Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Технология / Конспекты / Технология пәнінен "Киім.Сән ұғымы.Стиль" тақырыбында ашық сабақ әзірлемесі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Технология

Технология пәнінен "Киім.Сән ұғымы.Стиль" тақырыбында ашық сабақ әзірлемесі

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Киім,сән ұғымы. Стиль.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі: қазіргі таңдағы киім,сән ұғымдарын, олардың түрлерін,

стильдердің мағынасын түсіндіру.

2.Дамытушылығы: сәннің даму сатысы мен қоғамдағы атқаратын

ролі, шығармашылығын қалыптастыру

3.Тәрбиелігі: эстетикалық талғамын қалыптастыру, алған

білімдерін өмірде қолдана білуге, жолдастық

көмек көрсете білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ, сарамандық жұмыс

Сабақты ұйымдастыру әдістері: сұрақ-жауап,слайд-суреттер,тірек-сызбалар арқылы түсіндіру,сәйкестік тесті,жұптық жұмыс,жеке жұмыс,сарамандық жұмыс,нұсқау беру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: киім түрлері,суреттер,буклеттер, компьютер,ұлағатты сөздер,т.б.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Оқушылардың сабаққа қатысуын, құрал-жабдықтарын түгендеу, тексеру. Зейіндерін сабаққа аударту.

2. Үй тапсырмасы:

-Ең алғашқы тігін машинасы нұсқасын қай ғасырда,кім ұсынды?

-«Тігін машинасының әкесі» деп кімді атаған,неліктен?

-Тігін машинасының қандай түрлері бар?

Қызығушылықты ояту.

Компьютерленген тігін машиналары. (видеопроект)

3. Жаңа сабақ:

Білім-біліктілікті тексеру.Сөзжұмбақ шешу.

1.Екі бөлікті беттестіріп,инемен уақытша тігілетін қол тігісі қалай аталады?

2.Айқас тігісінің және бір атауы.

3.Бөлікке оң бетінен салынатын әшекей тігіс түрі.

4.Сырт киім етегін тесьма-таспамен бүгіп тігу.

Жұмбақ:Адамның сәні,онсыз жоқ мәні. (киім)

-Демек,қыздар, бүгінгі жаңа сабағымызда киім,сән,стиль жайында түсініктерге ие боламыз.

-Киім дегеніміз не?Киім қалай пайда болды?Киім адамзат баласына не үшін керек?Осы сұрақтарға жауап бере аламыз ба?

Мағынаны таныту.

-Дұрыс айтасыңдар?Киім-климаттың қолайсыз жағдайларынан қорғану үшін және адамның өзін сәнді көрсетуге тырысатын тілегіне орай денені жабатын бұйымдар жиынтығы.Киім адамды қоршаған ортаның,табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды.Киім өзінің бастамасын алғашқы қауымдағы шөптен жасалған белдік байламдардан,жануар терісінен алады.Киімді суықтан,ыстықтан,жараланудан,сырып кетуден сақтану үшін киді.Матаның шыққан кезеңінен бастап киім түрлері өзгеруде.М,гректер арқа жапқышты сол жақ иығы арқылы арқасынан асырып қоятын болған және аса шеберлікпен матаны сәнді орау арқылы өз денелерін жасыруды үйренді.Уақыт өте келе әйел киімдері ерлердікінен өзгешелене бастады.

9-12 ғасырларда әйелдер кең етекті белдемшесі бар,қыналған,бүрмеленген көйлектер киді.Иық киімі ретінде жадағай,плащ киді.Тек 13-ғасырда ғана пішу мен тігу тәсілдерінің негізі салынды.Осы кезде киімде жаға,жең,түймелік,т.б. пайда бола бастады.Арнаулы тігін цехтары құрыла бастады.19-ғасырда жаға-жеңсіз әйел көйлектері шықты.20-ғасырда әйелдер өндірісте,кеңселерде жұмыс істей бастады.Сондықтан қарапайым,күнделікті сәнге сәйкес келетін киім түрлері пайда болды.Көйлектің ұзындықтары өзгеріп отырды.М,20-ғасырдың 60-жылдары етегі тізеден жоғары көйлектер шықты.

Қазақтың ұлттық киімі халқының негізгі кәсібі-мал шаруашылығына байланысты көшіп-қонып жүруіне ыңғайлы етіп тігілді.Оларға аяз бен боранға,ыстыққа төтеп беретін киім қажет болды.Сондықтан да қазақтар киімді иленген мал терісінен,жұқа киізден,түйенің жүнінен тікті.Бертін келе матаға жүн салып сыратын болды.Орта Азия мен,Қытаймен сауда-саттық жасаудың нәтижесінде жүн,жібек,мақта маталарын ала бастады.Ал 18-ғасырдан бастап орыстың фабрикалық арзан маталарын айырбасқа ала бастады.Бұл ұлттық киім түрлерінің көбеюіне мүмкіндік жасады.

Киімдер жылдың әр мезгіліне байланысты: қыстық,жаздық және маусымдық болып бөлінеді.

Киімдер қолданылуына қарай негізгі 4 топқа бөлінеді:тұрмыстық,спорттық,өндірістік,сахналық.

Сәйкестік тесті: Орнын тап!

Әр түрлі заттың сапасын анықтау әдісі ерте заманнан-ақ қолданылған.Платон(б.з.д.427-347 ж.ж)бұйымның сапасы оның жетілгендік дәрежесі деп есептейді;Аристотнльдің (б.з.д.384-322)тұжырымы бойынша сапа осы заттың дәл сондай түрден айырмашылығын айқындайтын қасиеттердің жиынтығы.Киімнің сапасы тұтынушы қоятын талаптарға сәйкес анықталады.

Киімге қойылатын талаптар:гигиеналық,экономикалық,техникалық, эстетикалық.

Сән қалай пайда болды? Әлемдегі әр түрлі елдердің дәстүрлі халықтық костюм үлгілері қазір де сән жасаушылар үшін шығармашылық жаңалықтардың негізгі бастауы болып отыр.Сән (мода) латын сөзі өлшем, әдіс, іс-әрекет түрі-киім кию мәдениеті,белгілі бір талғамның уақытша үстем болуы.Сән адамның,қоғамның дамуына және жаңа тарихи қоғамдастықтар пайда болуына байланысты түбірімен өзгеріп отырады.Қазіргі сәнде айрықша екі бағыт көзге түседі:ретроспективалы(өткенге бағытталған),перспективалы (болашаққа бағытталған)Біздің өмірімізде сәннің ролі қандай?

Сән-қоғамдық өмірдің бір бөлшегі, әлеуметтік құбылыс

Сәнге деген көзқарасымыз қандай? әр адамның өз талғамына, қажетіне сай сәнді киіну мүмкіндігі бүгінде бар құбылыс. Іс тіге білетін, бұл кәсіпті сүйетін адам өзіне жарасымды да сәнді киімді қашан да тігіп ала алады. Талғам-бәрінен бұрын адамның өзіне шек қоя білуі (нені, қайда, қашан кию керек, өзінің сырт келбетіне көзқарасы, өзін-өзі ұстай білуі т.б)

Сәнді арнайы көркемдеуші сәнгер жасайды Ол сәнқой адамның талғамын ескере отырып, тұтынушы халықтың талабына сай келетіндей етіп орындайды.Оларды стилистер деп атаймыз.

Стиль (грекше балауызға өрнек түсіретін үшкір таяқша) сөзі әдебиет пен өнерде автордың, туындының мәнерін, мазмұнын, идеялық көркемдік ерекшеліктерін білдіреді.

Стильhello_html_m7782cf90.gif


Классикалық Фольклорлық романтикалық спорттық


Классикалық стиль (байсалды, іскер,әсем)ең бір тұрақты, ғасырлар сүзгісінен өткен, мүлдем өзгермейтін, ерлердің жұпты, үштік костюм «ағылшын»пальтосы, плащ, ал әйелдердің киіміне ұзын жеңді көйлектер, тік немесе бүрмелі белдемшелер «шинель» костюмдері жатады.


hello_html_d545fc7.jpghello_html_524f41ac.jpg

Фольклорлық стиль –ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Бұл стильде ұлттық ою-өрнектер, кестелер, қол жұмыстарын кеңінен қолданамыз.


hello_html_m2e477bb4.jpghello_html_m75147c87.jpghello_html_m17688846.jpg



Романтикалық стиль-бұл ұшқыр, қиял елестер, ізденістер тобы. Киімде әйелдік қасиеттерді бейнелейтін бөлшектерді, жиектерді пайдалану.


hello_html_26fbbce6.jpghello_html_m6fb70ca3.jpghello_html_m404826f8.jpg


Спорттық стиль- демалыс, спортпен жаттығу, саяхат үшін ыңғайлы киімдер


hello_html_m26805349.jpg

Еуропа елдерінің арасында әйелдер,ерлер,қыздар мен ер балалар киімдері өлшемдерінің стандарттары ұсынылған.

Әйелдердің өлшемдік көрсеткіштері:кеуде айналымы,мықын айналымы,бой ұзындығының толық мөлшерінде көрсетіледі.

Ерлердің өлшемдік көрсеткіштері:кеуде айналымы,бел айналымы,бой ұзындығының толық мөлшерінде көрсетіледі.Мысалы,бойы-158см,кеуде айналымы 100см,мықын айналымы 108см.денеге шақтап тігілген әйел киімінің тауарлық жарнама қағазындағы өлшемдері деген жол былайша толтырылады: 158-100-108.

Мысалы,бойы-170см,кеуде айналымы 100см,бел айналымы 88см.болатын денеге шақтап тігілген ерлер киімінің тауарлық жарнама қағазындағы «өлшемдері» деген жол былай толтырылады:170-100-88.Ерлер жейдесі үшін қосымша мойын айналымы өлшемдік белгі болып саналады.М,164-100-88-41

Жұптық жұмыс:өлшемдерін алу,дәптерге жазу.

«Не қажет?» ойыны.Жұмбақтың шешуіне қарай қауіпсіздік ережесі қайталанады.

  1. Біруге «киін» дейді,

Ал өзі киінбейді. (тігін машина)

2.Қалады жерге түсіп шайнағаны. (қайшы)

3.Бір тышқанда екі құйрық. (ине)

4.Көрмедім еш үйіңді,

Қолданбас бұл бұйымды,

Жазып қыртыс-тыртысын,

Қонымды етер киімді.(үтік)


Сарамандық жұмыс:Тігін машинасында тігіп жаттығу.

Ізгілендіру стратегиясы:Білемін,үйрендім,білгім келеді

Жаңа сабақты бекіту: «Ханталапай» ойыны

1.Киім дегеніміз не?

2.Сән дегеніміз не?

3.Стиль деп нені айтады?

Жаңалықтар әлемі.Мысал келтіру:Сән әлемінде жүрген аты белгілі отандық дизайнеріміздің (сәнгер) бірі-Балнұр Асанова этностильді ұстанған шебер.Модельер ретінде танылған Асанованың сәндік киімдерінің бірнешеуін американдық атақты актер Стивен Сигал өз құрбысына сатып алған көрінеді.Биыл Қазақстанның сән индустриясын Балнұр Асанова Мәскеуге де таныстырып қайтты. Б.Асанова өзінің топтамасының бірегейлігін,пішім ерекшелігін,киім үлгісіндегі жаңалықтың барлығын атап өтті.Сән киімдерінің дизайнері ретінде жаңа топтаманың шығыс халқының болмысына тән бейімділігін де жасырмады.Балнұрдың киімдерінде асыл тастар да,ұсақ моншақтар мен кестелер де кездеседі.Бұларды ол Азия елдерінің тарихымен байланыстыра отырып жасаған екен.Яғни,тасқа қашалған таңбалар,суреттер,өсімдік бейнелері және геометриялық оюлар да табылады.

Қорытынды: Кісі киімді көркемдесе,

Киім кісіні көркемдейді.

Оқушылардың білімін бағалау

Үйге тапсырма: Қазақстандағы белгілі сәнгерлердің жұмыстарымен танысу.




















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 18.02.2016
Раздел Технология
Подраздел Конспекты
Просмотров413
Номер материала ДВ-466380
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх