Инфоурок / Технология / Рабочие программы / Технология пәнінен Жүнді өндеу және киіз өнімдерінің жаңа үлгілерін жасау сабағы
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Технология пәнінен Жүнді өндеу және киіз өнімдерінің жаңа үлгілерін жасау сабағы

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов

Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебіC:\Users\User\Pictures\2013-11-15 а\а 001.jpgC:\Users\User\Pictures\2013-11-15 а\а 001.jpg



















Жүнді өндеу және киіз өнімдерінің жаңа

үлгілерін жасау

























Мақсаты:

Қазақтың салт-дәстүрін бойына сіңірген, ұлттық тәрбиеден нәр алған қыз балалардың өмірге икемін, шеберлігін шындау мақсатында үлгілеп, безендіріп тігуді жүзеге асыру .

Білімділік мақсаты: жаңа технологиялық әдістері бойынша тігіп үйрену.

Дамытушылық мақсаты: шаблон, құрал-жабдықтарды пайдалана білу, эстетикалық талғамдарын дамыта оқыту.

Тәрбиелік мақсаты: еңбек қабілетін және төзімділік қасиеттері дамыған жеке тұлға тәрбиелеу.

Міндеті:

* Сәндік-қолданбалы өнер технология пәнінің процестерімен таныстырып, өнер құралдарымен жұмыс істеуді үйрете отырып, білімі мен шеберлігін қалыптастырамын және міндеттеймін.

* Өнерге деген сүйіспеншілік, еңбек етуге қабңлеттілік пен шеберлік, қоғам пайдасына шын ниетпен, шығармашылықпен жұмыс істеуді үйретемін.

* Оқушыларды оқуға саналы қарауға тәрбиелеу, танымдылық, белсенділік ой еңбегі негізінен бұйымдар жасау барысында, кілем зскизін жасау, текемет, кілем өрнегі тарихын білу кезеңдерінде жүзеге асырамын.

Ғылым мен білім әлі өркен жая қоймаған қазақ жерінде сонау ХVІІ – ХІХ ғасырларда-ақ қолөнері ұлттық дәстүр ала бастағаны халқымыздың өнер тарихынан аян. Ашық түсті айшықты текеметтер, қара ала сырмақтар, қызылды, жасыл тұскиіздер, алқызыл гүлдері құлпыраған тұкті кілемдер, « қошқармүйіз », « самаурынша », « құстандай », « жапырақша » өрнекті терме алашалар мен тоқылған сандыққап, асадал, аяққап, кесеқап немесе шекпен, шапан сияқты киім-кешектер о баста тұрмыстық қажеттіліктен туған. Айталық, жүннен иірілген жіп жылу ұстағыштығымен, күннін көзін өткізбейтіндігімен, бояу алғыштығыменен жоғары бағаланған. Жүннен тоқылған киім қыртыстанбайды, әрі жеңіл келеді. Сондай-ақ киіз үйдің жабдықтары, ішкі әшекейлері түгелдей дерлік жүннен жасалған.

Мұғалімнің еңбегі – шығармашылық еңбек. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Ойткені ол елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қасында. Ал жас ұрпақтың білімді саналы азамат болып өсіп қалыптасуы ұстазға байланысты.

Оқушыларды еңбекке даярлау- күрделі де кешенді мәселе. Сондықтан да мен өзекті тақырыбымды « Жүнді өңдеу және киіз өнімдерінің жаңа үлгілерін жасау » деп алдым. Жаңа ғасырдағы жаңа көзқарасты жеке тұлға тәрбиелеу әр ұстаздың басты міндеті деп білемін. Сол себепті жүннен жасалған түрлі бұйымдарды қазіргі заман талабына сай дайындау технологиясын үйрету арқылы оқушыларды ұлттық дәстүрімізді заманауи тұлғада тәрбиелеуді, үйретуді өзімнің басты ұстаздық және азаматтық парызым деп санаймын.

Жүннен жасалатын заттардың тізбегін мынадай түрде баяндағым келеді.

Киіз қалпақ- күннің ыстық уақытында киетін баскиім. Бұл киім қойдың ақ жүнінен, ешкінің ақ түбітінен қосып басқан жұқа ақ киізден жасалады. Киіз қалпақтың шетін кішкене қайырып киеді, сонда шетіне айналдыра тігілген барқыт оң жағынан көрінеді. Бұл қалпаққа сән беріп тұрады.

Күпі–түйенің немесе қойдың жабағы жүнін шүберекпен астарлап, сыртын тыстап тіккен, қыста суықта киетін сырт киім.

Түйе жүн кеудеше – бүйрек, ревматизм, құян ауруына емдік қасиеті үшін иірілген жас түйе жүнінен тоқылатын жеңсіз, тоқыма киім.

Жүн бояуға тоқталар болсақ, қазанның қақпағын жауып бірқалыпты қайната отырып, оған жүнді мөлшерлеп салып, оны ағаш қалақпен бастырып отырған дұрыс ( жүн салмастан бұрын бір литр суға бір шай қасық көлемінде сірке суы құйылады ). Су керекті мөлшерден аз болса, жүн қазан түбіне жабысып қалады.

Ел ішінде әр істің жас шебері болған. Аты шыққан қолөнер шеберлері, кілемшелер және басушылар, текеметке түрлі ою оятындар өз өнерлерін ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп қалдырып отырған. сөйтіп өнердің осынау бір мәңгі өшпейтін түрі тұрмысымызда күні бүгінге дейін өз орының алып келеді. Жасыратыны жоқ, жеңіл өнеркәсібіміздің өркендеп дамыған қазіргідей кезеңінің өзінде қолөнерінің туындыларынына деген сұраныс артпаса кеміген жоқ. Фабрикалық кілем, алаша, синтетикалық төсеніш түрлері және өзінде қолөнерінің туындыларынына деген сұраныс артпаса кеміген жоқ. Фабрикалық кілем, алаша, синтетикалық төсеніш түрлерін кеңінен қолдана отырып, жұрт киіз, текемет, сырмақ, алашаны да аластатқан емес. Жиектелген, көздің жауын алатын әсем де жеңіл сырмақ, оюлы текемет, тұскиіз, түкті де тақыр кілемдер, сан өрнекті алашалар әлі күнге тұрмыс сәні. Өзінің талай тайпалар өнерінен құралған, ата-бабаларының ғасырлар бойындағы дәстүрлерін бойына жиған қазақ халқы өз талғамына, өз талабына сай күнбе-күңгі тұрмыста қажет бұйымдарды өңдіруді өрістеткен. Бұл бұйымдар алғашқы кезде рудың, елдің, үй-ішінің керегіне, кейіңірек сауда алмасу қажетіне өңдірілетін болған. Көшпелі және жартылай көшпелі тұрмыс жағдайында, негізінде мал шаруашылығы өндеумен байланысты өнердің маңызы зор болады. Мысалы, әйелдер қой жүнінен жіп иірген, ол жіптен өрмек тоқып, шекпен, шалбар сияқты сырт киімдер, қапшық, қоржын, киіз үйдің бауларын дайындаған. Қой жүнінен үйге жабатын түрлі-түрлі киіз басылады; киізді оюлап жақсы текемет басатын болды, баскиім, аяқкиім сияқты кейбір киімдер, тоқым сияқты заттар дайындалады. Осы аталған қолөнердің бір қатары өте көп еңбек етуді қажет етеді. Бертін келе, адамзат қоғамы дамыған сайын, қолөнердің бірнешеуі жаңа әдіс тауып, жаңа түрге ие болды, кейбіреулері тұрмыс қажетіне жарамсыз болғандықтан, тіпті қолданылмады. Бұл айтылғандардан қолөнер халық тұрмысында ежелгі маңызын жойды, ендігі жерде онымен шұғылданудың керегі жоқ деген ұғым әсте тумайды. Қайта халық қолөнерінің бай мұраларын жинап, сұрыптай отырып, заманымызға лайықты сапа, оларды ілгері дамыта беру керек. Мәселен, жүннен жасалған киіз қалпақ, күпі, мойынша, кеудеше, жүн қолғап т.б. сияқты бұйымдарды қазіргі заман талабына сай етіп түрлі ою-өрнектер сала отырып жасауға болады.

Меңінше, әрбір сабақты тиімді ұйымдастырып, оны оқушылар зерікпейтіндей етіп өткізу керек. Оқушының сол уақытта ғана пәнге деген қызығушылығы артып, тіпті нашар оқитын оқушының бойында да бір қозғалыс болатының байқадым. Өз әдісімде қосымша әдебиеттер мен әлем журналдарын пайдалана отырып, халықтық педагогиканың негізін ұстана отырып әдістемелік материалдар, иллюстративтік суреттерді кеңінен пайдалана отырып, сабақтың пәнаралық байланысына да көңіл аудара отырып, сабақтарды түрлендіріп өткіземін.

Халық өнерін игеру оқушыны еңбексүйгіштікке, әсемдікке талаптандырып, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге баулиды.

Сабақ беру әдісімде сабақ материалдарын бір ізділікпен баяндауым 20-25 минутқа созылады, сабақтың қалған уақытында оқушылар әр түрлі жұмыстарды өз бетінше орындайды. Оқу материалын баяндауда оқушылардың белсенділігіне, ынтасына, білім деңгейіне сүйене отырып материалдың мазмұның дәлелдеймін. Материалды түсіндіруде түрлі құралдарды, есеп шығару, жазып алу әдістері кең түрде қолданылады, оқушылар баяндау процесінде мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, байымдайды, дәлелдеуге тырысады.

Қолөнердің кең тараған түрлері: киіз басу, сырмақ сырып, киіз ұйдің ішкі, сыртқы керек жабдықтарын әзірлеу, кілем, алаша, ши, киімдер тоқу, баскиім, аяққап, қолғап, тұтқыш, шәркей, құрақ құрауға, түскиіз тігуге баулып отырған.

Осы айтылғандардың бәрі дерлік ою-өрнектермен безендіріліп жасалатын болғандықтан жасаушыдан ерекше талғампаздықты, нәзік икемділікті жоғары эстетикалық талғамды талап етеді.

« Өнер таусылмас қазына, жұтамас байлық » деген дана халқымыз. Қазақ қолөнері өзінің төл тума бітім қасиетімен, шын мәнінде, халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы.

Қазақ халқының шаруашылығында мал жүнінің ең асылы және бұйымдар жасауға ең көп қолданатыны түйе және қой жүндері, ешкі түбіті, оның қылы, содан кейінгісі жылқының жал-құйрығы, түйенің жүні, шудасы. Жүк артып, күш көлік ретінде пайдаланылған түйенің жүні ұйысып, киіздей болып қалады. Оны «жабағы » дейді. Әлгі жабағының астынан « балдақ » деп аталатын үлпілдек жүн өседі де, жабағы өзінен- өзі көтеріледі. Түйе жабағысынан әр түрлі жеңіл де жылы күпі тігілді. Жабағы жүнді түтіп көрпеге де салады, әр түрлі жіптер иірді.

C:\Users\User\Pictures\2013-11-15 ааа\ааа 001.jpg



Жүн сабау жұмысына керекті заттар – сабау мен тулақ. Әуелі шидің үстіне арналған жүн шабақталады, яғни бұрын сабалған үлпілдек жүнді шиге салып, екі шыбықпен кепсіте шабақтайды. ( Шабақтау-шыбықтап жаймалау деген сөзі ). Осыдан кейін бет тартылады, яғни киіздің өң жағына арналған неғұрлым таза, әдемі жүнді сол қолымен уыстап алып, әлгі шабақталған жүннің үстіне салып отырып, оң қолдың қырымен басып қалып үзіп қалдырады. Үзілген жүн бірімен бірі , үш адам болса , бір тегіс болып төселе береді. .Бұл істі бұрыннан бет тартып машықталған, жүн тартудың шебері деп танылған бір адам ғана орындайды. Себебі екі жүнің ала-құла тартылады да киіз біркелкі шықпайды. Ал әбден машықтанған адам киіздің я қалың, я жұқа екенін бір қолымен-ақ сезіп отырады. Мұны халық « жүн тартушының қолының көзі бар » деп дәріптейді.





C:\Users\User\Pictures\2013-11-15 аааа\аааа 001.jpgC:\Users\User\Pictures\2013-11-15\001.jpg



Егер басқалы отырған киіз сырмаққа арналса, онда оның астыңғы бетіне бозғылт, қызыл түсті жүндер шабақталады, бетіне ең әдемі жүн тартылады. Сырмаққа арналған киіз жұқа басылады, егер қалың басылса, сырмақ астарланып сырыла келе өте ауырлап,ыңғайсызданып кетуі мүмкін. Сөйтіп киіздің үстіңгі беті тартылған соң жүннің біркелкілігін байқау үшін тағы да бір-бір рет жүріп етіп, киізді алақанмен басып көреді. Жұқа жеріне жүн қосады, қалың жерін жаймалап жұқартады. Сырмаққа арналған киіз жұқа басылады, егер қалың басылса, сырмақ астарланып сырыла келе өте ауырлап, ыңғайсызданып кетуі мүмкін. Сөйтіп киіздің беті тартылған соң жүннің біркелкілігін байқау үшін тағы да бір-бір рет жүріп етіп, киізді алақанмен басып өтеді, жұқа жеріне жүн қосады, қалың жерін жаймалап жұқартады.

Киізге ою салынған болса, яғни текемет болса 1 сағат тепкеннен кейін шиді тарқатып, киіз бетіндегі өрнекті түзетіп алады, оны қайта орап, тағы да тебеді. Жалпы киізді тебу 2 сағаттан 3 сағатқа дейін созылады. Киіз неғұрлым көп тебілсе, соғұрлым шымыр, тегіс, әдемі шығады да ондай киіз көп уақытқа дейін қопсып, түтеленбейді.



C:\Users\User\Pictures\2013-11-15 ааааа\ааааа 001.jpgC:\Users\User\Pictures\2013-11-15\002.jpg

Қазақ ғұрпында киіз тебу бір ауылға түгел ортақ көпшіліктің ісі саналған. Сондықтан киіз тебушілер домалатқан киіздерін қадірлес отаулардың сыртына апарып « қой басты, қой басты » деп әзілдейді. Үй иесі, қой сойып,не қымыз сапырып, не болмаса құрт-май алып шығып, киіз тебушілерді қонақ етеді. Содан кейін киіздің асты-үстін ауыстырып отырып, 3-4 рет шиыршықтап, бүктейді де, екі басын түйістіріп шұжыққа ұқсатып көктеп алып, тағы да ыстық су құйып сығымдап, үстін күшпен, тонмен жылылап жауып тастап булайды. Мұны булау немесе кірлеу дейді. Бұл әдіс арқылы кірікке киіз буланып, бөрттірген дән сияқты біраз ісінеді. Солай жабулы бетінде бір, бір жарым сағат жатады. Ыстық суымен балбырап жатқан киізді мөлшерлі уақыт өткен соң шешіп алып, қайыра ширатып, тағы да жіппен шандып байлайды. Қатарласа отырған киізшілер шидің үстіне көлденен жатқан киізді өздеріне қарай жұла тартып алып, тізесіне соғады, білегімен ұрып басады. Мұны білектеу немесе киіз басу дейді. Киізді әрлі берлі домалатып білектегенде үнемі бір жердегі жіптен ұстай бермей, ауыстырып отырып білектейді. Білектеліп болған киізді ұзынынан екі қабаттап бүктеп, оның екі басын бір –біріне түйістіре шуда жіпте көктейді. Сонда киіз шұжық сияқты қалыпқа түседі. Киіз басушылар осы дөңгелек киізді ақ шидың үстіне салып, айнала отырады. Яғни киізді алдымен бірыңғай оңға қарай жұла серпіп , екінше кезекте солға қарай серпиді. Қарпу үстінде киіздің шетін қымтап үстап отырғандардың қолдары оңнан солға қарай жылжи береді.қарпылған киіздің шет-шеті жиналып тегістеледі де, екі жақ бетіндегі кірікпей қалған бос қылшықтары түседі. Білектеу мен қарпудан кейінкірігіп, ширайтүскен киіз біраз қуырылғандай болып көлемі шағындалады. Киізді ұзындау білектеуге ұқсас, бірақ оны жіппен басына жеткізеді, сонда киіз молығып, созыла түседі.киізді білектегенде және ұзындағанда оның екі жақ басына жуан ағаш, жинаулы ши сияқты нәрселерден тиянақ қойып отырады. Сонда киіздің ұзына бойының екі жақ шеті олпы-солпы болмай, тегістеліп шығады.

Ұзындаудан кейін киіз басу ісі бітті деп саналады да, оны желге қойып кептіреді. Осыдан кейін киізді тұрмыс қажетіне тұтына береді.киізді кейде пісіреді, яғни пысықтайды. Бос басылған немесе бірсыпыра уақыт киіз кұйінде пайдалануда болып созылған киізді үйге жабарда, одан аяққап, сырмақ жасарда шидың үстіне салады да, ыстық су құйып білектейді. Киіз басудағы бұл жүйесін « киіз пісіру » деп атайды. Аттың кежіміндегі, сондай-ақ қалпақ, кебенек, жайнамаз сияқты жұқалаң келетін киіздерді, әр түрлі өрнек жасау үшін кейін қайшымен оюлап кесілейтіндей етіп жасайды, мұны « талдырма » дейді. Дайын болған киізді өзінің арналып басылуына қарай өре киіз, кесек киіз, текемет киіз, сырмақ киіз, талдырма, сатымсақ киіз, қозы жүнді киіз деп бірнеше түрге бөліп айтады.

C:\Users\User\Pictures\2013-11-15\003.jpg

Ұлттық өрнекті пайдалану балалардың пәнге деген сүйіспеншілігін, пәнді оқып үйренуге ынтасын, құштарлығын арттырады, қазақтың қолөнерін жас жеткіншектердің санасына жеткізіп, оны оқытып үйретіп, ою-өрнектің түрлерін игеруіне жұмылдыру қажет. Ел арасында сиреп бара жатқан қолөнер түрлерін сырмақ, өрнекті ою сияқты көне мұраларды тауып, түрлендіріп, жаңғыртып жасау арқылы оқушыларды ұлттық қолөнерге тәрбиелеуге қол жеткізуге болады. Ою-өрнекті әшекейлеу шеберлігі бейнелеу өнерінің бір түрі. Өнеріміздің тағы бір түрі оқу бағдарламасына сай « бастырмалау » - аппликация. Ұлттық қолөнер бұйымдары сырмақ, түскиіз жасау үшін шеберлер бастырмалау әдісі мен ойманақыш әдісін қолданған. Мектептегі еңбек сабағында шәкірттерге қолөнер арқылы жан-жақты зстетикалық тәрбие беру, оларды баулу бұрын сонды жасаған мәдени мұраны жүйелі меңгертуге мүмкіндік береді, жалпы әсемдік рухани игіліктерді бағалай білуге тәрбиелейді.

Еліміз егеменді алғалы жас ұрпақты өз халқының өнегесіне, әдеп-ғұрпына сай тәрбиелеу, күн тәрбиесінде өзекті мәселе болуда. Ата-бабаларымыздан келе жатқан ұлттық қолөнеріміз арқылы оқушыларды іскерлікке баулумен қатар ұлттық қолөнер сырмақ тігуге үйретеміз.

Сырмақ жасау әдетте сырмақ, текемет жасалатын киіз не шымқай-ақ, не шымқай қара болуы шарт.киізде түйіртпек, тесік болмауы тиіс. Мұндай кемшіліктер оюға, сыруға, біртегі жиектеуге бөгет жасайды, сондықтан сырмақ, текемет басатын киіздің жүні күні бұрын тандалып, ол көбінесе қозы жүнінен алынады.

Сырмақтың киізі ширақ болу үшін айналдыра тігіп алып қарпиды. Бет болатынақ ақ немесе қара киіздің екеуі екі бөлек басылады; оны ысырап етпес үшін көлеміне қарай ірі жүнді үнемдеп жұқалау етіп басады. Сондықтан алдын ала оның көлемін, оған салынатын ою-өрнектің қандай болатының қарастырады.

Сырмақ - сыру деген сөзден шыққан. Сырмақ деп дайындалған киізден ою бастырып немесе екі киізді ойыстырып, жиекпен өрнектеліп сырылған төсеніш үй жиһазын айтады.оны жасаудың өзіндік ерекше салты бар. Сырмақ екі түрлі киізден ойыстырып та, сондай-ақ шымқай ақ киіздің бетіне қызыл, қара, сары, көк, маталардан ою бастырып та тігеді. Сырмақ суықты өткізбей жылу беріп, жерге жылулық әрі сәндік ретінде төселінген. Қазір техника дамып өсіуне байланысты орнына кілем пайда болған. Сырмақ басқа жерлерде, республикамыздың әр облысында әр түрлі жолмен жасалынады. Дайын киізді бір-біріне беттестіріп шетін көктеп алады. Содан соң дайындап қойған ою-өрнектің суретін қара киіздің бетіне бормен салып аламыз. Осыдан кейін сызылған іс бойымен екі киізді өткір пышақпен ойып шығады да, ақ киіздің оюын қара киізге, қара киіздің оюын ақ киізге ойыстырады көкткп тігеді. Құрастырылған киізді астар бетіне салып шетін көктеп шығады.

C:\Users\User\Pictures\2013-11-15\004.jpg

Астар көтеріліп тұрмыс үшін құрастырған жердің екң жағын машинамен немесе қолмен сырып шығады, астармен қосып оюдың құрастырылған жерін өңі ашық бояу қосылған қосжіппен жиектейді. Шуда жіп мықты, әрі жиектің ортасына тез сіңеді. Сырудың тігісі де екі түрлі: біріншісі – жеке жіпті ірлі-берлі шаншып сырып тігу арқылы, екіншісі қос жіппен сырып тігу. Сыру ою-өрнектердің бағытына қарай оюлана сырылады. Сырылып болған соң сырмақтың шеттерін тегістеп қиып, шетіне жиек бастырады. Жиекке арналған жіптер оңқай және солға иіріледі. Сырмақтың көлемі жағынан қазақ сырмақтары негізінен 4 түрге бөлінеді. Ең үлкені-көш сырмақ 3-5 м, төсеніш сырмақ 3-3,5 м, үшіншісі төр сырмақ көлемі 2-5 м, төсек сырмақ 2-2,кейде 1,5 м. төсек алды сырмақ деп те атайды. Түр жағынан алғанда да қазақ сырмақтарының 4 түрлі атаулары бар. Олар: « ақ сырмақ », « қара ала сырмақ », « жиекті сырмақ », « дебіскі сырмақ ».

Сырмақ, текемет, төр киіз, тұскиіз сияқты көлемді мүліктерден басқа да көлемі шағын заттар бар. Олар аяққап, қолғап, кереге қап, тоқым, қалпақ, телпек, және т.б. мұндай заттарды жасауға қажетті киізді көбінесе оюлап кеспей тұтас күйінде пішіп алып өрнекті соның бетіне жапсыра тігеді. Қазақ ұлттық қолөнерінің мағынасы өте үлкен. Әрі дүние жүзінде сирек кездесетін белгілі қолөнер деуге болады. оқушыларға тәрбиелік мәні бар халықтың мұралары аз емес.

Қазақ халқының өнерін, іскерлігін, өнер шеберлірінің қолынан шыққан алуан түрлі заттар мен бұйымдарды айтып, бұрыңғысы мен бүгінгісін салыстыра отырып, ұлттық өнерді сүюге, құрметтеуге баулу, бүгінгі шәкірттерді ертеңгі еңбекқор, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу, оқушылардың жүрегіне жол тауып, олдардың бойында еліне, жеріне, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастырамыз.

Қорыта келгенде, халықтық педагогикада қыздар мен балалардың зстетикалық көзқарасын дамуына үлкен мән берілген . Балаларды қолөнерге үйрете отырып, өмірді өнегелі етуді, әсемдік сезімін, сұлулықты, қоршаған ортаның түрі мен бояуын қабылдай білуді қалыптастырды.

Халықтың осы ежелден қалыптасқан қолөнерінің сан алуа түрлері, әдіс-тәсілдері амал жолдары ұрпақтан ұрпаққа үздіксіз беріліп келеді.

Көркемдік өнер мен халық шеберлерінің туындысы бүгінгі жастарымызға үлгі және халықтың ғасырлар бойы жинаған көркем тәжірибесінің сырқалмас көзі деп білемін. Менің ұстаздық басты мақсатыма жетуімнің бір жолы өнерді болашақ ұрпаққа игерту, өмірде қолдана білуге үйретуді басты мақсатым деп санаймын.




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-532956

Похожие материалы