Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Технология / Статьи / «Технология» пәні сабақтарында шеберханадағы қауіпсіздік ережелері
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Технология

«Технология» пәні сабақтарында шеберханадағы қауіпсіздік ережелері

библиотека
материалов

«Технология» пәні сабақтарында шеберханада

қауіпсіздік ережелерін сақтау


Ағашты қолмен өңдеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері


Жарақат алу себептері дұрыс емес саймандарды қолданудан немесе құрал-саймандарды дұрыс пайдалана алмаудан болуы мүмкін.

Жұмысқа дейін:

1. Жұмыс киіміңді киін (фартук, халат).

2. Жұмысқа қажетті құрал-саймандарыңды түгендеп, мұқият тексер.

3. Жұмыс орныңды, саймандарыңды ережеге сай орналастыр. Жұмыс орныңда артық ешқандай зат тұрмасын.

Жұмыс кезінде:

1. Дайындаманы верстакқа мықтап бекіт.

2. Әр амалды өзіне тиісті сайманмен атқар. Саймандарың қайралған әрі жарылмаған болсын.

3. Нұсқау карта бойынша әр амалдарды (қосу, жоу, тесу, біріктіру т.б.) өзіне тиісті құралдарды пайдаланып атқар.

4. Жұмыс орныңды әрдайым тазалап отыр.

5. Жұмыс кезінде әр нәрсеге алаңдама.

6. Құрал-сайманың бүлінсе міндетті түрде ауыстырып ал.

Жұмыстан кейін:

1. Жасап жатқан бұйымыңды, материалдарды кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр.

2. Жұмыс орныңды ретке келтір. Қолмен сыпыруға, ауызбен үрлеуге болмайды. Верстактың қысқыш қораптардың арасын 2-5 мм етіп қой.

3. Өзіңді ретке келтір.

4. Шеберханадан мұғалімнің рұқсатымен шық.


Ағаш өңдейтін токарь станогімен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері


Жұмыс кезіндегі қауіп түрлері:

1. Жаңқаның ұшуынан көз жарақаты;

2. Айналу бөліктеріне жанасудан қол жарақаты;

3. Дұрыс пайдаланбаудан қол жарақаты;

4. Дайындаманы станокқа дұрыс бекітпеуден немесе дайындаманың сапасыздығын дене жарақаты болуы мүмкін, сондықтан:

Жұмысқа дейін:

1. Жұмыс киіміңді дұрыс киін. Жең, галстук, белбеу т.б. киімдеріңді ретте.

2. Станокті тексер (ременді берілістің қорғаныш бөліктері, заземление т.б.).

3. Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын.

4. Дайындаманы мұқият тексер (көз, жарық, т.б.).

5. Пышақ тіреуіштің биіктігін дайындаманың центрлік сызығына дәл келтіріп, арақашықтығы 2-3 мм болсын.

6. Пышақтың жүзін тексер.

7. Станокты бос айналдырып тексеріп көр.

8. Көзіңе көзәйнек ки.

Жұмыс кезінде:

1. Кесу жұмысы станок толық күшімен айналған соң баста.

2. Пышақты дайындамаға күш түсірмей, аздан тос.

3. Пышақ тіреуішпен дайындаманың арасын қалыпты жағдайға келтіріп отыр.

4. Жарақат алмас үшін:

а) станокқа қатты жақындама;

ә) станок үстінен алыс-беріс жасама;

б) өлшеу жұмыстарын станок толық тоқтаған соң жүргіз;

г) жұмыс істеп тұрған станокті тастап кетпе.

Жұмыстан кейін:

1. Жұмыс орныңды ретке келтір.

2. Станокті мұғалімге тапсыр.

3. Өзіңді ретке келтір.


Металл өңдеу шеберханасында жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы


Жұмысқа дейін:

- арнайы жұмыс киімдерін (комбинезон, халат, бас киім) киіп, түймелерін салу;

- станокті жермен тұйықталғанын тексер;

- станоктің майын тексеру;

- станоктің айналатын бөліктерінің дұрыстығын тексеру;

- жұмыс орнының жергілікті жарықпен қамтамасыз етілуін қадағалау;

Жұмыс кезінде:

- жұмыс орнының таза болуын және басқа артық заттардың болмауын қадағалау;

- өңделетін дайындаманың сенімді бекітілгенін тексеру;

- өңделетін бөлшекті қолмен ұстамау;

- жаңқа көзге түспеу үшін көзілдірік кию;

- станок толық тоқтағаннан кейін ғана өңделген тетікті өлшеу;

- жұмыс орнын тастап кетпеу;

Жұмыс соңында:

- станокты электр желісінен ажырату;

- станокты жаңқадан және май, шаң-тозаңнан тазарту;

- станоктың үйкелетін бөлшектерін мұқият тазартып, май жағу;

- станокты қолданатын қондырғыларды, аспаптарды тазарту.


Қауіпсіздік техникасына:

1) бекітілген дайындаманың немесе тетіктің босап кетуі;

2) кескіш аспаптардың дұрыс бекітілмеуі салдарынан босап кетуі;

3) кескіш аспап жүздерінің өткірлігінен адамның қолына немесе басқа да дене мүшелеріне зақым келуі;

4) тым ауыр дайындамаларды немесе тетіктерді қол күшімен көтеру нәтижесінде зақымдану;

5) металл өңдегенде сылынған жаңқаның ыстық болуынан күйіп қалу;

6) жаңқадан қолдың немесе адамның басқа мүшелерінің жарақаттануы;

7) сақтану көзілдірігін кимегендіктен, адам көзінің зақымдануы;

8) жабдықтың айналатын бөліктеріне адамның шашы немесе киімінің ілінуі нәтижесінде зақым келтіруі;

9) күюден және жарақаттанудан сақтайтын арнайы киім кимеудің салдары;

10) қауіпсіздік техникасымен танысудың жолға қойылмауы жатады.





Өрт қауіпсіздігін сақтау

Өртті ешкім болжай алмайды, дегенмен мынадай негізгі қағидаларды ескеру керек:

1. Ғимаратты салғанда өрт сөндірушілердің талаптары мен нормативтері мұқият сақталуы керек.

2. Өрт жағдайында ғимараттардан шығатын қосымша есіктер болуы міндетті шарт.

3. Өрт қаупі жөніндегі арнайы нұсқаулармен және плакпттармен танысу қажет.

4. Жабдықтарды сүртетін шүберектер арнайы қораптарға салынып, уақтылы әкетілуі тиіс.

5. Электроқозғалтқыштарына шамадан тыс күш түсудің және олар ұзақ уақыт үздіксіз жұмыс істеп қызудың әсерінен өрт шығатынын білген жөн.

6. Өртті сумен сөндіргеннен гөрі арнайы көпіршікті өрт сөндіргішпен сөндіру керек.

7. Өрт шыға бастағанда дер кезінде өрт сөндірушілерге хабарлау керек.


Электр қауіпсіздігін сақтау

Жабдықтар мен металл өңдеу станоктарында жұмыс мынадай ережелерді есте сақтаған жөн:

1. Жабдықтарға келетін электр сымдарының сыртқы резеңкемен қапталған болу керек.

2. Егер ток өтетін сымдардың кей жерлері жалаң болса, тездетіп электр мамандарына хабарлау керек.

3. Жабдықтардың жермен тұйықталуын мұқият тексеру қажет.

4. Құрғақ бөлмелерде кернеудің шамасы 42 В-тан аспауы керек.

5. Электр қауіпсіздігі жөнінде мамандар басшылығыың арнайы нұсқауымен танысып, тіркеу журналына әрбір жұмысшы қол қоюы тиіс.

6. Ток соққан адамға арнайы нұсқауларға сәйкес көмек көрсетілуі қажет.

7. Егер жұмысшы электр желісіне жабысып қалса, оны құтқаруы үшін, тіпті электр желісін шауып тастауға да болатынын білген жөн.

8. Резеңке қолғап пен резеңке етік кию ток соғудан сақтайтынын естен шығармаған жөн.



Құрал-жабдықтарды электр қайрақтармен қайрау

кезіндегі техника қауіпсіздігі ережесі

1. Шарық пен оны қысатын тығырықтың (шайба) арасында қалыңдығы 1-3 мм қатырма қағаздан немесе резеңкеден жасалған төсем салынады. Оның диаметрі тығырық диаметрінен 8-10 мм үлкен болуы керек.

2. Шарықта жұмыс істегенде, киімінің барлық түймелері орнына салынуы керек.

3. Қол астына қойылатын арнайы тірексіз, көзілдіріксіз жұмыс істеуге болмайды.

4. Қайрақтың жұмыс бөлігі мен қол асты тірегінің арасындағы саңылау 3 мм-ден аспауы керек.


Қауіпсіздік ережесін бұрғылау станогінде сақтай біл!


Станоктің құрылысымен және жұмыс принципімен таныс.

Мұғалім рұқсатынсыз бұрғылау станогін қоспа.

Станокқа жақындағанда арнаулы киім кию керек, станокті қолмен тоқтатпа.

Сверло бұрғысын патронға мықтап бекіт.

Станоктің қосатын тетіктерін жадыңда сақта.

Кенет тоқтататын жағдайда саспа, қызыл тетікті бас.

Шашыңды бас киімнің астына жасыр.

Киімің ықшам болсын.

Дайындаманы тесер алдында (кернер) тескірмен белгілеп ал.

Сверлоны жұлқымай, ақырын бас.

Темір қалдықтарын жалаңаш қолмен тазалама.

Сыпырғы не щөтке пайдалан.



Қауіпсіздік ережесін токарь станогында сақтай біл!


Токарь станогында ең қауіптісі: қозғалыстағы детальдармен, қатты айналатын дайындама, бекіту құралдары мен ұшқын тәрізді, және созылмалы кесілген металл қалдықтары (стружки). Ол үшін дайындаманы патронға мықтап бекіт, шпиндельде, патронда кілт қалып қоймасын. Ұзын және жіңішке дайындамалар да қауіпті. Жеңің түймелеулі жинақы болсын. Дайындаманы станок тоқтамай өлшеуге, алуға тыйым салынады. Дайын затты суыған соң ал. Дайындамаға резец пышағын баяу тигіз, үзіп жұлқыма, алғанда да баяу ал. Тазартуды станок тоқтаған соң жаса. Токарь станогінің жаңқа қалдығы екі түрлі қатер әкеледі. Бірі – күйдіру(ожог), екіншісі – жарақат. Әсіресе, сегмент тәрізді жарқыншақ қалдықтары көзге қатер әкелсе, құйма тәріздісі қолға оралып кеседі. Бұл үшін қорғаныш шыны, экран не қорғаныш көзәйнек қажет. Тазалағанда арнайы құралдармен ілгек (крючок), қатты щетка және қалақ қажет. Қалдықтарды үрлеуге, қолмен сыпырып алуға тыйым салынады.


Фрезер станогінде қауіпсіздік ережесін ұмытпа!

Бұл жұмысты дұрыс білмеген оқушы үлкен қатерге душар болуы мүмкін. Станоктің ең қауіпті бөлігі өткір дөңгелек пышағы. Бұл үшін қорғағыш әйнегі, экран не көзәйнек болу керек. Дөңгелек пышағының жарығын, сынығын, тістерінің түгелдігін тексер. Фреза бекітілген тегершікте діріл болмау керек. Мұны мұғалім өзі реттеп отыруы қажет. Оқушыға режимді өзгертуге қатаң тыйым салынады. Фрезаны ылғал шүберекпен айналып тұрғанда суытуға тыйым салынады. Ол адам қолын тартып кетеді. Оны ауа насосы арқылы немесе суық су құю арқылы жүзеге асырады. Онда да арнайы құралдармен дайындаманы іскенжеге бекіту қажет. Тазалық жұмысын жұмыс соңында щеткамен жаса.


Қауіпсіздік ережесін металл кескенде сақтай біл!

Металлдарды кескір (зубила) арқылы кескенде іскенжеге қысып не металл плита үстінде бөлу қажет.

Кескірдің ұратын бөлігі дұрыс, қайырылмаған және мықты металдан жасалған болуы тиіс. Оның жұмысшы жүзі өткір болу қажет.

Шебер назары кескірдің тісінде болуы қажет.

Қолды ұрып алмас үшін кескірге қорғағыш резеңке сақина кигізіп қойған жөн.

Металды іскенжеге мықты бекіту керек.

Балғаның басымықты, сабында жарақаты жоқ және мықты ағаштан жасалған болсын.



Қауіпсіздік ережесін металл егеулегенде сақтай біл!

Мұнда үш нәрседен жарақат алудан сақ бол:

1. Егеу өткір болмай сабы жарық болса қауіпті.

2. Металдың өткір ұштарын байқа.

3. Металл қалдығы қолға кіріп, көзіңе нұқсан келтіреді.

Металл егеулегенде сол қолыңның саусақтарын егеу астына бүкпе және сол қолыңмен дайындаманы сипама. Егеуді саптағанда ағаш сапты балғамен соғуға болмайды, оны верстакқа теріс ұрып сақта. Егеу тісіне жиналған қалдықты металл щеткамен тазалау қажет.



Темір арамен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережесін сақтай біл!

Жұмыс істер алдында мұқият жұмыс орнын тексер.

Жұмыс орнында адамға кедергі келтіретін артық зат болмау керек.

Станок полотносы мықты бекітілген және тісі өткір болуы қажет.

Дайындаманы кесетін бөлігін іскенжеге жақын бекіт.

Дірілдемес үшін жұмыс басында өзіне 2-3 рет тартудан басқар, сосын бір қалыпты түзу қозғалыс жасауға тырыс, болмаса, полотно ұшы сынып, көзді зақымдауы мүмкін. Металдардың қасиеттеріне байланысты минутына 30-дан 60-ретке дейін қозғалыс қажет. Темір қалдықтарын үрлеп немесе қолыңды жарақаттайды.

Оны щеткамен немесе сыпырғымен тазала.

Жұмысты арнайы киіммен істе.



Қаңылтыр ойғанда қауіпсіздік ережесін сақтай біл!


Ең алдымен қаңылтыр қаңылдығына байланысты қайшы таңдай біл.

Өтпейтін қайшы таңдай біл.

Өтпейтін қайшы сабымен қолыңды қысасың не арасы ашық болса, қаңылтыр қисайып, қайшы арасына тығылып, қолыңа жарақат аласың.

Сол қолыңды қайшы жүзінен қашық ұста. 0,5 мм қаңылтырды кескенде қайшыны бүкіл ұзына бойы қысқышқа, іскенжеге қатты қысып, бір қолымен қайшының екінші сабын ұстау қажет.

Қаңылтыр қиғанда қолғап киген абзал.

Қайшың өтпесе мұғалімге көрсет.


Металдарды пайкілеу, дәнекерлеуде қауіпсіздік ережесін

сақтай біл!


Мұнда ең қауіптісі паяльниктің жұмысшы басы қып-қызыл болып қызарады.

Сол себепті күю, өртену қауіпсіздігін сақтап, жанбайтын қондырғыға, қызбайтын металғақою керек.

Әсіресе жабыстырғыш (флюс) даярлағанда одан улы газ шығатынын ескерген жөн.

Одан адам улануы немесе киімге көзге түсіп күйдіруі мүмкін.

Паяльник сұйығын даярлағанда араластырып, өлтірілген қышқылды даярлайды. Сонда қайнап, қатты реакция жүреді.

Ерітінді көзге шашырауы мүмкін.

Оқушылар мүмкіндігінше төменгі қуаттағы 42 вольт паяльникпен жұмыс істеу қажет. Жұмыс соңынан қолыңды сабындап жуу қажет.

Дәнекерлеу жұмысын ашық терезе не сорғыш шкаф алдында жасау қажет.

Мектеп шеберханасында күйікке және басқа да жарақатқа жедел жәрдем көрсетуге арналған медициналық дәрігерлер қобдишасы болу қажет.

Астық жинайтын комбайнмен жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздігін сақтау:


1. Қозғалтқышты іске қосар алдында берілісті ауыстырып қосу иінтірегі бейтарап қалыпқа қойылады.

2. Комбайнды немесе тракторды, автокөлікті жүргізу алдында міндетті түрде дыбыс сигналы беріледі.

3. Комбайнның шөмелеуші ашық тұрған кезде қозғалтқышты қосуға болмайды. Оның жұмыс органдарын қосар алдында да сигналы берілуі тиіс.

4. Қозғалтқыш капотының панельдері жабық және сенімді түрде бекітілуі, ал жетектердің бәріне құндақ кигізілуі тиіс.

5. Жатка бөлігінің немесе платформаның астына жатып жұмыс істеуіне тыйым салынады.

6. Комбайнды немесе трактормен автокөлікті тоқтатқаннан кейін берілісті ауыстырып қосу иінтірегі бейтарап қалыпқа келтіріп тұру тежегіші тартылады.

7. Комбайнның жұмыс үстіндегі және тасымалдау кезіндегі рұқсат етілетін ең көп еңкіштігі 60°. Бұл кездегі жүру жылдамдығы сағатына 3-4 км-ден аспау керек.

8. Комбайнмен жұмыс істегенде мынадай жағдайларға тыйым салынады:

- комбайнға бөтен адамның мінуіне;

- ақаулы құрал-саймандарды пайдалануға;

- шөмелеуіш камерасымен және бункермен жүк тасуға;

- дәнді бункерден түсіру кезінде қолмен, аяқпен, күрекпен немесе басқа заттармен ысыруға;

- басқа жерге ауысқанда немесе ұзақ уақытқа шөмелеуішке сабан толтырып;

- ыңғайсыз және желбіреген кең киім киюге, сондай-ақ бас киімсіз жұмыс істеуге;

- кешкілік және түнде кез келген көлікті басып озуға, сондай-ақ электр жарығынсыз жұмыс істеуге;

- кез келген құрастырмалы бөлшектер мен агрегаттар қатайтылмай, бос болса, жұмыс істеуге;

- жұмыс бөлігі гидравликалық жетегін басқару тұтқасы қалыпқа көшірілмесе, тежеуішті пайдалануға,

- қозғалтқыш іске қосылып тұрғанда бункерге түсуге.

9. Комбайнды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің мынадый ережелерін сақта:

- қоректендіру жүйесінен, сондай-ақ майлау жүйесімен гидрожүйелерден жұмыс сұйығының ағуына жол берме;

- іске қосқыш қозғалтқыштың отын багына майды тек қозғалтқыш жұмыс істемей тұрғанда және түтігі суыған кезде ғана құй;

- күн сайын және дер кезінде жұмыс органдар бөлігін датчиктерді басқару иінтіректері оралған сабан масақтарынан тазарт:

- комбайнды таза ұста;

- майда үйіндінің қозғалтқыштың ыстық тұстарын жиналып қалмауын қадағала;

- мойынтіректердің (подшипниктердің) қызуына жол берме; ол үшін оларды майлау кестесіне сәйкес дер кезінде майлап отыр;

- комбайнды егін алқабында кемінде 30 м қашықтықта, ең кем дегенде жан-жағын жолақпен айналдыра айдап тастап барып жөндеу жұмысына кіріс;

- отын багына май құйған соң оны құрғатып сүрт;

- қатты жел кезінде клмбайнмен жұмыс істеуді уақытша тоқтат.



Мал азыған даярлайтын машиналар мен жабдықтарды

пайдалану барысында қолданатын қауіпсіздік шаралар


Мал азығын даярлайтын, жемшөп әзірлейтін машиналардың барлығына ортақ техникалық қызмет көрсету операцияларын біліп ал. Ол үшін мынадай қауіпсіздік ережелерін сақта:

1. Кез келген машинаны немесе жабдықты технологиялық ластан тазартып отыру.

2. Рамалардың іргетасқа, жұмыс органдарына және раманың құрастыру бірліктеріне сенімді бекітілгенін тексеру.

3. Шынжырлы немесе белдікті берілістердің келуін реттеу.

4. Тісті берілістің күйін тексер, ондағы тістегеріштерді ауыстыру.

5. Кез келген механизмның мойынтіректерді майлауды ұмытпа, ондағы саңылауды тексеру және реттеу.

6. Мойынтіректердің нығыздалуын бақылау, қажалған бөлшектерді майлау.

7. Тозығы жеткен бөлшектерді өз уақытында ауыстыру.

8. Күнделікті машинаның сыртқы бітеулердін, сондай-ақ бас біліктің жұмыс органдарының бекітілуін тексеру және қажет болса, қатайтып бұрау.

9. Пышақ жүзінің қайралуын, пышақ және қарсы кескіш пластиналардың, ұнтақтайтын балғаның күйін және тасмалдауыш таспасының керілуін бақылау.

10. Мал фермаларында жұмыс істейтін қызметкерлердің және малдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кернеуі 36 В-тан асып кетпейтін электр қондырғының барлық металл бөліктерін жермен қосу керек.

11. Техникалық қызмет көрсеткен және күнделікті жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде жұмыс машинасы толық тоқтатылады, электр жетегі ажыратылады.




Шебер, есіңде болсын!

Жұмыс орныңды әрдайым дұрыс, таза ұста. Құралдарды ыңғайлы,өзіңе керек жерге қой. Жұмыс орныңды жұмыс аяғында арнаулы құралдармен щетка немесе ылғал шүберекпен мұқият тазала. Шыққан қалдық пен қоқысты ерінбей сыртқа шығарып отыр. Киіміңді, бойыңды ластамауға бейімдел.

Құрал-сайман, станоктар, жұмыс орның әр уақытта таза болсын!
















Автор
Дата добавления 17.05.2016
Раздел Технология
Подраздел Статьи
Просмотров1102
Номер материала ДБ-086404
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх