Инфоурок Другое КонспектыТехнология сабағында тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру

Технология сабағында тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру

Скачать материал
Скачать тест к материалу

 

 

 

Тақырыбы:«К Ө Ң І Л Д І   Э С Т А Ф Е Т А»

 

Мақсаты:Оқушылардың меңгерген дене жаттығуларының түрлерін өз бетінше орындауға шынықтыру. Эстафеталық ойындар арқылы дененің ептілік, икемділік, төзімділік, шапшаңдылық қасиеттерін қалыптастыру. Бала денсаулығын сақтауда, спортқа қызығушылығын қалыптастыруда жауапкершіліктерін  арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

 

Қатысушы:  2 – 3 сынып оқушылары

Түрі:эстафеталық сайыс

 

Құрал – жабдықтары:резеңке доптар, кіші доптар, шелектер, кеглилер, ысқырық.

Ө т і л у    б а р ы с ы:

I. Ұйымдастыру бөлімі

- Қадірменді спорт сүйер қауым! Бүгінгі 2 – 3 сынып оқушылары арасында өткізгелі отырған «Таудай биік талабым, оқып білім аламын» атты бастауыш сыныптар апталығына орай ұйымдастырылған «Көңілді эстафета» спорттық сайысымызға қош келдіңіздер! Салауатты өмір салтын насихаттау бағыты бойынша оқушыларды дене шынықтыру мен спортқа үгіттеу, спортпен айналысып белсенді уақыт өткізу мақсатында өткізіліп отырған спорттық сайысымызды ашық деп жариялаймыз.

Оқушылардың орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Бүгінгі біздің сайысымызға 4 топ қатысады. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Меніңше бұл әрбір топтарымыздың қолынан келеді. Біз әр топтарға сәт сапар тілейміз!

Сайысты бағалап, төрелік айтар әділқазылар алқасымен таныстырып өтіледі. Спорттық сайыс 5 баллдық жүйемен бағаланады.

- Келіңіздер, келіңіздер!

Бұл жарысты көріңіздер!

Бізде бәрі жүйріктер!

Күш сынасар алыптар!

- Енді ортаға сайыскерлерімізді шақырайық. Эстафеталық  спорт сайысына қатысушы 2 – 3 сынып оқушыларынан құралған 4топ ортаға шығады.

- Жалқаулықты тастаймыз!

Шынығамыз жастай біз!

Босқа тұрмай, қанекей!

Жаттығуды бастаймыз!

 

II. Негізгі бөлім

- Сайыстың бағдарламасы 5 шарттан тұрады:

С а й ы с   б а ғ д а р л а м а с ы:

 

 

І.   «Өз тобыңдыӘр топ өз тобының атауын, ұранын таныстырып өту.

таныстыр»            

 

ІІ.  «Доптарды жина»Топ мүшелері кезектесе қолына ұстаған шелекпен  кедергі

арасымен жүгіре барып,белгіленген жердегі кіші

                                           доптарды ала шелегіне салып, кері қайта  жүгіре өтіп

шығу.

 

ІІІ. «Кенгуру»Топ мүшелері кезектесе үлкен резеңке доптың үстіне 

                                           отырып, кедергі арасымен секіре айнала өтіп, кері қайту.

 

 

ІV. «Дәл көзде»Топ мүшелері кезектесе белгіленген жердегі нысананы

                                           дәл көздей тигізу. Әр тигізген нысана 1 ұпай болып

                                           есептеу.

 

V. «ЖұптасқанТоп мүшелері екеуден жұптасып, белгіленген жерге

 ұстаушылар»жүгіріп барып, кері қайту.

 

III. Қорытынды бөлім

- Құрметті сайысқа қатысушылар, сіздер бүгін өз күш-жігерлеріңізді, шымыр шыныққан екендеріңізді дәлелдедіңіздер.

 

- Қазылар орнықтырар әділдікті!

Кімдердің бірліктері кәміл мықты!

Спортшы сайыскерлер сайысында,

Жеңіске жетер дейміз, нағыз мықты...

Жеңсек біз жеңдік деп тасымаймыз,

Жеңілсек жеңілдік деп жасымаймыз.

Жығылсаң жер көтерер деген екен,

Реніш өкпелеуге қосылмаймыз!

- дей келе, сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

 

Жеңімпаздарды марапаттау.

(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)

Әділқазылар алқасы қорытындысын жариялап, жеңімпаздарды атайды. Сайыскерлерді дипломдармен марапаттап, табыстайды.

- Осымен, біздің эстафеталық сайысымыз аяқталды. Қош сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал
Скачать тест к материалу
Скачать материал
Скачать тест к материалу

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

5 891 467 материалов в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал
Скачать тест к материалу

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    Скачать тест к материалу
    • 21.02.2018 456
    • DOCX 19.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байменова Қарлыға Сейталимханқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Пожаловаться на материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 645607
    • Всего материалов: 231

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой