Инфоурок Технология КонспектыТехнология пәнінен "Ағашты күйдіріп өрнектеу" тақырыбында сабақ жоспары. 8 сынып

Технология пәнінен "Ағашты күйдіріп өрнектеу" тақырыбында сабақ жоспары. 8 сынып

Скачать материал

 

 

Бөрлі ауданы

Ақбұлақ мектеп-балабақша кешені КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріктірілген сабақ

 

 

 

 

 

 

 

                              Сабақтың тақырыбы:

        «Ағашты күйдіріп өрнектеу»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                           Өткізген: жас маман

                                                                                             технология  пәнінің мұғалімі

                                                                                             Утегалиев Ержан Спортович

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Ақбұлақ 2014-2015 оқу жылы

 

 

 

Сабақ №10                        Күні: 13.11.2014 ж             Технология: 8 сынып 

 

Сабақтың тақырыбы:   Ағашты күйдіріп өрнектеу технологиясы.

 

Сабақтың мақсаты:

                а) Білімділік: Ағашты күйдіріп өңдеу технологиясын меңгерту.

                ә) Дамытушылық: Ағашты күйдіріп өңдеу технологиясын жүзеге асыруда                   

                                                    қолданылатын аспаппен таныстыру; онымен жұмыс жасау

                                                    икемділігін, көркемдік әдіс-тәсілдерді (нүктелік әдіс) қолдана  

                                                    білуін қалыптастыру.

                б) Тәрбиелік: Дайын бұйым өндіру жолындағы өндірістік жүйе, оның сатылы

                                         кезеңдерінің нәтижесі аз уақытта сапалы өнім шығарып тұтынушы            

                                         қолына жеткізуді ұйымдастыруға баулу.

 

Сабақтың түрі: Кіріктірілген  сабақ .

 

Сабақтың типі: Дәстүрлі  сабақ

 

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, тақтамен жұмыс, сарамандық жұмыс

 

Пәнаралық байланыс: Экономика,  сызу және бейнелеу өнері 

 

Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, ағашты күйдіріп өрнектеу аспабы, нүктелік күйдіру

                             әдісімен жасалған   суреттер, нүктелік күйдіру әдісімен жасалған

                             бұйымдар.

 

Құрал-саймандар: өңдейтін қағаздар, ара, күйдіріп өрнектеу аспабы, түрлі түсті бояу,

                                      қылқалам, үлгі қағазы, көшірме қағазы, лак, қарындаш т.б.

 

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

                                            2. Оқушы назарын сабаққа аудару.

 «Бағдаршам» әдісі:

 Әр оқушы сабаққа немесе сұраққа өз дайындығы туралы түрлі-түсті стикерлер арқылы белгі береді: «жасыл» - дайын, «сары» - күмәнді, «қызыл» - дайын емес.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

                                                                                    1. Метал өңдеудің бір түрі?

                                     1                                             2. Ағаш бетін тегістейтін құрал?

                                 2                                                 3. Ағашқа белгі салу үшін пайдаланатын  

                         3                                                           циркуль?          

                                                                                    4. Тесу құралы?

                                      4                                           5. Ағаш беттерін әрлейтін қағаз?

                                5                                                   6. Ағашты термиялық өңдеу?

                                                                                            7. Мұқалған  металтескіш құрал-

                         6                                                                     дарды қайта өткірлеу тәсілі?

7

                                                                 Жауабы: кесу, сүргі, рейсмус, дрель, зімпара,

                                             пиротипия, қайрау.

 

 

ІІІ. Жаңа сабақ:

 

Негізгі бөлім:  Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы : «Ағашты күйдіріп өрнектеу».

Ең әуелі біз ағашты күйдіріп өрнектеу аспабымен танысайық. Ағашты күйдіріп өрнектеу аспабының  құрылысы :

                    1-негізі

                    2-ток күшін үнемдеуші

                    3-күйдіргіштің тұтқасы

                    4-шиыршық (спираль) немесе электрод

                    5-ток күшіне жалғауға арналған ашалы сымнан тұрады .

       Ағашты күйдіріп өрнектеу электр бізбен жасалады. Ондай біздер арнаулы дүкендерде сатылады. Тіпті оны қолдан жасап алуға болады. Біздің бөлшектеріне 127В-тан 2В-қа дейін төмендетілетін тарнсформатор кіреді. Тұтыну қуаты 20 Вт шамасында. Негізгі жұмысты тұтқа ұшындағы металл электрод атқарады.

Күйдіру жиектік, сызықшалы және нүктелік әдістер деп үш топқа бөлінеді:

 Жиектік әдісте күйдіріліп жасалған өрнек бұйым шетін қуалай жолақ немесе таспа түрінде орналасады. Жұмыс қарапайым электркүйдіргіш бізімен ағаш шетін айналдыра күйдіру арқылы орындалады.

 Күйдіргіш біз әр түрлі пішінді (иілген, түзу) болуы мүмкін: мысалы, сегіз тәрізді, Z тәрізді немесе V әрпі тәрізді. Осындай пішіндерді пайдалану арқылы өрнектер жасауға болады. Көбіне дайын бұйымдарды осылай әшекейлейді

 Сызықшалы әдісте сурет бетіне электркүйдіргішпен жылдам қозғалыстар жасау арқылы сызықшалар түсіреді (сызықшалар қаншалықты қысқа болса, түсі де қанық болады).

 Нүктелік әдісте үктелерді үлкенді-кішілі, терең-саяз етіп күйдіріп, ағаштың ақ жерлерін қарайған суреттерге айналдырып, бейнелеу. Солғын түс беру үшін ағаш бетіне электркүйдіргіштің бізін сәл ғана тигізіп өтеді.  Негізінен, барлық күйдіру жұмыстары осы әдіспен орындалады.

 

Ағашты күйдіріп өрнектеу аспабымен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелері

 

Жұмысқа дейін:

 1. Жұмыс киіміңді дұрыс киін. Жең, галстук, белбеу т.б. киімдеріңді ретте.

 2. Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын.

 3. Электркүйдіргіш аспабын тек мұғалімнің рұқсатымен қосу қажет.

 4. Электркүйдіргіш бауында жалаңаш сым көрсеңдер, басқа да ақаулықты байқаған жағдайда бірден мұғалімді хабардар ету қажет.

 

 

 Жұмыс кезінде:

 1. Жұмыс барысында күйдіргіш бізді қатты басуға болмайды.

 2. Сызық соңында суреттен бізді бірден көтеру керек.

 3. Күйдіріп жатқан жерге жақын еңкеюге болмайды.

 4. Қызып тұрған бізді киімге, денеге тигізіп алудан сақ болу керек.

 5. Көзді демалдыру үшін, электркүйдіргішті суыту үшін әрбір 20 минут сайын үзіліс жасау керек.

 

 Жұмыстан кейін:

 1. Жұмыс орныңды ретке келтір.

 2. Жұмыс соңында және үзіліс кезінде электркүйдіргішті электр желісінен ажырату керек.

 3. Өзіңді ретке келтір.

 

 Сарамандық жұмыс : Жеке жұмыс киімін кию: фартук, жеңқап

 

Сарамандық жұмыс

 

        Күйдіріп өрнек салуға ағаштың жұмсақ түрлері (жөке, терек және қандыағаш) пайдаланылады. Күйдіріп өңдеген кезде пайдалану үшін суреттері бар арнаулы альбомдар, сызба үлгілері қолданылады. Бастапқы кезде суреттері қиылатын альбомдарды, кітап, журналдарды да пайдалануға болады. Суретті ағаш бетіне дұрыс көшіру өте маңызды. Ол үшін таңдап алынған суретті жылтыр қағазға немесе папирус қағазына көшіріп, көшірмесін көшіргі қағазбен кіршіксіз тазаланған ағаштың бетіне түсіреді. Оюлары бір нұсқадағы өрнектерді күйдіріп түсіргенде, қатты қағаздар мен кесілген дайын үлгілер және трафареттерді пайдалануға болады. Оларды ұқыптап тазаланған ағаштың бетіне қойып, қарындашпен сызып шығады.

       Күйдіру әдісінде алғашқы суреттерді нүкте-нүкте етіп күйдіріп байқау керек. Нүктелерді үлкенді-кішілі, терең-саяз етіп күйдіріп, ағаштың ақ жерлерін қарайған суреттерге айналдырып, бейнелейтін заттың көлемін анықтап қолды үйретеміз. Күйдіріп сурет салатын ағаштың бір шетін көтеріңкіреп, көз алдынан 30-25 см қашықтықта ұстаған жөн. Күйдіріп өңделген ағашты бояуға немесе лактауға болады.

                 Құрметті оқушылар, жұмысқа кіріспестен бұрын біз ең әуелі сабақтың мақсатын белгілеп алуымыз керек. Сендер қандай бұйымды дайындағыларың келеді. Мақсат неғұрлым нақтырақ болса, сендер табысқа соғұрлым тезірек қол жеткізесіңдер. Сондықтан да біз бүгінгі сабағымызды өндірістік сипатта өткіземіз.

 1) Кіріспе бөлімі-ағаш материалдарын дайындау

 2) Дайындау  бөлімі-ағаштың бетін сүргілеу және қажау қағазбен әрлеу

 3) Дизайндау  бөлімі-жасалынатын бұйымға пішін беріледі  және өңделген өнімге көшірме қағазды пайдаланып, үлгі қағаздардағы әр түрлі суреттер көшіріледі

 4) Сурет салынған ағашты күйдіру бөлімі - көшірілген суреттерді ағашты күйдіріп өрнектеу аспабын пайдалана отырып, нүктелік әдіс арқылы суретті көркемдеп өңдеу

 5) Лактау бөлімі- күйдіріліп, өрнектелген өнімді түрлі бояулар арқылы ажыратып, оны екіден-үш рет қайталап лактап, кептіріп шығару, дайын жұмысты әрлеу

 6) Сауда менеджерінің жұмыс бөлімі-дайын жұмыстардың пайдасын экономикалық жағынан есептеп,  өнімді саудаға шығарады. Яғни жарнамалап, сату ісін үйлестіреді.

 

 

 

 

ЭНЖҚС                           

1.     Асхана арналған өңдеу тақтайшаларын дайындау үшін    1,5 х 1,5 м көлемінде тақтайша (фанер) сатып алдық.

       Ол тақтайшаның құны 2500 теңге .

Біз 1,5 х 1,5 м тақтайшадан 20 дана асханаға арналған өңдеу тақтайшаларын жасадық.

                     Барлығы - 20 дана

                    Саттықтағы бір тақтайшаның құны – 200 теңге

                    20 дана х 200 т = 4000 теңге

                    Түскен пайда 4000 теңге-2500 теңге ═ 1500 теңге

   Сауда-саттыққа шыққан өнімнен түскен ақшаны ағаш және

   лак және басқа да қажетті құрал-жабдықтар  алуға   

   пайдаланамыз.

 

2.     Асхана арналған өңдеу тақтайшаларын дайындау үшін  1,5 х 1,5 м көлемінде тақтайшадан қалған материалдарды    ысырап қылмай күнтізбелік қондырғы жасауға пайдаландық.

Күнтізбелік қондырғының саттықтағы бағасы - 400 теңге

       Саттыққа шығарылған өнім – 2 дана

       Барлығы – 2 дана

      Саттықтағы бір күнтізбе қондырғысының құны – 400 теңге

                    2 дана х 400 т = 800 теңге

                    Түскен пайда 800 теңге

Барлық саттыққа шыққан заттардан түскен ортақ пайда-4800 т

Түскен пайдадан шеберханаға алынатын заттар:

1.     Зімпара қағазы (наждак) - 1 х 300 теңге

2.     Мақпал мата 1 метр х 600 теңге

3.     Егеу 1 дана х 200 теңге

4.     Желім “Титан” 1 дана х 1200 теңге

5.     1,5 х 1,5 м көлемінде тақтайша х 2500 теңге

 

 

Сабақты бекіту:

1.     Электркүйдіргіш аспабы қандай бөліктерден тұрады?

2.     Ағашты күйдіріп өрнектеу аспабымен жұмыс жасау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?

3.     Ағашты күйдіріп өрнектеу жолымен дайын сапалы өнім жасауда өндірістік жүйе әдісінің тиімділігі мен нәтижесі туралы айтып беріңдер?

 

Сабақты қорытындылау:     Ағашты күйдіріп өрнектеу технологиясы қазіргі кезде жақсы

                                               дамуда.  Қазіргі заман талабына сай күйдіру тәсілімен жасалған

                                               бұйымдар қымбат бағаланып, қазақ халқының ою-өрнектерімен

                                               әрленіп, саттықта жүрген кезде ол өнімдер арқылы жақсы пайда

                                               тауып, әрбір отбасының қаржылық мәселелерін де шешуге

                                               болады.

Үй жұмысын беру: §30. Ағашты күйдіріп, бұйымға өрнек салу үшін қолданылатын суреттің  

                                           бірнеше нұсқасын жасап келіңдер.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Технология пәнінен "Ағашты күйдіріп өрнектеу" тақырыбында сабақ жоспары. 8 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер бизнес-процессов

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 906 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.11.2015 4470
    • DOCX 660 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Утегалиев Ержан Спортович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Утегалиев Ержан Спортович
    Утегалиев Ержан Спортович
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 63276
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 970 человек из 77 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 558 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 300 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 080 человек

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инвестиционная деятельность и проектный менеджмен

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы решения нестандартных математических задач

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Формирование социальной ответственности и гармоничного развития личности учеников на уроках

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе