Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Технологическая карта по казахскому языку на тему: "1 Желтоқсан Тұнғыш Президент күні "

Технологическая карта по казахскому языку на тему: "1 Желтоқсан Тұнғыш Президент күні "


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:


91 НОМ жаңындағы «Ботақан» шағын орталығының әдіскері және қазақ тілі мұғалімі Мырзагулова Гулим Жумабаевна


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

____ күні ____________ айы 20__ ж.

Білім беру салаcы: «Қатынас»

Бөлімі: Қазақ тілі

Тақырыбы : Бірінші Президент

Мақсаты:

Білімділік: Жас ұрпаққа Н.Назарбаевтың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні екенін түсіндіру. Балаларға тақырып бойынша жаңа сөздерді дұрыс, анық айта білуге үйрету. Сөз ішіндегі қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту. Балалардың сөздік қорын «Елбасы», «Тұңғыш Президент», «Өмірбаян», «Сайлау», «Отан», «Туған жер»- деген сөздермен байыту, тіл мәдениетін жетілдіріп.

Дамытушылық: Балалардың есте сақтау қабілеттерін арттыру.Ойлау жүйесін, сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік: Балалардың тіл үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, патриоттық сезімдерін ояту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Дыбыстық жұмыс: “Ұ”, “Ғ”

Сөздік жұмысы: «Елбасы», «Тұңғыш Президент», «Сайлау», «Отан», «Туған жер».

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, әртүрлі Елбасының өмірбаянынан алынған суреттер, буклеттер, кітаптар.


Іс-әрекет кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық






Сәлемдесу:

  • Қайырлы таң, балалар!

Шаттық шеңбер:

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын келді күн.

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.

Балалардың назарын интерактивті тақтаға аударады.



Балалар шеңберге тұрып бір-біріне мейірімді сөздер айтады.




Балалар отырады, тақтаға қарайды.

Ұйымдастыру - іздестіру



Балалар тақтаға назар аударындар.

1 слайд.

  • Суретте кімді көріп отырсыңдар?

  • Дұрыс. Н.Ә.Назарбаев еліміздің Тұңғыш Президенті. Ол 1940 жылы 6 шілдеде дүниеге келген. Туған жері Алматы облысы, Қаскелен ауданы, Шамалған ауылы.

2 слайд.

  • Балалар келесі суретте Н.Ә.Назарбаевтың отбасы. Көріп отырған отбасылық суретте кімді танисыңдар?

  • Өте жақсы. Сара Алпысовна «Бөбөк» қорының ұйымдастырушысы, сонымен қатар «Өзін-өзі тану» пәннін авторы.

  • Білесіңдер ме, елбасының 3 қызы бар. Олар: Дариға, Динара, Әлия. Үлкен қызы Дариға әкесі сияқты халық үшін еңбек етуде.

3слайд.

Елбасының еңбек жолынан алынған сурет. Теміртау қаласы, металлургия зауыты.

  • Балалар біздің Қарағанды қаламыздың қандай шағын қалаларын білесіңдер?

  • Дұрыс.

Балалар Елбасы еңбек жолын Темиртау қаласында бастаған. Н.Назарбаев 9 жыл металлургия зауытында жұмыс істеді. Өте еңбекқор адам.

4 слайд

Елбасымыздың ант қабылдап жатқан суреті.

  • Балалар 1 желтоқсан қандай мереке?

1991 жылы 1 желтоқсанда Н.Ә.Назарбаев тұңғыш рет Қазақстан Президенті болып сайланды. Биыл еліміз екінші рет бұл мерекені тойлауда.


Сергіту сәті:

Керегені жазайық,

Шанырақты құрайық.

Уық болып иіліп,

Киіз үйдей болайық.

Тыныштық сәті:

Елбасымыз ел алдыңда, Отан алдыңда үлкен міндеттерді атқара жүріп қоймай, сонымен қатар өлең және ән жазады. Ақындық қасиетті бар.

Қазір біз бірге Елбасымыздың сөзіне жазылған «Елім менің» әнің тындаймыз.

Бірге жаттайық:

Ел тірегі –қайратым,

Абыройым, айбатым!

Бағымызға жүр аман,

Нұр сәулетті, Нұр ағам!



Суретте Нұрсұлтан Назарбаев.


Балалар мұқият тыңдайды.






Мен Сара Алпысовна Назарбаеваны танимын.


Мұқият тыңдайды.




Балалар экраннан тамашалайды.

Танығаның айтады.







  • Абай, Шахан, Темиртау.









1желтоқсан Тұнғыш Президент күні.







Ортаға шығып қимыл-қозғалыстар жасайды.





Балалар әнді тындайды.






Балалар бірге жаттайды.


Рефлексивті- түзетушілік

Сабақты қорыта келгенде балаларға келесі сұрақтар қойылады.

5 слайд.

«Сандар сөйлейді» (экранда 6,9,3,1 сандары)

  • 6 саны не білдіреді?

  • 9 саны не білдіреді?

  • 3 саны не білдіреді?

  • 1 саны не білдіреді?



6 - 6 шілде Елбасының туған күні

9 – 9 жыл Теміртау қаласында металлургия зауытында жұмыс істеген.

3 қызы бар.

1-Бірінші Президент.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:

  • Қазақстан Республикасының Президентің атын.

Қандай түсініктерді игерді:

  • 1 Желтоқсан Тұнғыш Президент күні мерекесін.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:

  • қойылған сұраққа түсініп, дұрыс жауап беру

  • қазақ тіліне тән дыбыстарды сөз ішінде дұрыс айта білу

  • өлеңді тыңдау, қайталау.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 20.11.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров247
Номер материала ДВ-173595
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх