Инфоурок Технология КонспектыТехнология пәнінен "Гобелен тоқу технологиясы"

Технология пәнінен "Гобелен тоқу технологиясы"

Скачать материал

Тақырып: Гобелен тоқу технологиясы.

Сабақтың мақсаты: Оқытушылық мақсаты: гобелен тоқудың әдіс-тәсілдерін және белгілі бір мағынасы бар суретті тоқуды үйрету.

Дамытушылық мақсаты: теориялық білімдерін жетілдіру, іс-жүзінде гобелен тоқу технологиясын халқымыздың өнерімен салт-дәстүрі мен байланыстыра отырып дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: әсемдік-талғамын дамыту, ұқыптылыққа, үнемділікке, еңбекқорлыққа үйрету.

Көрнекілік құралдар: гобелен оқу технологиясының стендісі, тоқылған картиналар, кітаптар, журналдар.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері; түсіндіру, тарихымен таныстыру, тоқылу технологиясын көрсету, олардың түрлерімен, әдіс-тәсілдерін үйрету.

Құрал-жабдықтар: гобелен тоқуға арналған станок, кілем тоқуға арналған жіптер, арқау жіп, шанышқы тәріздес ұрғыш, тебен ине.

Пәнаралық байланыс: өнер тарих.

Сабақ барысы.

1.     Ұйымдастыру кезеңі:

А. Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, түгендеу.

Б. Проблемалық жағдайларды шешу, әкелген құралдарын тексеру. Қауіпсіздік ережелері;

В. Ұйымдастыру сәті кезеңінде сабақтың жұмыс ырғағын анықтау.

2. Жаңа сабақты түсіндіру.

Гобелен өнерінің шығу тарихы. Әр елдің, әр халықтың өзіне тән тарихы, рухани сән-салтанаты, салт-дәстүрі бар, әлі де жалғасып келеді. Бүгінгі ұрпақтың көзқарасымен, заман талабына сай өнердің тамыры тереңге жайылып, биікке құлаш сермеп бара жатқаны көңіл қуантарлық жай.Біздер оқушы заман талабына сай жаңа өмірмен ұштастырып, шеберлікке үйретіп, тәрбиелік мән беріп, әсемдікке баулуымыздың олардың болашағы үшін маңызы зор.Біздің қазақ халқы да сәндік-қолданбалы өнерге өте бай.Қолдан жасаған бұйымдарының, тоқыған кілемдерінің суреттерінде философиялық мағынасы бар, мәні тереңде жатыр.Суреттермен безендірілуі, ою-өрнектерімен олардың ғажайып реңдер үйлесімі әрбір адамға үлкен ой тастамай қоймайды. Гобелен тоқу өнері сияқты кілем тоқу өнері ерте кезден көшпенділер тұрмысымен қатар дамыды.

Гобелен оқу өнеріне келер болсақ, ол тоқылу технологиясы өте күрделі өнердің бірі.Гобелен қолдан тоқылған түксіз суретті кілем. Ол алаша, түксіз кілеммен салыстырғанда керегеге ілетін картина, панно болып табылады.

Гобелен өнерінің шығу тарихы ерте кездегі Египет елінде пайда болған тоқыма өнерінен бастау алады.Орта ғасырдағы  батыс Европа шпалераның биікке өрлеу кезеңі болып табылады. Париж, Аррас, кештеу Брюссель қалалары шпалера тоқу өнерінің орталығына айналды.

Ол кездері ірі ғимараттарының  интерьерлері шпалералармен және гобелендермен безендірілген.

1662 жылы Париждегі Сен-Марсель предместьесінде париждік отбасы Гобеленовтардың сюжетті-өрнекті композициялары «гобелен» атауымен халыққа танымал болып, корольдік деңгейде өзінің ашылу салтанатын өткізді және ерекше үрдіспен өріс ала бастады.

1716 жылы І Петрдің шақырылуымен гобелен тоқушы француз шеберлері Санкт-Петербургке келіп Россияның гобелен тоқу өнерін қалыптастырды.

Ондағы картиналар қолмен тоқылған атақты Ш.Лебрен, П.П.Рубенц, Ж.Ф.Рафалли, Ф.Буше, Ж.Б.Удри, К.Моне сияқты суретшілердің туындылары еді.

Қазақстанға алғаш рет 1970 жылдары гобелен өнерін, елімізге танымал,талантты суретшіміз Құрал Тыныбеков Прибалтика елдерін әкелді. Қазіргі кезде гобелен өнерімен айналысатын біздің алғашқы буындарымыз Б.Зәуірбекова, И.Ярема, Е. Николаева, А.С. Бапановтар, Р.Базарбаева, Ф. Аубакироваларды атап айтуға болады.

Сарамандық жұмыс.

Сізге керегі: 750ммх500мм кішігірім ағаш рама, лен және жүн жіптер, қайшы, шанышқы 5х70мм картон қағаз.

Ең алдымен, рамаға лен жіппен гобеленнің негізін керіп аламыз. Жіп бір қалыпты керілуі керек. Содан кейін 5*70мм картон қағазды көлденеңінен бір жіпті астына, бір жіпті үстінен өткізу арқылы картонды орнатамыз. Гобеленнің тоқылуы полотно, алаша тәріздес айқас өткізулермен тоқылады. Сіздің рамаңыздың көлемі 750х250мм болса, онда гобеленіңіздің көлемі 250х250мм болуы тиіс.Гобеленнің негізін кергенде жіптердің арасы 3мм аспауы керек және жіптердің арасынан саусағыңыз еркін өтуі керек.Гобеленіңізге 250х250мм сурет салып,гуашьпен бояп дайындап алыңыз.Жіптің арақашықтығы 3мм ден аспауы керек, керілетін жіп мақтадан немесе зығырдан иірілген жіп болғаны дұрыс, себебі ол жіптер нағыз үзілмейді. Керілген жіп не қатты, не бос болмағаны жөн.Жіпті станоққа үзіліссіз орау керек.Картонды өткізіп,оның деңгейімен жіпті оңнан солға дейін түйіндейді.Мақта немесе лен жіппен әрбір астыңғы мен үстіңгі пар 2 жіпті қазық бау салып түйіндейді.Бұл гобелен тарқап кетпеу үшін керек.Осы әдісті гобеленг тоқылып біткенге дейін қайталайды. 1-2 см деңгейінде ақ лен жіппен тоқып шығады. Осыдан кейін қажетті сурет жіп керілген раманың артқы бойын қозғалмайтындай бекітіледі.Гобелен тоқудың әр түрлі әдіс-тәсілдері бар: алаша тәріздес тоқу.мұнда әр жолды тоқыған сайын тек астында қалған жіптерді іліп отырады.

Жіптердің бір-бірімен байланыстырудың әдісі,бірінші екі жақтан келген жіптің бірінің үстіне бірін тоқып кері қайтуға болады және бір-бірімен қарсы келген жіпті байланыстырып кері қайтуға болады.Осындай тәсілдермен гобелен тоқылады.Суретті тоқып біткен соң жұмыстың басындағы тоқылған ақ жолақтықайта тоқимыз. Одан кейін лен жіппен қазық бау шалып түйінделеді де, станоктан гобеленді біркелкі етіп қиып аламыз.

Гобелен бетін қосымша заттармен әсемдеуге де болады; су моншақ, түйме, құстың жүні т.б.

Жаңа сабақты карточка арқылы бекіту:

1.     Гобелен тоқу өнері қалай пайда болған?

2.     Гобелен тоқу әдісі біздің қолөнерімізде кездесе ме?

3.     Жіптің керілуін көрсетіңіз?

4.     Жіптердің бір-бірімен байланысуын көрсетіңіз.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Технология пәнінен "Гобелен тоқу технологиясы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по тяжелой атлетике

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 615 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.01.2016 3339
    • DOCX 37.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдиева Динара Абеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абдиева Динара Абеновна
    Абдиева Динара Абеновна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13178
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 297 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 085 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 238 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 071 человек

Мини-курс

Классики и современники: литературные портреты и психология творчества

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Toolbox классического проектного менеджмента

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Практические аспекты работы логопеда: методы и приемы в логоритмике

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек