Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / Технология сабағында дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу (9 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Технология

Технология сабағында дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу (9 сынып)

библиотека
материалов


Алматы облысы Көксу ауданы

Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп








Баяндама жұмысының тақырыбы:


Технология сабағында дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу








Орындаған: Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектептің

технология пәнінің мұғалімі Т.Ж.Абилов









Мәмбет ауылы

2016ж.



Технология сабағында дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу

Көксу ауданы Мамбет ауылы

Жылқайдар Егінбаев атындағы орта мектебінің

технология пәнінің мұғалімі

Т.Ж.Абилов


Мектепте жүргізілетін көптеген тәрбие жұмыстарының бір саласы өскелең жас ұрпақты халқымыздың ұлттық қолөнеріне баулауға бағытталады, өнерге бейімділіктің алғашқы қадамы баланың өскен ұясынан бастау алып, мектеп қабырғасында оқу-тәрбие жұмыстары барысында ілгері дамытылып, байытылады.

Бүгінгі таңда халкымыздың ежелден желісі үзілмей келіп жеткен көне де, ізгі дәстүрі жас ұрпақты ұлттық, сәндік қолданбалы қолөнерінің тұнығынан сусындатып, халык шеберлерінің ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан танқаларлық тамаша шығармаларымен таныстра отырып, өнерге қанат қаққан шәкәрттерді шеберлік шыңына жетелеп дұрыс бағыт сілтеу, ұлттық қолөнерге баулу басты мақсатым.

Баланың білімін тереңдетуде, шығармашылығы, еңбекке қызуғышылығы мен ой-өрісін кеңейтіп, талғам деңгеін жоғарылату барысында қолөнер үйірмелерінің орны ерекше.

Осы тұрғыда Ж.Егінбаев атындағы орта мектепте көптеген ізгі істер өз жалғасын табуда.Қазақ халқының хас шеберлері жасаған, келісті талғаммен өрнектелген қолөнер туындыларының нұсқаларын үлгі тұта отырып, көнере бастаған түрлерін жанғырту, одан әрі дамыту мақсатында 2010 жылы жоғарыда аталған мектепте өнерге бейім, дарынды оқушылардың «Шебер қолдар» атты қолөнер үйірмесін аштым.

«Шебер қолдар» үйірмесі пәндік үйірме ретінде оқушының оқу процесінде алған білімін нығайту барысында көптеген маңызды жұмыстар атқарып келеді.

Үйірме жұмысының іс тажірибесіне көніл аударар болсақ, баланың шығармашылық кезеңдеріндегі танымдық мүддесінің дамуы бейнелеу өнері, геометрия,математика,жануартану,өсімдіктану,сызу,физика т.с.с. пәндерге тікелей байланысты болатындығы аңғарылады.бала оқу процесінде алған білімін, үйірмеде іс жүзінде қолданып,қолөнер бұйымдарын дайындау кезеңдерінде пайдаланады.Сыныптан тыс үйірмелер оқушының сабақта алған білімін, әрі қарай жалғастырып, дамытудың негізгі жолы болып есептеледі.

Мұның өзі түптеп келгенде баладан шыдамдылық пен төзімділікті кажет етіп, алдына қойған мақсатына жетуге талпынуға, шеберлікке еңбек сүйгіштікке тәрбиелейді.

Үйірме жұмысының нәтижесінде, үйірмеге қатысатын оқушылар, үйірмеге қатыспайтын балаларға қарағанда анағұрлым толық мағлұматтарға қанығып, шеберлігі шыңдыалып, ой-өрісі кеңи түседі.

Қазіргі оқыту технологиясы барысында бала тек үйренуші ғана емес,үйренуші-шәкірттен белсенді үйретуші,өзіндік ой-пікірі бар жан-жақты дамыған дара тұлға дәрежесінде болуы керек.Еңбек сабақтарында немесе үйірмелерде оқушы тек мұғалімнің үйретуімен бұйым түрлерін жасаумен шектеліп қана қоймай, сонымен бірге оған талдау жасап, жасалу, өңделу технологиясына өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын айтуға дағдыланады.Осылайша балалар әр түрлі шығармаларды зерртей отырып, баға берумен өз бойларында келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық , ұлттық , этикалық бағалы қасиеттерді қалыптастырады.

Осы ерекшеліктерді ескере отырып, «Шебер қолдар» қолөнер үйірмесіне 5-9сыныптар аралығынан қолөнерге бейімі бар оқушыларды жинақтап, үйірме жұмысын жандандыра бастадым.

Үйірменің аты, мақсаты қойылып, қалыптасу моделі, міндеттері жазылды одан әрі үйірме мүшелерінің тәрбиесі мен талғамына байланысты сапалык мониторингі, бейімділік көрсеткіштерінің диагностикалық картасы, оқушы жан ұйасының эстетикалық құрамының картасы жане қолөнер үйірмесінің жалпы мектепішілік , аудандық , облыстық көрмелерге қатысу маниторингі жасалады.

Көп жылдық , жүйелі түрде жүргізілген еңбектің нәтижесінде менің байқағаным,, бір,екі жылдың ішінде баланың бойыдағы қолөнерге деген шығармашылык касиетін байқау мүмкін емес. Нәтижелі еңбекке оқушылармен неғұрлым тығыз байланыста болып, өзара катынасты жақсартып, сенім білдіру аркылы қол жеткізуге болдаы.

Қолөнерге деген қасиет-оқушының бойындағы дамыған сана белсенділігі, таным белсенділігі, тума қабілеті.Ол қабілет мектепте сан алуан ғылыми салалардан білім алу арқылы және тажірибелі ұстаздардың көмегі арқылы ашылады.

Бірақ бала бойындағы шығармашылық , дарындылық қасиеттің тұқым қуалаушылық арқылы да болуы мүмкін. Ата-бабаның қолөнерге деген дарын касиеттері ұрпақтан-ұрпаққа берілетіні өмір ақиқаты. Дегенмен де , қолөнерге деген дарын қабілеті өздігінен жетілмейді, оған да белгілі бір факторлар ықпал жасайды:

-Мектеп өмірі, мектептегі оқыту мен тарбие жұмысы,

-Оқушалыр мен пән мұғалімі арасындағы қарым-қатынас,

-Отбасы жағдайы,

-Физиологиялық даму үрдісі,

-Балаға қажет білімнің берілу сапасы,

-Өнер туралы әдебиет оқыту, музейге бару, қолөнер туындысын көру, талдау,

-Өнер тілінде баламен сөйлесу , үнемі оны қызықтырып отыру ,

-Жасаған бұйымы арқылы мадақтап отыру, өз күшіне сендіру.

Қолқнерге бейім оқушылар бір істің маңайында қалуы мүмкін деген пікірлер де баршылык.Бұл пікірге өз басым қосылмаймын.Себебі, шығарма адамы үнемі ізденіс үстінде қызмет жасайды.Тікелей қолөнерге мысал келтіретін болсақ , Түркістан қаласында сақтаулы тұрған қазақ халқының өнер туындысы – «Тайказан» , ал оның жасалу технологиясы мен шығу тарихына үңілсек, біз білмейтін қаншалықты кұпия сыр жатыр. Қарапайым терніден жасалатын ыдыс-торсықтың жасалу технологиясында оннан астам ғылымның байланысын көруге болады.

Маселен , тарих, география, биология, химия, физика, геометрия, композиция, (Сурет құрылымы заңы). Медецина , бейнелеу өнері жане өнер теориясы, философия.Мен оқушалрға «Тайказан» тақырыбына берген рефереттардан осы қызықты мәліметтерді өз бетімен ізденгенін байқадым.Сондықтан, өмір тажірибесіне сүйене отырып, жалпы шығармашылықпен айналысатын адам бір істің маңайында қалады деу жаңсақ пікір.

Нәтижелі еңбектің арқасында байқағаным:

-Ең алдымен баланың қолөнерге қызығуы пайда болады,

-Іске бейімділігі мен икемділігі қалыптасады,

-Шығармашылық қабілеті артады ,

-Өз қиалы, идеясы, өзіндік пікірі, көзқарасы қалыптасады,

-Шығармашылық ізденіс пайда болады,

-Өзіндік еңбек ету қабілеті ашылады,

-Шеберлік,іскерлік дағдылары қалыптасады,

-Ең соңында кәсіби шеберлігі өседі.

«Шебер қолдар» қолөнер үйірмесінің үш жылдық натижесінде, жасалған қолөнер бұйымдары.Бұл оқушылар үшін де, мектеп үшін де үлкен мақтаныш.

Үйірменің жалпы мақсаты:

Оқушылардың технологиялық сауаттылығын қалыптастыру.Мәдениетпен,адамдар арасындағы адамгершілік қатынастарды қалыптастыру, әлеуметтік-еңбек бағытын үйретудегі білім мен қабілеттерін жетілдіру,кәсіпті , өзіндік таңдауын тәрбиелеу.

Қоғам және жеке адамның дамуындағы еңбектің шешуші рөлін,оның әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіндіру,оқыту арқылы оқушалырдың еңбекке деген қабілетін дамыту, өндірішу еңбектің иесі екенін үйрете отырып,оқушылардың ақыл-ойын дамытып, кісілікке, имандылыққа, іскерлікке, шеберлікке баулу, жеке адамның дамып жетілуіне еңбектің негізгі кұрал екенін еңбек ету арқылы өз қабілеттерін дамытуда,ата-бабаның ұлттық дәстүрлері мен қолөнерін одан әрі дамытуға бағыттау.

Негізгі мақсаттары:

1.оқу мақсаты :

-Жаңа түсінікті белгілі деңгейде қалыптастыру,

-Еңбек тәсілдерінің ерекшеліктерін,еңбек үрдісін оқушылардың меңгеруіне сай мумкіндіктерімен қамтамасыз ету,

-Алған білімдерін толықтыру,саралау , жүйелеу,

-Дағдыларды жаңғырту,белгілі адістердің әсерін бекіту

-Үлгі бойынша тапсырманы орындауға немесе білім,іскерлікті жана жағдайға бейімдеу,

-Жұмыс нәтижесін өз бетімен бағалауға үйрету,

-Қортынды жасауға үйрету.

2.Тәрбиелік мақсаты:

-Патриоттық тарбие (өз елінің қазіргі және болашығын,өлкесін,адамдарын жане Отанын қорғау)

-Табиғатқа саналы көзқарас,

-Оқу мотиві (адамдарға пайдасын тигізуге,жұмыста жоғары нәтиже алу )

-Адамгершілік (көңіл аудару,қоршаған ортаға қамқорлық , үлкенді сыйлау)

-Ұжым (қоғамдық , басқа да жеке адамдармен санасу, ұжым , сынып алдында жауап кершілік )

-Тәртіптілік (адамша өмір сүру,адамгершілік деңгейлер)

- Эстетикалық көзқарастар (сөйлесу, киім, тәртіп және еңбек мәдениеті)

-Жеке бастың шығармашылығы.

3.Дамыту мақсаты:

-Ойлау (ойлау операцияларын дамыту-талдау, салыстыру,саралау, нақтылау)

-Ақыл сапасы (сыншылық,икемділік,кемшілік,жылдамдылық,шығармашылық)

-Қимыл-дағдыларын дамыту,

-Моторлық қимылдарын дамыту (қозғалыс дәлділігі,оның жылдамдылығы, күші)

-Ерік және оны имоционалды ортада дамыту (белсенділік,өз күшіне сену,шыдамдылық)

Еңбек сабағын халықтық педогокикамен ұштастырудың маңызы зор.

Сапалы білім беру мен тәрбие жұмысын жүзеге асыруда мектептің тірегі ұзтаздың біліктілігін,шеберлігін,әдістемелік даярлық жұмыстарын жетілдіру алдыңғы кезектеге іс.Еңбек оқушылардың ең бірінші өмірлік қажетіне айналу үшін,еңбектену талабын адамның бойында қалыптастырудың маңызы зор, өйткені бала өзі ынта қойған еңбекпен шұғылданып,бейімділігі мен мүддесіне сай келетін жане моральдік қанағат беретін іспен шұғылданған жағдайда ғана жүзеге асырылады.Бұл міндеттерді шешу еңбекті дұрыс таңдап алумен аса тығыз байланысты.

Жалпы еңбек етуге оқушыларды даярлау міндетінің маңызы орасан зор.Өйткені бір еңбек дағдыларына ие болмай отырып,ол еңбек ете алмайды,еңбек процесінде оқушыларды мектептегі практикалық еңбек қызметіне тарту жолымен ғана еңбекке қатынастың негізін қалауға болады.

Қазақ халқында ерте заманнан қазірге дейінгі сақталған көптеген табиғи ескерткіштердегі , әр түрлі құрылыс қабырғаларындағы ою-өрнектер,ағаштан оюлап, тастан қашалып жасалған діңгектер халық қол өнерінің тамаша туындылары.

Қазақ қолөнерінде киіз үйдің сүйегін, ағаш төсек жасау,ағаш өрнектеу,кесте тігу,өрмек тоқу,киіз басу кең өріс алған.Ер адамдарға арнап ер-тұрман мен сауыт-сайман,қыз-келіншектерге арнап сәукеле,шашбау,білезік,сырға жасап,оларды түрлі түсті өрнектермен әшекейлеу өнері жоғары бағалаған.Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын тұтыну бұйымдары мен жабдықтардың сапасына қатты талап қойып,оларды әртүрлі ұнамды,әрі сәнді болуын талап етті.

Еңбек үстіндегі шығармашылық ізденудің нәтижесінде тұрмысқа керекті заттардың жаңа,неше алуан түрлері жасалып отырады.Жалпы халық арасындағы қолөнердің бай мұраларын жинап,сұрыптай отырып,заманымызға сай лайықты сапа,түр беру әдісімен оларды ілгері дамыта беру ісін бүгінде кейбір шеберлер қолға ала бастады.Бұл өте игілікті іс.Оны ары қарай жаппай дамыту қажет.Бұл салада еңбекке баулуды жалғастырып,іскер,білімді,еңбекқор шәкірттерді тәрбиелеу үшн мұғалімге қосымша әдебиеттермен қолөнерден хабары болуы керек десем артық емес.

Білім мен күш жұмсалатын оқу еңбек оқушылардың қоғам алдындағы ең бірінші елеулі де үлкен міндеті.Сондықтан да оқушыны елеулі оқу еңбегіне оқулықтармен,әдебиеттермен үнемі жұмыс істеуге дағдыландыру,сарамандық жұмыстарды,байқауларды өткізу,есептер мен өлшейлерді жүргізу техникасын үйрету,дербес жұмыс дағдыларына ие ету,сондай-ақ мектептептегі немесе үйдегі өзінің жұмыс орнын даярлай білуге үйрету педагогиканың да басты мақсаты.

Оқушыларға өздері оқып үйренетін ғылым негіздерін іс жүзіндегі маңыздылағын көрсетіп,олардың бойында практикада алған білімдерді қолдану дағдыларын жасаудың маңызы зор.

Міне,осының бәрі мектеп еңбек тәрбиесінің аса маңызды құрамы болып табылатындығы даусыз.

Қазіргі заманда оқушаларды тәрбиелеуде,оларды еңбекке баулуда тың жолдарды,тиімді шығармашылық жұмыстарды іздестіру керек.Осыған дейін барлық мектептерде стандарттық бағдарламамен еңбек пәнін оқытып келдік.Ал бағдарлама өмірге,мектептің материалдық базасына сәйкес келген жоқ.Әсіресе құрал-саймандар өте тапшы болды.Сондықтан құрал-саймандарды қолдан жасадық.Мысалы,ағаш қашайтын пышақтар,металл өңдеуге арналған құралдар.

Металлды алғашында қарапайым өңдесе,жылдың соңында көркемдеп өңдейді.Металл өңдеу кезінде шекімемен,зергерлік буйымдар соғып жұмыс істейді.Көркемдеп өңдеуге көп уақыт кетеді және материал шығыны аз болады.Көркемдеп өңдеу-көркемдеп қашау.Сөйтіп оқушылар қашаумен айналысты.Ол үшін қашаумен өзіме де айналысуға тура келді.Ағаш қашауымен айналысу үшн құрал-саймандар керек.Оларды қалай жасау керек?Ал сатып алатын ыңғайлы құралдар жоқ.Әр түрлі болаттардан жасалған пышақтар сапасыз,қанша өткінрлегеннен ағаш қашауға жарамсыз болды.Іздене келе темір кесетін араның пышағынан жасадым.

Ағашты және металды жай өңдеу және көркемдеп өңдеудің әдістемелік құралдары болған жоқ,сондықтан әуелі өзім үйрендім.Қашауды үйренудің әдістемелерін тәжірибеден жинадым.Жинаған практикалық тәжірибемді оқушыларға үйретіп отырдым.

Әсіресе металлды көркемдеп өңдеу жөнінде әдебиеттер,әдістемелік құралдар жоқтың қасы.Көп ізденіп,практикалық жұмыс істеу арқылы әдістемелік тәсілдер жинақтадым

Бүгінгі таңда еңбек пәнінің стандартқа сай бағдарламасы да оның мазмұны да өзгерді.Бабалар дәстүрін жалғастыру,оны ұрпақтан ұрпаққа мирас етіп қалдыру,әрдәр халық шеберлерінің қасиетті борышы.Ағаш ұксатушылар,ұсталар мен зергерлер ел арасында кездеседі.Сол адамдардың игілікті істеріне,шеберлігіне,жас ұрпақтың ынтасын арттырсақ,нұр үстіне нұр болар еді.Сол оймен өз тәжірибемнен жинақталған бағдарламаны ұсынып отырмын.

Бұл бағдарламаның мақсаты сан ғасырлар бойы жасалып келіп,кейінгі кездері ұмыт бола жаздап,қайта жанданған халқымыздың қолөнерін ұлтымыздың болашағы жастарға үйрету.Оқушыларға қазақ халқының қолөнерінің тармақтары ағаш жане металл өңдеу өнерлерін меңгерту.

Ағашты көркемдеп өңдеу және металды көркемдеп өңдеу бағдарламасы оқушылар тәрбиесінде мынадай мәселелерді шешеді:Оқушылар халық қолөнеренің тарихын,оның басқа халықтарға қарағандағы ерекшеліктерін,оның халық өнеріндегі маңызын,қолөнердің қоғамымыздағы рухани материалдық рөлін көрсету.Халық қолөнеріне оқушылардың кызығушалығын арттыру.Олардың көркемдік шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Бағдарламада түсінік хат,тақырыптық жоспар,оқушылардың білімі мен біліктілігінің,теориялық жане практикалық оқытудың мазмұндары бар.Бағдарламаның теориялық оқыту мазмұны оқушыларды ұлттық қолөнерінің тарихымен,композиция негіздерімен,ағаштармен,металдармен, материалдармен таныстыру.Бірақ бағдарламады теориялық және практикалық сабақтар қатар жүреді,тек теориялық материалдар сәл озып отырады.Ағаш қашау жане зергерлік өнердің тарихы,қолөнері жайлы мағлұматтар тақырыбына көп көңіл бөлу керек.Өйткені кез келген өнерді үйрену үшн оның тарихын,адам өміріндегі маңызын жете білу керек.Бұл мұғалім үшн басты міндет.

Қолданылған сілтемелер мен әдебиеттер тізімі:

1-«Мектептегі технология» Республикалық әдістемелік журнал.

2-«Ағаш ою» кітап авторы: Атамбек Нәлібаев.

3-«Ағаш өңдеу технологиясы» кітап авторы: А.И.Карабанов

4-«Қолданбалы көркем өнер» (металл) кітап авторы: Ж.Әмірғазин

5-«Домбыра жасау» кітап авторы: Дәркенбай Шоқбарұлы

6-«Өрім-өру» кітап авторы: Дәркенбай Шоқбарұлы




«Бекітемін»

Мектеп директоры ____________

Дюсембинов Ж.С.


«Шебер қолдар»

үйірмесі 9 сынып. 34-сағат.


Өтілетін

мерзімі

Ескерту



1-Тоқсан 9сағат.




1

Ағаш діңінен алынатын өнім түрлері.

1

6.09.2016ж.


2

Ағаш өнімін материал ретінде пайдалану.

1

13.09.


3

Ағаш өңдеу құралдары.

1

20.09.


4

Ерекшеліктерімен қолдану орны.

1

27.09.


5

Ағашты кептіру.

1

4.10.


6

Қолайлы жағдайда кептіру тәсілдері.

1

11.10.


7

Ағаш желімдерінің түрлері.

1

18.10.


8

Кеңінен қолданылатын желімдерді пайдалану.

1

25.10.


9

Ағаш ою техникасы.

1

8.11.



2- Тоқсан 7 сағат.




10

Шабу және жұмырлап ою.

1

15.11.


11

Бөлшектерді біріктіру.

1

22.11.


12

Ойма және бөліктері туралы ұғым.

1

29.11.


13

Ойма кескіш аспаптар.(ішкі ойма)

1

6.12.


14

Сыртқы ойма кескіштер.

1

13.12.


15

Металды кешенді өңдеу.

1

20.12.


16

Өңдеу ретімен құралдары.

1

27.12.



3-тоқсан 10 сағат.




17

Өңдеу жұмысына қатысты өлшеуіш құралдар.

1

10.01.2017ж.


18

Штангенциркульмен жұмыс.

1

17.01.


19

Ағашты көркемдеп өңдеу.

1

24.01.


20

Еңбекті қорғау мен ұйымдастыру.

1

31.01.


21

Ою өрнектердің қолданылуы.

1

7.02.


22

Ағашты үшқырлы ойық оюмен бедерлеу тәсілі.

1

14.02.


23

Ою өрнекті тақтайға түсіру.

1

21.02.


24

Пайдаланатын құралдарды дұрыс қолдану.

1

28.02.


25

Оюды аяқтау.

1

7.03.


26

Оюларды тазалау жұмыстары.

1

14.03.



4-Тоқсан 8 сағат.




27

Беріліс түрлері.

1

4.04.


28

Беріліс механизмдерінің бөлшектері.

1

11.04.


29

Электроқоңыраудың құрылысы.

1

18.04.


30

Электроқоңыраудың бөлшектері.

1

25.04.


31

Ағашты мәнерлеп өңдеу.

1

2.05.


32

Ағашты механикалық тәсілмен өңдеу.

1

9.05.


33

Цилиндр формалы зат жону.

1

16.05.


34

Қорытынды, көрме ұйымдастыру.

1

23.05.


Мұғалім : Абилов Т.Ж



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 09.11.2016
Раздел Технология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров74
Номер материала ДБ-334662
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх