеңберің құрып, өлең жолдарын айтады .

Ұйымдастырушылық ізденістік

-Балалар, біздің мемлекетіміз қалай аталады.?

-Сендер қандай қалада

(ауылды)тұрасындар?

-Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Педагог жетелеуші сұрақтар қоя отырып Отан сөзінің мағынасын түсіндіреді.

-Қазақстан Республикасы үлкен мемлекет екен. Сол мемлекетте көптеген үлкен, кіші қалалар мен ауылдар бар. Онда бірнеше ұлт өкілдері тұрады. Ол ұлттардың өздерінің сөйлейтін тілі, мәдениет, салт-дәстүрі болады. Дегенмен де бәрімізге ортақ мемлекеттің тіл-қазақ тілі. Ал сендер қандай тілде сөйлейсіңдер? Мен қазір сендермен қандай тілде сөйлесіп тұрмын?

-Қазақ тілін қандай тіл деп айтамыз дедік?

  • Енді, балалар,Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанға дейінгі кезеңін

(Сурет немесе слайд көрсету арқылы), ондағы үйлер, мәдениет орындары, халқы ақпарат береді. Және Қазақстан Республикасының қазіргі жағдай туралы бейнеролик (сәулетті, әдемі Көпқабатты үйлер мен мәдениет орындары, балабақша , мектеп, дүкен, т.б. қоғамдық орындар экономикасы , ұлттық валютасы- теңге) көрсетеді. Өздері тұратын қалалары туралы сұрайды. Қаланың көркейгені ол мемлекеттің мәдениеті мен экономикасының өркендегені екендігін және мемлекеттің өркендеуіне барлық Қазақстандықтардың үлесі бар соның ішінде өздерінің үлесі бар екендігін түсіндіреді.

Педагог Ә.Табылдыұлының

« Қасиетті шар» әңгімесін оқып береді. Балаларды өздерінің таңдауы бойынша екі орталыққа бөледі. Бірнші орталықтағы балаларғы Көпқабатты үйлерді құрастыруды, екінші орталықтағы балаларға Көпқабатты үйлерді құрастыруды, екінші орталықтағы балаларға мерекеге дайындық жасап, қала көшелерін безендіру үшін түрлі заттар жасау көректігін айтып түсіндіреді.

Балалар жұмыстарын аяқтағаннан кейін екі орталықтағы балалардың жұмыстарын біріктіріп, жасаған заттарына байланысты сұрақтар қояды.



Сергіту сәті.










  • Қазақстан Республикасы. Тұратын қаласын немесе ауылын айтады.

  • Отан менің үйім, елім, жерім, - Отан-тауымыз, табиғатымыз.

  • Отан-отбасымыз, мемлекетіміз.









  • Қазақ тілінде сөйлейміз.



  • Мемлекеттік тіл дейміз.







Балалар мейнероликтен сәулетті, әдемі көпқабатты үйлер мен мәдениет орындарын, балабақша, мектеп, дүкен, ойнап, қыдырып жүрген балаларды көріп қуанышты сезімде болады.







Балалар оқылған шығарма желісі бойынша өздерінің ой-пікірлерін айтады.









Бірінші орталықтағы балалар әртүрлі құрылыс материалдары мен қағаз қиындыларын қолданып, көпқабатты үйлерді құрастырады. Екінші орталықтағы балалар дайын қиылған түрлі түсті шарлар мен жалаушалар т.б. мерекелік безеңдіруге арналған заттарды жіпке тізіп жабыстырады. Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.




Рефлексиялық түзетушілік

Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбалар белгілейді. Немен айналысқандарын, не үйренгендерін айтады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайы, өздері тұратын қалалары туралы әңгімелеп беруді.

Игереді: қазақстан Республикасының халқы тілі сәулетті әдемі Көпқабатты үйлері мен мәдениет орындары, балабақша , мектеп, дүкен, теңге туралы білімді.

Меңгереді: үлкен кіші қалалар мен ауылдарда тұратын бірнеше ұлт өлкілдері, олардың тілі, мәдениеті, салт –дәстүрі туралы білімді.










































Автор
Дата добавления 16.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров843
Номер материала ДВ-345908
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх