Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Технология / Рабочие программы / Технология "Кестелі тақия тігу". Ашық сабақ".
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Технология

Технология "Кестелі тақия тігу". Ашық сабақ".

библиотека
материалов

Қазақ тақиясын тігу 
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ұлттық өнерге бауылу 
А) білімділік: тақия тігу технологиясын толық меңгеру 
Б) дамытушылық: ұлттық қолөнерді күнделікті өмірде қоллдана білуге төселдіру, шығармашылыққа жетелеу, ізденісін дамыту. 
В) тәрбиелік мәні: әдемілік бағалауға, талғампаздыққа, үнемділікке тәрбиелеу 
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ 
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау сарамандық жұмыс 
Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет, тарих, сызу, бейнелеу өнері 
Сабақтың көрнекілігі: тақия тұрлері, үлгілері, сызбалар, сабаққа қажетті қосымша құралдар. 
Техникалық құрал: компьютер 
Сабақтың бпарысы: 
І.Ұйысмдастыру кезеңі. 
ІІ.Кіріспе бөлім. Оқушылардың сабаққа зейін тарту мақспатында психологиялық дайындық минуты өткізіледі. «Жүректен-жүрекке біріне-бірі жылы лебіз білдіреді, тілек айтпады» 
Сабақ мазмұны: 
1. Ой қозғау(«Сын тұрғысынан ойлау» әдісі) 
- Халықтық педагогиканың негізгі бағыттары қандай? 
- Әдет-ғұрып, қолөнер, шаруашылық кәсібі, салт дәстүр 
- Мұсылмандық, адамгершілік, адалдық, тазалық, сергектік, денсаулықтың жақсы болуына тәрбиелеу. 
Қазақ халқындағы ертеден қалыптасқан жақсы қасиет – өз балаларын жас кезінен еңбекке баулу. 
Қыз баланы үй сыпыру, су әкелу, сиыр сауу, өрмек тоқу, төсек жинау, ыдыс-аяқ жуу, шай құю, ас пісіруге, іс тігу сияқты шаруашылықтың алуан түріне үйреткен. 
Ұл балаларға қозы-лақ қайыруға, құлын ұстауға, мал бағуға, тай үйретуге, ағаштан, темірден, былғарыдан бұйымдар жасауға баулыған. 
- Қазақ халқының қандай ұлттық киімдерін білесіңдер? 
- Шапан, мәсі, тымақ, бөрік, тон, камзол, күрте, байпақ, кимешек, т.б 
2. Топтастыру 
Мұғалім сөзі: 
- Олай болса, ұлттық бас киімдерді топтастырып көрейік. 

III. Жаңа сабақ. 
Мұғалім сөзі: 
- Бүгінгі сабағымызда ұлттық бас киімдердің ішіндегі ең әдемісін бірі – тақия тігуді үйренеміз. Тақия туралы Жанардың дайындап әкелген өздік жұмысы бар екен. 
Назар аударайық. 
Жанар: 
- Тақия – ерлердің жеңіл бас киімі тақия шаштарын алғызған кезде киген, үстіне қалпақ, тымақ, бөрік, айырқалпақ сияқты басқа мезгілдік бас киім киген. Тақияның түрлері көп. Биік, тегіс, ұшкір төбелі тақия болады. Ерлер киетін тақияда теңге, моншақ, жылтыраған нәрселер болмайды. Оның есесіне олар «мүйіз», «ат ерін», «шырмауық», «ирек» сияқты өрнектермен кестеленеді. Бұрын көбінесе қолмен тіксе, қазір іс машинасы тігісімен әдеміленіп сырылады. Тақияның өзін жас ерекшелігіне қарай киетін тақия түрі болады. (Түрлі-түсті тақия суреттерін ұсынды) 
Оқушыларға компбютер арқылы экраннан әр түрлі тақия үлгілерін көрсете отырып, оқушы жауабын толықтырамын. 
Сүндетке отырғызғанда киетін ақ тақия 5-6 елі қылып, тігеді. Төбесі тегіс. Биік төбелі тақиямен тегіс төбелі тақияның тігілуі бірдесі. 
Үлкен егде тартқан аталар, орта жастағы адамдар киетін қара тақия. Төбесі 4; 6 сай болады. Үшкір елі тақияны тіккенде оның етегін жалпақтығын үш елідей етіп тік төрт бұрыш етіп қиып алады. Алдымен оларды тігісін ішіне қаратып құрайды да, одан соң сайлардың етегін тақияның етегіне қондырады. 
7-13 жастағы ер балалар киеді төбесі 2 сай болады. Тақия мыжылмай өз формасын сақтап тұру үшін оның астары мен қос астарын беттестіріп жиі естіп сыриды одан кейін тысын жауып, шетін басқа түсті матемен әдептеп көмкереді. 
13 жастан ары қарай боз бала киетін тақия. Төбесі 2 сай болады. Сайлардың және тақияның төбесі мен етегіне қоспа тігістері білінбеу үшін сол тігістерді бастыра жібек жіппен әдемілеп шалып тігеді. 
- Енді тақияның үлгісін даярлап, бұлға салып қиюды үйренеміз. Үлгі даярлау кезінде қолөнердің геометрия пәнімен тығыз байланыста екенін көресіңдер. Сабағымызды математика мұғалімі жалғастырады. 
Геометриядан өткен шеңбер ұзындығының Е=2ПR. Шеңбер доғасының ұзындығының формуласы Е= пайдаланып тақия размерін анықтайық. Тақияның размеріне қарай дөңгелектердің радиусы да әр түрлі болады. Бұл жерде есте болатын нәрсе тігіс үшін 0,5-0,7 см қалдыру керек. 59 размер (дәптермен жұмыс) 

R=11см п= 45 
l=2*3.11*11=69.08см 
lдоға =3.14*11 450 = 8.636 1800 
Тақия размері: 69,08-8,635=1.2 59 (cм) 
Қиылып алынған6,7,8 қиықтан үнемдеп бір тақия тігуге болады. Осыдан кейін әр түрлі тақияның үлгісі жасалады. 
Мұғалімнің сөзі: 
- Мендер тақия үлгісін салып қидыңдар. Үлгі дайын енді сол үлгіні матадан салып қиямыз, одан кейін көктеп іс машинасымен тігуге кірісейік. (қауіпсіздік ережесі үнемі ескертіліп отырылады.) 
Сарамандық жұмысты бастамастан бұрын 
Мына бір жұмбақты шешейікші. 

Мені іздесең әр кезде, 
Табасың ұлттық киімнен 
Зер төгілген ізімнен 
Қос шебердің үйінен 
Әсем, жалтыр көркіммен 
Шапанға да әр берем 
Ал, қыздарым сіздерге 
Кезекейге сән берем 
(Парша) 

Сәндік киім тігетін 
Қолың түкті матамын 
Ұлттық киім нышаны 
Қасиетті затқа жатамын 
Сондықтан да аналар 
Қызына қояр атымды 
Атауымды кім табар 
Айта ғой қызым атымды 
(мақпал) 

Қолың мата саналам, 
Мол жүнінен алады 
Суықта жұмсаң түгімнен 
Адамдар пана табады 
Күздік, қыстың киімді 
Ұл-қызың киіп сүйінді 
Менің атым не екенін 
Қыздарым табар түйінді 
(драп) 

1. тағы қандай мата түрлерін білесіңдер? (альбомды таратып көрсету) 
2. қандай жіп түрлерін білесіңдер? (альбомнан жіп түрлерін көрсету) 
сонымен тақияны қандай жіппен тігетін болдық? 
Шарық жіп №40,60 
3. Ою-өрнек түрлерін ата 
4. Еркін жұмыс. Тақияға лайықты ою түрлі таңдау (оқушы таңдауы бойынша орындалады). 
IV. Сарамандық жұмыс (жадынама) 
1. Жұмыс үстінде қауіпсіздік ережесін сақтаймыз 
2. Үлгіні дұрыс орналастырып, қиярда матаны үнемдейміз 
V. Сабақты қорыту 
Сонымен, ұлттық бас киімнің түрлерімен және олардың құрылымымен таныстық. Кәне, ерлер тақиясы мен әйелдер тақиясының ұқсастығы мен айырмашылығын мына диаграмма арқылы анықтайық. 
Венн диаграммасын ұсыну 

Ерлер тақиясы Ортақ белгілері Әйелдер тақиясы 

Не үйрендік? Нені үйренгіміз келеді? 
1. Тақия түрлерімен таныстық 1. Басқа да ұлттық бас киім 
2. Тақияны тігуді үйрендік 2. Ұлттық бас киім 
3. Ұлттық бас киім түрлерін білдік 3. 6,8 сай тақия түрлерін тігуі 
4. Әр түрлі бас киім үлгілерімен 
танысу 
VI.Бағалау. Оқушының орындалған жұмысына баға беру. 

VII. Үйге тапсырма 
1. Тақияны аяқтау 
2. Басқа тақия үлгісіне дайындалып келу 
3. 4 айлық тақия үлгісін көрсету 

Ой толғау. «Әжемнің үлгісі» тақырыбына шағын ойтолғау жазып, апа-әжелердің тақия үлгілерін салып, келуге жұптық тапсырма беру.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 30.11.2015
Раздел Технология
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1615
Номер материала ДВ-213868
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх