Инфоурок Физическая культура Другие методич. материалыТехнология дене шынықтыру ойын технологиясы

Технология дене шынықтыру ойын технологиясы

Скачать материал

Оқушыларға дене тәрбиесі пәнінен ойын технологиясын

 пайдаланудың ерекшелігі.

 

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға мүмкіндік береді.

Бастауыш мектепте оқыту процесінде дидактикалық ойындар әрі оқу, әрі ойын қызметін қатар атқарумен ерекше орын алады. Ойын – балалар әрекетінің бір түрі. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мақсатындағы қарым-қатынастың әдісі мен құралы. Ойын әрекеті естің, ойлау мен қиялға, барлық таным процесіне әсерін тигізеді.

Адам әрекетінің еңбек, оқу сияқты негізгі түрлерінің бірі – бұл ойын. Ойын – бұл жағдаят жағдайында қоғамдық тәжірибені игеру және қайта туғызуға бағытталған әрекет түрі. Ойын барысында тұлғаның мінез құлқын өзі басқаруы жетіліп, қалыптасады. Отандық педагогика және психология ғылымдары саласында ойындық әрекет бағдарламасын К.Ушинский, А.С.Выготский, Я.А. Каменский, В.А.Сухомлинский, Н.К.Крупская, Н.Ф.Талызина, П.Блонский, С.Рубинштейн, Д.Эльконин, шетелде З.Фрейд, Ж.Пиаже және т.б. жасады. Олардың еңбектерінде тұлғаның даму сатыларында, негізгі психикалық қызметтері дамуындағы, тұлғаның өзін-өзі басқаруы, өзін-өзі билеуіндегі, әлеуметтену үрдісінде – адамның қоғамдық тәжірибені пайдалану және игерудегі ойынның рөлі зерттеліп, негізделген.

 Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те.

Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.

 Ойын технологиясы бойынша ағартушы педагог-ғалымдардың ой пікірлері:

 Н.К.Крупская «Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ең бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақты болуға үйретеді» - дейді.

В.В.Давыдов оқушыларда танымдық проблемалық міндеттерді шештірудің жолдарын іздестіру арқылы шығармашылық тәжірибені меңгертуге болады, яғни соның нәтижесінде білім-білік, дағды дүнмеге көзқарасын қалыптастыруды көздейді.

Н.К.Крупская өз еңбектерінде бала өмірінде ойынның маңызының зор екенін көрсеткен. Балалар бір-бірімен ойнау арқылы қарым-қатынас жасауға, ұйымшылдыққа, еңбекке, мұқиятшылдық жағдайы ойын мазмұнына қарай шамалы уақытта ғана көрінетін дәлелдеген.

Педагог-психллог А.С.Выготский: «бала ойнау барысында өзінің кішкентай екеніне қарамастан оның ойлауы, іс-әрекеттері көп жағдайда ересек адам сияқты көрінеді» дейді.

 К.Д.Ушинский сабақ үйрету барысында ойын элементтерін орынды қолдану оқушылардың білім алу процесін жеңілдетеді – дейді.

 Бастауыш сынып оқушылары ғылыми зерттеулерді іс-тәжірибелерді қолдана отырып, міндеттерді шешуге сүйенеді. Сондай-ақ оқушының танымы тек таным қызметінде ғана емес, сонымен бірге еңбек ойын әрекетінде, әдеби және қоғамдық қызметтерде орын алады. Әрекеттердің әртүрлілігі мен әдіс тәсілдері оқушының оқу барысында қабілетін арттуымен танымдық қызығушылықтың кеңеюіне әсерін тигізеді. Осыдан келіп оқушылардың қызығушылық, сұрақтар қою, қажеттіліктер, білімге деген құштарлық пайда болып, олардың жалпы дамуына әсерін тигізеді. Оқушы мен мұғалім қызметіндегі қызығушылық мынаған сүйенеді.

-         Сабақтың шығармашылық бастамасы.

-         Дұрыс ұйымдастырылған сабақтардың тақырыбы.

-         Сабақ түрлері, өз бетімен жасалатын жұмыстар мен мәтіндердің әртүрлілігі, маңызды жолдарды іздестіре отырып, оқушының оқуға талаптануы.

Осы  жолдарды, әдістерді қолдана отырып, оқушылардың білімге қызығуына, зерттеуіне атмосфера туғызу қажет, жоғарыда айтылған қызығушылықты қалыптастыру жолдары мен әдістерін қолдану үшін төмендегідей жағдайларды ескеру керек.

 -Оқу процесіндегі сабаққа қойылатын дидактикалық міндеттер.

 -Білім мазмұнының көлемі, маңызы.

 -Білімді меңгеру деңгейі.

 -Білімді қабылдауы.

 Ойын үстінде оқушылар өзі үшін жаттығулар орындап, оқумен жаттығады және ойын үстінде салыстыру арқасында тапсырмаларды орындауға тырысады, ойын оқушыларды пәнге деген қызығушылықтарын оятып, ізденуге, жеңіске жетуге ынталандырып бұдан оларды тез қимылдауға, тез ойлауға, тез шешім қабылдауға және тапсырманы нақты орындауға әкеледі. Әрине бұл жерде ойын ережесі сақталуы керек. Мысалы: дене тәрбиесі пәнінде жарыс элементі ойында  әрқашанда маңызды болып келеді. Жарыста балалардың белсенділігі, жеңіске жету еркіндегі жоғарлай түседі. Ойынды таңдау кезінде оқушылардың техникалық деңгейін, сапасына қарай белгілі бір жүйеде жүргізілуін сете ұстаған дұрыс.

Қазақ халқының ағартушы педагогтары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаевтар, ойынның маңызын айта келе, ойын дегеніміз –айқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Міне, ойын тынысы кең алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, өмір тынысы дейді.

 Оқытудың ойындық әдісі ерте кезден бастап күні бүгінге дейін қолданылып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді.

 Дене тәрбиесі пәнінен жүргізілген бастауыш сынып оқушыларымен сабақтарда оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруда, патриоттық сезімдерін оятуда ұлттық ойындарды жаншалап пайдаланудың мәні өте зор. Оқушыларға тақырыпқа сәйкес ойындарды ұйымдастырып, оның шығу тарихымен таныстырып, олардың бойында патриоттық сезімдерін оята отырып, ұлттық ойындарды пайдалану;

Қазақтың ұлттық спорт түрлері мен ойындарының көптігі соншалық, оларды адамның жас ерекшеліктеріне қарай топтастыруға болады. Мысал: «Тоғызқұмалақ», «Хан тойбысы» секілді ойындар жас талғамайды, оны үлкен кішіге қарамай ойнай береді. Кейбір ойындар жас ерекшеліктеріне қарай бөлінеді.

 Балабақша бүлдіршіндеріне арналған ойын түрлері: «ұшты-ұшты», «сақина салу», «қуырмаш», «қуаласпақ» т.б.

 Бастауыш сынып оқушыларына арналған ұлттық ойын түрлері: «қасқыр қақпан», «қоян», «қырықаяқ», «сиқырлы таяқ», «мықты мерген», «мерген мен үйрек», «кім байқағыш», «ортаны тап», «сап түзеген батырлар», «қоян мен қасқыр», «ақсерек-көксерек» т.б.

-         Орта сынып оқушыларына арналған ойын түрлері: «қашпа доп», «дәл түсір», «тауық күрес», «жаяу аударыспақ», «қызыл ту», «жоғалған допты табу», және асық ойындары.

-         Жоғарғы сынып оқушыларына арналған ойын түрлері: «мойын арқан», «арқан тартыс», «қазақ күрес», «білектесу» т.б.

-         Ер жігіттер мен бойжеткендер ойындары: «алтыбақан», «қыз қуу», «теңге алу», «ат жарыстары», «асау үйрету», «садақ тарту», «көкпар» т.б.

-         Зеректік ойындар: «тоғызқұмалақ», «хан дойбысы» т.б.

Оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін жұмыстың әртүрлі формаларын таңдап ала отырып, оларды тиімді ұйымдастыруға көңіл бөлінуі шарт. Жүргізілетін жұмыс түрлері оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне, оқу материалдарының мазмұны мен оқытудың мақсатына сай болуы қажет.

 

Танымдық бағыттағы сабақтың әртүрлері оқушылардың оқу материалына деген қызығушылығын арттырады, ой-өрісін кеңейтеді, танымдық процестерін дамытуға септігін тигізеді, сонымен бірге олардың бойында адамгершілік асыл қасиеттерді қалыптастыруға көмектеседі.

 Сабақтарды қызықты да, әсерлі етіп, түрлендіріп өткізу мұғалімнен шығармашылық ізденісті, педагогикалық шеберлікті талап етері сөзсіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойын технология бастауыш класында дене шынықтыру.

 

ХХI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымда иновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Жалпы білім беретін мекемелердегі әдістемелік жұмыстардың мазмұнын жаңарту мақсатында «Оқу үрдесінде оқытудың жаңа технологияларын пайдаланып, оқушылардың қабілетін дамыту, жеке тұлғаны қалыптастыру» бағытымен жұмыс жасау қажет.

Мұғалімдердің Республикалық  ІІ құрылтайында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздардың қолында» деп, жас ұрпақ бағбандарының алдына зор міндет қойды. Осы жауапкершілікті сезініп, жеке адамды қалыптастыра дамыту және оған жан-жақты терең білім берудің технологияларын ұсынуда.

Бастауыш сынып оқушыларының негізгі іс-әрекеті ойын болып табылады. Ойын-балалардың рухани жетілуі табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу, есте сақтау қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамыту әрекеті.

      Ойын дегеніміз-жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл – күйін көтеретін, ойландыратын процес. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, іскерлікті, басқа да толып жатқансапалық қасиеттерді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық тиімді әдістерінің бірі. Сондықтан ойынды оқыту процесінде пайдалану үлкен нәтиже берері анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен мәнді мағыналы істер туындап дамитынын байқаймыз. Ойын тек жас адамның дене күш қуатын молайтып оны шапшандылыққа, дәлдікке т.б ғана тәрбиелеп қоймайды, оның ақыл-ойының толысуына жан дүниенің қалыптасуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады.

      «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады», - деп А.С.Макаренко да айтқан. Ал, В.А.Сухомлинский «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ», -деп көрсеткен.

      Педагогикалық процесті жетілдіруде ойынның алар орнын Қазақстандық ғалым Н.Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт, күнделікті негізгі әрекет және оның жеке өмірі, -деп дәлелдеген. Н.Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатта пайдалану баланың болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеуі және өмірдің талаптарына сай бейімделуі басты педагогикалық мақсаттар. Ғалым «Бала ойында ғана тынығып, жұмыс жасап, өсіп жетіледі». «Оның ойлау қабілеті жетіліп, қарым-қатынас жасау мүмкіндігі артады», -деп көрсеткен.

      Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық , физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойында әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болып қалыптасады. Әрине, ойын адамның дамуына, қалыптасуына әртүрлі әсер береді. Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді.

Педагогикалық ойындардың ойыннан негізгі айырмашылығы дәл айқын қойылған оқыту мақсатында және оған сәйкес педагогикалық нетижемен негізделуінде және оқу-танымдық бағыттылығымен сипатталатын мәнді белгілерге ие болуында.

      Ойын халық педагогикасының бір бөлігі болып келеді және тақырыпқа өте бай әр алуан. Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты туып отырады. Халық ойынның алуан түрлерін туғызып қана қойған жоқ, соны іс жүзінде қолданып, оның тәрбиелік, білімділік жақтарын да көре білді.

Қазақтың ұлттық ойындары: ойын –саық, тұрмыс –салт ойындары, дене шынықтыру, спорт ойындары және ойлау қабілетін арттыруға арналған ойындар болып бөлінеді. Ұлттық ойындар сонымен қатар ауыз әдебиетінің бір саласы болып есептеледі.

Халық өзінің қоршаған дүниенің қыр-сырын жетік білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре білуді көздеген. Ойын бала табиғатымен егіз, себебі  бала ойынсыз өспейді, жан-жақты дамымайды.

      Ойын түрлері көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланатын: ойын сабақ, ойын жаттығу, сергіту ойындары, дамытушылық мақсаттағы ойындар, ұлттық ойындар. Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.

      Жалпы рйынның қандай түрі болмасын, өмәрлік қажеттіліктен туады да, психологиялық жағынан денсаулық сақтауға негізделеді. Тапқыр да алғыр шымыр да епті, қайратты да қажырлы бала өсіруді армандамайтын отбасы көп. Сабақ барысындағы ойынның басты мақсаты-білім беруді ойынмен ұштастыру.

      Негізінен ойынға деген қызушылық, ілтипат, ұсыныстар, көңіл аудару, дегеніне жеру, бәрі сабақ барысында оқу процесіне ауысады. Әуелі балаларды бір ойын түрімен таныстырып, жас мөлшері есейген сайын ойын барысын күрделендіріп, жаңа шарттармен толықтырып таныс құралдарды сиректету керек. Бала басында ойынға қызығушылық танытады және сол ойынды ойнау үшін не істе десе, соны істеуге даяр болады. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін ол ұжымдық әрекет. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен ол ұжымдық әрекет.

Оқу процесінде ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда білім тиянақтау және тексеру кезінде яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде кеңінен пайдаланады. Бала тек ойын ойнап қана қоймай, осы ойын арқылы білім алып, жан-жақты тұлға ретінде дамиды.

Ойын-оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан да 1-2 кластарда оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін танымдық қызығушылық сапаларын дайындататын басты нәрсе: білім, әрекет, қарым-қатынас.

      Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақтүрлерімен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызы бір буын. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді жеңіл келеді. Баланың ойын жетілдіріп, сабаққа  қызығушылығын арта түседі.

      Қорыта келгенде ойын баланың алдынан өміріне ұштаса береді. Сонымен қатар ойын-тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Технология дене шынықтыру ойын технологиясы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по выставочной деятельности

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 989 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.05.2017 1710
    • DOCX 53 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есбусинова Шолпан Болатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Есбусинова Шолпан Болатовна
    Есбусинова Шолпан Болатовна
    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13116
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы учебно-тренировочного процесса в учреждениях физкультурно-спортивной направленности (лыжные виды спорта)

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 34 человека
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Здоровьесберегающие технологии в образовательном процессе в соответствии с ФГОС ДО

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 503 человека

Курс профессиональной переподготовки

Психолого-педагогические аспекты деятельности тренера-преподавателя по лыжным видам спорта в организациях физкультурно-спортивной направленности

Тренер-преподаватель

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовые ключи экспертного успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Здоровьесбережение и физическое развитие школьников

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детские и взрослые эмоции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе